Мейірімділік ж?ректен сценарий

Ж?регі?менен сезбесе??лемні? сырын ??пайсын.К?зіммен к?рем дегенменБарлы?ын бай?ап шы?пайсын.Жан-жа?ына н?р шашыпАрайлап жар?ын та? атса,Жер бетінде жай?алып,К?

Тақырыбы:  Жүректен шыққан мейірімділік

Тақырыбы:

Жүректен шыққан

мейірімділік

«Жүрегіңменен сезбесең Әлемнің сырын ұқпайсын. Көзіммен көрем дегенмен Барлығын байқап шықпайсын (РУДАКИ)

«Жүрегіңменен сезбесең

Әлемнің сырын ұқпайсын.

Көзіммен көрем дегенмен

Барлығын байқап шықпайсын

(РУДАКИ)

Жан-жағына нұр шашып Арайлап жарқын таң атса, Жер бетінде жайқалып, Көгеріп өссе көк майса, Жүрегім жыли бастайды. Оралғанда сапардан Алдымнан жақын жан шықса, Кездескенде достарым Құшағын маған кең ашса, Жүрегім жыли бастайды.

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді.

Жағдаятты талдау: Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу. Сен бір құшақ газет – журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің...

Жағдаятты талдау:

Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.

Сен бір құшақ газет –

журнал көтеріп,

келе жатқан хат тасушыға

кездестің…

Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті....

Анаң ас пісіріп жатыр,

ал інің мазасызданып кетті….

Сен аулаға ролик тебуге шықтың ал досыңның ролигі жоқ...

Сен аулаға ролик тебуге шықтың

ал досыңның ролигі жоқ…

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» ДәйексөЗ

«Жақсының жақсылығын айт,

нұры тасысын»

ДәйексөЗ

1995 жылы «Бөбек» қорының орталығы қаланды.

1995 жылы «Бөбек» қорының орталығы қаланды.

2001 жылы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасын әзірлеуді ұсынды.

2001 жылы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасын әзірлеуді ұсынды.

2002 жылы «Бөбек» орталығында «Өзін-өзі» тану эксперименттік мектеп-гимназиясы ашылды.

2002 жылы «Бөбек» орталығында «Өзін-өзі» тану эксперименттік мектеп-гимназиясы ашылды.

2003 жылы «Бөбек» орталығы Өнеркәсіп ынтымақтығы ассоциясының «Білім және ғылым» номинациясы бойынша Алтын медальмен марапатталды

2003 жылы «Бөбек» орталығы Өнеркәсіп ынтымақтығы ассоциясының «Білім және ғылым» номинациясы бойынша Алтын медальмен марапатталды

2006 жылы «Өзін-өзі тану» пәнінің Мемлекеттік стандарты бекітілді

2006 жылы «Өзін-өзі тану» пәнінің Мемлекеттік стандарты бекітілді

2010 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізу басталды.

2010 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізу басталды.

Ойлан тап: Мақалды аяқта Мейірімділікті ...... үйрен Мейірімділік-............ мейірімсіздік- білектен Көп тыңда, аз ....... ............... – кісінің көркі Ұлық болсаң- .......... бол

Ойлан тап: Мақалды аяқта

Мейірімділікті …… үйрен

Мейірімділік-………… мейірімсіздік- білектен

Көп тыңда, аз …….

…………… – кісінің көркі

Ұлық болсаң- ………. бол

Күлімдеген күн мейірімді!  Кіршіксіз ақ қар мейірімді!  Таза мөлдір су мейірімді!  Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!  Аяулы анам мейірімді!  Қадірлі әкем мейірімді!  Әлпештеген әжем мейірімді!  Еркелеткен атам мейірімді!  Жылы жүзді ұстазым мейірімді!  Тату-тәтті достарым мейірімді!

Күлімдеген күн мейірімді! Кіршіксіз ақ қар мейірімді! Таза мөлдір су мейірімді! Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді! Аяулы анам мейірімді! Қадірлі әкем мейірімді! Әлпештеген әжем мейірімді! Еркелеткен атам мейірімді! Жылы жүзді ұстазым мейірімді! Тату-тәтті достарым мейірімді!

Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару; психологиялық дайындық; шаттық шеңбері, сәлемдесу.

Мұғалім: Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мейірімділік-асыл қасиет» Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді, балалар,  менің  айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Ән: «Күлімде, күн, күлімде»

Мұғалім:Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, қол соғып қояйық.

Жаңа сабақ: Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Енді, балалар, «Сары тауық пен балапандары» деген әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық.

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
— Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

— Ол тым жас.

— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

— Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

— Мен,-деді тұңғышы.

— Мен барайын?-деді оған тетелесі.

— Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

— Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

— Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

— Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақтар:

1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім:Тапсырма: (интербелсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің  бойында бар қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз.

«Болады-болмайды» тренингі (Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

Мейірімді болуға …. (болады),

 Кешірімді болуға …. (болады),

 Қатыгез  болуға …. (болмайды),

 Тәртіпті болуға …. (болады),

 Әдепті болуға …. (болады),

 Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

 Сыпайы болуға …. (болады),

 Қайырымды болуға …. (болады),

 Бұзық болуға …. (болмайды),

 Бауырмал болуға …. (болады),

 Ақылды болуға ….. (болады),

 Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

 Шыншыл  болуға …. (болады),

 Арам болуға …. (болмайды),

 Маман болуға …. (болады),

 Жаман болуға …. (болмайды),

 Айтпақшы,

 Жаман болуға ….! (болмайды).

Мұғалім: Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор, мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді? (оқушылар жауабы)

— Дұрыс, балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  ата-аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

              кішіпейіл                     мейірімді                       бауырмал                       

              сыпайы                                                                 кешірімді

                                                         Ана                                                                   

                    әдепті                        жақсы                    жанашыр

Дәйексөз: Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

  Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да, ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су)

Бәрімізді көтеріп тұрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)

Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)

Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім: Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше,  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту: Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)

-Дұрыс, балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар, барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар  бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай  жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза, сен ғажайыпсың, Ақжол, сен ақкөңілсің т.б».

Умиралиева Шолпан Батырбековна

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Біз бүгінгі тренингімізде адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір — біріне деген мейірімділігі — әдептілік белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

“ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім)

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық   секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан.  Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең- мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

Ойланайық, пікірлесейік

1.Мейірімділік деген не?

2.Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?

3.Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?

Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу .

Нақыл сөздер

«Мейірімділік- жүректен»  (Халық  даналығы)

“Мейрімділікті анадан үйрен” ( Халық даналығы)

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.

Мақал- сөздің мәйегі

1.Ата-асқар тау Ана(бауырыңдағы бұлағың)

2.Ұлың өссе, Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)

Қызың өссе (Қызы үлгілімен ауылдас бол.)

3 Бала жас шыбық сияқты-(қалай исең солай  иіледі).

4.Бала жақсы болса-(қуаныш ,жаман болса-қиналыс.)

5.Ерлі- зайыптылар тату болса-(үйге береке, араз болса-елге келеке)

6.Анасы қандай болса-(баласы сондай)

7.Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

“Мейірімділік” кестесі

Мейірімді істер Мейірімді адамның қасиеттері

Шығармашылық жұмыс

Мейірімділік шуағы тақырыбында ақын,жазушы ретінде өлең,әңгіме жазу,       суретші ретінде сурет салу.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, ынтымақ, бірлік  достық.

Күлімдеген күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
— Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату — тәтті достарым мейірімді!

Мейірімділік дегеніміз:

  • Мейірімділік рахметті күтпейтін, өз істерінің бағалауын,

аталуын талап етпейтін сезім;

  • Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық,
  • кең пейілдік, жанашырлық.

Ізгі ниет секілді қасиеттер;

  • Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылығын,
  • ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі;
  • Мейірімділік- адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп,
  • тек жақсылық ойлау,
  • игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы;
  • Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды;
  • Мейірімділік махаббат, қайырымдылық,
  • алдық секілді ақ жүректен шығады;

« Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір — біріне деген жақсы тілектерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,
Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» — деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.

Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың  тақырыбы : «Мейірімділік – ізгіліктің жолы.»

Сыныбы : 8 «а»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мейірімділік қасиеттерінің құндылықтарын ашу және түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға адам өміріндегі мейірімділіктің маңыздылығын түсіндіру.
  • Өмірге деген құштарлығын,ниетін ояту және өзара сыйластықты дамыту.
  • Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге және мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: слайд,үнтаспа,бейне таспа, ормал,ақ қағаздар,  түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Әдіс –тәсілі: түсіндіру,әңгімелеу,пікір алмасу,ертегі терапиясы,жаттығулар.

 Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңберге жинап:

-қане,балалар,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,шеңбер құрып тұра қалайық!

 Күлімдеп күн бүгін(қолдарын көтереді)

Қарады маған да  (қолдарын кеуделеріне қояды

Күлімдеп күн бүгін(қасындағы балаға қарайды)     

Қарады саған да  

Шуақпен төгіп нұр.              

Kүн нүpындaй көңiлiм,

Дaлaмдaй кeң пeйiлiм.

Жүpeгiм тoлы мeйipiм,

Бәpiнe opтaқ шyaғым.

Мейірімді  бoлaмын!

            Ой қозғау Оқушыларға бейне таспа ұсынылады .Ол сюжетте не бейнеленгені туралы оқушылардан сұраймын .

-Олай болса сол сөздің антонимын айтып беріңдерші?

— Ол мейірімділік,сезім,қайырымдылық –деп оқушылар жауап береді.

— Олай  болса ол қасиеттердің барлығын бір сөзбен –«мейірімділік» дейміз.

-Біз бүгін сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейрімділік туралы әңгіме қозғаймыз.

Жаңа ақпарат

«Мейірімділік» ― адамдар бір-бріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу.

 Мейірімі мол ананың Жүрегі жылы, қолы кең. Кең пейілді атаның Жүзі жылы, жолы кең .Олай болса адамдардың бір-біріне деген мерей шапағаты –ол әдептіліктің белгісі және ізгіліктің жолы болып табылады.

Әңгiмeлeceйiк

-Бaлaлap,ceндep мейірімді болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

-Мейірімділік пен адамгершіліктің  айырмашылығы бар ма?

— Мейірімділік жануарларға тән қасиет пе?

Oқyшылapдың жayaбы:

—    Kүлiмдeгeн күн мeйipiмдi!

—    Kipшiкciз aқ қap мeйipiмдi!

—    Taзa мөлдip cy мeйipiмдi!

—    Aяyлы aнaм мeйipiмдi!

—    Әлпeштeгeн әкeм мeйipiмдi!

—    Epкeлeткeн aтaм мeйipiмдi!

—    Жылы жүздi ұcтaзым мeйipiмдi!

—    Taтy-тәттi дocтapым мeйipiмдi!

Шығармашылық жұмыс :Ертегі терапиясы.

Оқушылар дәптерлеріне тақтада слайд арқылы көрсетілген эмоцияларға байланысты ертегі құрастырады.Олар: қуаныш,махаббат,тыныштық,

мейірімділік,қызғаныш,ашу,бақыт,батылдылық,қорқыныш. Осы ертегіні құрастыра отырып оқушылар өздеріне не түйгендігі  туралы оқып береді.

-өмірде барлығы бірге жүреді,өз өмірің өз қолыңда ,сондықтан да бақытты болғың келсе мейірімділікпен барлығын жеңуге болатынын ұмытпаңдар балалар!

Дәйексөзбен жұмыс «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын оқушылармен талдау жұмысын жалғастыру.

Ойын

Оқушылардың мейірімді болуға үйрету масатында «Орамал» ойынын ұйымдастырылады.Оқушылар шеңберге тұрады, жүргізуші орамалды алып кез келген бір оқушының мойнына тағады жылы тілегін айтып,орамал тағылған бала келесі оқушыға өз орамалын ұсынады ,солай ойын жалғаса береді.

Ойынды көңілді әуенмен өткізуге болады.

Ойлан тап  «Мақалды аяқта»

Оқушыларға мақалдар оқылады сол мақалдың ойын жалғастыру қажет.

1.Мейірімділікті  (анадан)үйрен

  1. Мейірімділік – (жүректен), мейірімсіздік — білектен.
  2. Көп тыңда, аз (сөйле.)
  3. (Кішіпейілділік )- кісінің көркі.

5.Ұлық болсаң – (кішік )бол.

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма .Оқушылар дәптерлеріне «Мен мейірімді боламын» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

Жүректен жүрекке

Oқyшылap  қoлдapынa ақ парақты алып өз қолдарының силуэтін салып жақсы  бір қасиетін жазады.Ақ қағаздың жоғарғы жағына оқушы өз атын жазып қояды.Мұғалім қолымен бір рет шапалақтаған кезде, оқушылар қағаздарын бір –бірлеріне беріп жаныныдаға оқушының жақсы қасиетін жазады. Mыcaлы: ceнiң  барыңа ризамын, себебі ……………………… Барлық оқушылар жазып болған соң,жазылған қағазды өздеріне ескерткіш ретінде алып қалады. Oқyшылap мұғaлiммeн бipгe шeңбepгe түpып қoл ұcтacып xopмeн aйтaды.

Pизaмын ,pизaмын, pизaмын бүгiнгi күнгe !

Pизaмын ,pизaмын, pизaмын қазipгe !

Дереккөз: tak-to-ent.net

Басқа да материалдар: 

  1. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

  2. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі

  3. «Қызықты математика» үйірме жоспары 
  4. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары

  5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мейірімділік асыл ?асиет сценарий
  • Мейірімді ж?рек сценарий
  • Межсайтовое выполнение сценариев это
  • Межрегиональный фольклорный праздник троицкие гуляния
  • Межрегиональный праздник алтайского народа эл ойын