Мектеп президентін ?лы?тау р?сімі сценарий

сценарий торжественного мероприятия инауграции Уланбасы республиканской организаций Жас Улан

БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры

__________Ә. Байдәулетов

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы

Барысы:

1 ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсімін ұсынбақпыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше, салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына түзеліңдер!!!

Мемлекеттік Ту енгізілсін!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!

Барабан қағылады, сахна төріне ұйымның туы кіргізіледі.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім! 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 2016 жылдың 22 — 25 қыркүйек күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер 6 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. 25 қыркүйек күні ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал 28 қыркүйек күні мектебімізде өткен жалпы Ұланбасы сайлауында 419 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 27,5 пайыз дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы Сүйімбай Рахат сайланды.

1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын Сүйімбай Рахатты құрметпен ортаға шақырайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ:Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 5 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Олардың барлығы жаңа идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре білді.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшыларын ортаға шақырып, құрметпен қарсы алайық!

БЕЛСЕНДІЛЕР ОРТАҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ

1 Абдукаримова Арай Оқу секторы

2 Аяпова Динара Ізгілік секторы

3 Зиналатдинов Нұрлыбек Спорт секторы

4 Умаров Адилбек Полицейдің жас комекшісі

5 Кенетаева Нұржамал Редколегия секторы

6 Амантаева Ботагоз Тазалық секторы

7 Сыпабек Аяжан Өлкетану секторы

8 Бахытов Бекарыс Экология секторы

9 Сабырбаева Акмарал Ұйым хатшысы

10 Абылкасым Аружан Еңбек секторы

11 Хошниязова Диана Тазалық секторы

12 Ергеш Гаухар Мәдениет секторы

2- ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен қатар топ басшыларын ортаға қошеметпен шақырайық.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің Ұланбасы мен Көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын ұлықтау және Кеңес мүшелері мен топ басшыларына төсбелгілерін тағу рәсімін өткізу үшін құрметпен ортаға құрметті қонақтарды шақырамыз:

Назира Өмірғалиқызы

Ғайша Зайырқызы

Гүлжанар Айдәулетқызы

Асия Латифовна

Құрметпен сіздерді ортаға шақырамыз.

Төсбелгілер тағылады, қонақтарға сөз беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Құттықтау сөз ардагер, ұлағатты, тәжірибелі ұстаз, №25 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Назира Өмірғалиқызына беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас»ұйымның Ұланбасы Сүйімбай Рахаттың салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.

АНТ БЕРІЛЕДІ. АНТ БЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН,

«Жас Ұлан» ұйымының Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын!

ТУЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Көшбасшылар жарасып сан- салалы,

Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Қуанышты күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы

1 ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсімін ұсынбақпыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше, салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына түзеліңдер!!!

Мемлекеттік Ту енгізілсін!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!

Барабан қағылады, сахна төріне ұйымның туы кіргізіледі.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім! 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 2016 жылдың 22 — 25 қыркүйек күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер 6 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. 25 қыркүйек күні ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал 28 қыркүйек күні мектебімізде өткен жалпы Ұланбасы сайлауында 419 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 27,5 пайыз дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы Сүйімбай Рахат сайланды.

1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын Сүйімбай Рахатты құрметпен ортаға шақырайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ:Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 5 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Олардың барлығы жаңа идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре білді.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшыларын ортаға шақырып, құрметпен қарсы алайық!

БЕЛСЕНДІЛЕР ОРТАҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ

1 Абдукаримова Арай Оқу секторы

2 Аяпова Динара Ізгілік секторы

3 Зиналатдинов Нұрлыбек Спорт секторы

4 Умаров Адилбек Полицейдің жас комекшісі

5 Кенетаева Нұржамал Редколегия секторы

6 Амантаева Ботагоз Тазалық секторы

7 Сыпабек Аяжан Өлкетану секторы

8 Бахытов Бекарыс Экология секторы

9 Сабырбаева Акмарал Ұйым хатшысы

10 Абылкасым Аружан Еңбек секторы

11 Хошниязова Диана Тазалық секторы

12 Ергеш Гаухар Мәдениет секторы

2- ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен қатар топ басшыларын ортаға қошеметпен шақырайық.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің Ұланбасы мен Көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.

2-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасын ұлықтау және Кеңес мүшелері мен топ басшыларына төсбелгілерін тағу рәсімін өткізу үшін құрметпен ортаға құрметті қонақтарды шақырамыз:

Назира Өмірғалиқызы

Ғайша Зайырқызы

Гүлжанар Айдәулетқызы

Асия Латифовна

Құрметпен сіздерді ортаға шақырамыз.

Төсбелгілер тағылады, қонақтарға сөз беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Құттықтау сөз мектеп директоры Байдәулетов Әлібек Әубәкірұлына беріледі.

1-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас»ұйымның Ұланбасы Сүйімбай Рахаттың салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.

АНТ БЕРІЛЕДІ. АНТ БЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН,

«Жас Ұлан» ұйымының Гимні орындалады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!

2. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын!

ТУЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Көшбасшылар жарасып сан- салалы,

Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Қуанышты күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫНЫҢ көрінісі

Сценарий
выборов президента школы 2016

1
Ведущий:
— Қайырлы күн құрметті достар, қадірменді
ұстаздар және қонақтар.

2
Ведущий:
 — Сегодня особое событие — мы
выбираем президента школьной самоуправления «Адал ұрпақ».

Звучит
Гимн

1
Ведущий:
 Бүгін бізді біріктірген мектебіміз,
бірақ уақыт өте келе әркім өз кемесінің капитаны болатыны анық. Ол кеменің
алдыға жылжуы,әрине оны қандай капитан басқаратынына байланысты. Тынбай жұмыс
жасау арқылы, жақсы капитан болуды да үйренеміз. Сондықтан біз әрбір ісіміз
арқылы болашаққа жақындай түсеміз.

2
Ведущий:
 — Мы, учащиеся общеобразовательной
школы №87, должны стремиться сделать нашу школьную жизнь интересной,
справедливой. В этом нам помогают органы ученического самоуправления.

1
ведущий.
Мектеп президенті-жыл бойы мектепте
ұйымдастырылатын іс-шараларға, жалпы айтқанда мектептің тыныс-тіршілігіне
жауапты адам. Ал құрметті достар сіздер өзіңіз сенген кандитатқа дауыс
беруіңізге болады. Дұрыс таңау ол сіздің өміріңізді жарқын да қызықты етеді. Сондықтан
дұрыс таңдау жасаңыздар.

2
ведущий.
И сегодня мы собрались все  вместе,
чтобы сделать свой выбор и проголосовать за достойного кандидата на пост
Президента школы. Но это сложное решение, т.к. все наши кандидаты достойны
звания лидер.

1 ведущий
Үміткерлерге сәттілік тілеу үшін мектеп директоры
Шайкенова Лаззат Шаймуратовнаға сөз беріледі.

1 ведущий
Бүгінгі мектеп президентін
сайлауда комиссия мүшелерінің жұмысы өте маңызды. Ендеше сол комиссия мүшелерін
таныстырып өтсек.

1.________________________________________________________________________

2.________________________________________________________________________

3.________________________________________________________________________

1 ведущий. Биылғы
мектеп
президентігіне
үміткерлермен
таныс
болыңыздар

1.     
Курманбек Шынгыс
10
А сынып

2.     
Ислам Альбина
10
В сынып

3.     
Низамова Саида 10 Б сынып

2
Ведущий:
 — Это самые смелые люди
нашей школы, именно они отважились выразить свою точку зрения, высказать своё
мнение и показать себя.

1
ведущий.
 Ал ендеше сөз кандидаттарымызда..

2
ведущий.
Слово предоставляется нашим кандидатам

1.     
Курманбек Шынгыс 10 А сынып

2
ведущий.
Уважаемы избиратели, я прошу вас задать
интересующие вас вопросы нашим кандидатам.

2.     
Ислам Альбина 10 В сынып

2
ведущий.
Уважаемы избиратели, я прошу вас задать
интересующие вас вопросы нашим кандидатам.

3.     
Низамова Саида 10 Б сынып

2
ведущий.
Уважаемы избиратели, я прошу вас задать
интересующие вас вопросы нашим кандидатам.

1
ведущий.
Мектеп президенттігіне үміткер
достарымызды болашақта ең керемет ісімен, мектептің өмірін қызықты да, пайдалы
ететіндіктеріне сеніміміз мол. Сондықтан сіздерге сәттілік тілейміз.

2
ведущий.
 Нам бы хотелось пожелать вам,
ребята, Быть целеустремленными, решительными, стойкими. «Один в поле не воин»,
— заручитесь поддержкой одноклассников. Будьте со всеми доброжелательны. Вместе
творите, выдумывайте, пробуйте. Будьте  внимательны ко всем жителям
школьной республики: детям и взрослым. От вас зависит атмосфера общения.
Творите, дерзайте и созидайте!    

Многое нами было
сделано в этом году и  есть к чему стремиться.

2
ведущий.
А сейчас наступает ответственная минута.
Я прошу 8-х классах пройти в зал для голосования, затем вы возвращаетесь в свои
места.

1
ведущий.
Сіздер үшін керемет
ән
«______________________________»

2
ведущий.
В зал для голосования приглашается 9-ые классы.

1
ведущий.
Би _____________________________________

2
ведущий.
В зал для голосования приглашается 10 и
11 классы.

1
ведущий.
Сайлау коммисиясы қорытынды
есебін шығарғанша әсем әуен тыңдай отырыңыздар.

1._______________________________________________________________________

2._______________________________________________________________________

3.______________________________________________________________________

2
Ведущий:
 —  А сейчас наступает самая
торжественная минута, наша уважаемая избирательная комиссия подсчитали все ваши
голоса.

1
ведущий.
Дауыс берудің аяқталып, қорытындысын
тыңдау үшін ортаға мектеп презид
енттігіне үміткерлерді
шақырамын.

2
ведущий.
Итак, результаты выборов следующие:

3
место_________________________________________

2
орын_________________________________________

Президентом школы
становится_________________________________________

1
Ведущий:
 мінеки,
біздің-көшбасшы, біздің жеңімпаз!

2
Ведущий:-
Внимание! Президент школьной  общественной
организации произнесет клятву.

1
Ведущий:-
Звучит клятва президента.

Клятва

Я, ……………………………..,
принимая с благодарностью данное мне высокое звание ПРЕЗИДЕНТА, глубоко
осознаю,  возложенную на меня школой ответственность  и клянусь:

  • клянусь,
    ценить и уважать коллектив своих товарищей, дорожить честью школы, как
    своей собственностью, не искать в работе личной выгоды, не поддаваться
    обывательским настроениям;
  • клянусь
    быть верным другом всем окружающим, видеть и уважать в каждом ученике
    нашей школы человека, быть справедливым,
  • вступая
    в должность президента, перед лицом своих товарищей и учителей, клянусь
    свято беречь и высоко нести звание президента, клянусь быть лидером, всеми
    своими поступками повышать авторитет школы в районе и городе. Действовать
    в интересах всех учеников школы, отстаивать их права. Соблюдать
    Конституцию Республики Казахстан, а также нормативные документы школы,
    исполнять свои обязанности в интересах всех людей, связанных с нашей
    школой».

Клянусь, клянусь,
клянусь.

   2
Ведущий.
Президент- титул для народа,

      У
народа свой суровый глас!

      Мы
голосовали за свободу,

      Голосуешь
ты теперь за нас!

     Если
не разделишь нас на «тех» и «этих»,

      Если
перед сильным спину не прогнешь,

      Будешь
видеть взрослых в нас, в таких же детях,

      И
с прямой дороги не свернешь.

    Будь
благородным, слабых защищая,

      И
законы наши честно ты храни,

      Зла
не вспоминая, промахи прощая,

      Каждого
по совести из ребят цени.

 Помни! «Президент» —
титул не для славы.

      Мы
тебя избрали — нам с тобою жить!

      Мы
тебя избрали, значит, были правы,

      Значит
этой честью надо дорожить!

2
ведущий
. На этом выборы президента школьной
закончены.

«Қазақстан ұландары ертеңгінің!»

мектеп президентінің ант қабылдау рәсімі

І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды

25-қазан Республика күнімен құттықтаймыз. Туған жеріміздің тұғыры биік болсын! Еліміз бірлікте, ұрпағымыз өрлікте болсын!

ІІ-жүргізуші:

Желбіреген көк алау ел көгінде

Қайырлықпен батырлық жедкенінде

Қазағымның қайратты ұландары

Ел қорғайды елінің ертеңінде

І-жүргізуші:

Көкке ұшып шарпысын, алыстай бер

Қиқар заман өмірден алыстай бер

Қазақстан – қазағымның ұландары

Шырқа көкте, қарышта, қарыштай бер! – дей отырып бүгін «Қазақстан ұландары ертеңгінің» тақырыбындағы мектеп президентінің ант қабылдау рәсімі мен «Бәйтерек» ұйымы мүшелерін қабылдау рәсімін салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.

ІІ-жүргізуші:

Шықты торап ой-санадан

Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Мектептің бар президенті

Шырақ етіп өмір нұрын

Алыс тартып аладғы жол

Мектеп намысын, елдің жүгін

Арқалаған ардағым ол

І-жүргізуші: Қазақстан өз президентін Ұлы тұлға деп құрметтейді, қадірлейді, мақтана алады. Біз де мектебіміздің президенті

Мейірбекті мақтан тұтамыз, құрметтейміз, адал үлкен үміт күтеміз.

ІІ-жүргізуші: Ендеше, ортаға мектеп президенті 10 сынып оқушысы Аймуханбетов Мейірбекті шақырамыз.

(әнұран ойналады) Президент ант береді (туды сүйеді)

І-жүргізуші: Құттықтау сөз 1 сынып оқушыларына беріледі.

1а сыныбынан: Айару, Әлішер, Райымбек, Мадина

1б сыныбынан: Диана, Армат, Жамиля

ІІ-жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Мектебіміздің мәртебесін көтере, өзге оқушыларға үлгі болар, мектеп президентінің көмекшілері бар. Кеше өткен сайлауда мектеп Премьер министрі………………………тағайындалды. Мектеп өміріндегң игі істерге септігін тигізер көмекшілерімізді ортаға шақырайық.

І-жүргізуші: Мектебіміздің Премьер министрі болып…………………тағайындалды. Тәртіп министрі болып…………………тағайындалды

Білім министрі болып…………………         тағайындалды

Мәдениет министрі болып                     тағайындалды

Ақпарат министрі болып……………….    ..тағайындалды

Денсаулық министрі болып…………………тағайындалды

Барлық министрлерге хормен бірге:

— Біз мектебіміздің мәртебесін биік ұстап, еңсесін түсірмеуге, міндетімізді мүлтіксіз орындауға АНТ ЕТЕМІЗ!

ІІ-жүргізуші: Ән Қазақстаным» орындалады.

І-жүргізуші Айналайын, балалар

Алдыңда мектеп-ана бар

Өздеріңнен өседі

Өнерлілер, даналар-деп 1-4 сынып белсенді оқушыларынан құралып отырған «Таңшолпан» клуб мүшелерін ортаға шақырамыз. Топ басшысы: 4а сынып оқушысы Меңдіғалиева Айым

Ұраны: Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр сәніміз

Тыныштықты сақтаңыз

Атсын күліп таңымыз

Ән «Алақай»

ІІ ЖҮРГІЗУШІ:   Өнерге әркез құмар жаны тым биік

Жаңа ғасыр жаңа күнді тұр күтіп

Қарсы ал, қане, үздік асыққан үлгілі

«Жас толқынды» аңсайтындай жұрт күтіп- дегендей «Жас толқын» клубының мүшелерін ортаға шақырамыз.

Топ басшысы-7б сынып оқушысы Сабырғалиев Алпамыс

Ұраны: Біз бейбіт ел дарасы

Таусылмайтын жыр-әні

Қол созатынбиіктерге, шыңдарға

Біз Жайықтың, біз Жайықтың ұланы!

І-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбіріміздің болашағы-ол жастар. Бұл тек әдемі сөздер емес, онымен баршамыз саналатын нәрсе. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етеміз»- деген екен. Мектебіміздің бетке ұстар «Бәйтерек» клуб мүшелерін ортаға шақырамыз.

Топ басшысы: -11 сынып оқушысы Молдағалиева Айымгүл

Ұраны:Жарқын өмір күтеді әркез бізді алда

Бөгет емес қиындықтар, сандар да

Туған елді көркейтеміз гүлдетіп

Бірге өрлейміз биікткрге, шыңдарға

ІІ –жүргізуші: Ән «Атамекен»

ІІ-жүргізуші:Мен сүйген елім бар арайлы

Көгінен күліп күн қарайды

Толқытқан сезім талайды

Биді көңілім қалайды-дей келе қазақ биіне кезек берейік. Қазақ биін орындалады.

І-жүргізуші Мәнерлер оқу  (Нұрекешова Айда)

ІІ-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті-күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп ұлы Абай атамыз жырлағандай әсем әнге кезек берейік.

Ән: «Үш бақытым» Орындайтын Батырбек Чабдаров

ІІ-жүргізуші

Соңын әнұран айтып аяқтаймыз.

Кәрі мейлі , жас болайық

Бәрімізде дос болайық

Аман болып бәріміз

Жараса берсін әніміз- дей отырып өздеріңізбен қоштасайық

Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше қош болыңыздар!

1 — ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценарийі

Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
ФОН: Күй

Жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Бүгін 1 — ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 3 ші жыл тойланып отыр.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса — болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Егемен Қазақстан» орындайтын 7 сынып оқушысы Еркінова Хамида

Жүргізуші: «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13 — дыбыстан тұратын «А ру қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.
А – Астана — жастардың қаласы.
Р — республиканың орта тұсында орналасқан.
У — Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т. б. пайдалы қазбалар бар.
Қ — Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А — Алғашқы атауы – Ақмола.
Л — Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А — Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

А — Алтыншы шілде Елордамыз — Астананың туған күні.
С — Символы — Бәйтерек.
Т — Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А — Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н -«Нұр — Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А — Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.

Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе
Мектебіміздің 7сынып оқушылары дайындаған биге кезек берелік.

Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында

Викториналық сұрақтарға жауап берсек.
Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р — ның президентті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды? (4 пен 5 — ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев — тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

Жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады — ау кісілік!
Ән: Тағыбергенова Айжан «Тәуелсіздік!»

Ойын:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!- дей отырып, 9 сынып оқушыларының биін тамашалайық.
Жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

Тұңғыш Президент күні
Тұңғыш Президент күні

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценариі

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

ФОН: Күй

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 2 ші жыл тойланып отыр.

2-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1-жүргізуші:

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Мектебіміздің оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар

Көрініс қойылымы: «Әке өсиеті» Әке-Талғат, бала-Ақниет

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Амангелді, Байбек)

Күй «Секіртпе» Айдар

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

1 сынып оқушысы Фатиманың орындауында « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

2-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында » Жылдар сөйлейді» атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.

Фон: Музыка қою

9б сынып оқушысы Әшірбеков Қанағаттың орындауында «Балбырауын» күйі

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

1-жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-жүргізуші

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2 -сынып оқушылары Жазира мен Наргиздің орындауында » Көгершін » биі

1-жүргізуші

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

2-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

1-жүргізуші

Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушыларының өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

Сәндікұлттық киім үлгісін көрсету

2-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

10-сынып оқушысы Қуанбай Нұрболат орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і

1 Желтоқсан — Тұңғыш президент күні

1 жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Г И М Н
2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Көк Ту — ән.
(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Мектеп оқушыларының монтажы

1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз аудан әкім _____________________ беріледі.
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атынан беріледі.

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

Г И М Н
Көк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді.
Марапаттау рәсімі
Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады. Марапаттау үшін аудан әкімі __________________және аудандық мәслихаттың хатшысы_______________ортаға шақырамыз.

Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса — болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз.

Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алқаңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар!

Алматы сән және дизайн колледжі

Алматинский колледж моды и дизайна

Бекітемін

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_______________Омарова К.Н.

«15» желтоқсан 2015ж.

Бірінші Президент күніне арналған сабақтан тыс салтанатты мерекенің

СЦЕНАРИЙІ

СЦЕНАРИЙ

торжественной линейки, посвященной ко Дню Первого Президента

Алматы, 2015

Бірінші Президент күніне арналған салтанатты мерекенің

СЦЕНАРИЙІ

СЦЕНАРНЫЙ ПЛАН

торжественной линейки, посвященной ко Дню Первого Президента

Начало: 13.20

Место проведения: Спортивный зал

Музыкальное оформление: Музыкальная аппаратура, микрофон, патриотические песни

Звучат фанфары

Команда: Колледж түзел, тік тұр!

Сдача рапорта Жумабекова Амирбека Шаймерденовича директору колледжа:

Директор ханым, колледждың жеке құрамы «Бірінші Президент күніне» арналған салтанатты іс-шараға сапқа тұрғызылды! Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Жұмабеков Ә.Ш.

Приветствие директора

ЗВУЧИТ ГИМН РК (в исполнении коллектива студентов и преподавателей).

Видео «Қазақстан» — 1мин 25сек

1 ведущий : Ассаламағалейкум, халқым менің!!

Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің,

Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,

Ендігі елдігіңнен тартынба елім.

2 ведущий: Как повезло тебе и мне,

Мы родились в такой стране,

Где люди все — одна страна, семья,

Куда не глянь — кругом друзья!

2 ведущий: Добрый день, дорогие учителя, друзья и гости!

1 ведущий: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар және достар!

2 ведущий: Торжественная линейка посвященная ко Дню первого президента РК объявляется открытым!

1 ведущий: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады!

2 ведущий: Слово предоставляется директору «Алматинского колледжа моды и дизайна» Яковлевой Надежде Николаевне

Парадный марш команды гр.ПМ-14-1

1 ведущий: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені үшінші рет тойлағалы отырмыз.

2 ведущий: Нурсултан Назарбаев родился 6 июля 1940 в селе Чемолган Каскеленского района Алма- Атинской области в семье крестьянина.

НУРСУЛТАН АБИШЕВИЧ НАЗАРБАЕВ с раннего детства был целеустремлённым.

Ещё в детстве Нурсултан начал трудиться, чтобы кормить семью, которая состояла из его родителей, бабушки, младших братьев и сестры, племянницы отца и племянницы матери.

В будущем НУРСУЛТАН АБИШЕВИЧ Назарбаев стал не только покорителем вершины, но и лидером нашего Казахстана.

2 ведущий: наш Президент не только управляет страной но и увелекается пением. Слова Н.Назарбаева музыка Бекболата Тилеуханова «Менің елім, Қазақстан!» Исполняют Сүлейменов Жандос и Шаханов Сатыбалды. Встречайте!

Выступление №1 Песня «Менің елім, Қазақстан!»

1 ведущий: Болашақ металлург ретінде Теміртауға келісімен, Украинаға техникалық училищеге оқуға жібереді. Онда қабілеттілігінің арқасында бүкіл сабақтарын өте жақсыға бітіріп, қызыл диплом алып, Теміртауға қайта келеді.

Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

1 ведущий: Н. Назарбаев в своем выступлении на 13 Съезде НДП «Нур Отан» сказал: «Быть личностью — это значит быть ответственным. Не плыть по течению, а быть активным.

Быть профессионалом — это значит выбрать дело жизни, которым вы действительно хотите заниматься…

Быть патриотом — это значит искренне любить свою Родину. Верить в себя и свой народ, служить обществу».

2 ведущий: Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ съезінде жаңа буын өкілдері өзгерістерден қаймықпай, керісінше өршіл, серпінді жобаларды ұсынуы тиістігі мен ел жастарын біріктіретін «Жас ұлан» “Жас кыран” бірыңғай қозғалысын құру қажеттігін айтты.

1 ведущий: Мы в живем в многонациональной стране. И под одной крышой мы живем очень дружно. И так, встречайте много национальные танцы народов!

Выступление №2 (танец)

1 ведущий: ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыруымен 68 кәсіптік оқу орнына 30 үміткер қатысқан «Еліме және Елбасыма тілек» атты байқауының жүлделі орынға ие болған жүйрігіміз 170 топ студенті – Динара Дүйсенәлі өзінің жұлдызды туындысын оқып береді.

Читает стихотворение

1 ведущий: Әнел Айтубардың орындауында «Тек алға» әнін қабылдаңыздар!!!

Выступление №3 «Тек алға!» әні

2 ведущий:

Перед Вами выступят студенты 8 гр. собственными сочиненными стихотворениями.

1 студент: Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын, көпшілік!

Елбасының құрметіне жиылған.

2 студент: Сегодня праздник у нас,

Его мы празднуем в первый раз.

Светится радость у всех в глазах

Здесь русский, кореец, немец и казах!

3 студент: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз!

Учащиеся скандируют: Ел тыныш! Ел Аман! Елбасымыз – Нұрсұлтан!

Қазақстан – Нұрсұлтан!

Выступление №4. Песня «Көк тудың желбірегені»Азизов Бахром

1 ведущий: Торжественный сбор, посвященный ко Дню Президента РК, объявляется закрытым!

2 ведущий: ҚР тұңғыш президентіне арналған салтанатты жиыны аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Елім менің

Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.

Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостандық еді – ау асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың- оу,
Берік болсын –ау босағаң.

Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.

Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің – оу,
Таси берсін – оу өрісің.

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектеп жылдары» сценарий.
Мақсаты: Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен 
азаматтықты қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды
Қазақстан Республикасының Ата заңы, мемлекеттік тарихымен таныстыру.
Көрнекіліктер: ҚР мемлекеттік рәміздері, ұрандар,гүлдер,шарлар, жалаулар.
1­Жүргізуші: Құрметті ата­аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және аяулы 
оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін 
мейрам­алғашқы қоңырау. Бүгінгі қуанышқа толы, шаттыққа толы «Алғашқы
қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
2­Жүргізуші: Қош келдіңіздер, жас ұрпақ, жасөспірімдер, үлкен де, мықты 
орта білім әлеміне! 
1­Жүргізуші: Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін.
Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.
2­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін! 
Әнұран орындалады.
1­Жүргізуші: 1­қыркүйек­Білім күнінен арналған «Сыңғырла, күміс 
қоңырау!»  атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
2­Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
1­Жүргізуші: Көп жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғандар.
Алғашқы әріп үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар!
2­Жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді 
мектебіміздің тоғызыншы сынып оқушылармен, ұстаздармен ортаға 
шақырамыз. 
Ұстаздар шәкірттерімен ортаға шығады.
1­Жүргізуші: Аламын білім күш, жалын,
Арманға биік ұшамын,
Өрлетер өмір шыңына,
Өнегең абзал ұстазым.
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің қадамы құтты 
болсын! 2­Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата­аналар!
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
1­Жүргізуші: Жана берсін еңбегін , жана берсін,
Мерейіңе шәкірттер қана берсін.
Айнала балалар мен гүлге толып,
Оқу жылың зор бақыт ала келсін.
Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөз мектеп басшысы: 
Сейталинов Мақсұт Төкен ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы тойшашуы бимен 
басталмақ.
Би: «Қазақ биі» 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
1­Жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені.
Сөз кезегі ауылымыздың әкімі: Узденов Ерлан Рамазан ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Биылғы жыл ерекше жыл. 30 тамыз күні ҚР 
Конститтуциясының қабылдағанына 15 жыл толды. 
Ата Заңға арнау. Оқитын 8 сынып оқушысы: Әлжанова М. 
Мадина: Ата заңы ынтымақ, бірлік кепілі.
Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін!
Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін.
Егеменді елім бар, Ата Заң бар.
Қорғайтын ынтымағын, беріктігін Заңым бар
Әділетке негізделген Заңым бар.
Тау да мен, теңіз де мен!
Мен­халықпын, туған жер –Атамекен.
Ажырамас, мызғымас егіздер ем
Елім осы Ата Заңын аялаған…
1­Жүргізуші: Біз Отанымыздың бақытты балаларымыз.
Қарлығаш:Отан дейміз көрікті астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Ақнұр:Отанның бұл шеті жоқ, шегіде жоқ,
Бірақ ол өз үйіңнен басталады.
Ән: «Елім менің» 9 сынып оқушыларының орындауында.
2­Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар қауымға,
Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным. Сөз аудандық оқу бөлімінен келген қонағымызға беріледі.
1­Жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар тағы бір 
Жаңа оқу жылы басталды.
2­Жүргізуші: Ендеше, кәне халайық,
Жаңа оқу жылы төрлетсін.
Көңілді әнге салайық, Жаңа оқу жылы басталды.
Музыка ойналып, жаңа оқу жылы шығады.
1­Жүргізуші: Жаңа оқу жылы, кел төрлет,
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Жаңа оқу жылы: Армысыздар, ағайын!
Хош келіпсіз баршаңыз!
Мен де есік қағайын
Бітсе шілде, сары тамыз.
Хан сарайдай шуақты 
Мектебің тұр, ашсаңдар.
Жаңа ынтамен қуатпен
Оқу жылын бастаңдар!
Би: «Мектебім» 9 сынып оқушыларының орындауында.
Ақнұр: Мектеп­қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз­оқушы боламыз.
Қарлығаш: Ардақты мұғалім!
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің
Жаққан шам шырағын!
Ән: «Жарқын жүзді үстазым» 1­4 сынып оқушылары орындауында..
Арлен: Тіліңді аламын,
Сөзіңді ұғамын
Кеудеме құя бер
Білімнің бұлағын!
Нұрдаулет: Өсіп ой  мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз­оқушы боламыз.
Нұрболат: Мектебің, мынау класың,
Осында он жыл тұрасың. Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: «Мұғалім­ол біздің» 1 сынып оқушылары  орындауында.
Дина:Мектеп­анаң бүгіннен,
Мектеп­алтын босағаң.
Мектеп­берген біліммен,
Марқаясың жас ұлан.
Әділжан: Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Аяжан: Бүгін, бүгін қала, дала көңілді,
Қуаныш күй тербетеді көңілді. 
Қыркүйектің сылдыраған қоңырауы,
Балалардың күлкісі боп төгілді.
Ән: «Мектебім» 3­4 сынып оқушылары орындауында..
Әлібек: Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым­мұғалім!
2­Жүргізуші:Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән­мағына жатыр. 
«Жақсы ұстаз­мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір 
болмас,ұстазсыз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам 
қайраткері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман 
қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз. Ұстазсыз өмірдің 
нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат 
атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі­ұлы еңбек.
Хор: «Ұстазым»
1­Жүргізуші:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағынның ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Ендігі сөзді 1 сынып ұстазы Тусупова Алтын Рымбай қызына беріледі. 
Арна:Қадірлі мектеп­бұл мектеп,
Оқыған ата­анамыз.
Жүреміз дәйім құрметтеп,
Суыған емес арамыз!
Дәурен: Жадыраған жаздай жылы жаны бар
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Зарина: Қыркүйектің таңында
Күміс қоңырау тағы да.
Соғылады сыңғырлап Сыңғыр, сыңғыр жыр жырлап.
Әлішер: Мектебім менің, мектебім,
Өзіңде ғана көктедім.
Желкілдеп өстім құрақтай,
Арманға қарай беттедім.
Би: « Ұстазым  » 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
Индира: «5» болсын алар бағамыз,
Білімен бақыт табамыз.
Өнер –білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Мадина: Нағыз білім – ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Фариза:Мектепті ойлап жаз шыға,
Түсетін дей дәл сынға.
Жаңа оқу жылын­
Мен , күтіп жүрдім асыға…
Жанар: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям­мектебім!
Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім­мектебім!
Ән: «Ұстаздар» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
Сырым: Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Жез қоңырау дауысы,
Күмбірлетті аспанды.
Милана:Сәлем саған, мектебім,
Сәлем, білім ордасы!
Жасыл бақтың көктемі,
Жастық шақтың жолдасы!
Назым: Алғаш барған күнімнен
Ардақты есім мұғалім.
Әсем нәзік үніңнен,
Білім мәні ұғармын.
2­Жүргізуші: Ата­ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата­ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата­ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата­ана деген алтын қазық, алтын бақ.­дей келе жаңа оқу жылының сөз кезегі 
ата­аналар атынан беріледі. Ата­аналар сөз сөйледі.
Ән: «Қызықты каникул» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
1­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын! 
Әнұран орындалады.
2­Жүргізуші: Қоңырау, сыңғырла асыға.
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
1­Жүргізуші: Қағылды зор қоңырау, күмбірледі.
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.
Жаңа 2010­2011 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып және 9 
сынып оқушысына ұсынылады.
Хор: «Қоңырау»
2­Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата­аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! 
Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат 
болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Осымен алғашқы қоңырауға арналған 
салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Дайындаған:
Сейталинов М.Т.

Өзін өзі басқару ұйым координаттарын сайлау сценариі

Сәлеметсіңдерме оқушылар.

Бүгін мектеп президенті мен мектеп көшбасшыларын ұлықтау күні.

Ендеше өзін өзі басқару ұйымының президентін және көшбасшыларды ұлықтау рәсімін ашық деп жариялаймыз.

Мектеп ҚР мемлекеттік туына тіктел! (Атамекен)

Гимн

2021жылы 21-23 қыркүйек аралығында мектеп президентіне 5 үміткер қатысты.

Сонымен 107 сайлаушы өз дауыстарын беріп сайлау өз мәресіне жетті. Сонымен бүкіл оқушылар арасындағы жабық дауыс беру нәтижесінде мектеп президенті лауазымына атап айтсақ 104 дауыс жинаған үміткер 9 сынып оқушысы Бейсенбай Сабина сайланды. (Сабина шығады)

Сайлау нәтижесі бойынша жоғары дауыс жинаған 4 үміткерлеріміз «Өзін өзі басқару ұйымының» құрамына енеді. Олай болса, Көшбасшылар мүшесімен таныстырып өтейік. Мәдени іс шаралар бойынша мектеп координаттары Адабаева Альбина, Қалқаман Нұрай, Тәртіп бойынша мектеп координаттары Манат Аңсар, Есім Аяра, Спорт және денсаулық бойынша мектеп координаттары Болат Ерболат, Жексебай Асел, Бұхаралық ақпарат құралдары бойынша мектеп координаттары Мақсат Назира, Ұзақбай Нұрым, Қоғамдық тазалық және еңбек кординаттары Сейткерім Айшуақ, Аманжол Еркебұлан.

Мектебіміздің президенті мен жас көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін тек жандандырып көркейтеді деген сенімдемін. Мектеп президентін және кординаттарын құттықтау үшін Береке орта мектебі МДШО мкм нің директоры Жебегенов Еркебұлан Бейбітұлына беріледі.

2021-22 оқу жылында Береке орта мектебі МДШО мкм мектеп президенті Бейсенбай Сабнинаның салтанатты түрде ант қабылдауына рұқсат етіңіздер. (Ант етеді)

Көшбасшылар жарысып сан салалы

Шара десе, жиын десе жан салады

Салтанатты жиынның кұрметіне

Әуелеген әсем ән жолданады

Болат аға.: Мектеп орныңнан тұр ҚР мемлекеттік туына тіктел. (Көк тудың желбірегені) туды алып кетеді

Мен «Береке орта мектебі МДШО» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 9 сынып оқушысы Бейсенбай Сабина Өзін өзі басқару ұйымының президенті лауазымдық міндеттерін орындауға және маған артылған жауапкершіліктерді орындауға салтанатты түрде ант беремін. Туған мектебімнің намысын сақтауға және туын жоғары ұстауға ант беремін. Мектептегі барлық іс шараларға қатысып болашақ ұрпаққа жауапкершілікпен қарап мектеп оқушыларына үлгі болуға ант беремін. Салауатты өмір салтын насихаттауға ант беремін. Қандай жағдай болсада өз ісіме адал болуға мектеп әкімішілігінің, мұғалімдердің, оқушылардың алдыында ант беремін. Қай жерде болмасамда өз мектебімді жоғарыдан көрсетіп намысы мен қадірін қорғауға ант беремін… Ант беремін, Ант беремін. Ант беремін

Достарыңызбен бөлісу:

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мектеп аруы бай?ауы сценарий
  • Можно ли убираться на святой праздник
  • Мектеп президенті сайлау сценарий
  • Мектеп ?ланбасын ?лы?тау р?сімі сценарий
  • Можно ли убираться на праздник покрова