М?уліт мерекесіне арнал?ан сценарий

8 наурыз мерекесіне арнал?ан сценарийКешті? барысы:Асылбек Е?сеповты? Детство к?йі ?осылып т?рады. Сахнаны? сыртынан М??а?али Ма?атаевты? Ана атты ?ле?і о?ылады

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

Кештің барысы:Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып ұл балалар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады).

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі

Музыка ырғағымен залға қыздар кіреді. ( ұлдар шапалақтайды)

Жүргізуші: Өмірде ана-бұлақ,ана пана.

Өмірді өркендетер, ана ғана,

Ана!Ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де,үлкен де оны ардақтаған,

Өзінің аяулысы Отанды да,

«Ана »деп біздің халық текке айтпаған.

-деп біз бүгін аяулы жандар,ардақты қыздар,ақ жаулықты апаларға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші:  Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар! – дей келе құттықтау сөз кезегі «Балдырған »мектеп -балабақшасының директоры Ақпентаева Райхан Зейнуллақызына беріледі.

Жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1-оқушы:Теңдесі жоқ дананың Т.Маша

Арқа сүйер пананың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

2-оқушы:Бәрімізге анасың Алдияр

Біз үшін күн боп жанасыз

Құттыболсын мейрамың

Құтықтаймыз анашым

3-оқушы: Аналарды сүйеміз И.Даяна

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

4-оқушы: Сенен өскен балалар Наташа

Батырлармен даналар

Құтықтаймын мейраммен

Құрметті аналар

5-оқушы: Үн қатасың бал тілмен, Б.Аружан

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен

6-оқушы: Бізді өсіріп баптаған, Дмитрий

Жақсы болсақ шаттанған

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.
Жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай … балалардың орындауындағы « Айналайын ақ мамам » әнін қабыл алыңыздар.

7 –оқушы: Біз доспыз гүлдермен Сафина

Теке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз

8 –оқушы :Жақсылық тілеген Вова

Анашым данасың

Осынау дүниеде

Біз үшін данасың

9 –оқушы:Еркелесем күлімдейтін Я.Мария

Ұрысқаны білімбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күні дейтін.

10 –оқушы:Ана біздің күніміз Вероника

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

11- бала:Арманым едің аңсаған Нұрай

Әкелем бақыт мен саған

Ұрпағың болып жалғасқан

Қуаншы ана сен маған

12 –бала: Тек өмірде сен ғана С Аружан

Ерешесің сен ғана

Бұл өмірде теқ қана

Өзіңе арнап ән салам

13 –бала: Көрсетемін күлі елді Қ.Даяна

Жарық етемін күндерді

Өсіріп сені сыйлаймын

Жұрт көреге гүлдерді.

Залға қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: Мен қызыл телпекпін

Орманға қазір барамын

Гүдерді теріп аламын

Қызыл телпек шеңбер бойымен жүріп,гүл таба алмай жүреді.

Қызыл телпек: Гүлдер көрінбейді

Анам енді не дейді.

Жүргізуші :Қызыл телпек 8-наурыз мерекесін тамашалауға қал.Қандай өнерің бар?

Қызыл телпек :Билегенді ұнатамын.

Жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. « Мотрешки » биі

Залға әуенмен Ару-көктем келеді.( құшағында бір құшақ гүлі бар,басына гүлден тәж тағып вальс ырғағымен Көктем келді.)

Көктем: Маған жаңа мында не болып жатқанын құстар келіп сыбырлап кетті.Ал мына залдағы көңіл күй қандай тамаша!

Жүргізуші: Біздің балалар қазір көктемге және аналарына арнап өлеңдер оқып береді.

14 –оқушы:Ақ жүректе сақтаған Нұрсултан

Жарқын жүзді бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші,келші ақ мамам.

15 –бала: Бүгін наурыздың сегізі. Влада

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

16 –бала; Өскенде мен ол енді Бауыржан

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді

17 –бала: Жүре берсең қасымда Нұрислам

Айбат анам ай анам

Ботам деген сөзіңнен

Мен мәз болып оянам.

18 –бала: Жарқын жүзді жан анам Софья

Сендей болса бар адам,

Сендей бола бар кісі

Шексіз перзент алғысы.

19-бала: Әлпештеген аялаған, Алина

Ақ сүт берген анашым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын

20-бала : Аяулы анашым, Екатерина

Сегізінші наурыз мерекеңмен!!

Көктем; Қандай тамаша өлеңдер!

Мына құшағым толы гүлдерді Қызыл телпеке ала келдім.Анасына апарып берсін.Балалар гүлдермен ойын ойнайық « Гүл жинау»Қызыл телпектің корзинасына жинап берейік.

Жүргізуші: Рахмет саған Ару-көктем.Енді біздің қызыл телпектің анасына апаратын сыйлығы бар.

Көктем:Жүздерің бұлбұл жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңдер.(музыка ойнап көктем кетеді)

Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  балаларымыздың орындауында «Аяулы анашым » өлеңін ұсынамыз.

Ойын: «Аналарымызға мерекелік үстел дайында ».( балалар мен аналар)

Көрініс « Менің анамнан нан иісі шығады. » ( Софа мен Маша )

Жүргізуші: 

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! — деп кезекті « жас футболшылар »биін ұсынамыз.

Жүргізуші: 

Қазір ойын ойнаймыз,

Аналарды құттықтаймыз

Бұл ойынды біз ойнап,

Аналарға сыйлаймыз.

Ойын : «Кім жылдам?» ( Дайын іздер арқылы кім анасына дейін тез жетеді)

Жүргізуші: Бүгінгі мейрамға біздің сүйікті әжелеріміз келді.

Әжем менің әлі де ,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді.

Қажет болса бәріне –деп «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыз.

Шағын қойылым « Мы стираем »

Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

« Ақ мамам» әнін қабыл алыңыз. ( Мария,Алдияр,Бауыржан және хор)

Жүргізуші: Бүгін аналарымыз бен әжелерімізге арнап біздің балалар

«Теремок » ертегісін дайындап сахналайды.
жүргізуші: .  Даяна ,Софа және Даянаның орындауында « Көкте келді »әнін қабыл алыңыз
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! — десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


 

3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

Ұстаздар (мұғалімдер) күні

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс — шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады.
Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған….

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздар — ұлы тұлғалар)

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №31 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Гүлсайран Кенжеғазықызы

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз” деген….

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік)

Сценарий тақырыбы: «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен……

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Жалаңтөс батыр ауылы, Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна


Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.

1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым

2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс…..

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстазым менің, ұстазым)

1 – жүргізуші: Мадина
Армысыздар қадірменді көрермен қауым!
2 – жүргізуші: Нұрлан
Армысыздар! Бүгінгі құқықтану мамандығының 2 және 3 топ, ІІІ – курс студенттерінің дайындаған «Ұстазым менің, ұстазым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе……

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп, үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
I — жүргізуші: Райымбек
 Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2 — жүргізуші: Эльмира
 Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
 Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

  (Әнұран)
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам — тілдер күні!

2 — жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
1 — жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 — сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғысөз кафедра меңгерушісі Молдахмет Сейдахметовичке беріледі.
2 — жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1 — жүргізуші. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» деп, ұлы
Абай айтқандай, құлақ құрышын қандырған әсем әннен кейін сахнаның сәнін келтірер ғажайып қазақ биін тамашалайық, халайық.
1. Әйгерімнің орындауында қазақ биі
ТОП — 12. Топ тыңдаушысы Қанаттың орындауында Адай күйі
«Земные языки»
(Татьяна ТОП — 14 — 1)
Когда с природой я наедине,
То различаю языки земные:
Беседуют деревья в тишине,
Друг с другом птицы говорят лесные.
Есть говор свой у волн вдали,
Насвистывает что — то тихий ветер…
За краткий срок, отпущенный на свете.

Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали…
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
Все в языке: рожденье, первый шаг,
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете.
И если вдруг исчезнет мой язык,
То и меня вы больше не найдете!
ТОП — 13. 13 — топтың білім алушысы Асылзаттың орындауында «Қазақ елі»

1 — жүргізуші: Қазақстанда 130 — дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.

2 — жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно — Казахстанской области – узбекского телевидения.
В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.

 Қанаттың орындауында «Әлқиса» күйі
1 — жүргізуші. Тіл — ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Ортада түрікмен, орыс, ауған: хазар, тәжік, пушту, өзбек ұлттарының өкілдері: шетелдік тыңдаушылар

 1. Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. (Мәлике – ауған қызы, хазар )
Ана тілім — ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.

2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,
Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру. ( Мұрад — түрікмен)
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да – халық мұңы.

3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат. (Таня — орыс)
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ұйғыр халқының биі орындайтын Гүлгина
2 — жүргізуші: В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учашиеся покажут свое мастерство владения английским языком.

 1. жүргізуші. Кафедра мақтаныштарықазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін жетік білетін полиглот жастарымыз бен шетелдік тыңдаушыларға сөз кезегін береміз. Шығармашылық және филология топтарының тыңдаушылары, шетелдік бірнеше тілде құттықтайды және әндер орындайды.
Ауғанстандық тыңдаушыларының орындауында «Ватан — Отан» биі1 — жүргізуші. Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2 — жүргізуші. Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • М?селе ба?дарламасы сценарий
  • М?риям хакімжанова сценарий
  • М?ражай ашылуы сценарий
  • М?ди айымбетов сценарий
  • М?д?ният хезм?тк?ре бел?н очрашу кич?се сценарий