Мектеп ашылуына сценарий

Скачать: Жаңа мектептің ашылуы сценариі

Алматы
қаласы Түрксиб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу
жиынының сценарийі

         Мектеп,
білім тақырыбындағы әндер ойнап тұрады. 1-10 сыныптардың оқушылары сынып
жетекшілерімен қатарға тұрғызылады (литер ұсталады).

     Фанфар. Жүргізушілер ортаға шығады.

     Жүргізуші-1: Армысыздар, аса мәртебелі
қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар.
Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында
салынып отырған 100-ші мектеп — білім ордасы пайдалануға беріліп отыр. Бұл
мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп,   назар аударуының нәтижесі.

Жүргізуші-2: Қайырлы күн, достар!

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі
бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен
бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық
рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек
осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай,
жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне
ілеспек.

Жүргізуші-1: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына
жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде
бүгін тағы да бір, Білім Ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Олай болса, мектебіміздің
салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!

Хабарлаусыз «Шашу» биі биленеді.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!

ҚР Туы әкелінеді.

ӘНҰРАН ойналады.

Жүргізуші-1: Құрметті ұстаздар,
ата-аналар, шәкірттер. Жеті қат жерді мекен еткен, жеті атасын
білетін, жеті қазынасын бағалай білген қазақ екеніміз даусыз.

Жүргізуші-2: Олай болса, біздің
мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің алғашқы
қоңырау салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін
жақсылыққа балап отыр. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып
көрейікші.

Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны
айнала тұрады.

1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі
күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа
келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?

2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел
білім беретін жаңа мектептің ашылу қуанышын бөлісуге келіп жеттік.

3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім
алатын жеткіншектердің көп және кейінгі өмірлері жарқын болатынын болжағанбыз.

4-жұлдыз: Әрбір бала – бір жұлдыз. Олардың
біздердей жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да
тілекші екен. Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін
ұстаздармен де оқушылардың бүгін алғаш рет қауышып тұрғанына мен риза болып
тұрмын.

5-жұлдыз: Ал мен болсам, жеті жасқа толған
жеткіншек ұл-қыздардың қуанышты жүздері мен бақытқа толы ата-аналарын көріп тұрмын.
Біз олардың ашылғалы отырған жаңа мектептің табалдырығын аттаған қадамдарына
тек тілекші болып қана қоймай, біз жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшы жұлдызы
өз сыйымызды да ала келдік.

6-жұлдыз: Иә, біздің көк жүзінен әкелген өз сыймызды
табыстауға рұқсат етіңіздер!

Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын барлығы
келіп шешіп ішіндегі кілтті Дәурен ағай алады да Алматы қаласының әкімі Есімов
Ахметжан Смағұлұлына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді.

7 -жұлдыз (Дәурен
ағай):
Құрметті,
Ахметжан Смағұлұлы! Өзіңіздің нәтижелі жұмысыңыздың арқасында тағы бір Білім
ошағы бой көтеріп отыр. Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ тағдырын ойлаған Ел
азаматтарының еңбегі әрдайым өлшеусіз. Олай болса, осы мектептің ұстаздары мен
шәкірттерінің атынан Білім кілтін қабыл алыңыз.

Жүргізуші-1: Ардақты ағайын,
бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі
қонағымыз Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына құттықтау сөз
кезегі беріледі.     

Әкім құттықтау сөз сөйлейді.

Жүргізуші-2: Ахметжан Смағұлұлы,
жүрекжарды тілектеріңізге алғыс айта отырып, бүгінгі білім ордамыздың тұсауын
кесіп есігін алғаш ашқалы отырсыз, соған байланысты бұл күн бүкіл оқушылардың,
ата-аналардың, ұстаздардың жадында және де мектеп тарихында мәңгілік қалатыны
сөзсіз, өзіңіздің құрметіңізге арналған ән шашуды қабыл алыңыз.

Париоттық немесе Алматы тақырыбындағы ән
айтылады.

Жүргізуші-1: Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды……………….

Қоңырау соғылады.

Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен
лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы
басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет
алады.

Жүргізуші-1: Құрметті қонақтар.
Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік
бағдарламамен ұласып,  өз жалғасын табады. Олай болса, қуанышымызға ортақтаса
келген әнші ұлдарыңыз Байсұлтанов Алиханның ән шашуын қабыл алыңыздар!

ФЛЕШМОБ.

Музыканың ырғағымен жоғары сыныптың оқушылары бірдей
формада қолдарына ту ұстап екі жақтан жүгіріп шығады. Бірдей қимыл істелінеді.
Соңында 100 деген сан жазылып қалады.

Музыкалық нөмірлер кезектесіп жүріп жатады.

Жүргізуші-2: Келесі сөз кезегін
№198 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары
……………………………………………………. береміз.

Оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысқаша ақпараты.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!

ҚР Туы әкетіледі.

Музыкалық нөмір…………………………………………………….

Жүргізуші-1: Қымбатты қонақтар,
ата-аналар, ұстаздар! Аяулы шәкірттер! Асыға жеткен мектебіміздің ашылуы да өз
мәресіне жетті.

Жүргізуші-2: Баршаңызды,
2014-2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші-1: Жаңа оқу жылы
табысты да жетістікке толы болсын, достар!

Жүргізуші-2: Қош, сау
болыңыздар!

Алматы қаласы Түрксиб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу жиынының сценарийі

Мектеп, білім тақырыбындағы әндер ойнап тұрады. 1-10 сыныптардың оқушылары сынып жетекшілерімен қатарға тұрғызылады (литер ұсталады).

Фанфар. Жүргізушілер ортаға шығады.

Жүргізуші-1: Армысыздар, аса мәртебелі қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында салынып отырған 100-ші мектеп — білім ордасы пайдалануға беріліп отыр. Бұл мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп, назар аударуының нәтижесі.

Жүргізуші-2: Қайырлы күн, достар!

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.

Жүргізуші-1: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде бүгін тағы да бір, Білім Ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Олай болса, мектебіміздің салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!

Хабарлаусыз «Шашу» биі биленеді.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!

ҚР Туы әкелінеді.

ӘНҰРАН ойналады.

Жүргізуші-1: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер. Жеті қат жерді мекен еткен, жеті атасын білетін, жеті қазынасын бағалай білген қазақ екеніміз даусыз.

Жүргізуші-2: Олай болса, біздің мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің алғашқы қоңырау салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін жақсылыққа балап отыр. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып көрейікші.

Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны айнала тұрады.

1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?

2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел білім беретін жаңа мектептің ашылу қуанышын бөлісуге келіп жеттік.

3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім алатын жеткіншектердің көп және кейінгі өмірлері жарқын болатынын болжағанбыз.

4-жұлдыз: Әрбір бала – бір жұлдыз. Олардың біздердей жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да тілекші екен. Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін ұстаздармен де оқушылардың бүгін алғаш рет қауышып тұрғанына мен риза болып тұрмын.

5-жұлдыз: Ал мен болсам, жеті жасқа толған жеткіншек ұл-қыздардың қуанышты жүздері мен бақытқа толы ата-аналарын көріп тұрмын. Біз олардың ашылғалы отырған жаңа мектептің табалдырығын аттаған қадамдарына тек тілекші болып қана қоймай, біз жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшы жұлдызы өз сыйымызды да ала келдік.

6-жұлдыз: Иә, біздің көк жүзінен әкелген өз сыймызды табыстауға рұқсат етіңіздер!

Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын барлығы келіп шешіп ішіндегі кілтті Дәурен ағай алады да Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді.

7 -жұлдыз (Дәурен ағай): Құрметті, Ахметжан Смағұлұлы! Өзіңіздің нәтижелі жұмысыңыздың арқасында тағы бір Білім ошағы бой көтеріп отыр. Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ тағдырын ойлаған Ел азаматтарының еңбегі әрдайым өлшеусіз. Олай болса, осы мектептің ұстаздары мен шәкірттерінің атынан Білім кілтін қабыл алыңыз.

Жүргізуші-1: Ардақты ағайын, бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонағымыз Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына құттықтау сөз кезегі беріледі.

Әкім құттықтау сөз сөйлейді.

Жүргізуші-2: Ахметжан Смағұлұлы, жүрекжарды тілектеріңізге алғыс айта отырып, бүгінгі білім ордамыздың тұсауын кесіп есігін алғаш ашқалы отырсыз, соған байланысты бұл күн бүкіл оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың жадында және де мектеп тарихында мәңгілік қалатыны сөзсіз, өзіңіздің құрметіңізге арналған ән шашуды қабыл алыңыз.

Париоттық немесе Алматы тақырыбындағы ән айтылады.

Жүргізуші-1: Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды……………….

Қоңырау соғылады.

Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет алады.

Жүргізуші-1: Құрметті қонақтар. Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік бағдарламамен ұласып, өз жалғасын табады. Олай болса, қуанышымызға ортақтаса келген әнші ұлдарыңыз Байсұлтанов Алиханның ән шашуын қабыл алыңыздар!

ФЛЕШМОБ.

Музыканың ырғағымен жоғары сыныптың оқушылары бірдей формада қолдарына ту ұстап екі жақтан жүгіріп шығады. Бірдей қимыл істелінеді. Соңында 100 деген сан жазылып қалады.

Музыкалық нөмірлер кезектесіп жүріп жатады.

Жүргізуші-2: Келесі сөз кезегін №198 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ……………………………………………………. береміз.

Оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысқаша ақпараты.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!

ҚР Туы әкетіледі.

Музыкалық нөмір…………………………………………………….

Жүргізуші-1: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Аяулы шәкірттер! Асыға жеткен мектебіміздің ашылуы да өз мәресіне жетті.

Жүргізуші-2: Баршаңызды, 2014-2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші-1: Жаңа оқу жылы табысты да жетістікке толы болсын, достар!

Жүргізуші-2: Қош, сау болыңыздар!

Алматы қаласы Түрксиб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу жиынының сценарийі

Мектеп, білім тақырыбындағы әндер ойнап тұрады. 1-10 сыныптардың оқушылары сынып жетекшілерімен қатарға тұрғызылады (литер ұсталады).

Фанфар. Жүргізушілер ортаға шығады.

Жүргізуші-1: Армысыздар, аса мәртебелі қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында салынып отырған 100-ші мектеп — білім ордасы пайдалануға беріліп отыр. Бұл мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп, назар аударуының нәтижесі.

Жүргізуші-2: Қайырлы күн, достар!

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.

Жүргізуші-1: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде бүгін тағы да бір, Білім Ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Олай болса, мектебіміздің салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!

Хабарлаусыз «Шашу» биі биленеді.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!

ҚР Туы әкелінеді.

ӘНҰРАН ойналады.

Жүргізуші-1: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер. Жеті қат жерді мекен еткен, жеті атасын білетін, жеті қазынасын бағалай білген қазақ екеніміз даусыз.

Жүргізуші-2: Олай болса, біздің мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің алғашқы қоңырау салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін жақсылыққа балап отыр. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып көрейікші.

Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны айнала тұрады.

1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?

2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел білім беретін жаңа мектептің ашылу қуанышын бөлісуге келіп жеттік.

3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім алатын жеткіншектердің көп және кейінгі өмірлері жарқын болатынын болжағанбыз.

4-жұлдыз: Әрбір бала – бір жұлдыз. Олардың біздердей жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да тілекші екен. Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін ұстаздармен де оқушылардың бүгін алғаш рет қауышып тұрғанына мен риза болып тұрмын.

5-жұлдыз: Ал мен болсам, жеті жасқа толған жеткіншек ұл-қыздардың қуанышты жүздері мен бақытқа толы ата-аналарын көріп тұрмын. Біз олардың ашылғалы отырған жаңа мектептің табалдырығын аттаған қадамдарына тек тілекші болып қана қоймай, біз жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшы жұлдызы өз сыйымызды да ала келдік.

6-жұлдыз: Иә, біздің көк жүзінен әкелген өз сыймызды табыстауға рұқсат етіңіздер!

Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын барлығы келіп шешіп ішіндегі кілтті Дәурен ағай алады да Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді.

7 -жұлдыз (Дәурен ағай): Құрметті, Ахметжан Смағұлұлы! Өзіңіздің нәтижелі жұмысыңыздың арқасында тағы бір Білім ошағы бой көтеріп отыр. Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ тағдырын ойлаған Ел азаматтарының еңбегі әрдайым өлшеусіз. Олай болса, осы мектептің ұстаздары мен шәкірттерінің атынан Білім кілтін қабыл алыңыз.

Жүргізуші-1: Ардақты ағайын, бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонағымыз Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына құттықтау сөз кезегі беріледі.

Әкім құттықтау сөз сөйлейді.

Жүргізуші-2: Ахметжан Смағұлұлы, жүрекжарды тілектеріңізге алғыс айта отырып, бүгінгі білім ордамыздың тұсауын кесіп есігін алғаш ашқалы отырсыз, соған байланысты бұл күн бүкіл оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың жадында және де мектеп тарихында мәңгілік қалатыны сөзсіз, өзіңіздің құрметіңізге арналған ән шашуды қабыл алыңыз.

Париоттық немесе Алматы тақырыбындағы ән айтылады.

Жүргізуші-1: Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды……………….

Қоңырау соғылады.

Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет алады.

Жүргізуші-1: Құрметті қонақтар. Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік бағдарламамен ұласып, өз жалғасын табады. Олай болса, қуанышымызға ортақтаса келген әнші ұлдарыңыз Байсұлтанов Алиханның ән шашуын қабыл алыңыздар!

ФЛЕШМОБ.

Музыканың ырғағымен жоғары сыныптың оқушылары бірдей формада қолдарына ту ұстап екі жақтан жүгіріп шығады. Бірдей қимыл істелінеді. Соңында 100 деген сан жазылып қалады.

Музыкалық нөмірлер кезектесіп жүріп жатады.

Жүргізуші-2: Келесі сөз кезегін №198 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ……………………………………………………. береміз.

Оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысқаша ақпараты.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!

ҚР Туы әкетіледі.

Музыкалық нөмір…………………………………………………….

Жүргізуші-1: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Аяулы шәкірттер! Асыға жеткен мектебіміздің ашылуы да өз мәресіне жетті.

Жүргізуші-2: Баршаңызды, 2014-2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші-1: Жаңа оқу жылы табысты да жетістікке толы болсын, достар!

Жүргізуші-2: Қош, сау болыңыздар!

Мектеп мұражайының ашылу сценарийі

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Қазақстан-еліміз,
Ұлан байтақ жеріміз
Туған жерім-Қазақстан
Тәуелсіздік алған елім,
Қазақстан кең далам

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Мектеп мұражайының ашылу сценарийі

Абуова Махаббат Куанышқызы

СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосы «№2 Новоишим орта мектебі «КММ

16.01.2019

1454

3

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектеп жылдары» сценарий.
Мақсаты: Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен 
азаматтықты қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды
Қазақстан Республикасының Ата заңы, мемлекеттік тарихымен таныстыру.
Көрнекіліктер: ҚР мемлекеттік рәміздері, ұрандар,гүлдер,шарлар, жалаулар.
1­Жүргізуші: Құрметті ата­аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және аяулы 
оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін 
мейрам­алғашқы қоңырау. Бүгінгі қуанышқа толы, шаттыққа толы «Алғашқы
қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
2­Жүргізуші: Қош келдіңіздер, жас ұрпақ, жасөспірімдер, үлкен де, мықты 
орта білім әлеміне! 
1­Жүргізуші: Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін.
Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.
2­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін! 
Әнұран орындалады.
1­Жүргізуші: 1­қыркүйек­Білім күнінен арналған «Сыңғырла, күміс 
қоңырау!»  атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
2­Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
1­Жүргізуші: Көп жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғандар.
Алғашқы әріп үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар!
2­Жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді 
мектебіміздің тоғызыншы сынып оқушылармен, ұстаздармен ортаға 
шақырамыз. 
Ұстаздар шәкірттерімен ортаға шығады.
1­Жүргізуші: Аламын білім күш, жалын,
Арманға биік ұшамын,
Өрлетер өмір шыңына,
Өнегең абзал ұстазым.
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің қадамы құтты 
болсын! 2­Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата­аналар!
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
1­Жүргізуші: Жана берсін еңбегін , жана берсін,
Мерейіңе шәкірттер қана берсін.
Айнала балалар мен гүлге толып,
Оқу жылың зор бақыт ала келсін.
Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөз мектеп басшысы: 
Сейталинов Мақсұт Төкен ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы тойшашуы бимен 
басталмақ.
Би: «Қазақ биі» 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
1­Жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені.
Сөз кезегі ауылымыздың әкімі: Узденов Ерлан Рамазан ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Биылғы жыл ерекше жыл. 30 тамыз күні ҚР 
Конститтуциясының қабылдағанына 15 жыл толды. 
Ата Заңға арнау. Оқитын 8 сынып оқушысы: Әлжанова М. 
Мадина: Ата заңы ынтымақ, бірлік кепілі.
Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін!
Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін.
Егеменді елім бар, Ата Заң бар.
Қорғайтын ынтымағын, беріктігін Заңым бар
Әділетке негізделген Заңым бар.
Тау да мен, теңіз де мен!
Мен­халықпын, туған жер –Атамекен.
Ажырамас, мызғымас егіздер ем
Елім осы Ата Заңын аялаған…
1­Жүргізуші: Біз Отанымыздың бақытты балаларымыз.
Қарлығаш:Отан дейміз көрікті астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Ақнұр:Отанның бұл шеті жоқ, шегіде жоқ,
Бірақ ол өз үйіңнен басталады.
Ән: «Елім менің» 9 сынып оқушыларының орындауында.
2­Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар қауымға,
Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным. Сөз аудандық оқу бөлімінен келген қонағымызға беріледі.
1­Жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар тағы бір 
Жаңа оқу жылы басталды.
2­Жүргізуші: Ендеше, кәне халайық,
Жаңа оқу жылы төрлетсін.
Көңілді әнге салайық, Жаңа оқу жылы басталды.
Музыка ойналып, жаңа оқу жылы шығады.
1­Жүргізуші: Жаңа оқу жылы, кел төрлет,
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Жаңа оқу жылы: Армысыздар, ағайын!
Хош келіпсіз баршаңыз!
Мен де есік қағайын
Бітсе шілде, сары тамыз.
Хан сарайдай шуақты 
Мектебің тұр, ашсаңдар.
Жаңа ынтамен қуатпен
Оқу жылын бастаңдар!
Би: «Мектебім» 9 сынып оқушыларының орындауында.
Ақнұр: Мектеп­қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз­оқушы боламыз.
Қарлығаш: Ардақты мұғалім!
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің
Жаққан шам шырағын!
Ән: «Жарқын жүзді үстазым» 1­4 сынып оқушылары орындауында..
Арлен: Тіліңді аламын,
Сөзіңді ұғамын
Кеудеме құя бер
Білімнің бұлағын!
Нұрдаулет: Өсіп ой  мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз­оқушы боламыз.
Нұрболат: Мектебің, мынау класың,
Осында он жыл тұрасың. Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: «Мұғалім­ол біздің» 1 сынып оқушылары  орындауында.
Дина:Мектеп­анаң бүгіннен,
Мектеп­алтын босағаң.
Мектеп­берген біліммен,
Марқаясың жас ұлан.
Әділжан: Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Аяжан: Бүгін, бүгін қала, дала көңілді,
Қуаныш күй тербетеді көңілді. 
Қыркүйектің сылдыраған қоңырауы,
Балалардың күлкісі боп төгілді.
Ән: «Мектебім» 3­4 сынып оқушылары орындауында..
Әлібек: Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым­мұғалім!
2­Жүргізуші:Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән­мағына жатыр. 
«Жақсы ұстаз­мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір 
болмас,ұстазсыз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам 
қайраткері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман 
қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз. Ұстазсыз өмірдің 
нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат 
атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі­ұлы еңбек.
Хор: «Ұстазым»
1­Жүргізуші:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағынның ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Ендігі сөзді 1 сынып ұстазы Тусупова Алтын Рымбай қызына беріледі. 
Арна:Қадірлі мектеп­бұл мектеп,
Оқыған ата­анамыз.
Жүреміз дәйім құрметтеп,
Суыған емес арамыз!
Дәурен: Жадыраған жаздай жылы жаны бар
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Зарина: Қыркүйектің таңында
Күміс қоңырау тағы да.
Соғылады сыңғырлап Сыңғыр, сыңғыр жыр жырлап.
Әлішер: Мектебім менің, мектебім,
Өзіңде ғана көктедім.
Желкілдеп өстім құрақтай,
Арманға қарай беттедім.
Би: « Ұстазым  » 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
Индира: «5» болсын алар бағамыз,
Білімен бақыт табамыз.
Өнер –білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Мадина: Нағыз білім – ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Фариза:Мектепті ойлап жаз шыға,
Түсетін дей дәл сынға.
Жаңа оқу жылын­
Мен , күтіп жүрдім асыға…
Жанар: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям­мектебім!
Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім­мектебім!
Ән: «Ұстаздар» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
Сырым: Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Жез қоңырау дауысы,
Күмбірлетті аспанды.
Милана:Сәлем саған, мектебім,
Сәлем, білім ордасы!
Жасыл бақтың көктемі,
Жастық шақтың жолдасы!
Назым: Алғаш барған күнімнен
Ардақты есім мұғалім.
Әсем нәзік үніңнен,
Білім мәні ұғармын.
2­Жүргізуші: Ата­ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата­ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата­ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата­ана деген алтын қазық, алтын бақ.­дей келе жаңа оқу жылының сөз кезегі 
ата­аналар атынан беріледі. Ата­аналар сөз сөйледі.
Ән: «Қызықты каникул» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
1­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын! 
Әнұран орындалады.
2­Жүргізуші: Қоңырау, сыңғырла асыға.
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
1­Жүргізуші: Қағылды зор қоңырау, күмбірледі.
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.
Жаңа 2010­2011 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып және 9 
сынып оқушысына ұсынылады.
Хор: «Қоңырау»
2­Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата­аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! 
Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат 
болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Осымен алғашқы қоңырауға арналған 
салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Дайындаған:
Сейталинов М.Т.

Мазмұны:

Мектеп бітіру кеші жыл сайын дәстүрлі өткізілетін мектебіміздегі маңызды іс шаралардың бірі. Бұл шараны өткізу үшін оқу жылының соңына дейін дайындық жұмыстары жүргізіледі.

1.Сынып оқушыларының жетістіктері мен шығармашылығынан слайд – шоу дайындау

2.Мектеп түлектерінің бейне суреттерінен естелік альбом дайындау

3.Мерекелік кешке дайындық, безендіру жұмыстары

Мақсаты:  «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты  аттестат тапсыру кешін ұйымдастыра

отырып, оқушылардың алтын ұя мектебіне, ұстазына, туған ауылына, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: «Қош бол, алтын ұя мектебім!» сахнадағы жазу; «Мектеп өмірінен» стенд, түрлі түсті шарлар және гүлдермен безендірілген сахна

Өтілетін орны : Мектеп мәжіліс залы

І- бөлім

Жүргізуші:

Кеш жарық   құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және тәуелсіз  еліміздің  түлектері!

Жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі Шаймолданова Қарлығаш Жандарбекқызы және мектебіміздің түлектері :

  1. Абдрахманов Асқар

  2. Әлімжанов Әділет

  3. Әнуарбек Абзал

  4. Ертай Жалғас

  5. Ертай Мейрлан

  6. Қунышбай Ноян.

  7. Оңали Мақсат

  8. Садыканов Санжар

  9. Тезекбаев Мадияр

  10. Төлеген Әбіл

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, мектеп түлектері бүгін еліміздің түкпір – түкпірінде жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектеріне ақ жол тілеп куәлік тапсыру рәсімі жүріп жатыр. Ендеше Шұбар орта мектебінің «Қош бол , алтын ұя мектебім!» атты мерекелік кешті ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші:

Құрметіне көк тудың тік тұрайық,
Түлектерден басқаға бас бұрмайық,
Дабылменен ту көтеру рәсімін
Куә болып, қанеки қарсы алайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту енгізілуі.

Жүргізуші:

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан Гимны.

Қазақстан Республикасының Гимның орындалуы.

Жүргізуші:

Қонақ деген ырысың мен мерейің

Енді аяндап қонақтарға келейін

Мектеппен қоштасу кешіне ортақ болған,

Қонақтарды таныстырып өтейік

1.Мектеп директоры : Идрисов Асқар Ануарбекұлы

2.Шұбар ауыл округінің әкімі: Сеитқожаев Қайсар Күнтуғанұлы

3.Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Балхашева Маржан

Абуғалиқызы

4.Аудан қонағы: ________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Жүргізуші:

Биылғы мерекелік кешіміз тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
2016 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.

Бұл жыл — Қазақстан Республикасы Конституцияның 21 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына « ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауы жарияланған жыл.
Бұл жыл –Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл – Ұлы Жеңістің 71 жыл толуымен ерекшеленген жыл.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

Қазақ хандығына 550 жыл толуымен ерекшеленеді.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
Жүргізуші:

Түлектердің арманы аппақ нұрдай,
Бар тілегі қашанда жақұттардай,
Білімнің ордасына ие болған
Әрі басшы, әрі биік қорғанындай.
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Идрисов Асқар Ануарбекұлына беріледі

Жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда ,

Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда .

Қол соғып қошеметпен шақырайық ,

«Куәліктер» тапсырылсын, түлектерге!
— Мектеп түлектерінің куәліктерін және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директоры Идрисов Асқар Ануарбекұлы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балхашева Маржан Абуғалиқызын ортаға шақырамыз.

/ Фанфар ойналып, куәлік алып келінеді /

Жүргізуші:

Сәттілік тілеймін сапарына

Сыйлы бол теңдес құрбы қатарына

Бақ берсін аттестаттың қызығын көр,

Қызмет қыл егемен ел Отаныңа

Жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________ беріледі.
Жүргізуші:

Жаны жайсаң жомарт елге ағасыз,

Ағасыз ел көрінбей ме жағасыз

Болашақтың нардай жүгін арқалап,

Нық сеніммен қадам басып барасыз- дей отырып сөз кезегі Шұбар ауыл округінің әкімі Сеитқожаев Қайсар Күнтуғанұлына беріледі.

Жүргізуші:

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаз Толкумбекова Гүлбану Әлімжанқызына беріледі

Жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстазы Қарбозова Бахыткуль Өмірқұлқызына беріледі.

Жүргізуші:

«Жетекші» деген ерекше тұлға,дара шың,
Ұмытылмай , көңілде мәңгі қалатын.
Сарғайып кеткен суреттеріңді парақтап,
  Шәкірттерін оңаша еске алатын,-деп қанаттарын қатайтып,бірге жүріп,бірге күліп,намыстарын   бірге қорғаған сынып жетекшісі Шаймолданова Қарлығаш Жандарбекқызына сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқынан,ата-анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы-дей келе ата-аналар атынан  құттықтау  сөз    Орынтаева Эльмира Асқарғалиқызына беріледі.

Жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады-дей келе  болашақ 1 сынып бүлдіршіндердің орындауында «Шашу биін» қабыл алыңыздар! 

 Жүргізуші:

Қуаныштан алаулайды реңі
Толқып та тұр кеудедегі жүрегі
Есінде қалсын ұстаздардың мәңгілік
Шәкірттердің толқып айтқан тілегі-дей отырып қолдарына жолдама алып, жүректері лүпілдеп,сезімге толы жанарлары мөлдіреп, қиналып та, қуанып та тұрған түлектердің сөзіне құлақ түрейік.

/ Түлектердің бағдарламасы /

Жүргізуші:

Аяқтап кешті, мектепті,

Гүлдерге толы қолдарың,

Шаттықтан, тіпті ес кетті,

Сәт сапар болсын жолдарың- дей келе түлектердің мектеп қабырғасындағы ең соңғы қоштасу вальсі

/Түлектердің қоштасу вальсы/

Жүргізуші:

Құрметті түлек!Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!

Тілейік біз армандарға жеткенін.
Бірлік деген даналар мен кемеңгер,
Бір-біріңді әрқашанда елеңдер.
Түрлі асу жолдарынан тағдырдың,
Бір-біріңе сүйеу болып жүріңдер.

Әрқашан сәтті болсын жолдарын
Оң болсын сапарларың -деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілей отырып
«Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік кештің І –бөлімі осымен аяқталды.

Жүргізуші:

Кешіміздің ІІ бөлімі түлектердің музыкалық қойылымын көріп тамашалауға шақырамыз.


19.12.2019

Открытие школьной олимпиады

по общеобразовательным предметам учащихся 3-9 классов.

Жалпы білім беретін пәндерден
мектепаралық  3-9 сынып оқушыларының олимпиадасының ашылу салтанаты.
 

Уақыты: 15 қазан  2019 жыл, сағат 9.00
Өтетін орны: Красный Кордон негізгі мектеп

Фанфары

1-ый ведущий: Қайырлы күн, қадірменді қазылар алқасы, құрметті ұстаздар, білім құмар жас достар!
Жалпы білім беретін пәндерден мектепаралық 3-9 сынып оқушыларының олимпиадасына қош келдіңіздер!

2-ой ведущий: Добрый день уважаемые учителя, учащихся! Мы рады приветствовать вас на открытии школьного этапа предметной олимпиады!
Пришла она – ума отрада!
Виват, виват, олимпиада!
Сегодня вместе мы опять,
Чтоб победителями стать!

1-ый ведущий: Бүгін білім додасының тағы бір сатысынан өткелі тұрмыз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танылатын білім жарысында сәттілік тілейміз!

2-ой ведущий:

Сегодня трудный день,

Он –еще одна ступенька,

Которую вы должны перешагнуть,

Еще один барьер, который нужно преодолеть.

Олимпиады возникли очень давно, но суть их осталась неизменной –выявить самых умных, самых сильных и самых талантливых.

1-ый ведущий:

В этом зале собрались достойнейшие представители всех классов, и хочется верить, что ваши знания станут надежной опорой для развития школы, района, области, страны.

2-ой ведущий:
Вы докажите в неподкупном споре,

Что надо все решать ценою знаний и труда,

С образованием и горе нам не горе,

С такими учителями и беда нам — не беда!

1-ый ведущий: 3-9 сынып оқушыларының қалалық олимпиадасын ашық деп жариялаймыз!

(ҚР гимні орындалады).

1-ый ведущий:

Бір емес, сен бұл жолы мыңды жықтың,
Мыңды жықтың, әлі де өрле мықтым,
Елім деп ту ұстаған өзге жерде,
Жеңісіңнің бастауы сол деп ұққын,

2-ой ведущий:
Однажды день и час приходят,
Все ждут с надеждой их приход
Сегодня вновь олимпиаду открываем
Огонь мы знаний зажигаем.

1-ый ведущий:

Дерзайте, юные!

Осталось нам сказать! Наш край  – умнейший край!
Ваш долг – его богатство умножать!
Желаем всем здоровья и успехов,
Умом, блистать, в олимпиаде побеждать!

1-ый ведущий: Члены сегодняшнего жюри – это учителя-предметники нашей школы
Қадірменді қазылар алқасы!
Бүгінгі білім сайысында шығармашылық табыс пен әділ баға күтеміз.

Уважаемые члены жюри! Желаем вам творчества, взаимопонимания и справедливости в оценке работ участников олимпиады!

2-ой ведущий: Вниманию участников школьной олимпиады!
Распределение кабинетов:
3,4 классы – кабинет №4

5,6 классы – кабинет №2

7,8,9 классы – кабинет №1

1-ый ведущий:
Итак, друзья ,пора вам в путь!
С дороги трудной постарайтесь не свернуть!
Побед добейтесь, да таких высоких,
Чтобы могла гордиться вами школа!

2-ой ведущий:
Прекрасен путь учебы и познанья
От школьной парты до больших высот.
От букваря до тайны мирозданья,
С одним девизом пламенным: «Вперед!»

Всем успехов!!! Просим вас пройти по кабинетам!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мектеп президентін ?лы?тау р?сімі сценарий
  • Мектеп аруы бай?ауы сценарий
  • Можно ли убираться на святой праздник
  • Мектеп президенті сайлау сценарий
  • Мектеп ?ланбасын ?лы?тау р?сімі сценарий