М?уліт кеші сценарий

(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш) Сценарий тақырыбы: Ұлт тілін ұлықтаған Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны б

Ұлт тілін ұлықтаған — Мұхтар Шаханов

 Ұлт тілін ұлықтаған - Мұхтар Шаханов

(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Сценарий тақырыбы: Ұлт тілін ұлықтаған
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашы лығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;
Кештің көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы лебіздер
Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.
1– жүргізуші:
Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
2 – жүргізуші:
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы — Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.
1-жүргізуші: XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М Шаханов –қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт тілін ұлықтаған» атты кешімізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек…
Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы
Қызмет жолы: – трактордың тіркеушісі;
Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер;
«Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші;
1-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы;
Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы;
КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты;
Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.) Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.)
2-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сынып жетекшісі болған Әбдіқұл Қошанов ақынның мектептегі кезеңін былай деп суреттейді: «Мұхтардың әкесінің аты Шахан еді, ауыл тұрғындары оны «Шахан молда» деп атайтын. Анасының есімі – Ұмсын. Мен ол кезде «Жұлдыз» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінмін. 1954 жылы Мұхтар біздің мектептің 4-ші сыныбына оқуға келді. Келесі жылы мен сынып жетекшісі болдым. Мұхтар сол кезде-ақ кітапқа құмар болып өсті. Әдебиетті көп оқитын, өлеңдерді жатқа айтатын. Сол кездегі атақты ақындардың кітабын қолынан тастамайтын. Сабағы жақсы, момын болатын, ешкіммен ұрысып-төбелескенін көрмеппін. Ол велосипедпен келе жатса да ойына өлең шумақтары түссе болды, дереу жерге отыра қалып, оны дереу қойын дәптеріне жазып алатын. Сондайда оны түсінбейтін кейбіреулер «Шаханның баласына бірдеңенің шалығы тиген бе?» десіп жататын».
1-жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды…
«Мені неге Мұхтар қойған» Мұрат Әуезовке өлеңі оқылады.
2-жүргізуші: Я, өкінішке қарай ұлының Абай, Мұхтар бастаған ұлы көштің соңына ергендігін әкесі көре алмай кетті. Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді.
Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті.Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпегенсоң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті. Әкем Досболов Шахан 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерім – Отырар ауданы Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төлеби ауданының Қасқасу ауылында өстім. Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де калмапты.
Ән «Әке туралы жыр». Орындайтын: Наурызғалиева Сымбат
1-жүргізуші : осы «Бақыт» деген не өзі ?
2-жүргізуші : Бақыт деген –сенің бала күндерің
Бақытсыз –ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің- деп Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе ? Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен ? «Бақыт геометриясы» Әлішер,Бексұлтан
1-жүргізуші : «Достық- шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант.Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Өйткені досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» ақын.
«Достық өлкесінің заңы» өлеңі Інжу, Әйгерім
2-жүргізуші: «Олжас Сүлейменов -біздің халқымыздың дара перзенті, ұлы ақыны. Кеңестік — тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде ол ядролық сынақтарға қарсы батыл үн қосып, «Невада- Семей» қозғалысын құрды. Оның алдында «АЗ и Я» ктабымен ұлтымыз дың рухын көтерді, ол еңбектерін ешкім де жоққа шығара алмайды.»-дейді Мұхтар Шаханов. Олжас Сүлейменовке арнаған мына өлең ақынның достықты қадірлей білетіндігіннің айғағы іспеттес.
«Біз қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз» өлеңі Жұлдызай
1- жүргізуші: Ақын поэзиясына алтын арқау болған тақырыптардың ізгі махаббат, шынайы сүйіспеншілік. Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72-келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті, екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше, қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын, ұлы сезімін кішкен жүзігіне сидырған қайран Қорланым-ай!» — деп ағыл-тегіл жылапты.
«Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кезек берейік. Ақтентек, Тұрсынгүл, Нұрсәуле
2-жүргізуші: Мына ән шумақтары бәрімізге де таныс болар,
Өзің едім тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?
Бұл әннің өлеңін жазған Мұхтар Шаханов екенін көбіміз біле бермеуіміз мүмкін. Әр өлең жолынан сүйген жардың ерке назы мен сүйгеніне деген адал сезімі шуақ болып есіп тұрғандай….
Ән «Айналайын» орындайтын Сүтеева Ақтентек
1-жүргізуші : Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.
Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Қазақ халқының басына түскен сол ауыр жылдары Мұхтар Шаханов етегі жасқа толған қазақ аналарының рухани демеушісі, жұбатушысы болды.
«Желтоқсан алаңы» Бекқожа
2-жүргізуші:
Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ақын туған тілінің тағдырына алаңдайды. Оның бір топ өлеңдері осы тақырыпқа арналған. «Рух пен тіл» өлеңі
1-жүргізуші:
Өзендер мен көлдердің
Көлден шалғай шөлдердің,
Биіктер мен алыптардың
Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, — деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған. Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Гүлдәурен», «Өмір-өзен», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик» «Туған күн кешінде» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер. Ендеше, әрбіріміздің туған күнімізде шырқалып, жақсы күндеріміздің куәсі болған әнді қабыл алыңыздар. «Туған күн кешінде» әні
2-жүргізуші Ақын болу дегеніміз – тек қана өлең құрастырушы емес, мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз – бірінші кезекте өзіңді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу. Өз халқыңның қайғы-қуанышын тек өз қайғы –қуанышым деп таныған шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің. Өйткені, « Кім қаншама шексіз сүйсе отанын, оның тартар азабы да соншама», -дейді ақын. Келесі сөзді ақын поэзиясына береміз.
«Жігерлендіру» Өзін бақытсызбын депесептеген жігітке жауап Рауан
«Төрт ана» өлеңі Әбиева А
«Жалын» өлеңі Аманжолов Ә
«Үнсіздік» Жақсылықова П
«Цемент»Рахатова Д
«Алтын, күміс және қалайы» Сермағанбетова Ж
1-жүргізуші: Мұхтар Шаханов — өз әріптестерінің арасында да өте жоғары бағаға ие болған ақын. Ол туралы лебіздердіі тыңдасақ
1-оқушы.
Мұхтар Шаханов — өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр мекен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін.
Расул Ғамзатов
2-оқушы.
Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз замандастары арасында Еуропада Шахановқа тең келер ақын жоқ.
Роберто Чиули
3-оқушы
Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ… Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек –ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.
Шыңғыс Айтматов
4-оқушы
Құдайым әр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай еңбек етудi жазсын.
Джон ЭШБЕРИ
5-оқушы
Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов — ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегi Желтоқсан көтерiлiсi кезеңiнде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегi қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенiң алпауыттарына басын бәйгеге тiге отырып қарсы шыққан, сөйтiп, ұлтымызды үлкен әдiлетсiздiктен қорғап қалған осы жiгiт […] Қасым ҚАЙСЕНОВ, Халық қаһарманы
2-жүргізуші:
Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып ән салсаң,
О, керемет!
Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
М.Шаханов –әрі ақын, әрі сазгер. Оның бірнеше өз әндері бар. Олай болса келесі кезекті әнге берейік. Ән «Гүлдәурен» орындайтын Оразалы
1-жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі,мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкем: «Жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері»- дейді ақын.
«Отырар» дастанынан үзінді Райымбек
Ақын өлеңіне жазылған Тақаева Айдананың орындауындағы «Отырардағы той» әні.
2-жүргізуші : Анам марқұм Ұмсын Айтбайқызы «Неше перзентіңіз бар?» — деп сұрағандарға: «Ұлым үшеу, үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – Мұхтар Шаханов» — дер еді.Бірде үйде қонақта отырғанда Дінмұхаммед Қонаев: «Жеңеше, қазақтың үш мықтысын дүниеге бір өзіңіз әкелген екенсіз ғой», — деп әзілдегенде, «Екеуінің мықты екені рас, ал үшіншісінің шынайы биікке көтерілуі үшін әлі көп тер төгуіне тура келеді», — деп жауап бергені есімде қалыпты. Анам Шәкеңді де, Төкеңді де өзгеше аналық парасатпен жақсы көрді. Ол екеуі де анам дегенде ішкен асын жерге қоярдай құрметінен танған емес.
1—жүргізуші: Я, ақынның көптеген әндерін қазақтың «Вальс королі» атанған Шәмшідей композиторсыз елестету мүмкін емес. Махаббат гимніне айналған «Арыс жағасында» әнін әу дейтін қазақтың бәрі біледі десем қателеспейтін болармын. Ендеше осы әнді бәріміз бірге орындайық.
2-жүргізуші:
Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан
Арып-арып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп өлуден.
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу — үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса
Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.
1-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби — сазды кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Халық нақылы

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша бейнеролик.
6. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Қонақтарға сый.
9. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жалелов Абылай Армияұлына сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.

2. Қонақтармен таныстыру.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының менеджері — Ернарова Ақнұр Ернарқызы.
Мектеп инспекторы – Маканов Медет Капатаевич.
Инженер-энергетик, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Акедилова Асель Куанышевна.
Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенті – Мухаммединов Темірлан Ержанұлы.
ТОО «Azia Oil» электрик – Тулепбергенов Тайыр Мирзабаевич.

3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:

4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?

3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?

6. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан мектеп түлектерінің мамандық таңдауына жол сілтейтін қандай шаралар атқарылуда. Біле отырайық.

7. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?

5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

7. Статистика бойынша бейнеролик.

8. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
9. Қонақтарға сый.

Муханбетжанова Н.Р. — психолог
Акедилова К.К. — психолог
Ә.Бөкейхан ат. №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші

1ж: қайырлы кеш ардақты ата — аналар, қадырлы қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.
2Ж: Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
1Ж: түлек ұшып түлектер,
Өмірге қанат қақпақшы
Дүрсілдеп соғып жүректер,
Жарылып гүлін ашпақшы — дей отырып бүгінгі мерекенің иелері 2014 — 2015 оқу жылының жас түлектерін ортаға шақырамыз.
2Ж: Күлімхан
Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішіп жүрген өздеріңізге таныс әдебиет танушы, журналист, редактор, «Мұратхан әдебиеттану» орталығының орынбасары —————- ортаға шақырамыз.

Гүлдаурен
Шемішкеше шешеді матемді
Қазақ тілінен біледі – са, — сеңді
Руский диктант алып бар, түзетіп береді қатеңді. Деп сыныптасымыз————— ортаға шақырамыз.

1Ж: Назарбай
Жүретін всегда қалада,
өзі тойда тамада,
бүгінігінің ақан сері, Біржаны,
бағаласаң Назарбайды Бағала..
сыныптасымыз —————- шақырамын ортаға.

Сайран
Талабы ба ары асатын асқардан,
Мінезі ашық баршамызбен дос болған.
Сайран деген бастығымыз келеді,
Биылғы жыл 11 а — ны басқарған.

2Ж: Қуаныш
Менделевтың 108 елементін,
Жаттап алып көрсеткен кереметін.
Қуаныштай химик алдарыңда,
Доп көрсе қуып алып жөнелетін. Спортшы, химиг сыныптасымыз Қуаныш.

Сая
Жалғандыққа ешқандай көне алмайды,
Өтірік мақтанудан алаңдайды,
Салихалы, сабырлы біздің Сая,
Қой аузынан ешқашан шөп алмайды.
Алса да аздап алад көп алмайды.

1Ж: Мөлдір
Өнерімен бата алған сүйікті елден,
Таланты бар бойында жиып терген.
Болашақ актриса Мөлдіріміз,
Крінет деп сенеміз биіктерден. Әнші, биші, актриса сыныптасымыз Қуан Мөлдірді қарсы алайық

Сиқуат
Қиынынан өмірдің жасымастан,
Болашағын ойлаған осы бастан.
Оператор Сиқуат келді ортаға,
Біздерден бірінші боп кәсіп ашқан.
Жігіт емес ешқашан ол тұрақсыз,
Енді ешбір той өтпейді Сиқуатсыз.

2Ж: Ажар
Ажар десе ажарлы,
Ұшқын атқан жанарлы.
Болашақ мықты физик,
Шақырамын ажарды.

Талғатбек
Білім қайда үйренбей, өрістемей,
Білу қайда әр нені көп істемей.
Талғатбек компьютерді жақсы үйренген,
Программаңды шағады шемішкедей.

1Ж: Айсара
Тон пішкен үлгі көріп анасынан,
Көркі бар қызыл гүлдей дара тұрған.
Айсара білім нәрін жинаған қыз,
Алтай мен Атыраудың арасынан.

Жасұлан
Тілді үйренген жасынан,
Білімі судай тасыған,
Қарсы аламыз біз сізді,
Hello, hello Жасұлан.

2Ж: Минар
Бойында өнер би бар – ды,
Биімен талай сыйды алды.
Биологтардың бишісі,
Шақырайық Минарды.

Наурызбек
Бай өлкенің ойынан тау — тасынан,
ақын деген ара ғой бал тасыған.
Шырын құяд Наурызбек жүректерге
Шымшып алып гүлдердің арқасынан, ақын, әнші, сазгер, артист, тракторист Бақыт Наурызбекті қарсы алыңызар.

1Ж: Тоқтауберді
Мінезі бар салмақты,
Өнері бар жан – жақты.
Дәрігер болар ертең ол,
Биологияны таңдапты.

Нұржан
Өмір мәнін білетін,
Табар істің ретін.
Нұржан деген бұл жігіт,
Тыныш өмір сүретін.
Көп сөйлеуді ұнатпай,
Жымпиып ғана жүретін.

2Ж: Санжар
Ашық — жарқын, жайдары көңілі бар,
Тек шаттықтан тұратын өмірі бар.
Санжардай сері жігіт келді ортаға,
Жас болса да көп істің жөнін ұғар.

1. Ж: Құбыл сонымен барлық түлектерімізді шақырып болдық — ау деймін?
2. Ж: сонда бағанадан сарнаған, сөзден жағы талмаған, бітіруші достарға ақ тілегін арнаған сен екеуімізді кі шақырады?
1. ж: оалай болса сені мен шақырайын, мені сен шақыр. Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектебіміздің ақыны…..
2Ж: жо — жоқ тоқта. Мен де басқа сыныптастарым сияқты салтанатпен шыққым келеді. Мен ана жаққа барам сен қайтадан тақпақтап шақыр.
1. Ж:
Таспасын сан өнердің қатар өріп,
Ілескен жыр көшіне бота болып,
Ақын қызы мектептің алдарыңда,
Шапалақ соғыңыздар бата беріп.

Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші. жүктеу

Молдағалиева Гулжазира

  Жұмажанқызы

Атырау  облысы

Құрманғазы  ауданы

Абай  атындағы  жалпы  орта  мектебі

Мектеп  кітапханашысы

«Жүрегі жырдан жаралған»

(Т.Молдағалиевтың 80 жылдығына поэзия кеші)

Мақсаты: Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар 20 наурыз Қазақстанның халық ақыны, бүкіл Түркі дүниесінің ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты ақын Тұманбай Молдағалиевтың туған күні.Ақынның туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Тұманбай аға еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр ақынның тірлігі де тынысы да, қуанышы мен қиналысы да. Ақынның ғұмыры жырға, жыры ғұмырына айналған.

Ән: «Шақырады көктем»

Жүргізуші: Қазақ елін өзінің терең үнді, тамылжытқан нәрлі жырларымен сусындатқан Т.Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында дүниеге келген.Ақиық ақын Мұқағали былай деген екен:

                    Ей, Тұмаш, есіңде балалық шақ,

                    Кеткен кез дастарханнан нан алыстап,

                    Соғыстың сойқан салған от — жалыны,

                    Бейкүнә сәбилердің күлкілері.

                    Үйітілген татымы кем тарамыс шақ,- деп ақынның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Әкесі майданға аттанғанда бар-жоғы 5-6 жаста екен.Әкесі Молдағали 1942 жылы соғысқа кетіп, қайта оралмады. Тәрбиелеп өсірген анасы Қымқам Алматыда қайтыс болады.Адамның рухани болмысын, сезім дүниесін лирикада шыншыл бейнелеуші, танымал эпик ақындарымыздың бірі – «Әкеммен әңгіме» поэмасында майданға аттанып әкенің әрбір сөзі, қылығы санасында сәулеленген перзентің ішкі сыры. Ауыр мұң мен ойлы сезімталдықтың жыршысы бола білген ақын көңілі. «Өмірінен көрген жоқ той кезінде мен»,-дейді. Соғыстан алған ауыр жараны жүрегіне арқалаған жастың мұңды, сағынышты кейпі балалығы жас болып еріп кеткен, аналардың жылаған көздерінде. Алғашқы күннен бақыт күткен, тағдыр тезіне ішкі дүниесі шындалған бейнесі көз алдыңа елестейді.

Өлеңдерін мәнерлеп оқу: «Жаным ана», «Әкемен сырласу» поэмасынан үзінді. Етекбай атам үйінде кітабы 138 бет. Алыстағы жылдар, ұмытылмас жандар кітабы 138 бет

 Жүргізуші:Тұманбай ата көршілес Ақшидегі жеті жылдық мектеп интернатын бітіріп ары қарай есіктегі онжылдық мектеп интернатына  ауысып, 16 жасында орта мектепті тәмәмдаған.

1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факултетін бітіреді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды.1959-70 жылдар аралығында «Пионер» журналында қызмет атқарды.  Тұманбай ата балаларға арнап бірнеше кітап жазды. Бүлдіршіндерге арналған ең алғашқы «Қызыл-жасыл көбелек» деген жинағы 1957 жылы жарық көрді. Одан кейін «Етекбай атам үйінде», «Арман мен Бота», «Мен өсіп келемін» атты кітаптары өздеріңдей жеткіншектерге арналған. 1970-73 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы «Балалар және жастар әдебиетінің» бас редакциясы мен «Жалынның» бас редакторы жұмысын атқарды.

«Баламыздың досы бол» , «Дәуреннің ертегісі»өлеңі оқылады. Жарты ғасырдың алтын қоры кітабы 7 бет. 77 бет.

Жүргізуші: Т.Молдағалиев нәзік сырлы да, ойлы да, отты жырларымен танылды.1963 жылы «Алатау қызы», 1965 жылы «Зулайды күндер», 1966 жылы «Жүрегім менің сапарда» жинақтары шықты.1967 жылы жарық көрген «жаңа дәптер» кітабы үшін 1968 жылы «Қазақстан комсомолы» сыйлығының лауреаты атанды. 1969 жылы «ескерткіш», «Шақырады жаз мені», «Жүрек сау қашанда» атты кітаптары оқушылардың ілтипатына бөленді.

«Туған үй», «Алатау» өлеңі оқылады. Етекбай атам үйінде кітабы 68 бет,122 бет

Жүргізуші: Қалам тартқан елу жылдай уақытты сараласақ, қазақ халқы деген ардақты ұғымға сиятын бір елдің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін үлкен ақынның күмбірлеген жыр жүрегіне, күнгей мен теріскейіндегі ғұмыр – жырына бойлаймыз.

Нұрғиса ағамыз ақынның «Құстар қайтып барады» өлеңі туралы былай деген екен: — Сенің өлеңдеріңе әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынандай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнімен айтып шығарыңдар»-деді. Сол себепті Нұрғиса ағамызды өзінің өсиетімен Жамбыл атасының қасына қойып, осы өлеңмен соңғы сапарға шығарып салған екен.

«Қатарымыз сиреді», «Домбыра» өлеңі оқылады.Бір асудан асқанда кітабы 206 бет, Қош көктем кітабы 231 бет

Жүргізуші: Ақынның бір естелігінде: «Міне, сол кезден бастап әлі де әнге сөз жазып келемін. Жалпы, ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Осыгдай әнім бар еді, сөз жазып беріңізші деп, алдыма келген адамның барлығын ренжітпеуге тырысамын»-деген екен.

Ең алғаш «Студент дәптері» жарық көрсімен мені өзіме құрбы, іні сазгерлер айналдыра бастады. Жасы менен біразрақ үлкен болса да Шәмші маған қатар құрбыдай еді. Ол маған «Қыз сағынышы» деген әніне сөз жазғызды. Әсет Бейсеуов бір өлеңіме ән шығарды. Біраз өткеннен кейін Нұрғиса ағамыз «Құстар қайтып барады», «Куә бол», «Қайран менің жүрегім» атты атақты әндер, «Ертіс вальсі», Шәмшінің «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Отан» деп аталатын әндер дүниеге келді. Халқымыздың поэзия төрінен орын тапқан ақын шығармашылығы — өзінің әндеріне қосылып жазылған келіп қосылғанда- тұтас бір телегей-теңіз дарияға айналады.

Тұманбай ағамыздың лирикалық кейіпкерінің жүрегі қылау түсе қоймаған сәбидің мінезіндей. Осындай сыршыл да таза жүректен шыққан дүниелер оқырманның бей-жай қалдыра алмас.

«Ана тілі», «Бір ауылдың балалары» өлеңдері оқылады. Етекбай атам үйінде кітабы  71 бет Қош көктем кітабы 202 бет.

Ән:

Жүргізуші: «Жақсылықтың барлығы болсын дейтін өзіме, сөйте жүре кісінің несібесін қызғанбас» ақын аға, жанымызға жақын аға Тұманбай молдағалиев жайлы: Өмір де жайдары, көңіл де жайдары,

             Келе жатыр килікпей кикілжіңге қайдағы,

             Жауына да жұдырық сілтеп көрген жері жоқ,

            Ақ қағаздың үстінде аяқталып майданы,- деп басталатын жыр:

                  Өкіне ме кім білген,

                  Текке бір күн өтті деп,

                  Өлең жырдың нөсерін,

                  Күркірете төкті-ау кеп

                  Үлгі бола бастаған ұлыға да, кішіге,

                   Өзі де бір асқақ ән,

                   Өзі де бір текті әулет!- деп аяқталыпты. Біз білетін, ел білетін Тұмағаң ақын ажарлы айтқандай» Аңқылдап жүрген» өлең жазып, еліне жыр арнапты.

«Сағыныштар, сарғалдақтар, сары құстар» өлеңі оқылады. Бір асудан асқанда кітабы.256 бет

Жүргізуші: Елімізде балаларға арналған бірнеше басылым жарық көрді. Солардың ішінде «Балдырған» журналы бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына бір рет шығатын «Балдырған» журналы бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбексүйгіштікке, отаншылдық рухха тәрбиелейтін басылым. Журнал бетіне қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады. Бұл журналды 25 жыл бойы басқарған атақты ақын Т.Молдағалиев атамыз.

«Балдырғанға жазыл балам» өлеңі оқылады. Балдырған журналының №10 2013ж

Жүргізуші: Құрметті оқырмандар! Бүгінгі поэзия кешіміз өз мәресіне жеткен сияқты. Бүгін біз қазақ халқының қайталанбас ірі тұлғаларының бірі Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы жайында таныстық. Артында  өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • М?селе ба?дарламасы сценарий
  • М?риям хакімжанова сценарий
  • М?ражай ашылуы сценарий
  • М?ди айымбетов сценарий
  • М?д?ният хезм?тк?ре бел?н очрашу кич?се сценарий