Ұлт тілін ұлықтаған — Мұхтар Шаханов
(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)
Сценарий тақырыбы: Ұлт тілін ұлықтаған
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашы лығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;
Кештің көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы лебіздер
Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.
1– жүргізуші:
Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
2 – жүргізуші:
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы — Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.
1-жүргізуші: XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М Шаханов –қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт тілін ұлықтаған» атты кешімізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек…
Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы
Қызмет жолы: – трактордың тіркеушісі;
Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер;
«Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші;
1-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы;
Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы;
КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты;
Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.) Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.)
2-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сынып жетекшісі болған Әбдіқұл Қошанов ақынның мектептегі кезеңін былай деп суреттейді: «Мұхтардың әкесінің аты Шахан еді, ауыл тұрғындары оны «Шахан молда» деп атайтын. Анасының есімі – Ұмсын. Мен ол кезде «Жұлдыз» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінмін. 1954 жылы Мұхтар біздің мектептің 4-ші сыныбына оқуға келді. Келесі жылы мен сынып жетекшісі болдым. Мұхтар сол кезде-ақ кітапқа құмар болып өсті. Әдебиетті көп оқитын, өлеңдерді жатқа айтатын. Сол кездегі атақты ақындардың кітабын қолынан тастамайтын. Сабағы жақсы, момын болатын, ешкіммен ұрысып-төбелескенін көрмеппін. Ол велосипедпен келе жатса да ойына өлең шумақтары түссе болды, дереу жерге отыра қалып, оны дереу қойын дәптеріне жазып алатын. Сондайда оны түсінбейтін кейбіреулер «Шаханның баласына бірдеңенің шалығы тиген бе?» десіп жататын».
1-жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды…
«Мені неге Мұхтар қойған» Мұрат Әуезовке өлеңі оқылады.
2-жүргізуші: Я, өкінішке қарай ұлының Абай, Мұхтар бастаған ұлы көштің соңына ергендігін әкесі көре алмай кетті. Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді.
Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті.Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпегенсоң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті. Әкем Досболов Шахан 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерім – Отырар ауданы Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төлеби ауданының Қасқасу ауылында өстім. Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де калмапты.
Ән «Әке туралы жыр». Орындайтын: Наурызғалиева Сымбат
1-жүргізуші : осы «Бақыт» деген не өзі ?
2-жүргізуші : Бақыт деген –сенің бала күндерің
Бақытсыз –ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің- деп Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе ? Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен ? «Бақыт геометриясы» Әлішер,Бексұлтан
1-жүргізуші : «Достық- шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант.Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Өйткені досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» ақын.
«Достық өлкесінің заңы» өлеңі Інжу, Әйгерім
2-жүргізуші: «Олжас Сүлейменов -біздің халқымыздың дара перзенті, ұлы ақыны. Кеңестік — тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде ол ядролық сынақтарға қарсы батыл үн қосып, «Невада- Семей» қозғалысын құрды. Оның алдында «АЗ и Я» ктабымен ұлтымыз дың рухын көтерді, ол еңбектерін ешкім де жоққа шығара алмайды.»-дейді Мұхтар Шаханов. Олжас Сүлейменовке арнаған мына өлең ақынның достықты қадірлей білетіндігіннің айғағы іспеттес.
«Біз қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз» өлеңі Жұлдызай
1- жүргізуші: Ақын поэзиясына алтын арқау болған тақырыптардың ізгі махаббат, шынайы сүйіспеншілік. Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72-келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті, екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше, қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын, ұлы сезімін кішкен жүзігіне сидырған қайран Қорланым-ай!» — деп ағыл-тегіл жылапты.
«Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кезек берейік. Ақтентек, Тұрсынгүл, Нұрсәуле
2-жүргізуші: Мына ән шумақтары бәрімізге де таныс болар,
Өзің едім тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?
Бұл әннің өлеңін жазған Мұхтар Шаханов екенін көбіміз біле бермеуіміз мүмкін. Әр өлең жолынан сүйген жардың ерке назы мен сүйгеніне деген адал сезімі шуақ болып есіп тұрғандай….
Ән «Айналайын» орындайтын Сүтеева Ақтентек
1-жүргізуші : Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.
Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Қазақ халқының басына түскен сол ауыр жылдары Мұхтар Шаханов етегі жасқа толған қазақ аналарының рухани демеушісі, жұбатушысы болды.
«Желтоқсан алаңы» Бекқожа
2-жүргізуші:
Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ақын туған тілінің тағдырына алаңдайды. Оның бір топ өлеңдері осы тақырыпқа арналған. «Рух пен тіл» өлеңі
1-жүргізуші:
Өзендер мен көлдердің
Көлден шалғай шөлдердің,
Биіктер мен алыптардың
Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, — деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған. Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Гүлдәурен», «Өмір-өзен», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик» «Туған күн кешінде» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер. Ендеше, әрбіріміздің туған күнімізде шырқалып, жақсы күндеріміздің куәсі болған әнді қабыл алыңыздар. «Туған күн кешінде» әні
2-жүргізуші Ақын болу дегеніміз – тек қана өлең құрастырушы емес, мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз – бірінші кезекте өзіңді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу. Өз халқыңның қайғы-қуанышын тек өз қайғы –қуанышым деп таныған шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің. Өйткені, « Кім қаншама шексіз сүйсе отанын, оның тартар азабы да соншама», -дейді ақын. Келесі сөзді ақын поэзиясына береміз.
«Жігерлендіру» Өзін бақытсызбын депесептеген жігітке жауап Рауан
«Төрт ана» өлеңі Әбиева А
«Жалын» өлеңі Аманжолов Ә
«Үнсіздік» Жақсылықова П
«Цемент»Рахатова Д
«Алтын, күміс және қалайы» Сермағанбетова Ж
1-жүргізуші: Мұхтар Шаханов — өз әріптестерінің арасында да өте жоғары бағаға ие болған ақын. Ол туралы лебіздердіі тыңдасақ
1-оқушы.
Мұхтар Шаханов — өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр мекен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін.
Расул Ғамзатов
2-оқушы.
Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз замандастары арасында Еуропада Шахановқа тең келер ақын жоқ.
Роберто Чиули
3-оқушы
Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ… Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек –ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.
Шыңғыс Айтматов
4-оқушы
Құдайым әр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай еңбек етудi жазсын.
Джон ЭШБЕРИ
5-оқушы
Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов — ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегi Желтоқсан көтерiлiсi кезеңiнде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегi қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенiң алпауыттарына басын бәйгеге тiге отырып қарсы шыққан, сөйтiп, ұлтымызды үлкен әдiлетсiздiктен қорғап қалған осы жiгiт […] Қасым ҚАЙСЕНОВ, Халық қаһарманы
2-жүргізуші:
Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып ән салсаң,
О, керемет!
Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
М.Шаханов –әрі ақын, әрі сазгер. Оның бірнеше өз әндері бар. Олай болса келесі кезекті әнге берейік. Ән «Гүлдәурен» орындайтын Оразалы
1-жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі,мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкем: «Жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері»- дейді ақын.
«Отырар» дастанынан үзінді Райымбек
Ақын өлеңіне жазылған Тақаева Айдананың орындауындағы «Отырардағы той» әні.
2-жүргізуші : Анам марқұм Ұмсын Айтбайқызы «Неше перзентіңіз бар?» — деп сұрағандарға: «Ұлым үшеу, үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – Мұхтар Шаханов» — дер еді.Бірде үйде қонақта отырғанда Дінмұхаммед Қонаев: «Жеңеше, қазақтың үш мықтысын дүниеге бір өзіңіз әкелген екенсіз ғой», — деп әзілдегенде, «Екеуінің мықты екені рас, ал үшіншісінің шынайы биікке көтерілуі үшін әлі көп тер төгуіне тура келеді», — деп жауап бергені есімде қалыпты. Анам Шәкеңді де, Төкеңді де өзгеше аналық парасатпен жақсы көрді. Ол екеуі де анам дегенде ішкен асын жерге қоярдай құрметінен танған емес.
1—жүргізуші: Я, ақынның көптеген әндерін қазақтың «Вальс королі» атанған Шәмшідей композиторсыз елестету мүмкін емес. Махаббат гимніне айналған «Арыс жағасында» әнін әу дейтін қазақтың бәрі біледі десем қателеспейтін болармын. Ендеше осы әнді бәріміз бірге орындайық.
2-жүргізуші:
Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан
Арып-арып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп өлуден.
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу — үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса
Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.
1-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби — сазды кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
1. /Абдрахманова _.Ж. _деби кеш.М_хтар Шаханов — т_л жанашыры..docx | Әдеби кеш. «Мұхтар Шаханов – тіл жанашыры» |
№25 Красноярка орта мектебі.
Әдеби кеш.
«Мұхтар Шаханов – тіл жанашыры»
/9 «А» сыныбы/
Өткізген: Абдрахманова Әсемгүл Жанболатқызы.
2012 жыл. Қыркүйек
Тақырыбы: «Мұхтар Шаханов – тіл жанашыры»
Мақсаты: Тіл жанашыры Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, ақын өлеңдері арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: әдеби кеш.
Көрнекілігі: Ақынның портреті, ақын шығармашылығына арналған тақта,
әдеби кітаптар, «Аңыз адам» журналы, газет материалдары.
Барысы:
Қош келдіңіздер құрматті көркрмен қауым! Барлықтарыңызды Тіл мерекесімен құттықтаймыз! Елдігіміздің айғағы, ертеңіміздің айнасы – тіліміздің мәртебесі биік болғай!
Тіл тағдырын өз өміріне арқау еткен ұлт жанашырының бірі Мұхтар Шаханов. Ақын ағамызға да биыл жетпіс жыл толып отыр. «Тілдер мерекесіне» орай 9 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Мұхтар Шаханов – тіл жанашыры» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұхтар ағаның қазақ тілінің тағдырына қатысты жанайқайы көптің құлағына жетіп жатыр. Жалпы, бұл – Мұхтар Шаханов өмір бойы шыр-пыр болып келе жатқан мәселе. 1989 жылы мемлекеттік тіл туралы заң қабылданарда Мұхтар Жоғары Кеңесте болмағанда, орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болып қабылданатын еді. Шаханов осы мәселеге қатысты өте күшті наразылығын білдіріп, елбасына айтып, ақыры қазақ тілін қорғап шықты. Егер қазақта Мұхтар Шахановтай жүз мың адам болса, онда біздің ана тіліміздің мәртебесіАлатаудай болар еді.
Ақын поэзиясының азаматтық бағытын айқындайтын «Төрт ананы» қастерлеу арқылы ұлт құндылықтарын қорғау керектігі туралы ойланатын жол ашады.
Жас бүлдіршін 2 «А» сынып оқушысы Рафаилова Гүлназды «Төрт ана» өлеңін оқуға ортаға шақырамыз.
Мұхтар Шаханов – ұлттық поэзияда өзіндік бағытын қалыптастырған ақын. Ол- азаматтық поэзияның өкілі. Ақын поэзиясында, азаматтық ұстаным үнемі биіктен көрінеді. Мұхтар поэзиясы әр адамның жүрегін түрткілеп, санасына салмақ салар сұрақтарды сұлу жырдың өзегіне айналдыра білуімен ерекшеленеді.
Ортада жас талант ақын Еркін Жантастың орындауында Мұхтар Шахановтын «Жігерлендіру» өлеңі.
Мұхтар Шаханов ақындығының ерекшелігі- халықтың, оқырманның жүрегіндегі сырды, мұңды жеткізе білетіндігінде, халықпен өлең тілінде сұхбаттаса алатындығында. Өлең тілімен сұхбаттаса отырып халқына рух беретіндігінде. Ең көкейкесті мәселелерді қозғай алатындығында. Мәселен, тіл жайлы айтқан кезде зар илеп, мұңын шағып қана сөйлемейді, сонымен бірге халықтың жігерін жанып сөйлейді.
«Рух пен тіл» өлеңін оқуға ортаға 3 «А» сынып оқушысы Рафаилова Дильназды шақырамыз.
Біз негізінен, Шахановтың ақындығын ғана айтып жүрміз. Мұхтар аға тек композиторлықпен айналысқанда кеуде соғып жүрген талай композиторлар етекте қалар еді. Шаханов – композитор ретінде де Шәмшімен қатар тұратын талант иесі. Шахановтың музыкаға жазған өлеңдері қазақы қарапайымдылықпен өрілген сыршылдыққа тұнып тұрады.
Назарларыңызда «Туған күн» әні. Орындайтын Исхан Жаңылсын, Еркін Мадина.
Мұхтар Шаханов шығармаларының тақырыптары көркемсурет галереясы тәрізді әртүрлі. Онда ұлт, имандылық, адамгершілік тақырыптары бәрі де жеткілікті. Дегенмен, ақын поэзиясының алтын қазығы ұлт пен тіл. Мұхтар аға тек өзінің өлеңімен ғана емес, болмыс- бітімімен де солай. Тіршілікке тілсіз, ұлтсыз, ұлттан тыс қарай алмайды.
Төтешова Айгерім: «Жайықпен жүздескенде»
Исхан Жаңылсын: «Рух мектебіндегі мұң»
Мұхтар ағаның имансыздыққа, қатыгездікке, қайырымсыздыққа, мейірімсіздікке қарсы күйіне жазған өлеңдері де көп. Ақын адамгершіліктің болмыс- бітімі көрінетін өлеңдері – адам бойына имандылықты орнықтыру.
Қазиева Аяужан: «Құлпытас кепиеті немесе кер тебу заңы»
Төтешова Күнсұлу: «Қасымды қабылдамаған адам хақында»
Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шаханов екеуі бірігіп жазған бас- аяғы 10 ән бар. Солардың қайсысы болсын халыққа кең тараған. Әсіресе ең танымалысы «Ақ бантик» әні. Бұл әнді білмейтін қазақ жоқ шығар. Өзіміз де кішкентайымыздан осы әнді жаттап өстік. Тіпті кішкентай бүлдіршіндеріміз де сүйсіне орындайды.
Қуанышев Әлішер, Сұлтанова Гүлдана және 2 «А» сынып оқушыларының орындауында осы тамаша әнді қабыл алыңыздар.«Ақ бантик»
Мұхтар Шахановтың осы күнге дейін қолынан қаламының түспеуін, керемет әндерді дүниеге әкелуін Алланың ол кісіге берген ерекше сыйы деп білеміз. Заңғарымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов Шахановтың «Жұбайлар жырын» жоғары бағалап, ерекше жақсы көріпті. Үнемі ақын Ғафу Қайырбеков пен оның әйелі Бәтеске айтқызып, тыңдап отырады екен. Шахановтың 15-ке жуық хит әні бар. Ал композитор ретінде 30-ға жуық ән жазыпты, соның ішінде тең жартысы халық әніндей болып кеткен.
Исхан Жаңылсын: «Жұбайлар жыры»
Мұхтар Шаханов – елдік, ұлттық мәселелерге байланысты өзінің азаматтық позициясын да күлбілтесіз танытып жүрген ақын. Сондықтан МұхтарШаханов тарих алдындағы үлкен бір парызын орындады деп айтуға болады. Желтоқсан оқиғасының әділ бағасын алуы Шахановтың атымен байланысты. Шаханов батырлықпен қатар, халқына деген үлкен жанашырлық танытты, ұлт мүддесін түсінетін патриот азамат екенін көрсетті.
Иманбаева Анар: «Желтоқсан оқиғасынжағы Мұхтар Шахановтың орны»
Қабдулов Шыңғыс: «Желтоқсан алаңы»
Шәмші ағамыз әнін дүниеге әкелгеннен кейін қай ақынның осы әнге өз деңгейінде өлең жаза алатындығын зерттесе керек. Содан болар, Мұхтар аға екеуі бірігіп жазған әндердіңішінде осалы жоқ. Сол кездері жазылып, халыққа жетпей қалған әндер де бар. Солардың бірі- «Өмір- өзен» өлеңі.Бұдан басқа тағы бес ән Шахановтың мұрағатында қалып қойған.Мұхтар досына деген адалдығының белгісі ретінде кейін осы әндері жарыққа шығарды. Бүгінде ол әнді А.Жорабаева, Ж.Жексенұлы орындап жүр.
9 «А» сынып қыздарының орындауында «Өмір-өзен» әнін қабыл алыңыздар.
Мұхтар Шаханов – қазақ поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, түр жағынан тереңдетіп, көркемдік кестесін байқатқан ақын. Ақын шығармашылығының ерекшелігі – туындыларының көпшілігінің оқиғаға құрылатындығы. Мұхтар ақын өлеңді сюжетке құрады және ондағы ой мен мазмұнға баса мән беруді мақсат етеді. Шаханов шығармаларының негізгі тұғырнамасы – адамдықты, адамдықты, әділдікті, тазалықты асқақтату, ездікті, арамдықты әшкерелейді. Ақын ұғымында махаббат тек махаббат үшін, достық тек достық үшін өмір сүрмейді. Махаббатқа адалдық жырланып отырады.
Иманбаева Анар: «Ғайша» балладасы.
Еркін Мадина: «Махабатты қорғау»
Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың достығының куәсі ретінде талай тамаша ән дүниеге келді. Композитордың- ақынның көңіл- күйін ұға білуі, , ақынның – композитордың жан дүниесін түсіне білуі М.Шаханов пен Ш.Қалдаяқовтың әндерінде көрініс тапты. Екеуі қазаққа уақыт өтсе де, маңызын жоймайтын, өшпес, тамаша ән туындыларын сыйлады.
Бекейхан Нұрсұлтан мен Исхан Жанияның орындауында «Айналайын» әні.
Мұхтар Шаханов эпикалық жанрға да мол еңбек сіңірген қаламгер. «Танакөз» поэмасы- Мұхтар Шахановтың эпикалық жанрдағы алғашқы туындысы. Оқиғалары жастар өмірінен алынған. Шын мәніндегі адамгершілікті өнеге етуі поэманың құнын көтеріп тұр. Поэмадағы тақырып өзегі- адамзат баласындағы сезімнің ең қастерлісі – махаббат пен қасиеттің ең асылы – достық. Осы екі құдіреттен нәр алатын адамдық болмыс жырланады. «Өзіңнің қара басыңның қамынан шын досыңның қамын ілгері қой» деген идея ұсынады автор. Достық сезімнің ұлы құдіретін ту етіп көтерген әр оқырманның жүрегінде жатталып қалатын мәні терең шығарма.
Көрініс: «Танакөз» поэмасы.
Қатысушылар:
Танакөз – Еркін Мадина.
Мұрат – Бекейхан Нұрсұлтан.
Мұхтар – Қабдулов Шыңғыс.
Нұргүл апа – Қазиева Аяужан.
Қоғамбай – Алтай Нұрсұлтан.
Зергүл – Төтешова Айгерім.
Асаба: Еркін Жантас.
Хор: «Бала махаббаты» әні.
Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиетіндегі айрықша, ірі тұлғалардың бірі. Ол – жас кезінен-ақ қазақ поэзиясына жаңа серпін,тың үрдіс, тосын мінез алып келген ақын.Бәріміз жақсы білеміз, 2009 жылы Елбасы «қазақстандық ұлт қалыптастыру» идеясын жариялады. Сол кезде Шаханов халыққа үндеу тастады. Ол кісі тіпті аштық та жариялады. Жалпы, Елбасы жариялаған доктринаға тоқтау салынуы – тарихта болмаған оқиға. «Мемлекеттік тілді білу парыз емес, ол – әр адамның азаматтық парызы» деп, бірінші мемлекеттік құжатқа енгізді. Міне, ұлттың қамын ойлаған, тілдің болашағы үшін өте үлкен іс атқарған Мұхтар Шаханов ағамыз дара тұлға. Біз осындай ел азаматтарын ардақтап, олардан өнеге ала білуіміз керек.
Осымен тіл жанашыры — Мұхтар Шахановқа арнаған әдеби кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіздің өзі тіл мәселесіне жанашырлықпен қарайтындықтарыңыз деп білеміз. Назарларыңызға үлкен рахмет! Сау болыңыздар!
М?хтар Шаханов ?мірбаяны
?аза?ты? тілі мен ділі, ?лтты? ?алып-?асиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы танбай жазып келе жат?ан а?ын, ?о?ам ?айраткері М?хтар Шаханов ?лкенні? де, кішіні? де с?йіктісіне айнал?аны белгілі. Ол – ?аза?стан Республикасы Халы? жазушысы (1996), ?ыр?ыз Республикасыны? Халы? а?ыны (1999). 1942 жылы 2 шілдеде О?т?стік ?аза?стан облысы, Т?ле би ауданы, ?ас?асу ауылында д?ниеге келген. М.Шаханов 1969 жылы Шымкент пединститутын бітірді. Ол 1961-1965 жылдары «О?т?стік ?аза?стан» газетінде ?деби ?ызметкер, 1965-1970 жылдары «Ленишіл жас» (?азіргі «Жас Алаш») газетіні? о?т?стік облыстарында?ы тілшісі болып ?ызмет ат?арды. Болаша? а?ынны? ал?аш?ы ?ле?і «Сырдария» (1959) деп аталады. 1966 жылы М.Шахановты? т???ыш ?ле?дер жина?ы «Ба?ыт» деген атпен жары? к?рді. 1968 жылы махаббат, досты? та?ырыбында?ы, адамгершілік абзал ?асиеттерді жырла?ан «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді» атты ?ле? жина?тары жары? к?рді. 1970-1971 жылдары М.Шаханов Шымкент облысты? комсомол комитетінде сектор ме?герушісі, 1971-1976 жылдары ?Р Телевизия ж?не радиохабар ж?ніндегі мемлекеттік комитетті? а?а, бас редакторы, ал 1976-1979 жылдары ?Р Баспа, полиграфия ж?не кітап саудасы істері ж?ніндегі мемлекеттік комитетті? б?лім басты?ы ?ызметін ат?арды. 1974 жылы М.Шахановты? «?ырандар т?беге ?онбайды», 1979 жылы «?ашы?ты?» атты жина?тары жары??а шы?ты. А?ын 1984-1993 жылдары «Жалын» альмана?ыны? бас редакторы ?рі ?аза?стан Жазушылар ода?ыны? хатшысы (1986 жылдан бастап) ?ызметтерін ат?арды. Осы жылдары а?ынны? «Махаббатты ?ор?ау» (1982) ж?не «?асырларды безбендеу» (1988) атты ?ле?дер, балладалар мен поэмалар жина?тары басылды. М.Шаханов 1993-2004 жылдары ?аза?стан Республикасыны? ?ыр?ыз республикасында?ы т?тенше ж?не ?кілетті елшісі, 2004-2007 жылдары ?Р Парламенті М?жілісіні? депутаты болды.
Просмотр содержимого документа
«Досты? ?лкесіні? за?ы. М?хтар Шаханов»
Подборка по базе: 11 сынып әдебиет. ЖМБ 2-тоқсан.docx, қазақ әдебиетінен 5-9 сыныптағы көркемдегіш құралдар.docx, қазақ әдебиеті 11 қғб бжб тжб.docx, Көркем әдебиет.docx, 8-сынып 2022 әдебиет КТП.docx, 2_Қазақ әдебиеті_8-сын.pptx, 12.01-7 әдебиет.docx, реферат феномен чина в России.docx, 5. №399 КТЖ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 10-СЫНЫП ЖМБ 2022 (1).docx, 1 г ПРИРОДА ФЕНОМЕНА КОГНИТИВНОГО ДИССОНАНАСА В ЛИНГВИСТИЧЕСКОМ
Әдеби кеш
Литературный вечер.
Тема: Феномен Шаханова
Художественное оформление: коллаж, фотографии, портреты, слайды, выставка книг, литературные произведения («Плач охотника над пропастью» /казахский, русский, английский/, стихи разных лет), записи музыкальных произведений.
I Вступление.
https://youtu.be/NOXTmJEFcS8 6 минут
1 Жүргізуші Қайырлы күн, қадірменді көрермен қауім!
2 Ведущий:: Добрый день, дорогие гости ! Мы рады приветствовать Вас на литературном вечере, посвящённом 80-летию Феномена казахскоской культуры Мухтара Шаханова
3.Жүргізуші: Б. Назерке
Good afternoon ladies and gentlemen! We’re glad to see you in our school №86
II Гражданская позиция.
1 Жүргізуші : Қазіргі қазақ поэзиясының атын әлем таныған ақиық ақыны – М Шахановтың шығармашылығына арналған кеш басталмақ. Ұлы Абай ізін жалғаған Мұхтар ақын былай дейді:
Абай ақын бір басқа, Мұхтар басқа,
Мен де досым, ендеше басқа болам.
Өзіме шақ көгілдір аспан алам .
Сағынумен күн кешем мен ертеңді,
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді.
Заманымнан алғанша үлесімді
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.
Мұхтар деген – киелі ат, марқұм әкем
Маған тегін қоймаған бұл есімді
Мені осынау сенімнен айырма, Отан!
Қастарыма күшімді пайымдатам.
Өзім қанша мықтыны мойындадым
Енді өзімді соларға мойындатам!
-деп халықты мойындатып отырған Мұхтар кешіне хош келіпсіздер!
3.Жүргізуші: Б. Назерке
We will perform you works and life of Mukhtar Shakhanov. Mukhtar Shakhanov is one of the outstanding poets of Asia, but he also attracks us by his inquisitive curious manner of thinking, binding in himself the sources of Eastern wisdom; with the sensitive world- feeling of the west.
2 Ведущий : Поэзия всегда необъяснима. Стихов много, поэтов мало. Разные люди любят разные стихи. Но есть такие поэты, стихи которых дороги и понятны всем. И сегодня наш разговор пойдет именно о таком поэте, чьё имя известно всему миру,- Мухтаре Шаханове.
М. Шаханов: «В защиту поэзии».
Солтанкан А
Наш талантливый век спешит. Мы спешим.
Говорят, Эйнштейн, весь мир удививший быстротой ума,
Когда -то сказал:
— Я бы советовал американцам ставить больше скамеек на улице,
чтобы посидеть, подумать о быстротечной жизни, зачем живут они, и как живут,
куда спешат? — сказал и начал медленно перечитывать Шекспира
Чтец №2
Наш талантливый век спешит Цветёт, веселится, грустит
И громоздит оружие
И уже ему не до Эйнштейна,
Не до Шекспира, не до Пушкина
Разве это не страшно?
Чтец №3. ……
Наш талантливый век спешит.
Но талант — ведь это не все.
И разве Гитлер и Чингисхан
Не были одержимы?
Но их одержимость не вспоена
Родниками человечности и добра.
Не люблю слова «любители поэзии»
Если есть «любители»,
Значит,
Есть и не любители?
Без любви к Шекспиру, Пушкину, Данте
Можно ли стать настоящим космонавтом?
Чтец №4…
Молчит, мой гость, палестинский поэт…
На его родине траур…
В лагерях Сабра и Шатила
Оккупанты убили тысячи
Безвинных детей, стариков и женщин.
Возможно, среди них и его сын…
Кто поднимает руку на детей — то убивает и свое будущее.
Так мстит потеря поэзии в крови.
Без поэзии звереет человек, без поэзии жить нельзя,
Это опасно для других.
Выключим телевизоры.
Помолчим три минуты.
Что происходит с миром,
Что происходит с нами?
Надо задуматься….
Пусть гордым будет это молчание,
Как перед праведной битвой.
III Биография поэта.
2 Ведущий А Шло лето 1942 года. Недалеко от Шымкента в селе Чилик колхозница по имени Улжан родила мальчика. Из 13 детей, рожденных матерью, это был единственный ребенок оставшийся в живых.
1 Жүргізуші
Әкем бесігіме сүйеніп,
Көп тұрыпты қөнілменен құлаған
-Ұлым, сенен сұранам,
Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан
Ұлым, мені таба қылма мынаған
Қыран болсаң кеңістік көп қайда да-
Деп сеніммен жымиыпты жай ғана.
Б. Назерке
Mukhtar Shakhanow was predistened since his birthday to have an unusual destiny. He was to surprise this world.
2 Ведущий .Отец ребенка, который недавно прочитал книгу Ауэзова «Путь Абая», решил назвать сына именем автора этого романа – Мухтаром. Впоследствии этот факт биографии найдет свое отражение в стихотворении «Почему меня назвали Мухтаром».
Мені неге Мүхтар қойған
Чтец (ұл бала )
Менің атымды неге Мұхтар қойған
Ниетімді құптар деп
Бұл есімде ерекше құт бар деп
Шына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.
Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман — терек, адам соның бұтағы,
Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің әкем соны оқып,
Үзақ түндер отырыпты оңаша.
Бір биікпен табыстым деп тамаша,
Шаттаныпты балаша.
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын
Ниетімді қүптар деп,
Бүл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мүхтар деп.
Б. Назерке
According to Mukhtar’s memoirs his father often put him on his leps and told about courages forefathers. He probably wanted to cultivate love to their motherland in his childish soul. He felt that the best upbrining is upbrining with feelings.
Чтец
Мен ер жеттім, әлгіге қас қылғандай
Қас қылғандай, қалжыңын тасқа ұрғандай
Атқа міндім… болса да, көп арманы,
Әкем марқұм ол күнді көре алмады.
Көре алмады ол тағдырдың мергендігін
Ұланының жырдан гүл тергендігін.
Абай, Мұхтар- бастаған елге әйгілі
Ұлы көштің соңынан ергендігін.
Сапар сайын олжасыз боп қайтпадым,
Көрмеді әкем талайдап бақ қайтқанын,
Көрмеді әкем баяғы қалжыңбастың,
Немересі жырымды жатқа айтқанын.
Мейлі қасым көп болсын досымнан да,
Мейлі, қайғым көп болсын шашымнан да,
Мейлі, мұңым сөз алсын тосылғанда,
Борыштымын есімін маған берген
Сенің әкең секілді асыл жанға!
Музыкальный номер: песня «Әке туралы жыр» (Слова М. Шаханова) ( Адилбек агайда фонограмма жаздыру в исполнении ????)
IV. Родина.
1 Жүргізуші
Сүйікті Отан, аз ба бізде дүлшелер?
Оттан қашып піспей қалған күлшелер.
Әркез сені жалғандықтан қорғауға
Бақыттымын, күшім жетіп тұрса егер!
Б. Назерке
Yes, it must be so – the fate of a person from the very start, is laid down by his native land, the place where he was born and grew up. It is important to be able to take into your soul that which you found there, and like a bee gathering nectar, to collect those memories and pour them into your heart.
2 Ведущий Куда бы не заносила переменчивая судьба людей по волнам жизни, по разным местам и разным странам, одно место остаётся для человека всегда притягательным – это Родина. Она для каждого начало мира, отправная точка обитания на Земле, и о ней нужно помнить всегда.
ТӨРТ АНА
Чтец
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек қүдіретті төрт ана:
Туған жері — түп қазығы, айбьгаы,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда калмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ-жүлдызы жанбаған.
Қасиетті бүл терт ана — тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес — күрестердің үлысы!
Четыре матери
Чтец
Судьбу от болезни беспамятства ты защити
—Ведь у человека на долгом и трудном пути,
Помимо Матери — той, что его родила,
Четыре есть матери — словно четыре крыла.
Родная Земля — наша суть и основа основ,
И Слово Родное, пришедшее к нам от отцов,
Родные Обычаи — добрый и благостный свет,
Горящий для нас через тьму поколений и лет,
Родная История — как бы она ни была
Горька и печальна, мучительна и тяжела…
Беспамятным ветром развеет беспамятный прах,
Того, кто забыл о своих четырех Матерях.
Народ, что четыре Святыни не смог защитить,
Не сможет и счастья судьбы никогда ощутить.
Четыре Матери — словно судьба дорогих:
Коль жить — лишь для них,
А погибнуть — так только за них!..-.
Чтец Your fate, from the sick loss of memory you must protect
-A man on his hard, long road, must remain erect.
Apart from Mother — the one who to life children brings
-There are four others — as if they were four wide wings:
There’s the Mother Earth — our essence, and core of the core,
There’s the Mother Tongue — which comes from our forbears,
what’s more.
There’s Mother Custom — a kindly and generous light,
Which shines and warms us through generations, still bright!
There’s Mother History — however hard it was seen
-With bitter distresses, tormenting, oppressing has been!
An unconscious wind blows above the unconscious dead dust,
O’ er those who forgot their four Mothers, let Memory rust.
Those folk who four Holy of Holies could not well protect,
Can never a bright future fortune then ever expect.
There are four Mothers — the fate of the faithful and true.
Those who live, live for them, and rightfully thus they do.
Those who die give their lives for them — and willingly too!
Отан!
Қайсар ар-намысым
Жайсаң іңкәр шапағым.
Перзентте жүктемеген қорғанысың,
Сен намыстың ну қалың орманысың
Сол үшінде шыңнан заңғар атағың!
Тұлғасына табындырған,
Алыс жүрсем сабылтып сағындырған,
Менің ұлы әкем сенсің- Отаным!
Музыкальный номер ( песня «Өмір өзен» слова М.Шаханова)( Фонограмма в исполнении ????)
V. ТрагедияАрала.
Ақбаян М
We are accustomed to look upon Nature around us, and then say: “All this around is ours, and we shall do with it what we wish!” We often forget that water, air soil are our invaluable wealth. If we ruin the biological ties between them, then our life grows poorer, for water has not only single- celled organisms, practically invisible, but also whales of mammoth size, while our earth grows, all kinds of plants, from reeds and rushes, to huge forests, and all this we may consider as the pure gift of Nature.
Чтец
Once the Almighty said to man: “I will give everything on earth into your dominion. Here are the boundless plains, the highest mountains, the lucid lakes,Once the Almighty said to Man: «I will give everything on earth into your the dreaming forests — all! Be the master and the lord of all living things, the birds and the beasts. After me you will be the second, who will be responsible for all. Whether life on earth becomes beautiful, or fades into dust and ashes depends on you. You will answer for all to Me!» So man received a great honour, and a wide power over all things on this earth.
Чтец
Since ancient days a man has been used to a song.
Each one his whole life through hums his own tune,
But sing it in the mountains,-
a wonder’s heard here long,
A passionless echo returns to you so soon.
The world is just, within does goodness keep.
If you sow evil, sorrow you soon will reap.
Salvation’s there, and death’s destructive lot.
Then all the good which you in life may do,
And all the evil things, which you forgot,-
Their time will pass, and life will compensate you.
Чтец
Являясь Президентом Международного комитета «Арал-Азия-Казахстан», он поставил перед обществом проблему Арала и Балхаша. Когда в Торгайской области в 1988г. Погибло около миллиона сайгаков, Шаханов не побоялся высказать мысль о том, что это произошло вследствие испытаний на Семипалатинском полигоне или из-за деятельности центра бактериологического оружия «Возрождение», который располагался тогда близ Аральского моря.
Чтец
Аралым.,күн туды басыңа дүберлең-керең
Кім ұқпақ ,шалды,анау өзіңменен бірге өлем деген
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсіз
Бір жылда екі ұлын жоғалтқан, ана тұр тілсіз…
VI. Декабрьские события
Ведущий Популярность Мухтара Шаханова в Казахстане равноценна, можно сказать, имиджу национального героя. Эта известность настала в те дни, когда в декабре 1986 года казахская молодежь стихийно восстала против империи тоталитарного режима. И в то время , когда был введен негласный запрет на любую информацию по поводу случившегося , именно Шаханов, несмотря на угрозу личной жизни, возвысил тогда голос поэта и борца за национальную свободу и приложил реальные усилия к освобождению и реабилитации невинных жертв репрессий.
Песня «Желтоқсан». Слова М. Шаханова.( Наизусть под музыкальное сопровождение)
VII. О языке
Ведущий №2 Чем больше мы знаем языков, отдавая дань признательности
языкам, объединяющим народы , в число которых входит и английский, и русский, и китайский, тем больше простора для мыслей .Тем не менее, это не должно бросать тень пренебрежения на родной язык. Как только отречешься от него, перестанешь говорить и думать на нем ,тут же полностью оборвется морально-наследственная связь с отчими корнями. Отвернуться от родного языка все равно, что отказаться от родной матери.
ВедущийThen more languages we know, paying tribute to gratitude to languages, united people, there are English, Russian and Chinese languages. Then there is more scope for thoughts. To turn from Native languages means to refuse from your own mother.
На экране слайды с высказываниями о языке
-«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады».
(А. Байтұрсынов).
-«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».
(Б. Момышұлы).
Тіл – ұлттың үні. Ұлттық болмысымызды айқындайтын белгілер қандай болса, тіл ұғымы да сондай құдіретті. Қазақ тілін білмейтін қазақтар әлі де жеткілікті.
Тіл- мемлекеттің нышаны.
Тіл-ғылымның нысанасы.
Тіл-болашақ ұрпақтың бойтұмары.
Ведущий №1 Мемлекеттік тілдің бүгінгі сын көтермес ахуалы жайлы Мұхтар Шахановтың Парламент мінберінен жасаған бірнеше дүркін мәлімдемесі бәрімізге аян. Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын», құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім…, бардым… әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей бермейтін үлкен топ – «космополит қазақтар» тобы пайда болғаны рас.Кеңестік тоталитарлық осы космополиттік ағым республикамыздың егемендігі тұсында да кең қанат жайып, биліктің барлық тармақтарына тамыр жайып үлгерді!
Мұхтар Шаханов «Космополит қазақтар» шығармасынан үзінді.
Чтец Қазаққа ұқсар,түріңнен басқа түгің жоқ..
Қай тілде қайнап,қай тілде ойлап,
Қай тілмен ақса перзенттік түйсік -өрісің,
Сол тілдің гүлі ,сол тілдің қайраткерісің.
Бар кезде таным ,таныту өрлейді,
Тек баба тіліңді дамыта бермейді
Өзге тілдегі жеңісің…
Тігуге құлшынып , бір шыбық орнына мың шыбық.,
Өз ана тілін игеруге ділімен ұмсынып,
Өзгеріс еңгізіп рухани тұрқына,
Космополиттер қайта ма өзінің ұлтына?
Қайтуға тиіс .Әйтпесе арзандап парқымыз,
Бөлінген үстіне бөлініп халқымыз,
Қайғымыз қабаттап ,сағаттап өсе ме?
Ұлтсыздану самалы тұс-тұстан есе ме?
Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын ,
Зарланған,қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме,шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?…
……………………………………………………………………….
Ұлт үшін қазір бұл-
Нөмірі бірінші мәселе!
VIII. Любовная лирика Шаханова.
Ведущий №3 Good knowledge of the Native language helped to Mukhtar Shakhanov to create the wonderfull lines about beautiful and clean love.
Ведущий №2 Общеизвестно, что поэзия не может существовать без проникновения во внутренний мир человека, в мир любви. Любовь у М. Шаханова – это вершина всех чувств. Поэт искренне верит в то, что «свет любви дарован лишь тому, кто был печатью истины отмечен». Об этом рассказывается в его «Балладе о светлой боли».
Чтец So don’t blame lovers for loving — that won’t do!
To love be true — that’s an achievement grand!
More fearful the fate of those whose love falls through,
Who are not given to wander hand in hand!
0 mother, say, why should we add to their scars
Which fate on them so generously has poured,
Though folk who’re drunk with hate, which all things mars,
Can not forgive heart’s love, in bosoms stored.
And even if two lived for long far apart,
Alone to them is given love’s flame so bright,
To those who bore the stamp of truth on each heart,
And who both prayed to one and the same bright light.
1 beg of you, do not distress true love,
With tears and words no living warmness flout,
For vulnerable are love’s wings, stretched out above!
Love’s soul is sacred, don’t try to rout it out!
But wish them tenderness, and flaming joy,
More powerful than time, and worrying woes.
For even death itself cannot destroy
Those hearts, where love immortal flowers and flows!
IX. Заключительная часть
Чтец Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда ,
Үлкен арман керек екен адамға!
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым
Басталмай ма өзіңді-өзің жеңуден?
Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді
Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін!
Do not make me groan and sad tears shed,
Do not send me pangs, and no new-born head,
Nor make me a cloud, where no rain drops have sped…
Ведущий №2 М. Шаханов – поэт мирового значения. Он взывает к доброте, справедливости, презирает лесть, слабодушие, предательство. В его творчестве нашли отражение актуальнейшие проблемы духовного состояния общества. Но самое главное его достижение – голос, который не спутаешь ни с чьим другим.
Попурри песен на слова М. Шаханова:
1.«Кешікпей келем деп ең»
2. «Мен саған ғашық едім»
3. «Ақ бантик»
4. «Қайдасың»
5. «Арыс жағасында»
6. «Туған күн кешінде»
Ведущий №1 Осымен Мұхтар Шахановқа арналған кеш аяқталды. Тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет. Хош, сау болыңыздар!
Сундетова Анель
Сыдық Дариға
Токтагул Еңілік
Жылысбекова Аружан
Нуркенулы Махамбет
Нурмаханова Куралай
СундетоБағым Сана Мұхтарқызы
Байжума Шапағат Нұрғанатқызы
Бауржан Назерке
Бегалиев Бекболат Галымжанович
Булегенова Камила Бериковна
Гаппарова Бибінұр Нұрсұлтанқызы
Зейнелхан Нұрайым Бержанқызы
Келденұлы Даниал
Мамаева Ақбаян Серікқызы
Сейтқалиева Асылы Сейтқабылқызы
Солтанқан Аружан Қуатқызы
Тилекберди Айғаным Багланқызы
Тұрғанбек Балауса Манарбекқызы
Унайбекова Аружан
Ыкласбай Жанерке Жандосқызыва