Мемлекеттік р?міздер туралы сценарий

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тығатиянақтау. 2. Оқушыларды өз ойын, пікі

Бағалау қағазы. Маркер қағаз топқа тарататын рәміз суреттері топ дайын болғанда от шашу қол шапалақтау

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.

3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы. Сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау — жинақтау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Психологиялық дайындық..
Қызығушылықты ояту

Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Ендеше мына өлеңді оқиық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан — жағым.
— Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Өткен тақырыпқа шолу  Үй тапсырмасын тексеру
«Астана бас қала»» мәтіні

1. (мазмұнын айту) топ бойынша сұрақтар

2. ”Астана – арман қала.” (ойтолғау жазу)


  «Ой қозғау» стратегиясы

Бейнебаян тыңдау «Ән жүректі тербейді» тыңдап сұрақтар беру

1.Ән не туралы ?

-Ендеше, балалар біз бүгін «Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба.» атты тақырыппен танысамыз.

«Сен білесің бе?» Сұрақ — жауап

Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл

1992 жыл күні 4 маусым

2.Еліміздіәң рәміздерін ата

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген

4. Мемлекеттік Елтаңба элементтері туралы не білеміз

5.Таласқа түссе жан мен ту,

6. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
7. Елтаңбаның авторлары а вторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов ан емес маған керегі.
Мағынаны тану
— Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан — белгілері)

«Еліміздің мемлекеттік рәміздері. » бейнебаяны арқылы білімімізді толықтырайық

Қосымша ақпарат

9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Тізбектей оқу

Іштей оқу
Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би

Сөздік жұмыс:

Көтерілер шоқтығым — мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.

Шартарап – дүниежүзі

Дәптермен жұмыс
Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков
Шота – Аман Уалиханов
Әнұранның авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Шәмші Қалдаяқов
ҮІ. Сабақты қорыту:
«Ойлан ,бірік, бөліс!»әдісі постер құру дайын болғанда от шашу қол шапалақтау

Әр топ тақтаға шығып алдын — ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.

«Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі

Шарты: Экраннан бірнеше әр түрлі тақырыптағы суреттер көрсетіледі. Көруге 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң сурет экраннан алып тасталады. Оқушыларға көрген суреттерінің ішінен бүгінгі тақырып мазмұнына сай келетін есте қалған суреттердің атын алдын ала таратылған қағазға түсіру сұралады.

Өз бетімен жұмыс.

1. Рәміздер туралы жаттаған тақпақтарын ортаға салып айтады. 

2.Отан, ел, жер туралы мақал — мәтел айту

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                         Түсіндей боп көгімнің

Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.
ҮІІ. Үйге тапсырма: (1 мин)
Теориялық бағытта: мәтінді оқып, мазмұндау
Шығармашылық бағытта: «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында шығарма жазу
Ізденушілік бағытта: ел рәміздеріне сипаттама жазып келу


«Топтастыру» стратегиясы
топ дайын болғанда от шашу қол шапалақтау
ТОППЕН ЖҰМЫС
Әр топ интерактивті тақтаға шығып алдын — ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.
СЛАЙД

І — топ жұмысын қорғайды
Ту — Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою — өрнек — алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен НиязбековТу — бірыңғай көгілдір түс. Бұл түс төбедегі ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз аспан бейбітшілік, тыныштық пен жақсылық нышаны Көк түс – қазақ халқының бірлік ынтымақ жолында адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн — тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыс, даму, өсіп — өркендеудің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс — елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ — ұлттық оюлармен өрнектелген. Қазақстан Республикасы мемлекеті туының авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. 1992 — жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады

ІІ — топ жұмысын қорғайды Ту — Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою — өрнек — алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба — Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі.

Елтаңба — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Елтаңба негізі — Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ — отбасының бейнесі. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Әнұран — 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран сөзін жатқа білу әр адамның парызы. Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов. Н.Ә.Назарбаев. Ш.Қалдаяқов.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
– Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер — азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату — тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп — өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет — бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
1992 — жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады
ІІІ — топ жұмысын қорғайды. Тәуелсіздік

Топпен жұмыс:

а) Өлеңде не туралы айтылған?

ә) Өлең сені қандай сезімге бөледі?

б) Қазақстан туына сипаттама, әңгімелеп бер?

Топпен жұмыс:

І топ: а) Өлең мазмұнына сай сурет салу

ІІ топ: ә) Отан, ел, жер туралы мақал — мәтел айту

ІІІ топ: б) Өлең
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілген. Екіншіден сол ата — бабалардан қалған асыл мұрамыз — жеріміздің кең — байтақтығы орын алған. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі — ел бірлігі баса көрсетілген.
1992 — жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.

3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы. Сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау — жинақтау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан — жағым.
— Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Әр топқа «Астана» мәтінін мазмұндату. Эссе оқу.
Қызығушылықты ояту
Өткен тақырыпқа шолу 
«Астана бас қала» атты мәтінде не туралы айтылған? 
-Мәтіндегі жер- су аттары қалай жазылған? 
Оқушылар менің қолымдағы суретке қарай топқа бөлінеді. 
Суреттерде нелер бейнеленген сұрап немесе жасырын сурет арқылы

-Ендеше, балалар біз бүгін «Еліміздің мемлекеттік рәміздері» атты тақырыппен танысамыз.


  «Ой қозғау» стратегиясы

«Сен білесің бе?» Сұрақ — жауап

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер
бейнеленген
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңба элементтері туралы не білеміз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1
2 – жүргізуші:
ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл күні 4 маусым
3.
Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
4. Елтаңбаның авторлары а вторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов
7. Әнұран авторлары жайлы айтып өтсеңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
Мағынаны тану
— Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?

(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан — белгілері)

Бейне баян


ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Тізбектей оқу

Іштей оқу
Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би

Сөздік жұмыс:

Көтерілер шоқтығым — мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.

Шартарап – дүниежүзі

Дәптермен жұмыс
Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков
Шота – Аман Уалиханов
Әнұранның авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Шәмші Қалдаяқов

Қосымша ақпарат:

Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі. Шетелдегі әртүрлі ресми іс-шараларда, Парламентаралық мәжіліске қатысқан депутаттардың жанында Туымыз тұрады. Шетелдерде Ту екі жағдайда көтеріледі:

— Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде;

— Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Баян:

ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
«Кубизм» стратегиясы
•Зерттеуші: РӘМІЗДЕР ҚАНДАЙ МАҚСАТТА ЖАСАЛҒАН?
•Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал — мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: «Менің қиялымдағы рәміз» сурет салу.
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.

Үйге тапсырма.
Мазмұндау. «Менің елім» өлең құру. Авторларды жаттау.
Оқушы білімі бағаланады. Топты бағалау.
Өте жақсы, жақсы қанағаттанарлық
Жеке оқушыларды бағалау
Гимн айту.

Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.

 

Күні:19.10.15 Әдебиттік оқу

Сабақтың тақырыбы Еліміздің мемлекеттік рәміздері 
Жалпы мақсаты Автор туралы түсінік беру. Оқушылардың мәтіндегі түйінді ойды ашуына жағдай жасау. Жаңа біліммен қарулану. Еліміздің рәміздерін құрметтей ,сыйлай білуге үйрете отырып тәрбиелеу. Мәнерлеп түсініп сауатты оқуға баулу. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мәтіннің тәрбиелік мәнін ашу. 
Іс-әрекет 1. АКТ-ны пайдалану арқылы пайдалану арқылы жаңа түсініктер алу. 
2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындату. 
3. Оқушыларды тереңдете ойлауға тапсырмалар беру арқылы таланттылықты анықтау . 
4.Тапсырмаларды постер арқылы қорғау 
5.Бағалау. 
Сабаққа қажетті көрнекіліклер Оқулық,слайд,тапсырма қағаздары , Ақ қағазы ,оқушыларды бағалау критерийлері ,бағалау бетшесі . 
Оқыту нәтижелері 1.Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның авторлары бар екенін біледі. 
2 Мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз пікірлерін қоса айтып отырады. 
3 Бір- біріне кеңес береді, пікірлерін тыңдайды.Белсенділігін арттырады. 
4 Өз бетімен жұмыс. Рәміздер туралы жаттаған тақпақтарын ортаға салып айтады. 
Дәптермен жұмыс. 
Тапсырмалар 1топқа тапсырма: Тудың белгілерін ата Сыни тұрғыдан ойлау модулінің миға шабуыл
Постермен қорғау 2 топқа тапсырма; Елтаңбаның белгілерін ата сипатта бер Постермен қорғау 
3топқа тапсырма: 
Тудың түсі көгілдір болу себебін айтып бер. Туды басқаша қалай атайды? 
5 топқа; « Еліміздің рәміздері» 
атты тақырыпқа эссе жазу 
4. топқа тапсырма: « Балық қаңқасы» әдісі 
Үйге тапсырма Мәтінді мазмұндау, әнұранды жаттау. 
Кейінгі тапсырма Рефлекция «Аяқталмаған сөйлем»Бүгінгі сабақта мен…білдім. Бүгінгі сабақта маған….ұнады..Ой толғау. 
Бағалау Формативті бағалау . ( топтық , өзін-өзі бағалау. ) 
Сабақтың этаптары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті 
Ұйымдастыру 
Сыныппен байланыс орнату 
/1-мин./ 
Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту 
/2- мин/ 
Топқа бөлу 
/2-мин/ 
Сыныптың білім деңгейін анықтау 
/1-мин/ 
Сабақ тақырыбын ашу 
/2-мин/ -Балалар, сабақты жақсы өткізу үшін өзіміздің көңіл-күйімізді көтеріп отырайық. 
-Бір-бірімізге өарап қолымызды алып, жылы лебіздерімізді айтайық. 
Өткен тақырыпқа шолу 
«Астана бас қала» атты мәтінде не туралы айтылған? 
-Мәтіндегі жер- су аттары қалай жазылған? 
Оқушылар менің қолымдағы жүрекшенің түстеріне қарай топқа бөлінеді. 
-Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата? 
Сонымен, балалар біз бүгін «Еліміздің мемлекеттік рәміздері» атты тақырыппен танысамыз. 
Шаттық шеңберде тұрады. 
Оқушылардың болжамды жауаптары: 
-Мәтінде Астанамыз бас қала туралы айтылған. 
-Жер-су аттары бас әріппен жазылған. 
Оқушылар топқа бөлінеді. 
Оқушылардың болжамды жауаптары: 
Еліміздің мемлекеттік рәміздері; Ту, Елтаңба,Әнұран. 
Тұсаукесер 
Қызығушылығын ояту /2-мин/ 
Логикалық ойлауға жетелеу 
/5-мин/ 
Түсіндірме жалпылама сұрақтар: 
/5-мин/ Тудың авторымен танысу 
Шәкен Ниязбеков 
Елтаңбаның авторы : 
Жандарбек Мәлібеков, 
Шота- Аман Уәлиханов. 
Әнұранның сөзін жазған: 
Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. 
Әнін жазған: 
Шәмші Қалдаяқов 
 
Өлеңнен елге байланысты тіркес сөздерді жазу 

Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері Ту туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Ой — өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау — жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Ана тілін құрметте,
Ар — ұятты кірлетпе.
Жақсыларға жақ болып,
Жамандықты үлгі етпе.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
— Үйге қандай тапсырма берілді?
«Менің сүйікті қалам» тақырыбына шығарма жазу.
Шығарманы оқу, талдау, сұрақтармен қорытындылау.
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
— Бұл аталғандар рәміздердің қасысында кездеседі?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 — топ: Қыран
2 — топ: Алтын күн
3 — топ: Көк аспан
ІҮ. Жаңа сабақ:

— Мемлекеттік Тудың авторы кім?

 1 оқушы:   Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының авторы      

Жалғас:                                         Аружан:      

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                         Түсіндей боп көгімнің

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел! Ел нышандары

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың мақсаты: Рәміздер туралы білімдері пысықталады.

Міндеттері: 1. Рәміздер туралы білімдері толықтырылады.

2.Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту.

3.Рәміздерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Рәміздер туралы оқушылар білімдерін көрсете біледі.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, мозайка, бас бармақ.

Көрнекілігі: Рәміздер, 25 жылдың эмблемасы,стикерлер.

Сабақтың барысы:

I.Психологиялық ахуал.

Балалар дөңгеленіп тұрады. Қолдан жасалған шаңырақтың уықтарын ұстап, әр бала аты – жөнін айтып, жақсы тілектер тілейді. Мысалы: Еліміз тыныш болсын, бақытты болайық, аспанымыз ашық болсын, береке болсын, бірлік болсын т. б.

II. Топқа бөлу: 1,2,3,4 сандарына байланысты оқушылар топқа бөлінеді.

Әр топ топтың атын дайындайды.

III. Ой – қозғау. Мозайка әдісі.

Әр топқа қима қағаздар таратылады.. Әр топ құрастырып не шыққанын айтады.

  • Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

  • Рәміздер ол ненің белгісі?

  • Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

  • Тәуелсіздікке биыл неше жыл толмақ?

— Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Мемлекеттік рәміздер» деп аталады.

Рәміздер туралы білімдерің бар деп ойлаймын. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.

Мына жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар:

  1. «Сұрақ — жауап»

  2. «Мақалды жалғастыр»

  3. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді…

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Ендеше, бірінші айналым «Сұрақ — жауап» . Берілген сұрақтарға жауап беру. (әр сұрақты стикер арқылы бағалау)

1-топ: 1.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)

2.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

2-топ: 1. ҚР туында не бейнеленген?(шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)

2. Гимннің авторлары кімдер?(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

3-топ:1.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

2.ҚР мемлекеттік туының авторы?(Шәкен Ниязбеков)

4-топ: 1.Гимннің әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов)

2.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов)

(стикермен бағалау)

— Өте жақсы. Енді осы рәміздер туралы кім тақпақ біледі.

IV. Оқушылар тақпақтарын айтады.

Сұлу: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Ерлан: Ту

Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

Бердияр:Елтаңба

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан – Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр таңда

Мемлекеттік Елтаңба.

М.Амина: Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай.

Еліміздің әнұраны,

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың ,

Жан серігі халқымыздың.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

V.Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады.

Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса сайсымыздың 2-ші кезеңі «Мақалды жалғастыр» деп аталады

— Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

1-топ: 1.Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)

2.Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

2-топ: 1.Отанды сүю- (отбасынан басталады)

2.Отаноттан да (ыстық)

3-топ: 1.Отансызадам- ( ормансызбұлбұл)

2.Отанүшінкүрес( Ергетигенүлес)

4-топ: 1.Ел іші- (алтын бесік)

2.Тіл-тәуелсіздік (тірегі)

(стикермен бағалау)

— Балалар, ал өзерің отан, туған жер туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

-Жақсы, рахмет!

VI.- Міне,балалар сайысымыздың соңғы кезеңіне да келіп жеттік. Үшінші кезең «Шығармашылық жұмыс» деп аталады.

1-топ: 25 жылдыққа эмблема шығару.

2-топ: 2050 жылы Қазақстан қандай болады?

3-топ: Егер, мен Президент болсам…

  • Әр топ жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. Бағалау.

VII. Рефлексия. Бас бармақ әдісі арқылы.

VIII.Марапаттау

IX.Қорытынды:

-Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Түрі: Сынып сағаты

Көрнекілігі:Рәміздерге байланысты түрлі-түстісуреттер,буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.

Барысы:Кіріспе

Мұғалім:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жерімі, егемен еліміз.

— Табиғатымыз, қазба балықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1.Отан оттан да ыстық 2. Отан отбасынан басталады3. Отан үшін отқа түс, күймейсің

«Отан» жайлы тақпақтар білеміз бе?

Нұрдәулет: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

 АйданаОтаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде

  Ернар:Отан, отан бәрінен биік екен

Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем

Жарайсыңдар балапандар! Отан жайлы көпбіледі екенсіңдер.

Мұғалім:Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

1-Бөлім:Тұңғыш Президент.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Мемлекеттік нышандарымыз: Ту, Елтаңба, Әнұранның авторларымен таныс боламыз.

.2-бөлім:Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен  Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

3-бөлім:Тұғырлы туымыз.

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры  ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

 Ән:Көк тудың желбірегені

4- бөлім:Асқақтаған Әнұран.

Мұғалім:Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Әнұран

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы,

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты,

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

Ойындар мен тапсырмалар

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз


  • Тәрбие сағаты
  • nyrgyl
  • 03.06.2017
  • 0
  • 12
  • 139393

Жамбыл облысы,Талас ауданы, Майтөбе ауылы
А.Дәулетбеков атындағы орта мектеп
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Тилепбергенова Нургуль Сатимбековна

Сынып: 7 «а»

  Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
  Сабақтың мақсаты

І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Қорытынды.

Кіріспе бөлім:

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.

– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан — елдің анасы,  (Ел — ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
9. Ел іші — (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)
Отан – жерім, Отан — суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан — ұран, Отан — туым
Отан мәңгі гүлденеді — демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.
2-бөлім: Туымен — Тұғырлы, Елтаңбасымен — Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.   
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі.

Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті.

Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

Мұғалім:
— Міне, балалар, өздерің айтқандай, мемлекеттік туымыз бүгінде БҰҰ-ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік ту ерекше орын алады.

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні
Біздің тудың бояуы                      Егеменді елімнің
Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы
Биікке іліп қояды.                        Түсіндей боп көгімнің

Ән:Көк тудың желбірегені

 «Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы: 

Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Алтын дән» тобының мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады)
Біздің  Елтаңба — әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елтаңбаның авторлары — Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Елтаңба
                       Өр қанатты сұңқардың
                       Қанатымен шырқар кім?
                       Қазақстан – Отаным,
                       Әлем білген атағын.
                       Жарқыраған әр таңда
                       Мемлекеттік Елтаңба.
Қатар шапқан  қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған  жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
              Неткен көркем, әдемі.
              Тұнығындай көңілдің
              Ортада аспан әлемі.

Ән: Елтаңбасы елімнің

«Қыран» тобы асқақтаған Әнұран.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

3- бөлім: :

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран
Ел                                           Бай                                  Ән
Таңба                                      ай                                     Ұра
Таң                                          қар                                   Ұн
Аң                                           ар                                     нан

4-бөлім. «Кім зерек?» тапсырмасы.

Мұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ……….. (Елтаңба)
2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ……….. (Ту)
3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ……….. (Әнұран)
4. ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?
Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай — ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі
5. Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
6. Біздің ауылымызда ше?

5-бөлім. Білімдінің көзі ашық.

 – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
 – Еліміздің бас қаласы
 – ҚР президенті
 – ҚР туының авторы
 – ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.
 – Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.
 – Еліміздің көрікті жерлері
 – Отан туралы өлең
 – Отан туралы мақал-мәтел
 —  ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?    9 бап.
—  Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта?   34 бап
Мұғалім.
— Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:
— Құрметтеуге:
— Мақтанышпен қорғауға:
— Тұмардай сақтауға:
— Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.


Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз — сайыс (Сыныптан тыс жұмыс)

СҚО
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан
Еркін Әуелбеков атындағы Жаңасу БМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Назарова А.Б.

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Мақсаты:
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін кеңейту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді,танымдық ой — өрісін, қызығушылығын дамыту. Оқушының есте сақтауын, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н.Ә.Назарбаев.

Өтілу барысы:
-Құрметті ұстаздар ,оқушылар !
-Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс.

Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекеті міздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.
Бізде бүгінгі сайысымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? «Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады.Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде,ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не? -Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз Қазақстан Республикасы.
Отан – жерім, Отан — суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан — ұран, Отан — туым
Отан мәңгі гүлденеді

-Жақсы балалар, ендеше, бастаймыз.
-Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.

1 — айналым. «Сіз білесіз бе?»
2 — айналым. «Мақал-мәтелдер айтып көрейік»
3 — айналым. «Сиқырлы әріптер».
4 — айналым. «Кім зерек?»
5 — айналым. « Білімдінің көзі ашық» 6 — айналым. «Сырлы суреттер»

-Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1 — айналым. «Сіз білесіз бе?».
-Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.(Ту, Елтаңба,Гимн)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.(Көк, сары)
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.(Екі рет)
4.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі (Жұлдыз)
5.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл (1992 жыл)
6. Мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым)
7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс (Қыран бүркіт)
8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар (Қанатты пырақ)
9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары?
— Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
10.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
-«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

11.Тудың авторы ? -Суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
Ән:Көк тудың желбірегені (видио материал)

12. Елтаңбаның авторлары ? -Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Елтаңба
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

2 — айналым. «Мақал-мәтелдер айтып көрейік».

«Отан» жайлы :
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан — елдің анасы, (Ел — ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл)
8. Ел іші — (алтын бесік)

3 — айналым. «Сиқырлы сөздер».
Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұр
Таң қар Ұн
Аң ар нан

4 — айналым. «Кім зерек?» -Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, құжаттарда бейнеленген (Елтаңба)
2. Президент, Үкімет үйінде ілулі тұрады, барлық мекемелерде бар (Ту)
3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанаттарда (Әнұран)

5 — айналым. « Білімдінің көзі ашық»

-ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
-Еліміздің бас қаласы
-ҚР президенті

6 — айналым. «Сырлы суреттер»
Тудың суретін салу керек.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан:
Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Бірге:
-Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.

Сайыс жеңімпаздарын марапаттау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Ремпубликасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту .

01.10.2012ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Саламасыздар ма балалар. Кәнекей бәріміз шаттық шенберге тұрамыз.

Сәлем саған ЖЕр-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.

Бәрі бірге қайталап амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Қазақстан Рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

-Қазақстан Респібликасының Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан.

Шаңырақ пен уықтар республикамыздың тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық

2.Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Балалар түсініктерін қайталайды.

Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.

Бірігіп сергіту сәтін жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру .

Қандай түсініктерді меңгерді: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну .

Менгерген дағдылары мен іскерліктері :Рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: «Менің доптарым»

Мақсаты:Сурет салу дағдыларын қалыптастыру , дөңгелек затты-доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдар, байқампаздығын дамыту. Талапкерлікке баулу.

Сөздік жұмыс: доп, қылқалам .

01.10.2012ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көтерсін.

Кешегіндей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға доп туралы жұмбақ жасыру.

Дөп-дөнгелек ала доп,

Қызыл-жасыл және көк.

Ала шықтым аулаға,

Ойнайтұғын бала көп.

(Доп)

Осы жұмбақтан кейін олардан доппен қандай ойын ойнауға болатынын сұрау.

Енді балалар кәзір біз осы доптын суретін саламыз. Алдарыңдағы сурет салатын дәптерге әрқайсың өз доптарыңды саласыңдар.

Сергіту сәті

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көленкесін тосады.

Көк қарағай,қарағай, мейірбанды анадай.

Кішкене демалдық енді әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз. Балалар доптың түсі өз ойларыңан әртүрлі қылып бояуға болады. Доптын көлемі, түсі әртүрлі болады балалар.

Балалар жұмбақтың шешімін табады.

Балалар қойылған сұраққа жауап береді.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалардың жұмысын бірге талқылап, сабақты қорытындылау.

Салған суреттерін тәрбиешіге көрсетеді.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Әртүрлі доп тардың суретін салуды білді.

Қандай түсініктерді меңгерді: Сурет бойынша жұмыс жасауды меңгерді.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Қылқарам арқылы доптың контурын жасауды және оны бояуды дағдыланды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: «Дыбыс жіне әріппен танысайық. Жоғарғы және төменгі жаңында имектері бар ұзын және қысқа таяқшаларды салу.»

Мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сөздік жұмыс: сюжеттік суреттер, әріптер .

02.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Шаңырағымыз биік болсын!

Балалар шаттық шенберді бірге жасап бір-біріне жақсы көңіл тілейді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар төрт түлікке қандай жан-жануарлар жатады?

Олардың төлдерін қалай атаймыз?

Балалардың жауаптарын тындап болғасын оларға «Ала бұзау» әңгімесін оқып беру.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Балалар дыбысты біз естиміз, ал әріпті көріп және жазамыз. Мысалы: қарбыз деген сөзді сендер көріп тұрсыңдар ма әлде естіп тұрсыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар сендер ол сөзді естіп тұрсындар. Ертен сол сөздегі әріптермен танысқанда және жазғанда оны көретін боласыңдар. Сонымен бірге әр дыбыстың өз таңбасы болады.

Дәптермен жұмыс.

Балалар кәзір біз жоғары және төменгі жанында имектері бар ұзын және қысқа таяқшаларды саламыз.

Балалар қойылған сұраққа жауап береді

Әңгімені зейін қойып тындайды.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Балалар қойылған сұраққа жауап береді.

Дәптерде берілген тапсырмаларын орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Өтілген дыбыстарды қайталау, балалардың жауаптарын ескере отырып мадақтау.

Тәрбиешінің берген тапсырмасын орындайды.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Дыбыс пен әріпті ажырата білу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Дыбысты еститінін, ал әріпті көретінін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дәптермен жұмыс жасау дағдыларын меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: «Мен шыншыл баламын»

Мақсаты: Шыншылдық ұғымының құндылқ ретіндегі мәнін ашу.

Сөздік жұмыс: шыншыл, батыл, әділдік .

02.10.2012.ж

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар мен сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Кәне бәріміз шаттық шенберін жасайық.

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы ақ ниет,

Адамдыққа сенемін.

Балалар шаттық шенберін жаайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар бүгін біз «шыншылдық» қасиетімен танысамыз . Сендер «шыншылдық» сөзін қалай түсінесіңдер?

Олай болса мен сендерге «Төгілген қаймақ» деген әңгімені оқып берейн сосын осы әңгімені бәріміз бірігіп отыры талдаймыз.

Балалар, Мереке мен Дүйсен шындықты айта алды ма?

Мереке анасына өтірік айтқаннан кейін қандай сезімде болды?

Мереке мен Дүйсен енді өтірік айтады деп ойлайсыңдар ма?

Балалар өтірік айтуға болмайды, себебі өтірік ұзаққа бармайды.

Сергіту сәті:

Атамнан алып күрегін,

Аланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозанды қуамын.

Енді балалар біз сурет бойынша әңгіме құрастырайық.

Балаларға суреттен қандай бейнелерді көріп тұрғанын сұрау және сөйлем құрату.

Шыншылдық ол адалдыққа, әділетікті білдіреді. Балалардың жауабы.

Балалар әңгімені зейін қойып тындайды.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірігіп балалар сергіту сәтін жасайды.

Сурет бойынша жұмыс

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау және балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Өтірік пен шындық жайлы білдік .

Қандай түсініктерді меңгерді: Өтіріктің жаман қасиет екенін меңгердік .

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсініп меңгердік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын»

Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, тәртіпті болуға, әділеттілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жабайы .

03.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шенберіне тұрайық.Бір-біріне алма беру арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!

Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!

Бірігіп шаттық ненберін жасайды

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар қандай балаланы тәртіпті дейді?

Тәртіпті, жақсы балала болу үшін не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар балалар әрқашан тәртіпті, жақсы балала болсаңдар сендерден жақсы азамат шығады.

Ал тентек бала қандай болады?

Сергіту сәті.

Бас,иық,тізе,саусақ.

Бас,иық,тізе,саусақ.

Саусақ,саусақ,саусақ

Көз,мұрын,көз,мұрын,

Құлақ,ерін,құлақ,ерін

(Жылдамдатып тез-тез қайталау)

Балалар суреттегі ұл балала мен қыз баланың игі істері туралы әңгімелеп беріңдер.

Балалар мен сендерге кәзір «Үш ұл» әңгімесін оқып берейін сосын сендер сұрақтарға жауап беріңдер.

Сосынымен тәртіпті бала қандай болады?

Сқраққа жауап береді балалар.

Қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін жасау.

Сурет бойынша жұмыс.

Әңгімені зейін қойып тындайды

Рефлексивті-түзетушілік

Өткен жаңа сабақты қорытындылау және мадақтау.

Балалар тәртіпті балатындықтарын айтады

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Тәртіпті бала болу керектігін білу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Сүйіспеншілік, қамқор көрсету түсініктерін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұлдар- мықты, батыл, қыздар-нәзік, сыпайы тәртіпті болу дағдыларын меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Математика

Тақырыбы: «Алдында, артында, жанында»

Мақсаты: Балаларды кеңістік ұғымымен таныстыру,заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету.Балалардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру,танымдық қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: алды, арты, жаны .

04.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар мен сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Кәне бәріміз шаттық шенберін жасайық.

Кел балалар күлейік,

Күлкімен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді болып жүрейік.

Балалар бірігіп жасайды

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға алдында, артында, жанында туралы түсіндіру.

Суреттер арқылы қойылған сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске-бесті косқанда

Болып шықты он саусақ.

Дәптермен жұмыс.

1.Тор көзді салып бояу.

2. Дөңгелектер салу.

3. Берілген геометриялық фигураларды салу.

Сурет арқылы балалармен жұмыс жүргізу.

Балалар зейін қойып тындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар бірігіп сергіту сәтін жасайды.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.

Балалар тәрбиешінің берген тапсырмасын орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Жаңа сабақты қорытындылау және мадақтау.

Тапсырмаларды орындайды

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Заттардың кеңістікте өзара орналасуы мен орнын ажыратуды .

Қандай түсініктерді меңгерді: Тор көзбен нақты танысты .

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұқыпты жұмыс жасауды үйренеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: Қағазға гуашьпен өң беру тәсілін үйрету, балаларды ұжыммен бірігіп, композиция құрастыра білуге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс: гуашь, қылшықты қылқалам, желім,қайшы. .

04.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне дөңгеленіп тұрып, бір-біріне лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

Бірігіп шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Күз және күзгі жапырақтар туралы өлеңдер оқу.

КҮЗ

Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлекті.

Күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көрністері жайында суреттер көрсете отырып, балалармен әңгімелесу.

Ары қарай бүгінгі сабақта жапсыру үшін берілген қағазға жасайтындықтарын айту. Жапсыру үшін қажетті өң беру, яғни қағаз бетін бояуды балалар өз беттерінше орындауларыңа болады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел ееді.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Балаларға жұмыстың жасалу жолдарын көрсету. Өң берудің бірнеше түрлері бар. Дайындамалар кепкенен кейі оны төрт бөлікке өлеміз. Сосын оған кептірілген жапырақтарды жапсырамыз.

Балалар өлеңнің мағынасын зейін қойып тындайды.

Балалар жаңа тақырыпты тындайды және жауап беріп отырады.

Бірігіп сергіту сәтін жаайды.

Балалардың өз бетінше жұмыс жүргізеді.

Рефлексивті-түзетушілік

Жаңа үйренген тәсілді қалай меңгергендеріне талдау жасау, қорытындылау.

Тәрбиешімен бірігіп отырып тапсырмаларды орындайды.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Қағазға өң беруді білді.

Қандай түсініктерді меңгерді: Бүрку, дымқылдау тәсілдерін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз бетінше жұмыс жасау даңдыларын меңгерді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімдері: Валеология

Тақырыбы: «Неліктен тіс тазалап, қол жуу керек?»

Мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптатыру.

Сөздік жұмыс: сабын, тіс, тіс жуу пастасы .

04.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап бір-біріне күлімсірей қарап, жылы лебіздерін білдіреді.

Топ болып жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Сабақты жұмбақ арқылы бастайық.

Ертемен күнде сен, қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір ласың, тап-таза боласың. Бұл не?

(сабын)

Шомылған баланы, аймалап алады.

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды.

(сүлгі)

Тазалық деген не?

Не таза болу керек?

Сергіту сәті:

Ал, балалар, трмайық, алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп, бір отырып, бір тұрып, сәл тынығып алайық.

Сонымен балалар сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Қолды күнделікті және күніне бірнеше рет жуу қажет. Сабын мен су нағыз дос бізге. Үлкен адамдарда 32 тіс екені және осы тістердің көмегімен тамақ шайналатыны жқнінде түсінік беру.

Балалар бірігіп жасайды

Жұмақтың жауабын топ болып орындайды

Сергіту сәтін жасайды

Тәиешінің айтқанын зейнін қойып тындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұратар қою арқылы откен жаңа сабақты қорытындылау және мадақтау

Қойылған сұрақтарға жауап береді

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Берілген тапсырманы нәтижелі орындау үшін зерек, ытал болу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Тазалық сақтасаң-денің сау болып, аурмайтын түініктерді меңгерді .

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тазалық болған жерде денсаулық болады. Таза жүруге әдеттену дағдыларын меңгерді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Торсық. Қымыз құятын ыдыс»

Мақсаты: Кесек ермексаздан қымыз құятын торсықты мүсіндеу әдіс тәсілдерді меңгеру.Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап ұйкелеу жолдарын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: ермексаз, торсық .

05.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Балалар бірігіп жасайды

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға торсықтфң бірнеше түрлерін көрсету арқылы жаңа сабақты бастаймыз. Бұл ұлттық ыдыстардың бір түрі. Ұзақ жолға шыққан жолаушы торсыққа қымыз немесе сусын толтырып алып шығады.

Сергіту сәті:

Топ-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Балалар енді әріқарай алдарыңдағы ермексазбен әркім өз бетінше жұмыс жүргізеді.

Балалар жұмыстарын аяқтай бастағанда оны ою-өрнектермен безендіреді.

Олар құс қанаты, бұғы мүйізі тағы басқалары.

Суреттер арқылы сұрақтар қою.

Жаңа сабақты зейін қойып тындайды

Бірігіп сергіту сәтін жасайды.

Топтық және өз бетінше жұмыстар жүргізеді

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Рефлексивті-түзетушілік

Дайын жұмыстарды талдау арқылы қорытындылау және мадақтау

Жмыстарын тәрбиешіге әкеліп көрсетеді.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Торсықты не үшін пайдаланатын білу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Торсықтың жасалу жолдарын меңгерді.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Біздің үй, ұй жиһаздары және ыдыстар»

Мақсаты: Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: үй, жиhаз, жатын жай .

05.10.2012.ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер құру.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті ақыл ойларың

Өсті,міне,бойларың.

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

.

Балалар топ болып шатты шеңбер жасайды

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Балаларға бірнеше суреттер көрсетіп оларға сұрақтар қойып оның жауабын тындау.

Балалар сендер неше қабаты үйде тұрасыңдар?

Үйде қандай бқлме түрлері бар?

Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалған

Суреттер арқылы сабақты жалғастыру.

Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?

Шкафта не тұрады?

Сөздік жұмыс жүргізу:

Коттедж, Жиһаз,

Жатынжай.

Салыстыру жұмысын жүргізу.

Қойылған сұрақтарға толы жауап береді.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Өлең жолдарын қайталап, би қимылдарын жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Топ болып сөздерді қайталау.

Рефлексивті-түзетушілік

Жаңа сабақта жүргізілген жұмыстарды талдай отырып қорытындылау және мадақтау.

Тәрбиешінің берген тапсырмаларын орындайды

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Үй, бөлме түрлерін және олардың айырмашылығын білу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Жиһаз, жатынжай туралы түсініктерді теңгерді .

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суреттер арқылы әңгіме құрастыруды дағдыланды.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мемлекеттік р?міздер ?лт ма?танышы сценарий
  • Музыкальные сценарии переделки
  • Мем что тебе подарить на день рождения
  • Мтс банк праздник часы работы
  • Мем про ноябрьские праздники