Мен суретшімін сценарий

Шығармашылық білім беру саласы бойынша Сурет салудан "Мен суретшімін" ашық оқу қызметі.. Дошкольное образование, Уроки, Дошкольникам, "Мен суретшімін"

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Мен суретшімін

Мақсаты: ұлттық ою-өрнектерді, қазақы ою-өрнектің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру. Ою-өрнектер туралы түсініктерін дамыту.

Қолданылатын көрнекті құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам,

Сөздік жұмыс: «түйетабан», «қошқар мүйіз», «құс қанаты», «тышқан ізі», «гүл», «жүрекше».

Билингвальды компонент: ою-узор

Қызмет кезең

дері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялыққозғаушылық

Сәлемдесу

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

— Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін оюлар әлеміне саяхатқа шығамыз.

Көрме ойыны:

Кесе, қоржын, көрпеше, тақия, қазақ үй көрсету. Оларды бір-бірімен салыстыру олардың ою- өрнектеріне мән беру.

Қазақтың ою-өрнектері, олардың түрлері жайлы әңгімелеп, түсіндіреді.

Қазақ ою-өрнектерінің түрлерін қайталап айтады.

Ұйым

дастырушы

лық-ізденіс

тер

Тәрбиеші балаларға дайын суреті салынған қағаздарды таратады. Белгілі бір түске боялған қошқар мүйіз өрнегін қалай салудың жолдарын түсіндіреді.

Алдын ала дайындалып езілген түрлі түсті гуашь бояуына малып, қылқаламның ұшымен шеңбердің ортасына «қошқар мүйіз» өрнегін қалай бояу керектігін түсіндіреді. Бұдан кейін балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Сергіті сәті: (Бейнетаспа арқылы)

Ойын: «Кім тапқыр»

Шарты: Оюды құрастыр.

Баламен жеке жұмыс

Балаларға дайын үлгілерді таратады. Қатырмақағаздан жасалған сұлбаны дайын бояуға батырып, үлгідегі жолақшаның төрт бұрышына сұлбаның бейнесін түсіреді.

Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексиялық түзету

шілік

Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.

Д/о: «Өз орнынды тап»

Шарты: балалар қолдарына ою беріп,топ ішінде оюдың үлкен көлемін табу.

Балалар өздері жасаған жұмысты талдап, ұнаған сурттерін атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың ұлттық ою-өрнектерін.

Игереді: ою-өрнек элементтерін.

Меңгереді: қылқаламмен ирек сызықты түсіндіруді, біркелкі бояуды.

Технологиялық картаны толтырған: Досымбекова.Г.Б

Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебі

2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Адам — өз өмірінің суретшісі»

Сабақтың мақсаты: 1)оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру; адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.
2)Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;

3) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Адамгершілік дегенді қалай түсенесіз?

3. Адамгершілік деген не?

4. Адамгершіліктің бастауы неде?

5. Ұлы Абай адамгершілік туралы не айтқан?

6. Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

7. Адамның асыл қасиеттері деген не?

8. Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттер.

9. Адамгершілік туралы мақал – мәтел айту.

Психологиялық тренинг өткізу. «Мен қандай адаммын?»

Әдісі: сұрақ-жауап, пікір алмасу, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, мультимедиа, слайдтар, нақыл сөздер, суреттер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

1. Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.

Адамгершілік деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітеміз.

Рух деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ пен қара, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы, Оларды бұзатын нәпсінің таласы. Шәкәрім.

Рухтың мекені-адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат ,ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты-асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі –ақыл. Себебі ақыл-рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам-ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттер мен бірге аяушылық сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т.б. көптеген сапалар кездеседі.

2.Адамгершілік дегенді қалай түсенесіз?

Адамның адамшылдығы — оның жоғарғы қасиеті. Оның негізгі белгілеріңнің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

«Өзің үшін еңбек қылсаң,- дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың»деген сөзі бар. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам – ардақты адам.

 Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау деп ойлаймын. Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес,заманда,бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек.Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен деп армандаймын.

Адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс- әрекеті,еңбек,татулық осының бәрі адамгершілікке жатады.Ар ұят жоқ жерде қылмыста,алдау, арбау ,тонауда болады.

3.Адамгершілік деген не?

«Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін » деген екен ұлы шығыс ғалымы Әл- Фараби. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

«Жаман мінез – құлық – рухани кесел»

4. Адамгершіліктің бастауы неде?

Адам тумасынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бплп кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

5. Ұлы Абай адамгершілік туралы не айтқан?

Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі — надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік — хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық – бәрі осыдан келіп шығады».

6. Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

Кешірімді болу, кек сақтану, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық.

Ізеттілік-айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

Әділ болу –адамшылықтың асыл белгісі.Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Рұқсат сұрау- адамдар қарым – қатынасындағы ішкі мәдениетті айнақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және қол сұқпау. Әр адам бір – бірінің құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық-әр адам ұлттына, нәсіліне,намысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

7. Адамның асыл қасиеттері деген не?

Адамның асыл қасиеттерінің бірі – әділдік, турашылдық, шыншылдық. Әділдік шын мәнісінде адамның іс – әрекетінің нормасы болу керек. Бұл – өмірдің қажеттілігі.

8. Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттер.

Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар – жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, мақтаншақтық, қулық, ашу, ызақорлық.

9. Адамгершілік туралы мақал – мәтел айту.

1. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,ақылына ақыл қос.

2. Әдепті бала- арлы бала,әдепсіз бала-сорлы бала.

3. Адалдық жүрген жерде,адамдық жүреді

4. Асылдың бірі- Адамгершілік

5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік

6. Адалдық ардың ісі

7. Ақылдың алдыменен жүр,ақымақтың артыменен жүр.

8. Өтірік айтып жағынғанша, шынынды айтып жалын.

9. Ауыз ашса сыр көрінеді,есік ашса төр көрінеді.

10.Ақылы жоқ басқа,адырайған көз бітеді, дуасы жоқ ауызға,судыраған сөз бітеді.

10. Психологиялық тренинг өткізу. «Мен қандай адаммын?»

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса — «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса — «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса — «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса — «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаймыз.

Қорытынды: 

Бүгінгі «Адам – өз өмірінің суретшісі» тақырыбында өткен тәрбие сағатымызды аяқтай келе барлықтарыңыздың бойында адамгершілік қасиеті болып, әрқашан өмірде сыйластықпен өтуге тілектеспін. Адамгершілік деген сөздің әрбір әрпінде өзіндік мағына бар сияқты Егер оны талдап көрсек адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күн сәулесіндей шуағын төккелі тұрған сендердің бойларыңа да осы қасиеттердің болуын тілер едім.

Информатикадан курс 3-4 сыныптарында оқитың балалар үшін құрылған.Курс 34 сағаттан турады

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.

Мазмұны:

1. Түсінік хат………………………………………………………….. …………. ………………2-3

2. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар…………………. …… …………………. ……..4-5

3. Курс мазмұны………………………………………………………….. …………. …………6-7

4. Пайданылынған әдебиеттер…………………………….. ……….. ……….. ……………8

Түсінік хат

Информатикадан курс 3-4 сыныптарында оқитың балалар үшін құрылған.Курс 34 сағаттан турады

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.   Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең – қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды.“Компьютерлік әліппе” білім беру курсы оқушылардың текстік және графикалық редакторлар, жарнамалар мен қарапайым презентациялар құру бағдарламаларының көмегімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық мазмұнды мәліметтерді қамтиды.

 Курстың негізгі мақсаттары:

  1.  Қазіргі компьютерлік технологияларды оқып үйренуге және меңгеруге деген қызығушылығын ояту;
  2. Дербес компьютердің программалық жабдықтары туралы білімдерін толықтыру, тереңдету және жүйелеу;
  3. Оқушылардың текстік, графиктік редакторлармен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  4. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, теориялық және шығармашылықпен шабытты ойлау қабілеттерін дамыту.

Тақырыптық жоспар

Тақырып

Сағат саны

Күні

1-2

Информатикаға кіріспе

2

2,9.09

3

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесі

1

16.09

4

Графикалық редактор. Белгілер. Қосу. Терезенің құрамы.

1

23.09

5

Құралдар панелі

1

30.09

6

Қарандаш. Сызық.

1

7.10

7

Тікбұрыш

1

14.10

8

Микроскоп

1

21.10

9

Элипс

1

28.10

10

Кийсық сызық

1

11.11

11

Көпбұрыш

1

18.11

12-13

Құю

2

25.11

14-15

Шашу құралы

2

2,9.12

16

Қылқалам

1

23.12

17

Өшіргіш

1

13.01

18-19

Мәтінді шығару

2

20,27.01

20

Қайталау

1

3.02

21

Сынақ

1

10.02

22-23

Суреттерді сақтау

2

17,24.02

24

Суреттерді ашу

1

3.03

25

Суреттерді белгілеу

1

10.03

26-27

Суреттерді ауыстыру

2

17,31.03

28

Еңгізу

1

7.04

29

Суреттерді өшіру

1

14.04

30-31

Суреттерді көбейту

2

21,28.04

32-33

Мультфильмдерге және ертегілерге суреттер құрастыру

2

5,12.05

34

Сынақ

1

19.05

Барлығы

34

Курс мазмұны

 Кіріспе

Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Компьютерлік  графиканың негізгі ұғымдары. ДК – де жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Графикалық редакторы

Компьютер сыныбында қауыпсыздік ережелері. Компьютерді қосу және өшіру білу. Бағдарламаны қосу. Суреттерді дайындау кезеңдері. Тік сызықтарды салу. Дөңгеліктерді салу. Қийсық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. «Қию» деген инструменті. «Шашу» деген инструменті. Қылқаламмен сурет салу. «Өшіргіш» деген инструменті.

Редактордың командалары

«Өшіру »деген командасы. «Қайталау » деген командасы. Суреттерді қалай сақтауды керек үйрету. Суретті жазумен қалай істеу. Суреттерлерді қалай ашу керегінде үйрету. Суреттерлерге жаңа суреттерлерді қалай қосып жаңа суреттерлерді жасауды уйрету.

Фрагменттермен жұмыс істеу

Фрагмент дегеніміз не. Фрагмент не үшін керек. Фрагменттелерді қайталау және орын айырбастыру. Фрагменттелерді көбейту. Фрагменттерді өшіру.

Сынақ

Сынақтарда балалар өз ойымен және сабақтарда алынған білімдерімен әр түрлі суреттерді ойлап жасайды. Практикалық жұмыс. Осы жұмыстарды істегенде балалар өз логикалық қабілеттерін арттырады.

Оқушылар нені білуі керек:

  •  информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
  •  векторлық және растрлық графика айырмашылықтарын;
  •  графикалық  редакторлар мүмкіндіктерін;
  •  презентация мен жарнама құру бағдарламаларының мүмкіндіктерін;
  •  олардың қолданылу аймақтарын.
  • Оқушылар меңгеруі  керек:

  •  күнделікті өмірден графиканы қолданудың мысалдарын келтіре білуді.
  •  Растрлық графикалық редактор Paint – пен жұмыс істеу негіздері

Графикалық  редактор терезесі. Инструменттер панелі, меню қатары, палитра. Суреттерді құру, сақтау және жүктеу. Үзінділерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою, өлшемін өзгерту. Жазба енгізу, суреттер енгізу және оны редакторлау. Түстік безендіру мүмкіндіктері. Симметрия, объектілерді қисайту және бұру. Мозаика көмегімен сурет салу. Тор көмегімен сурет салу,  масштабты өзгерту.

Оқушылар нені білуі керек:

  • Paint терезесінің элементтерін;
  • құралдар тақтасындағы батырмалар қызметін;
  • «Правка» менюнің мүмкіндіктерін;
  • көшіру мен киюды қай жағдайда қолдану керектігін;
  • объекті қисайту мен  симметрияны қолдану алгоритмін;
  • мозаиканы, суретті  пиксельдер көмегімен құру тәсілдерін.
  • Оқушылар меңгеруі  керек:

  • құралдар тақтасының батырмаларын пайдалана білуді;
  • суреттер салуды, суреттік файлды сақтауды және ашуды;
  • объектіні ерекшелеу, орын ауыстыру, көшіру, өлшемін өзгертуді;
  • қайталанатын  объектілерден сурет құрастыруды;
  • объектіні берілген бұрышқа бұруды;
  • мозаика құру және олардан суреттер құрастыруды.

«Суретші және бояулар».
8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Ұл баладар саппен кіреді де, жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:Құрметті ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Сіздерді
8-Наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ұл бала:
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Ұл бала:
8-Наурыз келді
Шаттық сезім алып келді
Қуанышты күн енді
Құттықтаймыз сіздерді!
Ұл бала:
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақөмір сүріңіз.
Жүргізуші:
Ал, балалар, мерекені жалғастыру үшін қыздарымызды
шақырайық. Қыздарымыз көрінбейді.
(шақырады, қыздар келмейді)
Жүргізуші ішінде хаты бар шарға назар аударады,
шардағы хатты алып оқиды.
Сендер бізді ренжіттіңдер
Ойыншықтады тартып алдыңдар
Шашымыздан тарттыңдар
Арқамыздан түрткілеп,
Жұдырықпен түйдіңдер
Шыдамымыз таусылды
Сондықтан, кешірім сұрасаңдар ғана келеміз.
Ұл балалар:
Біз кінәліміз, оны мойындаймыз. Бізге ренжімеңдер, өйткені
біз сендерді жақсы көреміз.
Көңілді әуенмен қыздар кіріп, жарты шеңбер болып
тұрады.
Ортаға қыз бала шығады:
1 Жарайды, сендер шашымыздан тартсаңдар да, тентек
болсаңдарда, біз сендерді кешіреміз, өйткені бүгін біздің
сүйікті аналарымыздың мерекесі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, әрқашан осындай кешірімді, тату
болыңдар, балалар, ал енді мерекемізді бастайық.
Қыз бала:
Мамам, мамам, ақ мамам
Менде өзіңдей ақ балаң
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын.
Қыз бала:
Әшекейлеп бақшамызды
Аналарды қарсы алдық
Мерекелік әнімізді
Ал, балалар бастайық.
Ән «Ана»
Ән айтып болған соң балалар орындарына отырады
Ортаға 2бала мен жүргізуші шығады
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің анам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
Еркелетіп, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Жүргізуші: Балалар жақында аналардың мерекесі ұмытқан
жоқсыңдар ма?
Бала: Жоқ, ұмытқан жоқпыз. Біз аналарымызды халық-
аралықәйелдер күнімен құттықтаймыз әрине.
Жүргізуші: Ал, сыйлық болады ма?
Бала: Болады, болады.
Жүргізуші:Қандай сыйлық?
Бала: Сүйікті аналар үшін,
Барлығы хормен: Саламыз әдемі суретті.
Бала:
Біздің сыйлыққарапайым емес,
Біз оны көктеммен бірге жасаймыз
Жылулық, күлкі мен қуаныш
Сұлулық біз сыйлаймыз
2 Орындарына отырады
Жүргізуші: Ал, суретті салу үшін бізге көктемді шақыру
керек.
Музыка әуенімен көктем кіреді
Көктем:
Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар балақайлар
Келіп жеттім көктем мен
Шаттаныңдар мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге арналар.
Жүргізуші:Көктем сенің бізге көмегің керек болып тұр.
Біздіңаналарға арналған сыйлығымыз жоқ. Біз әдемі сурет
сыйлағымыз келеді. Не істесек болады?
(осы кезде қыздар радуга биіне дайындала береді)
Көктем: Әрине, көмектесемін.
Әсем түстер сиқыры жадырап жайнат жерімді. Орман тоғай,
нуымды. Құстар сайрап, ән салсын. Ағаштар, гүлдер бүр
жарсын. Көктем келіп масайрап, балаларым қуансын!
көк,қызыл,сары,тоқ сары,күлгін, көгілдер, жасылшарлар
«Радуга» Биі
Би билеп болған соңқыздар сахнада қалады
Бар болса қазақша радуга туралы тақпақ беріңдер
Бала:
Радуга – радуга, лента разноцветная!
Семь цветов у радуги, все цвета заметные!
Ты всегда нарядная, звонкая, как песенка.
Хорошо по радуге, прокатиться весело!
Бала:
Семь цветов сложились вместе,
Словно ноты в дружной песне.
Здесь и солнце в желтом цвете,
Зелень всех лесов планеты,
Синь небесной глубины, фиолетовые сны
Кто доверил нотный стан
Всем цветным карандашам.
3 Музыка әуенімен Кащей келеді.
Кащей:Бұл не шу менің орманымда? Мен көтеріңкі көңіл-
күйді жақсы көрмеймін. Барлық жарқырағанды сұр түске
айналдырамын.Орман, өріс, жылдың кез келген уақытында
барлығы сұр түсті маған. Бояулар, барлыққарындаштар
тығылулы тұр енді іздеңдер. Айналада барлығы сұр түске
айналсын. Міне, сендерге әдемі сурет. Аналалар мерекесі
болмайды.
(сұр материалды алып көктемніңүстіне жабады.)
Жүргізуші: Балалар, қараңдар көктемнің бояулары жоғалып
кетті?
Кащей:Мен гүлдердің хош иісін жоққылдым. (шүшкіреді).
Көңілді ән айтып, би билеуге тыйым саламын. Мұны сендерге
мен Кащей Түссіз айтып тұрмын. (кетеді)
Жүргізуші:Балалар, енді не істейміз? Бояуларды қайдан
табамыз?
Көктем:Балалар, мүмкін суретшіні шақырамыз. Суретші
бояулыр лезде жинап береді.
Жүргізуші:Тамаша, ұсыныс. Қане суретшіні шақырайық.
Музыка әуенімен суретші келеді.
Суретші:Сәлем достар, міне мен. Таныдыңдар ма? Мен
суретшімін.
Барлығыңызды Сегізінші Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Бақыт, бейбітшілік шын жүректен тілеймін!
Жүргізуші:Суретші, мұнда жауыз кащей келді. Барлық
бояуларды сиқырлап, аналарға арналған суретті ұрлап кетті.
Суретші: Балалар, меніңқолымдағы сиқырлы қылқалам.
Қылқаламмен сиқырлы сөздерді айтсам болғаны, барлық
бояуларға жан бітіп қайта менің палитрама жиналады.
Қане менімен бірге сиқырлы сөздерді қайталап айтыңдар:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түсті – жандардыр!
Қараңыз! Менің палитрам жарқырайды.
4 Музыка әуенімен көк түспен көгілдір түс ортаға шығады.
Көк және көгілдір түстер (бірге):
Біз тату достармыз
Өте қажет түстерміз.
Көк:Мен–көк бояумын, достар.
Көгілдір:Ал, мен – көгілдір бояумын.
Суретшіге диск береді
Бірге:Ал, қазір балалар бірге көңіл көтеріп ойын ойнайық.
Ойын « »
Суретші:(палитраны көрсетіп)
Менің палитрамда көп түстер бар,
мұнда қандай түс жоқ десеңші!
Еңжарқын және тамаша
Менің ойымша күлгін түс!
Музыка әуенімен билеп ортаға күлгін түс шығады.
Күлгін:
Күлгін түсте әдемі, көз тартады қарасаң
Үлкенге де кішіге, киіп алса жарасар
Суретшіге дискні береді
Жүргізуші:Қане сұлулар аналарыңқалай жұмысқа жинады
соны бізге көрсетіңіз. Аяқта туфли, мойында моншақ, ернін
бояйды, сырға тағады. Тез киініп жұмысқа кетеді.
«Аналар жұмысқа қалай жиналады» ойыны
Туфли, моншақ, шляпа, ноутбук.
Ойынды жүргізуші жүргізеді.
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
Қараңыздар! Менің палитрам жарқырайды
Және әжелерді мерекесімен құттықтайды
5 Ортаға тоқ сары түс шығады:
Дискні суретшіге береді
Міне, келдім достарым,
Мені көргендеріңе қуаныштымысыңдар
Бүгінгі аналар мерекесі ғана емес,
Және әжелердің де мерекесі
Сүйікті әжелерді біз бүгін
8-наурыз күнімен құттықтаймыз
Әже туралы тақпақ
«Сағындым әже өзіңді»
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламныңкүшімен
Бояу келер сол сәтте
Музыка әуенімен сары бояу шығады
Дискні береді
Сары түс:
Күн шапағатының нышаны,
Жарқыраған сары түспін.
Болашаққа бағыттаймын,
Жеңілдік пен қуаныш сыйлаймын!
Жүргізуші:
_____________________________________________________
«Мама я влюбился» биі
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
Музыка әуенімен қызыл түс шығады
6 Қызыл түс:
Өте әдемі, қызыл түспін
Мақтанамын түсіммен
Асып-тасыған күшпін.
Сәнді сүйген адамдар,
Ойланбайақ мені таңдар,
Дискні береді
Ал, қазір сіздерге көңілді ойын ойнауды ұсынамын.
Әкелермен ойын
Коляска, кукла, кострюля, ложки, веник.
Суретші:
Қызыл, жасыл, көгілдір,
Барлық түстер бар менде,
Қылқаламның күшімен
Бояу келер сол сәтте
Музыка әенімен жасыл түс шығады.
Дискні береді
Жасыл түс:
Бақшаның түсі – жасылмын
Көктемнің сәнді түсімін
Әр жанға жылулық сыйлаймын
Әр түспен әдемі үйлесемін!
Жүргізуші: ____________________________________________
«Далеко от мамы» биі
Жүргізуші: Ой, Суретші қарашы, меніңше, біз барлық
бояуларды жинаған сияқтымыз..
Музыка әуенімен Кащей Түссіз Кіреді әдемі киінген. Қолында
гүл шоғы бар. Билейді. Аналарға гүлдерін сыйлайды.
Жүргізуші: Балалар, қараңдар, біздің Кащей қандай әдемі.
Кащей:Рахмет,
Енді
бояуларды
ешкімніңмерекесінбүлдірмеймін.
жинағаны үшін суретшіге рахмет. Енді ғажайыптар жасайтын
уақыт болды. Суретші бері кел көмектес (көктемді сахнаға
Барлық
балалар.

сендерге

7 шығарады. Суретші шығады екеуі сиқырлы сөздер айтады).
Бір, екі, үш, төрт, бес
(Көктемніңүстіндегі сұр плащты шешеді.)
Суретші:Мен қылқаламмен ғажайыптар жасаймын. Қанекей,
аналар барлығымыз көзімізді жұмайық. (аналар көздерін
жұмады). Біраз уақыт тосайық.
Балалар ортаға шығады қатар-қатарға тұрады, қолдарына
дайындаған сыйлықтарын ұстап арттарына тығып тұрады.
Жүргізуші: Бір, екі, үш көздеріңді аш
1Бала:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
2Бала:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
«Ай дидарлы анашым»әні
Суретші:Қараңыздар, аналарға сиқырлы бояулар қандай
тамаша суреттер сыйлайды. Бояулармен бірге бұл суреттерге
балалар
Хормен:МАХАББАТ ЖӘНЕ НӘЗІКТІКсалды
(суреттерін көрсетеді)
Жүргізуші: Міне осымен біздіңбүгінгі ертеңгілігіміз осымен
аяқталды. Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге
Хормен:ҰЗАҚӨМІР, АШЫҚ АСПАН ТІЛЕЙМІЗ!
Балалар аналарына сыйлықтарын береді
Атрибуты: палитра, кисточка, разноцветные диски,
шарыСиняя,Красная,Желтая,Оранжевая,Фиалетовая,
Голубая, Зеленая.
8 Для игры: туфли, бусы, шляпа, ноутбук, коляска, кукла,
кострюля, ложки, веник,
Герои взрослые:
Художник:Кащей:
Герои дети: Весна:Синяя краска:Красная краска: Желтая
краска:Оранжевая краска:Фиалетовая краска : Голубая
краска: Зеленая краска:
9

Қазақстан суретшілері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерінің еңбектерін, қысқаша өмірбаянын, алғаш Қазақстан суретшісі Ә. Қастеев туралы мағлұмат беру. Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Әңгіме.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Суретшілер туралы мәліметтер, фотосуреттері. Сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.

Әбілхан Қастеев– қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 — 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.
1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР — інің халық суретшісі атағын алды.
Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
Марапаттары мен лауазымы
«Қазан төңкерісі» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР — нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшін

Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылы КСРО суретшілер одағының мүшесі болды. «Қарағанды шахтасы», «Тың игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай Махамбет»т. б. толып жатқан шығармалары елге танымал.
Жан — жақты талантты Әубәкір Ысмайыловтың – актерлық және орындаушылық әрі күйші — домбырашылық шеберліктері мұрағаттарда, киноқұжаттарда сақталған сонымен қатар отандық киноларға да түскен: Ш. Аймановтың «Тақиялы періште», Олжас Сүлейменовтың «Көгілдір маршрут», С. Ходжиковтың «Қыз Жібек», Азербайжан Мамбетовтың «Бір күні және мәңгібақи». Әубәкір Ысмайыловтың киномен алғашқы таныстығы соғыс жылдары басталды, сол кезде ол режиссер Сергей Эйзенштейннің «Иван Грозный» филімінде ассисент болып жұмыс жасап жүрген болатын, сонымен қатар танымал кеңес фильмдері «Шошқа қора және бақташы» және «Өмірге жолдама» фильмдеріне түскен, бұған дәлел ресей киноматография мұрағатындағы материалдар.

Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.

Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.

Айша Ғарифқызы жарық дүниеге келісімен — ақ айы оңынан туған адам. Оның туған ауылы Алатаудың бөктеріндегі табиғаты таңқалардай тамаша жерде. Киіз үйдің ішіндегі алуан түске боялған ою өрнектің, бір — біріне ғажап жарасым тапқан әр бұйым, әр заттың өзі жаныңды жып — жылы нұр шуағымен жылытқан сұлулық әлемінің тұтас бір әлеми кеңістігі тәрізді. Ісмер әже Айшаға жас күнінен өз қолынан келгеннің бәрін үйретті. Тұнып тұрған табиғат тамашасы мен жылы ұяның сұлу ырғақ, әсем бояуы бірте — бірте болашақ суретшінің жан дүниесін мөп — мөлдір, тұтас бір тұнығымен баурап алды. Одан соң бұл ғажайып дүние, сиқырлы сурет оның полотноларында бейнелі көрініс тапты. «Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай, біздің мирас еткендеріміздің бәрі таңдаулы туындылар.

Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев (25. 7. 1925 жыл, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18. 5. 1993 жыл, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі
1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1931 – 41 ж. Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді.
Алматы көркемсурет училищесін (1948) бітірді.
Мәскеу көркемсурет институтын (1956) бітірген.
1956 – 59 ж. Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының төрағасы.
1968 – 74 ж. Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды.

Шығармашылығы
Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады.
“Әліби Жангелдиннің отряды”
“Шопан әні” (1956)
“Әңгіме үстінде” (1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды.
“Киіз басу” (1958)
“Сабан той”
“Тұскиіз” триптихы (1960)
“Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты.
Пейзаждық картиналары:

“Алматының төңірегі” (1958)
“Суат басында”
“Қыстауда” (1966)
“Тау бөктерінде” (1967)
“Жайлаудағы таң” (1975)
“Бурят әйелі” (1956)
“Суретші әйел портреті” (1957)
“Мұхтар Әуезов” (1977)
“әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері

Молдахмет Кенбаев, Қанапия Тельжанов, Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи Романов, т. б. көптеген Қазақстан суретшілерінің еңбектері тек еліміз ғана емес шет елдерде де танымал.

Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ — жауаптар
Қазақстанның ең тұңғыш суретшісі атанған кім?
Тағы қандай суретшілерді білеміз?
Суретшілер шығармалары қандай әсер қалдырды?
Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілері турала мазмұндама немесе реферат жазу.
Оқушыларды бағалау.

Источник: bilimdiler.kz


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

<<Суретшілер әлемінде>> сайысы
(сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Оқушыларғабейнелеуөнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққатәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 4- сынып оқушылары арасындағы <<Суретшілер әлемі>> атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. (Әділқазыларды сайлау)
Ортамызда төрт топ сайысқа түспекші.
1 топ <<Қыс>>
2 топ <<Көктем>>
3 топ <<Жаз>>
4 топ <<Күз>>
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші төрт топпен танысайық.

<<ҚЫС>> тобы:
Қаңтар, ақпан, наурызда.
Дүниеге келгенбаламыз.
Бүгінгі болар сайыста
Біз жеңімпаз боламыз.

<<КӨКТЕМ>> тобы:
Сәуір, мамыр,маусымда.
Жердің беті құлпырып
Бәйшешектер жарғанда
Дүниеге келген балалар
<<Көктем>> тобын құрадық

<<ЖАЗ>> тобы:
Шілде, тамыз, қыркүйек
Біздің туған күніміз
Жайдарлы жаз күніндей
Жарқын болсын күніміз.

<<КҮЗ>> тобы:
Қазан, қараша, желтоқсан
Өнерлілер бас қосқан
Бүгінгі болар сайысқа
Жеңеміз деп қатысқан

Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:
1. <<Сан сұраққа саяхат>> сұраққа жауап беру.
2. <<Тапқырлық>> (сөздерден түс аттарын шығару. )
3. <<Қозғалмалы суреттер>> (сурет бойынша жұмыс)
4. <<Кім шапшаң, кім жылдам?>> сөзжұмбақ шешу
5. <<Қас қағым сәтте>> (сурет салу сайысы топпен жұмыс)
6. Қорытынды.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
І кезең. <<Сан сұраққа саяхат>> сұраққа жауап беру
Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соғанжауапберейік.
1топқа:
1. Бейнелеуөнерідегеніміз не? (Айналамыздағыөміркөріністерінжазықтықтаәрікеңістіктебейнелеуарқылысуреттейтінөнертүрі)
2. Табиғаткөрінісінбейнелейтіншығарма. (Пейзаж)
3. Суға тез еритінбояу. (Акварель)
4. Қарындашдегеніміз не? (Сыртыағаштан, өзегіграфиттенжасалғансурет салу құралы)
5. Суреттің парақ бетінде үйлесімді орналасуы (Композиция)
6. Сурет көрсету

2топқа:
1. Бейнелеуөнерініңтүрлеріната. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулетөнері, қолданбалысәндікөнер)
2. Адам келбетінбейнелейтін жанр қалайаталады? (портрет)
3. Түстернешетүргебөлінедіжәнеқандай? (2-ге, жылыжәнесуық)
4. Жануарлардыбейнелейтінкөркемшығарма. (анималистік жанр)
5. Қалам, тушьпенсалынғанөнер не депаталады? (графика)
6. Сурет көрсету

3 топқа:
1.Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?(пейзаж, портрет, натюрморт )
2.Негізгі түстер. (қызыл, сары, көк. Олар басқа түстерді араластыру арқылы алынбайды. Оларды араластыру арқылы басқа түстер алынады)
3. Нобай дегеніміз не? (Алдын-ала жалпы сызық түрінде орындалған сурет)
4.Егер суретші өзін бейнелесе бұл- (Автопортрет)
5.Жылы түстер (сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр)
6.Сурет көрсету
4 топқа:
1.Натюрморт деген не? (Жансыззаттарбейнеленгенкөркемшығарма)
2.Қосымша түстер (негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер.Сары мен көк түсті араластырғанда, жасыл шығады. Сары мен қызылды араластырып, қызыл сары, қызыл мен көк түсті араластырып, күлгін түс алуға болады.)
3.Суық түстер (көк, күлгін, сия көк, көгілдір жасыл)
4.Басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі және бояулармен орындалатын шығарма (Кескіндеме)
5.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)
6.Сурет көрсету

2 кезең<<Тапқырлық>> (сөздерден түс аттарын шығару. )
Сөздерден түс аттарын шығару.
1 топқа:
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)
2топқа:
ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)
3 топқа
РӨГІКЛІД ЛЫАЖС (КӨГІЛДІР ЖАСЫЛ), РАСЫ (САРЫ), ҮГІЛКН ЛЫҚЫЗ (КҮЛГІН ҚЫЗЫЛ), ҚШАЫ ҚОҢЫР(АШЫҚ ҚОҢЫР), РАҚА (ҚАРА)
4 топқа:
СЫАЖЛ ӨКК (ЖАСЫЛ КӨК), ШЫҚА ЫРСА (АШЫҚ САРЫ),ЫЛЗҚЫ РЫОҢҚ (ҚЫЗЫЛ ҚОҢЫР), ЛА ЫЛҚЫЗ (АЛ ҚЫЗЫЛ), ҚЫАШ ЫРСА (АШЫҚ САРЫ)
3 кезең. <<Қозғалмалы суреттер>> (сурет бойынша жұмыс)
Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
— деп сайысымыздың <<Қозғалмалы суреттер>> кезеңіне берейік.
Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.(төрт мезгіл суреттерін беру)

5кезең<<Кім шапшаң, кім жылдам?>> сөзжұмбақ шешу
Қ
Ы
С
Негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер- Қосымша түстер
Жылы түс- Сары
Суретшілердің ішіндегі саз балшықпен, ермексазбен, ағашпен, таспен, темір-терсекпен жұмыс істеп, бейне тұрғызатын суретші- Мүсінші
Ж
А
З
Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Жемістер
Қарындаш, көмір, қауырсын мен тушь, фломастердің көмегімен салынған туынды — Графика
Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма — Пейзаж
К
Ө
К
Т
Е
М
Туындылар бояулар көмегімен жасалатын өнер түрі- Кескіндеме
Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Көкөністер
Ғимараттың немесе сәулеттік кешеннің өте кішірейтіліп берілген үлгісі-Макет
Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма- Натюрморт
Адамдардың өмір сүруі мен қызметіне қажетті ғимараттар мен нысандарды жобалау және салу өнері- Сәулет
Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші- Маринист
К
Ү
З
Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма- Анималистік жанр
Ермексаз, сазбалшық, тас,ағаш,металдан жасалатын бейне- Мүсін
Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілер-Дизайншы

5 кезең. <<Қас қағым сәтте>> (сурет салу сайысы топпен жұмыс)
5 минут уақыт беріледі.

Алдарыңызға Иматова Азизизаны әнімен ортаға шақырамыз.

6 кезең.Қорытынды.

Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мен патриотпын сценарий
  • Мен ерекше баламын бай?ауы сценарий
  • Мен елімні? патриотымын сценарий
  • Мен ?нерлі баламын сценарий балаба?шада
  • Мен ?з отанымны? патриотымын сценарий