Мекемені? ашылу салтанатына арнал?ан сценарий

Сценарий открытия школьного лагеря 

Абай атындағы орта мектебінің «Балауса» сауықтыру демалыс лагерінің  жабылу салтанатының сценариі
(Фанфары)

 -Лагерь! Сап түзеп тік тұр!
Жүргізуші: Қайырлы таң! Қадірменді ұстаздар, лагерде дем алушы бүлдіршін балалар! Абай атындағы орта мектебінің «Балауса» сауықтыру лагерінің  жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

-Балалық шақтың бал аралы «Балауса» аралында өнерлі де талантты балалардың басы қосылған ғажайып мекенде салтанатты кешімізді бастаймыз!

Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
Жазғы лагерді жабамыз
Бәрлерінді шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз

Жүргізуші: 

Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел белгі де,ерлік,елдік,өнер де
Жақандағы ең жауынгер халыққа 
Кім сенеді ту болмады дегенде

http://tonkosti.ru/images/a/ae/%D0%A4%D0%BB%D0%B0%D0%B3_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD.png

-Лагерь, сап түзеп тік тұр!

-Мектеп туы кіргізілуге дайындалсын!

-Мектеп туы кіргізілсын!

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  орындалады

Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Найля Кеңесқызына береміз!

(Лагерде белсенділік танытқан барлық тәлімгерлер марапатталады)

Жүргізуші: 

Ерсайын Жадыра орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар!

http://joyous-baby.ru/d/292680/d/x_0aa4cd15.jpg

-Лагерь, туға қарап сап түзе!

-Топтардың ту алмасу салтанатына назар аударыңыздар!

Келесі құттықтау сөз кезегі тәрбиешілер атынан Қонысова Бахытгүлге жолданады.


Барлық тәлімгерлерді ортаға шақырамыз!http://stat20.privet.ru/lr/0c09c75445874e95cc0e2b828a283232

Лагерь тынуғушылар орындауындағы Флешмобты тамашалаңыздар!

Келесі сөз кезегі легерь тәлімгерлері атынан Газизова Асылайға беріледі.

http://tonkosti.ru/images/a/ae/%D0%A4%D0%BB%D0%B0%D0%B3_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD.png

-Лагерь, сап түзеп тік тұр!

-Мектеп туы шығарылуға дайындалсын!

-Мектеп туы шығарылсын!

Осымен лагердің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті.Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Мектеп спортзалының салтанатты ашылуының сценарийі

Күні: 1 желтоқсан

Орны: мектеп спортзалы

Қатысушылар: мектеп ұжымы, оқушылар, қонақтар

Жүргізушілер:

Бағдарламасы:

Қонақтарды қарсы алу 10.00-11.00-де

Іс-шара 11.00-11.40

Спорттық шаралар 12.00-14.00

Шақырылған қонақтар:

Педагогикалық еңбек ардагерлері:

Демеушілер:

Әкімшілік:

Күй ойнап тұрады

1 ведущий: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қаратал орта мектебіне қош келдіңіздер!

2 ведущий:  Уважаемые гости! Сегодня мы все станем участниками исторического момента, большого события в жизни нашего села-открытия дополнительного корпуса школы.

2 ведущий: Осы салтанатты рәсімді орындау аудан әкімі _______________________пен Қазақстан Республикасының еңбек ардагері ____________________________________________беріледі.

2 ведущий: Теперь, уважаемые гости просим пройти в зал.

1 жүргізуші:Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.

Ел тынысын тереңінен танып кең,Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен.

2 жүргізуші: Казахстан – единое многонациональное государство. Развитие и процветание Казахстана – это колоссальный труд Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева – политического деятеля мирового масштаба. Прогресс Казахстана за годы независимости стал возможен благодаря лидерству Президента. Республику отличают высокие темпы экономического роста, стабильность совершенно нового становления общества.

Свободен, величествен и первоздан,

Звезде подобный средь земель и стран,

Кюй счастья ты наигрываешь звонко,

Родной мой лучезарный Казахстан!

«Жігіттер» тобының орындауында «Жаса,Қазақстан!» әні

1 жүргізуші: Бүгінгі күн біздер үшін ерекше, себебі: аудан әкімінің бастамасымен және қолдауымен қосымша оқу кабинеттері – ұлдар мен қыздарға арналған технология, мектеп алды даярлық кабинеттері әзірленсе, шағын орталық қайтадан жаңартылды. Ең бастысы біз армандаған спортзал ашылмақшы. Сондықтан аса ерекше құрметпен _____________,құттықтау сөзді Сізге береміз.

Қыздардың орындауында «Спорттық би».

1 жүргізуші:Әр баланың балаң жүрегіне мейірімділік нұрын ұялатып, оның болашаққа деген үлкен сенімі мен үмітін үкілеп беретін,ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Олай болса сөз кезегін _______________________________.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған да, табыстырған да тұлға.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз қазақ елінің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгілеген саңлақ саясаткер.

Оқушы: менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көреген көшбасшы.

Оқушы: Менің Президентім-ұлттық тіліміз бен дәстүрлі дініміздің берік қорғаны.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің ғылыми болашағы — жастарымыздың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршысы.

Оқушы: Дети мира – это мы!

Так сказал наш президент.

И об этом пусть узнает каждый континент.

Мы хотим, чтоб наша дружба,

Еще крепче стала.

В 21 век шагнула

Юность Казахстана!

1 жүргізуші: Ел ағалары әрқашан жас ұрпақты бірлікке, елжандылыққа тәрбиелеуге баса назар аударған. Төле би бабамыздың: «Жүзге бөлінгеннің жүзі қара» деген аталы сөзі бар. Сондай-ақ, табиғатынан дарынды қазақ халқында: «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» дейтін ауызбіршілікке шақыратын жалынды сөз кездеседі. Бұл аталы да, баталы сөздер әр қазақтың жүрегінен орын алуы керек деген ниетпен келесі сөз кезегін ҚР еңбек арддагері медалінің иегері ___________________________________ береміз.

Ән «Қазақ елі» (_____________________)

2 жүргізуші:На базе нашей школы занимаются секции футбола, легкой атлетики, гиревого спорта, армрестлинга.При школе функционирует хоккейный корт. В спортивном зале уже 5 лет работает секция по греко-римской борьбе, под руководством директора Детско-Юношеской Спортивной Школы района ________________, мастера спорта СССР по греко-римской борьбе _________________________________.

2 жүргізуші:

Денсаулық ол- шыныққан

Барлық дене мүшесі.

1 жүргізуші:

Денсаулық ол -тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

2 жүргізуші:

Денсаулық ол- күлуің

Көңіл — күйің жадырай,

1 жүргізуші:

Денсаулық ол- жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

2 жүргізуші:

Спорт, ребята, очень нужен,Мы со спортом крепко дружим.

1 жүргізуші:

Спорт – помощник!Спорт – здоровье!Спорт – игра!

Бірге: Физкульт – ура!

2 жүргізуші: Спорттық жетістіктер шеруі.

(Под музыку спортсмены выносят Кубки и медали, завоёванные спортсменами школы, ведущие называют имена спортсменов, их заслуги, затем – за какую победу получен Кубок или медаль)

Халық Арай-призер района по греко-римской борьбе и армрестлингу, член сборной района

Зикрин Арман-грек-рим күресінен аудан жүлдегері, аудан құрама командасының мүшесі

Казбеков Жанибек-призер района по футбола

Бейбутов Ансаган-футболдан аудан жүлдегері

Рустемова Диана-чемпион района по настольному теннису, член сборной района по футболу

Айтжанов Ермахан-грек-рим күресінен, футболдан аудан жүлдегері, аудан құрама командасының мүшесі

Жумашев Аскарбек-грек-рим күресінен аудан жүлдегері

Рашев Руфат-призер района по греко-римской борьбе

Салимов Ерлан-грек-рим күресінен, футболдан аудан жүлдегері

Кайырбек Сания- чемпион района по армрестлингу

Сонымен қоса мектептің құрама командасы

2014 жылы қыздар командасы аудандық футзал ойындарында 3 орынға ие болды

В 1 этапе областного турнира детской спортивной игры «Я-чемпион»команда школы заняла 2 место

Аудандық «Жасұлан-2014» сапта тұрып ән айту байқауында — 1 орынға ие болды

2015 жылы грек-рим күресінен аудандық жарыста – 1 орын алды

В районных соревнованиях по футболу — 3 место

аудандық футзал ойындарынан – 2 орын

Аудандық «Жасұлан-2015» сапта тұрып ән айту байқауында — 1 орын.

1 жүргізуші: Өлеңге әркімнің ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы» — деп Абай атамыз жырлағандай,

жақсы лебізін естімекке сөз кезегін аудандық білім бөлімінің басшысы _________________________________________ береміз.

Ән «Көк тудың желбірегені!»

Балалардың қолдарында жалаушалар, шарлар

Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесіне байланысты халыққа сөзін арнаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ерте заманның өзінде біздің бабаларымыз денсаулықты зор байлық деп ұққан. Бағзы заманда айтылған өсиеттен ауытқымаған мемлектіміз, азаматтардың рухтық берік және ден саулығының мықты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап отыр». «Тек денсаулығы мықты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті. Сондықтана да, біздің мемлектіміздің стратегиялық бақыттағы саясатының бірі бұқаралық спорт қозғалысын дамыту болып саналады. Биылғы жылғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауымда мен – 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту қажеттігін аса маңызды міндеттің  бірі етіп айттым», — деді Қазақстан Президенті. Сурет ҚР Президентінің баспасөз қызметінен алынды, мұрағат

«Бекітемін»

№55 «Қыран» балабақша директоры

___________Утесинов М.Ж

« »___________2018ж.

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 «Қыран» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің салтанатты ашылу сценарийі

Жүргізуші: 

Ауылым той деп бүгін жар саламыз,

Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.

Армысыздар қадірлі ата – аналарым,

Армысыздар кіп – кішкентай балапаным.

Құтты болсын деп айтамыз бүлдіршінге,

Бақшамызға нық – нық басқан қадамдарың.

Балабақша – менің жарқын көңілім,

Балабақша шаттық толы өмірім.

Балабақша әнім боп та көріндің,

Балабақша анам боп та көріндің, -дей отырып, бүгін №55 «Қыран » балабақшаның ашылуына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: 

Қазір тәрбие мәселесіне ерекше назар аударар шақ туды. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында тиісті тәрбиеге баулу өте маңызды мәселеге айналып отыр. Сол себептен облысымыздың әр ауданы мен ауылында балабақшалар ашылып халықты қуанышқа бөлеп отыр. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін үлкен жетістіктердің бір.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы жолдауы аясында қайта ашылып жатқан балабақшаларға ерекше қолдау көрсетіп жатқан облыс әкімі______________________ мырзаға алғасамызды айтамыз.

Құттықтау сөз ______________________ мырзаға беріледі.

Жүргізуші : 

Балабақша босағасы – бұл бір шың,

Сонда өседі , қанат қағып бүлдіршін.

Еліміздің Президенті ертеңгі,

Балабақшада жүр ме екен кім білсін.

7 топ тәрбиеленушісі Сәрсенбай Көркем Ықыласқызының орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстаным!» өлеңі.

Жүргізуші : 

Бала тәрбиесі – ол үлкен және жауапты іс. «Баланы бесіктен» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Баланы қай нәрсеге болса жасынан үйреткен жақсы. Әсіресе елін сүюге, имандылыққа , қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді №55«Қыран» балабақшасының тәрбиешілері беретініне сенеміз.

Келесі құттықтау сөзді балабақшамыздың ата-анасы_____________________________береміз.

Жүргізуші : 

Бүгінгі күн әр баланың, әр азаматтың жүрегінде. Тәрбиенің негізгі қалаушысы- балабақша. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз.ендеше кішкентай балғындарымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Бала:

Ата – анамның күнімін,

Туған елдің гүлімін.

Тілім де бал, өзім бал,

Балдай тәтті қылығым.

Бала:

Good night, Good night,

My little child.

Wake up gay and bright.

In the morning light.

Бала:

Про наш веселый детский сад,

Мы гоорим с теплом.

За годом год для всех ребят,

За годом год для все ребят!

Құрметті бүгінгі ашылу салтанатына жиналған қонақтар!

№55 «Қыран» балабақшамыздың бүлдіршіндерінің қадамы құтты болсын, балабақшаның ашылу салтанатының лентасын кесу құрметін Маңғыстау облысының әкімі ______________________ мырзаға ұсынамыз.

«Тілім менің тірлігімнің айғағы»

атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының

СЦЕНАРИЙІ

1-жүргізуші:   Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!

2-  жүргізуші:   « 22 кыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне  арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

2-  жүргізуші:   :   Тіл-  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

1-жүргізуші:   Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.

Камшат апай сөйлейді

1-жүргізуші:   Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.

2-  жүргізуші:   Олай болса сені тыңдалық

1-жүргізуші:  

Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,

Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.

2-  жүргізуші:   Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  әдемі өлең жолдарын оқып берейін:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?

2-  жүргізуші:   Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға                                        әнімен

                                                                                      шақырамыз.

Ән айтылады

1-жүргізуші:  

Ана тілім — ана күтім арым менің

Сәулетім — сая бағым , сәнім менің

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.

2-  жүргізуші:  

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы                                                                             

шақырғым келіп отыр.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Әнсіз мына өмірдің несі көктем,

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын  әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!

Ән айтылады

1-жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

2-жүргізуші:

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

1-жүргізуші:

Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға

шақырамын.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.

2-жүргізуші:

Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.

1-жүргізуші:

Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған

неге кезекті бермеске…

2-жүргізуші:

Қарсы алыңыздар!

Ән айтылады

2-жүргізуші:

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.

1-жүргізуші:

Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін

қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-жүргізуші:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2-жүргізуші:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

1-жүргізуші:

Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар!

Мектеп дәлізі тақырыпқа сай безендірілген, ескерткіш, қызыл дорожка

1-жүргізуші

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық мерей тойына және мектебіміздің 10 жылдық мерей тойына орай Ахмет ескерткішінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жөн сілтедім жақын емес , алысқа

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда

Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»

«Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп ақындарымыз айтқандай адамдық диқаншысы-Ахмет Байтұрсынұлы еді…

Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың аруағына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық…

1-жүргізуші

Ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішінің ашылу салтанаты мектеп директоры Кенжеков Сансызбай Домбайұлы мен Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және даярлау институтының директоры Измуханбетовнаға Софья Салахадинқызына беріледі

Ескерткіш ашылу салтанаты (музыка). Гүлшоқтарын қою..

2-жүргізуші

Сөз кезегін мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, мұражай меңгерушсі – Есентемиров Тілеген Наурызбайұлына беріледі.

1-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы…

2-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңыдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан  1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше  буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

1-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында  емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 жылы  “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 жылы “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.  А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану  ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.

2-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан  1922 жылға  дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятты

1-оқушы

Оқуға шақыру

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

2-оқушы

Ахмет Байтұрсынұлына арнау

Қасиетті асыл мұра көздерім,

Сауатсызға күрес ашқан өздерің.

Тұған елге ана тілді мирас қып,

Ел есінде сүргін болған кездерің.

Әліпбиден оқулыққа жол ашқан,

Арабшасы қазақшаға жанасқан.

Ұлы ғалым сен өлмейсің мәңгілік,

Байтұрсынұлы Ахметтен кім асқан?!

Мұхиттан гауhар таптың қазақ елге,

Тот баспас алтын әріп соққан желге.

Инемен құдық қазған білім деген,

Айналды ұл-қыздарың кемеңгерге!

1-жүргізуші

Ахмет-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахметті өзінің басшысы деп санайды. Ахмет ашқан қазақ мектебі, Ахмет түрлеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-болып істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

2-жүргізуші

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,            

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін     

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын                

 Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.   

  А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек.           

Мектебіміздің төрінен орын тепкен Ахмет атамыздың ескерткіші — оның өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа мәңгілік өнеге етіп жалғастырмақшы. Ахмет Байтұрсынұлы рухына тағзым ете отырып, бүгінгі ескерткіш ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тәмамдаймыз!

  • Басты бет
  • Материалдар
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • Басқа
  • Қазақстан тарихы
  • ашылу салтанаты

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

ашылу салтанаты

Материал жайлы қысқаша түсінік:

әріптестермен тәжірибе алмасу

Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

ашылу салтанаты

Адилбаева Батес Абилкасымовна

Түркістан оьлысы Шымкент қаласы Абай ауданы №60 жалпы орта білім беретін мектебі тарих пәнінің мұғалімі

26.12.2018

746

1

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

22.06.2017

«Балдәурен»  лагерінің

салтанатты ашылуы.

I жүргізуші: Қайырлы күн!

Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар «Балдәурен» сауықтыру

легерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Қазақстан

Тәуелсіз ел екенбіз.

Жоғалмасын ешқашан берекеміз

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз

Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз

Аға тәлімгер:

Жиын!

Сап түзе! Тік тұр! «Балдәурен» сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына орай ҚР

мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұран

орындалады.)

Топ басшылары хабарлама беруге дайындалсын!

Балдәурен тобы

( топтың аты, ұраны, әні таныстырылады.)

Рапорт

Аға тәлімгер, «Айгөлек»

сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына Кен негізгі мектебінің Балдәурен тобы

дайын.Хабарлама беруші ——————————

Аға тәлімгер: Лагерь сап

түзел! Тік тұр!

Лагерь әні: Әр қашан күн сөнбесін!

Аға тәлімгер: Хабарлама

қабылданады.Еркін тұр!

Аға тәлімгер: Еркін тұрындар!

I жүргізуші:

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

II жүргізуші: «Балдәурен» сауықтандыру

лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Кадиров ЖБ. беріледі.

I жүргізуші:

Бүгін қызық,бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Дөңгеленсін би-билеп

Жалғастырсын ойды-ой

« Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі.

      Мен сендерге

жұмбақ жасырамын. Ал сендер оның дұрыс жауабын анықтап, үш тілде айтыңдар.

1.Білімнен мол сый –асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school )

2.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )

3.Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер, тетрадь,notebook)

4.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау,bell )

5.Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе жабыстырып.

Жымдастырған жігін де,

Байқамайсың түгін де. (желім, клей,stick)

6.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)

7.Оқуыма төреші,

Тоқуыма төреші, Парақтасам байқалар,

Білімімнің өресі,

Онда

және жазылған ,

Кестем

де бар келесі. (күнделік, дневник, diary)

8.Ақыл-ойдың

шырағы,

Зәулiм

көктей шынары.

Биiгiне

бойлаған,

9.Қанбайды

адам құмары.  (Бiлiм, знание,)

Оқу-бiлiм

аспабы,

Қоймасының

бас қабы.

Бөлмесi де

бiрнешеу,

Тиегi бар

ашпалы.   (Портфель,bag)

10.Қырық екi жауынгер,                                                                     

Сапын

түзеп тұрады.

Бұлдiршiндер

Қауымды

ел,

Сырын

терең ұғады. 

(әліпби,Алфавит,alfabet)                                                                       

   11.Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта,board)

12.Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтiн,

Ол қазына өлмейтiн.    (Кiтап, книга, book)

Ойын: «Соқыр теке»

ойыны

Жұмбақ.

1.Тау басында қара орман, 

Жыл озған сайын ағарған (шаш) 

2.Өткір жүзді келеді, 

Өте қажет құрал ал 

Тұтас затты бөледі, 

Ұсақтап та тұрар ол ( пышақ) 

3.Қате

жазып жаңылсаң 

Тазалайды ол барын сап. ( өшіргіш) 

4.Жазу жазып жалықпаған, 

Жазған сайын арықтаған (бор) 

5.Итке ұқсаған ізін- ай 

Оны қалай десек те 

Ал бір жері қызық -ай 

Ұқсап- ақ тұр есекке ( қоян) 

6.Киім киген инеден 

Қоқып ешкіп тимеген (кірпі) 

7.Дәміде жоқ, түсі жоқ 

Пайдаланбас кісі жоқ ( су) 

Ойын: «Арқан тартыс»

«Қас

– қағым сәтте» әр оқушы 1 минутта 8 сұраққа жауап берілуі қажет. Жауап аталған

әріптен басталуы шарт.

1 оқушы А әрпінен бастау. 

1.

ҚР астанасы? Астана 

2. Қадірлі жан. Ана 

3. Әкеңнің әкесі саған кім болады? Ата

4. Оқулықтың аты? Ана тілі 

5. Ер адам және мұғалім Ағай 

6. Алфавиттің бірінші әрпі? А 

7. Жылқы, басқаша атауы — Ат 

8. Қаланың аты. Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға. 

2 оқушы Қ

әрпінен бастау. 

1. Біздің ұлтымыз Қазақ 

2. Үлкен кісі, ата Қарт 

3. Мемлекеттік тіл Қазақ 

4. Сүттен алынған тағам? Қаймақ 

5. Жылқының сүті? Қымыз 

6. Музыкалық аспап Қобыз 

7. Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан 

8. Мына әріптен басталатын сөз Қ 

3 оқушы  Ж әрпінен бастау. 

1. Далада арқан жатыр, оны қолыңа

алсаң шағып алады. Ол не? Жылан 

2. Күзде не сарғаяды? Жапырақ 

3. Ағаш неліктен қозғалады? Жел 

4. Ат, басқаша атауы Жылқы 

5. Не жауса жер суланады? Жаңбыр 

6. Қыз баланың есімі Жазира

7. Қаланың аты — Жамбыл, Жезқазған 

8. Жыл мезгілі — Жаз 

«Ұйқасын тап» 

Кеше ойнап секіріп, Қанат алды … /

екілік/ 

Өзі жиі дүлдүл, бұл құстың аты … /бұлбұл/ 

Суға қармақ салып, ұстап алдым … /балық/ 

Ойын: «Бес асық ойын»

I  жүргізуші:

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып, шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған

I жүргізуші:

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт!

I жүргізуші: «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге

көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау

болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мейми эйзенхауэр праздники
  • Мейкап на праздник карие глаза
  • Мейірімділік ж?ректен сценарий
  • Мейірімділік асыл ?асиет сценарий
  • Мейірімді ж?рек сценарий