Маманды? та?дау кешіне сценарий

Мақсаты:Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай б

271 орта мектеп

«Қазақстан жастарыТәуелсіздік толқынында»

2016-2017 оқу жылы

«Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында»

Мақсаты: Оқушының  өзі таңдайтын мамандық  туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік  әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ  кәсіби  бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау.

1 – жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

— Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

2 – жүргізуші:

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

1 – жүргізуші:

Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл — кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.

(келген қонақтармен таныстыру)

1._______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. _______________________________________________________________

4. _______________________________________________________________

5. _______________________________________________________________

2 – жүргізуші:

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан — жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Ендеше бүгінгі кешімізге өз ойын ортаға салуға және ақыл-кеңестерін беруге арнайы келген қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

(келген қонақтар сөз сөйлейді)

1 – жүргізуші:

Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

2 – жүргізуші:

Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының 10 — 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

1 – жүргізуші:

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін — өзі тану:

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез — келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай — ақ шығармашылық қабілетін, ой — өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

2 – жүргізуші:

Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға келесі талаптар талаптар қойылады:

 —         Компьютерді білу;

—          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

—          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

—          Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

—          Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

—          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

1 – жүргізуші:

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.

2 – жүргізуші:

Абай атамыз айтқандай:

«Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды сүйсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз» — дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық!

Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз! Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

«Қол мидың жалғасы».

Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.

2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз — дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.

«Ең жақсы» ойыны.

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады?

Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп — бухгалтер, экономист.

Ең жасыл — эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті — аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі — клоун, карикатурашы.

Ең жауапты — сот, бухгалтер.

Ең салмақты — мұғалім, заңгер.

Ең қарым — қатынасы күшті — бизнесмен

«Мамандықты тап» ойыны.

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

Дәрігер
Басшы

Хатшы
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик

Жүргізуші

Әнші

Дирижер

«Әріпті мамандық» сайысы

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.

“А” әрпінен басталатын мамандық.

“С” әрпінен басталатын мамандық.

“М” әрпінен басталатын мамандық.

«Менің мамандығым» атты студенттемен кездесу кеші.
Кешке қатысушы көрермендер:
— 9-11-сынып оқушылары
— Студенттер
— Ұстаздар
Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.
Пікір айтушы студенттермен таныстыру
«Менің мамандығым» атты студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы:
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Менің мамандығым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

3. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
ІҮ. Қорытындылау:
2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Халық нақылы

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша бейнеролик.
6. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Қонақтарға сый.
9. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жалелов Абылай Армияұлына сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.

2. Қонақтармен таныстыру.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының менеджері — Ернарова Ақнұр Ернарқызы.
Мектеп инспекторы – Маканов Медет Капатаевич.
Инженер-энергетик, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Акедилова Асель Куанышевна.
Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенті – Мухаммединов Темірлан Ержанұлы.
ТОО «Azia Oil» электрик – Тулепбергенов Тайыр Мирзабаевич.

3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:

4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?

3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?

6. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан мектеп түлектерінің мамандық таңдауына жол сілтейтін қандай шаралар атқарылуда. Біле отырайық.

7. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?

5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

7. Статистика бойынша бейнеролик.

8. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
9. Қонақтарға сый.

Муханбетжанова Н.Р. — психолог
Акедилова К.К. — психолог
Ә.Бөкейхан ат. №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау – басты бағдарымыз.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз – өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

Сабақ барысы:
І. Шаттық шеңбері.
II.Тренинг «Мамандық магазині»

Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты  қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.

Мысалы: Мұғалім — механик — кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз

ІІІ.Топқа бөлу кезеңі

«Бұл кім» тренингі

Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Әр балаға суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-Гуманитарлық бағыт,

2- жаратылыстану бағыты

Атақты ғұлама Әл – Фараби :

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,- десе

«Мамандықты дұрыс таңдау — ол өмір жолының сәттілігінің негізі» психолог Эвальд Фридрихович Зеер

ІУ. Ой қозғау. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

У. Пікір бөлісуСыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының 10 — 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

УІ. Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

  • ата — ананың ақылы
  • достарыңның ақылы
  • мұғалімнің ақылы
  • қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
  • дарының, мүмкіндігің, қабілетің
  • жақын аймақтағы оқу орнының болуы
  • жалақысының көп болуы

УІІ. Жаңа ақпарат.

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».

ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап — тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет — қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік — экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.

Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

VIІІ. Постер қорғау

  1. топ. Мамандықтар саласы және оның маңызы.
  2. топ. Мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстары

(«Екі жұлдыз, бір тілек» қарсылас топтар жұмыстарын бағалау)

Сергіту сәті

ІХ.Ой бөлісу

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  1. Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады
  2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
  3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
  4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
  5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
  6. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

Жауаптар:

–         Компьютерді білу;

–          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

–          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

–          Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

–          Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

–          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

X.Жұмбақ жан- бізге хат жолдапты .

Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып, өнер адамдарын пір тұттым. «Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам, сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.

Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.

Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалада өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздерші!

  • Жұмбақ жанға не айтар едіңдер?
  • Өздеріңнің араларыңда ата-ананың ықпалымен мамандық таңдағандар бар ма?

Сұрақ- жауап :

  1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
  2. топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

ХІ. Тестік тапсырмалар:

Ең ақшасы көп мамандық қандай?

а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист

Ең “жасыл” мамандық қандай?

а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш

Ең “тәтті” мамандық қандай?

а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер

Ең “күлкілі” мамандық қандай?

а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш

Ең жауапты мамандық қандай?

а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер

Ең салмақты мамандық қандай?

Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?

а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

ХІІ. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін – өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез – келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай – ақ шығармашылық қабілетін, ой – өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
ХІІІ. Дәйексөз.

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!- Ж. Аймауытов
 «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек,  егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Бекіту сұрақтары:

  • Осы күннен не алдыңыз?
  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

Қорытынды: Мамандық таңдаудың 7 қадамы.
Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
Арым – таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!
Барлығы бірге: «Елдің ертеңі біздің қолымызда» «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі сабақ  сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Ж. Аймауытов айтқандай
Жүректен-жүрекке. Жүрек жарды тілектерін білдіреді. Мына менің қолымдағы сиқырлы гүл, яғни бұл гүлге жақсы тілектер сыйласаңыз олда сізге өз жүрек жылы сөздерін тілейді. Ендеше барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Мен қазір мына гүлді сол жақтағы оқушыға өз жақсы тілегімді айтып беремін, сол жағыма беруімнің себебі, адам баласының жүрегі сол жағында болғандықтан мен өзімнің жүрек жылы сөзім және тілегімді білдіремін. Ойын осылай жалғасады

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Маманды? иелерімен кездесу кеші сценарий
  • Мамандармен кездесу кеші сценарий
  • Маляр профессиональный праздник
  • Мальчишник сценарий конкурсы
  • Мальчишки против девчонок сценарий