Мектепшілік жайдарман ойыны сценарий

9-11 сынып оқушыларына арналған КВН ойынның сценарий. учителю, Мероприятия, " ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН ЖАЙДАРМАН" қазақша КВН ойыны

/ Қазақша КВН ойыны 9-11 сыныптар /

ФАНФАР ОЙНАТЫЛАДЫ:

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің! —

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Армысыздар ауылдастар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

Шұбар орта мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

«Өнерлі өрге жүзер» «Өнерлі болу,олда байлық» —демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Әзіл қалжын жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді-

дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1

« Күлегештер » жайдарманшыларын ортаға шақырайық!

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшыларын қарсы алыңыздар!

3

«Шұбарстан » жайдарманшырын сахна төріне шақырайық!

4

« » жайдарманшыларын қошеметпен қарсы алайық!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Бәрекелді!Бәрекелді!

Топтар ортаға келді.

Жиналған барлығың,

Әзілмен күлдірт елді.-деп сіздерге ақ тілек айтайын.Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық.Енді —

Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көріністің көркісін,

Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы:……………………………………………….

2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу /

2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ;/ Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 мин/

3. Қайым айтыс; / 5мин /

4.Үй тапсырмасы /тақырыбы:Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!/

Барлық жайдарманшыларға ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Жайдарманшылармен таныс болдық,олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық!СӘТТІЛІК тілеймін!

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде:

Командалар

Сәлемдесу

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

« Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Сахнада өзінің жаңалығымен,болашақ журналист:

Командалар

Соңғы жаңалықтар

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

« Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет журналистер!Ал әділ-қазылар алқасы оқушылар жеткізген жаңалықтарды бағалаңыздар! Алғаш болып жаңалық оқыған:

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Келесі бөліміміз: Қайым айтыс /уақыты 5 мин/

Командалар

Сәлемдесу

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

«Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет өнерпаздар,енді әділқазылар алқасы осы ҚАЙЫМ АЙТЫС бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы ! Ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:

Командалар

Әзілің жарасса

1

« Күлегештер » жайдарманшылары

2

«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары

3

«Шұбарстан » жайдарманшыры

4

«Тапқырлар » жайдарманшылары

Рахмет! әзілқой өнерпаздар!Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада:………………………………………… қабыл алыңыздар!

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Құрметті қауым «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» тақырыбына өткізілген Жайдарман ойыны

өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

54 жалпы орта мектеп

Тақырыбы:«Мектеп-кеме, білім-теңіз»

Орындаған: информатика пән

мұғалімі А.Қ.Сенгирова

2014 оқу жылы

Жайдарман әзіл отауы.

  1. Жүргізуші: Ассалаумағалейкум ардақты елім,

Сендерсіз бағым қалай жанбақ менің.

Армысың айналайын текті халық

Келдім міне алдарыңа топты жарып.

Армысыздар, бармысыздар алтыннан ардақты, күмістен салмақты, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және Ынтымақ тұрғындары!

Бүгінгі күн куаныш,

Бүгінгі күн береке.

Бүгінгі күн біз үшін,

Ұмытылмас мереке демекші,- Баршаңызды өтіп кеткен Ел басы күнімен және ең үлкен мереке Тәуелсіздік күніменен құттықтаймын!

Ауылымызда тұңғыш рет Жайдарман әзіл кешін осы мерекелерге арнайы ашық деп жариялаймын! Сіздер таныс болу үшін, бүгінгі кеште командалар жарысқа түспек, олай болса командаларды ортаға шақырамын! Қарсы алыңыздар алдарыңызда бүгінгі сайыста сынға түсетін, 8-«А» сынып «Назар Аудар» командасы, және оған қарсы ойнайтын, Шу десе шулататын 8-«Ә» сынып «Шымсити» командасы! 8-«Д» сынып «Ұнамаса қарама» командасы,

8-«Ж» сынып «Онлайн» командасы. Ал енді бір қызығы бізбен бірге ойнайтын

5-ші команда бар, ол әрине біздің Әділ-алқа қазылары!

Осы командаларды бағалайтын әділ-алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. __________________________________________________________________

  1. __________________________________________________________________

  2. __________________________________________________________________

  3. __________________________________________________________________

Ал біз әзілімізді бастамас бұрын, әділ-алқа қазылары алдарыңызда берілген, есеп қағазына әр кезеңге өз бағаларыңызды белгілеп отырарсыздар және әр кезеңге өз ұпай сандарыңызбен бағалап көрсетерсіздер. Ендеше бүгінгі өздеріңізге белгілі, қазір жалпы КВН-ді Жайдарман деп атады, осыған орай бізде бүгінгі кешті Жайдарман-деп атадық. Бүгінгі ойынымыз негізгі 3 турдан тұрады,

Сәлемдесу, Үй тапсырмасы, Сұрақ-жауап, бірақ командаларға ескерту, Әзілден тыс артық кимыл болмауы керек,

Сценарийден ауыткып кеткен жағдайда командалардан 0,5 ұпай алынады; Таныстырылған сценарий үлгісінен ауытқып кеткен дөрекі сөз қолданылған жағдайда командалардан қатаң түрде 1 ұпай шегеріледі, осымен ережелермен таныс болдыңыздар. Күні кеше командалар арасында жеребе тасталған болатын,

Олай болса 1-Тур. «Сәлем – сөздің атасы» – демекші, алдарыңызда өнерлерін ортаға салып, халықтың көңілінен шығуға келіп отырған, жеребе бойынша сәлемдерін бірінші бастайтын «Назар Аудар» командасын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі күн жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қысқа қалжың, ұзақ күлкіге,

Жағымды сөздерге толы болсын, — дей отырып, құрметті жиналған қауым, бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізден шықсақ деп, сіздерге күлкі сыйласақ деп келіп отырған тағы бір команда бар, өздері жаңа құрылған команда, бұл кеште сахна төріне алғаш шығулары ендеше алдарыңызда күлкі десе ішкен асын жерге қоятын, сіздерді тамаша көңіл күйге бөлейтін, өз сәлемдемелерімен .

2.«Онлайн» командасын қарсы алыңыздар!!!

3. «Ұнамаса қарама» комадасы

4. «Шымсити» командасы

  • Ал әділ-қазылар, өз ұпайларыңызды берсеңіздер…?!

2.Тур. (Үй тапсырмасы)

Келесі тур Үй тапсырмасы, көңілдірек отырайық ағайын.

Жүргізуші: Ал қанекей қолдап-қошеметпен, халыққа жаны жақын, өздерінің ең керемет әзілдерін дайындап келген Жеребе бойынша 1-ші шығуға дайын «Назар аудар» командасын қарсы алыңыздар!!! Үй тапсырмасы. (15 мин)

Ал енді алдарыңызда екінші өнер көрсететін «Онлайн» командасын қарсы алайық!

3. Команда-«Ұнамаса қарама» Үй тапсырмасы. (15 мин)

4. Команда-«Шымсити» Үй тапсырмасы. (15 мин)

Осымен екінші тур, үй тапсырмасы да аяқталды, Әділ-қазылар алқасы өз ұпайларыңызда беріп өтсеңіздер…?!

Жүргізуші: Ал біз әрі қарай ІІІ-турымызды ашық деп жариялаймыз.

3.Тур. (Сұрақ-жауап сайысы)

Ендігі кезекте 3-тур Сұрақ-жауап сайысы деп аталады. Сұрақ-жауап сайысында, Әрбір команда 4 сұрақтан дайындап келеді.

Жүргізуші: Ақылдылық баршамызға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты, – дей отырып, Құрметті әділ-қазыларымыз, барлық жиналған ұпайды есептеп қорытынды шығарғанша, келесі кезекті, сұрақ-жауап, яғни ширатуға береміз. Бұл сайыс сұрақ-жауап ретінде өтіледі, яғни көрермендерімізде сұрақ қоя алады, ал біздің командалар сол сұраққа жауап береді, ал ендеше командаларды ортаға шақырайық! командалар ортаға!

Ал командаларымыз дайын болса.

1. «Ұнамаса қарама»

2. «Назар Аудар»

3. «Онлайн»

4. «Шымсити»

Жүргізуші: Қол соғайық, отырмайық халайық!

Көңілді, көтеріп бір алайық,

Келген бүгін, әзіл сүйер баршаға,

Тұншықтырмай, бар өнерді салайық,-демекші келесі… біздің команда-сіздің команда дегендей, командаларымыздың флешбомтарын тамашалайық!

Жүргізуші: Ал құрметті көрермендер осы сұрақта жетіп қалар, көп рахмет, Енді кезекті Әділ-алқа мүшелеріне берсек:

  • Жалпы бүгінгі кеш қалай өтті?

  • Командалар өз өнерлерін көрсете алдыма?

  • Қай команда жеңіске жетуге лайықты деп шештіңіздер?

  • Өз бағаларыңызды берсеңіздер!

Жүргізуші:Жайдарманға келдіңіздер,

Көп қызықты көрдіңіздер.

Енді біздің бәрімізге,

Әділ баға беріңіздер.

Жүргізуші: Көп рахмет, ауылымызда тұңғыш өтіліп отырған, Жайдарман бағдарламасына келіп азда болса көңіл көтердіңіздер, келгендеріңізге мыңда бір алғыс, келесі жүздескенше хош аман сау болыңыздар!

Командалар ортаға: Сұрақ-жауап

  1. Дүниеде ең тез және оңай болатын нәрсе?

-Әйел болу.

  1. Әйеліңмен 7 наурызда ұрысып қалсаң, не истейсің?

— Кө-ө-ө-өп ақшаны үнемдейсің.

  1. Түс жори аласыңдарма түсіңде байып жүрсең не болады?

-Онда оянбай-ақ қой!

  1. Сиырды сауады, тышқанды неге саумайды?

-Себебі тышқаннын астына шелек сыймайды!

  1. Тауық неге күлмейді?

–Настроениесі жок!

  1. Құстар неге жылы жаққа ұшады?

–Жаяу бара алмаған соң!

  1. Тышқандардың атаманы не?

-Блатной крыса!

  1. Шөлдеп өлген балық?

–Капченый балық!

  1. Келін түсіргенде қуанатын адам?

–Бет ашатын музыканттар!

  1. Балықтар неге сөйлемейді?

— Көрер едім сенің басыңды суға салып қойса сөйлегеніңді.

Жалпы қорытынды.

Барлығы:

1 тур

2 тур

3 тур

Пах-Пах

Щучу

Бағалау парағы

Командалар

Сәлемдесу

Үй тапсырмасы

Сұрақ жауап

Барлық ұпай

1

8-«А» сынып

«Назар аудар»

2

8-«Ә» сынып

«Шымсити»

3

8-«Д» сынып

«Ұнамаса қарама»

4

8-«Ж» сынып

«Онлайн»

——————————————————————————————————-

Бағалау парағы

Командалар

Сәлемдесу

Үй тапсырмасы

Сұрақ жауап

Барлық ұпай

1

8-«А» сынып

«Назар аудар»

2

8-«Ә» сынып

«Шымсити»

3

8-«Д» сынып

«Ұнамаса қарама»

4

8-«Ж» сынып

«Онлайн»

«ЖАЙДАРМАН — ДОСТЫҚ МЕКЕНІ»

Сайыс мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытынтиімдіпайдаланудыұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды.

Барысы:

Жайдарман музыкасы ойналады

Жүргізуші:

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен мың.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман сайысқа қош келдің! –

Қайырлы күн.Армысыздар достар! Армысыздар жайдарман сүйер қауым. Жыл бойы демалған Жайдарман топтары бүгін тағы да бір сахнада сайысқа түскелі отыр. Бүгінгі сайысқа қатысатын командалар қатары сақадай сай деген ойдамын.Ендеше бар жанарды жаулаған жайдарман ашық.

Жүргізуші: 2021-2022 жылы Елбасымыз балалар жылы деп жарялан болатын, Бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқарылуда.Бағдарлама оқушылар арасында да өз жалғасын табуда.Соның бір дәлелі бүгінгі Жайдарман сайысы.

«Жайдарман – достық мекені»

Осындай ұранмен бүгінгі сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырамын!

Құрамында:

1.

2.

3.

4.

Жүргізуші:

Мереке қарсаңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Жүргізуші:

Қымбатты достар бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.

1) Сәлемдесу

2) Бес әзіл

3) Уй тапсырма

Жүргізуші: Қазақ тілі мен мәдениетін жастар арасында дамытуға үлес қосқан «Жайдарманның» ауылымызда бастау алып жатқанына қуанышымыз шексіз. Жайдарман дегеннің өзінде езуге күлкі ұялайды.

Олай болса құрметті көрермендер сайысымызды бастаймыз.

Ал балалар бәріңе сәттілік! (Рахмет)

Жүргізуші: «Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ендеше бірінші кезеңді бастайық

Сәлемдесу.Жоғары балл 50 ұпай.Сахнада «Көңілді жандар» жайдарман тобы.

Жалғастырамыз.Ортада

Жүргізуші: Осымен Сәлемдесу кезеңі аяқталды.Келесі сайыс үшін команда капитандарын сахнаға шақырамын.

Жүргізуші: Сәлемдесу кезеңі бойынша ұпай сандары.

Жүргізуші: Жалғастырамыз.Бес жаңалық.Жоғары балл-50 ұпай.Командалар бір әзілден кезектесіп оқисыздар.

Жүргізуші: Бес жаңалық кезеңі бойынша командалардың ұпай сандары.

Жүргізуші: Соңғы сайыс Уй тапсырмасы көрініс.Алғашқы болып өнер көрсететін команда

Жүргізуші: Құрметті көрермендер сайысымыз өз мәресіне жақындады Бүгінгі сайыс туралы

Жүргізуші: Ендігі кезек марапаттау.Әділқазыларымызға кезек береміз.

Жүргізуші: Қымбатты достар осымен бар жанарды жаулаған Жайдарман аяқталды.Жайдарманның жайдарлы сайыстарында кездескенше қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:

Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий

Материал жайлы қысқаша түсінік:

сыныптан тыс оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий

Кадирова Қарлығаш Талғатқызы

Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданы, Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, ұйымдастырушы педагог

15.01.2019

4809

27

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Download

Сценарий- Тәуелсіздікке 21 жыл.docx

Microsoft Word Document
23.2 KB

Download

Ал, қанекей қыздар-сценарий.docx

Microsoft Word Document
30.1 KB

Download

Сценка для женской команды КВН.docx

Microsoft Word Document
22.3 KB

Download

Небольшие приготовления перед началом то

Microsoft Word Document
24.6 KB

Download

КВН-Тамаша бағдарламасы Қызықстан!.docx

Microsoft Word Document
151.7 KB

Download

День победы.doc

Microsoft Word Document
114.0 KB

Download

Бүгін менің туылған күнім.doc

Microsoft Word Document
49.5 KB

Download

Сценарий Туылган кун.docx

Microsoft Word Document
16.4 KB

Download

Корп. НГ doc.docx

Microsoft Word Document
35.6 KB

Download

Корпоратив сценарий на новый год.docx

Microsoft Word Document
35.6 KB

Download

Наурыз мерекесі.docx

Microsoft Word Document
20.8 KB

Download

СЦЕНАРИЙ »8 марта».docx

Microsoft Word Document
17.5 KB

Download

СЦЕНАРИЙ » Переделанные песни к Выпускн

Microsoft Word Document
23.0 KB

Download

СЦЕНАРИЙ- Ал, қанекей қыздар.docx

Microsoft Word Document
30.0 KB

Download

СЦЕНАРИЙ выпускной-9 кл.docx

Microsoft Word Document
21.2 KB

Download

СЦЕНАРИЙ »Пародия на индийские фильмы»

Microsoft Word Document
16.8 KB

Download

СЦЕНАРИЙ Первоапрельский КВН для 1-5-х к

Microsoft Word Document
19.2 KB

Download

СЦЕНАРИЙ »Школьная миниатюра по сказке

Microsoft Word Document
15.0 KB

Download

Сценарий Наурыз-2009.docx

Microsoft Word Document
23.7 KB

Download

Сценарий ЖК.doc

Microsoft Word Document
51.5 KB

Download

сценарий на выпускной вечер 2011-2012.do

Microsoft Word Document
20.2 KB

Download

Сценарий Новый Год.docx

Microsoft Word Document
28.7 KB

Download

Сценарий праздничного концерта ко Дню Уч

Microsoft Word Document
50.0 KB

Download

У вечного огня.doc

Microsoft Word Document
309.5 KB

Download

Уа халайық!.docx

Microsoft Word Document
15.7 KB

Download

Жайдарман әзіл отауы.docx

Microsoft Word Document
33.2 KB

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мектепті? мерейтойына арнал?ан сценарий
  • Мектепті? мерейтойы сценарий
  • Мектептегі педагогикалы? ке?ес сценарий
  • Морская пехота россии черные береты день праздник
  • Мектепішілік олимпиаданы? жабылуы сценарий