Мен та?да?ан маманды? сценарий

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен таңдаған мамандық Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшелі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен таңдаған мамандық
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз — өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс — тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» деп, «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
— Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап болып отырсыз. Бүгінгі сабағымызда осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Электрик Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.
Ойланайық, пікірлесейік
Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.
1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• — Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• — адамның болашаққа апаратын жолы;
• — адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• — мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• — оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• — ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• — мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• — келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• — адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының 10 — 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба — байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Жаңа ақпарат
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан — жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез — келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін — өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан — деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.
Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
— Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
— жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
— Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
— Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
— Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын. (Құрылысшы)

Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық (Дәрігерлік)

Денсаулығын баланың,

Бенсаулығын ананың.

Денсаулығын қарттың да,

Қамқорлыққа алады.

Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген. (Инженер)

Бойында шымыр алаулаған жалын,

Жақсылық жайы толғандырған жанын.

Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,

Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)

Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )

Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.

Жақсылық хабар әкеліп,

Алыс -жақын туыстан.

.(Пошташы)

Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)

7. «Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.
І — топ: «А», ІІ — топ: «К», ІІІ — топ: «Ж»
Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
* Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
* Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
* Жоғары кәсіптік білім: ЖОО — ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.
2. «Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз — дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
3. «Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп — бухгалтер, экономист.
Ең жасыл — эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті — аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі — клоун, карикатурашы.
Ең жауапты — сот, бухгалтер.
Ең салмақты — мұғалім, заңгер.
Ең қарым — қатынасы күшті — бизнесмен
Мамандық таңдауда ата — ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап — тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет — қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік — экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін — өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.
(Қонақтар пікірлерін айтады)
Мамандық таңдауда ата — ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.
Ән:**
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
2 — ж: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.
1 — ж. Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Осымен «Мен таңдаған мамандық» атты ұйымдастырылған тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Сау болыңыздар!
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Қызығушылық картасы                      

Сіз  ұнатасыз ба?

1.      Тыныш, тұрақты жұмыс істеуді?

2.      Жеке дүкендеріңізді ашуды армандайсызба?

3.      География пәнін, география оқулықтарын оқығанды?

4.      Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді талқылауға?

5.      Қылмыстық оқиғаларды зерттеуді?

6.      Осы айдағы шығындарыңызды есептеп, өткен аймен салыстыруды жүргізесізбе?

7.      Тарихи оқиғалар мен ескерткіштерді сырттан келген достарыңызға таныстырғанды?

8.      Несие олперацияларындағы пайыздың өзгеруін қадағалайсыз ба?

9.      Келісім, мәміле жасағанды ұнатасыз ба? (сату, сатып алу, жалға беру)

10.  Достарыңызға ақшаны қарызға бересіз бе?

11.  Қызметті жоспарлау, адамдарды ұйымдастырып бақылау, жеке берілген тапсырманы орындай аласыз ба?

12.  «Рейдер» бағдарламасын көргенді?

13.  Қонақтарға үстелді безендіруді?

14.  Каталог арқылы тауар сату?

15.  Әлемдегі валюта (евро, доллар, фунт, стерлинг)  бағамын бақылау?

16.  Оқулықтар санын, азық-түліктер мен басқа да заттарды санау?

17.  Табыс әкелуі күмән туғызатын саланы қаржыландыруды?

18.  Шет мемлекеттермен танысу?

19.  Қазақстан экономикасын жақсарту үшін, кеңес беріп, өз үлесіңізді қосасыз ба?

20.  Қиын қылмыстардың ашылуын көрсететін бағдарламаларды көресіз бе?

21.  Керек-жарақ тізімін жасау, бағаларын анықтау, тауарлар санын және жалпы шығын соммасын көрсетесіз бе?

22.  Қала сыртына саяхат жасауды  ұйымдастыру және сол саяхатты өткізуге  жауапты болу?

23.  Телеарна арқылы «Қаржылық шолу» бағдарламасын тамашалағанды ұнатасыз ба?

24.  Мүлікті бөлуге, алиментті төлеуге арналған сот процесінен үзінді бағдарламаларды  көргенді?

25.  Бос ақшаларды қай салаға жұмсау керектігі туралы, өз достарыңызға кеңес бересіз бе?

26.  Адамдардың іс-әрекеттерін бақылап, дұрыс бағытқа баулуға көмек бересіз бе?

27.  Аяқ киім іздерін, саусақтың іздерін, адамдардың қимылын бақылау, зерттеу сізге ұнайды ма?

28.  Шет мемлекеттердің әдет-ғұрып, салты  жайлы әдебиеттерді оқуға қызығасыз ба?

29.  Сауда орталықтары мен дүкендердегі бағалардың өсуі мен төмендеуін бақылау ұнай ма?

30.  Дамыған мемлекеттердің қаржылық жағдайын Қазақстанмен салыстырасыз ба?

31.  Дүкендердің кірісі мен шығысын есептейтін комиссия құрамында жұмыс істегіңіз келеді ме?

32.   «Ұшқыр менеджер» байқауының қатысушысы болғың келеді ме?

33.  Географиялық қосымша сабақтармен айналысқыңыз келеді ме?

34.  Экономикалық әдебиеттерді оқу, зерттеу  немесе зерделеу ұнайды ма?

35.  Болашақта ішкі істер министірлігінде қызмет істеуді, іс жүргізуді армандайсыз ба?

36.  Есепші болып кәсіпорынның пайдасымен шығындарын есептеу ұнай ма?

37.  Гид қызметін атқаруға?

38.  Кәсіпорындардағы қаржылық мәселелерді шешуге қатысу?

39.  Сот, адвокат, нотариус болғыңыз келеді ме?

40.   Өнім шығаратын зауыттың құрылысын, инвестициялық жобалау ісімен айналысқанды?

41.  Жиналған қауым  алдында шешендікпен сөз сөйлеу?

42.  Жасалған қылмыстың іздерін суытпай ашу?

43.  Тойларды, балалар мерекесі мен отбасы отырыстарын ұйымдастыру?

44.  Сатып алушылармен келіс сөздер жүргізуге көмектесу?

45.  Мемлекеттің пайдасын халық үшін бөлуге қатысу ұнайды ма?

46. Саяхаттағанды ұнатасыз ба?

47. Компьютер әлемінде жаңалық тыңдайсыз ба?

48. Мерекені безіндіргенді, ұйымдастырғанды қалайсыз ба?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

«+»

«-»

Қосымша

Сұрақтар жауабы кесте бойынша толтырылады. «+» немесе «-» деп белгіленеді. Дұрыс әрбір жауапқа 1 ұпай беріледі.

Ұпайлар санын әрбір бөлім бойынша салыстырыңыз.

1 «Есеп және аудит мамандығы

2 «Менеджмент мамандығы

3 «Қаржы» мамандығы

4 «Туризм» мамандығы

5 «Құқықтану» мамандығы

6 «Аударма ісі» мамандығы

7 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы

8 «Маркетинг» мамандығы

Егер жинаған ұпайыңыз

5-6 ұпай болса, бұл мамандыққа анық қызығушылығыңыз басым

3-4 ұпай болса, қызығушылық орташа

0-2 ұпай қызығушылық әлсіз

І.?йымдастыру

кезе?і

ІІ. ?й тапсырмасын тексер

?й тапсырмасын тексеру

?й тапсырмасын бекіту:

ІІІ. Жа?а саба?

Д?птермен ж?мыс

І?.О?улы?пен ж?мыс

Сергіту с?ті.

Д?птермен ж?мыс

Бекіту

?орыту

Ба?алау

?йге тапсырма

Амандасады.О?ушыларды? саба??а дайынды?тарын тексеру.Психологиялы? кезе?:

5 болсын алар ба?амыз

Біліммен ба?ыт табамыз

?нер білім к?п о?ып

?се берсін санамыз

Т.айбергеновты? «?сіп келе жатырмын» ?ле?ін жат?а с?рау.

С?ра?тар:

1.?ле? не жайлы?

2.?ле? арасында?ы «адал тер» дегенді ?алай т?сінесі??

3.?ле?ні? авторы кім?

Балалар, б?гін саба?ымызда ?тепберген А?ыпбек?лыны? «Мен та?дайтын маманды?», Марат ?абанбайды? «Сурет сал?ым келмейді» атты ??гімесімен танысамыз

1.?ле?мен танысайы?.М?нерлеп тізбектей о?иы?

2.?андай маманды? т?рлерін білесі??(топтастыру бойынша)

3.Болаша?та осындай маман иесі болу ?шін не істеу керек?

4.Шы?армада ?андай маманды?тар туралы с?з болады?

Ж?мба?тарды д?птерге к?шіріп жазып алы?дар?

Темір ??сты алып батпан

К?к аспанда ?алы?тата?ан

А?аларды кімдер дейді?

Алдымен тез тауып ма?тан.(?ш?ыш)

Электр шамды біліпті

?йге ?келіп іліпті

Шуда жіпті байлапты

Жанады деп ойлады. (электрик)

Енді о?ушылар саба?ты Марат ?абанбайды? «сурет сал?ым келмейді» ??гімесімен танысамыз.Е? алдымен Марат ?абанбай туралы м?лімет айтып кетейін

??гімені тізбектей о?у

Шы?арманы талдау:

-Шы?арманы? басталуы

-Шы?арманы? байланысуы

-Шы?арманы? шары?тау шегі

-Шы?арманы? шешімі

— шы?арманы? со?ы

Ана?а арнап сурет сал?ан ата?ты суретшілерді? атын д?птері?е жазып ал.

  • Ержан неліктен сурет салудан бас тартты?
  • ??гімені ?алай ая?тар еді??

?ане балалар талапты? мініп т?лпарына ?з арманымыз жайлы айтайы?.

-Болаша?та кім бол?ылары? келеді?

«?семпаз болма ?рнеге

?нерпаз болса? ар?алан

Сен де кірпіш д?ниеге

Кетігшін тпта бар ?алан»-деген ?лы Абайды? с?зімен ?орытындылайы?

?й тапсырмасын ?ле? о?ы?ан?а ж?не саба??а ?атысуына ба?а ?ою

?ле?ді м?нерлеп о?у. «Мені? с?йікті маманды?ым» эссе жазып келу. «Сурет сал?ым келмейді» м?тінін о?ып келу.

Саба??а о?у ??ралдарын дайындау.

Хормен ?айталау

?й тапсырмасын жат?а айтады. Т.Айбергеновты? ?мірінен ?осымша материалдарын о?иды. Т?сіндіреді

Ынта ы?ыласпен ты?дап ма?ынасын т?сіну

Ж?мба?ты ауызша шешіп, жазып алады

Д?птерде орындайды

М??ият ты?дау

М??алімні? кіріспе ??гімесі

Ана та?ырыбында сурет сал?ан суретшілер туралы

Ержанны? бояуларын т?сіріп алуы.Сурет сал?ысы келмейтіндігін айтуы

Д?птермен ж?мыс жасайды

?з ойларын айтады.

К?нделіктеріне жазу.

?з ойларын ашы?, на?ты жеткізе білуге баулу

?ызы?ушылы?тарын ояту

О?ушыларды? саба?тан ??ын?ан т?сініктері д?птердегі тапсырманы орындау барысында беки т?седі.

жа?а а?паратпен танысу ар?ылы о?ушылар ?з білімдерін на?тылай т?седі.

?здері білетін білімдерін с?з байлы?тары ар?ылы мазм?нды жеткізе білуге т?рбиелеу

С?здік ?орларын молайту.

?з ойларын ай?ын, мазм?нды жеткізе білуге т?рбиелеу

Ойларын ?орытып,?ойыл?ан с?ра?тар?а на?ты, д?рыс жауап беруге т?рбиелеу

О?ушылардын ?ызы?ушылы?тыраы арттыру

Білімдерін толы?тыру

?з ойларын на?ты жеткізе білу

?аза?ты? ?лы а?ыны Абайды? ?ле?ін пайдалана отырып бойларына ?лтты? рух ?алыптастыру.

Іздемпаздылы??а баулу ?з еркімен жеке ж?мыс істеуге т?рбиелеу


1


«Мен та ң да ғ ан маманды қ » «Есеп ж ә не аудит» Орында ғ ан: Құ нанбаева А. Тексерген: Шыныбекова А.


2


Профессия- латын сөзінен шыққан, professio- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Білім алу, үйрену. · Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі. · Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, білгілі бір іскерліктердің болуы Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандық дегеніміз не?


3


Маманды қ та ң дау факторлары Мамандық таңдау факторлары Мұғалім Отбасы Досымен бірге Оқиғаның әсер етуі Тәжірибенің болуы Беделі Қабілеті Оқудың Жақын орналасуы


4


Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады Мамандық таңдаудың екі жолы бар. Бірінші – бұл байқау және қателесу әдісі: адам соқыр сезімге беріліп, әр түрлі салаларда жұмыс жасап көреді, өзінің өмір сүруіне қажетті және рахатын табатын іс тапқанша. Бұл, әрине өте қиын да ұзақ уақытты керек етеді, себебі он мыңдаған мамандықтың түрі бар. Екінші – мамандық әлемін әртүрлі әдістермен зерттеп көру. Волонтерлік қызмет атқару, әскер ойындар ойнау, өзіңнің ой – өрісіңді әр түрлі жаттығулар арқылы дамыту.


5


21 ғасырда ең қажетті мамандықтар 1 Жарнамалау агенті жарнама бағыттарын, түрлерін ойлап табады, жарнама хабарландыруларын құрастырады, 2 копирайтермәтіндер құрастырады, бұқаралық ақпараттармен жұмыс жасайтын маман. 3 Аудитор мамандығы ең жоғарғы табысты мамандықтардың қатарына жатады. Аудитор компанияның қаржылық жағдайына сараптама жасайды, баланстардың дұрыс жасалынуын және салықтардың дұрыс төленуін тексереді. 4 Маркетолог.Базарда тауарды өзкізу немесе қызмет көрсету істерімен айналысады, сатуды ұйымдастырушы, тауар қандай, оны кім пайдаланады, құны қанша, маркетингтік зерттеу жасайды және бәсекелес туарларды сараптайды. Нәтижесінде ол тауарды базарда өткізудің жоспарын жасайды. 5 Мерчендайзербөлшектік сауда өз фирмасының тауарларын ұсынады. Оның басты міндеті өз фирмасының тауарының сақтықта болуын қадағалау, дүкендерге тауарын жарнамалау, тауардың бағасын түзетіп отыру. Сондықтан өзіне бекітілген дүкендерді үнемі айналып өтіп, олардың жаңдайларын біліп отырады. 6 Web – дизайнер және Web – бағдарламашы мамандары сайт жасайды 7 жүйелік әкімшілік қызмет көрсетушілердің, компьютерлік жүйенің қауіпсіздік жұмыстарымен айналысатын құралдар мен бағдарламаны қамтамасыз етуге жауап береді.


6


· Компьютерді білу · Бірнеше тілді, а ғ ылшын тілін білу: · Адамдармен қ арым – қ атынас жасай білу; · Ө з тауарын, қ ызметін ө ткізе білу; · Тез шешім қ абылдап, бастамашылы қ жасау; · Ү немі білім алу ғ а, қ айта о қ у ғ а бейімділік. Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?


7


Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Бухгалтер маманын таңдау себептерім: Бүгінгі күні «бухгалтер» мамандығы өте талап етілген мамандықтардың бірі. Бухгалтер мамандығы ертеден келе жатқан және көп тараған мамандық, оның түп тамыры мың жылдықтарға кетеді. Бухгалтердің нарық жағдайында салық және бухгалтерлік заңдылықтармен жұмыс жасай алуына кәсіпорынның болашақтағы жұмысы байланысты. Бухгалтериясыз бір де бір мекеме болмайды. Бухгалтер бухгалтерлік есептің барлық түрлері бойынша (негізгі құралдардың есебі, материалдық құндылықтардың есебі, өндіріске шығындардың есебін, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есепті, еңбекақының есебін, салықтардың төленуі және т.б.) жұмыстарды жасайды. Бухгалтер меншіктің барлық түрінде: мемлекеттік, акционерлік, жеке меншікте бухгалтерлік есептің барлық түрі бойынша жұмыстарды орындайды.


8


Экономист-бухгалтердің кәсіптік қызмет түрлері: ұйымның бухгалтерлік есебін, шаруашылық қызметі жағдайы мен нәтижесіне бақылау жасау және талдауын іске асыру; негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу және олардың қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының көрінісін уақтылы іске асыру; өндіріс шығындары мен айналымдарына есеп жүргізу, шығындар сметасын орындау, өнімдерді тарату (жұмыс жасау және қызмет көрсету), қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу; дайын өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясына есеп жасау; ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жасау. Ұлттық экономика болашақ мамандардың бухгалтерлік есепті, банк операцияларын кәсіптік деңгейде жүргізуін қажет етеді. Қаржы, салық органдары, банктер мен жеке меншік компаниялары сіздерді өз қызметкерлерінің қатарынан көруге дайын. Сіздер өз білімдеріңіздің көмегімен жаңа бизнес ашып, оны ойдағыдай жүргізе аласыздар. Осы мамандық иелерін болашақта мемлекеттік қызметте, қаржы және салық органдарында, банктерде, басқа да жеке меншік компанияларында сәтті қызмет карьералары күтуде. Жақсы білікті маман — еңбек нарығында үнемі сұраныста және оның еңбегі жоғары дәрежеде бағаланады. — «Есеп ж ә не и аудит (салалар бойынша)» маманды ғ ы бойынша к ә сіптік қ ызмет т ү рлері

Кто не любит Фаину Раневскую, тот просто не знаком с ее творчеством. Второй такой сильной, уверенной и потрясающей женщины просто невозможно найти. Мы в Интересно знать восхищаемся искрометным юмором актрисы и представляем ее избранные цитаты.

1. Если женщина говорит мужчине, что он самый умный, значит, она понимает, что второго такого дурака она не найдет.

2. Семья заменяет все. Поэтому, прежде чем ее завести, стоит подумать, что тебе важнее: все или семья.

3. Что-то давно мне не говорят, что я бл*дь. Теряю популярность.

4. Под самым красивым хвостом павлина скрывается самая обычная куриная жопа. Так что меньше пафоса, господа.

5. Если мужчина нравится, покажите ему все, на что вы способны!.. Выдержит – значит это ваш мужчина!

6. Что толку делать пластическую операцию? Фасад обновишь, а канализация все равно старая!

7. Безусловно женщины умнее мужчин! Нет, ну вы хоть раз слышали, чтобы женщина потеряла голову от красоты мужских ног?

8. Я бы вас послала… Да вижу, вы оттуда!

9. Я заметила, что если не есть хлеб, сахар, жирное мясо, не пить пиво с рыбой – морда становится меньше, но грустнее.

10. Есть такие люди, к которым просто хочется подойти и поинтересоваться, сложно ли без мозгов жить…

11. Самое страшное оружие – телефон в руках пьяной женщины…

12. Отпускайте идиотов и клоунов из своей жизни. Цирк должен гастролировать.

13. Берегите своих любимых женщин. Ведь пока она ругает, переживает и психует – она любит, но как только начнет улыбаться и равнодушно относиться – ты ее потерял.

Понравилось? Расскажи друзьям:

Тәрбие сағаты «Мамандық таңдау маңызды іс»

Та?ырыбы: Маманды? та?дау ма?ызды іс
Саба?ты? ма?саты:
О?ушыларды? болаша? маманды?ын ай?ын да сенімді та?дау?а ба?ыт беру;

Маманды??а байланысты термин с?здерді? жалпы ма?насын аша білу;

?о?ам?а бір пайдасы тиетін маманды? иесі болу?а т?рбиелеу.
?діс- т?сілдері: «Ми шабуылы», психологиялы? тест, дидактикалы? ойындар, тренингтер.
Саба? барысы:
І.?йымдастыру кезе?і
— Б?л кім?
— М??алім
— Кітапханашы
— Наубайшы
— За?герлер
— Шекарашылавр
— Футболшылар
— ?ртістер
— Суретшілер
— К?зетшілер
— ??рылысшылар, т.б.
Сіздер ?алай ойлайсы?дар, б?ларды не біріктіреді? Жалпы т?рде ?алай айту?а болады?
— Маманды?
— Д?рыс айтасы?дар. Олай болса ашы? т?рбие са?атымызды? та?ырыбы «Маманды? та?дау ма?ызды іс» Та?та?а назар аударайы?.
ІІ. Негізгі б?лім:

Б?гін біз “Маманды? та?дау ма?ызды іс” деген та?ырыпта ашы? т?рбие са?атын ?ткізгелі отырмыз.Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаев айт?андай “Отанны? болаша?ы, мемлекетті? келешегі жастарды? ?олында,оларды? ?рісті ойы, ?ркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ?штас?ан білікті? ар?асында биік белестерге жетеді”. А?ыл жастан, асыл тастан деген с?зді айт?анда хал?ымыз жас тол?ынны? болаша?ынан ?міт к?ткен болар.Содан бері неше ?рпа? ауысса да халы?ты? жастар?а деген сенімі ?згерген жо?. Жастар ?р кез ?о?аны? ?оз?аушы к?ші ретінде таныл?ан.
Бір кездері Ма?жан бабамыз:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай ?айратты,
?ырандай к?шті ?анатты,
Мен жастар?а сенемін,- деп бекерден -бекер айтпа?ан болар. Сонды?тан да біз жастар ?зімізді? ?о?ам,халы? алдында?ы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз ?ажет.
Балалар б?гінгі т?рбие са?атымыз?а ?атысып отыр?ан студент жастарымыз?а с?з берейік. Б?л жастар бізге ?з маманды?тары жайлы айтып берсін.
1.Балалар с?ра?тары? болса ?оюлары?а болады.
2.Сізге маманды? та?дау?а кім ?сер етті?
3.Не себепті б?л маманды?ты та?

Содержимое разработки

Тақырыбы: Мамандық таңдау маңызды іс
Сабақтың мақсаты: 
Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру;

Мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағнасын аша білу;

Қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу. 
Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер. 
Сабақ барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі 
— Бұл кім? 
— Мұғалім 
— Кітапханашы 
— Наубайшы 
— Заңгерлер 
— Шекарашылавр 
— Футболшылар 
— Әртістер 
— Суретшілер 
— Күзетшілер 
— Құрылысшылар , т.б. 
Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады? 
— Мамандық 
— Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандық таңдау маңызды іс» Тақтаға назар аударайық. 
ІІ. Негізгі бөлім:

Бүгін біз “Мамандық таңдау маңызды іс” деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған. 
Бір кездері Мағжан бабамыз: 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет. 
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып отырған студент жастарымызға сөз берейік. Бұл жастар бізге өз мамандықтары жайлы айтып берсін. 
1.Балалар сұрақтарың болса қоюларыңа болады. 
2.Сізге мамандық таңдауға кім әсер етті? 
3.Не себепті бұл мамандықты таңдадыңыз? 
4.Егер қайта мүмкіндік болса, қай мамандықты таңдар едіңіз? 
5.Ата анаңыздың ықпалы болды ма? 
6.Бұл маман иесі болу үшін қандай пәндер тереңдетіліп оқытылады? 
7.Студенттік өмір мен оқушылық өідің айырмашылығы мен ұқсастығы неде деп ойлайсыз? 
Енді 3 топқа бөлініп бірнеше сұраққа жауап берейік 
1.Жаксы маман иесі болу үшін не қажет? 
2.Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың? 
3.Мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етеді? 
Енді бізге қонаққа келген студенттерге бір тапсырма берейік. Мен қазір сіздерге бір бір қима қағаздан беремін , ол қағаздағы сұраққа жауап бересіз 
1. Сессия уақыты.Емтихан жүріп жатыр.Мұғалім тым қатал.Сенің ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтін ыммен түсіндірді.Сен бұл сұрақты білесің.Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмектесесің. 
2. Сенің таңдаған мамандығың досыңа ұнайды.Бірақ досыңның денсаулығы жжарамайды.Досыңның ата-анасы соған ренжиді.Сенің әрекетің? 
3.Саған көптеген мамандықтар ұнайды.Сен қайсысын таңдарыңды білмейсің.Анаң мен ұстаздарың өзің біл дейді.Сенің әрекетің? 

3-бөлім

.”Мен мамандық әлемінде” 
Бұл бөлімде қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай бермейтін мамандарды атап өтейік. 
Аниматор- суретке жан бітіруші. 
Мультипликатор -мультифильмдерді және арнайы телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. 
Декоратор -түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші. 
Интерьер дизайнер- кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман. 

4-бөлім. 

“Ең ,ең жақсы “ойыны. 
Ең,ең ақшасы көп…..(банк қызметкері) 
Ең ,ең жасыл…..(бақташы,гүл өсіруші,географ) 
Ең,ең тәтті….(аспаз,кондитер) 
Ең,ең күлкілі……(клоун) 
Ең,ең жауапты………(сот,бухгалтер) 
Ең,ең салмақты…..(заңгер, мұғалім) 
Ең,ең қарым қатнасы күшті…..(бизнесмен) 

5-бөлім. 
Мамандық таңдаудың 7 қадамы. 
Бірінші қадам: 

Байыппен бағдарлай біліңіз 
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады. 
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз. 

Екінші қадам: 

Дұрыс шешім өз қолыңызда 
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз. 

Үшінші қадам: 

Бейімділігіңізді ескеріңіз 
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты. 

Төртінші қадам: 

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз 
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз. 

Бесінші қадам: 

Сұранысты да назар ұстаңыз 
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз. 

Алтыншы қадам: 

Мамандар не дейді? 
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар. 

Жетінші қадам: 

Қорытынды шешім 
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз. 

6 –бөлім.”Мамандықтар әлемі”. 

Оқушылар осы алма ағашына өздеріңнің қалаған мамандықтарыңды жазып іліңдер. 
Жүректеріңнен шыққан арман мен тілектерің осы “Алма ағашындағы” жемістердей сендерге өмірде де жемісі мен жеңісін силай берсін. 

Қорытынды: Осы күннен не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Ж. Аймауытов айтқандай 
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» 
егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! 
Мамандықты таңдауға қaндай факторлар әсер етеді? 
Қазіргі заман талабына сай , дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың? 
Жақсы маман иесі болу үшін не қажет?

-Жақсы, балалар, бүгінгі сынып сағатын осымен аяқтаймыз. Үйге «Менің таңдаған мамандығым» атты тақырыбына сурет салып келіңдер.



-80%

Қазір көпшілік жаңа мамандықтар десе елең ете қалады. Онысы түсінікті. Бауыр еті баласының келешекте қандай маман болатынына алаңдамайтын ата-ана жоқ. Ресей зерттеушілері де 2030 жылға қарай жаңадан 183 мамандық келіп қосылатынын зерттеуіне арқау етті. Әрине, біз тізбелейтін бұл мамандықтар дәл бүгін не 2030 жылы адамзат өміріне ене қалады деген сөз емес. Қазақстан да озық елдердің дамуымен иық теңестіруді көздейтінін ескерсек, 2050 жылға дейін жаңа мамандықтар өндіріске еніп қалар деген болжам да жоқ емес. Сонымен  жаңа мамандықтарды сала-саласы бойынша  жіпке тізелік. Алдымен жаратылыстану бағытындағы мамандықтарға орын берсек.

Медицина саласы. Медицина тоқтаусыз жүретін сала. Үне­мі дамуды әрі жаңашылдықты талап етеді. Сырқаты күрделі аурулардың диагнозын тура та­бу, ота жасау, дәрі-дәрмек шы­ғару сынды медицинадағы жауапты міндетті орындауда жо­ғары білімді мамандар қажет. Ендеше, келешекке адам жанына қызмет ететін медицинадағы мамандықтар мыналар:

ІТ медик. 2020 жылы пайда болады. Бұл маман иелері диагностикалық аппараттар арқы­лы адамның физиологиялық мәліметтерін жасап шығарады. Жеке адамның денсаулық парағынан бастап барлық аурудың пайда болу себептерін мәліметтер базасына келтіреді.

Генетикалық кеңесші. Маман иесі бір реттік немесе жоспарлы генетикалық анализ жасайды. Науқастың еміне қа­рай емдеу ісінің сызбасын жүр­­гізеді. Мамандық вирусты-бакте­рия­лық аурулардың емін табуға жәрдем береді.

Киберпротез және имплантат жасаушы. Сал ауруына шалдыққан адамдарға жасанды ағза жасап, оны компьютерлік диагностикадан өткізе­тін маман иелері. Жасанды протездер барлық күрделі фун­к­цияларды атқаруға мүм­кіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласы. 2050 жылға қарай жер әлемде 2 миллиард адам азық-түлікке тәуелді болуы ықтимал. Сол себепті де ғалымдар келешекте ауыл шаруашылы­ғы саласы престиж мамандықтардың көшіне көтеріледі дегенді алға тартып отыр. Ал, жа­ңа технологиялар ауқымы кең атырапта жұмыс күшін аз пайдаланып, мол өнім алуды көздейді. Сондықтан да зерттеушілер таяу жылдары бірнеше жаңа мамандықтың ауыл шаруашылығы саласынан айналып өте алмайтынын жарыса айтуда. Соның бірнешеуіне тоқталайық.

Агроном-экономист. Жоғары білікті маман шығарылған өнімнің бәсекеге қабілет­ті­лігін және компанияның тәуе­кел қадамдары мен дағдарыс кезінде тығырықтан шығар жол табуына септесетін мамандық.

Сити-фермер. Ірі қалалардың әрі ғимараттарда өсім­діктер мен асыл тұқымды жан­уарлардың өсуіне мүмкіндік беретін мамандық. Агроөнер­кәсіптік кешеннің дамуына жағ­дай жасайтын мұндай орталық қызметі алғаш рет Сингапурда іске қосылған. Тәжі­ри­бені Оңтүстік Корея, Қытай, БАӘ, АҚШ, Франция елдері енгізбек.

ГМО-агроном. Ауыл ша­­руа­­­шылығында генетикалық түрлендірілген өнімдерді қолданатын маман иесі. Биотехнологияның жетістіктерін игеруде генетикалық модификацияланған организмдерді анықтайтын кәсіп түрі.

Агроинформатик. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын автоматтандыру арқылы мә­ліметтер базасын жасайтын мамандық. 2020 жылдан бастап мамандықтар тізіміне қо­сылады.

Туризм және қонақ үйі саласы. Саяхат құрып, жиһан ке­зетіндер үшін туризмнің алар орны бөлек. Сонымен бірге іскерлік алаңды бизнес көзіне айналдырғандарға да қонақ үй ісінің бәсекеге сай болуы маңызды. Себебі сервистік қызметтер табыс табудың ең жылдам жолы. Келешекте мына мамандықтар да осы екі салаға бағытталған.

Робототехника консерьжі. Қонақ үй қызметіндегі роботтарды басқаратын маман. Бұл мамандықтар бүгінде Америка, Қытай, Жапония елдеріне жолға қойылған. Консерьж адамдармен байланыс орнатудың тиімді жолын білетін әрі жан-жақты қабілеті бар болуы керек.

Бренд-менеджер. Ерекше аумақтардағы мәдени шараларды виртуалды кеңістік толтыруға жауап беретін маман. Бұл мамандық иесі кез келген туристік қызметтегі шаралардың жарық, дыбыс, ақпараттық насихатталуына жауап береді. Қысқасы, көңіл көтеруге жағдай жасайтын универсал маман.

Менеджмент саласы. Менеджмент экономиканың бар­­лық салаларында кездеседі. Сонысымен де бір бағыттан екінші бағытқа қызмет ауыстырып кете береді. Болашақта менеджмент саласын өзгерістер күтіп тұр.

Тайм-боркер. Қызметкерлердің бос уақытын сататын маман иелері. Яғни саладағы мамандардың бос уақытын басқаратын маман. Қарапа­йым тілде айтсақ, офистегі ма­манның бос уақытын кеңседе өткізбеуіне жағдай жасау­шы және сол арқылы ақша табатын маман. Сонымен бірге тайм-брокер өзге елдердің клиенттерімен жұмыс жасайды.

Трендвотчер-форсайтер. Экономиканың әртүрлі секторындағы жаңа тенденцияларды бақылайтын маман. Саясат пен мәдениеттегі тұл­ғалардың, жалпы қоғамның жаңа дүниелерге көзқарасын есепке түсіретін мамандық.

Корпоративтік антрополог.  Бұл маман иесі ірі компаниялардағы инновациялық өнім­дерді антропологиялық тәсіл­дер арқылы анықтайтын адам. Бұл қызметті ІТ саласындағы компаниялар, әсіресе Intel мен Nokia компаниялары сәтті қолданып жүр.

Қаржы секторы. Қаржы айналымын реттейтін экономикадағы бұл салада еңбек ететіндердің де жалақысы жоғары. Бірақ, бұл қаржы қызметінен бастау алатындықтан ке­лешекте мамандықтар әлемінен бірте-бірте ығысып, жо­йы­лып кетеді. Себебі бүгінде қаржы нарығында краудфандинг пен краудинвестинг бағыттары өте қарқынды дамуда. Дегенмен бұл салада да бір­­неше жаңа мамандықтар бар.

Мультивалюталы аудармашы. Дәстүрлі, несиелік, баламалы валюталарға айырбастау жүйелерін ұйымдастыратын маман. Виртуалды валюталарды реттейді. 2014 жылғы мәліметке сүйенсек, әлемдегі биткоиндер айналымы шамамен 11 миллиард долларға же­тіп отыр.

Зейнетақы жоспарын әзір­леуші. Зейнетақы қорларына және басқа да қаржы құралдарына кіріс деңгейіне, кәсіптік қызметтің түріне, өмір салты мен кәрілік көзқарасына байланысты жеке инвестициялардың үлгісін әзірлейтін маман. Яғни зейнетке дейін қаржы жинауға жәрдем беретін мамандықтар.

Жеңіл өнеркәсіп саласы. 90-жылдары жеңіл өнеркәсіп эко­номиканың басты драйве­рі­не айналғаны рас. Дегенмен жаңа технологиялардың әсерімен бұл басты салалардың біріне ғана айналып кетті.

Техно-стилист. Киім-кешектегі жаңа гаджеттерді декоративті мақсатта жасайтын кәсіп иесі. Мысалы, арнайы киіммен жабдықталған егіз футболкаларды датчиктер арқылы смартфонға таратады, ал екіншісі – футболкалар виртуалды сенсорларды сезінеді. Бұл сауда әлі де алып нарыққа шыға қойған жоқ. Әйтсе де, қолға алса табысты еселейтін мамандық.

Электрондық рецептер программисі. ІТ мамандары дизайнерлік киім дизайндарын роботқа немесе 3Д принтерге арналған нұсқаулардың піші­міне аударады. Болашақта тұ­тынушы оларды пайдалана алады және  автоматтан­дырыл­ған студияда олар үшін өзде­рінің киімдерін “басып” шығарады немесе тігеді.

Түйін. Ричард Сасскинд пен Даниельдің “Мамандықтар болашағы” атты кітабында жаңа тех­нологиялар дәстүрлі қол ең­бегін жеңілдетеді деген тұжырым жазылған. Мәселен, дәрі­гер емделушімен Skype арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Аны­ғында, біз тізбелеген жаңа мамандықтар келешектің дамуына жаңа із салады, экономикаға соны серпін бермек. Бірақ, бір нәрсе ақиқат. Жаңа мамандықтарды Еуропа елдері соңғы уақыттан бері практикалық түрде сынап, орыс жұрты болашаққа әріден көз тастап отыр. Ал, Қазақстан жаңа маман ие­леріне дайындауға қаншалықты дайын?

Абай Тағыберген

finance.bugin.kz

Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы».
Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік: Әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: маман, тігінші, дәрігер, аспазшы,ұста, етікші,мұғалім, т.б.
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері.
Қостілділік компонент: тігінші-портниха, дәрігер-врач, шаштараз-парихмакер, профессия-мамандық.
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.

Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз. (Бас иеді).

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Ұйымдастыру-іздестіру
Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға – деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
Балалар қазір Жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде Неше ай бар?
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс — әрекетіміздің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.
Біз бүгін мамандық иелері туралы өтеміз.
Барлық мамандар өмірде өте қажет екен.
Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен
кездесесіңдер?
Директор, тәрбиеші, т.көмекшісі, медбике, аспазшы.

Балалар олай болса жұмбақ шешіп,
-Сендердің кім болғыларын келетіндігін мен жазып алып, «Арман гүліне» іліп қоямын.

Жұмбақтар шешу.

1) Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)
— Өте жақсы, олай болса бүгін бізде Гүлім мұғалім болады.
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын!
(Гүлім мұғалім болып, балалармен әңгімелеседі)

2) Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
— Өте жақсы, Зере бізде дәрігер болады.
Кішкене әлі баламын,
Таудай болар талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
— Балалар қанеки Айдарбек-Данияр бала шығып, дәрігеріміз Зереден ем қабылдайық.

3) Тікті әсем киімді, Дүкенге әкеп ілінді.(Тігінші)
Тігінші қызымыз Жәудірді шақырайық:
Өрнектетіп, сәндетіп
Тігістерін бүгетін
Тігінші болам мен ертең.
Киім — кешек тігетін!
— Балалар мен Жәудірге өзімнің бет орамалымды тіктіргім келіп тұр.( тігін машинасымен іс тігіп балаларға көрсетеді)
— Біздің балаларымыз қандай өнерлі.
4) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім?
(Солдат)
Біздің арамызда ел қорғаны болам деп Асхат, Диас, Айдын бар екен. Олай болса ұландарымызды шақырайық:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Шынығамын таңертең
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең!
5) Тәртіп заңды сақтайды, ел сенімін ақтайды (полиция) Нұрасыл
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам.
Мен полиция боламын
6)Тәп тәтті тамағы, тамақтың маманы(Аспазшы)
Біздің бүгінгі аспазымыз Жазира – Зере2
Жазира: Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

Зере2: Унас сегодня в группе
Будет новая игра
Все девчонки – поварихи
А мальчишки – повара

Зере2 бала шығып компотты дайындайтын жемістерді жинайды
Жазира салат дайындайтын көкеністерді жинайды
Аспазымыздың қолынан дәм татайық.

СЕРГІТУ СӘТІ: Балалар мың бұралған биші де бір мамандық иесі екен. Олай болса біз де бойымызды сергітіп биші болып, би билейік.

Сергіту сәті: Жаттығу биі.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды қойып, төрт баланы шығарамын, төрт баланы төрт түрлі мамандық иесіне бөлемін, ойын шартын түсіндіремін. Төрт бала өзіне қажетті құралдарды тез – тез кескін суреттерді құрастырып алады. Алған құралдарымен не істеуге болтындығын айтады және өскенде сол маман иесі болғысы келетіндігін айтады.
ТАҚПАҚТАР
Тұрақбай (ғарышкер)
Көкке ұшамын —
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның

Алихан (шаштараз)
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолына
Түрлі — түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма.

Нұрғалым Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын.
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мен құрылысшы боламын

Аян (Өрт сөндіруші)
Армандаймын мамандық,
Көңілім бар таланттық.
Өрт сөндіруші қалауым,
Батыр мықты боламын.

Мақсат (музакант)
Как играет музыкант
Как прекрасны скрипки звуки
Уменя большой талант
Золотые руки

Арман (маляр)
Я маляр, шагаю к вам
С кистью и ведром
Свежей краской буду сам
Красить новый дом

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан,
Сенде бір — кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан!
Балалар осындай мамандық иесі болу үшін білімді, тәрбиелі болып ер жетуіміз керек.

Өте жақсы балалар.
Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын атай білуі керек.
Нені игеру керек: Суретке қарап, әңгіме құрауды.
Нені біледі: Үлкендердің , мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Мен суретшімін сценарий
  • Мен патриотпын сценарий
  • Мен ерекше баламын бай?ауы сценарий
  • Мен елімні? патриотымын сценарий
  • Мен ?нерлі баламын сценарий балаба?шада