Мектепалды даярлы? тілашар сценарий

Б?л сценарий мектепалды даярлы? сыныбына немесе бірінші сынып о?ушыларына арнал?ан. Жыл бойы ал?ан білімдерін к?рсету ма?сатында ?ткізілетін мерекелер ?шін м??а

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Еленовка орта мектебі

Ашық сабақ

«Тілашар»

Өткізген мектепалды даярлық

сыныбының жетекшісі

Житенова Гүлнар Изатқызы

«Тілашар» тойы

Мақсаты: Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Еліне деген құштарлығын ояту. Ұлттық дәстүрді дәріптеу. Отанын, елін, мектебін сүюге тәрбиелеу. Өнерлерін көрсете білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, «Білім әлемі» қақпа суреті, т.б.

1.Ұйымдастыру

2.Мұғалім сөзі.

Қымбатты қонақтар! Ұстаздар, ата- аналар! Бүгінгі қуанышты күн «Тілашар» мерекесі құтты болсын! Бұл той балалардың тұсаукесер тойы іспеттес. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер бүгін міне, бойларына жауапкершілік пайда болып, бой түзеп, ой, саналарына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматтары болып отыр. .

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «Хан баласындай нық, бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу- бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-налардың міндеті. Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Енді осы бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

Өсті міне, бойларың,

Өсті міне, ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.

Ата-аналар мен ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Тілашар» тойына қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ата-ана: Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын бастайық! /шашу шашылады/

1-оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата- аналар,

Тілашар атты біздің тойымызға. /Ислам/

2-оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар! /Жазира/

3-оқушы:

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Қуантуға барлығын

Мен мектепке барамын./ Ақгүл/

4-оқушы:

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Алтын ұям мектебім

5-оқушы:

Армандарым көп менің,

Атқарамын деп келдім.

Асыл анам мектебім.

6-оқушы:

Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын деп келдім

Оттан ыстық мектебім.

7-оқушы:

Өнерпазың көп сенің,

Өнер табам деп келдім.

Өз бесігім мектебім.

8-оқушы:

Қуанбаймыз неге біз?

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келеміз,

Бізбірінші сыныпқа./Әлішер/

9-оқушы:

Енді мен үлкен боламын,

Анамнаң тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын

Миыма құйып аламын. /Абай/

10-оқушы:

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

Мектебім, аяулы мектебім! /Думан/

11-оқушы:

Мектеп- кеме, білім теңіз,

Барар жерге тезжетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда. /Бекзат/

12-оқушы:

Нағыз білім, ырыс, бақ,

Дүниені тұрұстап.

Келер жылы сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

13-оқушы:

Біздің келер шамамыз,

Бестен үшті аламыз.

Таза жазып дәптерге

Үздік оқушы боламыз! /Жаннұр/

14- оқушы:

Бітірдім даярлық сыныпты,

Мектепке күзде барамын.

Айтпағанда басқаны,

Кітап оқуға жарадым./Сағындық/

Мұғалім: -Кәне, балалар, математика сабағын біз қандай санамақтан бастаушы едік. Сол санамақты айтайықшы.

Хормен:

Бір дегенде, бір деген,

Сабақтан түк білмеген.

Екі деген бағаны

Еріншектер алады.

Үш дегенде, үш деген,

Орташаға күш деген.

Ал, төртті ала алар,

Жақсы оқитын балалар.

Ең үздікбесдеген,

Беске оқимыз біз деген.

Мұғалім: — Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің бір жақының, бір досың, бір ұстазың бар. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай жылап іздейтінің. Ол саған бәрінен де қымбат. Ол кім?

-Әрине, аналарың. Ендеше, ана мен бала туралы қандай өлең білесіңдер?

Жазира:

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар!

Ислам:

«Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым»дегенді

Ойлап тапқан аналар!

15-оқушы:

Аңыз, ертек, ән- жырдың,

Бәрін бойға құйғыздың.

Санамызға сіз біздің

Бар асылды сыйғыздың.

Жастық білім шырағы,

Рахмет сізге мұғалім! /Алтыншырша/

Мұғалім: — Ал, ата-аналар мен ұстаздар, қонақтар! Балалармен дайындаған шағын концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар.

  1. «Балалық» әні

  2. Жаннұрдың орындауында «Қуыршақ» әні

  3. «Мақта қыз» ертегісінен қойылым

  4. «Қошақаным» әні

  5. Би./ұлдар мен қыздар/

  6. «Төрт мезгіл» ертегісінен қойылым.

  7. «Жаңбыр» әні

  8. «Ботақаным» әні

  9. «Дос іздеген бота» ертегісінен қойылым.

  10. «Достарым» әні

Мұғалім:

Болуға тырыс талпынып,

Асылдардың көзіндей.

Кездейсоқпен достаспа,

Адалдығын сезінбей.

Күтуде сені келешек,

Қоғамға өзің берешек.

Аларыңды алып өс,

Болғанша әлі ересек.

Құлынтайдай болып өс,

Ата- анаңа болып ес.

Еліңнің қамын ойлайтын,

Азаматы болып өс!

Бата тілеу

Кітап дегенді ренжітпей оқыңдар,

Ұқыпты ұстап, онымен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың естеріңде болсын.

Күнделіктерің 5-ке толсын.

Оңтүстік қазақстан облысы Отырар ауданының Қоғам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Ақнұр

Тілашар

(ертеңгілік)

Мақсаты:

Мектепалды даярлық тобына келгеннен бергі  дағдыларын, қызығушылықтарын, жеке тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету.

Тіл байлығын, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.

Үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, шарлар,ойыншықтар.

Қатысушылар:

  1. Апа
  2. Тәрбиеші
  3. Бестік
  4. Әліппе
  5. Жалмауыз кемпір
  6. Дымбілмес
  7. Балалар

1-көрініс

Музыка ырғағымен залда  апа немересін бесікте тербетіп отырады.

2-көрініс

Бала өсіп 5-ке келеді. Беске толған немересін апасы мектепалды даярлық тобына дайындайды.

Апа: Балам, біз бүгін мектепке барамыз.

Немересі: Апа, мектеп дегеніміз не?

Апа: Мектеп – білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да, мұғалім де, жазушы да, дәрігер де бәрі де  білім алған. Тіпті атаң да, мен де, әкең де, шешең де сол мектептен әріп танып, оқығанбыз, тәрбие алғанбыз. Жүре ғой, құлыным!

Тәрбиешіге әкеп табыстайды.

Тәрбиеші баланы жетектеп ойыншықтармен ойнатып, залдан алып шығады.

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ең алғаш балаларыңызды мектепалды тобына әкелген күндеріңіз есте болар. Ең алғаш балаларды Ақнұр апайға табыстағансыздар. Сол кездерін еске түсірдік.

2-жүргізуші:

Мінекей кешегі бүлдіршін – бүгінгі мектепалды даярлық тобының түлегі. Сіздердің қошеметтеріңізбен мектепалды даярлық тобы түлектерін ортаға шақырамыз.

Жақсы әуенмен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші:

Айналайын, балалар,

Сендерде ой-сана бар  .

Өздеріңнен өседі,

Өнершілер, даналар.

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

1-жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

2-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Зия Бекжан:

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

Той деп келген қонақтарға мың рахмет,

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

Тұрар Алуа:

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

Апа шашу шашады.

Дүйсенбек Олжас:

Еркеңізді мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел,келіңіз тойыма,

Тойымның аты – Тілашар.

Оңалбек Алуа:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршіннің ортада,

Тілашарын алайық.

Бектұрсынова Диана:

Даярлыққа келгенде,

Ақ пейілмен қарсы алған.

Өлең айтып үйретіп,

Би билеткен, ән салған.

Әбдімүтәл Нұрқанат:

Риза әжей, атай да,

Риза ағай, апай да.

Рахмет деп айтамыз,

Тәрбиеші апайға.

Мәжит Меруерт:

Ойыншықтармен ойнадық,

Тоқпақты да қоймадық.

Сурет салдық, ән салдық,

Уақытты бекер жоймадық.

Шорабек Қарлығаш:

Мектепке енді барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Үлгілі бала боламыз.

Алайдар Ұлғаным:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

1-жүргізуші:

Балалардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Орындайтындар:Қосмырза Нұрдәулет пен Дүйсенбек Олжас.

Ән орындалады.

Есік қағылып, залға Жалмауыз кемпір жүгіріп кіріп, айқай салады.

Жалмауыз кемпір:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Солай ма, құлағым естімейді. Барасыңдар ма мектепке?

Балалар хормен: Иә, барамыз!

Жалмауыз кемпір:

Әй неге сонша айқайлайсыңдар? Керең дейсіңдер ме мені?

А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой.  Кім сендерді жібереді екен?  Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу  керек.  Ол неге керек, мен сияқты  жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.

Зия Бекжан:

Жоқ, апа, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.

Омаш Бекжан:

Қазақта мынандай бір мақал бар: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген. Біз оқу оқымасақ солдат бола  алмаймыз, елімізді қорғай алмаймыз.

1-жүргізуші:

Балалардың орындауындағы «Солдат болам мен ертең» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Орындайтындар: Зия Бекжан,Омаш Бекжан.

Жалмауыз кемпір:

Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?

Балалар: Сөмке.

Жалмауыз кемпір:

Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді). Ал енді сендер сабаққа барғыларың келсе, мына жұмбақтарды шешіңдер.

Жұмбақтар:

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(Кітап)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қозы)

1-жүргізуші: Дұрыс шештіңдер балалар!

2-жүргізуші:

Көрдің бе, Жалмауыз кемпір, біздің балалар қандай білімді.

1-жүргізуші:

Балалар, сендердің ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә

2-жүргізуші:

Екі бала ортаға келсін, қане кім тез мектепке жиналады екен.

Балалар киімін киіп, сумкасын асынып жарысады.

Жалмауыз кемпір:

Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де жаман болмаймын. Сендермен бірге мектепке барамын. Мен енді үйіме қайтып дайындалайын. Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз.

1-жүргізуші: Биші қызымыз Алайдар Ұлғанымның орындауындағы «Будашкин» биін қабыл алыңыздар.

Жолдасбай Аружан:

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға.

Мейрқұл Балауса:

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін анаңды.

Өсіруге танымды,

Мектеп керек адамға.

Қайратқызы Назым:

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Қуантуға жүректі,

Қуантуға түлекті

Мен мектепке барамын.

Махмутова Сабина:

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын.

Батаңды бер қазағым,

Мен мектепке барамын.

1-жүргізуші:

Хор: Біз мектепке барамыз.

2-жүргізуші:

Қабыл алыңыздар!

Есік қағылып Бестік кіреді.

Бестік:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бестікпін. Мен жақсы оқитын балалармен дос боламын. Мені мектепке өте жақсы көреді.  Сендер менімен дос болғыларың келе ме? Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.

Ойын: Жалғасын тап:

  1. Оқусыз білім жоқ,

……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)

  1. Ақыл азбайды

………………………………….. (Білім тозбайды)

  1. Еңбек етсең ерінбей,

…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)

Бестік: Рахмет балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді мектепте күтемін. Сау болыңдар.

1-жүргізуші:

«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды», — деп айтқандай алдарыңызда

2-жүргізуші:

Әнші қыз Сырлыбай Аяулымның орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Қосмырза Нұрдәулет:

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Алтын ұя – мектебім,

Армандарым көп менің.

Атқарамын деп келдім

Асыл анам – мектебім.

Сырлыбай Аяулым:

Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын депк елдім.

Оттан ыстық мектебім,

Өнерпазың көп сенің.

Өнер табам деп келдім,

Өз бесігім мектебім.

1-жүргізуші:

Балалар, бүгін біздің мерекемізге Әліппе келіпті.

2-жүргізуші:

Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың «Әліппе» болады.

Залға Әліппе кіреді.

Әліппе:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерді сырттарыңнан бақылап тұрдым, жаңа досым Бестікті жібергенмін. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Бірақ сендердің білімдеріңді тағы бір тексеріп көрейінші.

Мен сендерге  дыбыстарды айтамын. Сендер дауысты болса 1 рет, дауыссыз болса 2 рет шапалақтайсыңдар.

Ойын ойналады.

Әліппе: Өте жақсы, сендер дыбыстарды ажырата алады екенсіңдер! Мектепке барғанда жалқау болмаңдар.

1-жүргізуші: Әліппе біздің балалар жалқау болмайды. Олар білімді және өте ақылды болады.

2-жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы «Қуыршақ» биін қабыл алыңыздар.

Әліппе:

Балалар, сендер мектепке барғанда оқитындарыңа сенемін. Біз Бестік екеуіміз сендерді мектепте тосамыз. Сау болыңдар, балалар!

Байжан Ерасыл:

Еркесі едім атамның,

Еркесі едім анамның.

Толдым биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

Омаш Бекжан:

Шетсіздік көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауыл әні.

Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,

Әнұран мемлекеттік халық әні.

Наятулла Аңсаған:

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

Залға жылап Дымбілмес кіреді.

1-жүргізуші:

Дысбілмес саған не болді?

2-жүргізуші: Неге жылайсың?

Дымбілмес: Мені мектепке алмайды.

1-2-жүргізушілер: Неге?

Дымбілмес:

Мен есеп шығара алмай қойдым.

Дымбілмеске көмектесу, мысал есептер шығару.

Дымбілмес: Балалар, сендерге рахмет. Мен енді барып тағы да бір бағымды сынайын. Енді мектепке алатынына сенімдімін. Сау болыңдар балалар, мектепте кездесеміз.

1-жүргізуші:

Балалардың ұйымдастыруымен өздеріңізге арналған сахналық қойылымды тамашаладыңыздар.

2-жүргізуші:

Сахналық қойылым орыстың «Үйшік» ертегісінің желісімен, қабыл алыңыздар!

«Үйшік» ертегісін сахналық қойылым ретінде қояды.

Аю – Аңсаған

Түлкі – Меруерт

Қасқыр – Нұрдәулет

Қоян – Алуа

Тышқан – Ерасыл

Бақа – Аружан

1-жүргізуші:

Топтың биші қыздарының орындауында «Ча-ча-ча» биі

2-жүргізуші;

Қабыл алыңыздар

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

1-жүргізуші:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ұлы халқым есептескен текпенен

Ата салтын ешкім аттап өтпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген – дей келе қорытынды сөз кезегін……………………………. береміз.

Құттықтау сөздер.

«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: Тілашар

Мақсаты:Мектепалды даярлық тобына келгеннен бергі  дағдыларын, қызығушылықтарын, жеке тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету.

Тіл байлығын, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.Үлкенді сыйлау.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, шарлар,ойыншықтар.

Қатысушылар:

Апа

Тәрбиеші

Бестік

Әліппе

Жалмауыз кемпір

Дымбілмес

Балалар

1-көрініс

Музыка ырғағымен залда  апа немересін бесікте тербетіп отырады.

2-көрініс

Бала өсіп 5-ке келеді. Беске толған немересін апасы мектепалды даярлық тобына дайындайды.

Апа: Балам, біз бүгін мектепке барамыз.

Немересі: Апа, мектеп дегеніміз не?

Апа: Мектеп – білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да, мұғалім де, жазушы да, дәрігер де бәрі де  білім алған. Тіпті атаң да, мен де, әкең де, шешең де сол мектептен әріп танып, оқығанбыз, тәрбие алғанбыз. Жүре ғой, құлыным!

Тәрбиешіге әкеп табыстайды.

Тәрбиеші баланы жетектеп ойыншықтармен ойнатып, залдан алып шығады.

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ең алғаш балаларыңызды мектепалды тобына әкелген күндеріңіз есте болар. Ең алғаш балаларды Айгүл апайға табыстағансыздар. Сол кездерін еске түсірдік.

2-жүргізуші:

Мінекей кешегі бүлдіршін – бүгінгі мектепалды даярлық тобының түлегі. Сіздердің қошеметтеріңізбен мектепалды даярлық тобы түлектерін ортаға шақырамыз.

Жақсы әуенмен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші:

Айналайын, балалар,

Сендерде ой-сана бар  .

Өздеріңнен өседі,

Өнершілер, даналар.

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

1-жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

2-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

1-оқушы

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

Той деп келген қонақтарға мың рахмет,

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

2-оқушы

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

Апа шашу шашады.

3-оқушы

Еркеңізді мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел,келіңіз тойыма,

Тойымның аты – Тілашар.

4-оқушы

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршіннің ортада,

Тілашарын алайық.

5-оқушы

Даярлыққа келгенде,

Ақ пейілмен қарсы алған.

Өлең айтып үйретіп,

Би билеткен, ән салған.

6-оқушы

Риза әжей, атай да,

Риза ағай, апай да.

Рахмет деп айтамыз,

Тәрбиеші апайға.

7-оқушы

Ойыншықтармен ойнадық,

Тоқпақты да қоймадық.

Сурет салдық, ән салдық,

Уақытты бекер жоймадық.

8-оқушы

Мектепке енді барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Үлгілі бала боламыз.

9-оқушы

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

1-жүргізуші:

Балалардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Орындайтындар: Хор

Ән орындалады.

Есік қағылып, залға Жалмауыз кемпір жүгіріп кіріп, айқай салады.

Жалмауыз кемпір:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Солай ма, құлағым естімейді. Барасыңдар ма мектепке?

Балалар хормен: Иә, барамыз!

Жалмауыз кемпір:

Әй неге сонша айқайлайсыңдар? Керең дейсіңдер ме мені?

А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой.  Кім сендерді жібереді екен?  Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу  керек.  Ол неге керек, мен сияқты  жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.

Нұралы

Жоқ, апа, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.

Ернар

Қазақта мынандай бір мақал бар: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген. Біз оқу оқымасақ солдат бола  алмаймыз, елімізді қорғай алмаймыз.

1-жүргізуші:

Балалардың орындауындағы «Солдат болам мен ертең» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Орындайтындар: Бір топ ұлдар

Жалмауыз кемпір:

Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?

Балалар: Сөмке.

Жалмауыз кемпір:

Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді). Ал енді сендер сабаққа барғыларың келсе, мына жұмбақтарды шешіңдер.

Жұмбақтар:

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(Кітап)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қозы)

1-жүргізуші: Дұрыс шештіңдер балалар!

2-жүргізуші:

Көрдің бе, Жалмауыз кемпір, біздің балалар қандай білімді.

1-жүргізуші:

Балалар, сендердің ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә

2-жүргізуші:

Екі бала ортаға келсін, қане кім тез мектепке жиналады екен.

Балалар киімін киіп, сумкасын асынып жарысады.

Жалмауыз кемпір:

Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де жаман болмаймын. Сендермен бірге мектепке барамын. Мен енді үйіме қайтып дайындалайын. Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз.

 1-жүргізуші: Биші қыздарымыздың орындауындағы «Будашкин» биін қабыл алыңыздар.

12-оқушы

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға.

13-оқушы

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін анаңды.

Өсіруге танымды,

Мектеп керек адамға.

14-оқушы

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Қуантуға жүректі,

Қуантуға түлекті

Мен мектепке барамын.

15-оқушы

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын.

Батаңды бер қазағым,

Мен мектепке барамын.

1-жүргізуші:

Хор: Біз мектепке барамыз.

2-жүргізуші:

Қабыл алыңыздар!

Есік қағылып Бестік кіреді.

Бестік:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бестікпін. Мен жақсы оқитын балалармен дос боламын. Мені мектепке өте жақсы көреді.  Сендер менімен дос болғыларың келе ме? Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.

Ойын: Жалғасын тап:

Оқусыз білім жоқ,

……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)

Ақыл азбайды

………………………………….. (Білім тозбайды)

Еңбек етсең ерінбей,

…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)

Бестік: Рахмет балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді мектепте күтемін. Сау болыңдар.

1-жүргізуші:

«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды», — деп айтқандай алдарыңызда

2-жүргізуші:

Әнші қыз Қалдыбай Айдананың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

16-оқушы

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Алтын ұя – мектебім,

Армандарым көп менің.

Атқарамын деп келдім

Асыл анам – мектебім.

17-оқушы

Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын депк елдім.

Оттан ыстық мектебім,

Өнерпазың көп сенің.

Өнер табам деп келдім,

Өз бесігім мектебім.

1-жүргізуші:

Балалар, бүгін біздің мерекемізге Сауат ашу келіпті.

2-жүргізуші:

Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың «Сауат ашу» болады.

Залға Сауат ашу кіреді.

Сауат ашу:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерді сырттарыңнан бақылап тұрдым, жаңа досым Бестікті жібергенмін. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Бірақ сендердің білімдеріңді тағы бір тексеріп көрейінші.

Мен сендерге  дыбыстарды айтамын. Сендер дауысты болса 1 рет, дауыссыз болса 2 рет шапалақтайсыңдар.

Ойын ойналады.

Сауат ашу: Өте жақсы, сендер дыбыстарды ажырата алады екенсіңдер! Мектепке барғанда жалқау болмаңдар.

1-жүргізуші: Сауат ашу біздің балалар жалқау болмайды. Олар білімді және өте ақылды болады.

2-жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы «Қуыршақ» биін қабыл алыңыздар.

Сауат ашу:

Балалар, сендер мектепке барғанда оқитындарыңа сенемін. Біз Бестік екеуіміз сендерді мектепте тосамыз. Сау болыңдар, балалар!

18-оқушы

Еркесі едім атамның,

Еркесі едім анамның.

Толдым биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

19-оқушы

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

Залға жылап Дымбілмес кіреді.

1-жүргізуші:

Дысбілмес саған не болді?

2-жүргізуші: Неге жылайсың?

Дымбілмес: Мені мектепке алмайды.

1-2-жүргізушілер: Неге?

Дымбілмес:

Мен есеп шығара алмай қойдым.

Дымбілмеске көмектесу, мысал есептер шығару.

Дымбілмес: Балалар, сендерге рахмет. Мен енді барып тағы да бір бағымды сынайын. Енді мектепке алатынына сенімдімін. Сау болыңдар балалар, мектепте кездесеміз.

1-жүргізуші:

Балалардың ұйымдастыруымен өздеріңізге арналған сахналық қойылымды тамашаладыңыздар.

2-жүргізуші:

Сахналық қойылым орыстың «Үйшік» ертегісінің желісімен, қабыл алыңыздар!

«Үйшік» ертегісін сахналық қойылым ретінде қояды.

Аю –

Түлкі –

Қасқыр –

Қоян –

Тышқан —

Бақа –

1-жүргізуші:

Топтың биші қыздарының орындауында «Көбелек » биі

2-жүргізуші;

Қабыл алыңыздар

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

1-жүргізуші:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ұлы халқым есептескен текпенен

Ата салтын ешкім аттап өтпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген – дей келе қорытынды сөз кезегін……………………………. береміз.

Құттықтау сөздер.

Басқа материалдар

Т. Шаханов атындағы №3 орта мектебі

Орындаған: Алдебекова Л.К.

«Тілашар» мерекесі

Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім

алуға,оқуға шақыру.

Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген

сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.

Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, слайд, фотошоу

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты атааналар және қадірлі

ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам

басқан, бүгінгі 1сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар»

тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына

аттаған қадамдарына сәтсапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға

шақырайық. Қарсы алыңыздар:

1. Дарынды дарабоз — Қыран

2. Ұшқыр ойлы — Толқын мен білімге құштар — Ансар

3. Ерке мінезді Наргүл мен ұтқыр да тапқыр Алғатай

4. Жаны жомарт — Солтан мен талабы таудай — Жасұлан

5. Байсалды жан Санжар мен ақкөңілді Ардана

6. Жаны жайсаң – Жансая мен нәзік жанды Сания

7. Асыл да аяулы Гулназ мен сымбатты Султанбек

8. Белсенді Бекзат пен пәк сезімді Дария

9. Ақ ниетті Нұрасыл мен алғыр да зерек Дана

10. Қайсар жанды Магеррам мен мейірімді жан Мерейім

11. Ұяң мінезді Нұрмұхаммед пен инабатты Инкар

Сания: Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!

Мұғалім: Айналайын балалар,

Алдыңда МектепАна бар!

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер,даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Құтты болсын қадамың

Құтты болсын талабың

Мағжан атам айтқандай

Білім отын жаға біл.

Мұғалім: Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық. (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын береді).

Әже: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа жиналған

Құтты болсын тойларың.

Мұғалім: Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын,

Сәт сапарға теңгерер.

Санжар: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

Султан: Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салтсанасын сақтаймын,

Дала менен қаланың,

Мен мектепке барамын.

Алғатай: Қолға кітап аламын,

Маржан сүзіп табамын.

Жарқыратып кеудеме,

Жұлдыз етіп тағамын.

Мен мектепке барамын.

Гүлназ: Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектепұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

1. Хор: «Қоңырау» әні.

Ардана: Мен тәртіпті баламын,

Түгел қағаз, қаламым.

Бір күн қалмай сабақтан,

Кілең «бестік» аламын.

Сания: Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

Мұғалім: «Қара жорға билемей, бидің сәні келер ме?» — деп жырламай ма

әнде? Ендеше бүгінгі білім тойында «Қара жорға» билемейміз бе? Қошеметпен

қол соғып, балаларды қарсы алайық!

2. Би: «Қаражорға», сынып оқушылары.

3. Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар:

АвторЖансая: Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп

сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай

жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам

шығады:

ҚаламЖасұлан: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

ОқушыТолқын: Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым

жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу

жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы— : Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер,

қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.

Автор-: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға

келеді.

Оқушы-: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен

қайсысы дос бола алады ?

Дәптер-: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы

қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі,

таза жазса, 5тік деген баға алады.

Қарындаш-: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық

пішіндерді сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос

болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені

ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.

Әліппе-: Ал мен болсам бар кітапқа бас болған Ғылым атасыәліппемін.

Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді

жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені

сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты

жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен

шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді.

Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор-: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос

болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

Ән: «Мектебім» .

Қыран: Мектеп — үлкен бағдаршам.

Ұстаз — шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,

Бағыт жолын нұсқаушы.

Наргүл:Еркесімін атамның,

Еркесімін анамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

Ардана: Өсірді ой сананы

Тіл дамыту сабағы.

Жаңылмай айтып үйрендік

Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.

«Кім тапқыр?» жұмбақ, логикалық есептер шешу, мақалмәтелдер,

жаңылтпаштар айту.

1. Көпкөп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине.

Іс тікпейді, әрине. /кірпі/

2. Мұрны пұшық, көзі қысық.

Өзі пысық , бұл не?…. /мысық/

3. Мекені көкте екі ару,

Бірінбірі көруге зәру. / ай мен күн/

4. Өшірді, сүртті, өзгені құртты,

Өзін де құртты. /өшіргіш/

5. Көлден ұшты 3 аққу,

Қайтып қонды 2 аққу.

Қонбады оның нешеуі

Қане, кім тез табады? /1 аққу/

6. Далада тұр екі ешкі,

Қорада тұр үш ешкі.

Екі ешкі мен үш ешкі

Болады бәрі неше ешкі? /5 ешкі/

7. 5 алманың екеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? /3 алма/

Мақалмәтелдер (жалғасын тап):

1. Бірі бәрі үшін, … (бәрі бірі үшін)

2. Ағасы бардың — (жағасы бар),

Інісі бардың … (тынысы бар),

3. Ырыс алды — … (ынтымақ) .

4. Әке — … (асқар тау).

5. Ас атасы — … (нан)

6. Ас — … (адамның арқауы)

7. Әкеге қарап ұл өсер, … (анаға қарап қыз өсер)

Мұғалім: Кел, көрейік ертегі,

Естіген жанды елтеді.

Талай ғажап оқиға,

Қызық сырын шертеді.

4. Ертегіні сахналау: «Үйшік» ертегісі

Қатысатын оқушылар: Алғатайаю, Жансаятүлкі, Арданақоян, Ансар

тышқан,

Наргүлқасқыр, Саниябақа.

Алғатай: Мектеп деген жақсы екен

Қызығы мол думанды.

Жақсы көрем бәрінен,

Әдемілеп жазғанды.

Жеті жасқа жеткенім,

Еркеліктен кеткенім.

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме жеткенім.

Ардана: Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім,

Алтын ұям мектебім!

Оқып ғылымбілімін,

Ой аламын деп келдім,

Оттан ыстық мектебім!

Жасұлан: Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Наргүл: Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

Солтан: Кіпкішкентай баламын,

Алтыдан асып барамын.

Сөмке алып мойныма

Мектепке мен барамын.

Озат оқушы боламын,

Жақсы баға аламын.

Таудай үлкен талабым,

Содан жақсы сабағым.

Сания: Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

загрузка…

Ешбір жерден таппаймын.

Мұғалім: Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —

Тілашардан!

Т тәртіпті болайық

І ілімді бойға жинайық

Л лашындай биік самғайық

А ақылды азамат болайық

Ш шыншыл болайық

А айбынды болайық

Р рахат өмір сүрейік

Хормен: Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Үлгілі боп өсетін,

Біз – оқушы боламыз

5. Хор: «Менің Отаным – Қазақстан»

Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын балдырған,

Оқушы деген жаңа атың.

Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата

аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбыжолдастарыңды сыйлайтын

әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.

Ертеңгілігімізді оқушыларымыздың осы кезге дейінгі мектепте түскен

фотоларынан жасалған фотошоумен аяқтағым келіп отыр. /фотошоу/

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Сценарий мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу,ата-ана,ұстаздармен қуаныштарын бөлісу
Сценарий өтілу барысы:
Сценарий өзім:Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын.
І.Кіру сәті — музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді, қолдарында «Тілашар» кітаптары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Тойымызды мектебіміз Ғали Орманов аталарыңның атында екенін ескере отырып «Өмір – ұстаз» атты өлеңімен бастағым келіп тұр.

Ұқсас ақын емеспін ешкімге мен,
Сырым осы сақтаған ішімде кең.
Ұқсасам тек ұқсармын сахарама,
Өстім сонда ұдайы естіп өлең.

Су да үйретті жасымда, жел де үйретті,
Бесігімді жел — дауыл көп тербетті.
Көк шатынап, жарылып ұшқан жасыл
Шыңдай берген сықылды тек жүректі.

Табиғаттан жиған сол күшім менің
Өлеңімнің оты деп түсінемін.
Тамызығы талаптың осы болса,
Таусылмайтын тартыстың ішіндемін.

Түсіндірген түгелдей соны маған
Заман менің ұстазым, анық анам.
Үйретпесе ол мені, өтер едім
Өзін-өзі адамша танымаған.

Танығанға тарихтың жолы даңғыл,
Осы жолмен тартарсың сен де сан жыл.
Өз қараңды өзің тек көрсете алсаң,
Жасыра алмас қалқалап сені тағдыр!

ІІ. «Тілашар» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директоры
Жанат Тұрысбекқызына беріледі
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:
1 оқушы:
Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 20 жыл толу қарсаңында.
2-оқушы:
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат — іздеген мұратыма.
3-оқушы:
Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,
Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын.
Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
4-оқушы:
Мен сені сүйем елім жасырмаймын,
Асылдың сынығы боп, тұлпардың тұяғымен тасырлаймын.
Намысты қолдан бермейтін ұлыңмын
Басымнан бір ауыз сөз асырмайтын.
5-оқушы:
Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.
Тізгінді басқаларға бермес тегін.
Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ
Киелі жер Иесі — сенгін Елім!
6-оқушы:
Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп,
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
7-оқушы:
Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата-баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде,
Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.

ІҮ.Ән: «Сәлем, саған мектебім!» Сағындық Аружан
8-оқушы:
Армысың, мектеп ар — бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
9-оқушы:
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
10-оқушы:
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
11-оқушы:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
12-оқушы:
Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
13-оқушы:
Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.
14-оқушы:
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

Ү.Би: « Қуыршақ» Жакишева Жамиля
15-оқушы:
Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.
16-оқушы:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
17-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
18-оқушы:
Мұғалімді жақсы көремін сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзі бал.
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзі бар.
19-оқушы:
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.
20-оқушы:
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір — думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.
21-оқушы:
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.
22-оқушы:
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым…
Мен мектепке барамын.
23-оқушы:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.
24-оқушы:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
ҮІ.«Шаттық шеңбері» дөңгелене тұра қалады
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
25-оқушы:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
26-оқушы:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!
27-оқушы:
Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
28-оқушы:
Өнерпазың көп сенің:
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім – мектебім!
29-оқушы:
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы баламыз!
ҮІІ.«Тілашар» тойының иелеріне бата беру үшін сөз атаға беріледі.
Бисмиллаһи!
Рахмани рахим!
Болмай надан,
Оқы,балам!
Құтты болсын
Білім — қадам.
Отан — анаң
Аялаған!
Ұстаз — данаң
Болсын аман.
Сақтап Аллам,
Бақ тап алдан.
Әумин!

ҮІІІ.Ризашылық әнімен аяқталады
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын,қазірге!

Тілашар
(Зал шармен, гүлдермен безендірілген.
Тақырыпқа сай слайдшоу жасалған)

Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық, туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді құрметтеу, сыйлау, еңбекті бағалау.
Отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші:
Құрметті Ата – аналар, ұстаздар, тілашар тойына қош келдіңіздер. Бүгін біз бір жыл оқытып, тәрбиелеген балаларымызды 1 — сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын?
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Бір белестен өттіңдер,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышы бүгінгі,
Құтты болсын тойларың.
Қол соғып қошеметпен балаларымызды қарсы алайық.

Зейнеп: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.

Нұртілек: Біз бақытты баламыз.
Қақаз, қалам аламыз,
Ұстаздарымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.

Хор: Мұғалім — ол біздің!
Молдаби: Алты жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме беттедім.

Жанбота: Мынау менің сезгенім.
Ол сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы.

Ән: Әнші балапан!

Зейін: Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата – ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

Би: Үнді биі

— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Сәлеметсіз бе?
— Мені таныдыңдар ма?
— Иә.
— Мен кіммін?
— Білім ханшасысыз.
— Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп
ашып, әліппе жазған кім?
— Ыбырай Алтынсарин.
— Ыбырай Алтынсарин аталарыңның «Кел балалар, оқылық» деген өлеңін
білесіңдер ме?
Нұртілеу: Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Іздегеннің алдыңнан,
Сұрамай – ақ табылар.
Білім ханшасы: — Ой рахмет, ал енді сендер мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарың «Әліппе» туралы тақпақ кім айтады?

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сыңғырлау селосы, «Сыңғырлау мектеп — балабақша кешені» КММ — сі
Дайындық тобы жетекшісі Құрманбаева Жайлыгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Сценарий мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу,ата-ана,ұстаздармен қуаныштарын бөлісу
Сценарий өтілу барысы:
Сценарий өзім:Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын.
І.Кіру сәті — музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді, қолдарында «Тілашар» кітаптары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Тойымызды мектебіміз Ғали Орманов аталарыңның атында екенін ескере отырып «Өмір – ұстаз» атты өлеңімен бастағым келіп тұр.

Ұқсас ақын емеспін ешкімге мен,
Сырым осы сақтаған ішімде кең.
Ұқсасам тек ұқсармын сахарама,
Өстім сонда ұдайы естіп өлең.

Су да үйретті жасымда, жел де үйретті,
Бесігімді жел — дауыл көп тербетті.
Көк шатынап, жарылып ұшқан жасыл
Шыңдай берген сықылды тек жүректі.

Табиғаттан жиған сол күшім менің
Өлеңімнің оты деп түсінемін.
Тамызығы талаптың осы болса,
Таусылмайтын тартыстың ішіндемін.

Түсіндірген түгелдей соны маған
Заман менің ұстазым, анық анам.
Үйретпесе ол мені, өтер едім
Өзін-өзі адамша танымаған.

Танығанға тарихтың жолы даңғыл,
Осы жолмен тартарсың сен де сан жыл.
Өз қараңды өзің тек көрсете алсаң,
Жасыра алмас қалқалап сені тағдыр!

ІІ. «Тілашар» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директоры
Жанат Тұрысбекқызына беріледі
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:
1 оқушы:
Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 20 жыл толу қарсаңында.
2-оқушы:
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат — іздеген мұратыма.
3-оқушы:
Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,
Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын.
Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
4-оқушы:
Мен сені сүйем елім жасырмаймын,
Асылдың сынығы боп, тұлпардың тұяғымен тасырлаймын.
Намысты қолдан бермейтін ұлыңмын
Басымнан бір ауыз сөз асырмайтын.
5-оқушы:
Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.
Тізгінді басқаларға бермес тегін.
Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ
Киелі жер Иесі — сенгін Елім!
6-оқушы:
Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп,
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
7-оқушы:
Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата-баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде,
Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.

ІҮ.Ән: «Сәлем, саған мектебім!» Сағындық Аружан
8-оқушы:
Армысың, мектеп ар — бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
9-оқушы:
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
10-оқушы:
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
11-оқушы:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
12-оқушы:
Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
13-оқушы:
Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.
14-оқушы:
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

Ү.Би: « Қуыршақ» Жакишева Жамиля
15-оқушы:
Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.
16-оқушы:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
17-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
18-оқушы:
Мұғалімді жақсы көремін сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзі бал.
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзі бар.
19-оқушы:
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.
20-оқушы:
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір — думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.
21-оқушы:
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.
22-оқушы:
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым…
Мен мектепке барамын.
23-оқушы:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.
24-оқушы:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
ҮІ.«Шаттық шеңбері» дөңгелене тұра қалады
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
25-оқушы:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
26-оқушы:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!
27-оқушы:
Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
28-оқушы:
Өнерпазың көп сенің:
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім – мектебім!
29-оқушы:
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы баламыз!
ҮІІ.«Тілашар» тойының иелеріне бата беру үшін сөз атаға беріледі.
Бисмиллаһи!
Рахмани рахим!
Болмай надан,
Оқы,балам!
Құтты болсын
Білім — қадам.
Отан — анаң
Аялаған!
Ұстаз — данаң
Болсын аман.
Сақтап Аллам,
Бақ тап алдан.
Әумин!

ҮІІІ.Ризашылық әнімен аяқталады
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын,қазірге!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мектеп бітіру кешіне арнал?ан сценарий 11 сынып
  • Можно ли уволиться сразу после новогодних праздников
  • Мектеп президентін сайлау сценарий
  • Мектеп ашылуына сценарий
  • Можно ли уволиться во время новогодних праздников