Мейірімділік асыл ?асиет сценарий

Саба?ты? ма?саты: Мейірімділікті? - асыл ?асиеттерін т?сіндіре отырып,о?ушылар?ас?йіспеншілік ??ндылы?ыны? м?нін ашу.Саба?ты? міндеттері:-О?ушылар?а мейірімділі

Саба?ты? ма?саты:  Мейірімділікті? — асыл ?асиеттерін  т?сіндіре отырып,о?ушылар?а с?йіспеншілік  ??ндылы?ыны? м?нін  ашу.
Саба?ты?   міндеттері:

 -О?ушылар?а мейірімділік, жа?ашырлы? ?асиеттеріні? ма?ынасын т?сіндіру;

-Жа?ымды ?арым-?атынас  жасау?а  ж?не ?ам?ор к?рсете  білуге ?йрету;

-О?ушыларды мейірімділікке,жа?ашыр-

лы??а  т?рбиелеу.

Ресурстар:

о?улы?, д?птер,ватман,

маркер, ?н м?тіні

Саба?ты?  барысы:    ?йымдастыру кезе?і

О?ушылармен  амандасып, оларды т?гелдеу, к??іл-к?йлерін с?рау,о?у ??ралдарын  т?гендету.

?айырлы к?н, ?стаздар,балалар! Сендерді к?ргеніме ?уаныштымын!

Жа?а саба?:   -Б?гінгі бізді? саба?ымызды? та?ырыбы «Мейірімділік-асыл ?асиет», Біз б?гінгі саба?та адамны? жа?сы ?асиеттеріні? бірі мейірімділік туралы ??гімелесеміз. Адамдарды? бір-біріне деген мейір шапа?аты -?дептілік белгісі, сол туралы білеміз.

-5 Т ?дісін саба?  барысында  орындаймыз «Т?ртіп , талап,   тынышты?,    тазалы?,   татулы?»

-Балалар  5Т ережені  есімізге т?сіріп, сыныпта?ы  т?ртіпті са?тап, о?ып-білуге талаптанайы?,тынышты?ты орнатып,  тазалы?ты  са?тайы?, б?гінгі к?німізді  татулы?пен  ?ткізейік.

II. Тынышты? с?ті

-?ане, б?ріміз бізді? аспанда?ы н?рын шашып т?р?ан К?нге ??сап отырайы?. Денемізді тік ?стап, орынды?та еркін отырамыз   Ая?-?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады.    .К?здері?ізді ж?мып, елестетіп к?рі?із:

• М??алім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жары? шаш?ан к?нні? к?зіне айналды?. К?нні? к?зі болып жар?ыра?ан басымыз тек жа?сылы? ойлайды. К?нні? жылуымен рахаттан?ан ?олдарымыз тек жа?сы істер жасайды. Жап — жары? с?уле шаш?ан ая?тарымыз тек д?рыс жолмен ж?реді. К?нні? жары?ы аузымыз?а да кірді – ол тек шынды?ты айтады. Ал ??ла?ымыз жа?сы с?здерді естиді. Ма?дайымыз?а жеткен жары? с?улемен бірге е? с?йікті адамдар?а, отбасына, ?лемге, жануарлар?а, таби?ат?а жылы с?улемізді сыйлап, іштей жа?сы тілектер тілейік. ?андай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тынышты?та с?л отыра т?райы?. ?андай жан тынышты?ы! Енді жайлап к?здері?ді ашу?а болады.
Кім ?зіні? ?серімен б?ліскісі келеді?

(О?ушылар ?з ?серлерімен б?ліседі)Рахмет.

2.?й тапсырмасын тексеру.

  -Балалар сендерге ?йге тапсырма «Текті болса?,тегі?ді біл» та?ырыбы бойынша  дайындалып келу керек болатын. 7 атаны білу,та?ырып?а сай  ?ле? шума?ын жаттау.

  3.Д?йекс?з:        М??алім та?тада?ы   «Мейірімділікті анадан ?йрен» деген халы? даналы?ын  ?алай  т?сінесі?дер?

Топты?  ж?мыс:1топ- «Мейірімді  адам» дегенді   ?алай  т?сінесі?дер?Топтастыру с?здер  ??ру(жа?сы адам,а?к??іл,жаны таза,шыдамды,ра?ымшыл, жанашыр,жылы  ж?рек)

2топ: «Мейірімділік» м?ндес  с?здер: ра?ымдылы?, жанашыр,имандылы?,?айырымдылы?,мейірбан-

дылы?,мейірімшілік,

 Ана — халы? ??ымында жаратушы. Ана-?лемдегі е?  мейірімді  жан.Ал осындай  бар  мейірімін  бала?а  тарата білген бірден-бір  жан-  ?зін-?зі тану  п?ніні? авторы  Сара  Алпыс?ызы Назарбаева.Ал барлы? н?рсені? д?ниеге келуі ?лкен мейірім мен шапа?аттан пайда болады.

— Адамзат нені?,кімні?  мейіріміне б?ленген?

— К?н, таби?ат, ана, ?стаз, д?рігер ж?не та?ы бас?аларды? мейіріміне б?ленеді.

М??алім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жа?сылы? ойлау, игілік жасау ар?ылы мейірімділік таныта алады.

Енді балалар мен ?азір сендерге  «Сары тауы? пен балапандары» деген ??гіме бар, сол ??гімені о?ып берейін.

-М.Т?режанов105бет 3сынып

С?ра?тар:

1.    Сары тауы? ?з балапандарын ?андай жа?сы ?асиеттерге баулыды?

2.    Сары тауы? ?з аналы? мейірімін ?алай к?рсете білді?

3.    Сендер біреуге мейірімділік таныт?ан кезде ?андай сезімге б?ленді?дер?(балалар жауабы)

М??алім:

-Сары тауы?  ?андай жа?сы ?асиеттерді балапандарына ?йретті? балапандарына бір-біріне адал, ?ам?ор,мейірімді 

«Болады-болмайды» тренингі

(о?ушылар ше?берге т?рады, м??алім болатын н?рселерді айт?анда о?ушылар ?олдарын ?ш рет шапала?тайды, ал болмайтын н?рселерді айт?анда ?олдарын бір рет шапала?тайды)

-Мейірімді болу?а …. (болады),               Кешірімді болу?а …. (болады),

?атыгез  болу?а …. (болмайды),              Т?ртіпті болу?а …. (болады),

?депті болу?а …. (болады),                     ?рыс?а? болу?а…. (болмайды),

Сыпайы болу?а …. (болады),                   ?айырымды болу?а …. (болады),

Б?зы? болу?а …. (болмайды),                  Бауырмал болу?а …. (болады),

А?ылды болу?а …. (болады),                  Ма?танша? болу?а …. (болмайды),

Шыншыл  болу?а …. (болады),                Арам болу?а …. (болмайды),

Маман болу?а …. (болады),                     Жаман болу?а …. (болмайды),

Айтпа?шы,                                             Жаман болу?а ….! (болмайды).

М??алім:   -Балалар жа?а ?здері?  к?ргендей сары тауы? балапандарына бір-біріне адал, ?ам?ор,мейірімді болуды ?йретіп жатыр, ал сендерге балалар жа?сы болуды, мейірімді болуды кім ?йретеді?(о?ушылар жауабы)

— Д?рыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ?стаздары?, ?йде  аналары? ?йретеді. Ендеше сол  ?зімізді?  аналарымыз туралы айтайы?, ол ?андай адам? (баяу музыка ойнап т?рады) топтастыру.

кішіпейіл                      мейірімді                       бауырмал

сыпайы                             Ана                                       кешірімді

?депті                        жа?сы                    жанашыр

 Тапсырма:«Кім ж?не не мейірімді?» т?сіп ?ал?ан с?здерді орнына ?ою керек. (баяу музыка ойнап т?рады)

К?лімдеген …. мейірімді. (к?н)      Кіршіксіз а? ….  мейірімді! (?ар)

Таза м?лдір….  мейірімді!  (су) Б?рімізді к?теріп т?р?ан  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)            ?адірлі …. мейірімді! (?кем)

?лпештеген …. мейірімді! (?жем)   Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы ж?зді  …. мейірімді! (?стазым)   Тату-т?тті …. мейірімді!  (достарым)

Жа?даяттарды шешу:

1-жа?даят: Сен аулада ролик теуіп ж?рді?, ал сені? досы?ны? ролигі жо?, сені? ?рекеті??

2-жа?даят: Сені? алды?нан бір ??ша? газет-журнал к?терген хат тасушы апай  шы?ты, сен не істер еді??

3-жа?даят: Сені?  ана? ас дайындап жатыр, ал іні? мазасызданып кетті,сені? ?рекеті??

4-жа?даят: Сені? алды?нан ауыр с?мкелерін к?терген ?же шы?ты, сен абайсызда ол ?жені ?а?ып кетті?, оны? с?мкесіндегі заттары шашылып ?алды, сен не істер еді??

М??алім:  -Балалар  сендер ?здері?ді мейірімді баламын деп санайсы?дар ма? Ендеше  б?ріміз бірге «Мейірімділік а?ашын» ?сірейік, ол ?шін сендер ?здері?ді не ?шін мейірімді санайтындары?ды айтып, «мейірімділік а?ашына»  жемістерді ілеміз.

Саба?ты бекіту:  -Балалар б?гін саба?та адам бойында?ы та?ы бір асыл ?асиет мейірімділік туралы білді?дер? Осы саба?та ?здері?е не алды?дар, не ?йренді?дер?         (о?ушылар жауабы)

-Д?рыс балалар, адамдар  бір-біріне  ?р?ашан ?ам?оршы, адал, ?иын жа?дайда ?ол ?шын беруі керек, ?р к?нін  к?лімдеп ?арсы алып, ?зін ?орша?ан  адамдар?а,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

?йге тапсырма:     -«Мені?  анам- мейірімді адам» та?ырыбында ша?ын ??гіме жазып келі?дер

6.Топпен ?н айту.

             Ана туралы жыр.      

С?зі: ?. ?айырбековтікі

?ні: Ш.?алдая?овтікі

?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан
Даланы? ?р г?лін жинады? сен ма?ан
Сен берді? ??старды? ?анатын сам?а?ан
Балалы? ?оштары? ?зі?е арна?ан

?айырмасы:
?лдилеп, аялап ?сірген жемісі?
Самал жел саяба? ??ша?ы? мен ?шін
Есейіп кетсем де, мен са?ан с?бимін
К??ілі?ді к?ктемдей к?зі?нен танимын

?теуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен ?шін ?лемні? асылын
?лемні? байлы?ын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай — к?нін ?олыма т?спеді
?айырмасы:

Ете к?р ?ана?ат, ?зірге берерім
Балалы? махаббат, балалы? ж?регім
Бол риза анашым, ?олда?ы осы бар
?зі?е арна?ан ?німді ?осып ал

Просмотр содержимого документа

«Мейірімділік -асыл ?асиет»

Родина жалпы орта білім беретін мектебі

ТРЕНИНГ

Мейірімділік-асыл қасиет

Сынып: 5 «А»

Педагог-психолог: Мағауова С.А

2016-2017 оқу жылы

Жұмыстың атауы: Тренинг сабақ

Сыныбы:5 «А»

Тақырыбы:Мейірімділік асыл қасиет

Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке үйрету, тәрбиелеу. Адам өміріндегі басты құндылық мейірімділік екенін түсіну. 5 сыныпқа бейімделуін қадағалау, бір-бірімен жақсы қарым қатынасты дамыту, сыныпты достыққа. татулыққа баулу.

Міндеттері:

Оқушыларды сергіту;

Сынып арасында психологиялық атмосфера қалыптастыру;

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру;

Материалдар мен құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, дыбысбергіш, доп, шарф, үлестірмелі парақтар, кері, жіп, құмыра, қалам.

Тренинг барысы:

Психолог: Дәстүрлі түрде балалармен амандасады. Балалар «мейірімділік» деген түсінікті қалай түсінесіңдер. (Оқушылардан кеңейтілген және толық етіп суреттеуді сұрайды). Сыныбымызға мейірімділік толық тану мақсатында біз әртүрлі кезеңдерден өтеміз.

«Бәріміз бірге» ойыны

Оқушылар шеңберге тұрады. Доп бастаушыға беріледі. Кейін бір-біріне лақтырып отырып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ең бастысы допты жерге түсіріп алмай бір-біріне көмек көрсету.

«Ормандағы ағаштар» жатығуы

Оқушылар бір-бірінің артында тұрады. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып тұр. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-төмен созылады. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Жел артынан жаңбыр жауды, жаңбыр қатты жауды, кейін жаңбыр себелеп жауды (Айтылған қимылдардың бәрін оқушылвар бір-бірінің арқаларына қимыл-әрекетпен көрсету керек).

«Сен маған ұнайсың?» тренингі

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Бастаушы жіпті бір оқушыға беріп «Сенің маған мына қасиетің ұнайды, себебі…». Ойын осылай жалғасады. Барлық оқушылар кезектесіп, бір-бірінің ұнайтын қасеиттерін айтады. Жіпті жинайтын уақытта оқушылардың жаман қасиеттері айтылады.

«Құшақтасу» ойыны

Оқушылар шеңберде тұрады. Жүргізуші екі-екіден дегенде 2 оқушы құшақтасу қажет. Оқушылар аяқталғанша жалғасу қажет.

«Ол қалай күледі?» жаттығуы

Бет жүзіңе қарап достарыңның қалайша күлетінін елестет. Ол қалай күледі? Қалай қуанады? Қалай ренжиді? Қалай ұрсады? Қалай қуанады? Осыны көрсет. Оқушылар кезекпен шығады. Бір оқушының аты аталады. Сол уақытта шыққан оқушы аты аталған оқушының барлық эмоцияларын көрсетуі қажет.

«Егер осылай болса…» ойыны

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Балық оқушылар сұрақтарға жауап беруге міндетті. Мыс:

Егер жер бетіндегі адамдар тек өздеріне ғана түсінікті тілде сөйлейтін болса, онда өмір қалай өзгерер еді…?

Егер адамдар құстар сияқты ұшар болса, онда өмір қалай өзгерер еді…?

Егер адамдар өзгелердің ойын оқи алар болса, онда өмір қалай өзгерер еді…?

«Мейірімділік алаңы» жаттығуы

Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту. Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.

«Жұмсақ ойыншық сыры»

Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап кезекпен алады. Шеңбер құрып отырып қолдарындағы ойыншық атауына байланысты бір оқушы ертегі бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып кетуі керек.Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.

Талдау:1.Ал, балалар сендерге ойыншықтар ұнады ма?

2. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?

3.Жан- жануарлардың Бір-бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?

9. Релаксация

10.Ұялы телефон:

Ұялы телефон арқылы сабақтың қалай өткені жөнінде пікір жазамыз.

11.Тілек шамы тренингі

Оқушылар сабақ соңында бір – біріне тілек айтады (қолдарына май шам ұстатылады).

Тренинг аяқталды қатысушыларға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/269616-mejirimdilik-asyl-asiet

Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару; психологиялық дайындық; шаттық шеңбері, сәлемдесу.

Мұғалім: Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мейірімділік-асыл қасиет» Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді, балалар,  менің  айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Ән: «Күлімде, күн, күлімде»

Мұғалім:Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, қол соғып қояйық.

Жаңа сабақ: Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Енді, балалар, «Сары тауық пен балапандары» деген әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық.

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
— Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

— Ол тым жас.

— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

— Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

— Мен,-деді тұңғышы.

— Мен барайын?-деді оған тетелесі.

— Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

— Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

— Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

— Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақтар:

1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім:Тапсырма: (интербелсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің  бойында бар қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз.

«Болады-болмайды» тренингі (Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

Мейірімді болуға …. (болады),

 Кешірімді болуға …. (болады),

 Қатыгез  болуға …. (болмайды),

 Тәртіпті болуға …. (болады),

 Әдепті болуға …. (болады),

 Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

 Сыпайы болуға …. (болады),

 Қайырымды болуға …. (болады),

 Бұзық болуға …. (болмайды),

 Бауырмал болуға …. (болады),

 Ақылды болуға ….. (болады),

 Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

 Шыншыл  болуға …. (болады),

 Арам болуға …. (болмайды),

 Маман болуға …. (болады),

 Жаман болуға …. (болмайды),

 Айтпақшы,

 Жаман болуға ….! (болмайды).

Мұғалім: Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор, мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді? (оқушылар жауабы)

— Дұрыс, балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  ата-аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

              кішіпейіл                     мейірімді                       бауырмал                       

              сыпайы                                                                 кешірімді

                                                         Ана                                                                   

                    әдепті                        жақсы                    жанашыр

Дәйексөз: Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

  Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да, ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су)

Бәрімізді көтеріп тұрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)

Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)

Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім: Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше,  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту: Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)

-Дұрыс, балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар, барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар  бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай  жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза, сен ғажайыпсың, Ақжол, сен ақкөңілсің т.б».

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

  Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі:  Секен Тұрысбековтың  «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі-түсті  жүрекшелер, стикер,ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.  Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы  сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен  жеткізейік.

-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.

-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

 ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

ІҮ. Оқушылардың назарын  мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.  

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

 Ү.«Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін  Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.

ҮІ « Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.ық

 ҮІІ.         Көрініс

Сезім

Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.

Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі меннен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап        (Бихан)

   Білім.

-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Жүргізуші.       -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

Қорытындылау.

« Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік.

Сары- адалдық.

Қызғылт- мейірімділік.

Көгілдір- сүйіспеншілік.

Жасыл- әдептілік.

Көк- ізеттілік.

Ақ-қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің             сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!

Мейірімділік асыл қасиет

Мейірімділікті анадан үйрен.

Халық даналығы

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

—         мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

—         өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

—         мейірбандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекі –құралдар: дәптер, жүрекшенің үлгісі, тауық пен балапандардың суреті.

Балалар, біз седермен бүгін бір ғажайып елге  саяхатқа барамыз ол қандай ел екенін маған сендер айтатын боласыңдар.

-Жарайма!

Шаттық шеңбері

— Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік .

Әңгімелесу

—         Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

—         Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

—         Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

—         Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Тыныштық сәті

     Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

Мәтінмен жұмыс

         Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.

         Өйткені балапандарының жылы  жүні  әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден  тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

— Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан

— Ол тым жас.

— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

— Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

— мен- деді тұңғышы.

— Мен барайын! — деді оған тетелесі.

— Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.

— Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

— Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

— Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақ қою

—         Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

—         «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

—         Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

—         Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Балдалардың жауаптарын тыңдаймыз

Дәйексөз

Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді

—         Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында.

Ойын

         «Мейірімді жүрек» ойыны ұйымдастырылады

Ойынның шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастауышы жүрекшенің үлгісін қолына ұстап тұрып:

«балалардың мейірбандық жүрегі, адамдарға бақыт шаттық тіледі» — деп айтады

Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап айтады да, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін  білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады.

Жаңа ақпарат

Балаларға мейірімділік сөзінің мағынасын түсіндіремін. «Адамдар бір-біріне, туған- туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын  білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.»

Ал енді келесі тапсырмаларды орындайық

Тапсырма:

Суреттерге қараңдар.

—         Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.

—         Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар  суға түсіп кеткен  кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

— Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

Дәптермен жұмыс

1-   Тапсырма

Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар

2-   Тапсырма

«Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар

3-   Тапсырма

«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.

Қортындылау

Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық  туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырып көрейік.

 Жүректен- жүрекке

Балалар шеңбер құрып тұрады. кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді

Ойын «Мейірімділік жібі»

—         Енді біз « Мейірімділік жібі » деген ойынымызды  бастаймыз.

Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер.

(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады)

— Күлімдеген- күн мейірімді!

— Кіршіксіз ақ қар мейірімді

— Таза мөлдір су – мейірімді!

— Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!

— Аяулы анам мейірімді!

— Қадірлі әкем мейірімді!

— Әлпештеген әжем мейірімді!

— Еркелеткен атам мейірімді!

— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

— Тату-тәтті достарым мейірімді!

— Егіні мол жер мейірімді!

— Қамқор апам мен ағам мейірімді!

-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.

Үй  тапсырмасы

 Дәптерде   төмендегі сұрақтарға  жауап жазу

1.Айналаңдағы  адамдарға  қандай  жақсы  тілектер айтып  жүресіңдер?

2. Өз бойыңдағы жақсы  қасиеттерді  санамалап  жазыңдар.

3. Қандай  жағымсыз қылықтардан  аулақ  жүруге  тырысасыңдар?

Жүректен жүрекке

Қолдарыңдағы жүрекшелеріне

-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік  сезімдерін жақсы  тілектерімен  білдіреді.

—         Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

—         Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

—         Өнерлі балаларға талмас қанат  тілеймін.

—         Талапты достарыма табыс  тілеймін.

—         Сыныптастарыма  амандық тілеймін.

—         Отбасыма  бақыт  тілеймін.

Ал енді сабағымызды  ең мейірімді жан туралы әнмен аяқтайық                                                   

Әрқашанда біргеміз,

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз- талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Тыныштық! Шаттық! Сүйіспеншілік!

«Өзін- өзі тану»

әлемі-

* Тәртіп

* Талап.

* Тыныштық.

* Тазалық.

* Татулық.

Т

Тыныштық сәті

Өзіммен- өзім

Ақпанның алтысы

Сынып жұмысы

Мейірімділік- асыл қасиет

«Мейірімділік»

«Поэзия минуты»

Мен- апамның ай мен күні

Байбота Серікбаев

Апам мені: «Айым»-дейді.

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мені: «Күнім»-дейді.

Мен қуансам, күлімдейді.

Мейірім шуағы

Қамқорлық

Ынтымақ

Қайырымдылық

Сүйіспеншілік

Бірлік

Ақкөңіл

«Бір сөз- бір теңеу»

Анам —

«Сары тауық пен балапандары»

Мәкежан Төрежанов

Оқып үйренейік

«Эстафета»

«Сұрақтар алаңы»

«Жуан- жіңішке сұрақтар»

«Таза тақта»

  • Сары тауық балапандарымен қандай жағдайға душар болды?
  • Сары тауық балапандарына қандай көмек жасады?
  • Тауық қай балапанына ерекше өарады? Неліктен?
  • Сары тауықтың әрекетін қалай бағалауға болады?
  • Егер балапандардың анасы болмаса балапандар бқл тығырықтан шыға алар ма еді?

Жарайсыңдар!!!

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Дәйексөз

Халық даналығы

«Ойнайық, ойланайық!»

Ойын- жаттығу

«Кім және не мейірімді?»

Күн, су, анам, әжем, қар, жер, ұстазым, атам, достарым, әкем

  • Мейірімділіктің үлкен- кішісі бола ма?
  • Мейірімділік көрсетудің белгілі бір уақыты бар ма?

Сіздің ойыңыз?

«Бірге

еңбек

етейік!»

1-топ: «Мейірімді іс- ірекеттер» топтастыру.

2- топ: «Мейірімділік гүлі» аппликация.

3- топ: «Мейірімділік символы» сурет салу.

«Қар кесегі»

Мейірімділік бастауы –

ана жүрегі, аялы алақаны.

Сәттілік тілеймін!!!

Презентация на тему Мейірімділік – асыл қасиет

Содержание

  • 1.

    Мейірімділік – асыл қасиет

  • 2.

    «Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы

  • 3.

    Адамдар бір-біріне жылы сезімін

  • 4.

    Мейірімділік – асыл қасиет Жаңа сабақ

  • 8.

    Шаттық шеңбері Ән. «Жан досым»

  • 9.

    Ойланайық, пікірлесейік

  • 11.

    Дәйексөз Мейірімділікті анадан үйрен Халық даналығы

  • 12.

    Шығармашылық жұмыс «Аялы алақан»

  • 13.

    Бейнематериал
    «Мейірім бер, Мейірім бер!»

  • 14.

    Ойланайық, пікірлесейік!

  • 15.

    «Мейірімділік» сөзін қалай түсіндірер едіңіздер? Мейірімділікті қалай

  • 16.

    Тыныштық сәті «Мейірімділік»

  • 17.

    Тренинг «Болады-болмайды» «Түс таңдау»

  • 18.

    Топтық

  • 19.

    Ойын
    «Кім және не мейірімді?»

  • 20.

    Күлімдеген…… мейірімді (күн)

  • 21.

    Жүректен –жүрекке
    «Жылы сөз»

  • 22.

    Үйге тапсырма:

    «Мейірімділік-асыл қасиет»
    тақырыбына шығарма жазу.

  • 23.
    Скачать презентацию

  • 24.
    Похожие презентации

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Сара Алпысқызы Назарбаева

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»


Слайд 2
«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа,

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып

өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі.
Сара Алпысқызы Назарбаева


Слайд 3

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

арқылы мейірімділік таныта алады.


Слайд 4
Мейірімділік – асыл
қасиет
Жаңа сабақ

Мейірімділік – асыл қасиет Жаңа сабақ


Слайд 5

Білімділік: Білімгерлердің мейірімділік, қайырымдылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам

Білімділік: Білімгерлердің мейірімділік, қайырымдылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;Дамытушылық: Өзара сыйластық

өміріндегі маңызын түсіндіру;
Дамытушылық:
Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
Тәрбиелік:
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты


Слайд 6

Шаттық шеңбері
Мейірімділік
шуағы

Шаттық шеңбері Мейірімділікшуағы


Слайд 7

Қамқорлық жасау 
 Жағдайын

Қамқорлық жасау
Жағдайын білу
Дос болу
Ақкөңіл Жаны таза
Бауырмал
жылы жүректі
Шынайы Көмектесу
Жаныашу


Слайд 8

Шаттық шеңбері
Ән. «Жан досым»

Шаттық шеңбері   Ән. «Жан досым»


Слайд 10

Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын,

Мәтінмен жұмыс   Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.

ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.
Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.
«Мейірімділік, махаббат , қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады» (Шәкәрім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін мейірім етсең-мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке зор мән берген екен.


Слайд 11
Дәйексөз

Мейірімділікті анадан үйрен

Халық даналығы

ДәйексөзМейірімділікті анадан үйрен   Халық даналығы


Слайд 12
Шығармашылық жұмыс
«Аялы алақан»

Шығармашылық жұмыс   «Аялы алақан»


Слайд 13
Бейнематериал
«Мейірім бер, Мейірім бер!»

Бейнематериал 
 «Мейірім бер, Мейірім бер!»


Слайд 15
«Мейірімділік» сөзін қалай түсіндірер едіңіздер?
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Мейірімге кімдер мұқтаж?
«Мейірімді адам»

«Мейірімділік» сөзін қалай түсіндірер едіңіздер?Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?Мейірімге кімдер мұқтаж?«Мейірімді адам» деп қандай адамды айтуға болады??

деп қандай адамды айтуға болады?

?


Слайд 17
Тренинг
«Болады-болмайды»

«Түс таңдау»

Тренинг«Болады-болмайды»   «Түс таңдау»


Слайд 18

Топтық жұмыс.

1-ші топ

Топтық жұмыс.  1-ші топ «Мейірімділік» тақырыбына эссе жазу2-ші топ «Жанашырлық» тақырыбына

«Мейірімділік» тақырыбына эссе жазу
2-ші топ «Жанашырлық» тақырыбына жағдаят ойластыру
3-ші топ «Қайырымдылық» тақырыбына сахналық қойылым ұйымдастыру


Слайд 20
Күлімдеген…… мейірімді (күн)

Күлімдеген…… мейірімді
Таза мөлдір….. мейірімді
Аяулы…… мейірімді.
Әлпештеген .

Күлімдеген...... мейірімді (күн)
 
 
 
 
 
 
 
 
 Күлімдеген...... мейірімді 
 Таза

….. мейірімді
Жылы жүзді……. мейірімді
Қадірлі……. мейірімді
Тату-тәтті…… мейірімді
Бәрімізді көтеріп тұрған….. мейірімді
Қамқор болған…… мейірімді


Слайд 22

Үйге тапсырма:

«Мейірімділік-асыл қасиет»
тақырыбына шығарма жазу.

Үйге тапсырма:
 
 «Мейірімділік-асыл қасиет» 
 тақырыбына шығарма жазу.


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мейірімді ж?рек сценарий
  • Межсайтовое выполнение сценариев это
  • Межрегиональный фольклорный праздник троицкие гуляния
  • Межрегиональный праздник алтайского народа эл ойын
  • Межнациональный праздник это