Мамандармен кездесу кеші сценарий

11 сынып оқушыларыменмамандық таңдауларына байланысты студентттер мен мамандармен кездесу ұйымдастырылды

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ

мектеп интернат кешені

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Мен мамандық әлеміндемін»

Кездесу кеші

Куратор: Рахметова Ж.Ж

2017 оқу жылы

Бекітемін: 11.11.17 ж.

Д.Т.Ж.О: А.О.Рахметов

Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін

Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету,

мамандық таңдаудың қыр — сырларын меңгеру; елімізге өз үлесін қоса

білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд

 Кешке қатысушы:
-11 а сынып оқушылары
-Студенттер
-Ұстаздар
 Пікір айтушылар: Болашақ мамандық иелері, яғни студенттер

Өту барысы:

1. Кіріспе бөлім.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Мамандық иелеріне сөз беру.
4. Сұрақ — жауап .
5. Кеңестер.
6. Қорытынды.

Қайырлы күн!
«Мен мамандық әлеміндемін» атты шарамызды бастаймыз. Кешімізге қонақтар қош келдіңіздер сіздермен бірге қоғамдық -гуманитария бағытында оқитын 11 а сынып оқушылары. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе мамандық таңдау. Ең бірінші маман дық таңдауды сөз етпек боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Кей біреуіміз өзіміз қызықпайтын мамандықты таңдаймыз. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбау шылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Бүгінгі кездесу кешіміз осы отырған оқушыларымызға мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі деген ойдамын.

Оқушылар мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік.

Мамандық дегеніміз — адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық – адамның қоғамдық мінездемесі.
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Осы мамандық түрлерін қалай таңдап, қалай білу керек деген сұрақтар кім-кімді болмасын мазалайды.

Бүгінгі оқушыларымыз мамандықты өздері таңдай ала ма? Әлде толығымымен мамандық таңдауға ата-аналар атсалысу керек пе? Сынып оқушыларының өздерінен сұрап көрейік. Өзі таңдады ма? Қандай мамандық таңдады,әлде ата анасы таңдап берді ме?

Куратор: сұрақ оқушыға мамандықты таңдау үшін, адам  ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Сұрақ оқушыларға:

Мамандық таңдап үлгердіңбе?

Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
Жоғары оқу орнына түсуге өз күшіңе сенесіңбе?
Болашақ мамандығың жайында кіммен ақылдастың?

Өзіңді ҰБТ-ға байланысты мазалап жүрген ойлар бар ма?
Сенің арманың не?

Таңдаған мамандығыңның қыр сырын зерттеп көрдің бе?

Психологқа сұрақ:

Ата ананың бағыт бағдары дұрыс емес пе? Әлде өзі таңдауға қабілетті емес пе?

Әр адамның өзінің арман мақсаты болады. Сол арманына жету керек.

Келген қонақтарды таныстыру:

М.Өтемісов атындағы БҚМУ, тарих,экономика және құқық факультеті, дүниежү зілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушы магистрі Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметовна мен Майманова Нұршат Нуркановна .

Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студеттері -Гарифуллина Алима,

Кенжеғали Ләззат.

Тарих мамандығының 2курс студеттері -Зинуллина Нұрмира,

Қажым Альмира,

Ғұбай Айдана.

Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.
Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікіралмасудың маңызы өте зор.

Ендігі сөз кезегін сіздерге берсек. Өздеріңіздің оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.

Сұрақ студенттерге:

-Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

-Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

-Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

-Қай уақытта адам өзжемісін көре алады.?

-Оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?

Сергіту сәті; «Болмасаң да ұқсапбақ …» Енді студенттер мен оқушыларды ортаға шақырамын

Қандай мамандық болсын кез – келген ситуациядан шыға алатын актерлік өнері болу керек. 
Мұғалім мен оқушы, кітапханашы мен оқытушы, сатушы мен сатыпалушы, полиция мен жүргізуші.(Оқушылар мен студенттер рөлге еніп шығады) 

Оқытушыға сұрақ:

Бүгінгі жастар тек бір жапырақ қағаз үшін, яғни тек диплом үшін кез келген оқуды таңдай салады,атақты немесе атақсыз болсын қарамайды оқи салады.

1.Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп деп ойлайсыздар?

Жалаң пікірдің себебі. Диплом болса жерде қалмайсың деген баланы қателестіруге алып келеді. Мына мамандықты алсаң адам боласың, экономист болсаң миллионер боласың деген

жалған ұғыммен баланы соған итермелейді.

2.Таңдаған мамандығын оқып I-II курста басқа мамандыққа ауысу көппе?

3.Қазіргі таңда қандай мамандық сұранысқа ие?

4. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?

Амантай Орынғалиұлы: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мамандықтан қателеспеу үшін неге сүйену керек? Үш жақ бірлесу керек ата-ана, мұғалім, оқушы.

Қорытындылау:
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,ойландыратын жағдай болдыма?

Алдарыңызда үлкен жол жатыр. Өздеріңіз таңдаған ақ жол сіздердің болашақтарыңызды жарқын және қуанышқа толтырсын. Ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Халық нақылы

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша бейнеролик.
6. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Қонақтарға сый.
9. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жалелов Абылай Армияұлына сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.

2. Қонақтармен таныстыру.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының менеджері — Ернарова Ақнұр Ернарқызы.
Мектеп инспекторы – Маканов Медет Капатаевич.
Инженер-энергетик, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Акедилова Асель Куанышевна.
Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенті – Мухаммединов Темірлан Ержанұлы.
ТОО «Azia Oil» электрик – Тулепбергенов Тайыр Мирзабаевич.

3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:

4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?

3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?

6. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан мектеп түлектерінің мамандық таңдауына жол сілтейтін қандай шаралар атқарылуда. Біле отырайық.

7. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?

5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

7. Статистика бойынша бейнеролик.

8. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
9. Қонақтарға сый.

Муханбетжанова Н.Р. — психолог
Акедилова К.К. — психолог
Ә.Бөкейхан ат. №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

«Менің мамандығым» атты студенттемен кездесу кеші.
Кешке қатысушы көрермендер:
— 9-11-сынып оқушылары
— Студенттер
— Ұстаздар
Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.
Пікір айтушы студенттермен таныстыру
«Менің мамандығым» атты студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы:
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Менің мамандығым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

3. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
ІҮ. Қорытындылау:
2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Бекітемін

Жосалы орта мектеп- бала/бақшасының директоры_____ Биисова Г.И.

«__» ______ 2015ж.

Мамандық таңдауға беру мақсатында

«Менің мамандығым-бұл менің таңдауым!»

тақырыбында кездесу кеші

Орындаған: Сейілхан А.Н

2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің мамандығым-бұл менің таңдауым!

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

Кеш барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Жосалы орта метеп бала-бақшасында ұйымдастырылып отырған «Менің мамандығым-бұл менің таңдауым» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Здраствуйте дорогие гости, ученики и учетелья!

Сегодня мы с вами поговорим о профессиях.

Что такое профессия?

— Профессия — трудовая деятельность, требующая определенной подготовки, то есть, чтобы приобрести профессию, нужно специально учиться либо в колледже, либо в институте, либо в университете и т. д. Все вы прекрасно знаете, что каждый человек должен трудиться, так как без труда нельзя прожить. Труд был, есть и будет основой жизни на земле.

1жүргізуші:

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз –деп атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл — кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Бүгін бізде қонақта әр мамандықтың майталмандары деп айтсақ та артық болмас. Сонымен құрметті қонақтар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

2 жүргізуші: Дорогие гости представитесь пожалуйста и познакомьтеинас со своей профессей.

1 жүргізуші: Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған.

Мамандықтың жаманы жоқ. Десекте мамандықты қалай таңдауға болады?

Экранға назар аударыңызздар!

2 жүргізуші: Да, профессий век не счесть.

Присмотреться время есть,

Кем же вы хотите стать?

Любопытно всем узнать

(оқушылардың қонақтарға сұрақтары)

Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан — жақты дайындалмағандықпа? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

(:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::)

Алдарыңызда берілген плакаттарға мамандықтарыңызға жарнама жасасаңыздар!

БАРКЫ (рыбак)

ЖИРНЕНЕ (инженер)

ЯВШЕ (швея)

ЬЕВИТОЛД (водитель)

ПРАВОВ (повар)

РТОМАС (матрос)

ЩАКНЕМКИ (каменщик)

«Пословицы и поговорки»

(На столе разложены пословицы и поговорки, но начало и конец пословиц перепутаны. Детям необходимо правильно собрать пословицы и поговорки.)

Человек живет век, а доброе дело два.

Славен человек не словами, славен делами.

Любишь кататься, люби и саночки возить.

Без труда не вытащить и рыбку из пруда.

Хвались не тем, что можешь сделать, а тем, что уже сделал.

Кто любит трудиться, тому без дела не сидится.

Люби дело — мастером будешь.

Землю красит солнце, а человека труд.

Кто любит труд, того люди чтут.

Тәрбие сағаты

Мамандығым – мақтанышым

Тақырыбы: «Мамандығым – мақтанышым»
Кештің мақсаты:
а) Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру
Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
ә) Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
б) Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жоспары:
І Кіріспе « Мамандықтар әлемінде»
ІІ Негізгі бөлім
1. Болашақ маман иелері студенттермен сыр сұхбат
2. « Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау»
3. “Мамандық таңдаудың жеті қадамы”
4. Тренинг «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін
маңыздылығы қандай?»
ІІІ Қорытынды « Болашағыңа бүгіннен қамдан»
Кіріспе сөз: Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі «Мамандығым – мақтанышым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 – сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз – өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Қатысушыларға берілер сұрақтар:
Білікті маман болу үшін адам ең алдымен немен қарулануы қажет?
– Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
– Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
– Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
– Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
– Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
– Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
– Әттеген – ай деген шақтарыңыз болды ма?
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық.
– Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойың бар?

Өз мамандығын адаспай таңдап, аһ ұрмас үшін бала жасынан неге бейімі барлығын ата – анасы қадағаласа, сол арқылы мектеп кезінде – ақ өзінің қай саланың құлағын ұстайтынын біліп өссе, білікті мамандар шоғыры анағұрлым арта түсер еді. Бұлай дейтініміз, мамандық таң – даудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. ҰБТ – ны тапсырып, ұпай түгендегесін, қай мамандықты таңдарыңды білмей, соңында ел дүрмегіне ілесіп, топпен бірге мамандық талдау – мақсат – сыздықтың көрінісі. Сенің мақсат¬сыздығың – бұралаң жолыңның алғашқы белесі болмақ. Бәрін қайтадан бастауға болады, бірақ уақыты өткесін өкінгеннен орны толмайтын сәттер де кездеседі. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата – анасының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО – ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата – аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік – күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай – ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5 – 10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Қорытындылау:
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
– Осы күннен не алдыңыз?
– Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
Арым – таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім – білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін


Мамандығым мақтанышым мамандықты дұрыс таңдау жайлы кеш

© Дереккөзі

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мальчишник сценарий конкурсы
  • Мальчишки против девчонок сценарий
  • Мальчиш кибальчиш сценарий спектакля
  • Мальчики на осеннем празднике
  • Мальчик у христа на елке сценарий спектакля