Маманды?ым ма?танышым кездесу сценарий

Саба?ты? та?ырыбы:Маманды?ым ма?танышымСаба?ты? ма?саты: О?ушылар?а маманды? туралы ма?л?мат беру, олар туралы пікірде жас кездерінен ??ындырып болаша?та маман

Сабақтың тақырыбы:Мамандығым мақтанышым

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық туралы мағлұмат беру,

олар туралы пікірде жас кездерінен ұғындырып

болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Ж. Аймауытов мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай тамақ асыраудың ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді.

Мамандық алғың келеме

Мамандық өзі не

Айналаң толған мамандық

Айналаң толған өнеге

Тыңдайын, және, ойлайын

Білімге терең бойлайын

Оқыған маман шын маман

Мамандық алмай қоймайық.

Досыңды көрсет, кім екеніңді айтамын», «Нені армандайтыныңды айтсаң, кім екеніңді айтып беремін» деген мақал нақыл сөздер бар. Қызық-ақ. Арманына қарап адамды тану, болашақта қандай болатының болжау шын болса, кімнің кім болатынын бала кезде-ақ білетін едік. Десек те, біз өзімізде жоқты армандаймыз, биіктегіні, қол жеткізе алмағанымызды армандаймыз. Көрмегенді көрсек, білмегенді білсек, деп қиялдаймыз. Тіпті оның орындалмайтынын біле тұра соған талпынамыз. Көңілімізге медеу етеміз. Тек армандап қоймай, әрекет те етеміз. Кейде тіпті өзіміз қол жеткізбегенге, бала-шағамыз жетсін деп, тілек тілейміз.

Ал кішкентайбалалардың да өзарманы бар. Сізбірсәтолардыңкімболғысыкелетінінеүңіліпкөрдіңізбе? Бүгінгініңбалаларыкімболудықалайдыекен? Бұлсұрақтыоқушыларғақойыпкөрелік.

«Мен өскенде бірінші әскерге барғым келеді. Сосын ақын болғым келеді. Өйткені ақындар өлең жазады, кітап шығарады. Өлеңдерімді басқаларға оқып бергім келеді».

«Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Өйткені олар өте білімді, батыр, ештеңеден қорықпайтын болады. Көп кітаптар оқиды. Аспанға ұшып барып, басқалар көрмейтін нарселерді өз көзімен көреді».

«Мен өскенде дәрігер болғым келеді. Ауырып қалған адамдарды емдегім келеді. Егер олардың ақшалары болмай қалса, мен оларға тегін көмектесемін. Уколдар мен капельницалар саламын. Сонда олар ауырмайтын болады».

Баланың қиялы шексіз. Ол өскен кезге дейін бірнеше мамандық иесі болғысы келеді. Кімді көрсе, не ұнаса, сондай болуды армандайды. Арманға қол жеткізу үшін алдымен оны армандау керек сияқты. Сонан соң, арманға жетер дұрыс жолды таңдау қажет. Сондықтан бала арманынының орындалуында ата-ананың да ықпалы зор.

Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе ғарышкер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң — сенде ешқандай қиындық жоқ. Анаң және апаң не айтса да, өзің ұнатқан үйірмеңе барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің. Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.

Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы — бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді.

Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі категориясында пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген. Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды. Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар әкелері қайда жұмыс істейтінін, ихтиолог деген кім екенін білмейді және мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар.

Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ…. ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.

Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары сай келуі керек. Мамандық қызықты болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.

Кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес қабілеттер бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.

Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет. Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.

Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе «Мен қандаймын?», «Осы әлемде мен кіммін?», «Немен өмір сүремін?» деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге (бұл сұрақтарға толығымен ешқашан жауап бере алмайсың) қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара. Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр.

Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді «ұялшақпын» деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды. Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны. Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта.

Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін кеңейту керек. Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері жайлы сұрақтар қойыңдар — әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың….

Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқушыларға сұрақтар қою

  • Мамандық дегенді қалай түсінесіндер?

  • Сен қандай мамандық иелерін білесің?

  • Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?

Қорытынды

Жалпы қорыта келгенде мамандықтың бәрі жақсы. Тек қана оны таңдай білу керек. Бұл – бірінші міндет. Екіншіден – сенің ол мамандыққа деген құлшынысың, қабілетің болуы керек. Өйткені, кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап ететіндігін ұмытпаған жөн.

Иллюстрация: Freepik.com

Залға музыка әуенімен кіру.Амандасу.

 Тәрбиеші: Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Себебі біз «Мамандығым мақтанышым» атты елге саяхатқа барамыз.Саяхат кезінде бізбен бірге алғашқы көмек көрсетуші дәрігер, жолда жүру тәртібін реттеуші тәртіп сақшысы  бізбен бірге барады.Барар жолда әр түрлі жол қилысынан өтеміз. Сондықтан алдымен жолда жүру ережесін еске түсіріп алайық.

  Балалар:    Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергің жасқанба.
Тәрбиеші: Тағы қандай жол ережесі туралы тақпақ білеміз?
 Балалар. Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта, Сақтан,Жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Тәрбиеші:Жол тәртібін біледі екенбіз.Енді жолға шығуға болады екен.
(сол кезде аю келеді беті көзі іскен, қолы жарақат)
Музыка ойнау (аюдың жүрісімен)

Райымбек:Қараңыз мына сұмдықты,
Маймаққа не болған?

Ақмерей: Маймағым не болды,
Жасырмай айтшы өзің?
Неліктен көкпеңбек
Ісінген бас-көзің?

Аружан:    Машинаға жармасып,
Құладым көк тасқа,
Қолымды ауыртып
Тап болдым азапқа.
Тәрбиеші: Кәне, балалар қарап тұрмай маймаққа алғашқы көмек көрсетейік.
(қолын таңып береді). Маймағым сен жол тәртібін бұзыпсың.Енді ондай бұзық болма. Қазір біздің балалармен бірге серуенге жүр.
Аю: Жарайды.

Шыңғыс: (Милиция) :Бұзылды жол жүру тәртібі,
Алдымен оңға,
Соннан соң солға
Қараңдар жолға,
Жоқ болса көлік өтіңдер сонда.
    Тәрбиеші: Кәне, енді жолдан өтуге дайындалайық.Біз келесі сапарымызда бүгінгі күннің ауа-райы туралы біле кетейік. Ол үшін ауа-райын бақылау орталығына барамыз.

Тәрбиеші: Біз ауа-райын бақылау орталығында тұрмыз ба?
Балалар:Саламатсызба?
Метролог:(өзін таныстырады) Мен ауа-райын бақылаушы метрологпын.
Сіздерге жол болсын! Қандай шаруамен келдіңдер?
Арайлым:Бізге бүгінгі күннің ауа-райын айтып берсеңіз.
Метролог: Бүгін Ақтөбеде күн бұлттанып, аздаған қар аралас жаңбыр жауады.
Балалар. Рахмет!

Тәрбиеші: Күндіз-түні ол сонда,
Бізге қызмет етеді.
Ауа райын хабарлап,
Бізге айтып береді.
Ол кім екен?
Балалар. Метролог.

Тәрбиеші: Ендеше балалар метролог апайды өзімізбен бірге серуенге шақырайық.
Балалар.Жарайды.

Тәрбиеші: Бізге жолдан тау-тас, түрлі жәндіктер кездесіп қалса тастан басып, жәндіктерден аттап кетуіміз керек.Біз енді орманға барып демалып, саяхаттап қайтайық. (келе жатқанда құстардың үні, судың аққан дыбысы т/б естіледі)

Тәрбиеші: Міне, орманға келдік.Орман іші қандай тамаша!Кәне біз нелерді көріп тұрмыз?
Балалар: Аңдар, құстар, артүрлі ағаштар.

Тәрбиеші: Ендеше кім аңдар , құстар туралы тақпақ,жұмбақ біледі екен?
Бала:Тақпақтар,жұмбақтар  айту.

Димаш. Күте білсең аялап,
Ағаш болар сая бақ.
Содан рахат көресің,
Саясында саялап.
Бейбарыс: Орманда тұрады,и өзі қу
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
Арайлым:Бұтадан-бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң. (тиін)
Ақшағала: Шана жегетін,
Коньки тебетін.
Қармен ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың (қыс)

Тәрбиеші: Балалар,Осы орманды қорғайтын, құстарға қамқорлық жасайтын адамдар болады.Сол адамның кім екенін білгілерің келеме?
Балалар: Білгіміз келеді.
Тәрбиеші:   Сергек ол үнемі,
Сарп етіп бар күшін.
Түгендеп жүреді,
Орманның аң-құсын
Ол кім?
Балалар: Орманшы. (Сол кезде атқа мініп орманшы келсе)
Орманшы: Сәламатсыздар ма?
Тәрбиеші: Орманшы ағай құр келмеген тәрізді.Қанжығасы құр емес қоржынында  бізге әкелгені бар сияқты.
Тәрбиеші: Орманшы атай сіздің қоржында не барын балалар білгісі келеді.
Орманшы.Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шылды. (күн)
Орманшы: Балалар, бұның бәрін не дейміз?
Балалар: Табиғат дейміз.
Тәрбиеші: Бізбен бірге болыңыз.(музыка ойнайды. Жыламсырап қарға келеді
Тәрбиеші. Ой, қарға дос саған не болған?
Қарға: Мен табиғат дегенді түсінбей жүрмін.
Тәрбиеші: Соған бола қапаланба.Оны біздің балалар айтып береді.
Бізбен бірге ойынға қатыс бәрін де үйренесің.
Ойын: «Ғажайып үйлер» (екі үйге суреттерді топтастыру)
Жасыл үйге тірі табиғатты, Қоңыр үйге өлі табиғатты.

Тәрбиеші: Ал қарға дос сен не білесің? (Сергіту жасатады)
Бұғының үлкен үйі бар.
Терезеден қарайды ол.
Қоян секіріп келеді,
Бұғының үйін көреді.
Тук-тук-тук достым есік аш,
Ана орманда аңшы қаш.
Қоян-қоян келе ғой,
Маған қолыңды бере ғой.
Қарға: Мен бәрін де үйрендім. Рахмет!
Тәрбиеші Бізбен бірге болыңыз.
Қарға .Жарайды.
Тәрбиеші.Біз енді балалар топқа жиналайық.Жолдан құрылас алаңына соғамыз.(Құрылыс алаңына бару, күшік жалғыз өзі үй салып жатады)
Күшік: Саламатсыдар ма?
Балалар: Саламатысыздарма? не істеп жатырсыз?Жалғыз өзім үй сала алмай жатырмын.
Тәрбиеші:Балалар біз не істеуіміз керек?
Бала. Біз көмектесейік.
Тәрбиеші:Біздің құрылысшы балалар еді ғой, кәне көмек берейік.(Мәди, Альтайр, Мадина, Дильназ,)
Күшік .Мен сендерге әдемі күректерімді сыйға берейін.(Осы төрт балаға береді)

    Тәрбиеші:Балалар, біз қазір мамандық иелері көрмесіне барамыз. Бізді онда Лиза апай күтіп отыр. (әр түрлі мамандық иесінің суреттері бойынша сөйлету!
Медина.    Біздің гүл бақшада
Бар әсем асхана.
Бар онда аспазшы
Ақ көңіл жақсы апа.

Дильназ:  Бұл дәрігер-дәрігер
Ауруды емдеп жа
Біз ауырсақ әбігер
Болады да қалады.

Альтайр: Ұланымын даланың
Ұланымын бабаның
Есейгенде мен ертең
Теміржолшы боламын.

Жібек:     Тасқа бедер саламын,
Егеп қырнап жонамын.
Шеберлігі шыңдалған
Мен мүсінші боламын.

Мәди:      Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын.
Ақтөбеден аумайты
Әсем қала саламын.

Тәрбиеші:  Қортынды сұрақтар.

-бүгінгі ойын саяхат ұнады ма?
-Кімдер туралы тақпақ айттық?
-Кімге алғашқы көмек көрсеттік?
-Қандай мамандық иелерімен таныстық?
-метролог, милиция, орманшы, құрлысшы дәрігер, шаштараз, өрт сөндіруші тб.

Тәрбиеші: Мен сендерге өскенде осындай әр мамандық иесі болуға тілектеспін.
Келген қонақтармен қоштасайық.

Басқа материалдар:

  1. Перспективалық жоспар (Балабақша жоспары)
  2. «Қош бол, бөбекжай!» (сценарий)
  3. Жолың болсын, балдырған! (балабақшамен қоштасу сценариі)
  4. Вагон сүйреген паровоз. Балабақшадағы ашық сабақ
  5. Балабақшадағы жігіт сұлтанының сценарийі
  6. Рәміздер туралы тәрбие сағаты (Балабақша)
  7. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  8. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  9. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  10. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  11. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  12. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  13. «Төрт түлігім – ырысым» (балабақша жоспары)

«Менің мамандығым» атты студенттемен кездесу кеші.
Кешке қатысушы көрермендер:
— 9-11-сынып оқушылары
— Студенттер
— Ұстаздар
Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.
Пікір айтушы студенттермен таныстыру
«Менің мамандығым» атты студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы:
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Менің мамандығым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

3. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
ІҮ. Қорытындылау:
2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Бекітемін

Жосалы орта мектеп- бала/бақшасының директоры_____ Биисова Г.И.

«__» ______ 2015ж.

Мамандық таңдауға беру мақсатында

«Менің мамандығым-бұл менің таңдауым!»

тақырыбында кездесу кеші

Орындаған: Сейілхан А.Н

2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің мамандығым-бұл менің таңдауым!

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

Кеш барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Жосалы орта метеп бала-бақшасында ұйымдастырылып отырған «Менің мамандығым-бұл менің таңдауым» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Здраствуйте дорогие гости, ученики и учетелья!

Сегодня мы с вами поговорим о профессиях.

Что такое профессия?

— Профессия — трудовая деятельность, требующая определенной подготовки, то есть, чтобы приобрести профессию, нужно специально учиться либо в колледже, либо в институте, либо в университете и т. д. Все вы прекрасно знаете, что каждый человек должен трудиться, так как без труда нельзя прожить. Труд был, есть и будет основой жизни на земле.

1жүргізуші:

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз –деп атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл — кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Бүгін бізде қонақта әр мамандықтың майталмандары деп айтсақ та артық болмас. Сонымен құрметті қонақтар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

2 жүргізуші: Дорогие гости представитесь пожалуйста и познакомьтеинас со своей профессей.

1 жүргізуші: Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған.

Мамандықтың жаманы жоқ. Десекте мамандықты қалай таңдауға болады?

Экранға назар аударыңызздар!

2 жүргізуші: Да, профессий век не счесть.

Присмотреться время есть,

Кем же вы хотите стать?

Любопытно всем узнать

(оқушылардың қонақтарға сұрақтары)

Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан — жақты дайындалмағандықпа? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

(:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::)

Алдарыңызда берілген плакаттарға мамандықтарыңызға жарнама жасасаңыздар!

БАРКЫ (рыбак)

ЖИРНЕНЕ (инженер)

ЯВШЕ (швея)

ЬЕВИТОЛД (водитель)

ПРАВОВ (повар)

РТОМАС (матрос)

ЩАКНЕМКИ (каменщик)

«Пословицы и поговорки»

(На столе разложены пословицы и поговорки, но начало и конец пословиц перепутаны. Детям необходимо правильно собрать пословицы и поговорки.)

Человек живет век, а доброе дело два.

Славен человек не словами, славен делами.

Любишь кататься, люби и саночки возить.

Без труда не вытащить и рыбку из пруда.

Хвались не тем, что можешь сделать, а тем, что уже сделал.

Кто любит трудиться, тому без дела не сидится.

Люби дело — мастером будешь.

Землю красит солнце, а человека труд.

Кто любит труд, того люди чтут.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Халық нақылы

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша бейнеролик.
6. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Қонақтарға сый.
9. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жалелов Абылай Армияұлына сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.

2. Қонақтармен таныстыру.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының менеджері — Ернарова Ақнұр Ернарқызы.
Мектеп инспекторы – Маканов Медет Капатаевич.
Инженер-энергетик, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Акедилова Асель Куанышевна.
Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенті – Мухаммединов Темірлан Ержанұлы.
ТОО «Azia Oil» электрик – Тулепбергенов Тайыр Мирзабаевич.

3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:

4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?

3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?

6. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан мектеп түлектерінің мамандық таңдауына жол сілтейтін қандай шаралар атқарылуда. Біле отырайық.

7. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?

5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

7. Статистика бойынша бейнеролик.

8. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
9. Қонақтарға сый.

Муханбетжанова Н.Р. — психолог
Акедилова К.К. — психолог
Ә.Бөкейхан ат. №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Маманды? иелерімен кездесу кеші сценарий
  • Мамандармен кездесу кеші сценарий
  • Маляр профессиональный праздник
  • Мальчишник сценарий конкурсы
  • Мальчишки против девчонок сценарий