Ойын сценарий деген не

ойын сценарийінің ойын идеясының не екенін білу және олармен жұмыс істей алу. Ойынның басты және екігші деңгейлі кейіпкерлерін, қарсыластар мен ойын барысында кездесетін кедергілерді анықтап, олармен жұмыс істей алу.. Информатика, Уроки, 6 класс, Ойынның сценарийін жасау

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6А.3 Компьютерлік ойындарды жасау

Мектеп: Жалпы білім беретін Ю.Гагарин атындағы орта мектебі

Күні:23.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Хидуллина Гаухар Исатаевна

Сынып: 6 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойынның сценарийін жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.2. блок –схема түріндегі алгоритмді ұсыну

Сабақ мақсаттары

  1. Ойын сценарийінің, ойын нысандарыныңне екенін білу және олармен жұмыс істей алу.

  2. Ойынның басты және екінші деңгейлі кейіпкерлерін, қарсыластар мен ойын барысында кездесетін кедергілерді анықтап, олармен жұмыс істей алу.

  3. Практика жүзінде ойын сюжетін құрып, сценерий бойынша жүзеге асыра алу.

Бағалау критерийлері

1.Ойын сценарийін құру жолын біледі;

2.Ойын нысандарын , олардың қызметін айыра алады;

3.Ойын нысандарын жікке бөле алады;

4.Ойынның графикасын,сюжетін,деңгейлерін ажыратып блок-схема құруды біледі;

Тілдік мақсаттар

Диологке арналған тармақтар:

-Ойынның сценарийін құрады

-Ойын нысанын , сюжетін,деңгейін ажырата алады

Жазылымға араналған тіркестер:

Ойынның сценарийі деген не-?………

Ойынның басты кейіпкері

Компьютерлік қарсыластар

Ойын нысандары

Екінші деңгейлі кейіпкерлер

сыйақылар

Қозғалмалы нысандар

Декароциялық т.б

Терминалогия: ойын,

сценарий, нысан, декорация, сыйақы, кейіпкерлер, компьютерлік қарсыластар.

Құндылықтарды дарыту

Іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, бейнелеу, геометрия , сызу , өзін-өзі тану

Бастапқы білім

Оқулықтағы «Естеріңе түсіріңдер» айдарында берілген тапсырмалар және өткен тақырыптан басқа да қосымша тапсырмалар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Білім алушылармен амандасу, түгендеу

Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан», тренингін ұйымдастыру. Оқушылар жұптасып, бір-бірімен алақандарын түйістіреді де, жұбына жылы лебізін білдіріп, жағымды сөздер айтады.

Топқа бөлу: Білім алушыларға ойын турлері қиылған қиындылар таратылады, сол арқылы топқа бөлінеді.

1 топ: «Angry birds»

2 топ: «Subway surd»

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

2 мин

«Пазл» әдісі бойынша сабақ тақырыбын ашатын сурет қиындыларына сұрақтар ілінеді, жауап бере отырып сурет қиындырларын құрастырады, осыдан келіп жаңа сабақтың тақырыбы көрсетіледі.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

10 мин

8 мин

3 мин

1 тапсырма: (Оқулықпен жұмыс)

Оқыту формасы: Топтық

Оқулықтың мәтіні мен дерек сөздерге сүйене отырып ойын сценарийін құрумен, кейіпкерлер және сюжетімен танысады.

«Тұжырымдамалық карта» жалпы сипаттамасы:

Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады. Оқушылар тақырыпты қамти отырып ең маңыздыларын қағазға түсіріп, өз идеяларын кесте , сурет қиындыларымен көрсетеді.

Дескриптор

1.Ойын сценарийін құруды үйренеді

2.Ойын сценарийін құрудың әдістерін біледі

3.Ойын кейіпкерлерін, нысанын, сюжетін ажырата алады.

ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Бағдаршам көзі» арқылы бағалау

Жасыл көз-жаңа тақырып бәріне түсінікті болды

Сары көз-жаңа тақырыпты түсінуде қиындықтар болды

Қызыл көз— тақырып мүлдем түсініксіз болды

2 тапсырма: «Кім жылдам» әдісі (Дәптермен жұмыс)

Оқыту формасы : жеке жұмыс

Білім алушылар компьютерлік ойындардың сценарийілерін келтіріп томендегі графиканы дәптерлеріне тез толтырулары қажет. Алғаш бітірген топ мүшелері балмұздақпен марапатталады. Бұл бағалау білім алушыны мадақтауда,өзіне-өзі деген сенімді қалыптастыруға көмектеседі

3 тапсырма : «Жаз,көрсет,әңгімеле» Шығармашылық жұмыс (компьютерде орындайық)

Scratch программасымен компьютерлік ойын сценарийін скрипттерді пайдаланып блок-схема жасайды.Блок-схема төмендегі сурет тәрізді жасалуы қажет.

Оқыту формасы: топтық

Әр топтың білім алушылар компьютерде дайындаған ойын сценарийін бірі-біріне түсіндіріп өтеді.

Дескриптор:

1.Ойын сценарийі құру туралы толық ақпарат алады

2.Жобаға сәйкес ойын сценарийін блок-схемаға түсіруді біледі

ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Тиын, монета» арқылы бағалау

100 тиын –бәрі түсінікті

50 тиын-түсіндім, кейбірі қиындық туғызды.

20-мүлдем түсініксіз

Сергіту сәті!

Көзге арналған жаттығулар

4 тапсырма

Сараланған тапсырма:

Оқыту формасы: топтық жұмыс

1 топ : «Фишбоун» әдісі «Компьютерлік ойындар»

Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырыпты жазады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

Дескриптор

1.Компьютер ойындары туралы жалпы түсінік береді;

2.Компьютер ойындардың зиянын, пайдасын біледі;

3.Компьютер ойындары турасында қорытынды жасай біледі;

2 топ: «Өрмекші » әдісі «Компьютерлік ойындардың құру кезеңдері»

Білім алушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

Дескриптор:

  1. Ойынды құрудың әр кезеңіне тоқталып өтеді;

  2. Ойынды құрудағы өздерінің түйінді ойын айтады:

Екі топта тақырыптар бойынша ойларын тыңдап болған соң,бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

-маған бұл тапсырма ұнады

тапсырма түсінікті, алайда қиындық туғызған жерлері болды

-тапсырма мен үшін мүлдем түсініксіз

5 тапсырма Қалыптастырушы бағалау: (білім алушылар берілген тапсырманы жылдам сәйкестендіріп шығулары қажет, болғаннан соң мұғалім жинап алып бағалайды)

«Сәйкестендіру кестесі»

Дескриптор

1.Сценарий ұғымын көрсетеді;

2.Ойын нысанын табады;

3.Ойын түрін анықтайды;

4. Басты кейіпкерді анықтайды.

Флипчарт, маркер,оқулық

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

Компьютерлер,

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

слайдтар

Флипчарт,маркер,оқулық,

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

Сабақтың соңы

4 мин

«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорыту

(сыныпта бір білім алушыны тілші ретінде сайлайды және бұл жөнінде білім алушыларға сабақ басында ескертіледі, яғни сабақ барысында белсенділік танытқан білім алушы, сабақ соңында микрофонмен жүріп әр топтағы білім алушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды)

Оқыту формасы: Жеке жұмыс

1.Білім алушылар сұраққа жауап беруге әзірленеді.

2.Сабақ қорытылады.

Дескриптор:

1.Сабақ туралы толық түсінік қалыптасады

2.Жаңа тақырыпты меңгереді

Рефлексия «Білім қоржыны» білім алушылар бүгінгі сабақ бойынша өз қоржындарына стикерлер арқылы пікірін қалдырады.

Көк қоржын-бүгінгі сабақ тан әсерім өте күшті

Сары қоржын-бүгінгі сабақ ұнады

Қызыл қоржын-бүгінгі сабақ қызықсыз

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

Слайд

Микрофон, қоржындар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған саралау жоспарлы жаттығулар арқылы жүзеге асып отырады.

Берілген әр бір тапсырмалары қадамдарға жіктеліп берілуі және қолданылған әдіс-тәсілдер білім алушыларға өз ойларын,білім деңгейлерін,сабаққа деген жігерін және топта ұжымдасып жұмыс жасауға зор ықпалын тигізуге көмектеседі.

Сабақ барысында білім алушылардың сабаққа деген зейінін,ынтасын және өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында белсенді әдістерді тиімді қолдана отырып,әр білім алушылардың тапырмаларға қаншалықты жауап бергенін,меңгергенін тексеру үшін бірнеше бағалау түрлерін қолдануға болады..

1 тапсырма:

«Тұжырымдамалық карта» әдісі

Тапсырманың жауабына сәйкес білім алушылар « Бағдаршам көздері» арқылы бағаланады. Бұл бағалау білім алушылардың сабаққа деген ынтасын,қызғушылығын арттырады.

2 тапсырма: «Кім жылдам» әдісі (Дәптермен жұмыс)

«Балмұздақпен бағалау» алғаш бітірген топ мүшелері балмұздақпен марапатталады. Бұл бағалау білім алушыны мадақтауда,өзіне-өзі деген сенімді қалыптастыруға көмектеседі

3 тапсырма:

«Жаса,көрсет,әңгімеле» әдісі

Шығармашылық жұмыс (компьютерде орындайық)

Компьютер жасалған жұмысты

« 20 ,50,100 тиындар» арқылы бағаланды.Тиынмен бағалауда білім алушылардың бір-біріне жасалған жұмыст ары үшін ашық түрде пікірін айтуға және қызығушылығын арттырады..

4 тапсырма:

1 топ : «Фишбоун» әдісі

2 топ: «Өрмекші » әдісі осы әдістер арқылы орындалған тапсырмаларды білім алушылар бір-бірін смайликтермен бағалайды.Смайликтер арқылы бағалау білім алушылардың өз ойларын эмоция арқылы жеткізуі олардың бір-біріне деген құрметін,сыйластығын күшейтер еді.

5 «Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорыту

Рефлексия «Білім қоржыны» білім алушылар бүгінгі сабақ бойынша өз қоржындарына стикерлер арқылы пікірін қалдырады.

Денсаулық және техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ,сабақты АКТ-ны байланыстырып өткіздім.Тақырыпқа сәйкес қазақ тілі,

бейнелеу,геометрия ,сызу ,өзін-өзі тану сынды пәндер байланыс жасау арқылы сабақ жұргізілді.Сонымен қоса оқушылырдың бойында құндылықтарды дамыту мақсатынды «Дұрыс әрекет жасау» арқылы жинақтылық,ұқыптылық,батылдық қасиеттерін дарытуды мақсат еттуге болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралынені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Сабақтың тақырыбы Ойынның сценарийін әзірлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.2 – блок – схема түріндегі қадамды ұсыну
Сабақтың мақсаты — Ойынның сценарийін әзірлеу
— Ойын сценарийін блок – схема түрінде ұсыну
— Ойын сценарийін тұжырымдау
Бағалау критерийі — Ойынның сценарийін әзірлей алады
— Ойын сценарийін блок – схема түрінде ұсынады
— Ойын сценарийін тұжырымдайды
Тілдікмақсаттар
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Сценарий — Сценарий — Scenario
Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Ойын ортасында сценарий құру дегенді қалай түсінесіңдер?
Сценарий дайындаудың қандай ерекшеліктері бар
Анимацияның сценарийі мен ойынның сценарийінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын атаңыз?
Құндылықтарға баулу

Бұл сабақта келесі құндылықтар дарытылады: өзбетімен білім алу, өзгенің пікірін тыңдай білу, топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтамақтастық қалыптастыру
Құндылықтарды дарыту жұпта және топта жұмыс жасау арқылы іске асады
Пәнаралық байланыс Ағылшын, бейнелеу, орыс тілі
Алдыңғы білім
Оқушылар осыған дейін біледі: Ойынның идеясын анықтап, есептің шешімін кезеңмен талдай біледі

Төмендегі Ашық сабақ толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Компьютерлік ойынды құру

Мектеп: №5 мектеп-лицей

Күні:22.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдалина А.Қ

Сынып: 6 в

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтыңтақырыбы

Ойынның сценарийін жасау

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1- ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру;

6.3.3.1- программа ортасында қателерді табу және жөндеу

Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар:

-Scratch программалаудың ойын ортасының маңыздылығын меңгеру;

Оқушылардың басым бөлігі:

-Алған білімдерін практикада жүзеге асыру

Кейбір оқушылар:

— Алгоритм түрлеріне өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру.

Бағалау критерийлері

-Scratch бағдарламасында алған білімдерін саралайды;

-Ойын ортасында ойын сценарийін жасақтайды және жүзеге асырады;

-Scratch бағдарламалаудың ойын ортасында программа жазады;

-Scratch бағдарламалаудың ойын ортасында нысанмен жұмыс жүргізіледі

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология

Оқушылар:

Ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру және программа ортасында қателерді табу және жөндеу туралы білетіндерін, жеке пікірлерін айтып, өз ойларын дамыта отырып, ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

— Алгоритм- алгоритм- algorittim ұғымдары;

— Блок-сызба- Блок-схема- Block-diagram;

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды оқу үрдісіне бақылау жүргізуге, топтастыруға, тәжірибелік жұмыста шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға дайындау

Пәнаралық

байланыстар

Ағылшын тілі : Оқушылар сөздік тіркестерді блоктарға сәйкес көрсете біледі және онымен жұмыс істей алады.

География сабағы: масштабты біледі.

Қазақ тілі: Диалог құруда сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, информатика тілінде қадамдарға ажырата сөйлеу.

Алдыңғы білім

Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

40минут

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

7 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

І. Ұйымдастыру.

1) оқушылармен сәлемдесу;

2) сыныпқа ынтымақтастық атмосфераны туғызу;

Оқушылар шеңбер болып тұрып бір — біріне, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мозайка арқыла сыныпты 4 топқа бөлу.

ІІ. «Кім жылдам?». өткен тақырып бойынша сұрақтар.

1.Қандай да бір программалау тілінде жазылатын және ойын сауық үшін құрылатын программа қалай аталады?

2. Ақпарат алу, сөйлесу,әлемді зерттеу әрекеттері қандай жанрға жатады?

3. Компьютерлік ойынның әрекеттері орындалатын ойын кеңістігін немесе ойынның қандай да бір сюжеттік тақырыпқа сәйкестігін қалай атайды?

4. Ең алғашқы компьютерлік ойындардың бірі Space War қай жылы әзірленген еді?

5. Ойынды құрудың бірінші кезеңінде қандай әрекет орындалады?

6. Ойын жүзеге асырылатын ережелер жиынтығы қалай аталады?

7. Scratch бағдарламасындағы ойын барысында жүзеге асырылатын командалар тізбегі қалай аталады?

8. Scratch бағдарламасында ойын нысаны қалай аталады?

9. Ойын мақсатын анықтауға не кіреді?

10. Ойынның дамуының негізгі бағытын не анықтайды?

Әрбір топ өзінің сұрақтарына берілген жауаптарын смайлик беру арқылы бағалайды.

ҚБ-

Оқушыларды «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады

ІІІ. Мағынаны ашу. (оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру)

Оқушыларға бейнекөрсетілім арқылы көрсетеміз.

  1. Ойын сценарийін жүзеге асыру алгоритмінің блок-сызбасы

  2. Жалпы алгоритмі

Жұмысқа шолу жасалып, қорытынды шығарылады, оқушының нені үйренгені түйінделеді.

ҚБ:

Әр тапсырма бойынша графикалық фигуралар беру арқылы бағаланады.

.

Интербелсенді тақта, слайдтар

Информати ка 6- сынып

Г.И.Салғараева, Г.Б.Ильясова, А.С.Маханова

«Арман-ПВ» 2018

Bilim Land.kz сайты

Флипчарттар

10 мин

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту. «Ойлан, жұптас,талқыла»

Деңгейлік тапсырмалар:

І.Жеке жұмыс.

Сұрақтар мен дұрыс жауаптар

дескриптор

— Ойын ортасына өту сахнасына мәлімет жинақтайды;

— Проблемалық сұрақтарға толық нақты жауап бере алады

(өзін-өзі бағалайды)

ІІ. Жұптық жұмыс.

Астананың әрбір көрікті жерлері туралы қызықты ақпаратпен бөлісу

дескриптор

— Бағдарлама блоктарын таңдайды;

-Ойын алаңына сахна тағайындайды;

— Ойын ортасында таңдалған спрайтқа скриптілер құрады;

(бірін-бірі бағалайды)

интербелсенді тақта, слайдтар, карточкалар

5 мин

ІІІ. Топтық жұмыс. Постер қорғау «Сызбанұсқамен жұмыс»

  1. Сапарбек үшін қолданылатын скриптілер

  2. Айнұр үшін қолданылатын скриптілер

  3. Келесі кезеңдерге өту үшін қолданылатын скриптілер

  4. Сапарбек пен Айнұрдың арасындағы диалогтың скриптілері

  5. Сапарбек үшін қолданылатын қосымша скриптілер

  6. Айнұр үшін қолданылатын қосымша скриптілер

Топтар бір-бірін бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ

дескриптор

— Таңдалған спрайттарға скриптілер құрылады;

-Команда параметрлері (күту, сөз айту, ауысу) қойылады;

-Спрайттарға диалогтың скриптілері құрады;

-Қосымша скриптілер үшін шартты орындалу, қайталану командаларын пайдаланады;

(топтар өзара бағалайды)

V.Оқушының қажеттілігін анықтау мақсатында «жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл» бойынша кейбір оқушыларға берілетін қосымша тапсырма. Компьютермен жұмыс

1. Өз ойларыңның скриптерін пайдаланып, кестені толтырыңдар.

Спрайттың немесе сахнаның атауы

Спрайттың немесе сахнаның скриптісі

Күтілетін нәтиже

2.Өз ойындарыңның алгоритмін жазыңдар

р/с

алгоритм

1-қадам

2-қадам

3-қадам

  1. Өз ойындарыңның блок- сызбасын құрыңдар

дескриптор

  • Өз ойындарының скриптілерін пайдаланып, кесте толтырады;

  • Алгоритмін құрады;

  • Блок-сызбасын құрады;

Флипчарт

тар

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау.«Фишбоун» әдісі арқылы сұрақ-жауап беріледі. Оқушыларға қағазға жазылған үлестірмелі сұрақтар беремін. Оқушылар топ болып сұрақтарын жазып, балық қаңқасына жапсырады

-Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

-Күнделікті өмірден мысал келтір.

-Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

-Күнделікті өмірден мысал келтір.

-Циклдік алгоритм дегеніміз не?

-Күнделікті өмірден мысал келтір.

-Блок-сызба дегеніміз не?

-Блок сызбаға кіретін қандай блоктарды білесің?

Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі

«Алақан» Сол қолын қағазға бастырып,саусақтардың ішіне жазу керек:

Бас бармақ – не ұнағаны

Балалы үйрек – не ұнағаны

Ортан терек – не кедергі болды

Шылдыр шүмек – тағы не білгім келеді?

Кішкентай бөбек – тілек жазу

Үйге тапсырма: §22 өз ойындарыңның жобасын дайындау

Саралау- сіз қандай тәсілмен

Көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлапотырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыға қолдау ретінде тірек сөздер, деңгейлік тапсырмалар жұптастыру, топтастыру тапсырмаларын жоспарладым. -«Миға шабуыл»әдісі арқылы оқушылар топта жұмыс жасады. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындады. . «Фишбоун» әдісі

Оқушылардың дұрыс жауабына мадақтау сөздерімен қолдау көрсетемін.

Кері байланыста «Бес саусақ» әдісін қолданылды. Оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың жұмыстарын бағалайды және ұсыныстар береді.

Сабақ «қолшапалақтау» арқылы, «смайликтер» арқылы.

Сабақ жаратылыстану, математика пәнімен байланыстырылды. Оқушы бойына шығармашылық, сын тұрғысына ойлау, өзгелердің мәдениетіне мен көзқарастарына құрметпен қарау құндылықтарын қалыптастырамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезінде уақыт тиімді

пайдаланылады?

Бұл тарауды рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақты жоспарлауда:

— Оқу және сабақ мақсаттарына сәйкес тапсырмалар дайындауды;

— Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдануды жүзеге асыруға тырыстым.


Интеллектуалды ойын «Тапқыр, достар»

 Интеллектуалды ойын «Тапқыр, достар»

Тақырыбы: «Тапқыр, достар» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты:
Жан — жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету.
Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, өзін — өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым — қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, зейінділік, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Жеребе алып қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.
Жарыс ережесімен таныстыру.
Ойының барысы:
I «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
II «Ойлан, тап»
III «Сен білесің бе?»
IV «Аударыспақ» (Екі топ мақал — мәтел айтудан жарысады)
V «Қолқа салу»
1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
(Екі топқа 10 — 10 сұрақтан қойылады. Екі топ А. М. Т. Б. Н. Қ. әріптерін алады Қойылған сұрақтарға жеребе тастау барысында қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап береді)
1 — топқа (МНҚ)
1. Олимпиада чемпионы болғыңыз келе ме?
2. Алма қай жерде өседі
3. Кітап оқисыз ба?
4. Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?
5. Әдемі қыз көріп тұрсыз ба?
6. Қай спорт түрін ұнатасыз?
7. Көңіл күйіңіз қалай?
8. Қай пәнді ұнатасыз?
9. Қазақтың батырын атын айт.
10 Сөйлем құра.

2 — топқа (АТБ)

1. Көп сөйлейсіз бе?
2. Көп кешірім сұрайсыз ба?
3. Болашақта кім болғың келеді?
4. Досыңыздың аты кім?
5. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
6. Қазақстанның табиғи байлығы не?
7. Өсімдік атын ата?
8. Қай түсті ұнатасыз?
9. Қазақтың ұлттық тағамын ата
10. Сөйлем құра.
11. Көрермендер додасы. Екі топ жоғарыдағы ойын шартын орындап жатқан кезде көрермендер мен де « Көрермендер додасын» ұйымдастыруға болады. Ол үшін ұйымдастырушы әр түрлі мазмұндағы сұрақтарды қоюына болады. Мәселен:
1. Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас? (5)
2. Жеті жарғы заңдар жинағының авторы? (Тәуке хан)
3. Ең алғаш қағазды ойлап тапқан қай ұлт? (Қытай)
4. Той бастар, бата — тілек, жоқтау ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? (тұрмыс салт жырлары)
Жеңімпаз көрерменнің ұтысы беріледі.
ІІІ. «Сен білесің бе?» (8 ұяшықтан тұрады)
10
Құтты сан
Қатысушыға тапсырма беріледі.
Ол спорт түрі штанг көтеру тәсілін ортада көрсетеді. 15
Жылқы малының пірі
(Қамбар ата) 20
Отырар дастанының авторы кім?
(Мұхтар Шаханов)
10
Бейжің олимпиадасында командалық есеп бойынша еліміз нешінші орынға тұрақтады (29) 15
Сиып малының пірі
(Зеңі баба) 20
Қазақ елін әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтық атақты шығармасы?
(«Абай жолы»)
30
Бір бұлбұл отырады салып әнді, жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойладым. Бір демде жер түбінен хабар алды. (радио) 30
Бес жанды.
Бір жансызға мінгеседі. Үстінде ақ тақырдың із кеседі. (қалам, адамның бес саусағы)

ІV. «Аударыспақ». Екі топ білім, отан, еңбек тақырыптарында мақал — мәтел айтудан жарысады. Бұл ойынға көрермендер де қатысып, екі топтың еншісіне ұпай қосуларына болады.
Әділқазы алқасынан қорытынды балл көрсеткішін сұрап, жеңіске жеткен топты анықтаймыз.

V. «Қолқа салу» (жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.) Екі топтың қатысушыларына сыйақы беріледі.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Одиннадцатое декабря праздник
  • Озуф м революционный праздник 1789 1799 м 2003
  • Один христианский праздник
  • Озорные буквы сценарий
  • Один торт на два праздника