Мектеп аруы бай?ауы сценарий

Мектеп аруы - 2019Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.І жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ханымдар мен мырзалар!ІІ жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар,

Мектеп аруы — 2019
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

І жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ханымдар мен мырзалар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, оқушылар!

І жүргізуші: Қымбатты аналар, аяулы арулар ең алдымен жүректерді жылылық пен мейірімділікке, нәзіктік пен сұлулыққа бөлейтін, абзал аналар мен ару қыздар мерекесі құтты болсын!

ІІ жүргізуші: Бүгін мектебімізде үлкен мереке, баршамыз асыға күткен ең ақылды, ең сұлу, өнерлі де, инабатты ару қыздарымыздың байқауы. « Мектеп аруы — 2019» байқауына қош келдіңіздер»

І жүргізуші: Ал олай болса сахна төріне «Мектеп аруы — 2019» байқауының қатысушы аруларын ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!
(Қатысушылар ортаға шығып билейді.)

ІІ жүргізуші:
Бүгінгі байқауды ұйымдастырушы, «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Жубанышкереева Ақтоты Сүйеуғалиқызын байқауды ашу үшін ортаға шақырамыз!
І жүргізуші: Қыздарымызды реттік нөмір алуға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Ендеше, байқауымыздың кезекті шарттарымен таныс болыңыздар:

1 — кезең «Таныстыру». Бұл кезеңде аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.
І жүргізуші: 2 — кезең « Ақылына көркі сай» кезеңінде сарапшылар мен қонақтардың қойған сұрақтарына жауап береді.
ІІ жүргізуші: 3 — кезең «Қыз еркем, қылығымен көркем» деп аталады, яғни бұл кезеңде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.
І жүргізуші: 4 — кезең «Сұлулық сыры» киім үлгісін көрсету.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың демеушісі, мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Бекманов Салауат Амангелдіұлына алғысымызды білдіреміз.
І жүргізуші: Бүгінгі байқауды бағалайтын көрермендер және сарапшыларымыз. Сарапшылармен таныс болыңыздар!

ІІ жүргізуші: Байқаудың талаптары:
1. Өзін — өзі ұстауы;
2. Сөйлеу мәдениеті;
3. Жүріс – тұрысы;
4. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы;
5. Білім деңгейіне қарай бағалайтын боласыздар.

І жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы — әдепті де әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей келе байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін — өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәріде санасады.
Келесі сұрақ — жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Қыздарымызға сұрақты сарапшылар мен қонақтарымыз қояды.
Бірінші төрттікті ортаға шақырамыз.
1. Қазақ қыздарының сәндік әшекей бұйымдары?
2. «Абай жолы» кітабының авторы кім?
3. Соңғы оқыған кітабыңның авторы, кітаптың аты.
4. Армансыз адам жоқ. Арманыңыз қандай?
Екінші алтылықты шақырамыз.
5. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
6. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
7. Ою өрнектің бір түрін ата?
8. Сәукелені кімдер киеді?
9. Ұлыс күні жасалатын тағам?
10. Өмірдегі үш нәрсе. Неге сен оны таңдадың?
Үшінші төрттікті шақырамыз.
11. Қазақ қыздарының бойында қандай қасиеттер болу керек
12. «Қыз Жібек» фильміндегі Қыз Жібек рөлінің басты кейіпкерін ойнаған актриса кім?
13. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт — дәстүрінде тәрбиелік ұғым, қандай ұстанымды атайды.
14. Абай Құнанбаевтың анасы?

І жүргізуші: Қыздарымыз келесі кезеңге дайын болғанша
ІІ жүргізуші: Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер өнерлінің
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер атты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының – деп сайыскерлеріміздің өнерін тамашалауға шақырамыз.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар байқауға қатысқан қыздарымызға дауыс беру басталды.
Олай болса, бүгінгі байқауымыздың сарапшыларын сахна төріне шақырамыз!
Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Салауат Амангелдұлына береміз.

І жүргізуші: Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән — мереке жолықтырсын аман — сау,
Наурыз кештің шымылдығын жабамыз!
Келесі кездескенше сау — саламатта болыңыздар!


  • Сценарилер
  • admin
  • 06.06.2016
  • 0
  • 1
  • 10940

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
«Ақжайық санаториясы» бастауыш мектебінің пəн мұғалімі
Зекешева Лаззат

Мақсаты: Аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету. Қыздарымыздың бойындағы қасиетиерін , өнерлерін, білімдерін жұрт алдында көрсете білуге баулу.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне біздің мектептің қызғалдақтары. Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Мектеп аруы-2016» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Əділдікпен баға берер аруға,

Əділдікпен қара қылды жаруға.

Əділқазы алқаларын сайлайық

Мектебіміздің аруын таңдап бүгін алуға-деп бүгінгі кешіміздің бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Əлілқазы мүшелерімен таныстыру.

Мұғалім:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық.

(Қыз сыны əуені орындалып тұрады)

Қыздарымызды əуен ырғағымен жеке-жеке таныстыру.

Дəстүрі қазағымның мол болады,

Əрбір сында əртүрлі жол болады.

Қазағымның ескі бір үрдісімен,

Асық алсаң қоржыннан жөн болалы-дей келе аруларымыз келіп реттік нөмірлерін анықтасын.

Даланың терең жұтсаң ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шарасымен.

Бүгін қыздарымыз алты түрлі сынға түседі.

1-кезең: Таныстыру, төсбелгі. (əр сайыскер өзін таныстырады)

2-кезең:  «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

3-кезең:  «Салт дəстүрді білесің бе?» (сұрақ-жауап)

4-кезең:  «Шебердің қолы ортақ» (қағаздан ою қию)

5-кезең: Үй тапсырмасы. «Мерекелік дастархан» (салат жасап əкелу, жасалу жолымен таныстыру)

«Қолөнер» (өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстыру)

6-кезең: «Сұлулық сыры» (сəн үлгісі)

Бағалануы 10 балдық жүйе.

Байқау талаптары:

1. Өзін-өзі ұстауы.

2. Сөйлеу мəдениеті.

3. Жүріс-тұрысы.

1-кезең. Таныстыру.

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой əне үкіңнее,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді

Бірінші кезең бойынша аруларымыз өздерін таныстырады.

2-кезең. «Өнерлінің өрісі кең»

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Қыздар шығып ортаға,

Би де билеп, əн де салып береді.

Екінші кезең бойынша аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

3-кезең. «Салт-дəстүрді білесің бе?»

Жасару, жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан əрбір үйдің арманысың.

Дəл бүгін қанат қағып сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.

Үшінші кезең бойынш асалт-дəстүрге байланысты білімдерін сынайық, сұрақтарға жауап береді. Қыздарымыз ортаға шығып бір-бір шарды жарып ішіндегі сұрақ қажауап береді.

1. Ұлттық аспаптарды ата.
2. Күйші ана кім?
3. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
4. Наурыз көжеге неше түрлі дəм салады?
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай аталады?
7. Бесік жырын білесіз бе, қай кезде айтылады?
8. Киіз үйдің құрылысын ата.
9. Халқымыздың батыр қыздары кімдер?
10. Қыз-келіншектердің əсемдік бұйымдарын ата.
11. «Наурыз» сөзі нені білдіреді?
12. Қыздарға, аналарға байланысты мақал-мəтел айт.

4-кезең. «Шебердің қолы ортақ»

Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің- деп үйреткен аналар.

Арулардың шеберлігін көрейік,

Ал қазылар əділ баға берейік.

Төртінші кезең бойынша аруларымыз қағаздан ою ойып, ою туралы айтып береді.

5-кезең. Үй тапсырмасы. «Мерекелік дастархан»,  «Қолөнері»

Ас көңілдің ажары деген күнім,

Жақсы ғой тағамның да білген сырын.

Көрсетсін келесі сəт қыздарымыз,

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

Бесінші кезең бойынша сайыскерлеріміз дайындап келген салаттарын көрсетіп, жасалу жолын айтады.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Сайыскерлеріміздің өз қолдарынан жасаған бұйымдарын тамашалайық.

6-кезең. «Сұлулық сыры»

Ал, халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сəн үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Əлілдікпен бағаларын берейік.

Алтыншы кезең бойынша қыздарымыз сəн үлгісін көрсетеді

Қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша құттықтау кезегін ұлдарымыздың аналарға арнаған тақпақтарын тамашалайық.

Осыменен сайысымызды тəмамдайық,

Тағы да жарысамыз аман болсақ.

Сөз береміз əділқазы алқасына,

Əрарудың өнерлерін саралайық.

Сөз кезегін əділқазылар алқасына берейік. Қазылар алқасы аруларымызды мадақтап мақтау қағаздарын, сыйлықтар табыс етеді.

Аналар қалқап бақыт аралына,

Лайым мұң баспасын жанарыңды.

Осымен сайысымыз аяқталды.

Гүл бітсін бəріңіздің қадамыңа- дей отырып уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.


«Мектеп аруы –
2016»  04.03.2016.

(дайындық
бағдарламасы)

1-4 сыныптар

1.     Қатысушы
қыздарды аналарының шығармашылық  таныстырулары.

Творческое представление участниц
конкурса их мамами.

2.     Блиц-турнир
(сауалдарға жауаптар беру – тақырыбы: мультфильмдер, тема вопросов —
мультфильмы)

3.     Тақырыптық
би жарысы «Көктем гүлі – қызғалдақ»

Танец с тюльпанами
«Цветок весны – тюльпан»

(Биді өз қолдарымен
ата-аналарының көмегімен жасаған қызғалдақпен орындайды. Танцуют с тюльпаном,
который сделали собственными руками с помощью родителей)

4.     Қолөнер
туындысы – Қызғалдақ. (Гүл мөлшері – 1 күлтесі – А-4 мөлшерінде, сабағының
ұзындығы – 30 см, 2 жасыл жапырағы бар; гүлді өз қалауларына сай кез-келген
материалдан жасауға болады: матадан, қағаздан, целлофаннан, т.б.)

Изделие прикладного
искусства – Тюльпан. (Размер тюльпана – 1 листок цветка – размер А-4, длина
стебля – 30 см, 2 зеленых листка, цветок можно изготовить из любого, на выбор,
материала – ткани, бумаги, гофрированной бумаги, целлофана и т.д. )

5.     «Шарықтау
сәті» байқауы (шығармашылық өнер көрсету)

«Минута славы» творческий
конкурс

6.     «Моя
мама и Я — спортивная семья» 

(спортивный костюм,
совместное прыганье на скакалке)

7. «Менің сүйікті Барбиім» — ойыншыққа қол астындағы
материалдардан тігілген киім үлгілерін көрсету. «Моя любимая Барби» —
демонстрация наряда Барби из сподручных материалов.

8. Подиум. «Кішкентай ханша» — «Маленькая принцесса».

Өтінімдер 301 кабинетте
қабылданады 22.02-24.02.2016 ж. аралығында. Карымбаева А.К.

Заявки принимаются в 301
каб. 22.02.-24.02. 2016 г. Карымбаева А.К.

«МЕКТЕП
АРУЫ» мектепішілік байқау – 2016»

СЦЕНАРИЙІ
(1-4 сыныптар)

Өткізілген күні: 04.03.2016

Өткізілетін орны: акті
залы

Мақсаты: Оқушылардың
шығармашылығын арттыру, дарынды балалардың қабілеттерінің дамуына әсер ету.

Музыка ойнап тұрады.

Алтын:
Добрый день, дорогие друзья – родители, ученики школы и, конечно же, наши
красавицы-участницы!

Еркін:
(сахна сыртынан) Апай, кешіріңіз, мен қобалжимын деп неден сөзімді бастауға
тиіс екенін сценарий бойынша таза ұмытып қалыппын. Есіме түсіріп жіберсеңіз.

Алтын:
Ох, Еркін! Вроде и память у тебя не девичья и сам ты на конкурс выходить не
собираешься, чего волноваться-то?! Ну, ладно, так и быть помогу тебе
по-дружески. Слушай внимательно, что тебе говорить. Давай выходи, говори
«здравствуйте»!

Еркін:
(шығады ортаға) Давай выходи, говори «здравствуйте»!

Алтын:
Жоқ, дұрыс емес!

Еркін:
Жоқ, дұрыс емес!

Алтын:
Жоқ, сен қате айттың!

Еркін:
Жоқ, сен қате айттың! (нұсқайды)

Алтын:
Жоқ, ол емес, сен!

Еркін:
(басқаға нұсқайды) Жоқ, сен емес, ол!

Алтын:
Ту, Еркін! Басымды қатырып жібердің ғой.

Еркін:
Енді, апай, өзіңіз менің соңымнан қайтала деген сіз емес пе?

Алтын:
Ну да, Еркін,но я же тебе только про здравствуйте сказала повторить.

Еркін:
А, енді түсіндім! Сәлеметісіңдер ме, құрметті қонақтар! Сендерді көруге сондай
қуанышты болғандықтан, не айтарымды да ұмытып қалыппын ғой. Кешірерсіз.

Біз бүгін дәстүрлі
жылма-жыл 8 наурыз қарсаңында өткізілетін «Мектеп аруы – 2016» байқауымызды
бастағалы жатырмыз.

Айтпақшы апай,
Халықаралық әйелдер күні неге дәл осы 8 наурыз күні тойлататынын білесіз бе?

Алтын:
М-м-м… Ойланбаппын как-то. Ну, весна… птички поют… сияқты…

Еркін:
Жарайды, апай, мен Сізді қинамай-ақ қояйын. 8 наурыз күні алыстағы Америка
жерінде әйелдер өз құқықтары үшін наразылықтарын білдіріп алаңға шығады. Осы
оқиғаға қатысты Халықаралық әйелдер күні жарияланыпты.

Алтын:
Еркін, вот мен саған үнемі таң қалам. Ты такой умный. Все-все знаешь. А еще…

Еркін:
Апай, не отвлекайтесь от темы. Біз бүгін мені мақтау үшін жиналған жоқпыз. Біз
вообще-то «Мектеп аруы» байқауын өткізіп жатырмыз – есіңізге салып қояйын.

Алтын:
Ой, что бы я без тебя делала, Еркін. Итак, на сцену приглашаются самые
прекрасные из прекрасных, самые удивительные и неповторимые принцессы нашей
школы:

Еркін:

(қатысушыларды сахнаға
атап шақырады)

Еркін: Енді
жиналған қауымды осы байқауға төрешілдік құратын әділ қазылар алқасымен
таныстырып өтейік:

1. Жібек Қазиқызы
Жаныбекова, мектеп директоры

2. Меруерт Шәріпқызы
Нуртазина

3. Алмаз Рамазанұлы
Оспанов

Қазылар алқасын ду қол
шапалақпен құрметтеп жіберейік!

Алтын:
По давней традиции мы начинаем наш конкурс с представления.

Еркін:
Бірақ бұл таныстырудың бір маңызды ерекшелігі болады. Біздің ханшайымдарды
көрермендерге оларды жақсы білетін аналары немесе әпкелері болады.

Алтын:
А представить наших участников нужно не по-обычному, творчески ли как сейчас
модно говорить – креативно. Итак, начинаем представление участниц! Участницы
выходят на сцену согласно своих порядковых номеров.

Еркін:
Алғашқы болып сахнаға шығып датқан … ду қол шапалағымен қарсы алайық!

конкурс

Алтын:
Еркін, ты любишь мультики смотреть?

Еркін:
Апай, әрине, қай бала оларды жақсы көрмейді!

Алтын:
Замечательно! Значит, ты знаешь как называлась школа, в которой учился Гарри
Поттер?

Еркін:
Алтын апай, қиынырақ бір сұрақ қоймадыңыз ба?! Харгривс қой Гарри мектебінің
аталуы.

Алтын:
Вот-вот, мы прямо сейчас и собираемся побеседовать с нашими принцессами о
мультиках.

Еркін:
Барлық қатысушы ханшайымдарымызды сахнаға шығуларын өтінеміз. Сұрақтарға
жауаптарды сан ретімен береміз.

Алтын:
Дорогие участницы, начинаем блиц-турнир, а вопросы то там будут не шуточные, а
про самых прямо настоящих принцесс, правда мультфильмовых.

Конкурс

Еркін:
Апай, соңғы кездерде Интернеттен бұрын көрмеген қол өнер түрлерін көріп жүрмін.
Мысалы, біреу бисерден түрлі әшекей бұйымдар өреді, біреу тіпті ағаштардың
жапырақтарына түрлі суреттерді кесіп салады. Енді біреулері тастан пейзаж
құрады, т.б.  Ал Сіз, апай, немен шұғылданасыз?

Алтын:
Мен? Мен шұғылданам… мен өте-мөте шұғылданам… Еркін, можно, мен саған потом
расскажу про свое хобби, а сейчас продолжим конкурс. Итак, нашим принцессам
было дано домашнее задание: смастерить с помощью мамы, сестренок, братишек
весенний  цветок – Тюльпан.

Еркін:
Сонымен, қазір қатысушыларымыз сахнаға өз жәдігерлерін алып шығады — «Көктем
гүлі – қызғалдақ»!

Алтын:
Итак, мы представляем вниманию нашего жюри произведения искусства, которые
соорудили наши участницы собственными руками. 

конкурс

Алтын:
Наши прекрасные принцессы не только замечательные рукодельницы, но и
великолепные танцовщицы. Поэтому им было дано домашнее задание  — подготовить
веселый весенний танец.

Еркін:
Би өнері – қазақ халқының дәстүрлі өнерлерінің түрі екендігі – баршаға мәлім.
Әлемге аты кеңінен тараған билеушілердің бірі – Шара Жиенкулова апаларына
тартып біздің биші қарындастарымыз бүгін керемет би  өнерін көрсетіндеріне
сенемін.

конкурс

Алтын:
Еркін, как ты думаешь, сколько нужно времени, чтобы достигнуть славы?

Еркін:
М-м-м, мектепте оқуды бітіргеніңше – 11 жыл, сосын мамандық алғаныңша, тағы 4-5
жыл, аяқтанғаныңша…

Алтын:
Ту-у, Еркін, иногда ты такой скучный становишься! Спорим, что для того, чтобы
достигнуть славы достаточно одной минуты!

Еркін:
А, түсіндім, Алтын апай, Сіз мені технично «Шарықтау сәті» байқауына алып
келдіңіз ғой.

Алтын:
Вот-вот-вот! Итак, на сцене наши замечательные принцессы и конкурс «Минута
славы»! посмотрим, что же они сотворят за одну минуту? Как они покорят наше
сердце?

конкурс

Еркін:
Дана халқымыз айтады: анасын көріп қызын ал.

Алтын:
О, Еркін, какие мысли у тебя! Далеко смотришь…

Еркін:
Да нет, апай, Сіз дұрыс түсінбедіңіз. Мен келесі конкурсты жариялайын деп жатыр
едім.

Алтын:
Да? Ну, извини.

Еркін:
Қазір біз нағыз спортшыл отбасыларын анықтауға мүмкіншілік аламыз. Себебі…

Алтын:
Ой, Еркін, можно я скажу?! Сейчас мы проводим конкурс «Моя мама и Я —
спортивная семья» . мама и ее замечательная принцесса – доча должны будут
сообща, вдвоем прыгать на скакалке. Посмотрим, как это у них получится!

конкурс

Еркін:
Менің бір қарындасым бар. Ол әлі кішкентай. Соның ең жақсы көретін ойыншығы қуыршағы
«Барби» таң ертеңнен кешке дейін гүлдана сол ойыншығымен жағаласады да жатады.
Оған киім тіге ме, төсек орын дайындайды ма. Соған қарап, мен осы бүгінгі «Менің
сүйікті Барбиім» атты байқауды ұйымдастыруды ұйғардым. Біздің ханшайымдарымыз 
сүйікті ойыншықтарына қол астындағы материалдардан тігілген киім үлгілерін
көрсетеді.

Алтын:
То есть «Моя любимая Барби» — это демонстрация нарядов Барби из сподручных
материалов? Иначе говоря, сегодня по подиуму будут ходить не сами принцессы, а
их любимые куклы?

конкурс

әндер

Еркін:
Ал енді дәстүрлі байқау — Подиум. «Кішкентай ханша» — «Маленькая принцесса».

Алтын:
Да, именно сейчас наши принцессы смогут доказать достойны ли они сверкающей
короны принцессы. Итак, Подиум. «Кішкентай ханша» — «Маленькая принцесса».

конкурс

әндер

Еркін:
Сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Алтын:
Слово предоставляется нашему уважаемому жюри.

«Көктем аруы» байқауы (8 наурыз сценарий)

Тақырыбы: «Көктем аруы» байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

1-Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!

Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыp!

2- Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!

1-Жүргізуші

Тауып бір әйел — әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.

2 — жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 — жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 — жүргізуші:
Арулар — аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.
1 — жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін — өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 — жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы- дей келе құттықтау сөзін шаңырағымыздың басшысы Садвокасов Серғазы Уәлиұлына беріледі.

1 — жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық — деп ән жолдаймыз.
Ән: Анаға сәлем
Орындайтын: Балтабаев Дәулет Бәшімұлы

2 — жүргізуші

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Ендеше, «Ару қыздар – 2014» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

1 — жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Аруларды кезекпенен ортаға шығарайық

2 — жүргізуші
Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды, сірә бір

Аяжанның сан өнері бар,

Сырын терең ұға біл.

1 – ші талапкеріміз 5-сынып оқушысы Дулат Аяжанды ортаға шақырамыз

1-Жүргізуші

Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Айдана қыз

2– ші талапкеріміз 6- сынып оқушысы Мадимарова Айдананы қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

2-Жүргізуші

Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Лиана қыз ұстазының айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

3 – ші талапкеріміз 7- сынып оқушысы Қабдраш Лиананы сахна төріне шақырамыз.

1-Жүргізуші:

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,

Мадинандай ер жүрек қыз табылмас

4– ші талапкеріміз 8- сынып оқушысы Болатова Мадинаны қошеметпен қарсы алайық

2-Жүргізуші:

Алайық қарсы Фаризаны

Үлгілі қыз бұл инабатты

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

5– ші талапкеріміз 9- сынып оқушысы Дүйсенбаева Фариза ду қол шапалақтап қарсы алайық.

1-Жүргізуші:

Ләззатымыз да өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Ләззатжан

Өнеріңді төк енді.

6– ші талапкер іміз 10- сынып оқушысы Тұрсынәлі Ләззатты қошеметпен ортаға шақырайық

2-Жүргізуші:

Өзі әдемі сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Қарсы алайық Динараны

Жайдарлы жүзді әдемі

  1. – ші талапкеріміз 11- сынып оқушысы Дәнебаева Динараны қол соғып қарсы алайық, халайық!

1-Жүргізуші

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

2- Жүргізуші:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.)

2) «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан шығарма оқу)

3) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4)Үй тапсырмасы. Бір салат дайындап келу, оның құрамын, атын, дайындау тәсілін айту

5) . «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6) «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

1- Жүргізуші

:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бекмурзенова айгүл Базархақызы – директордың оқу ісінің меңгерушісі
2. Умбетова Жайнагүл Макенқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қыйлажева Алтынгүл амантайқызы – технология пәні мұғалімі
4. Жанғазина Айгүл Әділханқызы – Музыка пәнінің мұғалімі

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

2-Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

1-Жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.

2- Жүргізуші:

Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын — деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.

Музыкалық нөмер сынып_______________________________________________

Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

1-Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Әр түрлі өнермен өрге басып кідірмейік.

2-Жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

ІІ кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан үзінді оқу)

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

1-Жүргізуші:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші,

ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
(Әр ару өзінің шеберлігін, икемділігін көрсетеді).
1 мин ішінде Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

2-Жүргізуші:

Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Музыкалық нөмір__________________________________

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

ІV кезеңде Үй тапсырмасы

1-Жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді

2-Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді,

Қапасыз қалай айтқан қайран бабам.

Музыкалық нөмір_________________________________

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

V кезең

1-Жүргізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсетуде сынға түседі.

Музыкалық нөмір_____________________________________-

1-Жүргізуші:

6 кезең : Зерделінің ойы озық

Зерделінің ойы озық
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар

1. Бес асыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл сөз көнсеңіз.

2. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)

3. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)

4. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, затай сыйлық)

5. Үш қуат — ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып — ажал ғайыпқонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз — ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
6. Үш даусыз — мінезкәрілік, ажал.

Үш кәдесіз — жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық — Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
7. Үш жақын — Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз — Су анасы — бұлақЖол анасы — тұяқ . Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам — ақыл — арқан , ой — өріс, адам — қазық.

8. Жеті қазына

1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).

9.Бес парыз

1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру. 5.Иман және ихсан (адамгершілік пен рақымшылық

10. Алты игілік

1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос. 4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)

11. Алты парыз

Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып).
2. Шақырса – бару.
3. Кеңес сұраса – ақыл қосу.
4. Сұрағына – жауап беру.
5. Ауырып қалса – көңілін сұрау.
6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)

12. Жеті жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.

13. Жеті жетекші

1. Адамның басшысы – ақыл.
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

14. Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ел жетім,
Замандасы қалмаса —
Бәрінен де сол жетім.

2 — жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз

Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі — дей келе қазақ қыздарымызға арналған мерекелік сәлем Ғалия Серікқызы жолдайды.
Ән: Қыз сынып
Орындайтын: Исмакова Ғалия

1 — жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар — дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

2 — жүргізуші

Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні

1 — жүргізуші

Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

1 — жүргізуші

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем аруы — 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз гүлге толы болсын — дей отырып, балаларыңыздан гүл шоқтарын қабыл алыңыздар бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,.

Осымен концертіміз  аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!! Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!

     «Қыз сыны» байқауы.

Тақырыбы: «Мектеп аруы?!»

 Мақсаты:    Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай

қасиеттерге  бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында

қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна

мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-

дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу.

Көрнекілігі:  күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

Дайындық барысы:

  1. Қыздарға қойылатын талаптармен таныстыру
  2. Қазақтың  салт дәстүрлері  туралы  мағұлматтар жинау.

Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

  1. Менің бейнем
  2. Менің анам
  3. Ұлттық киім
  4. Менің тілім

5.Бес ғасыр жырлайды

  1. Білімдіге бес сауал
  2. көрермендер көзайымы
  3. Ұлттық тағам жайлы презентация

 Байқаудың әр шарты  өз кезегінде  түсіндіріліп отырады.

1- Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! Қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Осы  байқау  8-9-10 сынып  оқушы  қыздар арасында: Мектеп аруы н анықтау мақсатында  қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау  қыздарымызға  эстетикалық  тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға  жан сұлулығымен  қоса тән сұлулығы  бірдей  болғандығы жарасады. Сондықтан  ибалы, инабатты  қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

2- Жүргізуші: Аруларға әділ баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстыру.

1  Мектеп директоры Бақыт Советовна

2  Оразбекова Узипа

3  Ұзақбаева Айгуль

4  Элянора  апай

5  11 «ә»  Бота

1-   Жүргізуші:   Ал енді, бүгінгі байқауымызға  қатысатын аруларымызды қарсы алайық.

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды,  сірә бір

Азиданың  сан өнері бар,

Сырын терең  ұға біл.

1 – ші  талапкеріміз  8 «а» сынып оқушысы  Құлмағамбетова Азида

2-Жүргізуші:                    Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Торғын  қыз  ұстазының  айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2– ші  талапкеріміз    8 «ә» сынып оқушысы  Кәрібекова Торғын

1-Жүргізуші:               Сыпайы  оның  мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Балнұр қыз

3 – ші  талапкеріміз    8 «б» сынып оқушысы  Шынбек Балнұр

2-Жүргізуші:                Алайық қарсы Еркегүлді

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

4– ші  талапкеріміз     8 «в» сынып оқушысы  Бөкенбаева Еркегүл

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  торсық шеке, томпақ бет,

Інкәрдай ер жүрек қыз табылмас

5– ші  талапкеріміз    9 «а» сынып оқушысы  Асхатбек Інкар

2-Жүргізуші:               Самалда өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Самал

Өнеріңді төк енді.

6– ші  талапкер іміз     9 «ә» сынып оқушысы  Сейтбекова Самал

1-Жүргізуші:                         Өзі әдемі сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Қарсы алайық Асельді

Жайдарлы жүзді Әдемі

7 – ші  талапкеріміз     9 «в» сынып оқушысы  Наурзбаева Асель

2-Жүргізуші:               Алайық қарсы Қарлығашты

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

8– ші  талапкеріміз       10 «а» сынып оқушысы Сартаева Қарлығаш

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  Бота көзді, сұлу қыз,

Ақтолқындай ер жүрек қыз табылмас

9– ші  талапкеріміз     10 «ә» сынып оқушысы Жұмағалы Ақтолқын

2- Жүргізуші  

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің  жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

1 сынып оқушыларынан би шашу.

1-Жүргізуші:             Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,

Таныстырып  өздерін өтер деймін.

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін — кезек аруларда

1 ші номинация. Менің бейнем Сахнадағы алғашқы көрініс өзін өзі таныстыру.Белгілі бір музыка ырғағында қыз бала сахнадан жүріп өтеді. Қимыл-әрекеті жарасымды қозғалыспен кешкі сән үлгісін ұсынады. Бұл номинация бойынша олардың жүріс- тұрысы, сырт келбеті және кешкі сән үлгісіндегі көйлектері бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:      

2.ші  номинация.Менің ана. Бұл номинация бойыншақыз балалар өз аналары  жайлы сыр шертеді. Көркем туынды.Бұл талап жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланады

                Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші: 3 ші. номинация.Ұлттық киім. Талапкерлер өздері дайындап киіп шыққан ұлттық киімдерін  қорғайды. Яғни, ол  киім қандай жағдайда дайындалған,т қалыңдық киімі ме? Бұл  талап бойынша  ұлттық  киімнің әсемділігі, қонымдылығы  дұрыс қорғалуы  бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:  4 ші. номинация.Менің тілім. Бұл  талап бойынша , талапкедің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер )

Ән шашу  Ақнұр.

Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші:  5 ші. номинация.Бес ғасыр жырлайды. Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу 12 шумақ, жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. Есте сақтау қаблеті, оқу мәнері бағаланады. Бұл талап бойынша талапкердің қандай өнері бар? Ән, би, күй, тоқыма, аспаздық т.б.

Мен жаспын деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.   Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:            Жек жат кім, жұрағат кім, жамағат кім

Көңіліне  тоқып бәрін жүрмей мекен

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен ?

6-шы номинация. Білімдіге бес сауал. Бұл номинацияда  карточкада   5  сұрақтан  тұрады.1- туыстық атау ,2-әлемнің қыры, 3-мақал мәтел.4- салт дәстүр 5- үй жабдықтары

Ән шашу, 2 ән орындалады.

Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші:  7.номинация  Көрермендер көзайымы. Бұл талап бойынша   талапкердің сырт келбеті, жүріс тұрысы, шаш сұлулығы бағаланады.

Сымбатына сән киім  жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай  келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың.

  Әділқазы бағаларын береді.

2-Жүргізуші:  8-ші номинация  Ұлттық тағам жайлы презентация

Көрсетті өнер әр салада  сайысып,

Қимылдары  бір жүргендей  жай ұшып,

Мерекелік  ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді

Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында  бәйге алуға,

Арулар  аянбай ақ  жан салыпты

Әділқазы өз бағаларын береді

Қорытынды баға дайын болғанша  әсем ән орындалады.

Қонақ қыз.

1-Жүргізуші  Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

Берілетін атақтар:       «Мектеп  аруы 2010  »

                                         «Білімді ару»

                                         «Инабатты ару»

                                         «Өнерлі ару»

                                         «Сымбатты ару»

                                         «Ақылды ару»

2-Жүргізуші:      Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет.

№ 1

  1. Әпкеңнің қызы саған кім?
  2. Үш арсызды ата

3.Қалыңсыз  қыз болса да ….

4.Қыз  ұзату деген не?

5.Кілем деген не?

№2

  1. Немере кім ?

2.Үш  қадірсізді ата ?

3.Қыз  жігіт көзіне  түсем деп  бой түзейді………..

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ

№3

  1. Шөбере кім?

2.Бес парызды ата?

3.Қыз өссе елдің елдің көркі…………..

4.Ат қою деген не?

5.Кебеже деген не?

№4

  1. Бөле кім?

2.Үш із

3.Ана көрген тон пішер…..

4.Сүндетке отырғызу?

5.Келі деген не?

№ 5

1 Нағашың  кім болады?

2  Жеті жоқты ата?

3 Баланың ұяты әкеге,……………..

4.Бастанғы  деген не?

5.Кесеқап  деген не?

№6

1 Әже кім?

2 Жеті қазынаны ата?

3 Жасауды  алты жастан  жисаң асады…………

4.Тұсау кесу деген не?

5.Торсақ  деген не?

№7

1 Ағаңның қызына сен кім боласың?

2 Бес парыз?

3 Әке тірек…………

4.Шілдехана  деген не?

5.Күбі деген не?

№8

1 Ер баланың үш жұртын ата?

2 Жеті ғалам?

3 Еркек бас …………

4.Құда түсу  деген не?

5.Ожау  деген не?

№9

  1. Немере кім ?

2.Үш  қадірсізді ата ?

3.Қыз  жігіт көзіне  түсем деп  бой түзейді………..

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ

up

Поиск по сайту

«МЕКТЕП АРУЫ» мектепішілік байқау – 2016» СЦЕНАРИЙІ (1-4 сыныптар)

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор: Амрина Ақлима Алпамышқызы

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 24.08 Kb
Количество скачиваний: 25

Скачать

Просмотров: 105

Похожие материалы

  • Былина «Матушка — Земля»
  • «Мектеп аруы – 2016» 04.03.2016. (8-10 сыныптар)
  • Методическая разработка на тему «Технологическая карта проектных и исследовательских работ, как основа учебно-исследовательской деятельности учащихся 1-11 классов»
  • Выступление на педагогическом совете по теме «Проектирование в обучении и воспитании»
  • Особенности питания старшего школьника
  • Календарно-тематическое планирование для детей с ОВЗ
  • Сценарий по произведению Абдуллы Алиша «Болтливая утка»
  • Сочинение «Сайгак-достояние нашей степной республики»
  • Вопросы и задания по социально-бытовой ориентировке
  • Методические указания к проведению внеклассного мероприятия «Знатоки экономики»

«Қыз аруы» байқауына байланысты сценарий

1 жүргізуші: 

Құрметті ұстаздар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.- дегім келеді.

2-жүргізуші:

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік, жан-жақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында және табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

2-жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Ортаға сайысқа қатысушы қыздарымыз шығады)

1-жүргізуші:

Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Өз өнерін көрсету»
(ән айту, би билеу, күй тарту)
3. «Көктемгі сән үлгісі»
(музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)

2-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ____________________________
2. ____________________________

3. ____________________________
1-жүргізуші: 

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын» таныстыру бөлімі
— қатысушылар өздерін өлең, ән, көрініс, видеоролик, презентация, немесе креативті интервью т.б. түрде таныстыра алады

— регламент – 3-5 минут

Әділ-қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

2-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.


Байқаудың ІІ кезеңі «Өз өнерін көрсету»

— ән айту, би билеу, күй тарту т.б

— топпен/сыныппен жұмыс

— регламент – 5-7 минут
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

1-жүргізуші:

Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.

Байқаудың ІІІ кезеңі «Көктемгі сән үлгісі»

табиғи материалдарды (фольга, қағаз, гофрленген қағаз, резеңке, пакет, т.б) қолдану арқылы көктемгі киім үлгісін жасау
— көктемгі киім үлгісіне қысқаша презентация

— музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету

— регламент – 3-5 минут

2-жүргізуші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты

1-жүргізуші:
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
____________________________________________________________

Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

2-жүргізуші:

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

І-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар!

Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша, біз бұл күні Сіздерге –қыздарымызға, ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

(жүргізушілер шығады)

ІІ – жүргізуші:

Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.

Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қазақ аруы – 2018» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көрсетеді деп ойлаймын.
І – жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл — күй тілей отырып, «Қазақ аруы – 2018» байқауына қош келдіңіздер!

ІІ- жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады.(5 немесе10 ұпай)

  1. ­Мектеп басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы
  2. Мектебіміздің ТЖО: Боранбаева Айтгұл Өтесқызы
  3. Мектебіміздің МШЖО: Жолмухамбетова Венера Жумашқызы
  4. Мектебіміздің бейіндік оқу әдіскері: Таджикова Айгүл Өмірқызы
  5. Мектеп психологы: Сүгірова Айгерім Орынбасарқызы

Қазылар алқасынан әр бөлімнің ұпайларын қосып барлығын соңынан берулеріңізді сұраймыз.

І – жүргізуші: Алдарыңызда қатысушы ару қыздарымызды сахна төріне шақырайық!

  1. 7 «а» Жұмабай Мөлдір
  2. 7 «б» Аманбаева Мадина
  3. 7 «в» Санкибаева Ақмарал
  4. 7 «г» Құдайбергенова Майра
  5. 8 «а» Үсенбаева Салтанат
  6. 8 «ә» Сарсенова Гаухар
  7. 8 «б» Балтабаева Айгерім
  8. 8 «в» Орынбасарова Ұлболсын
  9. 9 «а» Оспанова Ақмаржан
  10. 9 «ә» Нұрғалиева Гүлназ
  11. 10 «а» Аманжол Мереке
  12. 10 «ә» Сәрсенбаева Меруерт

Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік
1 — шарт. «Сәлем – сөздің анасы» (5 мин) Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін — өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
2 — шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу ).
3 — шарт. «Үздік  қолөнер» (өзінің жасаған бұйымы)

4 — шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. Бұл бөлімде аруларымыз сұрақты алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

5 — шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) 1 мин ішінде ине-жіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады соның ұпайы қосылады).

Ә)«Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.

6-шарт. «Сән үлгісі» (ұлттық киімді көрсетіп паш ету). Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.

ІІ- жүргізуші: Туған жер азаматтың мекені екен,
«9 мектеп аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен…..
Сіздерге сәлем беріп көрінуге, Арулар сахнаға шықсын енді.

Байқауымыздың І бөліміне кезек береміз!

І – жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе!

Кімде болса бас иеді мойындап

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде.

Бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық!

(Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар — қатар келіп тұра бастайды)

ІІ – жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы — әдепті де әдемі

Қазақ қызы — ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі

І – жүргізуші:

Байқауымыздың ІІ- бөлімі: Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының — деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

Қазақ биі Орындайтын 5 ә — сынып қыздары

ІІ – жүргізуші: Байқаудың 3 бөлімі « Үздік қолөнер»

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан — дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.

І- жүргізуші: 4 бөлімге кезегіне келіп жетті «Білімді мыңды жығар». Бұл бөлімде аруларымыз сұрақты алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты   — деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Бұл бөлімде аруларымыз алу арқылы сұрақтарға жауап береді. (арулар шықты, жауап берді)

ІІ-жүргізуші: Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша келесі кезектегі әнді қабыл алыңыздар! Ән _____________________________________ қарсы алыңыздар!

5 бөлімге береміз: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
А) Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз шашқа сән жасау.
б) Ине-жіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин
І-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз.
Қазақ қызы — тамсандырған талайды
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,

Байқауымыздың 6 бөлімі: «Сән үлгісі» Ай секілді асқақ ару арайлы — деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз .«Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
(«Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады).

ІІ — жүргізуші: Қазылар алқасы 6 бөлімнің қорытынды шешімін шығарғанша би тамашалаймыз. ____________________________________

І- жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар

Үлкен сыйлау ұққанға соның

бәрін Зердерлі ол, зейінді келіп сынар. Ендеше, қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық!

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

ІІ – жүргізуші: Сұлулықтың дүниеде барын қарап

Аққайың да ұрлана таңырқамақ.

Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай

Ес еркінді әкеткен барымталап.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі мектебіміздің қыздары арасында өткен «Қазақ аруы – 2018»  байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей, отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!

 Сұрақ-жауаптар

1.Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік
береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа не өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет
мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..( адамның баласы бол)

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
    2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
    3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
    4. Ою — өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
    5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
    7. Киізге ою — өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
    8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
    9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
    10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
    13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
    14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
    15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б. (мата)
    16. Қолдан тоқылған суретті — кілем (гобелен)
    18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
    19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
    20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
    23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
    24. Бағалы металл (алтын)
    26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
    27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
    28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
    29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
    30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

Жолмухамбетова Венера Жумашевна,
 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№ 9 орта мектептің МЖО

№9орта мектеп
«Көктем аруы»
Сыныптан тыс мерекелік шара
Дайындаған: Актилевова А.
2014 — 2015 оқу жылы

Сценарий аты: Көктем аруы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз — елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал — мәтелдер, қанатты сөздер.

Армысыздар, ұстаздар көрермен қауым және оқушылар! «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!Наурыз мерекесінің қарсаңында байқау 4-сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруын» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директоры _Асамадинова Гулжан Ерғалиқызына сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!
4 сынып қыздарын ортаға шақырайық

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1 — шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін — өзі таныстырады.
2 — шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 — шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 — шарт. «Анамның сүйікті асы».
Арулар өздерінің үйден жасап келген
ұлттық тағамдарын қалай пісірілуін айтып беріп, көрсетеді.
5 — шарт. «Сәндік өнер»

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:Султанкереева Р.Д
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Мухамедова Г.Ә

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!

Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың
1 — ші кезеңі «Таныстыру». Арулар кезек — кезек өздерін таныстырады.

2кезең
Өнер — білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста
.дей отырып келесі кезеңді өз өнерін көрсету

3кезең
«Сұрақ — жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
4кезең
«Анамның сүйікті асы».
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).

5кезең
Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісін көрсету.

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ қазыларға сөз беріледі.

«Кім жылдам»
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта — текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар — қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
1 -«Көктем аруы»
2 — «Инабатты ару»
3 — «Өнерлі ару»
4 — «Сымбатты ару»
5 — «Ақылды ару»
6 — «Көрермен көзайымы»
7 -«Білімді ару»
8 — «Тапқыр ару»

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс — шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп — көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

№9орта мектеп
«Көктем аруы»
Сыныптан тыс мерекелік шара
Дайындаған: Актилевова А.
2014 — 2015 оқу жылы

Сценарий аты: Көктем аруы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз — елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал — мәтелдер, қанатты сөздер.

Армысыздар, ұстаздар көрермен қауым және оқушылар! «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!Наурыз мерекесінің қарсаңында байқау 4-сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруын» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директоры _Асамадинова Гулжан Ерғалиқызына сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!
4 сынып қыздарын ортаға шақырайық

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1 — шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін — өзі таныстырады.
2 — шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 — шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 — шарт. «Анамның сүйікті асы».
Арулар өздерінің үйден жасап келген
ұлттық тағамдарын қалай пісірілуін айтып беріп, көрсетеді.
5 — шарт. «Сәндік өнер»

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:Султанкереева Р.Д
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Мухамедова Г.Ә

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!

Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың
1 — ші кезеңі «Таныстыру». Арулар кезек — кезек өздерін таныстырады.

2кезең
Өнер — білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста
.дей отырып келесі кезеңді өз өнерін көрсету

3кезең
«Сұрақ — жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
4кезең
«Анамның сүйікті асы».
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).

5кезең
Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісін көрсету.

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ қазыларға сөз беріледі.

«Кім жылдам»
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта — текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар — қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
1 -«Көктем аруы»
2 — «Инабатты ару»
3 — «Өнерлі ару»
4 — «Сымбатты ару»
5 — «Ақылды ару»
6 — «Көрермен көзайымы»
7 -«Білімді ару»
8 — «Тапқыр ару»

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс — шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп — көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мектеп президенті сайлау сценарий
  • Мектеп ?ланбасын ?лы?тау р?сімі сценарий
  • Можно ли убираться на праздник покрова
  • Мектеп мерейтойына арнал?ан сценарий
  • Мексиканцы на праздник пригласить