Маманды? та?дау туралы сценарий

Маманды? та?дау жас?спірім жаста?ы е? ма?ызды шешімдерді? бірі. ?лкен ?мірге енді ?ана ая? бас?ан жас ?ланны? алдында мы?да?ан маманды?тан ?зі?е лайы?ты біреуі

«Мамандық – өмір таңдауы»

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, Қазақстанның 20 жылдығының эмблемасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың нақыл сөзі.

Барысы

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Мамандық –өмір таңдауы» , ол пікірсайыс түрінде өтеді.

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіңе лайықты біреуін таңдау тіндеті тұрады. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құғысы келмейді.

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Психолог мамандардың айтуынша, ке келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Өз ісінің бүге-шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Осы мақсатта біз «Мамандық – өмір таңдауы» пікірсайысымызды бастаймыз.

1.«Менен сұрақ, сенен жауап».

1.Өзінің болашақ мамандығыңды таңдадын ба?

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?

3.Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?

4.Неге сен дәл сол мамандықты таңдадың?

5.Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?

2.«Тізбекті түзе» ойыны.

Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты айтады. Мысалы: мұғалім – медбике.

3.«Мен мамандық әлеміндемін».

Психологтар әр мамандыққа қандай құрал жақын екендігін анықтайды, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Бұндай әр түрлі бағалау берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байланысты, бізге бір топ ішіндегі мамандықтарды айыруға мүмкіндік береді.

«Адам-табиғат».Кәсіптер: тұқым өсіруші,зоотехник,агроном,кинолог,мал өсіруші шебер және т.б.Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен,медицинамен,ғылыми зерттеулермен байланыстар.

«Адам-техника». Кәсіптер: үңгуші,ағаш шебері,инженер-механик, сәулетші,құрлысшы,радиомеханик,компьютер құраушы және т.б.

«Адам-адам».Кәсіптер: дәрігер,мұғалім,психолог,шаштаразшы,менеджер,экскурсия жетекшісі және т.б.

«Адам-белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы,сызушы,инженер, бағдарламашы және т.б.

«Адам-шығармашылық бейне». Кәсіптер: әртіс,суретші,музыкант,дизайнер,тас қашаушы,әдеби қызметкер.

«Мамандықты жасыр» жаттығуы

Әр команда бір мамандықты бейнелейді, келесі топ жасырылған мамандықты табады.

4.«Жағдаяттық сұрақтар».

1.Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

2.Ата-анаң саған бір мамандық таңдап берді,бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласын ба?

5.«Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.

Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар.Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.

Мұғалім,жүргізуші,дәрігер,тігінші,әнші,журналист,спортшы,программист, эколог,заңгер.

Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Мақсаты:

білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге

бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;

Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі

тану аумағын кеңейту,

Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Әдістәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:

.Ұйымдастыру кезеңі

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі

бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, оқушылар сурет арқылы табады .)

Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?

МАМАНДЫҚ

Дұрыс айтасыңдар. Олай болса кешіміздің тақырыбы

«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау».

1.«Миға шабуыл»— ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:

«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады

Профессиямамандық дегенді білдіреді.

Мамандыққарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті

талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін

жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.

Мамандық таңдаутағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен

бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау

үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің

орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің

қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондайақ өз мамандығының

сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп

аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім

және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары

технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына

қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау

жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс

таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

2. «Білеміз бе?»

Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз

3. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ойпікірлерін

дәлелдейді.

Мамандық бірақ рет біржола таңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

Ақша болса, мамандық қажет емес

Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет

Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды

Мамандық таңдау – күн көріс қамы

4.Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.

Сұрақтар:

1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі

ме?

2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында

бақталастыққа төтеп бере ала ма?

6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір

мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

Мамандық таңдаудың маңыздылығы


  • Әр түрлі
  • admin
  • 19.05.2016
  • 0
  • 2
  • 36463

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Тәрбиешісі: Бекбосынова Күлмарам Әбілдақызы

(Сынытан тыс кәсіби бағдар беру ашық сынып сабағы 9-11 сынып оқушылары)

Мақсаты: Оқушыларға манмандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт-бағдарын беру. Мамандақ әлемінде өзін-өзі тани білуіне дүниетанымын кеңейту және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі: мамандық туралы нақыл сөздер, суреттер, плакат, маркер.

Ресурстар: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сынып жетекшісі:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Мамандык таңдаудың маңыздылығы» атты сабағымызға қош кедіңіздер!

Осы тақырып аясында өз ақыл-кеңесімен, тың пікірлерін ортаға салуға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

1. Ә. Келжанова – Арал аудандық Индустриалды-көпсалалы техникалық колледжінің тігін ісі оқытушысы

2  Р. Жаймақова – жеке кәсіпкер, «Бурда» ЖШС тігін цехының басшысы

3. Ә. Бижанов – аудандық тубекулезге қарсы күрес диспансерінің фтизиатр -дәрігері

4. Қ.Дәулетова — мектеп-интернат директоры

5. Д.Жұбанов — оқу-ісінің меңгерушісі

6. Н.Құсайынова — бейіндік ісі жөніндегі орынбасары

7. Ұ.Құлтаева — мектеп психологі

1. Кіріспе. Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» — деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.

Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.

Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сондықтан бүгін осы тақырып жөнінде кеңірек тоқталамыз.

Негізгі бөлім.

2. Оқушылардың пікірі. Диалог. Мамандық таңдау дегеніміз не?

— Біздің болашағымыз – біздің мамандығымыз.

— Адамдардың болашаққа апаратын жолы.

— Адамдардың алдағы уақытқа қойған мақсаттарының бірі.

— Мамандыққа бейімделіп адамдар жұмыс жасайды

— Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады

Мамандық – кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі.

Мамандық дегеніміз – адамдардың белгілі-бір кәсіпке бейімделуі. «Кәсіп таңдау-тек болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің жан-дүниеңе үңілу…»  

Мамандық таңдау ұстанымдары

1. Оқушылардың өз жеке басының ерекшеліктерін тануы

2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы

3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау

4. Қалаған мамандығыңның мазмұнына көңіл аудару

5. Таңдаған мамандығың өзіңнің денсаулығыңа сәйкес болу керек

         Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

  • Компьютерді білу
  • Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу
  • Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау
  • Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік
  • Жоғары ой – өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық керек.

   3. Мамандық әлемі туралы ақпарат.

Мамандықты 5 топқа бөледі. Олардың белгілері еңбекпен негізделеді.

Мемлекеттің басты қуаты – адам. Олар: адам – адам, адам – белгілік жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – шығармашылық бейне.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгілік жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой – өрісі өте кең болуы керек. Бұл бухгалтер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары, аудармашы.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс жасайды. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – шығармашылық бейне: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер, әдеби қызметкерлер.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

                                                        Әл-Фараби

4. Постермен топтық жұмыс. Дәйек сөздерді талдау, мазмұнын ашу.  

«Білім – бақыттың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы…» М. Әуезов

«Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» Э. Ф. Зеер

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» Н.Ә. Назарбаев

5. Қазіргі заманғы табысты мамандықтар. Қосымша деректер.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандықтар бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады. Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

Виртуалды ұстаз – бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.

Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінгі біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік таетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

Менеджер — жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады.

«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып, қырдан аса алмайсың» — деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай оқу оқып, білім алып еңбектенбесе , ойға шомылып, маман иесі болып ешкімде мақсатына жете алмайды.

6. «Өз жұлдызыңды жақ»

(Сынып бойынша презентация, жоба құрастырып, таңдаған мамандықтарының мақсатын, мазмұнын , қырлары мен өмірлік сырлары жөнінде айтып шығу)

7. Қонақтарға сұрақтар.

1. Өз мамандығыңның шебері болу үшін адам өзін – өзі қалай дайындауы керек? Әрқайыссыңыз өз мамаңдықтарыныз жөнінде айтып өтсеңіз.

2. Мамандық таңдауда ең бастысы қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтың қоғамдағы беделі ме?

3. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманындағы бақталастыққа төтеп бере ала ма?

4. Сіздердің мамандықтарыңыз жүрек қалауымен таңдалды ма?

8. Қорытынды.

«Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір сәттілігінің негізі» дегендей еліміздің өркендеп, гүлденуіне үлес қосатын мықты маман иесі болыңыздар.



1


Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл.


2


Мақсаты: Оқушбылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, лада мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру. Міндеті: 1. Мамандықтарды тладай білуге үйрету. 2. Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қизығушбылығын мамандыққа сайт ани білуге үйрету.


3


Мамандық алғың кале ме, Мамандық өзі не мене? Айналаң толған мамандық, Айналаң толған өнеге.


4


«Армандар» жаттығуы Барлық қатысушы дөңгелене отырып, 3-4 рет терең дом алып, көздерін жұмады. Өз алтына қойған мақсаттарына көңіл удара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды. Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дом ала көздерін пшады.


5


Мамандық таңдау факторлары Отбасы Мұғалім Қабілеті Беделі Оқудың немсе жұмыстың жақын жердь орналасуы Сыртқы бейнесінің сырттай ұнауы Досымен бірге Оқиғаның әсер етуі Тәжірибенің болуы Экономикалық фактор


6


Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: 1.Бірден жоғары біліктілікті мамандыққа бағыт беру; 2. Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау 3. Мамандыққа бағыт-бағдар берушіге ауып кету; 4.Мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі; 5.Өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білу.


7


«Мамандықтар тізбегі» ойыны. Кәзір барлығымиз шеңбер жасап, мамандықтар тізбегін құрамиз. Оқушбылар мамандық аттарын айту арқбылы жары сады. Қай оқушы кідіріп қалса сол оқушы ойыннан шығады.Ең соңғы қалған оқушыға мен бір мамандықты айтамын, мысалы, металлург. Оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты этап, олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білуі керек.


8


Қол- мидың жалғасы жаттығуы Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік: Саусақтарымизды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымизды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сизық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимиз. Осы жүргізілген сизба бөліктерін сизғышпен өлшеп шығарыңиз.


9


Қ орытынды: Егер сіздің алақан сизығыңизда бас бармақ пен О нүктесі арасында сизба бөлігі ұзын бокса, сіз- басқарушысиз. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сизық басқаларынан ұзын бокса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол. Ортан қол сизығы ұзынырақ бокса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз. Аты жоқ саусақ сизығы үлкенірек бокса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз. Шынашақ сизығы үлкенірек бокса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз.


10


Ситуациялы қ с ұ ра қ. (О қ ушбылар ө з пікірін орта ғ а салаты.) Мен хирургпын Шарты: Аурухнада 5 емделуші бар. Олар: Бес файлы қ қ из бала Алты жасар дарынды бала К ө п баллы на (10 балансы бар, 70- тегі на) Қ а ңғ ыбас Құ рбылысшы Ж ү рек біреу. Осбыларды ң қ айсысына операция жасар еді ң. Біреуін ғ на та ң дауны ң қ ажет.


11


«Ең-ең…» (ойын) ең жасбыл мамандықтар ең ақшалы мамандықтар ең таза мамандықтар ең көңілді мамандықтар ең тәтті мамандықтар


12


Психологиялық сәт. «Психогеометрия» -өзін-өзі тану: 1. Квадрат 2. Зигзаг. 3. Шеңбер. 4. Үшбұрыш.


13


Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдбылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу, жүйелеу қабілеті баршбылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджмент пен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сендай-ақ шығармашбылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткір ойлбылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблон дар, ережелер, нұсқаулар қизықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды. Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпашбылығына жәрдомдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емс, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін. Үшбұрыш. Саған басқарушбылық қасиет тән. Өз көзденег мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар. Саған менеджмент саласын меңгеруге ұсынбылады.


14


Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан: Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болгары сөзсіз ! Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емс екендігін есіңде сақта. Пәнге денег қизығушбылық оған байланысты жұмыстың саған сөзсіз ұнайтынын білдіре бермейді. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғна назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырсы. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды денег қорытынды жасауға болмайды. Саған қолыңнан калетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады. «Жақсы адам» — бұл мамандық емс. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауным керек деп жансақ қорытынды жасауға болмайды. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін. Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура калетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақбыл- кеңесіне құлақ салудың қажеті шамбалы. Замнауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қизықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғна сенің мамандық таңдаудағы ой- ниетің салмақтна түспек.


15


Шекеров Қ уайт, Жанзакова Дилара, Мухамбетов Данияр Раелистік тип механик,жүргізуші, инженер,агроном және т.б нақты тапсырмаларға бағытталған мамандарды қалайды Болатов Ерн ұ р, Сергей Еркеб ұ лан, Әртістік тип музыка, сурет, әдеби шығармашбылық Адамның өзі спортсмен дер, каскадерлар, кино және театр актерлері, әншілер, М ұ хтар А қ йорке, Пирмаханова Н, Хисхан А қ марал, Сардаров А, Хамитова Ж, Жаксбылы қ оваА, Жумабаева А Әлеуметтік тип оқыту мен емдеу (мұғалім, дәрігер, психолог) Басқа адамдар әлеуметтік қизметкер, сатушы, жаттықтырушы, мұғалім, дәрігер, психолог Музаравшин Ә ли, Ө тегенов Заманбек, Ә бдір ә сіл Жанн ұ р, Найзагаринова, Іскер тип.Қизмет түрі: әртіс,журналист,телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат А ғ бай Жибек, Ермекбаева Айг ү л Белгілер жүйесі. аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс жүргізуші. Елемсов Мади Табиғат. бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы қизметтеріне байланысты. Капанов Жандос, Орынбаев Мирас Техника жүргізуші, ұшқыш,, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қизмет көрсететін маман, инженер-технолог. балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы. Сиязова Азиза, Каркенова Сандина Көркем образ. суретші, бухгалтер, мүсінші, жазушы, әдеби редактор, режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын


16


Е ң бек етсем, ерте ң гі ба қ ытыма сенемін. Ма қ сатыма жеткізер уа қ ытыма сенемін. Досты қ іспен қ асты да же ң еріме сенемін, А қ был, сна білім мен ө неріме сенемін. Арым таза, а қ к өң іл, адалды ққ а сенемін. Абыройлы, а қ ниет, адамды ққ а сенемін!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Маманды? иелерімен кездесу кеші сценарий
  • Мамандармен кездесу кеші сценарий
  • Маляр профессиональный праздник
  • Мальчишник сценарий конкурсы
  • Мальчишки против девчонок сценарий