23.06.2017
Тақырыбы: «Лагерь
аруы»
Мақсаты: 1. Қыздарды
халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б.
негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін
түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
Көрнекітіктер: Түрлі түсті шарлар, банер,
Техникалық құралдар:cлайд
Өтілу барысы:
Тәрбиеші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін
біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып
тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын,
күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз
халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Лагерь аруы» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Лагерь аруы» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ұстаздар
байқауымызды бастайық.
Тәрбиеші:
Қыз сыны, қыз
өнері, қыз әдебі,
Тал бойына
жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ
сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт
әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз
білейікші,
Аруы деп мектептің
жүрейікші.
Әділқазыларға тек
әділдікті,
Ал аруларға сәттілік
тілейікші
Енді ару
қыздарымызды ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Абельдинова Махаббат
2. Алясхарова Арай
3. Байдильдина Ақкенже
4. Досмуханова Құндызай
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс
болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Сән үлгісі
5. Қолөнер
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да ,
кезекпен өздерін таныстырады.
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
II кезең. Өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
(әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең. Білгенге
маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
IV кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
V кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
( әділқазылар алқасының бағаларын
білу)
Қорытынды: Қыз баланы ізетті,
инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың
қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай
білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере
білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл
алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі
істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың
ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын
өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.
Тәрбиеші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы,
құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің
сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда. Бірі жеңер енді бірі жеңілер ханшайымды сайладық біз топ
ішінде жеңгенді.
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы
Сабақтың тақырыбы: Лагерь аруы
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің өнерлері кәдік шықты.
Өнер мен тапқырлықтың жарысыңдар,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Анықтау үшін алдымен әділ бағасын беретін әділ — қазылармен таныссақ….
Енді лагерь аруларымен таныстырайық.
1. Альбина 4 сынып оқушысы
2.
3.
4.
5.
6.
1 Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз — дей келе бірінші кезекті «Таныстыруға» береміз.
2. Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер алды дарынды.
Сол өнердің жолын қуған
Лагерьдің мына атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды!- деп келесі бөліміміз «Өз өнерін көрсету»
3. Өнерге жастайынан жақын туған
Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер қыздарымыз
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған — деп келесі бөліміміз «Қолөнер» өнері, яғни қыздарымыздың үйден жасап келген бұйымдары.
4. Он саусақтан өнер тамған апалар
Зағипа, Бақыт сынды аналар.
Әсем етіп тігін тіккен апалар
Үйреніңдер, осы өнерді балалар,- деп келесі кезекті «Түйме қадау» өнеріне береміз.
5. Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,
Көкірегің керімсал күй кешкенде
Дүниені төңкерер сұлулықты,
Табылмайды көз тігіп, сүймес пенде!- деп келесі бөліміміз «Жаздық сәндік киім»
6. «Мақалдың жалғасын тап» қыздарға байланысты берілген мақалдардың жалғасын табу
1. Әдепті жігіт -(қылықты қыз)
2. Ата көрген оқ жонар,
(Ана көрген тон пішер)
3. Қыздың құны (қырық жеті)
4. Ауру — астан,
(Дау – қарындастан. )
5. Байғазыға (байдың қызы)
6. Қыз -(қонақ)
7. Қыздың қабағында (құт бар)
8. Қызға берген(көрінбес)
9. Қыз ұшқан (қу)
10. Қыздың көзі(қызылда)
11. Қыз ат (байлатар)
12. Қыз өссе, елдің көркі
(Гүл өссе, жердің көркі)
13. Қызы бардың(назы бар)
14. Қыз — өріс,(ұл — қоныс)
15. Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді.
16. Ақылды қыз білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз сөзге ілінер.
17. Қызым саған айтамын, (келінім сен тыңда)
Бүгінгі «Лагерь аруы» конкурсымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі конкурсымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ — қазылар алқасына береміз.
Қорытынды
«Лагерь аруы»
Жүр: Армысыздар құрметті көрермендер!
Бүгін болғалы отырған, «Лагерь аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Жүр: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайрандаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Жүр:Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1._________________ қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2._________________ қыз білімді
Меңгерген бар ілімді.
3._________________ қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4.Ақша бетті _________________
Ұқсайды хор қызына.
5._________________ үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп.
6._________________ қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7.Көңілге түй сен мұны,
_________________ қыз ел гүлі.
8.
9.
Жүр:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1._____________________________________________________
2._____________________________________________________
3._____________________________________________________
4._____________________________________________________
5._____________________________________________________
Жүр:Сайысымыздың шарттарына келер болсақ сайыс 4 турдан тұрады:
1. Өзін таныстыру
2. Өз-өнері
3. Авангерд
4. Спорт менің досым
Жүр:Өнер-білім тапқырлықтың тарланы
Еңбектегі әріптестер мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайыста
Өнер көрсет, құрбылармен жарсы та.
Бірінші тур: Өзін таныстыру:
1.___________________________________________________
2. ___________________________________________________
3. ___________________________________________________
4. ___________________________________________________
5. ___________________________________________________
6. ___________________________________________________
7. ___________________________________________________
8. ___________________________________________________
9. ___________________________________________________
Таныстыру турының ұпай сандары:
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Ендеше аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.
1.___________________________________________________
2. ___________________________________________________
3. ___________________________________________________
4. ___________________________________________________
5. ___________________________________________________
6. ___________________________________________________
7. ___________________________________________________
8. ___________________________________________________
9. ___________________________________________________
Өнер турының ұпай сандары:
Келесі турмыз авангерд:
1.___________________________________________________
2. ___________________________________________________
3. ___________________________________________________
4. ___________________________________________________
5. ___________________________________________________
6. ___________________________________________________
7. ___________________________________________________
8. ___________________________________________________
9. ___________________________________________________
Осы турдың ұпай сандары:
Келесі тур. Спорт менің досым
1.___________________________________________________
2. ___________________________________________________
3. ___________________________________________________
4. ___________________________________________________
5. ___________________________________________________
6. ___________________________________________________
7. ___________________________________________________
8. ___________________________________________________
9. ___________________________________________________
Осы турдың ұпай сандары:
Ән: Тұлпар тобындағы Айдана мен Әселдің орындауында «Ана жүрегі» әнін қабыл алыңыздар.
Би:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
Мұны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Ендігі сөзді әділқазыларға берейік.Марапаттау рәсімі:
«Көктем аруы-2016» атты қыз сыны сайысы.
Ән: «Қыз сыны»
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,Көркімен таң қалдырған талай жұртты.Қыздардың қылығымен өмір қызық,Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,Мектебіміздің бетке ұстар мақтаны.Өнеріңді ортаға сал, сайысқаӨнер көрсет, қатарыңнан қалыспа.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
(Аруларымыз баяу ойналған музыкамен сахнаға шығады).
7 сынып оқушысы – Қасымова Карина
8 сынып оқушысы – Алтенова Ұлпан
8 сынып оқушысы – Нұрғалиева Айдана
9 сынып оқушысы – Алтенова Жанерке10 сынып оқушысы – Қарсақова Томирис
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Бастауыш сынып мұғалімі: Селиверстова Лариса Анатольевна
Бастауыш сынып мұғалімі: Телпекбаева Бақытжан ҚайырбайқызыҚазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы
Даланың терең жұтсақ ауасы кең,
Танысайық бұл кештің шарасымен:
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І. «Мен қазақтың қызымын» — Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін — өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ. «Өнерліге өріс кең» — Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
ІІІ. «Озған ел тарихын таспен жазады» — Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді, берілген мақалды аяқтайды және дайындап әкелген жаңылтпаштарын айтады.
IV. «Қыздарға әсемдік жарасады» — үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген өнер туындыларын қалай жасағанын әділ қазылар алқасына жеткізу, түсіндіру шеберліктері сыналады.
V. «Шығармашылық қолөнер сайысы»:
Шаш өру. Бұл бөлімде аруларымыз әдемі, қисынын келіп өру шеберліктерін көрсетеді.
Сурет салу. Берілген суретке қарап отырып, сурет салу шеберлігін көрсетеді.
Түйме қадау. Бұл бөлімде аруларымыз ине – жіп ұстап түймені әдемі және сапалы қадау мәнерін көрсетеді.
Ою ою. Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр — түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
VI. «Адам көркі — шүберек» — сән үлгілерін көрсету. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне, жүріс тұрысына ерекше мән беріледі.
Жеребе тасталады, яғни арулар өз нөмірлерін алып кезекпен өнер көрсетеді
Жүргізуші:
Ұрпағы мен боламын бабалардың,
Биікке өнерменен бара аламын.
Қанеки, тыңдайықшы барша халық
Кім екен түпкі атасы арулардың? – дегендей аруларды сәлемдесуге шақырамыз.
(Арулар кезекпен өздерін таныстырады)
Жүргізуші:
Тау әсем қарағайлы аршасы бар,
Сол тауға талапты жас барса шығар.
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,
Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?
«Өнерліге өріс кең» шарты бойынша арулар өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Халқымыздың тарихын үйренейік,
Жамандықтан арулар жиренейік!
«Озған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады» шарты бойынша арулар сұраққа жауап береді, мақалды аяқтайды.
1.Үш биді атап бер.
Атаңның баласы болма,Адамның баласы бол.
2.Жеті күнді атап бер.
Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.
3.Туған – туыстарға кімдер жатады?
Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада.
4.Жеті қазынаны ата.
Көп түкірсе көл болады.
5.Қазақ халқының мейрамдарын ата
Балалы үй—базар,Баласыз үй — мазар.
Жүргізуші:
Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер сынға түсер өлеңімен.
Не болса да айтатын жүрегімен,
Әнді нағыз өнер деп білемін мен — дегендей үй тапсырмасы.
Жүргізуші:
Қазақ қызы — тамсандырған талайды,Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,Ай секілді асқақ ару арайлы — деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамызЖүргізуші:
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан — дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.
Жүргізуші:
Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, — деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.
Құттықтау, марапаттау.
Көркемдікке көмілген келбетінеКөз тимесін деп достым сен де тілеКөздері – күн, кірпігі сәуле сындыАйна көктен жететін жер бетіне.ЖүргізушіСұлулықтың дүниеде барын қарапАққайың да ұрлана таңырқамақПай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.- дей келе құрметті көрермендер, әсем гүлдей құлпырған қыздарымыз! «Көктем аруы — 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!!!
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…Издавна люди для того чтобы скрепить различных детали одежды применяли шнурки, ленты. Да, да и в итоге получился бант, который можно легко завязать и быстро развязать. Но актуальными так называемые банты из ленточек становятся веке в 16 веке. …
22.04.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…1-й чтец: Если в небе ходят грозы,
Если травы расцвели,
Если рано утром росы
Гнут былинки до земли,
2-й чтец: Если в роще над калиной
Вплоть до ночи шум пчелиный,
Если солнышком согрета
В море вся вода до дна,
Вместе: Значит, лето …
15.04.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…1-й конкурс. «Пойми меня»
Изобразить без слов, при помощи жестов, мимики, поз:
а) наш отряд на речке;
б) наш отряд во время тихого часа.
2-й конкурс. «Кто кого перепоет»
Команды называют песни на тему «Деревья». Побеждает та команда, которая …
15.04.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…В этот день запрещается:
Ходить по одному;
Думать и отвечать поодиночке;
Бегать в разные стороны;
Кричать в людных местах.
Разрешается:
Ходить по 20 человек;
Думать и делать сообща с сударями и сударынями;
Вести себя прилично.
Физрук…
Чтоб …
12.04.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…Чтец:
К нам! Сюда! Собирайся народ!
Сегодня вас много интересного ждёт!
Чтец:
Милости просим! Будьте как дома!
Знакомьтесь со всем, что еще не знакомо!
Чтец:
Мы зовём к себе всех тех,
Кто любит шутку, веселье и смех!..
Ведущий. Добрый день, …
04.04.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…Торжественное открытие мероприятия «Страна Учебных Успехов». (Учащиеся под музыку и аплодисменты входят в зал, занимают места) Приветственное слово от директора школы, от родителей.
Ведущий:
Бодро и уверенно учебный год вы начали.
Много …
01.04.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…Ведущий: ребята, я вам буду задавать вопросы, а вы внимательно слушайте и отвечайте «это я, это я, это все мои друзья».
Кто из вас не любит скуки?
Кто здесь мастер на все руки?
Кто танцует о поет?
Кто одежду бережет?
Под кровать ее кладет?
Вещи …
31.03.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…Детям дается задание: написать, что, по их мнению, в детском лагере (отряде) хорошо или что плохо, или что радует и что огорчает. При этом не ставятся ориентирующие вопросы. Это дает возможность свободно изложить то, что объективно существует в …
28.03.2020
Сценарии > Летний лагерь > КТД
…На сборе — старте КТД старшая вожатая рассказывает ребятам сказку о мальчике Пете и его современной экологически грамотной бабушке:
Сказка про батарейку
Первоклассник Петя был разносторонним современным человеком.
Разносторонний современный …
25.03.2020
Сценарии > Летний лагерь > Прощание с лагерем
…Выходят Бабы-Яги под музыку «Частушки Бабки – Ежки».
1-я Баба-Яга: По порядку рассчитайсь!!!!
2-я Баба-Яга: 1 Баба-Яга!
1- я Баба-Яга: 2 Баба-Яга!
2 Баба-Яга (оглядываясь): Вроде все на месте!
1 Баба-Яга: Тогда закрытие лагеря можно …
01.08.2019