Мені? отбасым сценарий балаба?шада

Білім беру саласы:Элеуметтік орта.О?у іс-?рекеті: ?орша?ан орта.Тобы:Ересек.Та?ырыбы: Мені? отбасым.Ма?саты:Балалар?а отбасы ж?не отбасы м?шелері туралы т?сінік беру. С?йлем ??рап айт?а,дыбыстарды аны?,таза жеткізе білуге да?дыландыру. Отбасында ?лкендерді сыйлап,кішілерге ?ам?ор болу сия?ты ?дептіл

?йымдастырушылы?-

?оз?аушылы?

1.??гіме ж?ргізу.

-Балалар,бізді? шатты? ше?беріміз неге ??сайды?

-Ия,бізді? шатты? ше?беріміз киіз ?йге ??сайды.Жо?арыда?ы к?мбез ша?ыра? деп аталады.Ша?ыра?-отбасыны? белгісі.?р адам,?лкен болсын,кіші болсын ?з ?йін жа?сы к?рнді,себебі ол ?йде оны? отбасы т?рады.Отбасы-дегеніміз бір ?йде т?ратын адамдар тобы.Отбасы м?шелері:?ке,ана ж?не оларды? балалары.Отбасыны? болуы-?лкен ба?ыт.Барлы?ымыз бірге ?айталайы?.

Отбасы-ол ба?ыт,

Отбасы-ол ата-ана,

Отбасы-туыстарымыз,

Отбасы-ол ша?ыра?.

-?р адамны? ?з ?йі болады.Онда оны? отбасы м?шелері т?рады.Олар ата,апа,?пке,а?а іні ?арындас т.б.

2.Сергіту с?ті:Е.?тетілеу?лыны? «Бес сауса?» ?ле?імен орындалады.

3.Суретпен ж?мыс.Отбасы бейнеленген суреттен оны? м?шелерін айт?ызу.

-Мына отбасында ата,?же бар екен,балалар,та?ы кім бар?

-Т?рде кім отыр?

-Д?рыс айтасы?дар.Атаны? о? жа?ында ?же шай ішіп отыр.

-Шайды кім ??йып беріп отыр?

-Барлы?ымызды? ?йімізде анамыз,?кеміз,атамыз бен ?жеміз бар ?ой?

4.?лестірмелі материалмен ж?мыс. «Мені? отбасым»

Берілген суреттерді? ішінен отбасы м?шесін табу.

-Отбасы м?шелерін сыйлау керек. ?лкеннен б?рын с?йлемейміз.Жол береміз.

?лкенге ізет,кішіге ?ам?орлы? к?рсетеміз.

5.Ойын:Кім тез табады? Шартты: текшеде отбасы м?шелері? суреттері к?рсетілген.

Балалар бірге ?айталайды.

Мазм?нына с?йкес ?ймылдар жасайды.

Балалар бірге ?айталайды.

Сауса?тарды к?рсетіп айтады.

-Анасы,?кесі,а?а,апасы бар екен.

-Отбасы м?шелері жйналып шай ішіп отыр.

Атасы отыр.

-Анасы шай ??йып беріп отыр.

Балалар т?рбиешіні? к?мегімен бірге орындайды.

Балалар ?з ойларын айтады.

Балалар бірге ?айталап айтады.

Балалар текшеде бейнеленген отбасы м?шелерін жылдам атайды.

Мақсаты: ата-аналарға тапсырма беру арқылы балаларға ұмыт болып бара жатқан қазақтың дәстүрлерін үйрету. Ата-анамен балабақша тәрбиесін байланыстыру. Ұлттық тәрбиені балабақшада одан әрі дамыту. Отбасымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сайысты өткізу шарты 5 кезеңнен құралады.

Қазылар алқасы 2 адам болады.

Көрнекіліктер: Қоржын, тапсырма жазылған карточкалар, қол өнер көрсетуге арналған құралдар,

сайысқа қатысушыларға берілетін мақтау қағазы.

Залды безендіру: зал іші сайысқа байланысты безендіріледі, музыка ойналып тұрады, топтың ішінде үш қатысушы отбасына арналған стол қойылады.

Сайыстың барысы:

Құрметті қатысушылар, қонақтар! Барлығымызға белгілі 8 қыркүйек отбасы мерекесі болып белгіленді. Сондықтан осы мерекеге орай шағын орталығымызда «Отбасы алтын ұям» атты отбасылық сайыс өткізгелі отырмыз.

-Балалар айтыңдаршы осы біздің Республикамызм қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы

-Дұрыс балалар біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы, ол бір үлкен мемлекет. Ал отбасы- ол кіші мемлекет , яғни сендердің әр біреуінде бір Отан бар- ол отбасы . Демек әр отбасында ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас болады. Осының барлығы отбасын құрайды. Отбасында кішілер үлкендердің айтқанын тыңдап, оларды сыйлау қажет. Үлкендер кішілерге қамқор болу керек.

Ал қане Бекарыс сенің кішкентай отбасында кімдер тұрады?

-Әкем, анам, інім және мен….( бірнеше баладан сұрау)

-Дұрыс , онда біз отбасылар сайысын бастайық

сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бұл сайысқа үш отбасы қатысады.

Жиналыппыз жұма күні бәрімізде,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіндер қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына төрімізде-деп

Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныстырайық

1 номерде: Шакеновтар отбасы 2 номерде: Иманкуловтар отбасы 3 номерде: Уахитовтар отбасы

1 кезең: «Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер» — деп аталады.

Сәлемдесу ата салтым бұл дағы,

Үйренейік асылдарды мұндағы.

Ата-баба ұмыт болмай кешегі,

Салтын білген әдепті боп өседі.

(әр отбасының өзін-өзі таныстыруы өлеңмен, не қарасөзбен)

Әкесі-таныстырады

Анасы- қазақша иіліп сәлем береді

Баласы- жеті атасын атайды

2 кезең: Өзгерсе де мынау заман құбылып,

Ата салтын өсейік біз ұғынып

Мұнда карточкадағы салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға отбасылар ақылдасып жауап береді.

1) «Шілдехана»және «Шашу» салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз

2) «Бесікке салу» және «тыштырма» дәстүрінің мағнасын түсіндіріңіз

3)» Иткөйлек» және » қырқынан шығару» дәстүрін түсіндіріңіз

3кезең Уақытыңды босқа досым өткізбе,

Текті бала тартады тек негізге-деп

«Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер»

Әкесіне тапсырма- қамшы өру

Анасына тапсырма- матаның үстіне оюды тігу

Баласына тапсырма- қағазда көрсетілген әртүрлі фигураларды қайшымен қиып алу

Музыкалық үзіліс Алибекова Ақерке «Ана » әнін орындайды

4кезең «Қазақтың тыйым сөзі- ұлттық тәрбие көзі»

әр отбасы кезекпен тыйым сөздер айтып жарысады

1)Отбасыларыңызда өз ұлтынызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіздер?

2)Балаңыздың бойынан ұлтымызға тән қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

5 кезең «Өнер кезеңі» ( әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді)

Бүгінгі күн әр шанырақтың той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым еткен байқауымыздың соңында

Ақ тілекпен әділқазы сөз алар-

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз

«Дәстүр ұйтқысы «отбасы

«Үлгі тұтар» отбасы

«Белсенді » отбасы номинациялары бойынша марапатталады

«Менің отбасым»
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ — жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

— Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
— Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
— Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
— Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
— Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір — бірімен тату — тәтті тұрады.
— Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.

Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
— Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
— Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
— Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір — біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
Ойын: » Мынау кім?»
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
Сергіту жаттығуы: Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң — тозаңды қуамын.
Ойын сұрақ: » Көңілді доп»
— Отбасы мүшесін ата.
— Отбасында кімді жақсы көресің?
— Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
— Анаңа қалай көмектесесің?
— Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
— Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
— Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
— Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.
Үстел үсті ойыны:
«Қуыршақты киіндіреміз»
Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру.
Балалардың жұмысын мадақтау.
— Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, адамгершілік, мейірімділік қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер.
— Өте жақсы балалар.

Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: отбасы мүшелерін атай білуге үйрету, еркелетіп айтатын сөздерді үйрету;
сөздік қорларын байыту; отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу;
Қажетті құралдар: түрлі — түсті шарлар, айна, отбасы мүшелерінің суреттері, саусақ театрына арналған қуыршақтар, түрлі – түсті қақпақшалар.
Сөздік жұмыс: отбасы, жүрегім, ботам, қозым;
Билингвалды компонент: отбасы — семья, жүрек — сердце;

Мотивациялық — қозғаушылық
Балаларды шеңберге тұрғызып бір — біріне жылы сөздер айтуды ұсынады.
Шаттық шеңбері
Атамнан басталар
Әжемнен қосталар,
Отбасы осылар,
Ең жақын адамдар.
(Балаларға отбасы туралы суретті көрсетіп әңгімелетеді)
Балаларға үлкендерді, ата — анасын тыңдап, кішкентайларды құрметтеу керектіген айту және олардың ең жақын адамдар екендігін түсіндіру.
Сұрақтар қояды:
— Сендердің отбасыларыңда қанша адам бар?
— Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсыңдар?
— Отбасыңдағы ең жақын адам кім?
Балалардың жауаптары.

Сергіту сәті
«Отбасы мүшелерін киіндір» дидактикалық ойын
«Сөзді жалғастыр» сөздік ойын
Қ. Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, балалар жалғастырады.
Жүрегім кім менің,
Тірегім кім менің
Жаным кім менің,
Сәнім кім менің. Ботақаным Бағлан қозым менің не деген тәтті баласын өзің. Балалар сендерді үйде ата — әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме?
Балалардың жауаптары.
«Мен кімге ұқсаймын?» ойын
Бала айнаға қарап өзінің кімге ұқсайтынын айтады.
— Мен анама ұқсайды.
— Мен әкеме ұқсаймын.
— Мен әжеме ұқсаймын.
«Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру;
Таңғажайып сәт: Күлдірген түрлі — түсті шарларымен кіріп, ойын ойнатады..
«Үй құрастырамыз» дидактикалық ойын

Рефлексивтік түзетушілік
Күлдірген балаларға сұрақтар қойып, жауап берген балаларға түрлі — түсті шарлар береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: отбасы мүшелерінің алатын орнын.
Нені игереді: бірлескен әрекет отбасы мүшелерін жақындастыратынын.
Нені біледі: отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау қажеттігін.

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбер:

-Балалар, қане барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.

Қане,қане тұрайық,                                                                                   Үлкен шеңбер құрайық.                                                                  Тұрсақ егер шеңберге                                                                        Алақанды ұрайық.                                                                                         Оң жақтағы балаға,                                                                             Сол жақтағы балаға,                                                                          Шапалақта шапалақ,                                                                        Шапалақта шапалақ!                                                                   -Балалар, қараңдаршы біздің топқа қонақтар келіп отыр. Барлығымыз  амандасып алайық.

Бақшамызға барғанда,                                                                       Жолыққан бар жандарға.                                                             Ертемен,ақпейілмен,                                                               «Қайырлы таң»-деймін мен!                                                                   Қайырлы таң,апайлар!Қайырлы таң,достар! Сәлеметсіздер ме!

-Балалар, енді орнымызға отырайық.

Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады ?

-Күзде ауа-райы қандай болады?

-Күз мезгілінде не жауады?

-Сендер күз мезгілінде қандай киімдер киесіңдер?

Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең мазмұнына сай қимыл жасайды.

-Балалар қонақатармен амандасты.

Күз мезгілі.

Салқын болады.

Жаңбыр жауады.

Жылы киімдер киеміз.

 

Іздену ұйымдастыру

шы

 Балалар,мен бір өлең оқып берейін,ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Аталар, әжелер,

Әкелер, аналар,

Апалар, ағалар,

Әр үйде бар олар.

-Балалар,бұл өлең кім туралы?                                                 Балалар,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті отбасы тақырыбында болмақ.

Балалар,мына суретке қараңдаршы.Мынау не?(суреттегі үйді көрсетеді)

Бұл үйде кімдер турады?

Бір үйде тұратын адамдар тобын  біз отбасы деп атаймыз. Отбасы мүшелері:Әке,ана,және олардын балалары. Әр адам ,үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді ,себебі: ол үйде оның отбасы тұрады.Олар бір-бірін сыйлайды,қамқор болады,тату болады.Бірге отбасылық мерекелерді тойлайды,үйдегі жұмыстарды бірлесіп орындайды.

Белингвальды  бөлім: Ата,дедушка,Әже, бабушка,Әке, папа.

Ана-мама,Аға-брат, Әпке-сестра, Іні – братишка

Сергіту сәті: «Акуленок»

Ғажайып сәт:

-Экранға қарайықшы. Балалар,бұл Білімпаз ата.Бүгін біз

отбасы туралы оқу қызметін өтіп жатқанымызды естіп, отбасы тақырыбында сендердің білімдеріңді тексеріп көрмекші.

Ол үшін сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындапты. Сол тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, Білімпаз атанын сендерге арнаған сыйлығы бар.

Балалар, Білімпаз атаның тапсырмасын орындаймызба?

1-ші тасырма.«Отбасы туралы санамақ айт»

— Балалар қәне отбасы туралы . «Бір үйде біз нешеуміз?» аттысанамақты айтайық.

Балалар мен сендерге өте ризамын ,барлықтарың жақсы айттыңдар.

2-ші тапсырма «Кім тез табады?»  деп аталады.

— Балалар ойын ойнаймызба?

Балалар,мына текшелерде кімнің суретін көріп тұрсыңдар?

Шарты:Текшеде отбасы мүшелерінің суреті көрсетілген.Тақтаға шыққан 2 бала тәрбиешінің нұсқауымен отбасы мүшелері тез тауып көрсетеді.

 — Балалар, ойынды жақсы ойнай білдіңдер. Барлықтарың дұрыс таба білдіңдер.

3-ші «Баламен бетпе — бет» деп аталады.

-Бұл тапсырмада бір бала өз отбасы мүшелерін таныстыру керек. -Балалар, суретке назар  салайықшы, мына суретте кімді көріп тұрсыңдар?(экранда отбасы суреті)

-Иә, бұл суретте дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.Бұл үлкен отбасы.Ата,Апа,әке,ана,әпке,іні бар.Татулығы,бірлігі жарасқан отбасы.

-Ортаға Рахымжанды шақырамын.

-Рахымжан бізді отбасы мүшелерімен таныстырады.

Мынау кім?Отбасыңда кімдер бар?

( Слайдтан жеке-жеке сурет шығады)

4-ші тапсырма «Текшеден үй құрастыр»

Текшелерден үй құрастырып,отбасы мүшелерінің суреттерін жапсыруды тапсырады.

 Жарайсыңдар! Мен сендердің білімдеріңе,татулықтарыңа риза болып тұрмын.Сендер бірлесіп қандай әдемі,мықты үй тұрғыздыңдар.

Барлығыңда Білімпаз атаның сыйлығына  лайықсыңдар.

Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Балалар бүгін біз кімдер туралы айттық?

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Қане енді, отбасы туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайықшы.

Бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерді мына жұлдызшаларды беріп бағалаймын.

Бүгінгі ашық оқу қызметі аяқталды.

Енді қонақтарымызбен қоштасайық.

 

Өлең отбасы мүшелері туралы.

Бұл – үй.

-Ата,әже,әке,ана,әпке, іні, аға.

Тәрбиешімен бірге отбасы мүшелерін орыс тілінде атайды.

Сергіту жаттығуын теледидарға қарап орындайды

Ия орындаймыз.

Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуіміз
Бас бармағын – атам
Балан үйрек – әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – шешем
титей бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Ата,әже,әке,ана,аға,әпке,

Суретке қарап өз отбасы туралы айтады.

Мынау әжем.Мынау әкем,анам.Мынау менің ағам мен әпкелерім.Мен отбасымды жақсы көремін.

2 топқа бөлініп үлкен текшелерден үй құрастырады, тәрбиешінің көмегімен отбасы мүшелері суреттерін жапсырады

Балалардың жауабы

Отбасы туралы айттық

-Ата,әже,әке,ана,әпке, іні, аға.

Балалар тәрбиешімен бірге тақпақты қайталап айтты.

1.Атамнан басталар,Әжемнен қосталар.Отбасым мыналар,Ең жақсы адамдар.

2.Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар.Бір туған апам бар,Бәрін жақсы көремін,Еркелеймін ,еремін.

3.Мамочка милая,мама моя.Ты самая добрая. Я люблю тебя.

Сау болыңыздар қонақтар

Менің отбасым

Орыстілді мектепалды  даярлық  тобына  арналған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 Пән мұғалімі: Ибрагимова Э.И.    
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тобы: мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: 
1. Балалардың «Отбасы» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, отбасында кімдер тұратынын, отбасы мүшелерінің не істей алатынын айта алуға үйрету.
2. Сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға машықтану. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, тіл дамыту.
3. Өзара сыйластыққа, кішіпейілділікке, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың отбасымен түскен фотосуреттері, үлестірмелі материалдар, тақырыпқа сай слайдтар, пиктограмма суреттер. 
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, көрнекі суреттер, қазақ әліппесінің магнитті әріптері.
Әдіс-тәсілдер: мнемотехника, интервью (сұхбат), ойын әдістері.
Билингвальді компонент:
Менің отбасым – моя семья
Ана – мать,мама
Әке – отец, папа
Ата – дедушка
Әже – бабушка
Аға – старший брат
Әпке – старшая сестра
Іні – младший брат
Сіңлі, қарындас – младшая сестра
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері                   Педагогтің іс-әрекеті    Балалардың 
іс-әрекеті
Мотивация-
лық қозғаушы

Ұйымдастыру-шылық — 
ізденістік

Рефлексиялық
– түзетушілік    1.    Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме,  қонақтар!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!    
Сендерді көріп қуанам!
Ендеше, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.
—    Қане, балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!

                                             Жұмбақ:
Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім?
— Отбасы.
 — Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында  бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын«Менің отбасым» деп атап отырмыз.

                                                     «Ғажайып сәт».
— Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің қонағы —  «Балапан» телеарнасының кейіпкері – Білімпаз ата. Ол бізбен тікелей телекөпірге шыққалы тұр. Кәне, экранға назар аударайық!
Білімпаз ата:
— Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Менің атым — Білімпаз ата! Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім. Сол тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар, «Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар! 

1. «Кімді көріп тұрсың?» ойыны. Балаларға экраннан отбасы  мүшелері флипчарт-прожектор арқылы бір бірден көрсетіледі. Балалар кімді көріп тұрғандарын айтады.

Мысалы:
—    Балалар, көздеріңді жұмыңдар… енді көздеріңді ашыңдар, экраннан кімді көріп тұрсың?
—    Мен атаны көріп тұрмын.
(ойын осылай жалғасады).

2. Мұғалім: -Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.
 — Бұл фотосуретте кімнің отбасы?
— Бұл – менің отбасым.
— Мынау кім?
— Мынау – менің анам.
— Анаңның аты кім?
— Оның аты – Елена.
— Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің?
— Мен отбасыммен саябақта қыдырып жүрмін.
 — Қандай керемет!Рахмет! — деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді.

3.Мұғалім: -Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?
Келесі тапсырма «Кім не істейді?» деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды: 
Анам тамақ пісіреді. 
Әкем кітап оқиды. 
Атам теледидар көреді. 
Ағам сурет салады. 
Інім текшемен ойнайды. 
Әпкем сабақ оқиды.

4.Мұғалім: -Балалар, кім отбасы туралы мақал-мәтел біледі?
Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
1.    Отан  — отбасынан басталады.
2.    Отбасы – шағын мемлекет.
3.    Ата – бәйтерек.
4.    Балалы үй – базар.
5.    Ағасы бардың – жағасы бар, 
        Інісі бардың – тынысы бар.
6.    Ана сүті бой өсіреді,
        Ата тілі ой өсіреді.
7.    Ата – анаңды құрметте,
        Үлкендерді құрметте!
8.    Ана – бұлақ,
        Әке – асқар тау,
        Бала – жапырақ.

      Сергіту сәті.
Экраннан бейне сергіту жаттығуы жіберіледі. 

5. Саусақ жаттығуы.
Отбасы туралы санамақты айтайық. 
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық, екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек — анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

6. — Балалар, әке, әже деген сөздер қай әріп пен дыбыстан басталады?
—    Ә әрпі мен дыбысынан басталады.
—    Ә әрпі қандай дыбыс?
—    Дауысты дыбыс.
—    Ә әрпінен келетін сөздерді айта қойыңдар.
—    Әже, әке, әткеншек, әріп, әтеш, Әсия, Әсет, т.б.
—    Тағы қандай сөздерде ә әрпі бар екенін мына «Сиқырлы кітаптан» көрейік (экраннан ә әрпі туралы мультфильм жүреді).

7. Дыбыстық жаттығу.
 «Жоғалған әріптер». Әріптер магниттік тақтада шашылып жапсырылады. Балаға әже, әке сөздері беріледі. Бала сол сөздің құрамындағы әріптерді тез тауып, сөз құрастыруы керек. Содан соң алақанымызды бір-біріне соғып, шапалақтап сөздерді буынға бөлеміз: ә-ке, ә-же. 

8.«Сұлбасын тап» ойыны. Экраннан ата, әже, әке, аналардың суреттері сұлбасымен беріледі. Балалар отбасы мүшелерін сұлбасымен дұрыс сәйкестендіреді және атайды.

9.    Ал, балалар, сендер отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.

Атам менің ақылды,
Әжем менің мейірімді.
Әкем менің қайратты,
Анам менің әдемі.

Мой отец родной – әке,
Мама милая – ана.
Моя бабушка – әже,
Добрый дедушка – ата.

Анам, анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.

Мама, мама, маматай,
Сені жақсы көремін.
Мейрамыңмен құттықтап,
Саған гүлді беремін.

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Аталар, әжелер,
Ағалар, әпкелер,     (бәрі хормен)
Аналар, балалар,
Әр үйде бар олар.

10.    «Бұл кім?» онлайн мозаика ойыны. Балаларға онлайн мозаика ойыны ойнатылады. Бөлінген пазл сурет құрастырылуы керек. Құрастырылғаннан кейін кімнің суреті шыққанын айтады.  

«Мен …  жақсы көремін» дидактикалық ойыны.
Экраннан пиктограммалар көрсетіледі. Балалар пиктограмма арқылы отбасын, отбасы мүшелерін жақсы көретіндіктерін айтады. 
Мысалы: Мен атамды (әжемді, анамды, әкемді, …) жақсы көремін. Біз отбасымызды жақсы көреміз.

  Білімпаз ата:
—    Жарайсыңдар, балапандар! Мен сендердің білімдеріңе риза болып тұрмын. Барлығың да «Білімді балапан» атағына лайықсыңдар. Мен басқа да бүлдіршіндерге баруым керек. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
—    Сізге көп рахмет, Білімпаз ата, сау болыңыз!
—     Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде кімдер туралы айттық?
—    Не үйрендік?
—    Сендерге оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
—    Ендеше, орнымыздан тұрып, топқа барамыз.
    Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.

Балалар жұмбақ шешеді.

Балалар Білімпаз атаны тыңдайды. 
Балалар флипчарт экран арқылы кімді көріп тұрғанын айтып береді.

Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. Екі бала шығып бір-бірімен сұхбаттасады (интервью алады).

Балалар сурет бойынша отбасында  кімнің не істейтінін айтып береді.

Балалар отбасына байланысты мақал-мәтелдер айтады.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды, музыкаға сәйкес билейді.

Өлең жолдарын  қайталап, мазмұнына сәйкес саусақтарын бүгіп, қимыл жасайды.

Балалар Ә әрпі бар сөздерді еске түсіріп, сөздерді айтады, мультфильм тамашалайды.

Балалар магнитті тақтадағы шашылған әріптерден сөз құрастырады.

Балалар отбасы мүшелерін сұлбасыменсәйкестендіреді (интерактивті қалам қолданылады).

Балалар отбасы туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып береді.

Балалар 1-2 тақпақты пиктограммалар арқылы айтады.

Балалар интерактивті қаламның көмегімен мозаиканы құрастырады.

Балалар пиктограммалар арқылы айтып береді.

Балалар белсенді лексиканы хормен, 
жеке-жеке қайталайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін қазақша атап, олардың не істейтінін айта біледі;
Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін игереді;
Меңгереді: суреттерді сөйлетіп, отбасы мүшелерін – әже, ата, әке, ана, аға, әпке, іні, 
сіңлі, қарындасты ажыратып, оларды орынды атай алады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Ата – аналармен тренинг
Тақырыбы: «Біз бақытты отбасы»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Құрметті ата-аналар сіздермен бірге отбасы бақыты тақырыбында сөз қозғаймыз. Трениг сабағымызға қош келдіңіздер дей отырып, тренингті «Отбасы татулығы» аңызымен бастағым келіп отыр.
2. Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, әрқайсысы өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-майрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірліктің болуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-Осы-ақ па?
— Иә,-деді ақсақал- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады-деді де сәл ойланып «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Барлық отбасыға айтарым босағасы берік,шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөлінуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екен.
Құрметті ата-аналар сіздердің де отбасыларыңызға татулық пен бірліктің болуы үшін жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» және шыдамдылық тілеймін.

3.Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

Ия құрметті ата-аналар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.
4. Бақыт деген не өзі? Бейнебаян
Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..
Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Бақыт дегеніміз — өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.

5. Бейнебаян Бақытты отбасы
Бір кішкентай қалашықта екі отбасы бір-бірімен көрші тұрады.
Бір отбасындағы ерлі зайыптылар қандай жағдай болмасын үнемі бір-бірін кінәлап, жиі жанжалдасады.
Ал екінші отбасы ешқандай ұрыс керіссіз, жанжалсыз тату — тәтті өмір сүреді.
Жанжалдасқыш әйел көрші отбасының тату тәтті өмір сүргенін көре алмай, күйеуіне оның сырының неде екенін біліп қайтуын сұранады.
Осылайша күйеуі көрші үйдің ашық тұрған терезесінен ерлі-зайыптыларды бақылайды.
Көрші үйдің әйелі үйін тазалап — жинастырумен айналысып жатады. Қолына қымбат құмыраны ұстап, шаңын сүртіп жатады.
Кенеттен телефон шылдырлайды, телефонға асыққан әйел сүртіп тұрған құмыраны столдың шетіне қоя салып жүгіреді.
Осы мезетте күйеуіне осы бөлмеден бір нәрсе керек болып, столдың шетінде тұрған қымбат құмыраны жерге құлатып, сындырып қояды.
Осының барлығын бақылап тұрған көрші: «Не болар екен?»- деп тағатсыздана күтеді.
Телефонмен сөйлесіп болған әйелі өкінішпен бір күрсінді де, күйеуінің қасына келіп: Кешірші мені қымбаттым! Мен кінәлімін, құмыраны өте ыңғайсыз қойдым. Ал күйеуі: Жоқ аяулым мен кінәлімін, мен асығыстықтан бұл құмыраны байқамай жерге құлаттым. Жарайды, қоя берші. Жамандық осымен кетсін,- дейді.
Бақылап тұрған көршісі таңырқап қалғаны сондай , жүрегі ауырып , үйіне көңіл күйі түсіп келеді.
Әйелі оған: “Неге сонша ұзақ бақыладың? Көрдің бе? Иә, қалай екен оларда?”
Күйеуі:”Оларда бір жағдай болса барлығы кінәлі екен. Ал бізде бәрі өзінікін дұрыс санайды”

6. Сергіту сәті:Мақал-мәтелдерді аяқтау

1)Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2) Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.
3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
4) Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
5) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
6) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
7) Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
8) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
9) Ата — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ,
бала — жағасындағы құрақ.
10) Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
11) Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.
12) Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
13) Әке көрген — оқ жонар, шеше көрген — он пішер.

7.Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.
4. «Тапқырлық» кірпіші: Бақыт сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

8. Күлкі — көңіл ажары(1 мин сұраққа жауап беру)
Ата-аналар сіздерге берілетін сұрақтарға яғни жағдаяттарға тек қана балаңыздың атының бірінші әріпімен жауап бересіздер?
-Тренинг ұнап жатыр ма?
• Сағат неше болды?
• Шаршадыңдар ба?
• Үйге асығып тұрмыз ба?
• Қонақтарға не айтасыңдар?
• Психолог шаршады ма екен?
• Үй тапсырмасына көмектесесіңдер ме?
• Бүгін тренингке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
• Жиналысты ұнатасызз ба?
• Қонаққа мені шақырасыздар ма?
• Қандай ас ұнатасыздар?
• Балабақша ұнай ма?
• Үйге қалай барасыздар?
• Туған күнге не сыйлайсыз?
• Билеп аламыз ба?
• Шайға не қосып ішесіздер?
• Сұрағым өте көп пе?
• Үйді кім жинайды?
• Төсекті ше?
• Асты кім пісіреді?
• Каникулда не істейміз?
• Қуанғанда не істейміз?
• Ренжіткен адамға не айтасың?
• Сұрақтар қашан бітер екен?

9.Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау.
Құндылықтар
Өмірде үш нәрсе…………..
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік.

10.Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды бөлім:
7 –бөлім «10+5+1» әдісі.
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала — ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.
«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

«Менің отбасым – менің байлығым»

Мақсаты: Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте
жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін
дәлелдеу, пікірлесу.

Қажетті құрал — жабдықтар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті тақта.

І. Сәлемдесу. Тренингтің тақырыбымен таныстыру. Тренингтің не екенін, оның ережелерін, мақсатын еске түсіріп кету. (слайд)
ІІ. Танысу тренингі (3 минут)
Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.
Мысалы: Мен жайдары Жұмакүлмін.

ІІІ. Топқа бөлу.
Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлінеді.

ІV. Тренинг.
1 – бөлім. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. А. С. Макаренко. (слайд)
Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?
Жауапты сызба түрінде беру керек.
Дайындалу уақыты: 5 минут.
Екі топтан екі кісі шығып қорғайды.
Қорытынды (слайд
2 – бөлім. (слайд)
Бала – ата — аналар өмірінің жалғасы.
Тапсырма: Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек? (5 минут)
Екі топ сызба түрінде жауап береді.
Қорытынды.

түсіну мәпелеу

V. Энерджайзер.
Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін.
Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан — жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз ұлыңыз немесе қыздарыңыздың есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)
Қорытынды. Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар!

VІ. Тренингтің жалғасы.
3 – бөлім. «Отан отбасынан басталады»
Тапсырма: Отбасының қоғамдағы ролін қалай түсінесіз? (5 минут)
Екі топтан қорғайды.
Қорытынды.
Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір — біріне адалдыққа тәрбиелеген.
Бүгінгі тренингті Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

VІІ. «Тренингтен алған әсерім»
Қорытындылау. (5 минут)
Құрметті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, мына «Тілек ағашына» ілулеріңізді сұраймын.
Өз тілектерін оқып, ағашқа іледі.
Сіздердің тілектеріңіз үшін көп рахмет! Отбасыларыңызға аманшылық, сүйіспеншілік, бақыт тілеймін.
Адамның ең басты шаттығы болып саналатын – бала.
Әр бала бір жұлдыз.
Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін – сіздерсіздер!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Менеджмент организация праздников
  • Менеджер сценариев rtrainsim
  • Менеджер сценариев excel
  • Менеджер организатор детских праздников
  • Менеджер агентства детских праздников