М??алім туралы сценарий

Скачать: Сценарий. "М.Мақатаев оқулары кеш сценариі"

Кештің мақсаты:

Қазақпоэзиясыныңмұзбалағыатанғанақынныңөмірі,
шығармашылығымен
таныстыру, ақынның
поэзия
құдіреті
мен әндерінтаныту
Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың  Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік
сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы
жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.

Кіріспе
сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен  таныстыру.

1-жүргізуші:

Қарасаз,
қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр
жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе
өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре
алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі
кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали
Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын
сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені
биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған
сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын
табиғатына айнымай тартып туған ақын.

2-жүргізуші:

Бүгін
менің туған күнім,

Ой
пәлі – ай!

Мына
адамдар неге жатыртойламай?

Банкет
жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің
жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған
күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың
туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт
жырлары мен  жансыз суреттері.

Би 

1-жүргізуші: 
Сайыстың  кезеңдері:

І
кезең   «Ғасырда бір  туатын  дарабоз » 
деп 
аталады.  Мұнда ақын  өлеңдерін  мәнерлеп  оқу.

ІІ
кезең  «Жырлайды  жүрек» 
Мұқағали  Мақатаевсөзіне 
жазылған  әндерді  орындау.

 ІІІ
кезең  «Әлі  талай жыр  болып  жазыларсың…» 
Бұл 
кезеңдеоқушылар Мұқағали  ақынға  арнаған  өз  шығармаларын  оқиды.

2-жүргізуші:

Мұқағали
Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9
ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты –
Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп,
қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.
(Слайд көрсетіліт жатады)

1-жүргізуші:

Поэзия,
менімен егіз бе едің?!

Сен
мені сезесің бе?

Неге
іздедім?

Алабұртқан
таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан
таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің
мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай
болашақтарға көшеді.

Ендеше,
сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ
салайық.

(Ортаға
ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

2-жүргізуші:

 І
кезең   «Ғасырда бір  туатын  дарабоз »
ақын 
өлеңдерін  мәнерлеп  оқу.Ортаға  сайысқа  қатысушыларды  шақырамыз. № 115
мектеп т.б

1-жүргізуші:

Мұқағали
– ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,
бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам,
мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинміндемедімешкімге
мен,

Қазақтыңқараөлеңі
– құдіретім,

Ондабірсұмдық
сыр бар естілмеген…

дегенақынөлеңініңсырларынсуреттеп,
бояуменөрнектеген
.

2-жүргізуші:   
Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары,
оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты
дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада 
қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

 ІІ
кезең  «Жырлайды  жүрек» 
Мұқағали  Мақатаевсөзіне 
жазылған  әндерді  орындау. 
Ендеше әнге кезек
берейік. Қатысушыларды  ортаға  шақырамыз.

1-жүргізуші:

Жақындық
сеземін-

Жерден
де, аспаннан,

Жылылықсезінем-

Мұздардан,
тастардан.

Өмірім,
сірә да,

Арыданбасталған,

Әріденбасталып,
мәңгігетасталған.

Осы
мен өлмейтіншығарман,

Сәлғанамызғып
ап, қайтадантұрармын,-

дегенөлеңжолдарыбіркөрегендікпен,
сезімталдықпенжазылғандай. Мұқағалимұзбалақтыңортамыздаәлі де
тіріекенінебүгінгікеш, оқылғанөлеңдері, оны сүйіпоқып,
өзөмірініңбірбөлшегіндейкөретінжырсүйерелікуә.
       2-жүргізуші:

ІІІ
кезең  «Әлі  талай жыр  болып  жазыларсың…» 
Бұл 
кезеңдеоқушылар Мұқағали  ақынға  арнаған  өз  шығармаларын  оқиды. 
Қатысушыларды  ортаға  шақырамыз.

1-жүргізуші:

«Айтылар естеліктер  мен  туралы,
Біреулер жан еді  дер  өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.

2-жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сенболмасаң, не етер ем?
Мәңгіліккебақытсызбопөтер ем,
Өмірденбұлөксумененкетер ем.
ЖалғызОтан – мекенім, – дептайғатаңбабасқандайжазыпкеткенойлары, бүгінгі,
болашақұрпақтыңбәрінеайтылғанақыл-өсиет.
Бұлғақлияныәрбірқазақжүрегінеүкіетіптақса да артықетпейді. Отандысүюдің,
оғанқұлайберілудің – асқақүлгісібұл.
1-жүргізуші:

 
Әділ қазылар байқауды  қорытындылап, жеңімпаздарды  анықтап  болғанша 
мектебіміздің  күйшілері  Мағауин  Рауан мен  Бағдатов  Алматтың  орындауында 
Құрманғазының  күйі «Балбырауын»

2-жүргізуші:

Тілеубаева 
Қымбаттың орындауыда  би

1-жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.
2-жүргізуші:
Мұ­қа­ға­­лиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қа­­дірлейді. Жырларын жатқа
айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына
тағзым ете­ді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауын­сыз, бұй­рығынсыз-ақ жалпыхалықтық
кө­лем­де ме­рекеленетін бірден-бір той – Мұ­қа­ғали то­йы.
1-жүргізуші:
Жылдар өтер… әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін
аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы
әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.
2-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып
кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы
біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
1-жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз
жұмған жоқ!
2-жүргізуші:
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа  арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр
әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
Ән:

   Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Кештің мақсаты:

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

          Енднше ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видеосюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/

        Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
       Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
        Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж) 
Жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.

**********

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей.  Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе.

/2 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Есіңе мені алғасың)/

Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

/«Үш бақытым» , «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең»  өлеңдері оқылады/
Жүргізуші:
   Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.

/ 3  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/

 /«Бұлқынып жатыр» , «Қарлығаш»,  «Қаздар қайтып барады», «Пай,пай өмір»/

Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.

             Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.

/ 4  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (әндері)/

 /«Диалог» , «Ақ шағала»,  «Ақ қайың», «Саржайлау»/

Жүргізуші:  Енді ақынның әндерін өз оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.

  1. Анарбекова Аружан –

  2. Нұрғалиева Айғаным –

Жүргізуші:  Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.

/ 5  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Видео 2)/

Жүргізуші: Біздің де балалар құр алақан емес. ************************

Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштерңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.

 Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.

 / 6  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Туған күнім)/
Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.

Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған

1…..Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші

Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған»
Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін,
ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Көрнекіліктері:1. Мұқағалидың суреті
2. Анасының суреті
3. Ақынның жары
4. Ақынның балалары

Дәйек сөз: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.

1. Ақын жырларын мәнерлеп оқу:
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе халық.

2. Балаларына арнаған өлеңдері:
«Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!»
Мұқағали

3. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

4. Қорытынды: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Мұқағали

Кеш соңында әндерін орындаған, мәнерлеп оқыған оқушыларды марапаттау.

«Есіңе мені алғайсың»
Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған
поэзия кеші

«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

1-жүргізуші: Сабитова Айым

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

Армысыздар құрметті халайық.
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.
Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, — деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 81 жасқа толар еді.
Жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.

Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап ақынның өлеңдеріне кезек берейін.
«Арыз жазып кетейін» Қайрат 7 а — класс оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі. Үкілім 7 а – сынып оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали — өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан. Ол «Жазылар естеліктер мен туралы» деп өз өлеңінде тектен тек айтылмаған. Олай болса, ақынның «Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңіне кезек берейік. Мәнерлеп оқитын 7-сынып оқушысы Шынтас Фариза 6 б — класс.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі мәнерлеп оқитын 5 – сынып оқушысы Смадияр Айша.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші. Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы — өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейін.
1. «Автограф» Гүлзат 6 б – класс
2. «Мен таулықпын» Шәкәрім 6 а – класс
3. «Махамбеттер, Абайлар» Фариза 6 а – класс
4. «Әй, өмір» Зарина 6 б – класс
5. «Қара өлең» Құндыз 6 а – класс
6. «Жүрек арызы» Фариза 11 – класс
7. «Пай – пай өмір» Гүлбақыт 5 а – класс
8. «Күрсінбеші» Жалғасбек 6 а – класс
9. «Барлығы да сендердікі» Айжан 5 б – класс
10. «Өмір жайлы» Абылай 5 б – класс
11. «Әке, әкеме» Самал 5 а – класс
12. «Ей, өлең» Ирина 6 б – класс
13. «Елім барда» Салтанат 6 б – класс
14. «Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен» Зарина 6 б – класс
15. «Менің мақсатым» Айдана 7 б – класс
16. «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін» Нұртуған 5 б – класс
17. «Үш бақытым» 4-класс оқушылары Гүлнұр, Қыдырәлі, Азиза
18. «Шыда, шыда» Қайрат 7 –класс
19. «Қарасаз» Нұртуған 6 –класс
20. «Жырласам ба екен?» Гүлжайна 7 –класс
21. «Жастық» Бейбарыс 7 –класс
22. «Ажалға» Абай 7 –класс
23. «Өзгереді» Нұрлыбек 8-класс
24. «Дәрігерге» Асқар 9 –класс
25. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан эпилог Нұртуған 8 –класс
26. «Халыққа хат» Асылан 7 –класс
Жүргізуші: Рахмет!

Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балаларын жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Балалары десе ішкен асын жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың балаларына арналған жыр жолдарына кезек берейік.

«Майгүлге» (1-ші, 2-ші өлеңі) Гүлзина мен Лида 7 б – класс
«Майгүлге» Сансызбай Ақбота 5 а – класс
«Шолпаным» Айдана 5 а – класс
«Ұлыма» Жамбыл Ерқанат 5 б – класс
«Арманда, ұлым» Гүлзат 6 б – класс

Жүргізуші. Рахмет!
Жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.

«Махаббат диалогы» 2 оқушы Құнан мен Назерке 6 – класс
«Ғашықпын» Салтанат 7 б – класс
«Мен сені сағынғанда» 6 –класс Назерке
Жүргізуші: Рахмет.

Жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.
Олай болса, ақынның әндеріне кезек берейік.
1. «Жарығым-ай» Нағашыбай Нұржан мен Шәкәрім 6 а – класс
2. «Көнеміз де» Нұржан
3. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» Ералиева Мадина
4. «Құмған алған» домбырада 7 б – класс оқушысы Жантөре Ақерке
5. «Күрең күз» Жұматай Тұрсынай 9 –класс
6. Құрманалы Жеңісбек 11 –класс
7. Сілтеу Ислам 11 –класс

Жүргізуші: Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін.
Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» — деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағайға береміз.
(Кеш барысында мәнерлеп оқуда, әндерін орындауда көзге түскен оқушыларды марапаттайды).
Жүргізуші: Рахмет, ағай.
Жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау, болыңыздар!


2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

Ән: «Нұр жауып тұрған көктемде» осы әнмен өзім аяқтау

Жүргізуші: Осымен біздің әдеби сазды кешіміз аяқталды.Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен ‐ көп рахмет.

Мектепішілік «Жырлайды жүрек» атты М.М-евқа арналған әдеби сазды кешке белесене қатысқаны үшін марапатталады.

1) Мұқым елдің мұзбалағы. Слайд

2) Ылғи ұлдар бабочка таққан, бірыңғай өлең оқу монтаж

3) жұптарды хотя бы 2 жұп, махаббат туралы өлеңдері

4) Шәмілге, 2 ұл бөліп оқу

5) Фаризажан домбырамен 1 оқушыға орындату

6) Есіңе мені алғайсың әнін, 1 оқушымен дуэт орындаумен аяқтау

7) әдемі бір өлеңді оқумен бастау,ұл мен қыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шелек политехникалық колледжі

  СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі:

М.Мақатаевтың суреті мен «Жырлайды жүрек» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.Слайд.

Сахна әдемі композициялық әуеннің қосылуымен «Пай-пай өмір» өлеңі М.Мақатаевтың өз дауысымен оқылады.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізге қош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса 86 жасқа толар еді.

2-жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,студенттер! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізді бастаймыз.

Бүгінгі кешіміз үш бөлімнен тұрады.

І бөлім  «Жазылар естеліктер мен туралы»

(Мұқағали туралы естеліктер айтылады)

ІІ бөлім  «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.

ІІІ бөлім   «Жас ақындар арнауы» студенттердің  өлеңдері

1-жүргізуші:Олай болса, І бөлімге кезек берелік.

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/

Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі             М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
1-жүргізуші
  Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»),                (1963-1965 жж), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)
2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

Нұрлан-жас Мұқағали

Салимбай Мадияр-тергеуші

–        Туған жерің?
–        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
–        Туған жылың?
–        1931. Құрдасымын  Шәмілдің.
–        Жынысың кім?
–        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін…
–        Партияда барсын, ба?
–        Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
–        Шыққан тегің?
–        Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
–        Білімің ше?
–        Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
–        Ана тілің?
–        Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
–        Қайда істедің?

–        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.

–        Міндеттісің бе әскерге?
–        Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
–        Сөгіс алып көрдің бе?
–        Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
–        Шетелдерде болдың ба?
–        Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
–        Мекен-жәйің?
–        Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

Нұрлан- Еркек деген тартылмаған күй дер ем!

2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ІІ бөлім ақын өлеңдеріне берейік.       

1-жүргізуші:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

/«Үш бақытым» , «Отан туралы», «Отан», «Қазақ жері»  өлеңдері оқылады/


Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Келесі тыңдайтындарыңыз Туған елге деген сағыныш.

«Елім барда»,

2-жүргізуші:

«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы – бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

«Автограф» Султанов Ислам – 72 топ

 «Кел, болашақ» Наметова Мадина  -75 топ

«Соғыл соңғы көктем» Көшкінбай Бекмурат

2-жүргізуші:
       Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
1 жүргізуші: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.
«Ғашықпын» -Жақаш Динара

1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі, мәнерлеп оқитын-71 топ студенті Жылқышы Айдана

1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз.

Арнау –Жылқышы Айдана 

2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.


Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев

 Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев

— Армысың ардақты поэзия сүйер қауым! Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 82 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ» атты әдеби-сазды поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер! Слайд. Өмірбаяны
— Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ. Өлеңдер
— Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галериясы. Ән: Музыкасы Нұрғиса Тілендиевтің Саржайлау әнін Тілепі Ақтотының орындауында тамашалаңыздар!
— Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гумнист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр боялардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Кезекті ақын туралы айтылған пікірлерге береміз.
— Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,-
деп жырлап, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өз айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызды жаңғырған жыр жолдарына тағы бір мәрте құлақ түрелік.
Ән: Музыкасы Тұрсынжан Шапайдың Оразғалиева Сандуғаштың орындауында Туған өлке әнін тамашалаңыздар!
— Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары оқырмандарды тәнті етті. Оның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сынды поэма-дастандары бар. Соның ішінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқыған жанның жүрегін тербетіп, ерекше күйге бөлейді. Ақынның бұл поэмасында аққулардың сұлу да пәк, киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шебер кескіндеп жырлай білген. Ендеше осы поэмадан шағын көрініс тамашалайық.
Тілепі Ақтотының орындауында Бақыт деген әнін тамашаңыздар!
— Артық едің аға, сен асылдардан,
Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.
Астыңа ат мінгізе алмасамда
Өлеңіммен жасай алам бір той саған.
Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқандай заңғар аталарына аталарына арнаған жыр-шумақтарына береміз!
-Алтын хорда ақынның өз даусымен айтылған біраз өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса керек. Кезекті Мұқаңның өз даусымен айтқан өлеңдеріне береміз. Өлеңдер.
— Найзағайдай жасымда жарқылдайын,
Сөз сөйлеуден шаршы алаңда тартынбайын.
Ақындарың көбейе берсін орақ ауыз
Қазақтың мұңын айтқан Мұқандайын.

Күнді көрем қашанда алып таңнан,
Сәуле туар тулаған жарықтардан.
Еске алып ұрпағы ақындарын
Биігіне көтеріп, ұлықтаған.

Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай қалықтасын асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспаңға!

«Батырды-батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.

Автор: Марат Қаниев

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Кештің мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді әсемдікке, елжандылыққа, елін-жерін сүюге талпындыру.

«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай»

Видео көрсетіледі. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай!»
1-жүргізуші:Батар күн,келер күн,атар таң,шығар күн,
Бәріңе,бәріңе,бәріңе құмармын.
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірәде өлмейтін шығармын.
2-жүргізуші: Өмірім сірә де,әріден басталған,
Әріден басталып,мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін,өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.
1-жүргізуші: Бүгінгі 9 «ә» және 10-шы сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай» атты М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-композициялы кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Бүгін менің туған күнім,
Ой,пәлі-ай!
Мына адамдарнеге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!»,-деп мұңдаған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгінде біз бен сіз болып ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Артына өшпес із қалдырған ақиық ақынымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
1-жүргізуші: М.Мақатаев-ғажайып, ақиық,гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан шабыт алатын ақын.
2-жүргізуші:Иә, дұрыс айтасың. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса қыран тағдырлы ақынның өмірбаянымен таныстыратын 10-шы сынып оқушылары: Бисенбаева Дина, Олжабаева Жұпар, Каржауова Мөлдір.
1-жүргізуші: Ақын өзінің аз ғана ғұмырында өшпес із, жалынды жырларын қалдырды. Оқырманды тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» атты дастандары бар. Қазіргі таңда ақынның сөзіне жазылған әндер эстрада төрінде шырқалып жүр.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әсем ән мен тәтті күй,-деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек берейік. Абильбаева Айнұрдың орындауында «Жас қайың» әні.

1-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын?
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын?!
10-шы сынып оқушысы Абдижамилова Динара «Жоқ,дәрігер!»өлеңі.
2-жүргізуші: Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен өтер ем.
Жалғыз мекен-Отаным!,-деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса артық етпейді. Ендеще ақынның Отанына, туған жеріне, қазақ еліне арнаған өлнңдеріне кезек берелік.
Қайырмұхамедов Берекет «Апырмай, туған жер-ай»
Огайбаева Мадина «Қазақ жері»
Абдықұл Аяжан «Қазақстан»
Назабаева Динара «Отаным»
Шоғаева Фариза «Елім барда»
1-жүргізуші:Поэзия- адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі. Мұқағали ақынның өзі де поэзияға арнап қаламынан жыр төккен.
2-жүргізуші: Берекетова Айгерім «Поэзия»
Демегенова Бибі «Ей,өмір»
Абильбаева Айнұр «Дос болам десең»
Күй: «Еркесылқым». Орындайтын 9 «ә» сынып оқушысы Исатай Айнұр
1-жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі-бұл мәңгілік тақырып.
2-жүргізуші: Иә, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам жоқ шығар.
Мұқағали ақынымыздың «Махаббат диалогі» біздің нұсқамызда. Онгайбаева Мадинаны қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ақын махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Олай болса махаббат лирикасына арнаған туындысы «Жүректесің». Қаржауова Көркем.
Сондай махаббат тақырыбындағы ең тамаша туындысы «Ғашықпын». Дүйсенбаева Гүлдана.
Исатай Айнұрдың орындауында «Есіңе мені алғайсың»
Ақын шығармаларының үлкен бір саласы поэмалары. «Ильич» 1964 жылы, «Мавр» 1970 жылы, ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланған.
2-жүргізуші:Олай болса «Аққудың қанатынан жазылған сыр» Аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді.(көрініс:Аққулар ұйықтағанда)

1-жүргізуші: Гүлдана, кеш басталғалы бері ақынымыздың өлеңдері оқылып жатыр. Осында отырған көрермендер ақынымыздың өлеңдерін жатқа білеме екен?
2-жүргізуші: Білмеу мүмкін емес. Ендеше ойын ойнайық. Осы отырғандардың қайсысы болсын Мұқағали ақынымыздың өлеңін жатқа оқыса сыйлық берейік.
(ойын ойнатылады)
1-жүргізуші: 10-шы сынып оқушысы Сайынова Айгерім «Сәби болғым келеді»
2-жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа еліктемейтін ақын жоқ. Мұқағали жайлы қаламынан төкпеген ақын,жазушылар кем де кем.
Сырбай Мәуленовтің Мұқағалиға жазған естелік сөзі.Сабурова Венера

1-жүргізуші:Ақынымыздың жолын қуып жүрген жас ақындар бізде жоқ емес. Олай болса ақынға арнаған арнауларымен мектебіміздің ақындары өз жырларын жырлайды.
Есназаров Заманбек
Қазиева Теңге
Алламбергенов Әділбек
Нұрбергенова Айнура

2-жүргізуші:Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын 21-ші ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали мәңгілік өмір.

1-жүргізуші:сонымен ақиық ақынға арнаған «Бүгін менің туған күнім,ой пәлі-ай» атты әдеби-композициялы кешіміз аяқталды. Ендігі кездескенше аман-сау болыңздар.
2-жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

                                               Әр өлеңі бір әлем

«Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш сценарийі

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

І.Алипбай Абдурахман «Арыз жазып кетейін» өлеңі.

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

1-жүргізуші:  Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн  қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ.

 Екі жүргізуші бірге: Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты   әдеби-сазды кешке қош  келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып,  бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды  ақын емес деп көріңіз..!

2-жүргізуші: Поэзия патшалығындағы  пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

                                        ІІ.Абыт Балнур «Сіздер» өлеңі

                                       «Қарасазым» өлеңі.

5 «Б»сынып сынып оқушылары:Рамазан Жания, Жанұзақ Анель,

 Стыбай Ақерке, Орынтай Сабина, Темірбек Алихан, Төлеуханов Али

1-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—

деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

ІІІ. «Туған өлке» әнімен  9 «Б»-сынып оқушысы Қамбыл Мерейді қарсы алыңыздар.

  1-жүргізуші: Ақиық ақын  1931 жылы  Алматы облысы, Нарынқол  ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге  келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында,  қайтыс болған. Анасының  аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң,  Мұқағали өз анасын  «Нақа»  деп атаған екен.

2-жүргізуші: Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.

1-жүргізуші: Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

2-жүргізуші:  1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

1-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.  

 2-жүргізуші: : «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше  Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына  құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!

 2-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–деп тереңнен толғайды.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның туған жер, Отан  туралы жырларына берейік.

1.Жарқын Мейіржан «Үш бақытым» өлеңі

2.Бекжігіт Аружан  «Қазақстан» өлеңі

3.Жетпіс Айжан   «Отан» өлеңі

 4.Суннат Арманжан «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» өлеңі

1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен  орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ  түрсек.

Ән  «Ақ кептерлер» 8 «В» сынып қыздары

1-жүргізуші:

Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Мұқағали:

Ақынмын деп  мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,– десе,

2-жүргізуші: замандасы, әріптесі  рухани достарының бірі –  Жұмекен Нәжімединов:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын –
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше, Мұхаңның әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.

1-жүргізуші: Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Ендігі кезекті ақынның жас оқырмандарына берейік.

1.Абдусалим Назым «Поэзия, менімен егіз бе едің?»

  1. Күздеубай Жансая «Қараөлең»

3.Айтпаева Ақниет  «Кел, болашақ»

4.Құрманбай Мадина «Жастық»

  1. Оралсейіт Аяулым «Болашақққа»

6.Алипова Ақмарал мен Нуралиев Асылжан

1-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

Ән «Сәби болғым келеді». Орындайтын Мырзабекова Дина

Бірлік Айдана «Бабаларым, рахмет сендерге»

8.Қаныбек Ұлдана «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі                   

9.Мұратбекұлы Ернар «Әке» өлеңі

  1. Әкімхан Ақнұр «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»
  2. Құсайынова Энвер «Көктем де келер енді».

12.Сағатбекова Еңлік «Сен менің жүрегімнің ішіндесің»

1-жүргізуші: Ән «Есіңе мені алғайсың». Музыка пәнінің мұғалімі  Сейілханова Айнұр апайды шәкірті Дулатбай Айдынаймен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.

2-жүргізуші: Поэзия тынысын өзінше кеңейткен,қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып»,жаңа леп, жаңа үн қосқан, сонымен соны соқпақ салған, өзінше өрнек ойған Мұқағалидың  таудай тұлғаға айналарына күмән келтірмей, ол  және оның поэзиясы туралы жылы лебіз, қонымды пікір білдірген замандастары болды.

 1-жүргізуші: Соның  бірі асқаралы ақын Әбділдә Тәжібаев: «Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей,келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе,

2-жүргізуші: Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» -дейді.

1-жүргізуші:  Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова: «Мақатаев бұл жалғанға қалдырған жарық сәуле – жырлары халқының басын құрап, елдік пен бірліктің, рухани тұтастықтың байрағына айналып отыр» деген екен.

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

  1. Мұқағали жырларына кезек берейік.

 Құрметжан Сымбат «Елім барда», Сарсенбекова Жанар «Фаризаға».  

                                 ІV. Мұғалімдер папури орындайды.

 2- жүргізуші:  Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

 1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің,- деген жыр жолдарымен кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Сарсенбекова Жанар Абытқызы

Басқа материалдар

Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!


  • Сценарилер
  • Ainuramanc
  • 16.11.2017
  • 1
  • 1
  • 11597

І жүргізуші: — Тұғыры биік, қасиетті Алаш есімі Қазақ елінде тағы бір жаңғыратын болады. Тарихтың талауына түсіп, ата-бабаларым берген батаның ішінде негізі болып, анам көлдеткен көз жасының əрбір тамшысындай болған, қастерлі — Тəуелсіздік ұғымы біздер үшін, яғни жас буын өкілдері үшін ҰЛЫ ұғым болуы тиіс. Қан мен терге малынған ағаларыммен, мұз үстінде болашағынан айырылып, жаураған апаларымның, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауымның, түйсігі мен білімі қатар ұштасып, келешекке көзқарасы бөлек болған ұлтжанды азаматтардың арқасында жетті емес пе бұл — Тәуелсіздік.

ІІ жүргізуші:  Cолай ғой, қыл үстінде жүрседе қолынан келгенін істеп баққан Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайларды əдебиет, тарих пəндерінде бір-екі парақтық тақырып ретінде өткізе салу қиянат секілді.

І жүргізуші:  Жастайынан Алашты оқып, Алаштықтардың тағдырын жеті атасындай біліп өскен баланың ой өрісі бөлек, танымы кең, мінезі ұстамды, ерік-жігері мықты, сауатты болары хақ. Неге? Себебі бір Əлихан атамыздың ғұмыры, еңбектері өмірлік үлгі болуға тұрарлық. Сондықтан да, жастарымызда ҰЛТТЫҚ РУХ болуы үшін Алашқа етене жақын болуы керек. Сонда ғана оң нəтижесі болады. Болашақ ұрпақ үшін, жастар үшін Əлихан Нұрмұхамедұлының «Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс!» — дейтін сөзі ұранға айналуы қажет.

ІІ жүргізуші: Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиясының қоластында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көктүрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы,көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты.

І жүргізуші: «Алаш идея­сы» – қа­зақ мемлекетінің  ұлт­тық идеясы. Өйткені, Алаш — халқымыздың бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде, бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең  30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.

1-жүргізуші.

Ал халайық! Ата мекеніміз арсыздықпен отарлау объектіне айналдырылған қазақ елінің бір туар азаматтары, зиялы қауымы бірлесіп, Алаш партиясын, Алашорда өкіметін орнатты. Төрағасы Ә.Бөкейханов болып сыйланған, үкіметінің 15 мүшесі түгелдей өз заманының білімдарлары және өз елінің мүддесін өзінен жоғары бағалаған, қазақтың дүниесі мен мүлкін жатқа қимайтын жайсандар еді.

2- жүргізуші.

Алаштықтардың қай-қайсысын алсаң да бастарын қауіпке тіккен,елім деп,жерім деп-халқының жарқын болашағын ойлаған,ыстығына күйіп,суығына тоңған асыл ерлер еді.

Соның бірі де бірегейлі Ә.Бөкейханов. Біздің бүгінгі алға қойған мақсатымыз-Қазақтың көсемі, ұлтжанашыры Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі арқылы бүкіл алаштықтардың еңбектері мен ерліктерін, 100 жылдық мерейтойға байланысты еску алу, құрмет көрсетіп,қадыр тұтып, Қазақ иісті халқына қаншалықты маңызды екенін білдіргіміз келеді. Қабыл алыңыздар құрметті халайық.

2- жүргізуші.

Ия дұрыс айтасың,уақыт озған сайын, жас ұрпақты өткен тарихына жақындастыру,елін сүйіп,Ұлыларын ұмытпай болашаққа нық басу үшін Рухани жаңғыру қажеттілігі туындайды.

1- жүргізуші

Олай болса,көпшілікті көп күттірмей, Аталарымызға арналған мерекемізді бастайық.

2- жүргізуші.

1866ж. Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын облысының жетінші ауылында Ә.Бөкейханов дүниеге келді. Ол Шыңғысханнан тарайтын атақты көкжал Барақтың ұрпағы. Ауылдағы татар молдадан тіл сындырып,тоғыз жасында орыс тілін үйрену үшін мектеп-интернатқа оқуға түседі.

1 жүргізуші.

Осы интернат-мектепте оқып жүргенде, келешек тағдырына  әсер еткен күтпеген оқиға болды. Мектепке ойда жоқта, жолай генерал-губернатор Колпаковский соғады.

(көрініс. Сахнада 3парта қойылады. Оқушылар сабақ оқып отырады. Осы тұста қызметші колпаковскийді ертіп, рұқсат сұрап кіріп келеді. Бір оқушы колпаковскийге орындық ұсынады. Олшіреніп тұрып орындыққа жайғасады)

Қызметші: Сәлеметсіндер ме, балалар! Алдарыңызда Жетісу генерал-губернаторы Колпаковский Герасим Алексеевич. Колпаковский мырза сендердің жағдайларынды білуге келді.

Колпаковский: Балалар қалайсыңдар? Оқу сендерге қиынға соғып жатқан жоқ па?

Оқушылар хормен: Жоқ, үлгеріп жатырмыз.

Колпаковский: Ондай болса, маған мына есептің шешімін табыңдаршы:

 — Омбы мен Қарқаралының арасы 750 шақырым дейік. Осы екі араны өткенше арбаның доңғалағы неше рет айналауы мүмкін. Кәне балалар кім есепке жүиірік?

Бөкейханов:

Сұрасам болады ма?
Дөңгелектің диаметрін қанша деп алуымыз керек?
Колпаковский: Сен кімсің ? Аты –жөнің кім?
Мен Бөкейханов Әлиханмын
Колпаковский:  Ә – ә  слай ма? Айталық 150см
Ондай болса 1млн 500 рет айналады екен.
Колпаковский: Жарайсың бала! Талабың бар екен. Омбының техникалық училищесіне оқуға қалай қарайсың, оқығың келе ме?
Б.Ә: Оқығым келеді.
Колпаковский: Онда дайындал Әлихан. Осы баланы техникалық училищеге түсуге дайындаңдар,- деп қызыметкеріне қарады
Қызметші: — Құп болады, жоғары мәртебелім – деп қызметкері шығып кетеді.
Жүргізуші: — Техникалық училищені бітіргеннен кейін 1890ж СанктПетербургтегі Орман шаруашылығы иниституның экономика факультетіне түседі.
2 Жүргізуші: Санкт-Петербуркте Орман шаруашылық иниститутында оқып жүрген жылдары үлкен саясатқа араласады, Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы көптеген пікірлер  қақтығысына куә болады, өз ойын да шыңдай түсті .

Ол Омбыдағы Орман шаруашылық училищесінде математика пәнінен оқытушы бола жүріп, «Степной край» газетінің қызметіне белсене араласады. Осында жүріп Ольга Яковленаға үйленеді.

1- Жүргізуші:

Ә.Бөкейханов дала облыстарын зерттейтін Щербинаның ғылыми — зерттеу экспедициясына қатысып,  туған елінің экономикасын, шаруашылық санағын жүргізді. Халықтың тұрмыс тіршілігімен танысты, мәдениетін, салтын, тарихын жан-жақты зерттеді. Экспедиция барысында Ә.Бөкейхановтың көзқарасы үлкен өзгерістерге ұшырады.

2- Жүргізуші:

Иә, 1905жыл тұңғыш орыс – революциясы қазақ зиялаларына үлкен серпін берді,  ұлттық қозғалысқа ұйытқы болды. Газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, петициялар ұйымдастыру сияқты қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады.

Жүргізуші:1 Алаш қозғалысы- бір жылдың немесе 2-3 жылдың жемісі емес, өзінің бастау көзін әлдеқайда бұрын,1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырлы хатында айтылады. Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Олай болса  көрініс көрейік.

Қарқаралы петиция

(Сахнада жәрменке көрінісі, қазақша музыка, базарда адамдардың әңгімесі. Сауда қызып жатыр. Ауыл-ауылдан келген қазақтар  қымбат дүниеге таң қалысып, келісіп керектерін алып жатыр )

Жүргізуші1:  1905 жылы шілде айы, Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесі император II Николайға арналған петиция дайындық үстінде…

— Ал, келіңдер  келіңдер , не істейтін болдық?

— Жақындаңдар, жақындаңдар.

(Бір топ адам отыра қалды , ортадан Әлихан шығады.)

Бөкейханов: Құрметті ағайындар, ұлт тағдыры алдыңғы орында тұр. Патша саясатына қарсы  әр түрлі наразылықтар шығып жатыр. Сондықтан Патша атына өз талап  — тілектерімізді білдіретін жеделхат жөнелтейік деген ниетіміз бар. Біздің пікірімізге қосылушылар болса жақындаңыздар.

Ақбаев Жақып: Ия, ағайындар үндемей қалуға болмайды. Енді сол құзыр хаттың мазмұнын талқылайық.

Бөкейханов:  Менің ойымша біріншіден, оқу ағарту жұмыстарын іске асыруды қолға алсын,  медреселер салуға, кітап, газет шығару үшін баспахана тұрғызуға  рұқсат етілсін дегеніміз дұрыс болар.

Екіншіден, Қазақтарды басқаратындар қазақ тілін білу керек. Жоғары лауазымды орындарға жеткілікті білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс.

Үшіншіден, Мектептерде христиандық діни сабақтар жүргізілмесін.

Төртіншіден, Жаппай қоныстандыру қарқынын тоқтатып, қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындалсын.

  Оқушы  -1. Ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде жүргізілетін мектептер ашылсын.

 Цензурасыз газет және баспахана ашуға рұқсат беру

Оқушы:  — 2. Құнарлы жерлерді қазақтардың заңды меншігі

екенін мойындау;

Оқушы: — 3.  Мемлекеттік апаратта,сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде  жүргізу,олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою қаралдсын.

Оқушы 4: — Діни сенімдерді атқаруда, оқу – ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулілер жойылсын.

Байтұрсынов:  Сонымен талаптардың саны  47 ге жетті,ал ағайын тағы да алып қосатындарыңыз бар ма? — Болса ұсыныңыздар.

— Мақұл, жарайды. Алла жар болсын. Әзірге осы ұсыныстарды іске асырып алайық.

—  Олай болса Жамағат, қол қойыңыздар

— Кәне, кәне… Міне мына жерге, мына жерге.

— Әзірше ағайын, осы талап тілектеріңізді  Қарқаралы құзыр хаты деп атап  Патша атына аттандырайық.

Жүргізуші(за сценой): Осылайша дүниеге Қарқаралы петициясы келді, оған Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 14500 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.

Жүргізуші:  Әлихан осы жылғы оқиғаға қатысқаны үшін, мән – жайына түсініктеме беріп, Ішкі істерге жедел хат жолдағаны үшін 1906 жылы 9 қаңтарда тұтқынға алынды.  Міне осыдан бастап жалпы қазақ съезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты.Отаршылдықтың қатал саясаты қазақ зиялыларының мақсатын іске асырмай келді.Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды.

Бірінші жалпықазақ съезі көрінісі

Жүргізуші: (сахна сыртында)1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының,  М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:

Бөкейханов: Бүгін бірінші Бүкіл қазақ съезінде «Алаш» партиясы программасының жобасын әзірлейік, күнтәртібінде программа жобасының негізгі мәселелері қарастырылсын

Бірінші мүше:  — Ең бастысы ол мемлекет құрылысы мәселесі болуы тиіс; Үкімет басында учередительное собрание мен Гос.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болу және Президент учередительное собрание мен Гос.Дума алдында жауаптар болсын;

Бөкейханов: Өте орынды, бұл бірінші мәселе болсын.

Екінші мүше: — Келесі мәселе автономия болсын; Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу.

Байтурсынов: Тәуелсіз автономиялық мемлекет құру керек, Қазақ автономиялық мемлекет болсын.

                      (барлығы хормен «Ия, дұрыс тәуелсіз автономия болсын», «болсын, болсын»)

Үшінші мүше: — жер мәселесі; негізгі закон жасалғанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі.

Төртінші мүше: — негізгі құқық мәселесі; Россия Республикасында  дінге, қанға қарамай, еркек – әйел демей адам баласы тең болуы, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық;

Бесінші мүше : — Дін ісі мәселесін енгізі керек; Дін ісі мемлекет ісінен айырылу керек, муфтилік қазақта өз алдына болуы…

Алтыншы мүше: — Ғылым және білім беру мәселесін қарастырайық,  оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болуы; бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.

Жетінші мүше: — салық мәселесін қосайық, салық мал – ауқат табысқа қарай байға – байша, кедейге – кедейше әділ жолмен таратылуы тиіс.                                                         

Жүргізуші: Осылайша, 1917 ж 21-26 шілдесінде өткен бұл съезде мемілекеттік құрылыс, саяси партия, құрылтай жиналсына, Мұсылмандар кеңесіне депуттаптар сайлау, партия бағдарламсын дайындау мәселелері көтерілді.

Жүргізуші:  Ия, 1917 ж ІІ Жалпықазақ  съезінде бүкіл қазақ жерін , оның халықының бір тұтас мемлекет туы астында жинауға бағытталған батыл қадам жасалды. Бұл қазақ мемлекетінің іргесін қалаудың бастамасы еді.

Жүргізуші: Ал сонымен, алаштықтардың қазақ мемлекеттігін құру қадамы қалай аяқталды?

Жүргізуші:  1918 ж көктемінде Алашорда мен Кеңес өкіметі арасында өз ара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды.

Мәскеуге Алашорда өкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен және ұлт істері бойынша Халық комиссары И.В.Сталинмен кездесті. Оларға екінші жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыстады. Соның нәтижесінде Сталин сонау Семейде жүрген Бөкейхановты өзара қатынас пен байланысты қандай негізде құрамыз деген тұрғыда келіссөзге шақырады.

Көрініс:
(Сахнада Сталин мен Әлихан Бөкейханов)

Сталин И.В.  –   Сіздер біздің кеңестік өкіметтің, Ресей халықтарының деклорациясын мойындасаңыздар, біз сіздерді мойындаймыз.

Әлихан:   Жарайды, біз сіздердің деклорацияны мойындаймыз, онда сіздер де Алаш өкіметін, оның жергілікті органдары қазақ комитеттерін мойындаңыздар, Алаш партиясында…

 Сталин:   —  Мұның орынды ултиматум, дегенмен ойланатын жағдай, шешімін ойланып айтайын… Боссыз.

(Ә.Бөкейханов кетеді, есіктің қағу дыбысы естіледі, подхалим кіреді)

Подхалим:  – Сталин мырза рұқст етіңіз

Сталин:  – Төрлет. Алаш орда үкіметін мойындауға қалай қарайсың?

Подхалим  – Сталин мырза, жергілікті жерлерде бір — ақ  билік болуы тиіс еме па? ол – Кеңес өкіметі. Ал қазақ комиттері болса екінші мемлекеттер еді. Оны мойындау – ұлттық мемлекетті мойындау деген сөз…

Сталин: — Ия, Оның рас.

Подхалим: — Кеңес өкіметінің саяси теориясының негізін салушы сіз – Сталин мырза, кеңес өкіметінің құрамындағы әр ұлтқа өзін басқаруға мүмкіндік берсек, кеңес өкіметінің біртұтас болып сақталуының қаупі төнеді. Дегенмен, бұл ұлтшыл партияның тағдырын тез арада шешу қажет…

Сталин: Жетер, оны өзім шешермін…Әрине, бізге біртұтас мемлекет керек…

Жүргізуші 1: Осы келіссөзден соң көп ұзамай  1918 ж сәуірде Сталин Әліби Жангельдинге хабарласып, «Алаш» орда үкіметі ұлтшылдық ұстанымдағы  партия, ал бізге  біртұтас мемлекет керектігін және оны Қазақстанда осы советтік негізде мемлекет құру ісін тапсырады.

Жүргізуші 2: Осыдан бастап Алаш өкіметінен қазақ комитеттерінің іргесі алыстай бастайды. Кеңес өкіметі де тікелей текетіреске бармай, Алашордамен екіжақты саясат ұстанды.

Жүргізуші 1: Әлекеңді 1922ж ұлтшыл деген себеппен елден аластап, Мәскеуге жер аударды. Ол – жаңа өкіметке қызмет етуден бас тартқан тұңғыш қазақ. Алдау тәсілімен кеңес өкіметі оны Мәскеуден шығармады, еліне жақындатпаудың амалын жасады. Бұл екі ортада ол сан рет абақтының бетін көрді.

(Көрініс тұтқындағы  Бөкейханов)

Жүргізуші 2: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті. Тергеушілер Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.

Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Әр ұлт өз егемендігін аңсайды, Тәуелсіз мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар….
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оларды алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін….
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған .
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Әлі отырсыз ба?! Онда өз обалың өзіңе. Әкетіңдер!!! (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.

Жүргізуші 1: 1937жылы  27 қыркүйекте КСРО жоғары сотының әскери коллегиясы «возглавлял контрреволюционную войну против советской власти, устоновил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и Москве» деген жалған айыппен қазақтың ұлт – азаттық жолындағы күрескен аса көрнекті қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа елден тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарады. Үкім сол күні орындалады…

Жүргізуші2: Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды.

Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды.

Жүргізуші:  «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар;  ұлы болашақ.  «Мәңгілік  елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы;  ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер;  халықты қорғаушылардың  қасіреті.     Елбасының  мемелкеттіліктің  жаңғыруы  және  халықтың  бірігуіндегі орны  өте зор.  Осы идеяның бастамасы санғасырлар жылдар бұрын басталған, ал нағыз ұйтқысы ол – алаштықтар болды.

Ей, жас ұрпақ! Сондықтан да, «Алаш» идеясы – ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты құралы, ұраны болуы керек!!!


Сценарий. «М. Мақатаев оқулары кеш сценарииі»
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал — жабдықтар, аудио аппаратура.

Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру.
1 — жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.
Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
2 — жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім — ақ,
Тәңірімнің жарытпай — ақ қойғаны — ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.
Би
1 — жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:
І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз» деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау.
ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың…» Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды.
2 — жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліп жатады)
1 — жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)
2 — жүргізуші:

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. № 115 мектеп т. б
1 — жүргізуші:
Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген…
деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген.
2 — жүргізуші: Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.
ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау. Ендеше әнге кезек берейік. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1 — жүргізуші:
Жақындық сеземін —
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем —
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-
деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйерелі куә.
2 — жүргізуші:

ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың…» Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1 — жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.
2 — жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл — өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
1 — жүргізуші:
Әділ қазылар байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап болғанша мектебіміздің күйшілері Мағауин Рауан мен Бағдатов Алматтың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»
2 — жүргізуші:
Тілеубаева Қымбаттың орындауында би
1 — жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір — ақ нәрсе –
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.
2 — жүргізуші:
Мұқағалиын ел — жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер — жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз — ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден — бір той – Мұқағали тойы.
1 — жүргізуші:
Жылдар өтер… әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.
2 — жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
1 — жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!
2 — жүргізуші:
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
Ән:

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Лямур агентство праздников
  • Лялин день народный праздник
  • Лягушка путешественница сценарий урока
  • Лягушка путешественница сценарий осеннего праздника
  • Лябиб лерон яфрак б?йр?ме праздник листьев