Ма?та ?ыз бен мысы? ертегісі сценарий

Ерте,ерте,ертеде Мақта қыз бен мысық болыпты. Мысық бір күні мейіз тауып алады.

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»ертегісі
Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту, қызығушылықтарын арттыру.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Балаларды ертегінің басты кейіпкерлерімен таныстыра отырып, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға мәнісін түсініп айта білуге үйрету.
Ертегідегі кейіпкерлердің рет — ретімен шатастырмай айтуға үйрету.
Ертегіні тыңдауларына, зейін қоюларына үлкен мән беру.
Әр кейіпкерлердің мінез — құлығын толық жеткізе білулеріне яғни интонация мен мимика арқылы үйрету.
Көрнекіліктер: слайд, үнтаспа, кейіпкерлер суреттері.
Әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндіру, оқу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт:
Ерте, ерте, ерте де,
Ешкі жүні бөртеде…
«Ертегі» деген ханым бопты
Балаларды жақсы көріпті,
Сиқырлы ертегілері көп бопты,
Қане соны тыңдайық,
Ақылын тоқып алайық.

Негізгі кезең:
— Балалар, осы аналарымыз үй жинағанда менің ақылды оқушыларым сүйікті аналарына көмектеседі деп ойлаймын? Солай ма?
— Тамаша, олай болса бүгінгі ертегімізді біздің қазақтың аса көрнекті ағартушы — педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсарин атамыздың сіздерге, кішкентай достарына арнаған ертегісін тыңдайық:«Мақта қыз бен мысық».
Слайд арқылы ертегіні көрсету, дауысын өзгертіп отырып айтуды ұмытпау.
*1 бет
Ертеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығы болған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады. Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:
— Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! – деп.
Мысық күннің көзінде маужырап уйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруға ерінеді. Мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң, мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.
*2 бет
Ия, Мақта қыз, мені неге шақырдың? – дейді.
Мақта қыз:
— Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! – дейді
Мысық:
Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! – дейді
Мақта қыз:
Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! – дейді.
Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
*3 бет
Біраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.
Мақта қыз:
— Менің қатығымды төле! – дейді.
Мысық сиырға барады:
— Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
*4 бет
Мысық ағашқа барып:
— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, — дейді.
*5 бет
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, — дейді.
*6 бет
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, — дейді.
*7 бет
Мысық дүкенге барады:
— Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!- дейді
Дүкенші:
— Маған жұмыртқа бер, — дейді.
*8 бет
Мысық тауыққа барады:
— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді
Тауықтар:
— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, — дейді.
*9 бет
Мысық: “Енді не қыламын!” деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады:
— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар, — дейді.
— Тышқан қорыққаны соншалықты:
— — Үйімде бір табақ тары бар, — дейді.
Мысық:
— Маған бір уыс тары бер, — дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
*10 бет
Мысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды апарып қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды апарып ағашқа береді. Ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді. Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді
*11 бет
Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Ұйымдастырушылық – ізденушілік:
— Балалар, ертегі ұнады ма?
— Не туралы ертегі?
— Басты кейіпкері кім деп ойлайсыздар?
— Не себептен Мақта қыз мысығының құйрығын жұлып алды?
— Ал сендер Мақта қыздың орнында болсаңыздар қандай әрекет жасар едіңіздер?
— Мысық қатықты Мақта қызға қайтару үшін қандай іс — әрекетке барды?
— Кім — кімдерге барды рет — ретімен атайықшы?
— Қалай ойлайсыздар, мысық істеген ісіне өкінді ма?
Мақта қызға мысық құйрығын берген соң ең соңында не деу керек еді деп ойлайсыздар?
— Әрине, кешірім сұрауды ұмытып кетті деп ойлаймын.
— Ал енді балалар, осы ертегіні жалғастыруға болар ма еді? Қалай?
Мысалы:
«Мысық Мақта қызға қатығын қайтарып берген соң, кешірім сұрады, істеген ісіне ұялып, келешекте ондай жаман қылық жасамауға уәде береді. Қуанған Мақта қыз мысығын қатты құшақтап алып шын жүректен кешіргенін айтады. Содан кейін мысық та еңбекті бағалай екендігін түсінді және де екеуі сонан бері ешқашан ренжіспепті деседі»


Мақта қыз бен мысық (видео)

 Мақта қыз бен мысық (видео)

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
– Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
– Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады.
– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
– Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
– Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
– Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
– Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық:
– Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Мақта қыз бен мысық


  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • admin
  • 30.03.2018
  • 0
  • 1
  • 14932

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылы
«Алтын ұя» балабақшасы
Тәрбиеші Шоева Айжан Муратовна

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Ұйымдастыру оқу іс әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет. Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары, қайшы.

Сөздік жұмыс: Миіз, дән, мысық, ағаш, тыщқан, сиыр, тауық, жұмыртқа, жапырақ

Қостілділік:   

1. Жапырақ — листья
2. Жұмыртқа — яйцо
3. Сиыр — корова
4. Мысық — кошка

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық жүргізу. Жылулық шеңберді ұйымдастыру. Балалармен шеңберде тұрып өлең жолдарын қайталап айту.
Қайырлы таң! (бастарын төменге қарату)
Қайырлы таң! (тәрбиешінің атын айту)
Қайырлы таң! (балалардың аттарын атап шығу)
Қайырлы таң!  Көк Аспан! (қолдарын жоғары көтеру)
Қайырлы таң! Барлық жақсылық өзімізге (қолды екі жаққа жазу)
Балалар, енді сендердің бір күн бойы көңіл-күйлеріңнің жақсы болуына тілектеспін.
Ал, балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын
-Қараңдаршы балалар бізге бүгін қонақтар келіпті, қане амандасайық. Балалар сабақты тақпақпен бастайық:

Жұмбақтар
1)  Тіршіліктің нәрі
     Тазалықтың әрі
                               (су)
2) Екі айнасы бар
    Екі найзасы бар
    Төрт жылтырмағы бар
    Бір шыбыртқасы бар
                             (сиыр)
3) Ағайынды бәрі
   Шықса-жасыл
   Шықса-сары
                             (жапырақ)

Сергіту сәті
Пеш үстінде мысық отыр
Аздап екі көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі кеп
Тісі оның қышып отыр

    
— Балалар, енді бүгінгі күн ерекше болғалы тұр, қане маған қараңдар.
Қандай ертегілерді білесіңдер? (жауап)
 «Мақта қыз бен мысық» ертегісін Ыбырай Алтынсарин атамыз жазған.
Тәрбиеші «Мақта қыз бен мысық» ертегісін
«Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық болыпты.
Екеуі дос болыпты…» — деп
дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп оқып береді.
Бүгін ертегіні оқып, түсініп, көріп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз.

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық дос болыпты.
Бір күні Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
—  Мияуым менің, қайдасың?
—  Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
—  Келмесең, келмей-ақ қой, өз обалың өзіңе, -деп(мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз – Азина
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кештеде,
Бетін жуған пысығым.
Піш-піш десем, келе ғой,
Айқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу!»-деп дыбыс бере ғой.

Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық-Жаннұр
Менің атам мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп – дейді.

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!(құйрығын кесіп алады)
Мысқы: Берші, құйрығымды.
Мақта қыз: Бермеймін, қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға барады.

Сиыр — Дамир
Менің атым сиыр
Өрісім алыс қиыр
Етім үшін
Сүтім үшін
Адамдар маған үйір

Ағаш – Елнар
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар — Динара, Мадина
Су – тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалық негізі,
Су деп және білгейсің – деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші – Анель
Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық – Әсельхан
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын,
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам – деп әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан – Аяулым
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін – деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
— Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: Мақта қызбен қосылып «Қошақаным» әнін айтып береді.
Әжей: Тышқан мысыққа рақмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмырқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді, қатықты Мақта қызға береді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын, — деп қатықты қызға береді.
Әжей: Мақта қыз, қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Балалардың менің ертегімді тыңдай отырып ертегісі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған әпкейлерге де рахмет. Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру. Оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып, әңгімелеп айтып беруге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойын  дұрыс жеткізу арқылы сөздік қорын дамыту. Балаларды еңбекке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ы. Алтынсарин портреті, ертегі желісі бойынша слайд, тақтадағы суреттер.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: ТРИЗ технологиясы, «Кубизм» әдісі, дидактикалық ойын.

Билингвальды компонент: мысық — кошка — саt ,сиыр- корова- cow, ағаш- дерево- tree , тауық -курица -chicken, тышқан -мышь –mouse.

 Шаттық шеңбер

Армысың,  ару күн!

Армысың, ашық аспан!

Армысың, мейірімді жер ана!

Қайырлы таң, баршаға!

Қонақтармен үш тілде амандасу.

 Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Бір жылда төрт мезгіл бар. Күз, қыс, көктем, жаз.

Қазір жалдың қай  мезгілі? Қыс мезгілі

Қыс мезгілі неше айға бөлінеді? Үш айға бөлінеді. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Қазір қандай ай? Қаңтар

Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Күн суық, жел, боран, аяз болады.

«Жақсы жаман» ойын мақсаты: дұрыс ойлау және дұрыс ойды қорытындылап сөйлеу.  Жауған қар. Жақсы мен жаман жағын салыстыру.

Балалар мына сиқырлы кітап арқылы білетін ертегілерімізді есімізге түсірейік. «Миға шабуыл жасау» сұрақ қою, слайд арқылы ертегіні еске түсіру.

Лақтарды не жап қойды? «Жеті лақ» ертегі

Не атадан да, әжеден де қашты? «Бауырсақ» ертегі

Кім үш аюға қонаққа келді? «Үш аю» ертегі

Әжесіне сүт пен бәліш апара жатып, қасқырға кездеседі? «Қызыл телпек»

Барлыға көкеністі тартып алады? «Шалқан» ертегі

Бүгін біз Ыбырай Алтынсарин аталарың жазған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып берейін. Слайд арқылы ертегі желісін көрсету.

Балалар мен сендерге қандай ертегі оқып бердім? «Мақта қыз бен мысық»

Бұл ертегіні кім жазды? Ы.Алтынсарин

 Д/ойын: «Мен жасырамын, сен тауып көр»

Шарты: Тақтаға «Мақта  қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері ілулі тұрады.  Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші бір кейіпкерді жасырып, қандай кейіпкерді жасырғанын  сұрайды.  Балалар табады, ойын жалғаса береді.    

Сергіту сәті: «Хоки поки»

Д/ойын:  «Карусель» сұрақ қою арқылы баланың тілін дамыту.

 «Кубизм»әдісі арқылы ұйымдастырылған  оқу қызметін қорытындылау.

 Мақта қыз қандай кейіпкер?

Мысықты сипатта.

Сиыр қандай жануар?

Ағаштың пайдасы қандай?

Қыздар не тасып жүр?

Дүкенші не сатады?

Тауық не береді?

Мақта қыз бен мысық

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:

— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз:

— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.

Мақта қыз:

— Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.

— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр:

— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш:

— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған:

— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.

— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші:

— Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.

— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар:

— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан:

— Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

— Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

 

Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады.
Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
(Мақта қыз жан — жағына қарайды. Ашуланады).
Мақта қыз: Келмесең, өз обалың өзіне.
(Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді).
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын.
Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.
(Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді).
Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын.
(Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады).
Мысық: Берші құйрығымды?
Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер.
(Мысық сиырға барады).
Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші.
Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.
(Мысық ағашқа барады).
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.
Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.
(Су әкеле жатқан қызға келеді).
Мысық: Маған суыңнан берші.
Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін.
(Мысық дүкенге барады).
Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.
Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін.
(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады).
Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші.
Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер.
(Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді).
Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын.
Тышқан: Үйімде бір қап тары бар.
(Тышқан қорқып тұрады).
Мысық: Маған бір уыс тары бер:
Тышқан: Мә — ә — ә — ә ала ғой.
Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған.
Тауық: Міне саған жұмыртқа.
(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді).
Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші.
Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су.
(Мысық суды ағаштың түбіне құяды).
Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым.
Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші.
Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал.
Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың, құйрығыңнан айырылдың.
Мысық: Ке — е — е — е — шірші, мяу — у — у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.
Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалды.

Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Ма?ал м?телдер туралы сценарий
  • Ма?ал м?телдер сайысы сценарий
  • Ма?ал м?тел сайысы сценарий балаба?шада
  • М?чет ачу тантанасы сценарий
  • М?хтар шаханов сценарий