Мейірімді ж?рек сценарий

Мейірімді ж?рек(?ам?оршылар к?ні мерекесіне арнал?ан мерекелік іс- шара )Ма?саты: Баланы ?з отбасына т?рбиелеуге ал?ан отбасыларына, ?ам?оршы, ?ор?аншылар?а ал?

«Мейірімді жүрек»

(Қамқоршылар күні мерекесіне арналған мерекелік іс- шара )

Өтілетін орны: № орта мектебі

Мақсаты: Баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына, қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құрметтеу, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау.

І бөлім. Ашылуы: «Бипыл» биі

1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қамқоршы ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

2 жүргізуші: Бүгінгі «Мейірімді жүрек» атты қамқоршылардың аудандық слетіне қош

келдіңіздер!

1 жүргізуші: Өмір дәмі екі дәм: ащы-тәтті

Таңдайыңа тиеді жұмсақ – қатты

Жолыңда жолығатын екі тағдар

Күтеді адам үшін сын сағатты

2 жүргізуші: Өмір дәмі екі дәм: улы-усыз

Тірлік татып жатады шулы – шусыз

Кез келіп тағдырына келеді адам

Жұмыр жер құрылығында сулы-сусыз.

1 жүргізуші: Бөтен бала мен бөтен қайғы жоқ деп ойлайтын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларға қолдау көрсету, қуаныш сыйлау және құрметтеу мақсатындағы «Мейірімді жүрек» мерекесі республика көлемінде өткізіліп отыр.

2 жүргізуші: Құрметті балалар! Сені жан – тәніменмен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген қамқоршы ата-ананың көңілін қалдыратын іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты емессің. Өйткені, кімде-кім тәрбиелеп отырған ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Сондықтан қамқорлық көрсетіп отырған ата-ананың қадірін біліп, оларды ренжітпей, ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны деп біл.

1 жүргізуші: Бүгінгі мерекеге қатысушыларды құттықтау үшін сөз кезегі үнемі өзінің аналық мейірімі мен азаматтық қызметін көрсетіп жүрген мектеп директоры ——- беріледі.

(Қонақтарға сөз беру)

ІІ бөлім. (Слайд көрсетіледі. қамқоршылар туралы)

2 жүргізуші: Осынау заманда адал да ізгі ниетпен жасаған қайырымды іс – балаға жан жылуыңды беру, аялау, қуанту, өмірдегі өз орнын табуға көмек жасау. Алла тағала берген жүректі екі есеге ұлғайтып, оған бар мейірім мен адалдықты сыйғызу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Балам деп, жаным деп жатсынбай жүрген ата-аналарға сөз кезегін ұсынбақпыз.

Бар бойына жан жылуын жинаған!

Тағдыр оған әр тағдырды сыйлаған!

Әр тағдырдың амандығын тілеумен

Кең кеудесі қуанышқа сыймаған

Айналайын ақ апам

Ақыл айтар дана апам

Жақсы көрем өзіңді

Мұң шалмасын жүзіңді.

Өзіңнің ерке балаң бұл

Арнайды бүгін саған жыр

Жақсылық тілеп жаныма

Әрқашан апа аман жүр!

(Қамқоршы ата-аналардың құрметіне ән шашу)

Ән: «Асыл ана»

1 жүргізуші: Бүгінгі «Мейірімді жүрек» мерекесінің кішкентай қонақтары, мектебіміздің мақтаныштары:

Сіздер, мектебіміздің тамаша оқушыларысыздар. Отбасының мейірім шуағын сезініп, кәсіпкер ағалардың ыстық ілтипатына бөленіп жүрген еліміздің бақытты жеткіншектерісіздер. Сіздерге бүгін өз сыныптастарыңыз бен сынып жеткшілеріңіз де өз ықыластарын білдірмек.

(Әр сынып өз сыйлықтарын тапсырады)

2 жүргізуші: Құрметті кәсіпкер ағалар мен апалар! Сіздер қарлығаштың қанатымен су сепкен өз адамгершіліктеріңіз бен жылы жүректеріңізді паш еткен жандарсыздар! Қандай да жақсы істердің басында жүретін, жылағанды жұбатып, жабырқағанды демейтін сіздердей жаны жомарт ағаларымыз бен апаларымыз өз кәсіптерінен береке таба берсін демекпіз.

Жыл сайын осы мөлтек аудандағы балаларға демеуші болып келе жатқан кәсіпкер ағаларымыз бен апаларымызды:

Ән: «Әкешім -анашым»

ІІІ бөлім Қамқоршыларды марапаттау рәсімі. (Алғыс хат пен сыйлықтар тапсыру)

ІV бөлім. Қорытындылау.

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Мейірімді жүрек» мерекесіне қатысып, балаға берер жан жылуларыңыздың тағы бір бөлшегін беріп, бала жанының бағбандары екендеріңізді көрсеттіңіздер!

Ата — бабамыз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Сондықтан да

Бала жаны ауырып жыламасын,

Ата-ана бәйтерегі құламасын!

1 жүргізуші: О,қамқоршым,

Таянышым тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Туған жердің,

Жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым,

Міне, гүлімІ

Мен де гүлдей балаңмын.

2 жүргізуші: Құрметті бүгінгі мереке қонақтары! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, адалдық пен мейірімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, кешірімді болуға шын ықылас-пейілмен тәрбиелейтініңізге сенімді екенімізді білдіргіміз келеді.

Әр күніңіз сәтті болсын дей отырып, бүгінгі мерекеге қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.

«Бақытты балалық шақ» әнін қабыл алыңыздар.

Соңы.

«Мейірімді жүрек»

(Қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілер күніне арналған сценарий)

Мақсаты: қамқоршылардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту.

Қатысушылар: қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер,  әлеуметтік  педагог, психолог, мектеп инспекторы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, КТІЖ инспекторы.

Нақыл сөздер:

Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Оны өзіңнің жақсы көруіңмен тәрбиелеуге болады. (Ф.Э.Дзержинский)

Еркелетпе ұлыңды, бұзып жүрер жиынды. Еркелетпе қызыңды, барған жерде қиын-ды. (Халық мақалы)

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

Жоспары:

  1. Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі

2.Жүргізілген анкеталар қорытындысы

  1. Қамқоршыларға сөз
  2. Психологиялық тренингтер
  3. Директордың құттықтау сөзі

«Танысу» жаттығуы

Ойынның мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен таныстыру.

Барысы: Өз есіміңіздің бастапқы әріпінен келетін жағымды сөзбен есіміңізді қосып айтамыз. Мысалы: нұрлы Нұргүл, әсерлі Әсем, дарынды Дидар, т.б.

Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі:

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата-ананың ең маңызды міндеті.

Патронаттық тәрбиедегі балалардан алынған анкета:

  1. Ата-анаң сені жақсы көре ме?
  2. Сенімен тұратын адамдардың саған деген жүрек жылуы жеткілікті ме?
  3. Тәрбиешің саған туған баласындай қарай ма?
  4. Қиын ата-аналар дегенді қалай түсінесің?
  5. Жүрек жылуы дегенді қалай түсіндірер едің?
  6. Өзің тұратын үйіңдегі, жан — жағыңдағы туыс – туғандарыңның саған деген көз қарасы қандай?

Қамқоршылар және патронаттық тәрбиешілер өз ойларыңмен бөліседі.

Психологиялық ойындар мен тренингтер

“Кім екенін тап” ойыны

Әрбір ата-ана өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды — ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жүргізуші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

“Көпір” ойыны

Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан ойыншылар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Ойыншылар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.Ойыншылар ойынға белсенділікпен қатысулары сұралады.

“Көңіл-күйімізді жаттықтыру”ойыны

Бүгін мен сіздерді актер болуға үйретемін. Мен сіздерге нені көрсетіңіздер десем, соны бет-әлпеттеріңізбен (мимикамен) бейнелейсіздер.

  1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
  2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
  3. Жылап тұрған адамды көрсету;
  4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
  5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу

“Құпия сөз” тренинг

Жетекші ата-аналарға  арнап сұрақ даярлайды. Ата-аналарға  аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады.  Әрбір  ата-ана ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.

Баланы үнемі сыңай берсе, ол (жек көруді)

Бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол ( агрессивті болуға)

Баланы кемсіте берсе, ол ( кінәлі сезіммен өмір сүру)

Баланы шыдамды болуға өсірсе,ол ( басқаларды түсінуге)

Бала түсіністік пен достық та өмір сүрсе,ол ( бұл әлемнен сүйіспеншілікті табуға)

Түйін.  Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беру.

«Мадақтау және жазалау» тренинг

Қағазды екіге бөліп,бір жағына баланы мақтау,кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданылатын жазалау сөздерді жазыңыз.

Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, «Мадақтау және жазалау» деген тақырыпта сұрақ-жауап жүргізіледі.

Баланы жазалауға бола ма?

Қашан және қай уақытта?

Баланы мақтаумен бұзып алуға бола ма?

Баланы не үшін мақтауымыз керек?

Қорытынды:

Директордың құттықтау сөзі:

Құрметті ата-ана!

Сіздің өміріңіздің мәні –бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мейірімді жүрек»

Мақсаты: Адамның рухани- адамгершілік дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету.

Қамқорлық,кеңпейілділік түсініктерін кеңейту;

Балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін,жақсы қасиеттерін дамыту;

Керектіаақұралдар:слайд,пүнтаспа, бейнебаян, даналық сөздер, «жүректер».

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар бүгін «Өзін өзі тану» оқу іс-әрекетінде кездесіп отырмыз.Бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр.

Шаттық шеңбері:

Мейірімді жандар айнала

Шеңберге келсін жайлана

Жалықпастан қайта біз,

Махабат сөзін айтамыз

Сүйеміз барлық ананы

Жүрегім оттай жанады

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз

Бір бірімізге жылу сыйладық.Ал енді орнымызға отырайық.

Жағымды күйге келу: Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз. Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз

Дем ал…., шығар (9-10 рет қайталайды) Біз бүгінгі оқу қызметімізде де адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсыоокөреді. — Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?Әр адамның жүрегі мейірімді болу үшін не істеуіміз керек?

-Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Дәйек сөз:

 Бүгінгіоқу іс-қызметіміздің дәйек  сөзі: «Мейірімділікті –анадан үйрен» 

Мәтінмен жұмыс:«Сары тауық пен балапандары»М.Төрежанов

1.    Әңгіме не туралы?

2.    Сары тауық пен балапандар қайда қалды?

3.    Балапандар неге таласты?

1.    Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2.    Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3.    Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?Осы «Мейірімділікті анадан үйрен»деген бдәйек сөзден ен түйдіңдер?

Далида: Аяулы анам мейірімді,

Қадірлі әкем мейірімді,

Әлпештеген әжем мейірімді,

Жылы жүзді ұстазым мейірімді.

Ақжан: Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы,қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы,жолы кең.

Тәрбиеші:Жақсы,жарайсыңдар балалар!.Себебі ананың балаға деген сезімі шексіз.Ендеше балалар,түн ұйқысын төрт бөліп,мәпелеген,бар жақсыны алдымызға ұсынған анамыз аман болсын.

Сергіту сәті: «Шөп шөп шөжелерім» әуенімен балалар балапандар биін билеп береді. Әңгімелеу: Ал енді балалар, менің Сіздерге сыйлығым бар, қәне назарымызды экранға аударайық «Адамдардың мейірімділігі» (видео)

1.Жас бала құлап қалғанда өтіп бара жатқан адам не істеді?

2. Адамдар немен айналысып жүр?

3. Бұл видеода сендер не байқадыңдар?

4. Видеода қандай адамдар болды?

5. Олар бір-біріне қандай іс-әрекет жасап жүрді?

6.      Ал біз осылай жасаймыз ба? 

-Балалардың жауабы.

-Тәрбиеші: — Жақсы жарайсындар балалар.

Балалар,күнделікті өмір болғаннан кейін,түрлі жағдаяттар болып жатады.Ендеше осы жағдаяттардан сіздер қалай шыға білесіңдер,соны «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша суретке сәйкес сұрақтарға жауап берейік.

«Суреттен жұмыс»

Ол үшін екі топқа бөлінейік.

«Қайырымдылық» тобы.

«Мейірімділік» тобы.

Балалар суретпен жұмыс жасайды ,өз ойларың еркін жеткізеді

-Тәрбиеші:Жақсы жарайсыңдар балалар !Сурет бойынша жақс жауап беріп,мән мағынасын аша білдіңдер.Тірі табиғатқа,айналадағы жан –жануарларға ,құстарға,адам баласына жақсылық жасау,жанашырлықтаныту тек қана жүрегі мейірімге толы рухы мыхты адамның қолынан ғана келеді екен,балалар.

Ануар : Табиғаттағы барлық жылу –күннен,

Өмірдегі барлық жылу –адамнан.

Жақсылық жасап мейірімділік танытып ,бізде бір-бірімізге көмек көрсетіп,бірігіп отырып шығармашылық жұмыс жасайық.Тақтамен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс: балалар қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда жүрекшелер жатыр, сол жүрекшелерге көңіл күй сыйлаумыз қажет. Сендердің ойларыңызша мейірімді жүрек қандай болады? Соны бейнелейік.

Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды.

 Тәрбиеші:-Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп сендер шығармашылық жұмыстыда аяқтадыңдар.

Шеше сен бақыттысың жыламағың,

Жай түсіп жатқандада жыламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтанда жыламағың,жыламағың,- деп ақын атамыз М.Мақатаев айтып өткендей,анамыз қаңдай мейірімді болса,бізде сол кісіге бар мейірімізді көрсетіп бәріміз бірге «Ана» ән шырқайық.

Соңғы тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сіздердің төбелеріңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Бұл күн сәулелері . Сіздің бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдеріңізді жүрегіңізге жиналды. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашыңыздар.

Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.Сау болыңыздар!

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»

5 педагогикалық кеңеске арналған ашық

ұйымдастырылған оқу қызметі

Бөлімі. Математика негіздері

Тақырыбы: «Қорытынды сабақ»

Тәрбиеші: Нургазина Қ.Қ

«Мейірімді жүрек»

(Қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілер күніне арналған сценарий)

Мақсаты: қамқоршылардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту.

Қатысушылар: қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог, мектеп инспекторы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, КТІЖ инспекторы.

Нақыл сөздер:

Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Оны өзіңнің жақсы көруіңмен тәрбиелеуге болады. (Ф.Э.Дзержинский)

Еркелетпе ұлыңды, бұзып жүрер жиынды. Еркелетпе қызыңды, барған жерде қиын-ды. (Халық мақалы)

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

Жоспары:

1. Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі

2.Жүргізілген анкеталар қорытындысы

3. Қамқоршыларға сөз

4. Психологиялық тренингтер

5. Директордың құттықтау сөзі

«Танысу» жаттығуы

Ойынның мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен таныстыру.

Барысы: Өз есіміңіздің бастапқы әріпінен келетін жағымды сөзбен есіміңізді қосып айтамыз. Мысалы: нұрлы Нұргүл, әсерлі Әсем, дарынды Дидар, т.б.

Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі:

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата-ананың ең маңызды міндеті.

Патронаттық тәрбиедегі балалардан алынған анкета:

1. Ата-анаң сені жақсы көре ме?

2. Сенімен тұратын адамдардың саған деген жүрек жылуы жеткілікті ме?

3. Тәрбиешің саған туған баласындай қарай ма?

4. Қиын ата-аналар дегенді қалай түсінесің?

5. Жүрек жылуы дегенді қалай түсіндірер едің?

6. Өзің тұратын үйіңдегі, жан — жағыңдағы туыс – туғандарыңның саған деген көз қарасы қандай?

Қамқоршылар және патронаттық тәрбиешілер өз ойларыңмен бөліседі.

Психологиялық ойындар мен тренингтер

Кім екенін тап” ойыны

Әрбір ата-ана өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды — ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жүргізуші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

Көпір” ойыны

Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан ойыншылар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Ойыншылар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.Ойыншылар ойынға белсенділікпен қатысулары сұралады.

Көңіл-күйімізді жаттықтыру”ойыны

Бүгін мен сіздерді актер болуға үйретемін. Мен сіздерге нені көрсетіңіздер десем, соны бет-әлпеттеріңізбен (мимикамен) бейнелейсіздер.

  1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;

  2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;

  3. Жылап тұрған адамды көрсету;

  4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;

  5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу

Құпия сөз” тренинг

Жетекші ата-аналарға арнап сұрақ даярлайды. Ата-аналарға аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Әрбір ата-ана ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.

Баланы үнемі сыңай берсе, ол (жек көруді)

Бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол ( агрессивті болуға)

Баланы кемсіте берсе, ол ( кінәлі сезіммен өмір сүру)

Баланы шыдамды болуға өсірсе,ол ( басқаларды түсінуге)

Бала түсіністік пен достық та өмір сүрсе,ол ( бұл әлемнен сүйіспеншілікті табуға)

Түйін. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беру.

«Мадақтау және жазалау» тренинг

Қағазды екіге бөліп,бір жағына баланы мақтау,кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданылатын жазалау сөздерді жазыңыз.

Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, «Мадақтау және жазалау» деген тақырыпта сұрақ-жауап жүргізіледі.

Баланы жазалауға бола ма?

Қашан және қай уақытта?

Баланы мақтаумен бұзып алуға бола ма?

Баланы не үшін мақтауымыз керек?

Қорытынды:

Директордың құттықтау сөзі:

Құрметті ата-ана!

Сіздің өміріңіздің мәні –бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.

С 1 августа по 1 ноября т.г. в нашей Республике Казахстан проходила акция «Жолашар», главной целью которой было создание устойчивого внимания и стабильного интереса общества к проблемам детей с ограниченными возможностями в развитии. Кабинет коррекции №3 г.Есиль принял активное участие в данной Акции.В рамках акции была проведена работа,направленная на  оказание социальной помощи и поддержки детям из малообеспеченных,  многодетных и неблагополучных семей, детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, и иным категориям детей.  По итогам благотворительных мероприятий акции при активной помощи и поддержке администрации Есильского района, администрации г. Есиль и лично акима города Туребаева Т.Т., Есильского филиала НДПР «Нур Отан», депутатов Есильского районного  маслихата, руководителей ТОО, АО, индивидуальных предпринимателей, коллектива кабинета коррекции и просто добрых людей 16 детей с ограниченными возможностями, посещающих наш кабинет коррекции, и их семьи получили материальную помощь от спонсоров. Так, например, на спонсорские средства приобретены принтер для ребенка с диагнозом РДА,  гребной тренажер для ног мальчику, страдающему ДЦП, путевка в санаторий для ребенка и его мамы, ортопедическая обувь, теплая одежда, развивающие игры и многое другое, необходимое этим детям. Общая сумма оказанной помощи детям с ОВ составила более 600 тыс.тг. Завершением Республиканской акции «Жолашар» стало праздничное мероприятие «Мейірімді жүрек күні»»(«День доброго сердца»), проведенное специалистами КППК №3.

Сценарий мероприятия «День Доброго сердца»,

в рамках Республиканской Акции «Жолашар».

Дата проведения: 23.10.203 г.

Место проведения: ДТЮ

Начало: 11.00 ч.

ТАНЕЦ «ДОБРОТА»

1. Вед Қайырлы күн, кұрметті қонактар, ардақты ата – аналар қадірлі әріптестер. «Мейірімді жүрек күні» атты мерекемізге қош келдіңіздер.2 Вед Добрый день, уважаемые гости, дорогие родители, коллеги! Вот уже второй год с по 1 августа по 1 ноября т.г. по всей стране проходит Республиканская Акция «Жолашар». Это еще одна возможность обратить внимание на проблемы людей, волею судьбы имеющих слабое здоровье, нуждающихся в особой помощи и поддержке. Сегодняшнее мероприятие трудно назвать праздником. Но если мы сегодня с вами встретились – это уже праздник. 1Вед.

Сегодня у нас замечательный день! День, наполненный добротой, нежностью и лаской. 2ВедДа, действительно, сегодня день сегодня удивительно добрый, потому что в нашем кабинете проходит День Доброго сердца! И наш праздничный концерт, посвящается Вам, людям с добрым сердцем. 

Вед1. Пользуясь случаем, коллектив кабинета коррекции выражает искреннюю благодарность всем руководителям предприятий, организаций, индивидуальным предпринимателям, частным лицам, которые оказывают благотворительную помощь нашим детям и их семьям за их милосердное отношение к людям с ограниченными возможностями. Мы говорим огромное спасибо Арипову Уалихану Сапиевичу., Недогаркову Вячеславу Викторович , Сыздыкову Махамбету Есентаевичу, Кабдрашеву Бауржану Беккожаевичу за предоставленную возможность нашим детям добираться на занятия в кабинет коррекции на социальном такси.

Вед2. Благодаря Тулебаеву Серикбаю Сагимбаевичу, который подарил нашим детям 2 компьютера, занятия с нашими детьми стали намного интереснее. Также хочется выразить огромную благодарность главе крестьянского хозяйства «Тней» Болданову Саруару Сейтжановичу и его супруге Галине Бисеновне, которые оплатили расходы на проведение семинара-тренинга для родителей детей аутического круга и детей ДЦП.(семинар будут проводить специалисты с г.Астаны).

Вед.1. Огромное Вам спасибо от детей и родителей за многолетнее плодотворное сотрудничество с нашей организацией, благодаря которому делается для наших инвалидов много добрых и хороших дел.

2 Вед. Добрые дела не остаются незамеченными – они как маяки светят тем, кто ждет помощи. Оказывая помощь, вы дарите не просто материальные ценности, а даете радость и надежду.Пусть ваша доброта и щедрость вернутся к вам сторицей.

1. ВедҚұттықтау сөзі Есіл ауданы әкімінің орынбасары Агымбаева С.К.беріледі.

1 вед. Благодарственным письмом от имени Акима Есильского района награждаются:

Недогарков Вячеслав Викторович

ТОО «Наргиз»

Оплата за подвоз детей в КППК-240,000 тг.

Сыздыков Махамбет Есентаевич

Президент АО «Алтын Дэн»

Оплата за подвоз детей в КППК-120,000 тг.

Арипов Уалихан Сапиевич

ТОО «Заречный»

Оплата за подвоз детей в КППК-120,000 тг.

Кабдрашев Бауржан Беккожаевич

ТОО «Аксай»

Оплата за подвоз детей в КППК-120,000 тг.

Тулебаев Серикбай Сагимбаевич

КХ «Московское»

2 компьютера-150 тыс.тг.

Болданов Саруар Сейтжанович

КХ «Тней»

Оплата за проведение семинара-тренинга для родителей детей аутического круга и детей ДЦП-65 тыс.тг.

Оспанов Мурат Болатханович

Директор ТЧЭ-23

2 путевки в санаторий-90 тыс.тг.

1 Вед Поддержка и опора нужны всем людям, без исключения. Но особо в них нуждаются люди с ограниченными возможностями. Отстаивать свои интересы, доказывать, что ты многое можешь, умеешь, гораздо легче, если с тобой единомышленники. Помните, что человек, улыбаясь, излучает добро, несет заряд положительных эмоций. Так давайте сейчас подарим друг другу улыбки! Чувствуете, как стало теплее в зале?И сейчас ваше веселое настроение поддержит ….. МУЗ.НОМЕР

2 вед. Слово для поздравления предоставляется заместителю Акима г.Есиль ……………………………………………………………………………………….

Благодарственным письмом от имени Акима г.Есиль награждаются:

Мукомело Сергей Иванович

Директора элеватора «Алтын Дэн»

Принтер для Алейникова В.-20 тыс.тг.

Жортымбаев Самат Мадиевич

Начальник ЛОВД

30 тыс.тг для приобретения пуфика-кресла с гранулами для Следина М.

Конотопцева Светлана Валерьевна

ИП, маг. «Мастер»

Развивающие игры для Нурбай Д., Ербулат Н. (10-15тыс)

Ромашковы Петр Николаевич и Елена Александровна

ИП, маг. «Ромашка»

Велосипед для Курмашевой Д. (20 тыс.)

Трач Наталья Леонидовна

ИП, маг. «Универмаг»

Зимняя одежда и обувь для Ласточкиной В.(20 тыс)

Горовая Галина Ивановна

ИП, маг. «Шарм»

Зимняя одежда и обувь для Сусанну В. (20 тыс)

Вервейн Елена Александровна

ИП, маг. «Книги»

Развивающие игры для Тлеубаевой К. (7 тыс)

Игенбаев Мереке Каиржанович

ИП, маг. «Самал»

Развивающие игры, одежда для Вычужаниной К. (5 тыс)

Жумабаева Айнур Конкашевна

ИП, маг. «Айнур»

Спонсорская помощь в проведении мероприятий

Школина Алия Базарбековна

ИП, маг. «Восток»

Спонсорская помощь в проведении мероприятий

Троян Антонина Викторовна

ИП, маг. «Агора»

Спонсорская помощь в проведении мероприятий

Акперов Закир Джаббароглы

ИП «Автозапчасти»

10 тыс.тг.на тренажер для Естемесова А.

Смагулов Жанайдар Мухамеджанович

Начальник ПЧ-9 Есильского района

Компьютерный стол для Наурызгалиева И.-20 тыс.тг.

Тюркину В.В.

Тулебаеву С.С.

Мистриди К.Г.

Алибекову К.К.

Казимирову В.П.

Депутаты районного маслихата

Ортопедическая обувь для Волошина В., Ибраевой Ж., Немкова К., Серикбол Е.-80 тыс.тг.

Бекжанов А.К.

Воспитатель детского дома

Изготовил 2 кресла для детей ДЦП

Андриенко С.А.

ИП с.Аксай

Обеспечили овощами семью Естемесова А. (5 мешков картофеля, 4 мешка капусты, 10 кг. моркови)

1 Вед Сегодня у нас в гостях, одни из самых замечательных людей, людей, которые умеют от чистого сердца дарить любовь, нежность, внимание и заботу друг другу. И мы громкими аплодисментами приглашаем на нашу сцену Директора элеватора «Алтын Ден» Мукомело Сергеея Ивановича, а также приглашаем на сцену Алейникова Владимира и его маму Татьяну Федоровну.

(Алейников) (поздравление Мукомело В.А., вручение подарка-принтер)

Вед.1 Келесі кезекте сіздерге арналған өлеңді қабыл алыңыздар!

МУЗ.НОМЕР

Вед.2

Нелегкий труд, не всякому под силу,Каждый год тяжелая страда.Здоровья Вам, бодрости и силы,Радости и счастья навсегда!2 Вед

Общество и государство все больше уделяют внимания решению проблем инвалидов. Но и человек сам должен быть настроен на то, чтобы реализовать имеющиеся у него возможности. В нашем районе проводятся различные конкурсы и спартакиады среди людей с ограниченными возможностями. Мы хотим пригласить на сцену семью Естемесовых Бибигуль Алибаевну и Алтая, которые стали победителями районного конкурса «Разные-Равные!» и стали участниками областного конкурса. Вас пришли поздравить наши уважаемые спонсоры. Приглашаем на сцену ИП Жанбусинов Кинжал Аманжолович, ИП Акперов Закир Джаббароглы, ИП Котосонова Гульматур Вазиховна, ИП ………..

(Алтай)(поздравление, вручение подарка-тренажер)

1 Вед. Также этой семье была оказана помощь ИП Андриенко из села Аксай. Теперь семья Алтая обеспечена овощами на всю зиму.

Уважаемые наши спонсоры, желаем Вам здоровья и хорошего настроения, всех благ и удовольствий жизни, благополучия и домашнего уюта, любви и человеческого счастья!2Вед Для вас звучит наш музыкальный подарок.  МУЗ.НОМЕР 1 ВедДоброта, милосердие, умение сопереживать чувствам других людей создают основу человеческого счастья. И мы с удовольствие предлагаем вам один из рецептов «Счастья». Запомните его и поделитесь с другими. 2 Вед Возьмите чашу терпения, влейте в нее полное сердце любви, добавьте две горсти щедрости, посыпьте добротой, плесните немного юмора и добавьте как можно больше веры. Все хорошо перемешайте. Намажьте на кусок отпущенной вам жизни и предлагайте каждому, кого встретите на своем пути. 1Вед Ну как? Вам понравился наш рецепт?. Мы можем составить таких рецептов множество, поскольку только любящий человек, добрый, милосердный, может быть воистину счастливым. 

1 Вед

Что нужно для того, чтобы каждый день у вас было хорошее настроение, чтобы болезни проходили мимо, чтобы скука и печали не разъедали ваши сердца. Совет прост – пойте, пойте песни старые и новые, всегда и везде, как это делает семья Акжола. Акжола и его семью пришли поздравить работники железной дороги. Это директор ТЧЭ-23 Оспанов Мурата Болатхановича. Приглашаем вас на сцену.Также приглашаем на сцену Данагуль

Железная дорога, как всегда,

Жива людьми, дающими заботу,

И, жизнь свою дороге посвятя,

Они вложили душу в ту работу.

Мы шлем в ваш праздник наш земной поклон,

А благодарность бесконечна, как дорога,

Которая растет все с каждым днем,

Сближая нас …

Тақырыбы: Жүректі жылытар мейірімділік
Көрнекілігі: Слайд, видеоролик, плакаттар
Мақсаты: Адам бойындағы асыл қаситтердің бірі мейірімілік туралы жан жақты ой қозғап, оқушылардың өнерлерін тамашалау
1 — жүргізуші:
Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар бүгінгі « Жүректі жылытар мейірімділік»атты шарамызға қош келдіңіздер!

2 — жүргізуші:
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс — тіршілігін, жан — дүниесін жадырататын, шат — шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі. Ендеше мейірімділік сезімі жайлы видеороликке назар аударайық!

1 — жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың………….. Мейірімділік махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады деп хәкім Шәкәрім бекер айтпаса керек.

2 — жүргізуші:
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн: кір тигізбей ұста ойыңның өрісін, мейірім етсең — мейірімділік көресің деп, мейірімділікке зор мән берген екен.

1 — жүргізуші:
Мейірімділік — ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң — сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

2 — жүргізуші:
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

1 — жүргізуші:
Ендеше, алдарыңызда әсем әнімен _________________ қарсы алыңыздар
1. Зарина
Жақсы адам көңілі күн –
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі түн –
Кеудеден отты өшірген.
2. Азамат
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын,
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
3. Альбина
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
4. Ерназ
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң,
Ел сүйсінсің ісіңе.
5. Әсел
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «Сіз» деген.

1 — жүргізуші:
Қазір оқушыларға слайд арқылы жағдаяттар беріледі, соларға жауап берейік
Жағдаяттарды шешу:
1 — жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2 — жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет — журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3 — жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
4 — жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Жауабы
1. Егер менде ролик болып, жанындағы досымда ролик болмаса, мен оның рұқсатымен роликті кезектесіп тебуге келісер едім.
2. Егер алдымнан хат тасушы шықса, оның көңілін аулап, жұмысын жеңілдетіп, газеттерін көтерісуге көмектесер едім.
3. Анам алаңсыз тамақ дайындауы үшін, інімді алдандырып ойын ойнатқызар ем.
4. Кешірім сұрап, шашылған заттарды жинап, үйіне апаруға жәрдем берер едім.
2 — жүргізуші:
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.
1. Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен баста, бос өткізбе
2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек
сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
3. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
4. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5. Ата — анаңның мейірім шуағын сезініп, қадірлей біл..
6. Тыныштық сақтай білуге үйрен, Нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен
7. «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.
(баяу музыка ойнап тұрады)
1 — жүргізуші:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
2 — жүргізуші:
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
Шара тақырыбына орай мейірімділікке жетелейтін, ақыл, қайрат, білімділік қасиеттері жайлы қысқаша көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
Жүрек:
– Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді:
– Ей, ақыл! … Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.
– Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.
Білім:
– Сенің үшеуіңнің басыңда қоспақ – менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.
1 — жүргізуші:
Үш — ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.
2 — жүргізуші:
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
1 — жүргізуші:
Ендеше, адамдар бір — біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Жақсылықпен — кәрі — жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел — жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма.
Жүзінде жылу, жүрегінде мейірімділігі мол, күн көзіндей жарқырауды қалайтын жас өрендердің орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әні. Қабыл алыңыздар!
2 — жүргізуші: Жүрегіміз жылылыққа көңіліміз шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін мейірімділік қасиеті сөнбей, әр күніміз әдемі өтсін. Жақсылықтың жаршысы болыңыздар! Бар болыңыздар! Бақытты болыңыздар!
Бірге: Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Межсайтовое выполнение сценариев это
  • Межрегиональный фольклорный праздник троицкие гуляния
  • Межрегиональный праздник алтайского народа эл ойын
  • Межнациональный праздник это
  • Межнациональный праздник сценарий