М?риям хакімжанова сценарий

Ма?саты: О?ушыны М?риям Хакімжанованы? К?ктем жыры атты ?ле?ін м?нерлеп, т?сініп о?у?а ?йрету, ?ле?ні? ?зекті т?йінді ойын ашу?а жа?дай жасау, ?з бетінше шы?ар

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:

Көктем жыры.   Мәриям Хакімжанова

Мақсаты:

  1. Оқушыны Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;

  2. Байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, талдау қабілеттерін, оқу мәнерін, дамыту;

  3. Табиғатты қорғауға, қамқор болуға жетелеу; Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауыз-біршілікке тәрбиелеу. 

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: Суреттер, слайд,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Өлеңді тізбектетіп, мәнерлеп бәріне оқытып шығу.

  2. Көктем туралы шағын әңгімені 3 қатардан 3 оқушыға оқыту.

  3. -Авторы кім? Автор туралы

Туған жері, туған жылы-……………..

Шығармалары-…………………………..

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

-Өлең не туралы?

-Көктем қанша уақыт қонақтайты?

-Көктем айларын ата.

ІҮ. Негізгі бөлім

1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,

Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.

Көктем келді.

Өмірдің келешегі –

Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.

М.Мақатаев
3. Жаңа сабақ: кіріспе:

1. Автор туралы мәлімет

М.Хакімжанова   1906 жылы 16.11. Қостанай  облысы  қазіргі Алтынсарин ауданындағы Қызыл  шоқ  ауылында  туған. Ол  ақын ,  ҚР – ның халық  жазушысы. 1993 жылы 7 .02- да 89 жасқа  қараған  шағында  дүние  салды.

Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді.

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947),

“Ана махаббаты” (1953, таңдамалы),

“ Ана көктемі” (1963),

“Гүл туралы аңыз” (1970), т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары,

балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” (1959),

“Ана мейірімі” (1964) жыр жинақтары басылды.

2. Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.

А) Мұғалім оқып береді.

Ә) Іштей оқу

Б) 3 қатардан 3 оқушыға 1 шумақтан оқыту

В) Жұппен жалғастыра 2 тармақтан оқу

-Ақын көктемгі қандай өзгерістерді жырлаған?

Г) Қыздарға 1-шумағын оқыту

-Осы шумақта ақын нелерді адам кейпінде суреттеген? (көктем, тау-кейіптеу )

Д) Ұлдарға 2-шумағын оқыту

-Өлеңнің бұл шумағындағы ұйқас туралы не айта аласыңдар?

Е) 3-шумағын хормен оқу

-Сөздің ішіндегі қай буындар күшті, көтеріңкі айтылып, айқын естіліп тұр?

-Сөз ішінде осындай белгілі бір буынның күшті, көтеріңкі айтылуын, айқын естілуін логикалық екпін дейміз.

  1. Тақтамен жұмыс

Сатылай кешенді талдау

Авторы: Мәриям Хакімжанова

Тақырыбы: Көктем келді

Жанр түрі: өлең

Идеясы: көктем өзгерісі

Шумағы: 3

Тармағы: 4

Бунағы: 3 бунақты, 11 буынды

Ұйқас түрі: а-а-б-а

Өлеңнің тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғау

3 4 4

/ Бастады / /той-думанын / / жазық дала,/ 11 -а

3 4 4

/ Күркіреп / / жатыр тулап / / сай мен сала. / 11 -а

3 4 4

/ Малшылар / / өрісінен / / қозы терсе, / 11 -б

3 4 4

/ Мәз боп жүр / /соны тасып/ /бір топ бала./ 11 -а

Талдау

-Әр тармағында неше бунақ бар? (3)

-Әр бунақта неше буын бар? (3+4+4)

-Буынды тапқанда нені ескеру керек еді? (әр бунақтағы буын саны 4-тен аспайтынын-…кірігуді)

Қосымша түсінік

Қазақ өлеңінің бунақ ішіндегі буын санына қарай негізгі 5 түрі болады. Олар 6, 7, 8, 11 және аралас буынды. Бүгінгі өлеңіміз 3 бунақты 11 буыннан құралып тұр . Мұндай өлеңді қазақтың «қара өлеңі» деп атайды екен. Және қара өлеңнің ұйқасы а-а-б-а болып келеді.

Сергіту сәті

«Шақырады көктем» әнін орындау

Шығармашылық тапсырма

  1. Өлеңнің ұйқасын тап

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе

  1. Берілген сөздерге сын есім тіркеп сөз тіркесін жаса.

… көктем … күн …су

… гүлдер … құстар … жер

  1. «Табиғатты қорғайық» тақырыбына эссе жазу

Ү.  Қорыту.

-Не білдіңдер?

-Не білетін едіңдер?

-Не білгің келеді?

ҮІ.  Үйге тапсырма:

1. Жаттау. (Өлеңді мәнерлеп, үзілісті, екпінді, логикалық екпінді анықтап оқуға жаттығу.)

ҮІІ. Бағалау.

Пирамида

Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс — әрекеті. Тіл дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)

Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Балаларға мамандықтың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғаммен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау, және мақтаныш ете білуге сезіміне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: әртүрлі мамандықтармен таныстыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көргізбелігі: түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, интерактивті тақта, тіл дамыту дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ — жауап.
Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар!
— Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті амандасып алайық.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Шаттық шеңберін құру.
Балалар дөңгелене тұрып, бір — біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:
— Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып — білеміз.
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс — әрекетіміз»Мамандықтың бәрі жақсы»деп аталады.
Өмір таны, өнер қу,
Өнер табу — ол да оқу.
Талаптансаң тартын ба,
Өз күшіңде жол табу.
Балалар сендер балабақшада күн де қандай мамандық иелерімен кездесесіңдер?( тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, бізге күнде дәмді тағам дайындап беретін аспазшы, сонымен қатар дене қызуымызды өлшейтін, дәрі беретін дәрігер апайымыз бар екен.
— Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.

Кіріспе бөлім.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер қандай мамандық иесі екенін айтасыңдар?
Қолында қайшы тарағы,
Тәртіпке шашты салады
(шаштараз)
Қалпағына қарасаң,
Дәрігер емес бірақ ол
Ас мәзірін қаласа
Алға ұсынып тұрады ол
(Аспазшы)
Білім дәнін тереді,
Балаға тәлім береді
(Ұстаз)
Осы жерде ұстаз, құрылысшы, аспазшы, мамандық иесі екені айтылып, мамандықтар туралы тақпақтар айтылады.
Зухра ( ҰСТАЗ)
Оқу – білім ордасы.
Ұстаз оның арнасы.
Ұстаздық деген ұлы іс,
Адамдықтың айнасы.
Алмат(Құрлысшы)

Қолда темір қалпағым,
Саздан сарай қалады.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.

Арайлым ( аспазшы)
Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана.
Мен сондай аспазшы
Боламын бақшада.

Мұғалім Қуанышкерей
Мұғалім, аспазшы.
Жақсы оқып сабақты.
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар,
Мен Мен мұғалім боламын.
(Слайдтан түрлі мамандық иесін көрсету)

Тәрбиеші балаларға М. Хакімжанованың «Кім немен ойнайды!» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Теңізші болатын бала
Бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала
Сынаппен ойнайды.
Батыр болатынын бала
Қынаппен ойнайды.
Жарықты жағатын бала.
Шырақпен ойнайды.
Шопан болатын бала
Қозы лақпен ойнайды
Диқан болатын бала
Топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала
Кітаппен ойнайды.
Балаларға өлеңді екінші оқығанда өлең жолдарында кездесетін мамандықтарды саусақтарыңды бүгу санап отыруды тапсырамын.

Сөздік жұмыс:
Қынап — қылыш салатын қорап.
Жарықты жағатын бала — электрик.
Балалармен өлең жолдарын талқылаймын.

Сергіту сәтін жасаймыз.
Менің мамам — дәрігер.
Тіс ауырса
Іш ауырса.
Мамам дәрі береді.
Барлық ана,
Барлық бала,
Оны жақсы көреді
(Ә. МҰСАХАНОВ)
2. Негізгі бөлім.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі №16 тапсырма орындалады.
Дидактикалық ойын « Кім жылдам?»
Үстел үстіне түрлі мамандық мамандық иелерін қажет құралдарын қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды(шаштараз, аспаз, құрылысшы, дәрігер)
Тәрбиеші: адам баласы белгілі бір іске қабілетті, дарынды болады.
Өздеріңнің сүйікті істерің бар ма?
«Менің сүйікті ісім» балалар жауаптары тыңдалады.
Анита: Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!

Али: Адамдық – борыш ың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
«Мазмұнды кейіпкерлі ойын»: «Дәрігер»

Дәрігер ақ қалатты абзал жандар. Дәрігер өзінің жылы сөзімен науқасты емдейді
(Ортаға науқас пен дәрігер шығады).
Дәрігер: Сәлеметсіз бе! сізді қай жеріңіз мазалап дәрігерге көмекке келдіңіз, себебін айтыңыз.
Науқас: Саламатсыз ба! Мені мазалап тұрған жерім ішім ауырып, сізге қаралуға келдім, қандай кеңес бере аласыз?
Дәрігер: сараптама қорытындысы керек. Мазалаған жеріңізге көп уақыт болды ма?
Сараптама қорытындысы, соңынан сізге ем беріледі?
Науқас: рахмет, дәрігер міндетті түрде келемін. Сау болыңыз.
Дәрігер кеңес беру: балалар ата — ананың рұқсатынсыз, үйдегі дәрі — дәрмектерді алуға болмайды.
Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол – ізде.
Қорытынды:
— Балалар, бүгінгі сабақ та көптеген мамандық иесімен таныстық. Кәне, есімізге түсірейікші!
— Құрылысшы, дәрігер, аспазшы, диқаншы, шаштараз, батыр, ғалым, теңізші, шопан,

Балалар мен мақал айтамын, сен жалғастырыңдар.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың ****** тәтті
Еріншектің *******бітпес.
Еңбек етсең******
Абай атамыздың қанатты сөзі «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Біздің таңдауымыз әртүрлі, Біреуің ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Тәрбиеші: — Балалар келген қонақтармен қоштасайық!

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Ортаңғы топ тәрбиешісі
Кабдуахитова Сағия Тілеккабыловна

Мамандықтың бәрі жақсы. жүктеу

Мәриям Хакімжанова (Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып)

Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып,
Балаларға табам ба деп қысқы азық.
Жарылып екі қолым күс болып кетті,
Неден ғана қарғалдым, неден жазық?
Түнде жатам сыртында балағанның,
Көремін деп жұлдыздың…..

Мәриям Хакімжанова (Жеңешем)

Жеңешем елден тұңгыш келген,
Тұңғыш топтың әскері.
Топты жарған, ұлы майдан,
Ұлы өндіріс іскері.
Көзде ұшқын…..

Мәриям Хакімжанова (Бүгін)

Бүгін неге,
Әлде неге,
Жүрек соғып,
Тулайды?
Бүгін неге
Әлем жүзі,
Шаттанады,
Шулай….

Мәриям Хакімжанова (Депутат)

Біз сайлаған депутат,
Өжет жанды, өрт қайрат.
Қызметкері халықтың,
Болжайтұғын алдын ойлап.
Біз сайлаған депутат,
Кетсе — дағы тау құлап.
Тартынбайды…..

Мәриям Хакімжанова (Жайма құшақ, кара жер)

Жайма құшақ, кара жер,
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..
Жұтсаң да мыңды тойым жоқ,
Жүрегің кайтып…..

Мәриям Хакімжанова (Майға)

Майдың күні,
— Майдан күні,
Майдан күшін сынайтын.
Майдың үні,
Майдан….

Мәриям Хакімжанова (Жиырма тоғыз)

Августің жиырма тоғызы естен кетпес,
Сол күні төккен жасым мәңгі кетпес.
Бұлбұлым бақшадағы түсті торға,
Көзімнен ғайып болды қолым жетпес.
Өмірдің күнгей жағы қырындады,
Жалт беріп бақыт….

Мәриям Хакімжанова (Жол әсері)

Кең құшақ, жазық дүние жайнап жатқан,
Күлімдеп күміс көлдер кайнап жатқан.
Жайқалып қарағай, қайың қарай қалса,
Сылқылдап тас бұлақтар таңдай қаққан.
Саяда бүлбүл қүстар тұрды сайрап,
Қойғандай көлеңкеге жіпсіз байлап.
Ішінде жұмсақ вагон өлеңдетіп,
Келемін алдымдағы….

Мәриям Хакімжанова (Роза Мұхаметжан қызының өліміне)

Роза десе роза гүлдей балғыным,
Көзді жұмып мәңгі ұйқыға қалғыдың.
Ушықтырып жүрегімнің жарасын,
Бір көруге дидарынды зар қылдың.
Роза десе роза гүлдей жайнаған,
Тәтті тілің таң бұлбұлы сайраған.
Сені иіскеп сүйгенімде…..

Мәриям Хакімжанова (Отаным)

Отаным менің СССР,
Алуан ұлттан құралған.
Төрт бұрышынан дүниенің,
Леппен тартып сыр алған.
Қараңғы калған халықты,
Ақ алмастай суарған.
Бәйтеректер…..

Жиырма тоғыз

  • Мәриям Хакімжанова

Августің жиырма тоғызы естен кетпес,
Сол күні төккен жасым мәңгі кетпес.
Бұлбұлым бақшадағы түсті торға,
Көзімнен ғайып болды қолым жетпес.

Толық

Ана сыры

  • Мәриям Хакімжанова

Дүние ұзақ сапар, бір кең сарай,
Адамзат алуан-алуан келген талай.
Біреулер сайрандаса тамашалап,
Біреулер азап шегіп өткен жылай.

Толық

Жол әсері

  • Мәриям Хакімжанова

Кең құшақ, жазық дүние жайнап жатқан,
Күлімдеп күміс көлдер кайнап жатқан.
Жайқалып қарағай, қайың қарай қалса,
Сылқылдап тас бұлақтар таңдай қаққан.

Толық

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • М?д?ният йорты ачылу сценарий
  • М??лид б?йр?ме сценарий
  • М??гілік ел м?ртебелі тіл сценарий
  • М??гілік ел м??гілік тарих театрландырыл?ан ?ойылым сценарий
  • М??алімдерге арнал?ан семинар сценарий