Мектеп бітіруші т?лектерге арнал?ан сценарий

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер! Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тап

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі

Өткізілетін күні: 2019 жылдың 12 маусымы, сағат 10 00
Өткізілетін орны: Сарыкемер мектеп — гимназиясының акт залы
Өткізілу уақыты: 45 минут

Жүргізушілер:
1. Сурабалдиев Бекжан
2. Момышева Заида
Ашылу салтанаты (композициялық көрсетілім)
Фанфар

1 — жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер!

2 — жүргізуші:
Бүгінгі 2019 — 2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге Аттестат тапсыру рәсіміне қош келдіңіздер.

1 — жүргізуші:
Шаттық самал еседі кеп бұл маңда,
Айналайық, қыздардан да, ұлдан да.
Желбірейді Байзағымның байрағы
Төгіліп ән қияннан да, қырдан да.

2 — жүргізуші:
Асыл ойлы ұстаздардың барында
Табыс тасып айналады қырманға.
Ел үміті ақталмауы мүмкін бе,
Дәл осындай ұл — қыздары тұрғанда!

1 — жүргізуші:
Жуырда ғана жария болған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада Елбасы табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін айқындап айтып өтті.

2 — жүргізуші:
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

1 — жүргізуші:
Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл — қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.

2 — жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата — аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл — қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша екі түлегіміз 11 «А» сынып оқушысы Ерназаров Жанатбек пен 11«Ә» сынып оқушысы Нуруллаева Бахыткүл «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата — аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Ендеше, осынау ерекше көңілді кешті «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1 — жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белгім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Жиналдың, айналайын, халқым менің!

2 — жүргізуші:
Өлшеуі ар — намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Қарсы алайық, аяулы түлектерді,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың

1 — жүргізуші:
Таза еңбек қала қоймас қалқада,
Білімді жас бермек дәйім жол таба.
Ал, ағайын, қошеметпен қол соға,
Бірге: Түлектерді шақырайық ортаға!

2 — жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп — гимназия директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына беріледі.

1 — жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір — біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір — біріңе сүйеу болып демеңдер.

2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- дей келе ортада әсем ән
(Есенбаева Жанарай «Мектебім» әні)

1 — жүргізуші Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

2 — жүргізуші
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат алу кезеңіде келгендей.

1 — жүргізуші
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте — дей келе аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
(әр түлек өлең — шумағымен сахна төріне шақырылады)

2 — жүргізуші
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы
(флешмоб хабарланбайды)

1 — жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.

2 — жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Хор (поппури )

1 — жүргізуші:
Алда не бар, өмір өзі іреттер,
Жақсы істен жаңылмасын жүректер.
Ортамызға олжа салған бүгінгі
Табыстарың құтты болсын, түлектер!

2 — жүргізуші:
Жастар үшін төксін өмір арайын,
Сәтті өткізсін әрбір жылын, әр айын.
Түлектердің кеші жетті мәреге,
Осыменен қош болыңыз, ағайын!

1 — жүргізуші
Білетұғын ескіні де, жаңаны,
Өзі сондай дарынды да, саналы,
Орыс тілі, биология пәнінен
Ылғи бестік олжалайтын бағаны.
103 балл жинақтап қуантты
Ұстаздар мен туыс, ата — ананы.
Шақырамыз біз Абибулла Наргизаны.

2 — жүргізуші

Көзге түсті еңбегімен елене,
Өзгелерге болса дейміз өнеге.
Физика мен математика, химия
Пәндерін бұл оңай кісі жеңе ме?
ҰБТ — дан 97 балл олжалаған
Ережепова Перизаттай түлекті,
Жарасады көтерсек біз төбеге!

1 — жүргізуші:

Көзін тапқан білімнің де, әр істің,
Туын биік көтереді намыстың.
Мақтанышы болды түгел таныстың
Көзінде де, кеудесінде бар ұшқын
Шералиева Гаухарды мақтаймыз
Жүлдегері болған небір жарыстың.

1 — жүргізуші:

Шәкірттердің ішіндегі құттысы,
Өзгелерге үлгі болған тіпті ісі.
Атанды ол түлектердің мықтысы.
Мақтап айтсақ бүгін тегі қай жөнін,
Бәріне де лайық Үшкемпірова Нұрай

2 — жүргізуші:

Оқуға да басқаға да үлгерер,
Бой басынан ештеңе жоқ мін көрер.
Шаршамайтын ізденімпаз қашанда
Оған тең боп жарысқанға кім келер.
Пірімқұлова Асем нағыз жүлдегер.

1 — жүргізуші:

Құштар болып өсті жастай білімге,
Болашаққа сенімі мол үнінде.
Абыройы асып отыр бүгінде
Шахматтан шақ келтірмей жарыста
Қарсыластың қалдырмады бірін де.
Өмірбаева Құрманкүлді мақтайық
Үлкен ғалым боп шығады түбінде.

2 — жүргізуші:

Ар, намысты биік ұстап ұғымға,
Озық шыққан білім сайыс сынында.
Данаева Ақжан сынды түлектің
Қосары бар келешекте ғылымға.

1 — жүргізуші:

Өзі алған біліміне сенімді,
Әркім солай қуантса ғой елімді.
Алимбаева Ақбілек қандай керемет
Үздіктердің қатарынан көрінді

2 — жүргізуші:

Көпшіл кісі қала қоймас қалқада,
Абыройы асып тұрар алқада.
Шын сайыста білген мықты жол таба
Мінезі ашық, қашанда да қадірлі
Әдемі бір әсері бар ортада
Орманова Ләззатты мақтаумен
Шақырайық қағып — қағып арқаға!

1 — жүргізуші:

Жақсы оқып көрінді сан белестен,
Азамат ол айдарынан жел ескен.
Усманова Лаззат шыққан асуды
Шығармайды біле білсек ел естен.

2 — жүргізуші:

Сарыкемер мектебінен хат танып,
Қоғам ісін белсенді боп атқарып,
Сегіз қырлы, мінезімен бір қырлы
Сүйкімді боп байқалған дос, жатқа нық.
Шақырайық Жұмалиева Күмісті

1 — жүргізуші:

Шын мықтыны елі оңай десін бе,
Мықтылығын жұрт ұстайды есінде.
Сан жарыста оза шауып бәйге алды,
Тоқталмастан білімділер көшінде,
Өзі тағы волейболшы, спортшы
Бурамбаев Жамбыл шебер шешімге

2 — жүргізуші:

Талаптыға нұр жауады расында,
Солай етін бұрында да, басында.
Жаумитбаева Айсәулеміз осында
Қане, бүгін ортаға кел тосылма!

1 — жүргізуші:

Әр нәрсенің орнын жүрер біліп те,
Оқу оған кеткен әбден сіңіп те.
Ашық мінез, достарына сүйікті
Бір қошемет
Сатыбалды Елдар сынды жігітке!

2 — жүргізуші:

Құмартатын алдағы нұр таңдарға,
Табысымен таныс болған бар маңға.
Талантымен тең келетін талғамға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Сейтова Марьямға

2 — жүргізуші:

Талантымен тең келетін талғамға.
Табысымен таныс болған бар маңға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Ауезова Жадыраға!

1 — жүргізуші
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым.
Келесі сөз кезегі 11 «А» сынып жетекшісі сөз кезегін береміз


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиынның сценарийі
Фанфар ойналады
1 жүргізуші:
Сіздердің тамашалағандарыңыз, Республикалық байқаулардың жеңімпаз бишілері 10 сынып қыздарының «Қамажай!» биі.

2 — жүргізуші:
Қайырлы кеш, Қадірменді қонақтар мен ұстаздар! Қымбатты ата — аналар!
1 — жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және аяулы мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі мектеп бітірушілер құрметіне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген, «Мектеп бітіру кеші — 2018» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! (бірге)

1 — жүргізуші:
Шыңдалып ата — баба рухымен,
Біз бүгін егеменді ел, әлем білген.
Қазақтың бір баласы ой тастап тұр,
Жаһанның мәртебелі мінберінен.

2 — жүргізуші:
Жаңғырып өмір сәні келер күнмен,
Бір күнім мүлде жаңа бір күнімнен.
Еліңнің болашағын айт десе егер,
Дер едім — Болашағы – зерделі өрен.

1 — жүргізуші:
Бүгінгі күн – түлектер үшін қайталанбас, маңызды да мәнді, тебіреніске толы күн! «Өмір күнделігіне» өшпестей етіп жазылатын ерекше күн!

2 — жүргізуші:
Иә, биыл Қазақстандықтар үшін ерекше жыл, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне ——- жыл толуы, мерейлі мерекеге ұласқан жыл!
Сондай — ақ бұл жылы мектебіміздің 26 — шы түлектері өмір белесіне қадам басқалы тұр. Ендеше, бүгінгі түлектеріміздің мерекесіне тағы да қош келдіңіздер!

1 — жүргізуші:
Құрметті мектеп бітіруші түлектер, Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне үлес қосатын сендерсіңдер. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, Гимннін асқақтататын, Егеменді еліміздің ертеңі мен болашағысыздар! Ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін Мәңгілік елдің азаматтарысыздар!

2 — жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысып отырған қонақтармен таныс болыңыздар:

1 — жүргізуші:
1. ————- Білім бөлімінің әдіскері
2.———- ауылдық округ әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы
3.———- ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы
4.———— ауданының құрметті азаматы
5.—————— Санат — Жергілікті қоғамдастықтың төрағасы
6.————— Ардагерлер кеңесінің мүшесі

2 — жүргізуші:
Алтын ұя мектебі №20 орта мектеп табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп, ортаға шақырайық!

1 — жүргізуші:
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Гүлжазира апай сізге ерекше көп алғыс,
Әрдайым шын қөңілмен құшақ жая қарсы алған – деген бітіруші түлектеріңіз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 А сынып жетекшісі Аудандық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» жеңімпазы, еңбек өтілі 19 жыл, бірінші санатты физика және информатика пәнінің мұғалімі Абдраимова Гүлжазира Айтбайқызын түлектерімен қарсы алыңыздар!!!

2 — жүргізуші:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,
Ғалия апай сіздей қайда бар адам?!- деген бітіруші сыныбыңыз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 ә сыныбын бастап келе жатқан Аудандық «Үздік жаратылыстану пәнінің мұғалімі — 2017» байқауының 2 орын жеңімпазы, мектеп тренирі, бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі Қойбағарова Ғалия Тұрмағамбетқызын түлектерімен қарсы алыңыздар!!

1 — жүргізуші:
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ — даңқын асырды бар әлеммен.
«Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Анар апайға әрқашан арнаймыз жақсы өлең! — деген бітіруші сыныбыңыз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 б сыныбын бастап келе жатқан, бітіруші түлектерімен ағылшын тілі пәнінің екінші санатты мұғалімі, аудандық ғылыми – тәжірибелік конференциясының дарынды оқушыларын үздік дайындаушы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі —————— қарсы алыңыздар!!!
1 — жүргізуші:
Ұстаз — болу жүректің батырлығы
Ұстаз болу сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның ақылдығы — деген бітіруші сыныбыңыз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 В сыныбын бастап келе жатқан, 29 жыл еңбек өтілі бар, жоғарғы санатты, Аудандық олимпиадаларының мақтау қағазының иегері бітіруші түлектерімен орыс тілі пәні мұғалімі, ——————— қарсы алыңыздар!!!

2 — жүргізуші:

Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!

2 — жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін!

1 — Жүргізуші:
Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде жиынға енгізілсін. Мемлекеттік туға тіктел!
Ту ұстаушылар:
1. Облыстық еркін күрестен 2 орын иегері, 10 Ә сынып оқушысы —————-
2. Аудандық бокстан 3 орын иегері 10 сынып ——————
3. Аудандық еркін күрестен 3 орын иегері —————————
(ГИМН орындалады)
2 — жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата — аналар адам өмірінде «Жұлдызды сәттер болады». Бүгінгі күн де оқушылар үшін сондай бір белес, әрі жұлдыздары жанған күн деп білеміз!

1 — Жүргізуші:
Ортаға өз білімдерімен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің, ауданымыздың абыройының асқақтауына үлес қосқан жас түлектерімізді ортаға шақырып, мәртебесін асқақтататын күн деп санаймыз!

Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі. жүктеу

А.С.Ахмадиева

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы. Абай атындағы ЖОББМ

«Ақ жол саған, жас түлек!» атты мектеп бітіру кеші.

Мақсаты: «Ақ жол саған,жас түлек!» атты аттестат тапсыру кешін ұйымдастыра отырып,оқушылардың алтын ұя мектебіне,ұстазына,туған ауылына, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы,Елтаңбасы ,

«Мектеп өмірінен» стенд,шарлар,гүлдер.

Барысы: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау,арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

Қош келдің,айналайын,халқым менің!

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын

Деген асыл ниетпенен ағайын

Ақ жолына той шашуы шашылсын!

Өлшеулі ар-намыспен нарқымыздың

Қорғаны адамдық пен салтымыздың

Армысыздар,аяулы ұстаздарым!

Сенері сіздерсіздер халқымыздың

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық,жар салайық

2014 жылғы түлектерді

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!

(Түлектер орындарына келіп тұрғаннан кейін кеш ашылады)

Бүгінгі «Ақ жол саған,жас түлек!» атты салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Қарағойшин Ерболат Қапизұлына беріледі.

Мектеп қой еліміздің қаны,жаны,

Мектептен басталады бәрі-бәрі

Бүгінгі мектеппен қоштасу жиынында

Орындалсын Қазақстан Әнұраны

Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар,атақты ата-аналар, қадірменді қонақтар, біздің жас түлектеріміз! 11жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып,ұстаздарына анасындай еркелеп,балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің алтын ұя мектебімен,әліппеден бастап өмір заңына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасар кезі келіп жетті.Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері мектеп бітіріп,қолдарына аттестат алғалы тұр.

Бүгін-алғашқы қоңырауы мен соңғы қоңырауының арасын жалғаған 11жылдың мәреге жеткен күн.

Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп көңіл қимастық кешкен күн.

Бүгін-атаң ақ жол тілеп,ақ бата берсем деген күн.

Бүгін-әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.

Бүгін-әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн.

Бүгін-анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.

Бүгін-ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн

Бүгін-арман қуып алысқа аттанған күн

Жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айын

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!- деп ендеше «Ақ жол саған,жас түлек!» атты

кешімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Пана болып мектебіме бас болған

Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы леп.

Ерболат ағай үміт күтер жастардан

Айтатыны ақ бата мен ақ тілек,-

алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Қарағойшин Ерболат Қафизұлына беріледі.

Жүргізуші:

Өрендер,кетті сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне болашақ күнге жол ашып

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге қаланып.

Он бір жыл оқып,білімің түсті қорлана,

Аттестат алғалы тұрсың «мектеп» деген ордада

Аттестат деген-азаматтық куәсі,

Аттестат деген-өмірге берген жолдама,-дей келе жалпы орта білім беру туралы аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры Қарағойшин Ерболат Қафизұлына беріледі.

Жүргізуші:

Әліппемен ашып өмір есігін,

Тербетті сені «білім» деген бесігің

« Өмір» деген өрлі өзенге шомлып

Жаттап өстің алғашқы ұстаз есімін,-дей келе алғашқы мектеп табалдырығын аттаған кезде құшағын жайып қарсы алған ұстазы Мырзатай Тыныштыбайұлы сөз кезегін алады.

Жүргізуші:

«Жетекші» деген ерекше тұлға,дара шың,

Ұмытылмай , көңілде мәңгі қалатын.

Сарғайып кеткен суреттеріңді парақтап,

Шәкірттерін оңаша еске алатын,-деп қанаттарын қатайтып,бірге жүріп,бірге күліп,намыстарын

бірге қорғаған сынып жетекшісі Мәрзия Амангелдіқызының түлектерге айтар соңғы аманатын

тыңдайық. (Түлектерге арналған арнау оқылады)

Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан,ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы-дей келе ата-аналар атынан құттықтау ——————————————————————————береміз.

Жүргізуші: Қуаныштан алаулайды реңі

Толқып та тұр кеудедегі жүрегі

Есінде қалсын ұстаздардың мәңгілік

Шәкірттердің толқып айтқан тілегі-дей отырып қолдрына жолдама алып,жүректері лүпілдеп,сезімге толы жанарлары мөлдіреп,қиналып та,қуанып та тұрған түлектердің сөзіне құлақ түрейік.

Ән: «Мектеппен қоштасу»(хор)

Жүргізуші:

Аға кетсе, іні қалар орнында.

Қарайлаймыз өмірдің оң , солына.

Үлгілерің ұмытылмас біздерге,

Ақ тілекті тілейміз біз жолыңа,-дей отырып мектеп түлектеріне сәт-сапар тілеп, аманатын қабылдап алуға ортаға 10-сынып оқушысы Төлегенова Индираға сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір-ұстаз, ақылды.

Басқаша енді ұйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Білімің мен ақылың, күйің бөлек,

Енді басқа, жиын-той, киім керек.

Енді саған шынайы болу керек.

Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,

Жаса қанша тентектік, есір мейлі.

Мектептегі мұғалім кешіргенмен,

Өмір қатал,бұл сені кешірмейді.

Жүрмейді тағдыр сенің айдауыңа

Шараң жоқ жаратқанның байлауына

Қимастықпен шығарып салдық бүгін

Түлектерді үлкен өмір жайлауына.

Қоштасарда алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көкте күн.

« Сәт спар!»,- деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.

Бірлік деген даналар мен кемеңгер,

Бір-біріңді әрқашанда елеңдер.

Түрлі асу жолдарынан тағдырдың,

Бір-біріңе сүйеу болып жүріңдер.

Жүргізуші: Құметті мектеп бітіруші жас түлектектер , ата-аналар мен қонақтар!

Аяулы ұстаздар!Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндгі

«Ақ жол саған,Жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз..

Ән: «Мектеппен қоштасу»(хор)

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі

Өткізілетін күні: 2019 жылдың 12 маусымы, сағат 10 00
Өткізілетін орны: Сарыкемер мектеп — гимназиясының акт залы
Өткізілу уақыты: 45 минут

Жүргізушілер:
1. Сурабалдиев Бекжан
2. Момышева Заида
Ашылу салтанаты (композициялық көрсетілім)
Фанфар

1 — жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер!

2 — жүргізуші:
Бүгінгі 2019 — 2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге Аттестат тапсыру рәсіміне қош келдіңіздер.

1 — жүргізуші:
Шаттық самал еседі кеп бұл маңда,
Айналайық, қыздардан да, ұлдан да.
Желбірейді Байзағымның байрағы
Төгіліп ән қияннан да, қырдан да.

2 — жүргізуші:
Асыл ойлы ұстаздардың барында
Табыс тасып айналады қырманға.
Ел үміті ақталмауы мүмкін бе,
Дәл осындай ұл — қыздары тұрғанда!

1 — жүргізуші:
Жуырда ғана жария болған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада Елбасы табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін айқындап айтып өтті.

2 — жүргізуші:
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

1 — жүргізуші:
Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл — қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.

2 — жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата — аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл — қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша екі түлегіміз 11 «А» сынып оқушысы Ерназаров Жанатбек пен 11«Ә» сынып оқушысы Нуруллаева Бахыткүл «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата — аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Ендеше, осынау ерекше көңілді кешті «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1 — жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белгім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Жиналдың, айналайын, халқым менің!

2 — жүргізуші:
Өлшеуі ар — намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Қарсы алайық, аяулы түлектерді,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың

1 — жүргізуші:
Таза еңбек қала қоймас қалқада,
Білімді жас бермек дәйім жол таба.
Ал, ағайын, қошеметпен қол соға,
Бірге: Түлектерді шақырайық ортаға!

2 — жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп — гимназия директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына беріледі.

1 — жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір — біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір — біріңе сүйеу болып демеңдер.

2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- дей келе ортада әсем ән
(Есенбаева Жанарай «Мектебім» әні)

1 — жүргізуші Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

2 — жүргізуші
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат алу кезеңіде келгендей.

1 — жүргізуші
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте — дей келе аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
(әр түлек өлең — шумағымен сахна төріне шақырылады)

2 — жүргізуші
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы
(флешмоб хабарланбайды)

1 — жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.

2 — жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Хор (поппури )

1 — жүргізуші:
Алда не бар, өмір өзі іреттер,
Жақсы істен жаңылмасын жүректер.
Ортамызға олжа салған бүгінгі
Табыстарың құтты болсын, түлектер!

2 — жүргізуші:
Жастар үшін төксін өмір арайын,
Сәтті өткізсін әрбір жылын, әр айын.
Түлектердің кеші жетті мәреге,
Осыменен қош болыңыз, ағайын!

1 — жүргізуші
Білетұғын ескіні де, жаңаны,
Өзі сондай дарынды да, саналы,
Орыс тілі, биология пәнінен
Ылғи бестік олжалайтын бағаны.
103 балл жинақтап қуантты
Ұстаздар мен туыс, ата — ананы.
Шақырамыз біз Абибулла Наргизаны.

2 — жүргізуші

Көзге түсті еңбегімен елене,
Өзгелерге болса дейміз өнеге.
Физика мен математика, химия
Пәндерін бұл оңай кісі жеңе ме?
ҰБТ — дан 97 балл олжалаған
Ережепова Перизаттай түлекті,
Жарасады көтерсек біз төбеге!

1 — жүргізуші:

Көзін тапқан білімнің де, әр істің,
Туын биік көтереді намыстың.
Мақтанышы болды түгел таныстың
Көзінде де, кеудесінде бар ұшқын
Шералиева Гаухарды мақтаймыз
Жүлдегері болған небір жарыстың.

1 — жүргізуші:

Шәкірттердің ішіндегі құттысы,
Өзгелерге үлгі болған тіпті ісі.
Атанды ол түлектердің мықтысы.
Мақтап айтсақ бүгін тегі қай жөнін,
Бәріне де лайық Үшкемпірова Нұрай

2 — жүргізуші:

Оқуға да басқаға да үлгерер,
Бой басынан ештеңе жоқ мін көрер.
Шаршамайтын ізденімпаз қашанда
Оған тең боп жарысқанға кім келер.
Пірімқұлова Асем нағыз жүлдегер.

1 — жүргізуші:

Құштар болып өсті жастай білімге,
Болашаққа сенімі мол үнінде.
Абыройы асып отыр бүгінде
Шахматтан шақ келтірмей жарыста
Қарсыластың қалдырмады бірін де.
Өмірбаева Құрманкүлді мақтайық
Үлкен ғалым боп шығады түбінде.

2 — жүргізуші:

Ар, намысты биік ұстап ұғымға,
Озық шыққан білім сайыс сынында.
Данаева Ақжан сынды түлектің
Қосары бар келешекте ғылымға.

1 — жүргізуші:

Өзі алған біліміне сенімді,
Әркім солай қуантса ғой елімді.
Алимбаева Ақбілек қандай керемет
Үздіктердің қатарынан көрінді

2 — жүргізуші:

Көпшіл кісі қала қоймас қалқада,
Абыройы асып тұрар алқада.
Шын сайыста білген мықты жол таба
Мінезі ашық, қашанда да қадірлі
Әдемі бір әсері бар ортада
Орманова Ләззатты мақтаумен
Шақырайық қағып — қағып арқаға!

1 — жүргізуші:

Жақсы оқып көрінді сан белестен,
Азамат ол айдарынан жел ескен.
Усманова Лаззат шыққан асуды
Шығармайды біле білсек ел естен.

2 — жүргізуші:

Сарыкемер мектебінен хат танып,
Қоғам ісін белсенді боп атқарып,
Сегіз қырлы, мінезімен бір қырлы
Сүйкімді боп байқалған дос, жатқа нық.
Шақырайық Жұмалиева Күмісті

1 — жүргізуші:

Шын мықтыны елі оңай десін бе,
Мықтылығын жұрт ұстайды есінде.
Сан жарыста оза шауып бәйге алды,
Тоқталмастан білімділер көшінде,
Өзі тағы волейболшы, спортшы
Бурамбаев Жамбыл шебер шешімге

2 — жүргізуші:

Талаптыға нұр жауады расында,
Солай етін бұрында да, басында.
Жаумитбаева Айсәулеміз осында
Қане, бүгін ортаға кел тосылма!

1 — жүргізуші:

Әр нәрсенің орнын жүрер біліп те,
Оқу оған кеткен әбден сіңіп те.
Ашық мінез, достарына сүйікті
Бір қошемет
Сатыбалды Елдар сынды жігітке!

2 — жүргізуші:

Құмартатын алдағы нұр таңдарға,
Табысымен таныс болған бар маңға.
Талантымен тең келетін талғамға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Сейтова Марьямға

2 — жүргізуші:

Талантымен тең келетін талғамға.
Табысымен таныс болған бар маңға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Ауезова Жадыраға!

1 — жүргізуші
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым.
Келесі сөз кезегі 11 «А» сынып жетекшісі сөз кезегін береміз

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп» КММ

«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

Мектеп директорының Мектеп директоры

ТЖ орынбасары

______C.Саметова ______А.Аханова

«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» -атты мектеп бітіру кешіне арналған сценарий

Педагог-ұйымдастырушы Д.Асқанбаев

«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» -атты мектеп бітіру кешіне арналған сценарий

Өтетін күні: 17.06.2016ж.

Өтетін уақыты: 21.00

Өтетін жері: М.Мыңбайұлы атындағы ОМ

Фанфара беріледі.

1-жүргізуші: Армысыздар! құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!

(Музыка ойналады)

2-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы көшеде,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата — ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші: Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде,

Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.

ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.

2-жүргізуші: Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақпен таныстырып өтейік.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Көкенова Жансая Тыныбекқызы
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз қатысып отыр.

2-жүргізуші:

Мектеп үшін жаралған жүрегіңіз,

Бүгін міне ұшқалы отыр түлегіңіз,

Ақ жол тілеп, сәт-сапар деп мерекеде,

Арналсын түлектерге тілегіңіз – дей келе алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Аханова Айгүл Әлменқызына беріледі.

Құттықтау сөз сөйлейді. Мадақтама беріледі.

1-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Төгілтіп әсем күймен ән салады.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда әнші қызымыз Мелісова Данагүлдің орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Ән орындалады.

2-жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз _______________________________________ беріледі.

1-жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келіп жетті.

2-жүргізуші:
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте — дей келе,

Жалпы орта білімді аяқтау туралы бұйрықты оқу және аттестат, ҰБТ сертификатын тапсыру үшін мектеп директорының орынбасары Аманбеков Бағдат Баймұратұлына

Салтанатты түрде аттестат тапсыру сәті.

11 сынып Ән.

1-жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда.

2-жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстазы: Жабеева Зауреш Зейнолдақызына беріледі.

1-жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі Кусбекова Кулайм Маликовнаға беріледі.

2-жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз.

1-жүргізуші:
Ата — ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыздар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата – аналарына беріледі.

2-жүргізуші:
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз — қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі ________________________беріледі.

1-жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді

2-жүргізуші:

Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.

1-жүргізуші:

Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернаты

Сынып жетекшілері:Кишенова Г.Е Ажитаева Ж.Ш

 « Сәт сапар, Жас түлек!» мектеп бітіру кеші (Фанфар  ойнайды)

2 жүргізуші сахнаға шығады.

1-жүргізуші:  Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың

Армысыздар, аяулы ұстаздарым!

Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

2-жүргізуші:   Өмір берер ертеңгі бағаларын,

Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,

Қош келдің, әкелер мен аналарым!

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қауым! Нығмет Нұрмақов  атындағы облыстық  дарынды  балаларға  арналған мектеп-интернатының  түлектеріне  жалпы орта білім  туралы  аттестат тапсыру  құрметіне  орай  өткізілгелі  отырған  салтанатты жиынымызға ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

2-жүргізуші:

Шарықтасын жүректен асқақ әнім,

Тек биікте самғатам жыр қыранын.

«Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз!» деп,

Шырқайық Ұлы Отанның Әнұранын.

                                     (Әнұран шырқалады)

1-жүргізуші:  Қазақстанның  әлемдегі   бәсекеге барынша қабілетті елу   елдің қатарына кіру стратегиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:  «Еліміздің болашақтағы дамуын  қамтамасыз етуге мүмкіндік   беретін  негізгі тірек — білім беру ісі », -деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді.

2-жүргізуші:  Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып келеді. Мектеп – ол болашақтың балауса сәттерінің  куәсі болған, балдәурен бала шақтан  — арман толы болашаққа жетелер – білімнің алтын шамшырағы.

1-жүргізуші:  Ұлттық білім беру жүйесінде осындай сапалы білім беру  арқылы ұлт игілігіне аянбай қызмет етіп келе жатқан, 80 жылдық тарихы бар Нығмет  Нұрмақов  атындағы білімнің  алтын ұя шаңырағы  бүгінде 32 түлегін  қанаттандырып, жаңа өмір  жолына самғатпақ.

2-жүргізуші:  Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған,бәлкім, бәрімізде.

Қол соғып, қошеметті көрсетейік,

Түлектер келсінші деп ортамызға.

1-жүргізуші: Ендеше   ұядан түлеп ұшқалы тұрған, мектебіміздің түлектерін

зор құрметпен ортаға    шақырамыз.

(Музыка мен слайд ойнап тұрады, түлектер сахнаға шығады)

2-жүргізуші:   Құрметті, Жас Түлектер! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, сендер мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар.

1-жүргізуші:    Енді сендерді өмірлеріңде сан тарау жолдар күтіп тұр. Сол жолда әрбіреулерің бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресеңдер, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды мәңгілік жүректеріңде  ұмытпай сақтаңдар.

2-жүргізуші:            

         11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген — өмірге берген жолдама. – дей келе түлектердің көптен күткен қуанышты, жүрек шымырлатар қимас кезеңі, 11 жыл төккен терінің жемісі, 11 жыл бойы білімінің белгісі – мектеп бітіру аттестатын алу кезеңі кезек келді.

          1-жүргізуші:  

                         Ажырамай  мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз, — дей келе, осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері аттестат тапсыру рәсіміне Әшімов Есентай Мұқатайұлын  және аттестатты беру туралы бұйрықты оқуға директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрділдина Клара Хамитқызын ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші:  Міне, 11 жылғы еңбектеріңіздің жемісі — мемлекеттік аттестат бүгін қолдарыңызда.  Бұл құжат — өмірдің  жаңа  кезеңіне басты жолдама. Үлкен өмір есігі айқара ашылғанда, қуаныш пен шаттықтарыңыз мол болсын деген ниеттеміз.

Екі жүргізуші кетіп қалады. 11-лердің өз бағдарламасы басталады.

Би. FlashMob (түлектер атынан)

********:   Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ҰЛЫ ТАУДЫ бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық.

 ********:  Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман – тілегіміз ортақ.

**********:  Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын

1-жүргізуші:  Ән:  «Туған жер» Орындайтын: Мақпал Жақия

2-жүргізуші:

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір — деп

Мектебіміздің түлектеріне  ыстық  лебіздерін білдіріп, ақ баталарын беру үшін құттықтау сөз  ұстаздарымызға сөз береміз. (аттары кетеді)

 1-жүргізуші: Ұстаздарымыздың ақ тілегі қабыл болсын!

Мектебім- өмірдің алғашқы жол басы

                                Мекенім тәрбие, ақылдың жолдасы.

Аялап,өсіріп, түлеткен ақ ұям

Аяулы мектебім-білімнің ордасы.

2-жүргізуші:  Қададың, мектебім білімнің қазығын,

Тәрбие тәлімнің өмірлік азығым.

Білімге, өнерге шексіз жол көрсеткен,

Ұстазым, мектебім — мәңгілік ұраным.

Осы шәкірттерді  білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарға мың алғыс!

           (Шәкірттер  орнынан тұрып ұстаздарға құрмет көрсетеді.)

1-жүргізуші:  Ұстаздар құрметіне орындалар ән  «Ұстазым». Орындайтын  мектеп бітіруші  түлектер  .   Қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:  Білім сайысы- шыңдалу жолы. Осы өткір сыннан шыңдалып өтіп, әр түрлі пәндер бойынша  білім додаларында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  болып, озық шыққан   түлектеріміздің жетістіктеріне зор құрмет көрсете отырып, мектеп атынан «Эрудит- 2014» номинациясын тапсыру рәсіміне кезек берейік.

1-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге «Эрудит- 2014»  номинациясын тапсыру үшін ортаға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Жұмағалиқызын шақырамыз.

2-жүргізуші:   Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

*(Ата-аналарға сөз беріледі)

Ата-аналар комитетінің төрайымы Гүлзада ханымға және 11 а,б сыныптары атынан ата-аналарға сөз береміз.

1-жүргізуші:   Қымбатты, Түлектер!

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

2-жүргізуші:  Мектебін әрбір шәкірт сағынады,

Бұл өмір тек біліммен мағыналы.

Ұшырады сендерді болашаққа,

Нұрмақов мектебінің шаңырағы.

1-жүргізуші:   Түлектердің сәтті жолы ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Деген асыл ниетпенен, ағайын,

Ақ жолына ән шашуы шашылсын.

 «Мектебім Нұрмақов» әні,  орындайтын  Әлішер, Айжан, Жәнібек.

2-жүргізуші:  Осымен, 2014 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыруға арналған   салтанатты жиын  мәресіне келіп жетті.

1-жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
2-жүргізуші

Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын

1-жүргізуші: Алтын ұясынан қанаттанған  түлектерімізді үлкен өмір  жолына аттандыра отырып, ақ  жол, сәт сапар тілейміз. Келешектеріңіз жарқын, шығар шыңдарыңыз биік болғай!

2-жүргізуші:  Назарларыңызға рахмет!

1- жүргізуші:  Келер күніміз шуақты болсын!

(Екеуі бірге айтады)  Сау-саламат  болыңыздар!

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі

Өткізілетін күні: 2019 жылдың 12 маусымы, сағат 10 00
Өткізілетін орны: Сарыкемер мектеп — гимназиясының акт залы
Өткізілу уақыты: 45 минут

Жүргізушілер:
1. Сурабалдиев Бекжан
2. Момышева Заида
Ашылу салтанаты (композициялық көрсетілім)
Фанфар

1 — жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер!

2 — жүргізуші:
Бүгінгі 2019 — 2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге Аттестат тапсыру рәсіміне қош келдіңіздер.

1 — жүргізуші:
Шаттық самал еседі кеп бұл маңда,
Айналайық, қыздардан да, ұлдан да.
Желбірейді Байзағымның байрағы
Төгіліп ән қияннан да, қырдан да.

2 — жүргізуші:
Асыл ойлы ұстаздардың барында
Табыс тасып айналады қырманға.
Ел үміті ақталмауы мүмкін бе,
Дәл осындай ұл — қыздары тұрғанда!

1 — жүргізуші:
Жуырда ғана жария болған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада Елбасы табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін айқындап айтып өтті.

2 — жүргізуші:
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

1 — жүргізуші:
Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл — қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.

2 — жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата — аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл — қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша екі түлегіміз 11 «А» сынып оқушысы Ерназаров Жанатбек пен 11«Ә» сынып оқушысы Нуруллаева Бахыткүл «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата — аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Ендеше, осынау ерекше көңілді кешті «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1 — жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белгім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Жиналдың, айналайын, халқым менің!

2 — жүргізуші:
Өлшеуі ар — намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Қарсы алайық, аяулы түлектерді,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың

1 — жүргізуші:
Таза еңбек қала қоймас қалқада,
Білімді жас бермек дәйім жол таба.
Ал, ағайын, қошеметпен қол соға,
Бірге: Түлектерді шақырайық ортаға!

2 — жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп — гимназия директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына беріледі.

1 — жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір — біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір — біріңе сүйеу болып демеңдер.

2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- дей келе ортада әсем ән
(Есенбаева Жанарай «Мектебім» әні)

1 — жүргізуші Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

2 — жүргізуші
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат алу кезеңіде келгендей.

1 — жүргізуші
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте — дей келе аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
(әр түлек өлең — шумағымен сахна төріне шақырылады)

2 — жүргізуші
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы
(флешмоб хабарланбайды)

1 — жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.

2 — жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Хор (поппури )

1 — жүргізуші:
Алда не бар, өмір өзі іреттер,
Жақсы істен жаңылмасын жүректер.
Ортамызға олжа салған бүгінгі
Табыстарың құтты болсын, түлектер!

2 — жүргізуші:
Жастар үшін төксін өмір арайын,
Сәтті өткізсін әрбір жылын, әр айын.
Түлектердің кеші жетті мәреге,
Осыменен қош болыңыз, ағайын!

1 — жүргізуші
Білетұғын ескіні де, жаңаны,
Өзі сондай дарынды да, саналы,
Орыс тілі, биология пәнінен
Ылғи бестік олжалайтын бағаны.
103 балл жинақтап қуантты
Ұстаздар мен туыс, ата — ананы.
Шақырамыз біз Абибулла Наргизаны.

2 — жүргізуші

Көзге түсті еңбегімен елене,
Өзгелерге болса дейміз өнеге.
Физика мен математика, химия
Пәндерін бұл оңай кісі жеңе ме?
ҰБТ — дан 97 балл олжалаған
Ережепова Перизаттай түлекті,
Жарасады көтерсек біз төбеге!

1 — жүргізуші:

Көзін тапқан білімнің де, әр істің,
Туын биік көтереді намыстың.
Мақтанышы болды түгел таныстың
Көзінде де, кеудесінде бар ұшқын
Шералиева Гаухарды мақтаймыз
Жүлдегері болған небір жарыстың.

1 — жүргізуші:

Шәкірттердің ішіндегі құттысы,
Өзгелерге үлгі болған тіпті ісі.
Атанды ол түлектердің мықтысы.
Мақтап айтсақ бүгін тегі қай жөнін,
Бәріне де лайық Үшкемпірова Нұрай

2 — жүргізуші:

Оқуға да басқаға да үлгерер,
Бой басынан ештеңе жоқ мін көрер.
Шаршамайтын ізденімпаз қашанда
Оған тең боп жарысқанға кім келер.
Пірімқұлова Асем нағыз жүлдегер.

1 — жүргізуші:

Құштар болып өсті жастай білімге,
Болашаққа сенімі мол үнінде.
Абыройы асып отыр бүгінде
Шахматтан шақ келтірмей жарыста
Қарсыластың қалдырмады бірін де.
Өмірбаева Құрманкүлді мақтайық
Үлкен ғалым боп шығады түбінде.

2 — жүргізуші:

Ар, намысты биік ұстап ұғымға,
Озық шыққан білім сайыс сынында.
Данаева Ақжан сынды түлектің
Қосары бар келешекте ғылымға.

1 — жүргізуші:

Өзі алған біліміне сенімді,
Әркім солай қуантса ғой елімді.
Алимбаева Ақбілек қандай керемет
Үздіктердің қатарынан көрінді

2 — жүргізуші:

Көпшіл кісі қала қоймас қалқада,
Абыройы асып тұрар алқада.
Шын сайыста білген мықты жол таба
Мінезі ашық, қашанда да қадірлі
Әдемі бір әсері бар ортада
Орманова Ләззатты мақтаумен
Шақырайық қағып — қағып арқаға!

1 — жүргізуші:

Жақсы оқып көрінді сан белестен,
Азамат ол айдарынан жел ескен.
Усманова Лаззат шыққан асуды
Шығармайды біле білсек ел естен.

2 — жүргізуші:

Сарыкемер мектебінен хат танып,
Қоғам ісін белсенді боп атқарып,
Сегіз қырлы, мінезімен бір қырлы
Сүйкімді боп байқалған дос, жатқа нық.
Шақырайық Жұмалиева Күмісті

1 — жүргізуші:

Шын мықтыны елі оңай десін бе,
Мықтылығын жұрт ұстайды есінде.
Сан жарыста оза шауып бәйге алды,
Тоқталмастан білімділер көшінде,
Өзі тағы волейболшы, спортшы
Бурамбаев Жамбыл шебер шешімге

2 — жүргізуші:

Талаптыға нұр жауады расында,
Солай етін бұрында да, басында.
Жаумитбаева Айсәулеміз осында
Қане, бүгін ортаға кел тосылма!

1 — жүргізуші:

Әр нәрсенің орнын жүрер біліп те,
Оқу оған кеткен әбден сіңіп те.
Ашық мінез, достарына сүйікті
Бір қошемет
Сатыбалды Елдар сынды жігітке!

2 — жүргізуші:

Құмартатын алдағы нұр таңдарға,
Табысымен таныс болған бар маңға.
Талантымен тең келетін талғамға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Сейтова Марьямға

2 — жүргізуші:

Талантымен тең келетін талғамға.
Табысымен таныс болған бар маңға.
Жете берсін деп тілеумен арманға
Қол соғайық Ауезова Жадыраға!

1 — жүргізуші
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым.
Келесі сөз кезегі 11 «А» сынып жетекшісі сөз кезегін береміз

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мектепалды даярлы? тілашар сценарий
  • Мектеп бітіру кешіне арнал?ан сценарий 11 сынып
  • Можно ли уволиться сразу после новогодних праздников
  • Мектеп президентін сайлау сценарий
  • Мектеп ашылуына сценарий