Сабақтың тақырыбы: «Үздік математик»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы сұрақ — жауаптар, логикалық есептер, математикалық жұмбақтарды шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды өз білімдерін шыңдауға, білгендерін нақты дәлелдермен жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық сайыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру, практикалық тапсырмалар
Көрнекілігі: Карточкалар, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Армысыздар құрметті ұстаздар ,5 сынып оқушылары және сайыскерлер, көрермендер! Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 сынып оқушылары арасында «математика, информатика , физика апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Үздік математик» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Білімді оқушыларды халайық!
Қол соғып қарсы алыңдар!
Ал, енді бүгінгі ойынға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.(сайыскерлер сахнаға шығады сәлемдеседі )
5 «А» Сатыбалды Данияр
5 «Ә» Усен Гаухар
5 «Б» Әділғазыұлы Шәкен
5 «В» Сұлтан Мөлдір
5 «Г» Бөлеков Нұр –Адил
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіз
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіз! — дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
-
———————————————————-
-
———————————————————-
-
———————————————————-
Құрметті оқушылар сіздерге сәттілік. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысымызды әділ – қазылар ұпаймен жинап отыратын болады. Сайыста ұпайды көп жинаған оқушы «үздік математик» номинациясына ие болады.
Ең алдымен әр оқушы өздерін таныстырып өтсе.
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін оқушылар өздерін таныстырып, математика пәні несімен қызықты екенін де айта кетіңіз. Қазылар алқасының алдынан оқушылардан өз нөмірлерін таңдауды сұраймыз.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І бөлім – «Сұрақ — жауап» -деп аталады әр оқушыға 10 сұрақ қойылады. (5 — сыныптан өткен тақырып бойынша)
ІІ бөлім «тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады әр оқушы әділқазы алқасынан математикалық жұмбақтар алып соған жауап береді (ойлану уақыты 1 минут)
ІІІ бөлім «4 сурет 1 сөз» деп аталады слайдтан 4 суретке ортақ сөзді табу керек (ойлану уақыты 1 минут)
ІV бөлім логикалық тапсырма (ойлану уақыты 3 минут)
V бөлім практикалық жұмыс әр оқушы ұяшық таңдап, заттардың атын таңдайды ондағы заттарды алып практикалық тапсырма орындайды (орындау уақыты 5 минут)
І бөлімімізді бастаймыз.
1 – оқушының сұрақтары:
1. Квадраттың периметрінің формуласы неге тең? ( Р=4а тең)
2. 69 градус доғал бұрыш па?. (жоқ)
3. 41 жай санба? (иә)
4. Сектор дегеніміздің анықтамасы ? (екі радиуспен және олардың арасындағы доғамен шектелген дөңгелектің бір бөлігін сектор деп атаймыз )
5. аралас санын бұрыс бөлшекке айналдыр. ()
6. 360 минут дегеніміз неше сағат? (6 сағат)
7. Қандай бөлшекті дұрыс бөлшек деп атаймыз? (алымы бөлімінен кіші болатын бөлшектерді дұрыс бөлшек деп атаймыз)
8. Ширек дегеніміз? (Заттың бөлігі)
9. 12 неше бөлгіші бар ? оларды ата? (6 бөлгіші бар 1,2,3,4,6,12)
10. Қандай сандарды өзара жай сандар деп атаймыз? (1 ден өзге ортақ бөлгіші жоқ сандарды)
2 – оқушының сұрақтары.
1. Тіктөртбұрыштың периметрінің формуласы қалай (P=2(a+b))
2. 1 саны жай сан ба? (жоқ)
3. 3 санына бөлінгіштік белгісін айт. (цифрларының қосындысы 3 — ке бөлінетін сандар 3 –ке бөлінеді )
4. 72 градус сүйір бұрыш па?. (иә).
5. Шеңбердің радиусы дегеніміз ? (центрді шеңбердің бойындағы нүктемен қосатын кесіндіні айтамыз)
6. Жарты дегеніміз қандай бөлшекке тең? ()
7. Ең кіші жай сан? (2)
8. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир).
9. 16 –ның неше бөлгіші бар? Оларды ата? (5 бөлгіші бар , 1,2,4,8,16)
10. Құрама сан дегеніміз? (екіден көп бөлгіші бар сандар)
3 — оқушының сұрақтары.
1. Кесіндіні өлшейтін құрал ? (Сызғыш)
2. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді? (цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін сандар)
3. 56586 саны 5 ке бөлінеді ма?. (жоқ).
4. 179 градус доғал бұрыш па?. (иә)
5. Шеңбер дегеніміз не?. (бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиынтығы).
6. Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай? (жай бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға көбейтіп немесе бөлсе сол бөлшекке тең бөлшек шығады)
7. Аралас санның ережесі? (бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен құралған санды айтамыз)
8. Толық бұрыш неше градусқа тең? . (360 градус)
9. бұрыс бөлшегін аралас санға айналдыр? (9 )
10. Қандай сандарды егіз сандар дейміз? (айырмасы екіге тең қатар тұрған екі жай санды егіз сандар деп атаймыз)
4 — оқушының сұрақтары.
1. Қандай сандарды натурал сандар деп атаймыз? (санауға қолданылатын сандарды)
2. Шеңберді сызатын құрал (циркуль)
3. 36 саны жай сан (жоқ)
4. жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?(180)
5. 369 саны 9 ға бөлінеді ме? (иә)
6. Қандай бөлшекті бұрыс бөлшек деп атаймыз?(алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшекті)
7.Ең кіші бөлгіш сан? (1)
8. бұрыс бөлшегі координаталық кесіндіде қай натурал сандардың арасында орналасады? (3 мен 4)
9. қабырғасы 6 см шаршының ауданы неге тең? (36 )
10. Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? (қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамыз)
5- оқушының сұрақтары:
-
Санды өрнек дегеніміз не? (Сандардан , амал таңбаларынан қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен құралған өрнектер)
-
Жылдамдықты қалай табамыз? (Жүрілген жолды жүруге кеткен уақытқа бөлеміз)
-
5 пен 25 санына ең кіші ортақ еселік неше? (25)
-
бөлшегін қысқарт
-
105 саны 3 ке бөліне ма? (иә)
-
Диаметрі 8 см шеңбердің радиусы неше см ? (4 см)
-
Тік бұрыштың градустық өлшемі? (90)
-
Натурал санның 2 бөлінгіштік белгісі? (жұп сандар 2-ге бөлінеді)
-
3 пен 5 санының ең кіші ортақ еселігі неге тең? (15)
-
207 жай сан ба, құрама сан ба? (құрама сан)
Рахмет құрметті біздің қатысушылармыз. Әділ – қазылар ұпайымызды есептеп отырар. Ал біз болсақ сайысымызды жалғастырамыз. ІІ бөлімге кезек берейік. ІІ бөлім «тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады әр оқушы әділқазы алқасының алдынан математикалық жұмбақтар алып соған жауап береді (ойлану уақыты 1 минут)
1.Бірдей санды бірнеше рет, Өмірің сенің қызық,
Көбейтуден тұрады. Жолында жоқ түзу сызық,
Егер оны ықшамдасаң Басы да жоқ аяғы.
Қандай атау болады? /дәреже/ Бір айналым баяғы. /шеңбер/
2.Нәрселерді санағанда Нүктеден екі сәуледен
Керек бізге ауадай Құралған айтшы бұл не екен? /бұрыш/
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай /натурал сан/
3.Алды –артымыз шексізде Егіз туған қос жүйрік
Жете алмайсыз біздерге Жарыса шауып терлейді
Сәуле менен кесінді Бірін-бірі көрмейді
шыққан тегін білесін бе? /түзу/ Дамылсыз қанша шапса да
4.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Үлкен кіші сандарға
Ұзындығы жазылып тұр бойында /сызғыш/ Қандай таңба қояр едің
Ажыратқың келсе егер
Қане ойлан куәгер /теңсіздік/
5. Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Оң қазықты айналды. / циркуль /.
104 түйме
11 ине / есеп шот /
Келесі кезегіміз ІІІ бөлім «4 сурет бір сөз» деп аталады слайдтан 4 суретке ортақ сөзді табу керек (ойлану уақыты 1 минут) Ұяшық таңдаймыз сол ұяшықтан суретке қарап ортақ сөзді табамыз.
Сөздер : теңсіздік, қосынды, параллелепипед, бөлшек, шеңбер.
|
|
ІV бөлім : ІV бөлім логикалық тапсырма (ойлану уақыты 3 минут)
V бөлім практикалық жұмыс әр оқушы ұяшық таңдап, ондағы тапсырмаларды орындайды және заттар арқылы практикалық тапсырмамен көрсетіп дәлелдейді (орындау уақыты 5 минут)
-
5 алманы 6 балаға қалай тең бөліп беруге болады? (2 –ін 3 –ке 3 –ін 2-ге бөлсе тең бөлінеді)
-
Бір сіріңкенің орынын ауыстырып теңдікті тура қыл.
жауабы:
-
80 см лентадан ешқандай өлшеу құралысыз ұзындығы 50см лентаны қалай қиып алуға болады?
-
Дөңгелектен ешқандай өлшеу құралысыз 135 бұрышты қалай қиып алуға болады?
Жауабы: әуелі тең екіге бөлеміз 180 болады сосын оны тең етіп тағы бүктейміз содан бір бетін тағы екіге бүктесек 45 болады содан 90 +45 135 болады.
-
Қабырғасы 2см болатын бірдей шаршылар берілген осы шаршылардан сурет құра және оның ауданын тап .
Қорытынды :
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессін сен қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтуға
қазылар алқасының төрайымы: ——————— сөз береміз.
Марапаттау кезеңі: Бүгінгі сайысымызда өзінің тапқырлығымен, дарындылығымен қарсыластарын басып озып «үздік математик » атағына ие болған 5 « » сынып оқушысы ————————— шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарыңызды жеңістеріңізбен құттықтап, білімдеріңді шыңдай беріңіздер демекпін! Осымен 5 сыныптар арасында ұйымдастырылған «үздік математик » сайысымыз аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар!
Қызық екен. (Математикалық танымдық сайыс)10-сынып
Материал жайлы қысқаша түсінік:
қызық екен бағдарламасының желісі бойынша өткізілген математикалық сайыс жоспары. Сайыстың мақсаты математика пәнінің басқа пәндермен байланысын және өмірдегі қолданысын оқушыларға таныстыру.
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Қызық екен. (Математикалық танымдық сайыс)10-сынып
Абильдаева Айгул Колганатовна
Қызылорда облысы Арал қаласы №262 мектеп гимназия КММ математика пәні мұғалімі
29.03.2019
1672
5
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Цели: развивать и укреплять интерес к
математике, расширять математическую эрудицию,
сообразительность, любознательность, развитие
внимания, логическое мышление;
Воспитывать активность, самостоятельность,
уверенность в общении, стремление к преодолению
трудностей, коллективизм.
Место проведения: актовый зал.
Оформление зала. Математические газеты,
высказывания выдающихся математиков о
математике. В зале (около сцены) журнальный
столик – место для ведущих, экран,
мультимедийный проектор, ноутбук. В центре зала 3
стола (места для команд) и 3 магнитных доски, стол
(около болельщиков) – места для жюри.
“Запомни то, что Гаусс всем сказал.
“Наука математика — царица всех наук”
Не зря, поэтому он завещал
Творить в огне трудов и мук.
Подготовительный этап.
- Учащиеся 9-ых и 5-ых классов формируют 3 смешанные
команды (8 человек – 5 класс, 6 человек – 9 класс). - Выбирают капитана команды.
- Придумывают название команды и девиз.
Домашнее задание.
- Подобрать пословицы, в которых используется
числительное. - Учащиеся 9 класса должны познакомить учащихся 5
класса с великими математиками.
Ведущий:
Ребята! Математика пришла к людям из глубины
веков и продолжает служить нам и привлекать нас
своими знаниями и тайнами. Овладение математикой
зависит от любознательности, упорства и
трудолюбия. Г.Галилео сказал: “Без упорного
умственного труда никто не может далеко
продвинуться в математике. Но каждый, кому
знакома радость познания, кто увидел красоту
математики, не будет жалеть затраченных усилий”
Сегодня нам предстоит проверить, насколько
математика любима вами и как вы готовы к
математическому бою. Оценивать ваши ответы будет
компетентное жюри.
(Ведущий представляет членов жюри). В нашем
конкурсе принимают участие 3 команды. Капитанов
команд мы приглашаем на сцену для представления
своих команд.
1 конкурс “Математическая викторина” Слайды
5-13
Ведущий. В этом конкурсе предстоит
продемонстрировать логическое мышление,
сноровку, быстроту реакции. Конкурс заключается
в следующем. Читается вопрос, право ответа
предоставляется той команде, которая быстрее
подаст сигнал свистком, о готовности к ответу.
1. Что дороже: килограмм однокопеечных монет или
килограмм двухкопеечных? (Ответ: стоят одинаково)
2. Два отца и два сына съели за завтраком 3 яйца,
причем каждому из них досталось по целому яйцу.
Как это могло случиться? (Ответ: завтракали
только три человека: дед, его сын и внук)
3. В корзине 4 яблока. Разделите их между
четырьмя лицами так, чтобы каждое лицо получило
по яблоку и одно яблоко осталось бы в корзине.
(Ответ: это легко сделать, если одно лицо возьмет
свое яблоко вместе с корзиной.)
4. Пассажир такси ехал в село. По дороге он
встретил 5 грузовиков и 3 автомашины. Сколько
всего машин шло в село. (Ответ: одна машина –
такси).
5. 60 листов книги имеют толщину 1 см. Какова
толщина всех листов книги, если в ней 240 страниц?
(Ответ: толщина всех листов книги 2 см)
6. Ученику была предложена задача: “10 цыплятам
на 10 дней нужно 10 кг корма. Сколько корма нужно 100
цыплятам на 100 дней?” Он дал ответ “100 кг”. Почему
ответ неверен? (Ответ: за 100 дней цыплята
подрастут, и им потребуется больше корма)
7. Перед вами 6 стаканов. Первые три из них – с
водой. Как сделать, чтобы пустой стакан и стакан с
водой чередовались? Разрешается брать только
один стакан. (Ответ: взять второй стакан и вылить
в предпоследний (пустой) стакан. Второй стакан
поставить на место)
2 конкурс. Слайд 14-16
Ведущий.
Вот задача не для робких.
Вычитай, дели и множь,
Плюсы ставь, а также скобки!
Верим, к финишу придешь!
Каждой команде выдается одинаковое задание.
Используя скобки, знаки деления, вычитания,
сложения и умножения нужно составить верное
равенство. Время работы 5 минут, а за каждый
верный ответ -1 балл.
Задание | Ответ |
5 5 5 5 =3 | (5+5+5):5=3 |
5 5 5 5 =4 | (5·5-5):5=4 |
5 5 5 5 =5 | (5-5)·5+5=5 |
5 5 5 5 =6 | (5·5+5):5=6 |
5 5 5 5 =7 | (5+5):5+5=7 |
5 5 5 5 =26 | 5·5+5:5=26 |
5 5 5 5 =30 | (5:5+5)· 5=30 |
5 5 5 5 =50 | 5·5+5·5=50 |
5 5 5 5 =55 | (5+5) 5+5=55 |
5 5 5 5 =120 | 5·5·5-5=120 |
5 5 5 5 =130 | 5·5·5+5=130 |
5 5 5 5 =625 | 5·5·5·5=625 |
Задание для болельщиков. Слайд 17-26
Пока команды выполняют задание 2 конкурса,
болельщикам предлагаются математические задачи.
- В ящике 70 груш двух сортов. Сколько надо взять
груш не глядя, чтобы среди них оказалось две
груши одного сорта. (Ответ: три) - Длина бревна 5 аршин. В одну минуту от этого
бревна отпиливают по одному аршину. За сколько
минут будет распилено все бревно? (Ответ: 4 минуты) - В три окна выглянули 30 бабушек. В первое окно
выглянули семь бабушек, во второе окно в два раза
больше. Сколько бабушек выглянули в третье окно?
(Ответ: 9 бабушек) - Одно яйцо варят 4 минуты. Сколько минут нужно
варить 5 яиц? (Ответ: 4 минуты) - Двое играли в шахматы 2 часа. Сколько времени
играл каждый? (Ответ: 2 часа) - Какое число делится на все числа без остатка?
(Ответ: нуль) - Первый оборот вокруг Земли спутник совершает за
1 ч 40 мин, а второй — за 100 мин. Почему так
происходит? (Ответ: 1 ч 40 мин =1 00 мин) - Расшифруйте ребусы.
(Ответ: пистолет, шест, уголь)
3 конкурс. Эстафета “Устный счет”
Команды выстраиваются в колонну по одному,
впереди учащиеся пятых классов. Учащиеся по
очереди друг за другом устно решают предложенные
примеры и записывают только ответы. Оценивается
скорость, количество, правильность.
4 конкурс. Танграм. Слайд 27-30
Ведущий.
“Танграм” древняя китайская головоломка,
возникшая 4 тыс. лет назад. В Китае ее называют
“чи тао ту”, т.е. умственная головоломка из семи
частей
Юные математики! Ваша задача составить из семи
частей квадрата фигуры.
5 конкурс. Слайд 31-32
На магнитные доски около каждой команды
вывешивается квадрат.
Ведущий. Ребята! Перед вами плакат с
квадратом, который разделен на 9 клеток. В двух из
них поставлены красная и синяя точки.
Расположите в каждой из пустых клеток квадрата
по одной из точек либо красного, либо синего, либо
зеленого цвета, но так, чтобы в каждом столбце и
каждой строчке были точки разного цвета.
Ответ.
6 конкурс. Конкурс знатоков. Слайд 21-49
В конкурсе принимают участие по 4 представителя
от каждой команды (2 ученика 5 класса и 2 ученика 9
класса). Конкурс состоит из двух частей.
Первая часть.
Знатоки поговорок и пословиц (по 2 человека)
Ребятам предлагается вспомнить и назвать
пословицы и поговорки, в которых используются
числа.
Вторая часть.
Знание великих математиков (по 2 человека)
Участники конкурса имеют право 2 раза обращаться
за помощью своей команды.
I. Расшифруйте ребусы, в которых зашифрованы
фамилии великих математиков.
1. Ломоносов
2. Лобачевский
3. Фалес
4. Виет
5. Лейбниц
II. Кому принадлежат эти высказывания
- “Математика царица наук. Арифметика царица
математики”? (К.Гаусс) - “Нельзя быть математиком, не будучи то же время
и поэтом в душе”? (С.Ковалевская)
III. Все эти люди математики. Верно ли?
- Веерштрасс
- Пифагор
- И.А.Крылов (Ответ: нет, И.А.Крылов — писатель)
IV. Перечислите фамилии математиков. В какой
последовательности жили эти математики?
- Исаак Ньютон
- Архимед
- Леонард Эйлер
Ответ: Архимед (287-212 гг. до н.э), Исаак Ньютон
(1643-1727 гг.), Леонард Эйлер (1707-1783 гг.)
V. Перед вами портрет известного математика. Он
жил в Александрии и расцвет его деятельности
приходится на время царствования в Египте
Птолемея I Сотера. Известно также, что математик
был моложе учеников Платона (427—347 до н. э.), но
старше Архимеда (ок. 287—212 до н.э.). С его именем
связывают становление александрийской
математики (геометрической алгебры) как науки.
Автор книги “Начало”. О ком идет речь?
Подведение итогов, награждение
победителей.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Тәлімдік.
Көрнекілік:Интерактивті тақта.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін өткізіліп отырған 9 – сынып пен 10 – сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 9 –сынып оқушыларынан құралған «Архимед» тобын және
10 – сынып оқушыларынан құралған «Пифагор» топтарын шақырамыз.
Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II. «Зерделілер» сайысы
III. «Кім көп біледі?» (сұрақтарға жауап беру)
IY. Формулаларды білесің бе?
Y. Жұмбақтар сайысы
YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
I.Топтардың таныстыруы.
«Архимед»тобы:
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».
Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін
Мазмұннан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез — ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын.
Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа біз түсейік
Жанкүйерлер қолдасын.
Тәртіп болсын арада,
Тыныштықты сақтайық,
Көңілденіп баршамыз,
Үйімізге тарқайық.
«Пифагор» тобы:
Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске».
Сәлемдесуі: Ақыл – оймен кеңескен,
Күштілермен күрескен.
Біз Пифагор тобы
Жеңілмейміз күрестен.
Қойылған сұрақ – есепке
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты біз өткізбей
Лезде шешіп берейік.
Математика сырларын
Білсек достым заңдарын.
Формула мен заңдарын
Ойға жаттап берейік.
Ұтсақ та,егер ұтылса
Ренжулер болмасын.
Жіберілген қателік
Екінші рет болмасын.
II. «Зерделілер» сайысы
Топ екі математик жайлы қысқаша баяндап береді.
III. «Кім көп біледі?»
«Архимед» тобының сұрақтары:
Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
Вектор дегеніміз? (Бағытталған кесінді)
ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
Сандар тізбегін неше тәсілмен шешуге болады? (4)
Шексіз кемел геометриялық прогрессия дегеніміз? (Еселігі [q<1]болатын геометриялық прогрессия)
Қозғалыс дегеніміз не? (Жазықтықтағы нүктелер жұбының ара қашықтығын сақтайтын түрлердіру)
x 2 + y 2 = R 2 функциясының графигі (шеңбер)
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей – ақ қойсын» сөзінің авторы? (Платон)
«Пифагор» тобының сұрақтары:
Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (Айқас түзулер)
Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р.Декарт)
Жарты түзудің басқаша атауы? (Сәуле)
3 пен 4-тің арасына қандай таңба қойғанда, 3-тен кем 4-тен артық сан шығады? (үтір)
Конус дегеніміз? (Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірінен айналдырғанда пайда болатын геометриялық денені айтамыз)
y = sin x функциясының графигі? (Синусоида)
y = tg x қандай функция? (тақ,периодты)
Тригонометриялық теңдеу дегеніміз? (Айнымалысы функция таңбасының ішінде болатын теңдеу)
Функция дегеніміз? (Х жиынындағы х — тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық)
«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)
IY. Формулаларды білесің бе? (әр командаға 5 формуладан)
«Архимед» тобына:
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы?
Синустар теоремасы .
Екі вектордың скаляр көбейтіндісі?
Квадраттың ауданы?
«Пифагор» тобына:
Тік бұрышты параллелипипедтің көлемі?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы?
sin α – sin β айырымын көбейтіндіге түрлендір?
Косинустар теоремасы?
sin х = а теңдеуінің жалпы шешімі.
Y. Жұмбақтар сайысы
Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.
(Бөлшек сан)
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі
(Кесінді)
Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?
(Бұрыш)
Айналған шешу құралынан
Төрт саны араласқан құрамына
Теңдеудің түбірі нешеу деген
Қандай сан жауап берет сұрағыңа.
(Дискриминант)
Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.
(Параллель тузулер)
Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады
(Дәреже)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан – жағыңа қарамай
(Натурал сан)
Күшіне мінген бір мықты
Жығып салып сегізді
(Шексіздік)
Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)
Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген
(12 ай, 1 жылда 52 апта, 1 аптада 7 күн)
YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
«Архимед» тобына :
Шеңбер, шеңбер доп емес.
Доп сияқты, доп емес.
Доп, доп, доп сен оны
Ойлама шеңбер ол емес.
Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрттік алма төрттік алғандікі.
Бестік алған бес түп алма алмайды.
Төрттік алған төрт түп алма алмайды.
«Пифагор» тобына
Рационал сан, иррационал сан,
Иррационал сан, рационал сан.
Біріккен сан болған соң
Нақты сан деп аталған сан.
Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең, тең бұрыш тұтас бұрыш.
Тұтас бұрыш тұстас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.
Қорытынды.
Сайыста көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
2011 жыл келді төрімізге,
Жаңа ғасыр басталды елімізде.
Жаңа ғасыр, жаңа күн, жаңа бақыт.
Бәріміздің тек қана үйімізде.
Көңіл бөліп бұл кеште,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет!!!
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту. Математика, физика ғылымдары үлкен, әрі қызықты екенін ұғындыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту, шапшаң ойланып, ойын жинақты жеткізуге тәрбиелеу. Ғылыми ізденістерін кеңейту.
Түрі: Сайыс
Жоспары:
І. Табалдырық
ІІ Әудем жер
ІІІ. Қозы көш
ІҮ. Беласар
Жүру барысы:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Танылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқып жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Құрметті қауым «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер, бүгінгі математика, физика пәндері бойынша меңгерген білімдерін жүйелеу, ауызша, жазбаша қабылеттерін ойын арқылы жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Озық ойлы оқушы» білімдік сайысымызға қош келдіңіздер!
Өз білімі мен зердесіне сенген оқушыларымызға сайысымыздың барысын таныстырамыз.
І бөлім: «Табалдырық» әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз.
ІІ бөлім: «Әудем жер» (әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады.
ІІІ бөлім: «Қозы көш» (Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді.)
Бұл бөлімнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
Көрермендермен сайыс жүргізіледі.
ІҮ бөлім: «Беласар» (Логикалық есептер беріледі)
Бұл сайысты көптен бері біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз, біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келед кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз! – деп бүгінгі сайысқа қатысқалы келген сайыскерлерімізге кезек береміз.
І бөлім: «Табалдырық» әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз:
1.Төлеубаева Мадина «Қаржы» 69.12 тобының студенті
2. Жәнібек Нұрсейіт «Ақпараттық жүйелер» 59.12 тобының студенті
3. Бердіғалиева Ботагөз «Қаржы» 69.11 тобының студенті
4. Сарсенғалиева Жанар «Қаржы» 69.11 тобының студенті
5. Құттымұратова Ақиіс «Ақпараттық жүйелер» 59.11 тобының студенті
6. Алпамысов Ельдар «Техник-программист» 49.11 тобының студенті
7. Исатайқызы Нұрила «Техник-программист» 49.11 тобының студенті
8. Мұратқанов Бақытжан «Техник-программист» 49.13 тобының студенті
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып әділқазы
Еңбегін Тапқырлардың әділ сына
Әділ қазы, ақ қағазға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
Жарысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын, ептілігін т.б қасиеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.___________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________________
6.___________________________________________________________________________
7.___________________________________________________________________________
8.___________________________________________________________________________
ІІ бөлім: «Әудем жер» әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады. Сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады. Дұрыс әр жауап 1 баллмен есептелінеді
1-сайыскерге
1. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процессі (еру)
2. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
3. Тік төртбұрыштың параметірі (төрт қабырғасының қосындысы)
4. Ток күші неге тең? ( I= g/t)
5. 12 санының екі дәрежесі? (144)
6. 10 сантиметрде неше метр бар? (1000 м)
7. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
8. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)
9. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)
10. cos450 мәні? ( )
2- сайыскерге
1. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)
2. Шаршының қабырғасы 4 см. Шаршының ауданын табыңыз? (16)
3. Мұз кесегін 00С қарға салса ерейме? (ерімейді)
4. Үшбұрыштың пиреметрі? (Үшбұрыштың үш қабырғасының қосындысына тең)
5. Оқ ататын құралдар жылу құралына жата ма? (жатады)
6. Юбка тәрізді фигура? (Трапеция)
7. Адамның температурасын қандай құралмен өлшейді? (градусник)
8. Егер кеседен суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа)
9. Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрияның саласы? (планеметрия)
10. 13 санының квадраты? (169)
3-сайыскерге
1. Ток күшінің белгіленуі? (І )
2. бөлшегенің мағынасы? (жарты)
3. Еркін түсу үдеуінің тұрақты мәні? (9,8 м/с)
4. 121 санының түбірі? (11)
5. Ток күшін өлшейтін құрал? (амперметр)
6. 220 санының 5 проценті нешеге тең? (11)
7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)
8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см ауданын есепте? (24 см2)
9. 81*3 нешеге тең ? (243)
10.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (суы толық ыдысқа)
4-сайыскерге
1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
2. а2 – в2 өрнегінің жіктелуі ? (а — в)(а + в)
3. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы)
4. ах2 + вх + с = 0 теңдеуінің атауы? (квадрат теңдеу)
5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі? (Дж/кг 0С)
6. Дискриминант шарттары? (D>0екі түбір, D=0 бір түбір, D<0 түбірі жоқ)
7. Атомның қабықшасын құрайтын бөлшек? (Электрон)
8. 900 жасап қиылысатын түзулер қалай аталады? (перпендикулярь түзулер)
9. Сұйықтың тек үстінгі ғана бетінен емес сонымен бірге оның ішінде көпіршіктерінің пайда болып қарқынды жүретін процесс қалай аталады? (қайнау)
10. жұп сандарды қалай анықтауға болады? (екіге қалдықсыз бөлінетін сандар)
5-сайыскерге
1. х – 2 =0 теңдеуінің түбірі (2)
2. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
3. теңдеуінде х нешеге тең? (450)
4. Тұзды суға жұмыртқа батама? (Жоқ)
5. 1 жұмыртқа 5 минутта қайнаса 25 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (5 минутта)
6. Аттас зарядтар бір бірімен тартылады ма? (Жоқ)
7. 1 тонна мақта жеңіл ме, 1 тонна темір жеңіл ме? (тең)
8. Заттың ұсақ ең бөлшегі? (атом)
9. 10 тауықта неше аяқ бар? (20)
10. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (атмосфера)
6-сайыскерге
1. Қолымызда он саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (100)
2. Заттың үш күйін ата? (сұйық, қатты, бу)
3. у = kx + b функциясының атауы? (сызықты функция)
4. Амперметр қандай құрал? (Ток күшін өлшейтін құрал)
5. y = x2 функциясының графигі? (парабола)
6. Дененің массасын анықтайтын құрал? (таразы)
7. «Эврика» кімнің сөзі? (Архимед)
8. Тригонометриялық функцияларды ата? (синус, косинус, тангенс, котангенс)
9. натурал жиыны латынның қандай әріпімен беріледі? (үлкен (эн) N)
10. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал? (психрометр)
7-сайыскерге
1. Электр заряды жоқ бөлшек? (Нейтрон)
2. төрт қойда неше аяқ? (16)
3. Ток күші қандай шама? (Скалярлық)
4. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Өзінің жартысына)
5. Ньютонның екінші заңының формуласы? (F= ma)
6. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы)
7. Шаршының ауданы? (S = a2)
8. 1 см -де 10 мм бар, 20 см-де неше мм бар? (200 мм)
9. Формулада тығыздықты,массаны, көлемді қандай әріптермен белгілейді? ( p, m, v)
10. 60 парақты кітаптың қалыңдығы 1 см,120 бетті кітаптың қалыңдығы неше см болады? (1 см)
8-сайыскерге
1. Дененің массасын қандай тәсілмен анықтауға болады? (таразыға тартып)
2. Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3-ке де, 37-ге де бөлінетін санды ата? (111,3*37=111)
3. Ток көздерінде неше польюс болады және олар қалай аталады? (екі: оң және теріс)
4. Тік бұрышты координаталар жүйесінде х2 +у2 =25 теңдеуімен анықталатын сызық.?(Шеңбер)
5. Лақтырылған тас ненің әсерінен жерге түседі? (Ауырлық күшінің)
6. у= х функциясының анықталу аймағы? (барлық нақты сандар жиыны)
7. Күштің формуласы? (F= mg)
8. 18 саны 15-тің неше проценті ? (120 %)
9. Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс? (қызыл)
10. Аулада 3 тауық пен 1 ит бар. Аулада барлығы неше аяқ бар? (10)
Сайыскерлеріміздің ұпай сандарын анықтаймыз.
ІІІ бөлім: «Қозы көш» Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді. Тандалған сан дұрыс жауап берген жағдайда ұпай саны ретінде саналады. Сайыскер сұрақтың жауабын білмеген жағдай да, қарсыластары жауап беріп, ұпай сандарын иемденуге болады. Санды таңдайтын ұпайы аз сайыскер.
10 20 30 40
Жасыл 10 — Қатты жолға қарағанда неге құмды жолмен жүру қиын? (Қатты жолда күшті тек жүруге жұмсаймыз, ал құмды жерде аяғымыз құмға батып, ондағы үйкелісті жеңу үшін денедегі энергия жұмсалады. Энергияның артық жұмсалуы адамды шаршатады)
Жасыл 20 – Қолыңызға 30 см сым берілді сымнан құрастырылған тіктөртбұрыштың периметрінің ауданын тап. (периметр көпбұрыштың қабырғаларын бір түзудің бойындағы ұзындығы 30 см)
Жасыл 30 – Неге су отты өшіреді? (су буға айналып, оттың көп жылуын алады. бу отқа ауа жібермейді. Ал ауасыз от сөнеді)
Жасыл 40 – тарелкеге су құйылған. Оның ішінде тыйын салынған, сол тыйнды саусақтарыңыз суға малынбай алу керек. Сізге қағаз, стакан, сірінке берілген. (Қағазды өртеп стаканның ішіне саламыз да, тараелкеге тиыннан алшақ жерген төңкереміз, қағаз лезде сөнеді де, ауа қысымы тарылып, тарелкедегі суды стаканның ішіне тартады. Тиын құрғақ шығады.)
Қызыл 10 – Қардан жасаған ақ қалаға тон кигізссе еріп кетеме? (Жоқ ерімейді, себебі тон жылу бермейді)
Қызыл 20 – Винтті бұрғанда неге астына шайбы салынады? (тіреу ауданын ұлғайтып мықты бұрау үшін)
Қызыл 30 – температуралары әр түрлі, бірдей мөлшерде су бар екі ыдысқа бояу түйіршіктері салынды. Қай ыдыстағы судың салқын екендігін қол тигізбей анықтауға болады? (Жылы суға салынған бояу түйіршіктері тез еріп кетеді, ал салқын судан жай ерейді)
Қызыл 40 – Ортасы тілінген қағаздан адамды қалай өткізуге болады? Қайшыны пайдалануға болады (Тілік бойынша бүктеп оны шиыршықтай қиямыз. Қағазды жазған кезде шеңбер пайда болады сол шеңберден адам өтеді)
Көк 10 – Математика кішкентей қалашықта тоқтады да, шашын қысқартпақшы болады. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қиылмаған. Математика қай шеберге барады. (Екінші шаштараздағы шеберге барады)
Көк 20 – Баласынан әкесі 27 жас үлкен. Неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады? (мүмкін емес)
Көк 30 – Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кезде: «Сіздер бір-бірлеріңізге кімдер боласыздар?»-деген сұрағына қыз былай деп жауап береді: «Бұл кісінің шешесі, менің шешемнің енесі болады». Сонда олар бір-біріне кім болады? (Әке мен қыз)
Көк 40 – Төрт қайың қатар өсіп тұр, әрбір қайыңда 4-4 тен үлкен бұта бар, әр үлкен бұтақта 4-4 алма бар. Барлық алма саны қанша? (Бірле бір алма жоқ. Қайын ағашында алама өспейді)
Сары 10 – Қазақ халқы физиканы білген бе? Қандай мысал келтіресіз ( бесік тербелісі – маятник)
Сары 20 – Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (16 тесік)
Сары 30 — Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрайды. Сонда атасы «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6 тең болады». Сонда атасы нешеде? ((6+6)*6 = 72)
Сары 40 – Табаға бір салғанда 2 самса салуға болады. Самсаның бір жағының пісуіне 1 минут, екінші жағына 1 минут, барлығы 2 минут уақыт кетеді. Үш самсаны 3 минутта қалай пісіруге болады? (екі табаның көмегімен)
Сайыскерлердің ұпайларын санағанша ортаға Қадіржанов Ернияз домбыра
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 5 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 3 сайыскріміз бен қоштасуымызға тура келеді. Қол соғып қошеметтеп ойнымыздар шығарып салайық.
Келесі ІҮ бөлім: Беласар әр бетшеде жазылған логикалық есептерге 30 сикунт көлемінде ойлануға болады. Ұпай саны 5
1-бетшеде
Тышқан өз ініне жету үшін 20 адым жасау керек. Ал мысық тышқанның тұрған орнына жету үшін 5 рет секіру керек. Мысық 1 рет секіргенше тышқан 3 адым жасайды. Мысықтың бір секіру қашықтығына тышқанның 10 адымына тең. Екеуінің қозғалысы бір мезгілде басталса, мысық тышқанды қуып жете алама? (жете алмайды.)
2-бетшеде
Екі балықшыдан кәрзеңкелеріңізде неше балық бар деп сұрағанда біріншісі менің кәрзенкемдегі балық жолдасымның кәрзеңкесіндегі балықтың жартысына тағы да 10 балық қосқанға тең депті. Ал екіншісі менде жолдасымның барлық балығына 20 балық қосқанға тең депті. әрқайсысында қанша балық бар? (60, 40)
3 – бетшеде
Біздің үйде қалада
Түрлі түрлі маман бар.
Мен айтайын даралап
Сендер қане санаңдар.
Талай алғаш бәйгені
1 ақын бар әйгілі
2 ғалым-биолг
3 инженер-геолог
Білер жас та, кәрі де
4 тамаша дәрігер
5 белгілі артист бар
6 шафер таксист бар
Берер бізге көп тәлім
7 көрші мұғалім
Бізге киім тігетін
8 тәтей тігінші
3 зәулім үйлер салатын
9 маман құрлысшы
Жастар үлгі алатын
10 құрметті жұмысшы
Бәрін қосып санаңдар үйде неше маман бар? (55)
4- бетшеде
Бір сарайға қамалар
Тауық, түлкі табылар
Есеп шарты мынадай
Аяқпен бас саналар
Отыз аяқ жүр көп боп
Басы 9 бір топ боп
Көрмегенмен оларды
Айыруға болады
Түлкі нешеу қамалған
Тауық нешеу саналған? (3 тауық, 6 түлкі)
5- бетшеде
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
Балы ең төмен 1 студентпен қоштасамыз
Қалған студенттердітөмендегі номинациялар бойынша марапаттаймыз:
1.Бас жүлде «Озық ойлы оқушы»
2. 1 –орын
3. 2-орын
4. 3-орын
Ұпайлары анықталып жеңімпаздарды марапаттаймыз.
Дереккөз: matematik.kz
Басқа материалдар:
- «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
- Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
- «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
- «Білімді информатик» сайысы
- Жасанды интеллект деген не?
- Информатика пәніне қатысты глоссарий
- Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
- «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы