Кта ойыны сценарий

Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий

Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий

Материал жайлы қысқаша түсінік:

сыныптан тыс оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий

Кадирова Қарлығаш Талғатқызы

Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданы, Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, ұйымдастырушы педагог

15.01.2019

4751

27

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тәуелсіз Қазақстанның балалары

— біз боламыз» тақырыбындағы КТК ойындарының сценариі

Өтілетін күні:10.12.2016ж

Уақыты: 13.00 де

Өтілетін орны:Акт залы

(Жайдарман әнімен бастаймыз фанфар)

Жүргізуші:Ассалаумағалейкум ардақты елім,

Сендерсіз бағым қалай жанбақ менің.

Армысың айналайын текті халық

Келдім міне алдарыңа топты жарып.

Армысыздар, бармысыздар алтыннан ардақты, күмістен салмақты, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және Ынтымақ тұрғындары! Еліміз егемендігін алып, көк байрағын желбірете бейбітшілік пен жасампаздықты жаңғыртқанына 25 жыл толып отыр. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын дей келе бұл мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның  балалары- біз боламыз» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастаймыз. (КВН музыкасы ойналады)

Жүргізуші: Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл дей- келе ортаға  көңілді тапқырларымызды шақырайық. 

8- «А» сыныбының «Болашақ чемпиондар» тобы, 8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы, 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы, 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы, 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы, 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобтарын қошаметтпен қарсы алыңыздар.

Ал енді бір қызығы бізбен бірге ойнайтын. 7-ші команда бар, ол әрине біздің Әділ-алқа қазылары! Осы командаларды бағалайтын әділ-алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. __________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

4. _________________________________________________________________

Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық.Ал біз әзілімізді бастамас бұрын, әділ-алқа қазылары алдарыңызда берілген, есеп қағазына әр кезеңге өз бағаларыңызды белгілеп отырарсыздар және әр кезеңге өз ұпай сандарыңызбен бағалап көрсетерсіздер. Ендеше бүгінгі өздеріңізге белгілі, қазір жалпы КТК-ні Жайдарман деп атады, осыған орай бізде бүгінгі кешті Жайдарман-деп атадық. Бүгінгі ойынымыз негізгі 3 турдан тұрады,

—  Бірінші кезең – топтың таныстыруы 3-5 минут «Біз қазіргі кезең жастарымыз»

—  Екінші кезең –«Тәуелсіз Қазақстанның  балалары- біз боламыз» үй тапсырмасы.

—  Үшінші кезең – топ басшылар сайысы «Әзіл соңы әзіл» бұл кезеңде нашар әзіл айтқан топ басшылары ойыннан шығып отырады.

Сценарийден ауыткып кеткен жағдайда командалардан 0,5 ұпай алынады. Таныстырылған сценарий үлгісінен ауытқып кеткен дөрекі сөз қолданылған жағдайда командалардан қатаң түрде 1 ұпай шегеріледі, осымен ережелермен таныс болдыңыздар. Күні кеше командалар арасында жеребе тасталған болатын,

Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз.Сіздерге сәттілік!

 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:Сонымен 1 кезең – таныстыру. «Сәлем – сөздің атасы» – демекші, алдарыңызда өнерлерін ортаға салып, халықтың көңілінен шығуға келіп отырған, жеребе бойынша сәлемдерін бірінші бастайтын 8-«А» сыныбының «Болашақ чемпиондар» командасын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі күн жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қысқа қалжың, ұзақ күлкіге,

Жағымды сөздерге толы болсын, — дей отырып, құрметті жиналған қауым, бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізден шықсақ деп, сіздерге күлкі сыйласақ деп келіп отырған тағы бір команда бар, өздері жаңа құрылған команда, бұл кеште сахна төріне алғаш шығулары ендеше алдарыңызда күлкі десе ішкен асын жерге қоятын, сіздерді тамаша көңіл күйге бөлейтін, өз сәлемдемелерімен .

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобын қошаметтеп ортаға шақырайық.

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. Сонымен бірінші кезеңді аяқтайтын көшбасшыларымыз 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» командасын қошаметтеп ортаға шақырайық

Жүргізуші:— Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Бірінші болып бастаған:

1. 8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондары»

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін»

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар»

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой»

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз»

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity»

Жүргізуші:-Ойынымыздың келесі кезегі “Әзіл соңы әзіл” топ басшылар сайысы. Ендеше ортаға капитандарды шақырайық.

1.   «Болашақ» тобының капитаны Сапарбек Қанат

2.   «Көз тимесін» тобының капитаны Мұсағали Нұртілек

3.  «Тек қана ұлдар» тобының капитаны АбавБакиров Тұрсынхан

4.  «Өзіміз ғой» тобының капитаны Сәрсенбек Асылбек

5. «Таң қалмаңыз» тобының капитаны Малшыбай Анелья

6. «Шымcity» тобының капитаны Акрамов Аян

ойын шарты бойынша әр топ басшы 2 әзілден айтады. Әділ қазылардың көңілінен шыға алмаған топ басшы ойыннан шыға береді. Сонымен кезек бойынша әзілкештердің әзілін тыңдап, көңіл көтерейік.

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың бірінші кезеңге берген ұпай сандарының қорытындысын тыңдайық. Көрерменге әзіл сыйлай білген капитандарға әділ қазылардың берген бағасын тыңдайық, ойыншыларға  өз бағасын берсін.

1.8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондар» тобы

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобы

Жүргізуші: Ойынымыздың соңғы кезеңі  музыкалық сайыс “Тәуелсіз Қазақстанның  балалары- біз боламыз”  деп аталады. Сайыстың шарты бойынша бұл кезеңде командалар үй тапсырмасын көрсетеді. Сонымен ортаға:

1. 8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондар» тобы

2.8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы

3.8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобы

Жүргізуші:  Сонымен соңғы турдың бағаларын тыңдайық.

1. 8-«А» сыныбы «Болашақ чемпиондар» тобы

2. 8 -«Ә» сыныбының «Көз тимесін» тобы

3. 8-«Д» сыныбының «Тек қана ұлдар» тобы

4. 9- «А» сыныбының «Өзіміз ғой» тобы,

5. 9- «Д» сыныбының «Таң қалмаңыз» тобы,

6. 10- «Ә» сыныбының  «Шымcity» тобы

 Екінші турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

Жүргізуші: Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                      КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)

Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер. Енді кезекті Әділ-алқа мүшелеріне берсек:

  • Жалпы бүгінгі кеш қалай өтті?

  • Командалар өз өнерлерін көрсете алдыма?

  • Қай команда жеңіске жетуге лайықты деп шештіңіздер?

  • Өз бағаларыңызды берсеңіздер!

Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Әділ қазылар алқасының ұпай сандары.

Топтың аты

І кезең ТАНЫСТЫРУ

ІІ кезең МУЗЫКАЛЫҚ САЙЫС үй тапсырмасы

ІІ кезең «ӘЗІЛ СОҢЫ ӘЗІЛ» капитандар сайысы

Қорытынды ұпай

1

8-«А» сынып

«Болашақ чемпиондар»

2

8-«Ә» сынып

«Көз тимесін»

3

8-«Д» сынып

«Тек қана ұлдар»

4

9-«А» сынып

«Өзіміз ғой»

5

9-«Д» сынып

«Таң қалмаңыз»

6

10-«Ә» сынып

«Шымcity»

Әділ қазылар алқасының ұпай сандары.

Топтың аты

І кезең ТАНЫСТЫРУ

ІІ кезең МУЗЫКАЛЫҚ САЙЫС үй тапсырмасы

ІІ кезең «ӘЗІЛ СОҢЫ ӘЗІЛ» капитандар сайысы

Қорытынды ұпай

1

8-«А» сынып

«Болашақ чемпиондар»

2

8-«Ә» сынып

«Көз тимесін»

3

8-«Д» сынып

«Тек қана ұлдар»

4

9-«А» сынып

«Өзіміз ғой»

5

9-«Д» сынып

«Таң қалмаңыз»

6

10-«Ә» сынып

«Шымcity»

8

/ Қазақша КВН ойыны 9-11 сыныптар /

ФАНФАР ОЙНАТЫЛАДЫ:

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің! —

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Армысыздар ауылдастар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

Шұбар орта мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

«Өнерлі өрге жүзер» «Өнерлі болу,олда байлық» —демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Әзіл қалжын жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді-

дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1

« Күлегештер » жайдарманшыларын ортаға шақырайық!

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшыларын қарсы алыңыздар!

3

«Шұбарстан » жайдарманшырын сахна төріне шақырайық!

4

« » жайдарманшыларын қошеметпен қарсы алайық!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Бәрекелді!Бәрекелді!

Топтар ортаға келді.

Жиналған барлығың,

Әзілмен күлдірт елді.-деп сіздерге ақ тілек айтайын.Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық.Енді —

Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көріністің көркісін,

Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы:……………………………………………….

2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу /

2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ;/ Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 мин/

3. Қайым айтыс; / 5мин /

4.Үй тапсырмасы /тақырыбы:Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!/

Барлық жайдарманшыларға ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Жайдарманшылармен таныс болдық,олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық!СӘТТІЛІК тілеймін!

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде:

Командалар

Сәлемдесу

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

« Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Сахнада өзінің жаңалығымен,болашақ журналист:

Командалар

Соңғы жаңалықтар

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

« Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет журналистер!Ал әділ-қазылар алқасы оқушылар жеткізген жаңалықтарды бағалаңыздар! Алғаш болып жаңалық оқыған:

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Келесі бөліміміз: Қайым айтыс /уақыты 5 мин/

Командалар

Сәлемдесу

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

«Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет өнерпаздар,енді әділқазылар алқасы осы ҚАЙЫМ АЙТЫС бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы ! Ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:

Командалар

Әзілің жарасса

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

«Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет! әзілқой өнерпаздар!Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада:………………………………………… қабыл алыңыздар!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Құрметті қауым «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» тақырыбына өткізілген Жайдарман ойыны

өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

17.02.2017

«Көңілді тапқырлар алаңы»

Пролог ( музыка қосылады, сахна сыртынан текс)

-Макинск қаласы… Мектеп лицейі…. КТА жобасы….

Ендеше командалармен танысайық:

6 а «Шала қазақтар» құрамасы

8 а «Күлкістан» құрамасы

7 сынып атынан «ЖС» құрамасы

6 б «Екі езу» құрамасы

7 а «СҚЖ» құрамасы

10 а «От души күл» құрамасы

9 а «Дайын еме» құрамасы

(командалар ортада тұрады, командалар екі жаққа бөлініп, ортаны ашады. Ортадан жүргізуші шығады)

Жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті оқушылар, көрермендер және де кеш қонақтары!! Бүгінде мектеп литцейінде ұйымдастырылып жатқан «КТА» жобасына қош келдіңіздер!!  Бүгінгі

сайсымызда, өздерінің бақтарын сынап, әдемі әзілдерімен халықтың жүрекгіне жол

таба білген 7 команда қатысып отыр.

Осы командалардың әзілдерің әділ бағалайтын, әділ-қазылар алқасымен таныс болайық. Сонымен әділ қазылар төрайымы:

1)Директордың тәрбие-ісінің орынбасары Өжекей Зәурегүль

2)

3)

4)

Әділ қазылар алқасымен таныс болдық, енді дәстүр бойынша ойын шартымен таныстырып кетейік:

Бірінші сайысымыз «5 жаңалық» деп аталады. Бұл сайыста әрбір команда 5 қызықты жаңалық оқиды.

Екінші сайысымыз « Сәлемдесу» тақырыбы « Болашақ жастардың қолында» берілетін уақыт 5 минут. 

Ойын шарты бойынша: Әділ қазылар алқасында әрбіреуінде 1

дауыстан болады. Әр  сайысымыз аяқталғаннан кейін өзіне ұнаған, және де бүгінгі ойында жақсы өнер көрсеткен

командаға әділ қазылар алқасы  өзініздің дауысыңызды бере аласыздар. Және де ойын сонында барлықтарыңыз ақылдаса отырып, бүгінгі ойынның  үздік екі актерің тандайсыздар. Ендеше ойын шарты түсінікті болса, командаларға сәттілік тілей отырып біз алғашқы сайысымызды бастаймыз!!

Бірінші сайысымыз « 5 жаңалық» деп аталады. Команда капитандары ортаға шығып өздерінің 5 қызықты жаңалықтарын оқиссыздар. Ендеше бірінші болып «Шала қазақтар» құрамасын ортаға шақырамыз.

Тамаша мінекей бірінші сайысымызда аяқталды. Ендеше әділ қазылар алқасы өз дауысын кімге береді екен?

Салауатты өмір
салты айлығында

«Дені
саудың – жаны сау
»
тақырыбындағы

КТК ойынының
сценари
йі

   
Мақсаты: Оқушыларды   өз беттерімен  жұмыс жасауға,  ізденуге, топпен  жұмыс
жасауға, бос уақытын  тиімді  пайдалануға үйрету.

Безендірілуі:
 шарлармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі

Өтетін 
жері:  №7 мектеп – лицейі АКТ залы

Барысы:

КТК 
музыкасы  ойналады

Жүргізуші:

     
Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік
 Салауатты өмір салты айлығының өтілуіне орай  ұйымдастырылып  отырған   «Дені
саудың – жаны сау» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат
етіңіздер!

 ТК музыкасы
ойналады)

Жүргізуші:-     Өмірді
шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                       
Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

 
                      Келіп
тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                       
Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.

Жүргізуші:

     Біздің  іс-шара   басталмас  алдын  жеребе тасталып әр
команда өз реттік  номірлерін  таңдап алған болатын.  

  
 Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды  реттік 
номірлерімен  қошеметпен ортаға шақырайық. 

8а 
сыныбының  «Назар аудар» квн командасы


сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы


сыныбының  «smile.KZ» квн командасы


сыныбының  «Лицей тентектері» квн командасы

10а 
сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә 
сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а 
сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын  қошеметпен қарсы
алыңыздар.

-Бүгінгі
ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен
таныс болайық.

Сонымен
әділ қазылар алқасының төрайымы:

—  мектеп
директоры


Директордың оқу ісі меңгерушісі 


Директордың тәрбие-ісінің орынбасары

— Кәсіподақ
ұйымының төрайымы

   
   Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық.  Енді дәстүр бойынша ойынның
шарттарымен таныстырып кетейік.

—         Бірінші
кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут  

—         Екінші
кезең –«5 жаңалық»

—         Үшінші
кезең – «Үй тапсырмасы» 7 минут

     
Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі,
ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!

 (
ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада                     
тобы

Көрермендер
сахнаға

Қолды
соғып қараймыз

Сахнамыздың
төріне

Мұқият
назар аударамыз – деп  сахна төріне 8а  сыныбының  «Назар аудар» квн командасын
шақырамыз.

Дастарханда
тұратын,

Асханадан
шықпайтын

Міне
енді Акт залдың

Төрі
менікі  деп қоймайтын

Тәп-тәтті
деп, топ-томпақ

Тамара 
апайдың  тоқашы – дей келе  ортаға 8ә сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн
командасын шақырамыз

Біздің
бір топ бар кәделі

Жымияды
әдемі

Smile
 нүкте KZ-деп

Шет
тілінде сөйлейді  дей келе  ортаға 9а сыныбының  «smile.KZ» квн командасы 
шақырамыз.

Қырсықтайын
мінезі

Шу
шу етіп жүреді

Шаштары
түрлі түрлі

Лицейдің
тентектері- дей келе ортаға  9ә сыныбының  «Лицей тентектері»  квн командасын
шақырамыз

Біздің
бір топ  дарынды

Жаңалықтар
ашады

Теледидардан 
жарнама

Сенсация  
деп ашады – деп ортаға  10а  сыныбының  «Сенсация» квн командасын шақырамыз.

Құрамы
оның  әр түрлі

Ұзынды,
қысқа  сән түрлі.

Атына
заты сай келген

Демек
олар «Біртүрлі» — деп ортаға 10ә  сыныбының  «Біртүрлі» квн командасын
шақырамыз.

Мектептің 
Үздік сыныбын

Түлектерім
мүлдем бермеген

Дарынды
да, ақылды

Балалары
Күлсін апайдың — дей отырып ортаға түлектеріміз

11а 
сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командасын  қошеметпен қарсы
алыңыздар.

Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар
ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы  ұпай 5 ұпай. Бірінші болып
бастаған:

8а 
сыныбының  «Назар аудар» квн командасы  ұпай


сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы


сыныбының  «smile.KZ» квн командасы


сыныбының  «Лицей тентектері» квн командасы

10а 
сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә 
сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а 
сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын 

Жүргізуші:

  -Ойынымыздың келесі кезегі “5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық
командаларды шақырайық. Ойынның  шарты бойынша әр  айналымда  командалар 2 әзіл
— жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары  әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған
топ сахна сыртына шығады.  Егер  командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын
жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық 
оқыса болады. Егер  2-ші кезеңіміздің  шарты түсінікті болса,  бастасаңыздар
болады. Іске сәт.

Иә, сонымен қай командамен қош айтысамыз?

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ
қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

8а 
сыныбының  «Назар аудар» квн командасы


сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы


сыныбының  «smile.KZ» квн командасы


сыныбының  «Лицей тентектері»квн командасы

10а 
сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә 
сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а 
сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын 

    Ойынымыздың  үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы» сайысы. 7 минут

Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық.
Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.

8а 
сыныбының  «Назар аудар» квн командасы


сыныбының «Тамара апайдың  тоқаштары» квн командасы


сыныбының  «smile.KZ» квн командасы


сыныбының  «лицей тентектері»квн командасы

10а 
сыныбының  «Сенсация» квн командасы

10ә 
сыныбының  «Біртүрлі» квн командасы

11а 
сыныбының «Күлсін апайдың балалары»  квн командаларын 

Рахмет.

 Соңғы турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,

                      
Асық ойнаған азар.

                      
Бәрінен де әзіл айтып,

                      
КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі
сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз
пікірлерін, тілектерін айтады)

Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық
қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға
рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды
құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі,
өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл
қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар
!

Салауатты өмір салты айлығында

«Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы

КТК ойынының сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

Безендірілуі: шарлармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі

Өтетін жері: №7 мектеп – лицейі АКТ залы

Барысы:

КТК музыкасы ойналады

Жүргізуші:

Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік Салауатты өмір салты айлығының өтілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Дені саудың – жаны сау» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!

 (КТК музыкасы ойналады)

Жүргізуші:- Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.

Жүргізуші:

Біздің іс-шара басталмас алдын жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын.

Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды реттік номірлерімен қошеметпен ортаға шақырайық. 

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын қошеметпен қарсы алыңыздар.

-Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:

—  мектеп директоры

— Директордың оқу ісі меңгерушісі

— Директордың тәрбие-ісінің орынбасары

— Кәсіподақ ұйымының төрайымы

Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.

—         Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут

—         Екінші кезең –«5 жаңалық»

—         Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» 7 минут

Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!

 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада тобы

Көрермендер сахнаға

Қолды соғып қараймыз

Сахнамыздың төріне

Мұқият назар аударамыз – деп сахна төріне 8а сыныбының «Назар аудар» квн командасын шақырамыз.

Дастарханда тұратын,

Асханадан шықпайтын

Міне енді Акт залдың

Төрі менікі деп қоймайтын

Тәп-тәтті деп, топ-томпақ

Тамара апайдың тоқашы – дей келе ортаға 8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасын шақырамыз

Біздің бір топ бар кәделі

Жымияды әдемі

Smile нүкте KZ-деп

Шет тілінде сөйлейді дей келе ортаға 9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы шақырамыз.

Қырсықтайын мінезі

Шу шу етіп жүреді

Шаштары түрлі түрлі

Лицейдің тентектері- дей келе ортаға 9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасын шақырамыз

Біздің бір топ дарынды

Жаңалықтар ашады

Теледидардан жарнама

Сенсация деп ашады – деп ортаға 10а сыныбының «Сенсация» квн командасын шақырамыз.

Құрамы оның әр түрлі

Ұзынды, қысқа сән түрлі.

Атына заты сай келген

Демек олар «Біртүрлі» — деп ортаға 10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасын шақырамыз.

Мектептің Үздік сыныбын

Түлектерім мүлдем бермеген

Дарынды да, ақылды

Балалары Күлсін апайдың — дей отырып ортаға түлектеріміз

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командасын қошеметпен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы ұпай

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын

Жүргізуші:

-Ойынымыздың келесі кезегі “5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. Ойынның шарты бойынша әр айналымда командалар 2 әзіл — жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған топ сахна сыртына шығады. Егер командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық оқыса болады. Егер 2-ші кезеңіміздің шарты түсінікті болса, бастасаңыздар болады. Іске сәт.

Иә, сонымен қай командамен қош айтысамыз?

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері»квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы» сайысы. 7 минут

Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «лицей тентектері»квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын

Рахмет.

 Соңғы турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                       КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)

Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Көңілді тапқырлар клубы (КВН)

Тақырыбы: Көңілді тапқырлар клубы (КВН)

Сыныптар: 8-11 сынып

Сабақтың мақсаты: Биологиялық, химиялық білімдерін шыңдап жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын ояту, Отанды, табиғатты сүюге, оны қорғап, аялауға тәрбиелеу.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінді.

1 топ. «Маймылдар» тобы

2топ. «Құмырсқалар» тобы

3 топ. «Сабақты гүлдер» тобы

4 топ. «Бүркіттер» тобы

Топтар таныстырылды. Кештің әділқазылары тағайындалды.

Сайыс 7 тараудан тұрады.

1сайыс —  Сәлемдесу.

2сайыс – Үй тапсырмасы

3сайыс – Сұрақ-жауап

4сайыс – Алма-кезек

5сайыс – Топ басшыларының сайысы

6сайыс – Музыкалық үзіліс

7сайыс – Өтірік өлең құрастыру

1 сайыс – Сәлемдесу.

Оқушылар өздерінің топтарын, төсбелгісін таныстырады.

2сайыс – Үй тапсырмасы.

Оқушылар өздері үйден стенд-газет шығарып, ны қорғап береді.

3сайыс – Сұрақ-жауап.

Мұғалім қойған сұрақтарға мейлінше тез, әрі күлкілі етіп дауап беруі тиіс

  1. Қанттың дәмі неге тәтті?
  2. Қазақтар неге қара шашты, ал басқа ұлттарда мысалы, орыстарда ақ, сары болады?
  3. Ауаның құрамында қандай заттар болады?
  4. Бақаның алдыңғы аяғы неге қысқа, ал артқысы ұзын болып келеді?
  5. Су неге сұйық, қатты бу күйінде юболады?
  6. 9снып оқушыларының миы мен 11 сынып оқушысының миының салмағы қандай? (айырмашылығы)
  7. Қарт адамның шашы неге ағарады?

4сайыс – Алма-кезек.

Әр топ дайындап әкелген сұрақтарын қарсыластарына қояды.

5сайыс – Топ басшыларының жарысы.

Жетон таңдау арқылы әр оқушы өз рет санын таңдайды. Топ басшыларына 3 тапсырма беріледі. Әр тапсырманың үзілісінде әр топ өзінің дайындап келген жарнамасын көрсетеді.

  • Мимикалық сайыс. Жануарлар, құстар, т.б. жануарларды дыбыссыз қимылмен көрсетеді, ал оның командасы қандай жануар екенін шешеді. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Жарнама

  • Сурет сайысы. Суретке қарап қай жануарлардың немесе құстардың дене мүшелері екенін анықтау;

            Жарнама

  • Дыбысты келтіру. Алма-кезек қағаздағы жануар мен құстардың қимылын, дауысын салу керек.

Жарнама

6сайыс – Музыкалық үзіліс.

Әр топ музыкалық көрініс көрсетеді.

7сайыс —  Өтірік өлең құрастыру.

Әр топ өзінің сыныбы туралы немесе мектебі туралы өтірік өлеңдер құрастыру.

Сабақ  әділқазылармен қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар
Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, теннис таяғы, уақ доп, шашақтар.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері сіздерді 1 — Маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келіпсіздер! Осы мерекеге орай құттықтау сөз кезегін балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1_____________
2__________
3________
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз — деп — ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Кім шапшаң» сайысы
3. «Жүйрік ат» сайысы
4. «Кенгуру» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
6. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
(Әділқазылар алқасы 2 бөліміміздің бағаларын берейік.)

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан — дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Жүйрік ат» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз — дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, кері қайту.
(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Жүргізуші: Ендеше ең соңғы ойынымыз « Жүйрік паровоз» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: бірінше бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша директорына беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт — Шевченко қаласы,»Ақбота»балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Кровавый праздник мусульман
  • Кровавый мусульманский праздник
  • Кровавые праздники славян
  • Кровавая барыня сценарий
  • Кришнаиты праздники 2022