М??алімдер сайысы сценарий

1-топ, жас буын ?кілдері Креативті жастар тобы, б?л буынны? ерекше белгісі жасыл т?с, я?ни білім саласында енді к?ктеп келе жат?ан жасыл жапыра? белгісі.2-топ,

Т.Рысқұлов атындағы №9 МДШО бар жалпы орта мектебінде өтетін “Ұстаз – мектеп жүрегі” атты сайыстың сценарийі

Өтілетін орны: мәжіліс залы Өтілетін мерзімі: 07.02.2015

Жүргізуші:

Армысын асыл жандар, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңіңде жарқылдарың.

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!

Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі “Ұстаз – мектеп жүрегі” атты сайысқа қош келіпсіздер дейміз.

Бүгін сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Алдибекова Алма Зікірияқызы – мектеп директоры

  2. Алтыбаева Гүлзира Караулқызы – аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

  3. Махаббат Өтепбергенқызы – МД оқу ісінің орынбасары

  4. Эльмира Жанғазықызы – МД тәрбие ісі орынбасары

  5. Әуезхан Тұрабаев – география пәні мұғалімі

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, төрт буын өкілдері:

1-топ, жас буын өкілдері «Креативті жастар» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ, орта буын өкілдері «Болашақ нұры» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың, жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Зерделілер» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – сары түс, яғни білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.

4-топ, жоғары буын өкілдері «Күн нұры» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – ақ түс, яғни білім саласында ардақты да салмақты, озат іс-тәжірибенің белгісі

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазылар алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дегіміз келеді. Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, жеребе таңдап, реттік номерлерін біліп алып, сахнадан шығарып салайық.

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

1. Таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті. Таныстыру кезеңінде топтың мақсат, міндеті, жетістіктері, керекті мәліметтер ән немесе өлең түрінде жеткізіледі (3 мин)

2. Үй тапсырмасы. Шығармашылық көрме дайындау. Сонымен қатар әр топ «Менің ұстаздық кредом…» тақырыбында эссе жазып келеді.

3. «Мұғалім — кеше, бүгін, ертең» тақырыбын топтың мүмкіндігіне қарай ашу керек. (3 мин)

4. Панорамалық сабақ. «Жаңашылдық жолында». Әр топтан бір мұғалім топтың қалған мүшелерін оқушы ретінде пайдаланып сабақтың бір элементін көрсетеді. (5мин)

5. Тосын тапсырма Әр топ плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер әкелуі тиіс. Команда мүшелері бір бұйым жасайды, оны қорғайды. (5мин).

6. “Мұғалім болу қандайды?… ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин)

1. Таныстыру

САйыскерлеріміз дайын болса сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру» кезеңін бастайық.

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

2. Үй тапсырмасы

Жүргізуші

Сайыстың бұл кезеңі үй тапсырмасы деп аталады. Себебі бұл кезеңнің тапсырмасы үйге берілген болатын. Шығармашылық көрме дайындау. Сонымен қатар әр топ «Менің ұстаздық кредом…» тақырыбында эссе жазып келеді. Жұмыстарыңызды өткізсеңіздер әділқазы мүшелеріне

3. «Мұғалім — кеше, бүгін, ертең»

Жүргізуші

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!

Сайыстың келесі кезеңі — «Мұғалім моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі үлгісін өз мүмкіндіктеріне қарай көрсетеді көрсетеді.

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

4. Панорамалық сабақ.

Жүргізуші

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

Сайыстың келесі кезеңі – панорамалық сабақ үлгісі. Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады», яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды, топтың өзге мүшелерін оқушы ретінде пайдаланып.

5. Тосын тапсырма

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла – ай.

Сайыстың келесі кезеңі — Тосын тапсырма

Әр командаға 1 плакат, 5 шар, қайшы, клей, түрлі түсті қағаз, скоч, фломастер таратылып беріледі. Сайыс ережесі бойынша команда мүшелері түгел қатысып, жасалған бұйымды 2 команда мүшесі қорғайды. Бұйымды жасауға берілетін уақыт мөлшері – 5 минут.

  • Командалар өз бұйымдарын жасап болғанша назарларыңызға ұсынамыз, қарсы алыңыздар. Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

6. “Мұғалім болу қандайды?… ’’

Нағыз мұғалім қандай болу керек? Деген сұраққа бір дана кісі нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек деген екен. Ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Мұғалім болу қандайды?…» рольдік көрініс әзіл түрінде, берілетін уақыт мөлшері — 5 мин.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып

« » тобын шақырамыз.

« » тобы

« » тобы

« »

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Жүргізуші

Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша әнін қабыл алыңыздар.

Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.

1-топ, жас буын өкілдері «Креативті жастар» тобы.

2-топ, орта буын өкілдері « Болашақ нұры» тобы.

3-топ, жоғары буын өкілдері « » тобы.

4-топ, жоғары буын өкілдері «Күн нұры» тобы

Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.

Жүргізуші

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!

Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты топтық сайыстың ережесі

Өтілетін орны: акт залы

Өтілетін мерзімі: 07.02.2014. Сағат 16.00

Сайыстың мақсаты :

  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту

  2. Кәсіптік деңгейін арттыру

  3. Топтық жұмыс жасау қабілеттерін арттыру

Мектеп мұғалімдері еңбек өтіліне қарай 4 топқа топтастырылды.

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Жасыл түсті шарф

Қызыл түсті шарф

Сары түсті шарф

Ақ түсті шарф

  1. Жанғозиев Е.

  2. Нүсіпжан С.

  3. Алиасқарова А.

  4. Үзақбайқызы М

  5. Есболова Қ.

  6. Қайыспай К.

  7. Ержанов А.

  8. Даулетова Ж.

  1. Долқын Қ.

  2. Нығметов Б.

  3. Құдайбергенова

  4. Мақұлтаева Қ

  5. Бакирова Г.

  6. Адил А.

  7. Қанайбекова Ж.

  8. Қаратаева А.

  1. Сағындықова Қ.

  2. Қаниязова М.

  3. Қилыбасова С.

  4. Райымбекова К.

  5. Қозыбақова Ә

  6. Тоқтарбай Е.

  7. Қабаев М

  8. Сманова Ж.

  1. Серікбаева М.

  2. Тұранова Ә.

  3. Есжанова Г.

  4. Сыдықбекова Ұ.

  5. Өтегенов Ж.

  6. Манаспаева Ш.

  7. Адырбекова М.

  8. Тәуекелова С.

Сайыс турлары:

1. Таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті. Таныстыру кезеңінде топтың мақсат, міндеті, жетістіктері, керекті мәліметтер ән немесе өлең түрінде жеткізіледі (3 мин)

2. Үй тапсырмасы. Шығармашылық көрме дайындау. Сонымен қатар әр топ «Менің ұстаздық кредом…» тақырыбында эссе жазып келеді. (эстетикалық жағынан безендіріп, тақырыпты толығымен ашып жазып әділқазы мүшелеріне өткізеді.)

3. Мұғалім үлгісі. «Мұғалім — кеше, бүгін, ертең» тақырыбын топтың мүмкіндігіне қарай ашу керек. (3 мин)

4. Панорамалық сабақ. «Жаңашылдық жолында». Әр топтан бір мұғалім топтың қалған мүшелерін оқушы ретінде пайдаланып сабақтың бір элементін көрсетеді. (5мин)

5. Тосын тапсырма Әр топ плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер әкелуі тиіс. Команда мүшелері бір бұйым жасайды, оны қорғайды. (5мин).

6. “Мұғалім болу қандайды?… ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин)

7. Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс) (5мин)

“Мұғалім болу- ұлағатты іс”
атты шығармашылық сайыстың  сценарийі

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Өтілетін мерзімі: 8 мамыр  2013 жыл

Жүргізушілер:

1.     Чанваева Бактыгуль

2.     Кусаинова  Назым

.

1-Жүргізуші,Назым :  

Қайырлы
күн, ұстаздарым,

Жайнаған
жүрегіңде жарқылдарың.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл:

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!

1-Жүргізуші, Назым:

Құрметті қонақтар,
баршаңызды бүгінгі  мектепішілік
“Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош
келіпсіздер дейміз.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл::

Сайыстың мақсаты :

1.     Мектеп мұғалімдерінің
шығармашылығын дамыту

2.     Кәсіптік деңгейін арттыру

3.     Топтық жұмыс жасауға үйрету

 Мектеп мұғалімдері  еңбек  өтіліне 
қарай  3 топқа  топтастырылды.

1-топ, жас буын
мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-10 жылға  дейінгі  мұғалімдер. 

2-топ,  орта буын
мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі  10-13 жылға дейінгі мұғалімдер
біріктірілді. 

3-топ,  жоғары
буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 14-29 жыл аралығындағы мұғалімдер
топтастырылды.

Ал еңбек өтілі 30
жыл аралығындағы мұғалім ардагер ұстаз ретінде Бибигул  Кадесовна  қазылар
алқасы құрамынан орын алды. Мектебіміздің  зейнеткер ұстазы Даниярова Шолпан 
Құмарбековна. Мектеп әкімшілігінен  мектеп директоры  Серик  Каманович,   бастауыш 
мұғалімі  Малика   Мажитовна  әділқазылар алқасы болып сайланды.

1-Жүргізуші, Назым:

Ұстаздар!
Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке
шыңдай биік алыпсыздар.

Жан
біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей
боп күлімдеген жарықсыздар.

2-Жүргізуші,
Бақтыгүл::

Құрметті
көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, үш буын өкілдері:

1-топ,
жас буын өкілдері «Жас ұландар» тобы
, бұл буынның ерекше белгісі –
жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ,
орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы
,
бұл буынның ерекше белгісі – қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың,
жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ,
жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы
, бұл буынның ерекше белгісі – сары түс, яғни білім саласында
кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.

1-Жүргізуші,
Назым

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазалр
алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ»
дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, ақ  түсті шарфты
ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар.

(ақ шарф тағылады)

Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға
сәттілік тілей отырып, орындарына жайғастырайық. 

2-Жүргізуші,
Бақтыгүл::

Құрметті қонақтар, сайыс
кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең. Шығармашылық көрме.

ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер
сырттай төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:

1.     
Еркін
тақырып.

2.     
«Қол
жетті, міне, аңсаған күнге…»

3.     
Менің
ұстаздық кредом…

ІІІ кезең. Сахна төрінде
өткелі отыр…  ол мынадай бөлімдерден тұрады…

1.      Команда мүшелерімен таныстыру.
Топтың аты, эмблемасы  (3 мин)

2.     Сән  үлгісі. Болашақ 
мұғалім  моделі (3 мин)

(Мұғалім —  кеше, бүгін,  ертең)

3. Панорамалық  сабақ (5мин) 
«Жаңашылдық жолында»,   Әрбір сабақ  ақ жауын болып жауады.

4. Тосын  тапсырма (5мин)

 ( сөздер беріледі оны жетекшілері 
жасырады,  тобы  ол сөздерді шешу керек.)

  5. “Мұғалім болу қандайды?… ’’
рольдік  көрініс (әзіл)

  7. Сұрақ  -жауап

  8. Өнер  

1-Жүргізуші, Назым

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі
«Таныстыру
». Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

        
«Өрлеу»
тобы

        
«Нұрлы
жол» тобы

2-Жүргізуші, Бақтыгүл:

Көтеріп
жүктің салмағын,

Жолында
өмір талмадың.

Мерейің
қандай шуақты,

Ұстазым
– асыл арманым!

Сайыстың келесі
кезеңі —  сән  үлгісі, «Болашақ  мұғалім  моделі», яғни біздің ұстаздарымыз
мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.

       Ендеше сахна төріне алғашқы
болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

        
«Өрлеу»
тобы

        
«Нұрлы
жол» тобы

            1-Жүргізуші, Назым:

Балғындарға
баянды,

Сырын
төккен – ұстазым!

Шәкіртіне
аяулы

Нұрын
төккен – ұстазым!

, «Сайыстың
келесі кезеңі – панорамалық сабақ үлгісі Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады»
,
яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын
шақырамыз.

        
«Өрлеу»
тобы

        
«Нұрлы
жол» тобы

2- Жүргізуші,Бақтыгүл

Мұғалімді
жақсы көрем сезімтал,

Үлгі
етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің
мұғалімін танимын,

Көкіректе
көре
тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі —
Тосын  тапсырма

( сөздер беріледі оны жетекшілері 
жасырады,  тобы  ол сөздерді шешу керек.)     

.

Назым:

        
Бақтыгүл,
сен қалай ойлайсың, нағыз мұғалім қандай болу керек?

Бақтыгүл:

        
Ой, Назым,
білетінім нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді  естігенім
бар…. ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін
әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Мұғалім болу
қандайды?…» рольдік  көрініс әзіл түрінде

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын
шақырамыз.

        
«Өрлеу»
тобы

        
«Нұрлы
жол» тобы


Келесі   сайыс  Сұрақ  -жауап  деп аталады топ  мұшелері  жеке өзіне ғана 
қойылған  сұраққа  жауап  беруі  тиіс:

1.     
Қ.Р. Білім министірі кім?  (

2.     
Лауазымыңыз бойынша міндетіңіз қандай бірнешеуін
атаңыз.

3.     
Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданған?
(1989 жыл

4.     
Оқушының білм сапасын  қорытындылау тәсілдері 

5.     
Мақсаты оқушыларды қалыптастыру  мен дамытуға 
негзделген  ғылым?   педагогика

6.     
Білім беру процесінің  түпкі нәтижесі?      Білім

7.     
Қ.Р Мемлекеттік елтаңбасының афторлары кім?  
Улиханов , Мәлібеков

8.     
Оқу пәндерінің құрамын  жылдар бойынша  анықтап,
оларға берілетін сағат санын белгілейтін  мемлекеттік  құжат не?  ( Мемлекеттік
білім беру  стандарты)

9.     
  Білім заңы қай жылы қабылданды? (2007 жыл 20
шілде №319 заң)

10.  Я. Каменскийдің педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі
процестерін қисындаған еңбегі? («Ұлы дидактика»)

11.  Нормативтік құқықтық базаға қаңдай құжаттар жатады? (Заңдар, қаулы,
бұйрық, бағдарлама…)

12.  Таным процестерді ата (зейін, қиял, ойлау, қабылдау, есте сақтау…)

13.  Баланы ынталандырудағы әдісініз? (марапаттау)

Назым

        
Иә, Бақтыгүл,  дегенмен мұғалімдік
еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі  күні тағы да
көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін
биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ… 

Бақтыгүл

        
Олай болса, сахна төріне жас буын
өкілдерінің «Жас ұландар» тобын өнерін тамашалайық.

——————————————————————————————————-

        
«Өрлеу»
тобының ұстаздарының———————————————————————————————————————————————————————.

-«Нұрлы жол» тобының  ——————————————————————————————————————————————————————————-

І- Жүргізуші Назым,

            Құрметті қонақтар,
қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша

2- Жүргізуші,: Бақтыгүл:

            Сахна төріне өздеріңіздің зор
қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.

1-топ,
жас буын өкілдері «Жас ұландар» тобы.

2-топ,
орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы.

3-топ,
жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы.

Сайыстың қорытындысын жариялау үшін
сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.

1-Жүргізуші,
Назым:

Қош демейміз, әлі
талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай
берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің
көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін
қонақтар ғарыштан да.

2-
Жүргізуші, Бақтыгүл:

Тіршілік-  арман,
бәрімізге де орын бар,

Басады кейде
онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар,
өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің,
достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты
аяқтаймыз.

1-
Жүргізуші, Назым:

     Көңіл қойып
тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.

2-
Жүргізуші, Бақтыгүл:

      Келесі кездескенше
күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!

Пікір жаздыру

Абай,  кітап , мереке 
жатахана,  технология,   дидактика,  заң,   уақыт  мүдір,  тақта,  кітапхана. 

Компютер.   Проектор  сабақ,   
 аттестация,   сотовый  телефон,     оқушы,     Назарбаев,    педагогика ,  
ата-ана.   Химия  ,   ғылыми жоба,  мұғалім,       өзін-өзі тану,  мақтау 
қағазы,  ҰБТ.    Сабақ  кестесі  ,флешка,   каникул,    сайыс

Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың  сценарийі

Идея авторы: мектеп директоры Бейсенова Ғалия Дайрабайқызы

Сценарийін жазған: дир. тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандыбаева Ләззат Төребекқызы

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Өтілетін мерзімі: 29 сәуір 2011 жыл

Жүргізушілер:

  1. Жұмалітегі Дәулет
  2. Сапарбаева Әсел

Жүргізушілер фанфармен ортаға шығады.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Ассалаумағаллейкум, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңіңде жарқылдарың.

2-Жүргізуші, Әсел:

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі облыстық семинар аясындағы “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош келіпсіздер дейміз.

2-Жүргізуші, Әсел:

Сайыстың мақсаты :

  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту
  2. Кәсіптік деңгейін арттыру
  3. Топтық жұмыс жасауға үйрету

Мектеп мұғалімдері  еңбек  өтіліне  қарай  3 топқа  топтастырылды.

1-топ, жас буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-7 жылға  дейінгі  мұғалімдер.

2-топ,  орта буын мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі  8-17 жылға дейінгі мұғалімдер біріктірілді.

3-топ,  жоғары буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 18-28 жыл аралығындағы мұғалімдер топтастырылды.

Ал еңбек өтілі 30-40 жыл аралығындағы мұғалімдер ардагер ұстаз ретінде қазылар алқасы құрамынан орын алды.

2-Жүргізуші, Әсел:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, үш буын өкілдері:

1-топ, жас буын өкілдері «Жас қырандар» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың, жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – сары түс, яғни білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.

1-жүргізуші, Дәулет:

Бүгін сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Ахтаев Мұхтар Бексултанович – Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру жүйесін жетілдіру технологиясы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты
  2. Тамара Махалқызы – орталықтың басшы кадрлар кабинетінің басқарушысы
  3. Құрманбекова Шарапат – орталықтың басшы кадрлар кабинетінің әдіскері
  4. Сұлтанқұлов Әбдіжаппар – аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы
  5. Тұрғанова Ақмарал Жақсыбайқызы – аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
  6. Елеуісова Әлиза Қалмаханқызы – мектептің ардагер ұстазы, химия пәні мұғалімі
  7. Сахаева Тоқсұлу – мектептің ардагер ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі
  8. Елібаев Саин Әбдікерімұлы – мектептің ардагер ұстазы, дене шынықтыру пәні мұғалімі

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазалр алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, ақ  түсті шарфты ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар.

(ақ шарф тағылады)

Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, сахнадан шығарып салайық.

2-Жүргізуші, Әсел:

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең. Шығармашылық көрме.

ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер сырттай төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:

  1. Еркін тақырып.
  2. «Қол жетті, міне, аңсаған күнге…»
  3. Менің ұстаздық кредом…

ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр…  ол мынадай бөлімдерден тұрады…

  1. Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті (3 мин)
  2. Сән үлгісі. Болашақ  мұғалім  моделі (3 мин)

(Мұғалім —  кеше, бүгін,  ертең)

  1. Панорамалық сабақ (5мин) «Жаңашылдық жолында»,   Әрбір сабақ  ақ жауын болып жауады.
  2. Тосын тапсырма (5мин)

3 командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз,  фломастер  таратылып беріледі.

Команда  мүшелері бұйым жасайды, оны  қорғайды. Әр  командадан  6 адам қатысады.

  1. “Мұғалім болу қандайды?… ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин)
  2. Өнер (команданың барлық  мүшелері қатысуы  тиіс) (5мин)
  • Топтар сайыстың алғашқы бөліміне дайындылып болғанша назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауындағы «Қуаныш» биін ұсынамыз.
  • Республикалық «Әнші балапан» байқауының жүлдегері  жас әнші Бостан Ақботаның орындауында «Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар.

2-Жүргізуші, Әсел:

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру». Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан бірінші бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

  • Назарларыңызға  «Салтанат» би тобының орындауында «Өрлеу» биін ұсынамыз.

1-Жүргізуші, Даулет:

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!

Сайыстың келесі кезеңі —  сән  үлгісі, «Болашақ  мұғалім  моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

  • Назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауында «Жас ұландар» биін ұсынамыз, қарсы алыңыздар.

2-Жүргізуші,Әсел:

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

, «Сайыстың келесі кезеңі – панорамалық сабақ үлгісі Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады», яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

1-Жүргізуші,Дәулет:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла – ай.

1- Жүргізуші,Дәулет:

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре-тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі — Тосын  тапсырма

3 командаға 1 плакат, 5  шар, қайшы, клей, түрлі түсті қағаз, скоч,  фломастер  таратылып беріледі.

Сайыс ережесі бойынша команда  мүшелері  түгел қатысып, жасалған бұйымды 2 команда мүшесі қорғайды.Бұйымды жасауға берілетін уақыт мөлшері  – 5 минут.

  • Командалар өз бұйымдарын жасап болғанша назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауында «Жас ұландар» биін ұсынамыз, қарсы алыңыздар.

Ендеше бұйымды қорғау үшін сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Дәулет:

  • Әсел, сен қалай ойлайсың, нағыз мұғалім қандай болу керек?

Әсел:

  • Ой, Дәулет, білетінім нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді әжемнен естігенім бар…. ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Мұғалім болу қандайды?…» рольдік көрініс әзіл түрінде, берілетін уақыт мөлшері — 5 мин.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Әсел:

  • Дәулет, міне , келесі жылы екеуміз де мектеп бітіреміз. Шыныңды айтшы, кім болғың келеді?

Дәулет:

  • Әсел, осы сұрағыңа өлең шумақтарымен жауап беріп көрейін…

Мұғалімдер үлес қосар сана менен ақылға,

Мың алғыс бір сабағына татыр ма?

Болуды мен санаймын ең зор бақыт,

Мұғалімдер армиясы сапында.

Әсел:

  • Иә, Дәулет, талабыңа нұр жаусын, дегенмен мұғалімдік еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі «өзін-өзі басқару күні» тағы да көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ…

Дәулет:

  • Олай болса, сахна төріне жас буын өкілдерінің «Жас қырандар» тобын «Халықтар достығы» биімен қарсы алыңыздар.
  • «Өрлеу» тобының ұстаздарының салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дайындаған спорттық биін қарсы алыңыздар.
  • «Нұрлы жол» тобының ұлт-аспаптар ансамблі сүйемелдеуімен орындайтын Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурриді қабыл алыңыздар.

І- Жүргізуші,Дәулет:

Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша Пірімбет Назымның орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

2- Жүргізуші,Әсел:

Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.

1-топ, жас буын өкілдері «Жас қырандар» тобы.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы.

Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

2- Жүргізуші, Әсел:

Тіршілік-  арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.

1- Жүргізуші, Дәулет:

Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.

2- Жүргізуші,Әсел:

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!

«Үздік жас маман!»
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол — ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол — күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Диляра әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І жүргізуші: Хибасова Диляра Газизовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажымуханқызы
ІІ жүргізуші:
Бастауышта сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгүль саған сәт — сапар
І жүргізуші:
Койбағарова Айгүль Бектемисовна бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Арзиева Құралай Байрамқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер
І жүргізуші:
Есенкулов Малик Ендірбайұлы,
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе — біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе — өзіңді — өзің түсіну»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан — ағай
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлсүм біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Агибаева Гүльсүм Ұстанымы «Білсе білім — күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Мауленова Айгуль Ізтелуовна
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Әсель біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Жунусова Әсель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Ляззат біздің өнерлі
І жүргізуші:
Калилаева Ляззат Қолдасқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Айтжанова Дина Теңізбаевна
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Тарих тану ұстазы
Жансая біздің жан — жақты.
І жүргізуші:
Тоқсанбаева Жансая Маратовна тарих пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
І І жүргізуші:
Даярлық топтың сабағын
Қызықтырып өткізген
Эльмираның
Бар бойынан табасың
І жүргізуші:
Ізмұхан Эльмира даярлық тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Бахытжанова Дамегүль Үмбетовна
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айданадай маманнан
Шәкірт ұғып алады
І жүргізуші:
Бекмағанбетова Айдана бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Қыпшақбаева Тазагүль Маденқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Аманжол
Шығады әлі талай биік шыңға.
І жүргізуші:
Лепесов Аманжол Абужанович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан ағай

ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас…» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Керімбаев Ардагер Амангельдиевичті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Керімбаев А. А. мектеп директоры
2. Айнакожаева Ш. К. оқу ісінің меңгерушісі
3. Сабырова А. С. тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Байбекова М. О.- әлеуметтік педагог
5. Джумабаева А. А. кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:- Мазмұны
— Көрерменге әсер етуі
— Орындау шеберлігі
— эмоционалдығы
ІІ тур — Ширату
1. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 — ойыншы:
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)

2 — ойыншы:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
3 — ойыншы.
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ )
4 — ойыншы.
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
5 — ойыншы
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер — асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
6 — ойыншы
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир — Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
7 — ойыншы
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
8 — ойыншы
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып

9 — ойыншы
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер — металлург
10 — ойыншы
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
11 — ойыншы
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама — қарсы сөздер. ( антоним)
Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай)
2. Жүргізуші: Мақал — мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі — өз тілім
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

Мақалды аяқтау.
1. Найзасыз ер болмайды (Таңбасыз ел болмайды)
2. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
3. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
4. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
7. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
8. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
9. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
10. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)

1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Төртінші кезең. Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
— Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: — Орындау шеберлігі
— Образдылығы
— Шынайылығы
— Көрерменді баурап алуы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
1. Жүргізуші:– Бесінші кезең
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: — Жағдайды шешу шеберлігі
— Педагогикалық — психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
— Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне, жауабына сенімділігі

Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір — бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.

1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
— Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
— Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз…
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер — кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата — ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата — ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
— Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата — ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата — анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз…
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара — пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттау.

«Мың бір мақал»сайысы

Мақсаты:

Оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер.

Барысы:

Кіріспе сөз:

-Құрметті оқырмандар,бүгін сендермен”Мың бір мақал” деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.

Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,.өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап ұйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны ,ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.

”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық..

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өту.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1 бөлім. ”Жалғасын тап” .

Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

Өз елім… (өлең төсегім)

Балапан ұядан не көрсе…(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын…(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер…(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада…(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы…(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің…(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы…(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады…(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

Сөзде қаңқу жаман…(ауруда шаншу жаман)

Білімі жоқ ұл… (жұпары жоқ гүл)

1 –бөлім бойынша қорытынды шығару.

2 бөлім. Үй тапсырмасы.

Алдын-ала дайындалып келген оқушылар, әр тақырып төңірегінде шағын мақалды әңгіме құрау керек. Қойылатын шарт әңгіменің ішінде мақал-мәтелдер болуы керек. 5-6 сөйлем.

1 тақырып: Отбасы-тәрбие бастауы.

2.тақырып: Отан-елдің анасы.

2 бөлім бойынша қорытынды шығару.

бөлім : “Кім тапқыр” деп аталады.Тірек сөздермен мақал-мәтел құрастыру.

1.дос -теңге.

Жауабы: Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.

2.Ақыл -кен

Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

3.Оқу — ине

Жауабы:Оқу инемен құдық қазғандай.

4. Еңбек — береке

Жауабы:Еңбек түбі-береке,

Көптің түбі-мереке.

4-бөлім:”Ойлы болсаң,тауып көр”

Ойын.Сұрақ-жауап.

1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)

2.Жас келсе неге? (іске)

3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)

4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)

5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)

6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)

7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)

8.Көпке не шашпа?(топырақ)

9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)

10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)

11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)

12.Бейнет түбі не?(зейнет)

13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).

14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)

15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)

Қорытынды.

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі,мұрасы.,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • М??алімдер мерекесіне сценарий
  • М??алім туралы сценарий
  • М чижов праздник русской зимы
  • М сценарий матлаб это
  • Лямур югорск студия праздника