Мен елімні? патриотымын сценарий

Классный час на тему:Я патриот своей страны!. Цель воспитательного мероприятия - воспитание чувства партиотизма

М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

БЕКІТЕМІН” Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Ж.Махмудова

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН!

Өткізген: 6б сынып жетекшісі

Абдирова Самал Зайнуллақызы

Сайқын ауылы

2016-2017 оқу жылы

Уақыты: 1 қыркүйек 2016жыл

Сыныбы:

МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН!

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру;

  • оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;

  • оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;

  • оқушылардың Отанына деген патриоттық сезімі мен мақтанышын ояту;

  • көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы;

  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі;

Тәрбие сағатының әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, ассоциация

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біздің Республикамыздың әр мектебінде «Мен өз елімнің патриоты!» атты тәрбие сағаттары өтуде. Сіздер, 6б сыныбының оқушылары, өз еліңіздің жанашыры, патриоты, топ жаратын көшбасшылары болатыныңызға мен толықтай сенемін.

Ал енді оқушылар, барлығымыз бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап «Сәлем, туған Жер, сәлем, Отаным!» деп дауыстайық.

Отан,Отан!!!Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

  • Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады? (Орынбор, Ақмешіт, Верный, Алматы)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)

демократиялы зайырлы

құқықты көпұлтты

әлеуметті біртұтас

Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

  • Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Гимнімен, Туымен, Елтаңбасымен)

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді. (А.Бөкенов)

1оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

2-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

3-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

4-оқушы: Шаңырақ – Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

5-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

6-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

7-оқушы:

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

«Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:

“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

Ермек Өтетілеуұлы.

8-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

9-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жанарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән: “Астана – бас қала”

10-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

(Әнұран айтылады)

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Біз кімбіз?” ой-толғанысы

Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар оқушылармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін болашақ

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

балалармыз.

Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі.Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.

Жүргізуші: Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.

«Кім боламын?»

Оқушылар, мен сендерге кішігірім ұшақтар таратамын, ал сендер сол ұшаққа өз арман-тілектеріңізді, қандай мамандық иесі болғыңыз келетін туралы өз ойларыңды жазыңыз. Жыл соңында осы ұшақтарыңыз өздеріңізге қайта ұшып оралады, сол кезде армандарыңыз өзгергенін немесе өзгеріссіз қалғанын салыстырамыз.

Жүргізуші: Елім менің!

Қазақстан – менің туған анамсың,

Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.

Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,

Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Елім менің атыңды атап ер жеттім,

Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.

Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,

Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.

Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,

Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.

Қазақстан, менің Қазақстаным!

Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!

Хор: “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні”

ҚР Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Қорытынды:

Міне, балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екен. Ата Заңымызбен де елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады.

Өркениет көшіне бетті бұрдық,

Қазақстан, мәңгілік жансын бағың! – деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Мен, елімнің патриотымын!


  • Тәрбие сағаты
  • admin
  • 03.09.2016
  • 1
  • 14
  • 70881

Мақсаты:

1 — Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2 — Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа                                                      

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

— Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан — бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Отандеген не, кім қалай түсінеді?

Отандейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

— Біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

— Қазақстан Республикасының президенті кім?

— Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.

Астана

Астана — Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыңдау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көкеме сол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күнс әулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді

Елтаң басы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы — Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.       

Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын

Әнұран ол — тынысы

Кең жазира даламның.

Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды  шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны-17.2012-жылғы Лондон Олимпиадасының алтын ме­даль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.

Боксшы Әділбек Ни­язымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрес­тен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан спортшылары Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен  барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек.

«Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету.                                                                                

Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек.                                  

«Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Отан —  да ыстық.

Отан -нан басталады. Т.б

Қортынды:  Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Атазаңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.


Сценарий праздничной линейки на 2 сентября

Дата проведения: 2 сентября 2017 года

Время проведения: 10.00 -10.45

Место проведения: школьный двор

Выстраивание линейки

Звучит музыка (песни о школе, о детстве).

Учащиеся выстраиваются в линейку.

Ән

Ф а н ф а р ы

1-жүргізуші:

Мереке зор қуаныш -Білім күні

Сыңғырлар қоңыраудың алғашқы үні.

Қош келдің, құтты болсын қадамдарың

Балдырған , балғын жанар — өмір гүлі.

Армысыздар құрметті оқушылар, ата- аналар, мерекеміздің қонақтары! Біз сіздермен бүгін қайта көріскенімізге қуаныштымыз!

-Ұлан байтақ еліміздің 2017 жылы 2 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Мен — өз елімнің патриотымын» тақырыбында салтанатты жиын өткізіліп отыр.

Осы салтанатты жиынға қош келіпсіздер!

Ф а н ф а р ы

2-жүргізуші:

Двери распахнула наша школа,

Заходите, рады мы ученикам!

Золотая осень вас встречает снова,

И дорогу к знаниям откроет вам.

Здравствуйте дорогие ученики, педагоги, родители и гости нашего праздника! Мы рады приветствовать всех вас на торжественной линейке, посвященной Дню знаний «Я -патриот своей Родины»!

3 жүргізуші

September is here.

September is here. School ‘s begun and we’ll have fun,

September is here.

This will be your very first

Day of school.

It will be fun.

It will be cool.

Good day, dear pupils, school teachers, parents and guests of our celebration! We are glad to greet all of you on the open ceremony dedicated to the day of knowledge. » Мен -өз елімнің патриотымын «! Ф а н ф а р ы

//Представление официальных лиц, гостей/

2-жүргізуші:

Наш школа — это особая страна, суверенное государство, где существуют свои законы и правила, обычаи и традиции. И по традиции в этот светлый праздничный день мы пригласили на нашу торжественную линейку много гостей

1-жүргізуші:

Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:

Аты- жөні: Аудан әкімінің орынбасары Әбілбақов

Айбар Күнтуұлы Ф а н ф а р ы

Аты- жөні: Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің

төрағасы Мұратай Жарас Мұратайұлы Ф а н ф а р ы

Аты- жөні: Аудан әкімдігінің Білім бөлімінің

басшысы Айжанов Мажит Мамытұлы Ф а н ф а р ы

Аты- жөні: Аудандық «Жаңа өмір- Новая жизнь» газетінің бас

редакторы Сатыбалдиев Бекнұр Ф а н ф а р ы

/Выход первоклассников/

1-жүргізуші:

Келді, міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп – ана жылы жүз,

Ашты құшақ-омырау.

2-жүргізуші:

Сегодня мы принимаем в нашу школьную семью новый отряд первоклассников.

В первый день сентября, всем нам радость даря,

Каждый год повторяется это!

Каждый, кто собрался, солнышком согрет,

Только почему-то первоклашек нет..

Нарядные! Парадные!

Такие ненаглядные!

Причёсанные с бантиками

Девочки идут!

И мальчики отличные!

Такие симпатичные,

Такие аккуратные,

В руках цветы несут!

Все бывшие проказники –

Сегодня первоклассники.

Сегодня все хорошие,

Таких в гимназии ждут!

1-жүргізуші:

— Ия, 1 сынып оқушылары ортаға шақыруларын тағатсыздана күтуде. Өйткені бүгінгі мерекедегі ең басты қонағымыз, бүгін олар үшін өмірдегі ең алғашқы мектептік қоңырау соғылады. 1 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

3-жүргізуші:

— Yes, the first -grade students are looking forward to the invitation to go to the ceremony. Because today the main guests of our ceremony of the first ring. Let’s invite students of first grade!!!!

2-жүргізуші: Встречайте! Ф а н ф а р ы

1-жүргізуші: 1 А сыныбы. Сынып жетекшісі –

1-жүргізуші: 1 Ә сыныбы. Сынып жетекшісі —

1-жүргізуші: 1 Б сыныбы. Сынып жетекшісі –

2-жүргізуші 1 В класс. Классный руководитель –

2-жүргізуші 1 Г класс. Классный руководитель –

2-жүргізуші 1Д класс. Классный руководитель-

2-жүргізуші:

Почетное право стоять у Флага Республики Казахстан предоставляется лучшим ученикам школы: Дәртай Ажар и

1-жүргізуші:

Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Ф а н ф а р ы

2-жүргізуші:

Торжественная линейка, посвященная началу учебного года и Первому звонку , объявляется открытой!

3-жүргізуші:

The open ceremony initiated to the beginning of the school year and the first ring is declared of opening

Ф а н ф а р ы

ГИМН РК

Воен.рук.:

Мектеп! Тіктел! Назар мектеп туына! Мектеп туы енгізілсін!

Внос знамени

/БОЙ БАРАБАН/

Воен.рук.:

Мектеп бостан!

2- жүргізуші:

Абзал жан биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды,

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршанызды,- дей келе, құттықтау

сөз мектеп – гимназия директоры Абишева Эльмира Абиловнаға беріледі.

Фанфары

Слово директора школы

1- жүргізуші:

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

2жүргізуші :

2017 год знаменателен юбилейными датами и событиями:

3 leading:

2016 is significant anniversaries and events :

1 жүр:

2017-2018 оқу жылында мемлекетіміз бен халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бірқатар мерейтойлар мен атаулы күндер бар.

Атап айтқанда, биыл:

1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);

2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

3 The government of the Alash Orda celebrates its 100 th anniversary (1917-2017);

4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы;

6) The first unofficial Kazakh constitution celebrates its 150 years.

7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

9) The International profession Expo 2017 «The Future Energy» is spending now.

1-жүргізуші:

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

Сөз кезегі қадірменді қонақтарда

Құттықтау сөз кезегі _________________________________________________________ беріледі.

Ф а н ф а р ы

1 оқушы

В этом году 12 апреля 2017года было опубликована Статья Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»Статья состоится из двух разделов из шести пунктов и заключение

 2оқушы

Осы мақаланың «Білімнің салтанат құруы» тарауында . « Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — біздің қанымызда бар қасиет. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Еліміздің табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

1оқушы

Тәуелсіз Қазақ елінің рухани жаңғыруы бүгінгі күннен басталған жұмыс емес. Ел егемендігінің осы жылдары ішінде түрлі бағыттағы көптеген бірнеше ауқымды істер атқарылды. Солардың қатарында 2004 жылы қабылданған Ұлттық-Стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар қайта жаңғыртудан өткізілді.Сол бағдарламадан кейінгі тағы бір белесті, Елбасының 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан көрініс тапты.

2-жүргізуші:

Кто основы вам заложит? 
Как детей своих любить Вас будет ? 
Не стесняйтесь, говорите, 
Это… первый наш учитель!

Құттықтау сөз 1 сынып жетекшісі – Шалхожаева Мереке Шымбергенкызына беріледі.

Ф а н ф а р ы

2 Ведущий

Дорогие первоклассники!
Сегодня все слова для вас – 
Ведь в первый класс вы – в первый раз!
Для вас готов просторный класс, 
А как поздравите вы нас?

/1 сынып оқушыларының кұттықтау такпактары/

1 оқушы

Мектеп- қамқор анамыз,
Оқу,білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.

Ученик 2:

Здравствуй, школа! Школа, здравствуй!
Наконец мы подросли,
Уверяем не напрасно
К вам учиться мы пришли.

3 оқушы

Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын,
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер,қаламым.

Ученик 4:

В школе учатся всему:
Счёту, грамоте, письму,
Мы узнаем здесь немало,
Школа – это лишь начало!

5 оқушы

Мектеп- қамқор анамыз,
Оқу,білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз

Барлықтары бірігіп

Мектеп- кеме ,білім –теңіз,
Барар жолға тез жетеміз,
Адаспайтын ұлы жолда ,
Ұстаз берген білім қолда

1 Ведущий:

 Осыдан он бір жыл бұрын біздің алтын ұя мектебізге басқа да бірінші  сынып оқушылары келген-еді

2 Ведущий:

Первое сентябрьское утро-это начало большого школьного пути для первоклассников, новая ступенька для пятиклассников и десятиклассников и старт последнему учебному году для одинадцатиклассников. Последний раз 11 класс присутствует на празднике первого школьного звонка.

1 Ведущий:  Ответное слово для вас, первоклассники, приготовили будущие  выпускники школы, наши одиннадцатиклассники.                        

(Выступление 11 класса)

11-классник

Құрметті 1 сынып окушылары біз сіздерге мектептің алтын білім кілтін салтанатты түрде тапсырамыз

2 ведущий: Мектептін Білім кілтін салтанатты түрде алуга 1 сынып оқушылары сахна төріне шақырамыз.

Қарсы алыныздар!!!!!

_________________________________________________________________________________________________________________________________

11 класс: Құрметті 1 сынып окушылары !

Бүгін сіздер білім саяхатына аттанғалы тұрсындар.                                            

Мы вам волшебный ключ даём,

Он  двери знаний открывает,

Он знаний первую зарю

На вашем небе зажигает.

(под музыку_передаётся Ключ Знаний) 

2-жүргізуші:

Вот и все, наступила пора,

Ждет вас в школу дорога с утра

Вас теперь будет звать на урок –

Вечно юный и звонкий – школьный звонок!

1-жүргізуші:

Соғылсын қоңырау, соғылсын.

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға қосылсын.

Алғашқы қоңырау соғу құқы 11сынып оқушысы Нарбек Дияс және 1сынып оқушысы ________________________ беріледі.

Звонок

1-жүргізуші:

Дәстүріміз бойынша салтанатты жиынымызды мектеп ән ұранымен аяқтаймыз.

Гимн школы

Воен.рук.:

Мектеп! Тіктел! Назар мектеп туына! Мектеп туы әкетілсін!

Вынос знамени

1-жүргізуші:

Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

Торжественная линейка, посвященная началу учебного года и Первому звонку«Мен — өз елімнің патриотымын» обьявляется закрытой!

Гимн РК

1-жүргізуші:

Мектеп оқушыларын» Мен — өз елімнің патриотымын атты сынып сағатына шақырамыз.

.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!

Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:

Отанға деген сүйіспеншілік;

Отанға деген адал сезім;

Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!

« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».

Мақсаты:

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын

білуге тәрбиелеу.

2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ойпікірін

білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің,

дос –жарандарың, туған туысқаның. Отанбұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін

жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай

қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның

патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Сабақтың кезеңі:

І. Таныстыру

ІІ. “Білімдіге дүние жарық” викториналық сұрақтар.

ІІІ. “Тіл өнері”

IV. “Сөз тапқанға…….”

V.“Гүлденген Қазақстан қандай мемлекет”тапсырма.

VI. “Егер мен президент болсам,…..” тақырыбына эссе жазу.

VII.Қорытындылау.

ІІ.Білімдіге дүние жарық”

Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.

І топ

1.ҚР тәуелсіздікті қашан алды. 1991ж. 16желтоқсан

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т.Әубәкіров

3.Шоқанның әжесі ? Айғаным

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? Құрмаш

5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

қазықарта, жалжая,бесбармақ, қымыз, шұбат.

6. Үстеудің неше түрі бар? 7

7. Қағаз хрестоматиясын жазған кім? (Ы.Алтынсарин)

8. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

ІІ топ

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж)

2. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан)

3.Ұлттық киімдер қалай аталады?

( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)

4.Қазақ халқының салтдәстүрлерін ата?

( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.

5. Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)

6.Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)

7. Ақылды сөзінің түбірі ( ақыл)

8. Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)

ІІІ. “Тіл өнері” мақал мәтелдің жалғасын табу

Атаға қарап – ұл өсер,анаға қарап – қыз өсер.

Ананың көғілі балада, баланың көңілі далада.

Атаананың қадірінБалалы болғанда білесің.

Атаның баласы болма, халықтың баласы бол.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер.

Ананың сүті –бал,баланың тілі бал.

Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы.

Анаңа ауыр сөз айтпа, артыңа ауыр жүк артпа.

Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.

Әке асқар тау, ана –шалқар көл.

IV. “Сөз тапқанға…….”

І топ

Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.

1.Балдан тәтті не? (Бала)

2.Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3.Балаға кім сыншы ? (ата)

4.Әкеден балаға берілетін зат? (мұра)

5. Үйдегі алтын адам кім ? (Ана)

6.Бес дұшпанды атаңдар ? (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек)

7. “Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес” кімнің нақыл сөзі?

(Қорқыт ата )

8.ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?

(2002ж. 8-тамыз)

9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке

тартылады? 14 жас

ІI топ

Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

18жасқа толмаған адам ( бала)

«Өзінөзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

Екі адамның бірбіріне деген адалдығы ( достық)

Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)

Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)

V.“Гүлденген Қазақстан қандай мемлекет”тапсырма.

“Егер мен президент болсам, … ”

эссе жазу (57минут)

Қортынды: Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни,

нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері

өздеріңе аманат. Сондайақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік

белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды

бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің

еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.

Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Ән «Көк тудың желбірегені».

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен елімнің патриотымын

Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

. «Ақ тілек. Әсем күлкі»

— Көңіл-күйлеріңіз қалай?

— Керемет! (Қолдарын көтереді)

— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

— Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

— Ынтаңыз ше?

— Ғажап! (қолдарын көтереді)

— Ендеше бастайық.

— О-О-О! (бас бармақтарын көтереді)

Танысу сәті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
— Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
— Қазақстан
— Қазақстан жері қандай?
— Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр

— Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой — пікірлерін тыңдау)
— Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Отан — сенің ата — анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.

Отан — жерім, Отан — суым,
Отан — қуат, нәр береді.
Отан — ұран, Отан — туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана, Отан — пана,
Қазақстан — туған ел.

Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата — анамды,
Мені өсірген елімді..
Мұғалім:
— Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
— Ақтөбе
Туған жеріміз Ақтөбе біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал — мәтелдер біледі екенбіз?

Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер — Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы — менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз — тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Благодар орта мектебі

Мен елімнің патриотымын!

Класс жетекші: Мурынова А.О.

класс

Ақтөбе қаласы

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/270256-men-elimni-patriotymyn

Сыныбы: 8 «З», Сынып жетекші: Усентаева Б.А. №178 лицей, Алматы қаласы

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»

Мақсаты:

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд, бейнетаспа

Барысы:

1. Ұйымдастыру.
Тәрбие сағатын еліміздің әнұранымен бастайық.

Әнұран

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз жөн болар. 

Әр оқушы айтады

Сұлтанбек: Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін.

Нұрасыл: ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүрін дәріптейтін.

Елжас: ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.

Умида: Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет ететін.

Айзада: халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 

Ақтілек: Патриоттық ең алдымен туған елінің тамыры терең тарихын білуден, бабаларымыз ғасырлар бойы жүріп өткен қилы замандардан сабақ алудан басталады. Елінің өткеніне құрметпен қарап, қазіргі замандағы даму барысына шын ниетпен үлес қосып, болашағына үмітпен қарап, өз елінің перзенті ретінде азаматтық парызын адал атқарған адамды ғана шын мәнінде нағыз отаншыл адам деуге болады. Сондықтан ең бірінші қадамымыз тарихымызды білуде жатыр. Бұл ретте Елбасмыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына тоқталып өтпесек болмайды.

Аяжан: Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде,ұлт тарихы басталады. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, ұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы, әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Осыған байланысты, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

1. Атқа міну мәдениеті

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

Анида: Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. 

Закир: Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. 

Елжас: Қазақ халқы табиғатпен тығыз байланыста болған. Оның айрықша белгісі – аң стилі. Қазақ халқы күнделікті тұрмыста жануарлардың бейнесін бейнелеген. Мысалы: қошқар мүйізін текеметтерден, әшекейлерден көруге болады. Тасқа қашап салынған көне суреттерде де жануарлар көп бейнеленген. 

Рамазан: 4-ші қыры – ерте темір дәуірінің ең атақты экспонаттарының бірі-Алтын адам. Ол 1970 жылы Алматы облысы Есік қаласының Есік қорымынынан табылған. 

Айзада: Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алатын орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің 1 мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. 

Умида: Ұлы Жібек Жолы десе, көз алдыңа ұлан-ғайыр шөл дала мен жүк артқан керуендер елестейді. Ұлы Жібек Жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен. 

Жұлдыз: Қазақ даласы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Олар біздің жерімізде өсіп-өніп Ұлы Жібек жолы арқылы бүкіл әлемге таралған. Ғажайып жеміс саналатын алманың құрметіне әсем қаламыз Алматы деп аталды. Ал қазақ топырағындағы қызғалдақтар өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.  

Міне, балалар, еліміздің бай тарихы жайлы айтып, тамырымыздың тым тереңде жатқанына көз жүгірттік. Қазіргі таңда да қазақтың атын әр түрлі салада күллі әлемге таңытқан тұлғаларымыз жетерлік. Мысалы, спортта Дәулет Тұрлыханов, Серік Қонақбаев Қанат Ислам, Геннади Головкин сынды талай тұлғаларымызды айтып өтсек болады. Бұл тізімді көптеп жалғастыра беруімізге болады. Ал ғылым мен әдебиетте де әлем білетін тұлғаларымыз қаншама? Олардың қатарында ақын Олжас Сүлейменов,математик Асқар Жұмаділдаевтарды да айтып өтсек жарасымды. Ал өнерде қазіргі уақытта көптеген тұлғалармен Димаш Құдайбергеновті, Ержан Максимді атауға болады. Димаш Құдайбергенов әлемнің түпкір-түпкірінде өз концертін беріп үлкен саханаларда қазақтың күйін ойнап, әнін салу арқылы елімізді дүние жүзіне танытып жүр. Димаштың Америкадағы коцертінен үзіндіге назар аударып көрейікші. 

Бейне таспа

Ал өзіміз еліміздегі өнер, білім, спорт саласының дамуына шамамыз келгенше қандай үлес қосып жүрміз? 

Адал: Біз сыныбымыздың ұл-қыздары жеткен жетістіктерді көрсету үшін бейнетаспа дайындап едік. Осы уақытқа дейін жеткен жетістікітерімізге шолу жасап көрейік. 

Бейнеролик

Адал: Ал сыныптасымыз Рахмедия Нұрайдың да қазақтың көне аспабы Жетігенде күй тартып, әр түрлі конкурстардың жүлдегері атанып жүр. Енді Нұрайдың өнерін тамашаласақ. 

Рахмедия Нұрай күй.


Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры. Былтырғы 2019 жыл да жастар жылы аталды. Осы ретте Мұқағали атамыздың «Барлығы да сендердікі» деген өлеңін оқиық. 

Жібек:
Сендердікі-өмір,қоғам,заман да,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталтын Адамға.

Айжан:
Қабылдаңдар қазынаны біз берген,
Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.
Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,
Бабаларың үйде туып, түзде өлген.

Мұстафа:
Сендер-дағы өздеріңше күресіп,
Өздеріңше сендар де өмір сүресің,
Болашақты жалғау үшін,болашақ
Бола жатар сендердің де үлесің.

Ақтілек:
Барлығы да сендердікі, барлығы-
Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.
Армысыңдар,Ата ұрпақтың тағдыры!
Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!


Адалдың сөзі: Қазақстан, сен заңғар биіксің,кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтың балаңмын! 

Нұралы: «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші болашағымызға көз жүгіртсек. Өйткені «Мәңгілік ел – болашақтың бағдары» деген ұстаным еліміздің басты ұраны іспетті. Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 

Бикелді: Біз армандарды ақиқатқа айналдырып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 

Сұлтанбек: Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар – ол Мәңгілік Ел идеясы (макетті таныстыру) 

Темірлан: Елімізде жасалып жатқан түрлі бағдарламалар ұрпағының болашағын жарқын қылып, мәңгілік баянды етуге арналады. 

Нұрасыл: Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақ елінің бақытты перзенті болуға тиіс. Сондықтан Мәңгілік Елге айналу үшін біз ғылым-білімді меңгеріп талмай еңбектенуге тиіспіз. Барлығы да өз қолымызда. 

Бекжан:
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 

Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.


Б – білімімді арнайтын
О – отанымды қорғайтын
Л – лаңкестікті даттайтын
А – адалдықты жақтайтын
Ш – шуағымды шашатын
А – асулардан асатын
Ғ – ғарыш сырын меңгерген
Ы – ынтымақты тең көрген
М – менмендікті жек көрген
Қ – қазаққа қызмет ететін
А – арманына жететін
З – заңды жақсы білетін
А – алға қарай жүретін
Қ – қайырымды елімнің
С – салтанатты жерімнің
Т – толықтырам сенімін
А – абыройын, жігерін
Н – намысын қолдан бермейтін 

Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!

Ән «Көк тудың желбірегені».

Қорытынды: — Міне, балалар, бүгін өздерің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріктерінді, яғни, нағыз азамат болып қалыптасып келе жатқандарыңды көрсете білдіңдер. Биыл туғанына 80 жыл толып отырған белгілі ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі, 
– деген екен. 

Сондықтан өткенін құрметтейтін, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, болашақтарын жарқын болсын!

Көрілген : 0 Пікірлер : 0

Маңғыстау облысының Достық үйінде қыркүйектің бірінші күнінде мектеп оқушылары арасында «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шара Қазақстан қалалары туралы ән айтылған бейне роликті көрсетуден басталды. Іс-шараның жағымды әндермен бастағаны – өсіп келе жатқан ұрпаққа өз Отанының патриоты болу үшін еліміздің әр жетістігін, күші мен маңыздылығын, қарапайым азаматтарға деген мемлекет қамқорлығын білу қажеттігі мақсатынан туындаған.

Іс-шара барысында Елордада ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі туралы айтылды. Арнайы дайындалған тақырыптық слайд көрсетілді.

Сөз алған математика пәнінің мұғалімі  Комордина Любовь Андреевна: «Біздің ұрпаққа Елбасымыздың басшылығымен Қазақстанның жаңа тарихын жасау үлкен құрмет және жауапкершілік болып табылады. Онда Елбасының маңына топтасу арқылы біздің ұлы жетістіктерге жеткеніміз айтылды. «Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбатты ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан» делінуінің өзі егемен еліміздің барша қазақстандықтардың ба­қыт­ты өмірі үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға бағыт ұстағанын көрсетеді…» — деп айтып өтті.

Оқушылардың әрқайсысы өз пікірлерін білдіріп, сынып сағатының тақырыбына терең қызығушылық танытты. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: өз еліне деген мақтанышы арқылы жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеу болып табылады.

«Біртұтас Еліміз — Мәңгілік Ел қуатты болсын! Қазақстанның мәңгілік мекені — Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын! Алға, Қазақстан!» — деп аяқтады іс-шараны жабуға арналған сөзін «Қоғамдық келісім» КММ-сінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы  Абдуллаева Самира Сабирқызы.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мен ?нерлі баламын сценарий балаба?шада
  • Мен ?з отанымны? патриотымын сценарий
  • Мемы странные праздники
  • Мемы про новогодние праздники
  • Мемы про майские праздники