Мектеп ?ланбасын ?лы?тау р?сімі сценарий

сценарий торжественного мероприятия инауграции Уланбасы республиканской организаций Жас Улан

БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры

__________Ә. Байдәулетов

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы

Барысы:

1 ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсімін ұсынбақпыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше, салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына түзеліңдер!!!

Мемлекеттік Ту енгізілсін!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!

Барабан қағылады, сахна төріне ұйымның туы кіргізіледі.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім! 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 2016 жылдың 22 — 25 қыркүйек күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер 6 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. 25 қыркүйек күні ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал 28 қыркүйек күні мектебімізде өткен жалпы Ұланбасы сайлауында 419 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 27,5 пайыз дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы Сүйімбай Рахат сайланды.

1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын Сүйімбай Рахатты құрметпен ортаға шақырайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ:Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 5 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Олардың барлығы жаңа идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре білді.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшыларын ортаға шақырып, құрметпен қарсы алайық!

БЕЛСЕНДІЛЕР ОРТАҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ

1 Абдукаримова Арай Оқу секторы

2 Аяпова Динара Ізгілік секторы

3 Зиналатдинов Нұрлыбек Спорт секторы

4 Умаров Адилбек Полицейдің жас комекшісі

5 Кенетаева Нұржамал Редколегия секторы

6 Амантаева Ботагоз Тазалық секторы

7 Сыпабек Аяжан Өлкетану секторы

8 Бахытов Бекарыс Экология секторы

9 Сабырбаева Акмарал Ұйым хатшысы

10 Абылкасым Аружан Еңбек секторы

11 Хошниязова Диана Тазалық секторы

12 Ергеш Гаухар Мәдениет секторы

2- ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен қатар топ басшыларын ортаға қошеметпен шақырайық.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің Ұланбасы мен Көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын ұлықтау және Кеңес мүшелері мен топ басшыларына төсбелгілерін тағу рәсімін өткізу үшін құрметпен ортаға құрметті қонақтарды шақырамыз:

Назира Өмірғалиқызы

Ғайша Зайырқызы

Гүлжанар Айдәулетқызы

Асия Латифовна

Құрметпен сіздерді ортаға шақырамыз.

Төсбелгілер тағылады, қонақтарға сөз беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Құттықтау сөз ардагер, ұлағатты, тәжірибелі ұстаз, №25 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Назира Өмірғалиқызына беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас»ұйымның Ұланбасы Сүйімбай Рахаттың салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.

АНТ БЕРІЛЕДІ. АНТ БЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН,

«Жас Ұлан» ұйымының Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын!

ТУЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Көшбасшылар жарасып сан- салалы,

Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Қуанышты күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы

1 ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсімін ұсынбақпыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше, салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына түзеліңдер!!!

Мемлекеттік Ту енгізілсін!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!

Барабан қағылады, сахна төріне ұйымның туы кіргізіледі.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім! 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 2016 жылдың 22 — 25 қыркүйек күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер 6 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. 25 қыркүйек күні ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал 28 қыркүйек күні мектебімізде өткен жалпы Ұланбасы сайлауында 419 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 27,5 пайыз дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы Сүйімбай Рахат сайланды.

1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын Сүйімбай Рахатты құрметпен ортаға шақырайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ:Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 5 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Олардың барлығы жаңа идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре білді.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшыларын ортаға шақырып, құрметпен қарсы алайық!

БЕЛСЕНДІЛЕР ОРТАҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ

1 Абдукаримова Арай Оқу секторы

2 Аяпова Динара Ізгілік секторы

3 Зиналатдинов Нұрлыбек Спорт секторы

4 Умаров Адилбек Полицейдің жас комекшісі

5 Кенетаева Нұржамал Редколегия секторы

6 Амантаева Ботагоз Тазалық секторы

7 Сыпабек Аяжан Өлкетану секторы

8 Бахытов Бекарыс Экология секторы

9 Сабырбаева Акмарал Ұйым хатшысы

10 Абылкасым Аружан Еңбек секторы

11 Хошниязова Диана Тазалық секторы

12 Ергеш Гаухар Мәдениет секторы

2- ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен қатар топ басшыларын ортаға қошеметпен шақырайық.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің Ұланбасы мен Көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын ұлықтау және Кеңес мүшелері мен топ басшыларына төсбелгілерін тағу рәсімін өткізу үшін құрметпен ортаға құрметті қонақтарды шақырамыз:

Назира Өмірғалиқызы

Ғайша Зайырқызы

Гүлжанар Айдәулетқызы

Асия Латифовна

Құрметпен сіздерді ортаға шақырамыз.

Төсбелгілер тағылады, қонақтарға сөз беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Құттықтау сөз мектеп директоры Байдәулетов Әлібек Әубәкірұлына беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас»ұйымның Ұланбасы Сүйімбай Рахаттың салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.

АНТ БЕРІЛЕДІ. АНТ БЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН,

«Жас Ұлан» ұйымының Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын!

ТУЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Көшбасшылар жарасып сан- салалы,

Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Қуанышты күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫНЫҢ көрінісі

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектеп жылдары» сценарий.
Мақсаты: Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен 
азаматтықты қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды
Қазақстан Республикасының Ата заңы, мемлекеттік тарихымен таныстыру.
Көрнекіліктер: ҚР мемлекеттік рәміздері, ұрандар,гүлдер,шарлар, жалаулар.
1­Жүргізуші: Құрметті ата­аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және аяулы 
оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін 
мейрам­алғашқы қоңырау. Бүгінгі қуанышқа толы, шаттыққа толы «Алғашқы
қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
2­Жүргізуші: Қош келдіңіздер, жас ұрпақ, жасөспірімдер, үлкен де, мықты 
орта білім әлеміне! 
1­Жүргізуші: Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін.
Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.
2­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін! 
Әнұран орындалады.
1­Жүргізуші: 1­қыркүйек­Білім күнінен арналған «Сыңғырла, күміс 
қоңырау!»  атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
2­Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
1­Жүргізуші: Көп жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғандар.
Алғашқы әріп үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар!
2­Жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді 
мектебіміздің тоғызыншы сынып оқушылармен, ұстаздармен ортаға 
шақырамыз. 
Ұстаздар шәкірттерімен ортаға шығады.
1­Жүргізуші: Аламын білім күш, жалын,
Арманға биік ұшамын,
Өрлетер өмір шыңына,
Өнегең абзал ұстазым.
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің қадамы құтты 
болсын! 2­Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата­аналар!
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
1­Жүргізуші: Жана берсін еңбегін , жана берсін,
Мерейіңе шәкірттер қана берсін.
Айнала балалар мен гүлге толып,
Оқу жылың зор бақыт ала келсін.
Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөз мектеп басшысы: 
Сейталинов Мақсұт Төкен ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы тойшашуы бимен 
басталмақ.
Би: «Қазақ биі» 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
1­Жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені.
Сөз кезегі ауылымыздың әкімі: Узденов Ерлан Рамазан ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Биылғы жыл ерекше жыл. 30 тамыз күні ҚР 
Конститтуциясының қабылдағанына 15 жыл толды. 
Ата Заңға арнау. Оқитын 8 сынып оқушысы: Әлжанова М. 
Мадина: Ата заңы ынтымақ, бірлік кепілі.
Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін!
Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін.
Егеменді елім бар, Ата Заң бар.
Қорғайтын ынтымағын, беріктігін Заңым бар
Әділетке негізделген Заңым бар.
Тау да мен, теңіз де мен!
Мен­халықпын, туған жер –Атамекен.
Ажырамас, мызғымас егіздер ем
Елім осы Ата Заңын аялаған…
1­Жүргізуші: Біз Отанымыздың бақытты балаларымыз.
Қарлығаш:Отан дейміз көрікті астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Ақнұр:Отанның бұл шеті жоқ, шегіде жоқ,
Бірақ ол өз үйіңнен басталады.
Ән: «Елім менің» 9 сынып оқушыларының орындауында.
2­Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар қауымға,
Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным. Сөз аудандық оқу бөлімінен келген қонағымызға беріледі.
1­Жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар тағы бір 
Жаңа оқу жылы басталды.
2­Жүргізуші: Ендеше, кәне халайық,
Жаңа оқу жылы төрлетсін.
Көңілді әнге салайық, Жаңа оқу жылы басталды.
Музыка ойналып, жаңа оқу жылы шығады.
1­Жүргізуші: Жаңа оқу жылы, кел төрлет,
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Жаңа оқу жылы: Армысыздар, ағайын!
Хош келіпсіз баршаңыз!
Мен де есік қағайын
Бітсе шілде, сары тамыз.
Хан сарайдай шуақты 
Мектебің тұр, ашсаңдар.
Жаңа ынтамен қуатпен
Оқу жылын бастаңдар!
Би: «Мектебім» 9 сынып оқушыларының орындауында.
Ақнұр: Мектеп­қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз­оқушы боламыз.
Қарлығаш: Ардақты мұғалім!
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің
Жаққан шам шырағын!
Ән: «Жарқын жүзді үстазым» 1­4 сынып оқушылары орындауында..
Арлен: Тіліңді аламын,
Сөзіңді ұғамын
Кеудеме құя бер
Білімнің бұлағын!
Нұрдаулет: Өсіп ой  мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз­оқушы боламыз.
Нұрболат: Мектебің, мынау класың,
Осында он жыл тұрасың. Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: «Мұғалім­ол біздің» 1 сынып оқушылары  орындауында.
Дина:Мектеп­анаң бүгіннен,
Мектеп­алтын босағаң.
Мектеп­берген біліммен,
Марқаясың жас ұлан.
Әділжан: Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Аяжан: Бүгін, бүгін қала, дала көңілді,
Қуаныш күй тербетеді көңілді. 
Қыркүйектің сылдыраған қоңырауы,
Балалардың күлкісі боп төгілді.
Ән: «Мектебім» 3­4 сынып оқушылары орындауында..
Әлібек: Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым­мұғалім!
2­Жүргізуші:Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән­мағына жатыр. 
«Жақсы ұстаз­мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір 
болмас,ұстазсыз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам 
қайраткері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман 
қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз. Ұстазсыз өмірдің 
нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат 
атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі­ұлы еңбек.
Хор: «Ұстазым»
1­Жүргізуші:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағынның ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Ендігі сөзді 1 сынып ұстазы Тусупова Алтын Рымбай қызына беріледі. 
Арна:Қадірлі мектеп­бұл мектеп,
Оқыған ата­анамыз.
Жүреміз дәйім құрметтеп,
Суыған емес арамыз!
Дәурен: Жадыраған жаздай жылы жаны бар
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Зарина: Қыркүйектің таңында
Күміс қоңырау тағы да.
Соғылады сыңғырлап Сыңғыр, сыңғыр жыр жырлап.
Әлішер: Мектебім менің, мектебім,
Өзіңде ғана көктедім.
Желкілдеп өстім құрақтай,
Арманға қарай беттедім.
Би: « Ұстазым  » 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
Индира: «5» болсын алар бағамыз,
Білімен бақыт табамыз.
Өнер –білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Мадина: Нағыз білім – ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Фариза:Мектепті ойлап жаз шыға,
Түсетін дей дәл сынға.
Жаңа оқу жылын­
Мен , күтіп жүрдім асыға…
Жанар: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям­мектебім!
Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім­мектебім!
Ән: «Ұстаздар» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
Сырым: Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Жез қоңырау дауысы,
Күмбірлетті аспанды.
Милана:Сәлем саған, мектебім,
Сәлем, білім ордасы!
Жасыл бақтың көктемі,
Жастық шақтың жолдасы!
Назым: Алғаш барған күнімнен
Ардақты есім мұғалім.
Әсем нәзік үніңнен,
Білім мәні ұғармын.
2­Жүргізуші: Ата­ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата­ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата­ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата­ана деген алтын қазық, алтын бақ.­дей келе жаңа оқу жылының сөз кезегі 
ата­аналар атынан беріледі. Ата­аналар сөз сөйледі.
Ән: «Қызықты каникул» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
1­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын! 
Әнұран орындалады.
2­Жүргізуші: Қоңырау, сыңғырла асыға.
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
1­Жүргізуші: Қағылды зор қоңырау, күмбірледі.
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.
Жаңа 2010­2011 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып және 9 
сынып оқушысына ұсынылады.
Хор: «Қоңырау»
2­Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата­аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! 
Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат 
болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Осымен алғашқы қоңырауға арналған 
салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Дайындаған:
Сейталинов М.Т.

Мақсаты:
Мектеп бітіруші түлектермен дөңгелек үстел басында армандары, тілектері туралы ой бөлісе отырып, 10 сынып оқушыларымен байланысын нығайту, оқушыларды бірін — бірі құрметтеуге, мектебі мен ұстаздарына деген сүйіспеншіліктерін арттыруды жалғастыру.
Болашақтарына ақ жол, сәттілік тілеу.

Көрнекіліктер:
Сөздер: «Қош бол, мектебім!»
Білімді мыңды жығады.
Мектеп – кеме, білім теңіз.
Ақ жол! Сәттілік! Сенімділік! Төзімділік! Сәт сапар!
Шарлар, гүлдермен безендіріледі.
Музыкалық нөмірлер.

Тәрбие сағатына мектеп бітіруші түлектермен бірге олардың алғашқы ұстаздары мен қазіргі сабақ беріп жүрген ұстаздары, ата — аналары шақырылды.

Жүргізушілер:
Дастан: Құрметті ұстаздар мен ата — аналар! 10 «а» сынып оқушыларының мектеп бітіруші түлектерге арналған «Қош бол, мектебім» атты дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!

Тоты: Елнар ендеше биылғы мектеп бітіргелі отырған түлектерімізді ортаға шақырмаймыз ба?
Дастан: Дұрыс айтасың Тоты, бірақ қалай шақырамыз?
Тоты: Расында да, жәй ғана ортаға келіңдер дей саламыз ба?

Шырын мен Елнар кіреді.
Шырын: Тоты, Дастан жүректері толқып тұрған мектеп бітіруші 11 «а» сынып оқушыларын жетекшілерімен қосып, ортаға шақыруды Елнар екеумізге тапсырсаңдар, қалай қарайсыңдар?
Тоты: Өзімізде қиналып тұр едік, бастасаңдар бастаңдар.
Елнар: Ендеше, түлектерді ортамызға шақыратын кез келді.

Мектеп бітіруші түлектердің Жетекшісі бүгінгі,
Үндемей жүріп, тындырады жан — жақтағы бар істі.
Райкамал Ибитайқызы балаларыңызбен ортамызға келіңіз,
Шапалақтап, қошеметпен қарсы алайық бәріміз

Шырын
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Дастан:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп, сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана.
Тоты:
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп,
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын: «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Дастан:
Тоты ал, енді арнайы шақырылған құрметті қонақтарымызды қалай жайғастырамыз?
Шырын: Дастан — Тоты екеуің тағы да қиналып тұрмыз деп Елнар екеумізге сілтей салайын деп тұрсыңдар – ау шамасы.
Тоты: Шырын, Елнар сендер өздеріңді біз күшті жүргізушіміз деп біраз бөсіңкіреп қалдыңдар ғой деймін, ә. Өзіміз – ақ қазір жайғастырамыз.
Шырын: Тоты бұл бізге кетіңдер дегенің бе? Сендердің түлектерді жайғастырғандарыңды көрмей кетпейміз, иә Елнар.

Елнар: Сендердің дауларың бүгін бітпес, тезірек жайғастырайықшы, түлектердің ішінде менің апайым бар, ұят болды ғой.

Жүргізушілер: Түлектерге қағаз таратады.
Дастан:
Дулаттың орындауындағы «Балдәурен» әні мектеп бітіруші түлектер, сіздердің құрметтеріңізге арналады, Қарсы алыңыздар!
Массаған, алдандыңдар.
Директорға сөз беріледі.

Шырын. Келесі тыңдайтындарыңыз мектеп бітіргелі отырған 11 сыныпқа сипаттама. Оқитын Азамат, назар аударыңыздар!
11 «а» сыныбын бір мемлекет ретінде қарастырып көрейікші

Жер көлемі 45 кв. км. Халқы сирек қоныстанған. Табиғаты қыста жылы, жазда суық болып келеді.. Мемлекеттік басқаруы – монархиялық, мұғалімдер әулеті басқарады. Алғашында екі бөлек мемлекет болған. Сол кезде біреуіне Гүлза Сайлауғалиқызы, екіншісіне Мариям Түсіпбекқызы билік жүргізген. Кейіннен Райкамал Ибитайқызы мен Жамиға Жақсыбекқызы билік басына келген. 2008 жылы халқының күрт азаюына байланысты екі мемлекет қосылып, билік Райкамал Ибитайқызына берілген. Билік басында ұзақ отырған Райкамал Ибитайқызының бұл мемлекетке сіңірген еңбегі ерекше.
Халқының негізгі шаруашылығы – гүл суару, тақта сүрту, мусор төгу. Таяуда тал егіп, тал суару шаруашылығы қолға алынуда. Ұлттық тағамдары – чупа – чупс» Жетістіктері ғылым, білім, өнер. Халқы мемлекет басшысы мен қызметкерлерін сыйлағанымен, өздері жоқта оларды атымен атайды. Мысалы: Райкамал, Нұрғиза, Дайыр деген сияқты..
Халқы негізінен арық болып келеді. Оның басты себебі қаржы дағдарысына қатты ұшыраған мемлекет.

Сынып жетекш: Мұғалімдерге сөз береді. Ойын. «Қойлар»
1. Оларды жақсы көресіздер ме? Жақсы көрсеңіздер неге?
2. Олар сіздерге бағынбай жан — жаққа қашса не істейсіздер?
3. Оларды еркімен жіберсе не болады деп ойлайсыздар?
4. Олардың болашағы туралы не айтуға болады?
(Сыйлық беріледі.)

Елнар.
Осы ұстаздарына 11 сынып оқушылары не дайындап келді екен?
Соны тамашаласақ.
Тоты:
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп,
Қалуға ұялмаймын.

Дастан:
Өзіңнен, тегінде, мен,
Аттанам сенімменен.
Ассалаумағалейкум,
Дәу мектеп — өмір деген

Тоты: Ендігі тамашалайтындарыңыз 11 сынып аруларына арналған әзіл өлеңдер.

Дастан: Жаннұрдың орындауындағы сыған биі өздеріңізге арналады құрметті 11 сынып арулары, қарсы алыңыздар.
Елнар: Өмір қызық, ойлап тұрсаң, тым қызық.
Бірде сені арғымаққа мінгізіп,
Тізгініңді ұстатады қолыңа,
Жігіт болып қалғаныңды білгізіп.

Шырын: Зымырайсың, жетем дейсің ақ таңға,
Қалады ескі таныстарың қапталда.
Не білдім деп, не көрдім деп ойлайсың,
Барып, барып аттың басын тартқанда.
Елнар. Ендігі тыңдайтындарыңыз 11 сынып серілеріне арналған әзіл өлеңдер.

Шырын: 11 сынып жігіттерінің құрметіне Инабат пен Азаматтың орындауында би.

11 сынып оқушыларымен ойын. «Алма»

Тоты: Мұғалім – бұл өмірдің ардақты аты.
Білімді бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты

Дастан: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң – ұстаз деген данаң бар

Ортаға мектеп әкімшілігін шақырамыз.
Тоты: сіздерге жұмбақ.
Бір қарны бар, төрт құлағы бар (қазан)
Аузы іште, мойны сыртта (пеш)
Дүниеге тұмсықсыз келеді,
Тұмсығынан өледі (қарындаш)

Сіздерге арналатын ән «Шоқ қыздар»

Дулат пен Елардың орындауында КВН.

11 сынып оқушыларына арналған өлең жолдары

1. Әділетке
Әділ болар болашақта ол, сірә,
Бір зауыттың бастығы да болсын ба?
Қашан көрсең күлімдейді әрқашан,
Бір күлмесе, көңілі оның толсын ба?

2. Арнұрға
Сұңғақ бойлы ойы терең, бұл адам,
Асықпай жүріп қызықтардан құр қалған.
Тыныш жүріп, бұзықтығы бар, сірә,
Ұзын шашпен қыздарға көп ұнаған

3. Жасұланға
Дауысынан сеземіз көп былықты,
Ұйықтаудан жүлде алып, көпті ұтты.
Мұғалімдер сабақ сұрап келгенде,
Қонжықтардай момақан боп тұрыпты

4. Дәулетке
Ойлап қалар біреу оны бала деп,
Дегенменен ойлайтұғын сана көп,
Кіп – кішкентай бойыменен ұшқан бір,
Дер едім мен шағып алар ара деп.

5. Асыланға
Сабаққа да кейде ғана келетін,
Сыныбына шаттық нұрын төгетін.
Сабақ беріп шаршағанда, ұстаздың,
Айтқанына сонда ғана көнетін

6. Ақанова Айгерім – тіл маманы,
Қатысады жарысқа ол сан — саналы.
Астанаға жол тартып жүлде алғанда,
Ұстаздары мәз болып қарсы алады.

7. Мусинова Айгерім де тіл маманы,
Аудармашы болу оның аңсағаны.
Би билеп, тамақ жасау өнеріне,
Талантына барлығы тамсанады.

8. Әрқашан да таудай биік талабы,
Дүние тарихы оның таңдау сабағы.
Әлімбекова Әйгерім ерекше қыз,
Тігу, тоқу – қабілеті болады

9. Бақытқанова Айдана дарынды қыз,
Әйгерімсіз отыра алмас өзі жалғыз.
Дәрігер болу сенің ізгі арманың,
Биіктерге қыран құстай самғағын.

10. Ақбошанова Айданаға
Ұстанымы — «ізденген жетер мұратқа»,
Дайындалар алдағы болар сынаққа.
Асу асып, белестерді бағындыр,
Мектебіңді сен ұмытпа, бірақ та.

11. Әсемге
Таңдағаны стандартизация маманы,
Бақыт тілеймін өміріңе алдағы,
Жеңіске жету ұстанымы өмірде,
Физиканы тез меңгеріп алады.

12. Индираға
Тек алға — өмірдегі ұраны,
Ақ жарқын боп, күлімсіреп тұрады.
Инспектор мамандығы қалауы,
Әлі талай заңғар шыңға шығады

13. Арайлымға
Ақ арманың орындалсын көңілдегі,
Ұстаз болу – қалауың өмірдегі.
Ұтаздық еткен жалықпас – деген сөз бар,
Тәрбиелейсің ертеңгі жас өрендерді.

14. Мейрамгүлге
Болашаққа сенімменен қарайды,
Ядролық физиканы ол қалайды.
Бойыңдағы білімің мен дарының,
Өжеттігің таң қалдырар талайды.

15. Камилаға
Дәрігерлікті алдына мақсат еткен,
Сәттілік тілейміз біз шын ниетпен.
Ақ халатты абзал жан атанарсың,
Жаңа өмірге қадам бас ақ ниетпен.

16. Біржанға
Ақындықпен қадам басқан өмірге,
Мақсатыңа сен қол жеткіз өмірде.
Біржан ақын, асықпайтын мінезің
Жазылып тұр мына сенің жүзіңде

17. Бауыржанға
Бар таланты бір бойына сыймайды,
Бір өнері – ескі тыйын жинайды.
Мектептегі ең көңілді Бауыржан,
Барша жұртқа әзіл — қалжың сыйлайды

18. Нұрбекке.
Бұл мектептің мақтанышы түлегі,
Жақсылыққа толы әрқашан жүрегі.
Бағындырар белестер бар әлі алда,
Тек сәттілік – ұстаздардың тілегі.

19. Бақытжанға
Ұлағатты ұстаздың сен ұлысың,
Бітіруші түлектердің бірісің.
Ақ жол тілеймін саған сәт — сапар,
Әлі алда өзің шығар биік шың!

20. Наржанға
Аласа ғана бойы бар,
Теңіздей терең ойы бар.
Ертеңгі күні еліне,
Ғалым боп мүмкін танылар.

Тұңғыштар:
1. Ақанова Айгерім
2. Әлімбекова Айгерім
3. Мейрамгүл
4. Индира
5. Камила
6. Әділет
7. Дәулет
8. Асылан
9. Біржан
10. Бауыржан
Кенжелер:
1. Ақбошанова Айдана
2. Бақытқанова Айдана
3. Әсел
4. Арайлым
5. Мусинова Айгерім
6. Арнұр
7. Нұрбек
8. Бақытжан

Ортаншылар:

1. Жасұлан
2. Наржан

11 сынып оқушыларының 10 сыныптарға арнаған тілектеріне назар аударыңыздар:
Алға қарай самғап, биіктерден көріне беріңдер (Әсел)
Тек қана үздік болыңдар (Ақанова А)
Үлкен жетістіктерге жетіңдер (Арайлым)
Мақсаттарыңа жетіңдер (Камила)
Армандарың орындалсын (Әлімбекова А, Бақытханова Айдана, Индира)
ҰБТ – дан жоғары балл алыңдар, 125 балл тілейміз (Мейрамгүл, Дәулет)
Бауыржанның тілейтіні — Жақсылық
Жалқау болмаңдар, оқыңдар, оқыңдар — дейді Асылан
Өзіме не тілемесем сендерге де сонны тілемеймін — дейді Арнұр
Сендер не тілесеңдер соны (Жасұлан)
Ешқашан мұңаймаңдар, патшалар мен ханшайымдар (Әділет)
Үлкен адам болу үшін ғаламда
Үлкен арман болу керек адамда (Мусинова Айгерім)

Дастан
Биылғы мектеп бітірушілер елімізде жақсы оқиғаларға толы болған жылы бітіргелі отыр

Тоты.
Иә, щынымен де, соларды тізбектеп атап көрейікші.
Шырын:
1. Қазақстан ОБСЕ – ге төрағалық етіп, 56 мемлекеттің басын қосып саммит өткізген жылы,
Дастан
2. 7 — ші Азия ойындарын өткізіп, зор жеңіске жеткен жылы,
Тоты
3. Біздің жеріміздегі Байқоңырдан дүние жүзінде бірінші рет ғарышқа ұшудың басталғанына 50 жыл толған жылы,
Шырын:
4. Негізгі заңымыз — ҚР Конституциясының 15 жылдығында,
Дастан
5. Президент сайлауы өтіп, Елбасымыздың теңдессіз жеңісі жылы,
Тоты
6. ҚР — ң 20 жылдығы қарсаңында,
Шырын:
7. Семей палигонының жабылуының 20 жылдығы қарсаңында,
Елнар
Болдыңдар ма? Ал ендеше мені тыңдаңдар:
Мен өзіміздің мектептегі айтулы күндерді айтам.
11 сынып оқушылары бітіргелі отыр —
Мектебіміздің директоры Медғат Рахметұлының 60 жылдығы қарсаңында,
Балалар сендер білесіңдер ме, Дайыр Сейілқанұлы мен Медғат Рахметұлының туған жылы, күдері, айлары да бірдей екенін, ендеше физика мұғалімнің 60 жылдығы қарсаңында,
Сәуле Жұмабекованың 50 жасқа толғанында,

Шырын
Елнар айтып тұрғандарың ұят болған жоқ па.
Дастан. Тоты: Расында да.
Елнар. Несі ұят екен. Ұялсаңдар мен сендерге ерегескенде тағы да айтам.
Қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенова осы мектептен білім алса, биыл мектебімізге Бибігүл Төлегенова мұғалімі жұмысқа кірген кезде,
Ең бастысы Дәурен мұғалімнің көптен күткен үйлену тойы қарсаңында бітіргелі отыр.
Дастан: Жас түлектер болашақ өмірлерің осындай қуаныштарға толы болып, жолдарың әрқашан ашық болсын деп тілейміз!
Тоты: Алдыдағы үлкен міндеттерің — Бірыңғай ұлттық тестте білімдегі еңбектерің жансын!
Шырын: Сәттілік, Ақ жол тілейміз, қымбатты мектеп бітіруші түлектер, алтын ұя мектептеріңді, білім берген ұстаздарыңды ұмытпаңдар, еліміздің тәрбиелі, өнегелі азаматтары болуларыңды 10 сынып оқушыларының атынан шын жүректен тілейтінімізді білдіргім келеді.

Мектеп бітіруші түлектерге арналған дөңгелек үстел
Сынып жетекші: Кульджина Нургиза Бекзуркановна



Сценарий «Сыңғырла, соңғы қоңырауІ»

Садовый бастауыш мектебі

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:

2011 — 2012 оқу жылы

«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» сценарийі.

Мектеп залында немесе ауласында салтанатты шараға шақырылған ата

аналар, мектеп оқушылары, ұстаздар және т.б. Мереке салтанатты сапқа

тұрғызудан басталады.

Жүргізуші: Құрметті атааналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі

жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы

қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан

сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы

қоңырау салтанаты.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, атааналар, ұстаздар 2011-2012 оқу жылының

соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, соңғы қоңырау атты салтанатты

жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

Қош келдің, айналайын халқым менің!

Жүргізуші: Өлшеулі арнамыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сендерсіңдер халқымыздың

Жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын

Ұядан ұшпақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің әкелер мен аналарым

Жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл

Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы жыл түлектерін,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық!деп алтын ұя мектебіміздің 4 –

сыныбын, яғни бастауыш класты аяқтағалы отырған түлектерді құрметпен

ортаға шақырамыз.Ортада 4 класс оқушылары. Барлығы 14 оқушы. Класс

жетекшілері Абишева Зулфия Өтесінқызы, Кадиева Гүлсая Серікбайқызы.

Қарсы алыңыздар!

(Астана вальсі музыкасымен шығады)

Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі

желбіресін, дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы әкелінсін. (Ту әкелінеді)

Жүргізуші:

Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекттік Гимні

орындалсын.(Гимн орындалады)

Жүргізуші:

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың, деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай кеше

ғана мектеп табалдырығын аттаған ұлқыздарыңыз бүгін де 4сыныпты аяқтап,

бастауыш класымен, алғаш білім берген ұстаздары мен қоштасқалы тұр. Келесі

сөз кезегін бүгінгі кішкентай түлектерімізге береміз.

Тақпақтарын айтады

Жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген ардақты, аяулы адам, дей келе «Ұстазым» әнімен ортаға

түлектерімізді шақырамыз.

Жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің

меңгерушісі Нұрбаева Болат Есмұқанқызына беріледі.

Жүргізуші:

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер

Сөз кезегін қонақтарға берейін, дей кел келген қонақтарымызға

құттықтау сөз кезегін береміз.

1.

2.

3.

(Сөз кезегі айтылып жатқан кезде безендірілген орындықты ортаға апарып

қою, оған хан барып, орындықта ұйықтап отырады. Оның қасына уәзір

барады да қалғыпмүлгіп желпіп тұрады )

Сахнада би биленіп жатады. Сәлден соң музыка бәсеңдей барып

тоқтатылады. Сахнада хан және күтуші отырады. Хан ұйықтап

отырады. Күтушілері қалғып мүлгіп, оның артында желпіп тұрады.

Сәлдең соң есінеп, керіліп оянады, жан жағына қарайды.

Хан: Ой,бұл өзі таң атып кетті ме? Кеш батып кетті ме? Әлгі уәзір мен

ШаҺизада қайда?

Уәзір,Уәзір деп айқайлайды.

Уәзір: Қуланып жүгіріп келеді

Уа,хан мен мұндамын,ұйқыңыз жайлы болдыма? Не бұйырасыз?

Хан: Әлгі Шаһизада келдіме?

Уәзір: Жоқ,ханеке таң атты,кеш батты Шаһизада әлі жоқ.

Хан: Бұл не қылған сұмдық тауып кел

Уәзір: Жарайды ханеке бұйырығыңыз орындалады.

(Араб музыкасы ойналады, Шаһизада билеп келіп, Ханға сәлем береді)

Шаһизада:Сәлем бердім,ханекем!!! Көрмегелі ай өттіме, жыл өттіме, көп

кешіктім айыпқа бұйыра көрмеңіз.

Хан: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі хан

шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көреген білгендерінді баян ет.

Шаһизада: Айтсам ханекем айтайын

Қабағыңды байқайын

Таң қалатын бір іс бар

Көп сөз етіп жатпайын

Жаңа заман жақсы екен

Бақ беретін жақта екен

2012 –ні қарсы алып

Таң нұрланып атты екен

Мектеп деген бар орын

Ұстаз қойған талабын

Бастауыш пен қоштасу

Болады екен сол жерде

Рұқсат етсен ханекем

Мен де барам сол жерге.

Хан:Уа,Шаһизада,сонда жаңазаман 2012 жылға жеткен бе? Мұғалім деген кім

өзі?

Шаһизада: Мұғалім білім береді. Нағыз күш сол жақта.

Хан: Шаһизада бұл жерге бізді де апаршы.

Уәзір: Құп, ханекем,мен дайынмын

Шаһизада: Жүріңдер ендеше.Ең бірінші баратын жеріміз, Садовый бастауыш

мектебінде өтіп жатқан салтанатты жиынымызға барайық.

Гүлсая: Қош келдіңіздер, қонақтар!

Адасып жүрсіздер ме?

Қай елді мекенінен келесіздер?

Хан: Армысың балам! Біз ертегі еліндегі хан шаһарынан келеміз. Жаңа

заманның бүлдіршіндердің өнерін тамашалаймыз.

Гүлсая: Жаңа ғасыр, жаңа заман, біз биыл 2012 жылға аяқ бастық.

Шәкірттердің өнерін тамашалаңыздар. Жүріңіздер, өздеріңізге қолайлы жерге

жайғасыңыздар.

Хан,уәзір,Шаһизада үшеуі бір орынға отырады.

Гүлсая: Құрметті ханекем! Қазір біз өздеріңізге арнап 2 сыныптың

оқушылары «Алға, Қазақстан» биін билеп береді.

Би: «Алға, Қазақстан» ортада мектеп оқушылары

(Бидің ортасында Хан, Уәзір, Шаһизада билеп шығып кетеді)

Жүргізуші:

Мектепке алғаш клгенде,

Мерейлі жанды көргенде,

Шарықтап биік қиялым,

Шаттанып шексіз сый алдым.

Анамдай ұстаз, мектебім,

Алғысым айтар көп менің, дей келе ортаға «Аяулы мектебім» әнімен ортаға

түлектерді шақырамыз.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде ,-дей келе «Қоңырау» биімен ортаға

мектебіміздің 3сынып оқушыларын шақырамыз.

Жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлшірдер баршаңды, дегендей бітіруші түлектерге

ізбасарлары атынан мектеп оқушылары ақ тілегін жолдайды.

Ортаға мектепалды даярлық тобының оқушыларын шақырамыз.

(Даярлық тобының тақпақтары)

Жүргізуші:

Келесі кезекті «Бақыт» әніне береміз.

Орындайтын: Ахабаева Жұпар мен Құлжанбаев Қуаныш

1.Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық , бірде мүң

Бақытты сол сауаттанып төрт жылда

Білім Іздеп азаптанса кімде кім

Қсы:Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің

Бақытым да балалығым сол менің

Бастауышта ойнапкүлгенім

2.Бақыттымен, бақытты сен анашым

Балалығым бақытты бір құшқаным

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Анам саған бақыт сыйлап жүргенім

Қсы.

3.Білім іздеп жоғары шық жасқанбанба

Бірақ жаным мұны естен тастама

Алғаш ұстаз салып берген сара жол

Бақытыңнан адастырмас қашанда

Қсы.

Жүргізуші:

Төрт жыл бойы оқыған

Ойға білім тоқыған

Апалар мен ағалар!

Орындалды ойыңыз

Құтты болсын тойыңыз! – дей келе мектебіміздің оқушыларын ортаға

шақырамыз.

(1-3 кластар тақпақтары)

Жүргізуші:

Мектебімізде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімізде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімізде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға,дей келе «Бала тілегі» әнімен

Ару мен Арайды ортаға шақырамыз.

Ән: «Бала тілегі»

Жүргізуші:

Келесі орындалар әсем бидің куәсі болыңыздар «Мамбо» биімен ортаға

Тұрғалиева Гүлназ бен Ахабаева Жұпарды шақырамын.

Би: «Мамбо»

Жүргізуші:

Мерекеде басты қостық бәріміз,

Жарасады әніміз бен сәніміз.

Әуенімен тербелейік вальстің

Бірге толқып әсем сазбен жанымыз.

Білімтеңіз, мектеп кеме деседі,

Ұстаздардан тәлім алып еселі.

Садовыйдың жалын атқан жастары,

Өзгелерден тұрады ылғи көш ілгері,дей келе ортаға бастауыш мектебіміздің

түлектерін шақырамыз.

Би: «Астана вальсі» мектеп түлектері

Жүргізуші:

Мында біреу жымияды қызына,

Мында біреу ақыл айтады ұлына,

Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,

Мында біреу елтіп отыр жырыма.

Ол кім?десең,

Қуаныштан езулерің жымиған.

Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.

Баласының болашағы үшін өмір сүретін,

Ол атаана, әлемдегі сыйлы адам, дей келе, сөз кезегін атааналарға

берейік.

1.

2.

3.

Жүргізуші:

Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті бұлақ ақтады.

Мектепті жақсы бітіріп,

Ұстаздың болдың мақтаны.

Шығыңдар білім шыңына

Батамыз осы сендерге.

Болыңдар үздік тағы да,

Оқуда да, еңбекте.

Жүргізуші:

Гүлдерге толы омырау,

Әртүрлі әркім ойлайды.

Соғылар соңғы қоңырау,

Соқтырмай өмір қоймайды, деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт

жаңа бір оқу жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр.

Кешегі алғашқы қоңырау сыңғырығы оқушы мен мектепті табыстырса,

бүгінгі соңғы қоңырау бастауыш мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде

соңғы рет еститін қоңырау үні. Олай болса, бүгінгі сіздерге арналып соғылар

қоңырау үні өте ерекше, жарқын десе де болады.2011 2012 оқу жылының

аяқталу рәсіміне арнап қоңырау соғу үшін ортаға 1 ші сыныпты аяқтағалы

тұрған Жасағанберген Әділетті және мектебіміздің кішкентай түлегі

Мусағалиева Құралайды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Гүлдерге толы омырау,

Әртүрлі әркім ойлайды.

Соғылар соңғы қоңырау,

Соқтырмай өмір қоймайды

Соңғы қоңырау үндері,

Жаңғыртып кең даланы

Қоштасар кең даланы

Жүректі тербеп барады.

Қоңырау соғу сәті.

Жүргізуші:

Ұшырады мектебің өз қолынан,

Көріне бер ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» деп,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт сапар!» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де,

еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге

өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма,

жолдарың болсын!

Жүргізуші:

Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы әкетілсін. (Ту әкетіледі)

Жүргізуші:

Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен

жолыққанша саусаламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын

жабық деп жариялаймыз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мексиканцы на праздник пригласить
  • Можно ли убираться на праздник покров
  • Мектеп кітапханасы сценарий
  • Мексиканское трио на праздник
  • Можно ли на церковные праздники подстригать волосы