Онк?ндікті? жабылуы сценарий

Өзін-өзі тану пәні бойынша әр жыл сайын Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай оңкүндік өткізіледі. Оңкүндік барысында әр түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сол шаралардың қорытындысы ретінде жабылу салтанатын өткіземіз. Өткізілген шараларға барлық сынып қатысады.

Басты бет

/

Материалдар

/

Онкүндіктің жабылу салтанатына арналған концерттік сценарий тақырыбы «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы»

Онкүндіктің жабылу салтанатына арналған концерттік сценарий тақырыбы «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы»

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Өзін-өзі тану пәні бойынша әр жыл сайын Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай оңкүндік өткізіледі. Оңкүндік барысында әр түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сол шаралардың қорытындысы ретінде жабылу салтанатын өткіземіз. Өткізілген шараларға барлық сынып қатысады.

user

Досымханова Айгуль Канабековна

calendar

5 Наурыз 2018

#Өзін-өзі тану

#Сыныптан тыс жұмыс

#Барлық сыныптар

eye

3499

rrow-download

0

docx

logo

ғылыми-әдістемелік
орталығы

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз

Сізге пайдалы материалдар.

Сіздің материалыңыз дайындалуда!

Дайын болған соң sembiev_n@mail.ru
почтаңызға жіберіледі.

Уақытыңызды құр өткізбей, біздің

Қаңтар
олимпиадасына

қатысып Диплом алыңыз

Пәнді таңдау

Материал жүктеу үшін:

Сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, біз материалды бірден электронды поштаңызға жібереміз.

Материалды жүктеу

Бабалар мұрасы –ұрпаққа аманат (онкүндіктің жабылуы)

Мақсаты:

Тәуелсіздіктің мәнін және тәуелсіздіктің бізге бабалар ұлағат етіп кеткен аманат екенін түсіндіру.Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Оқушылардың елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бейнефильм, көркем суреттер, оқушылардың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған суреттері, безендіруге арналған – шарла р.

Түрі: танымдық кеш

Барысы:

Мұғалім: Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты болып табылады. Тәуелсіздікті қазақ халқының тәңірден алған ең үлкен сыйы десек те болады. Біздің қазақы ғұрпымыз, салт-дәстүріміз, әдебиет пен мәдениетіміз бабалар аманаты. Біздің онкүндігімізде міне осы бабалар ұлағатын, бабалар аманатын ұлықтадық десек болады. Біздің әсем әндеріміз мен күмбірлеген күйлеріміз, қазақтығымызды айшықтайтын керемет салт-дәстүрлеріміз, қасиетті қазақы өміріміз барлығы дерлік ата-бабаның бізге аманат болып жеткен ұлағаты. Сіздерге бүгін осы онкүндіктің жабылу салтанатын ұсынбақшымыз.

1 жүргізуші:

Армысыздар, құрметті оқушылар, көрермендер, ардақты ұстаздар!Бүгінгі «Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:

Менің елім — Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Қасиетті қазақ елі Қазыбек данадай шешендері бар, Төле бидей көсемдері бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлері бар, Қабанбайдай ірілері бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілері бар болған ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болдық

1 жүргізуші:

Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – біз боламыз.

Ән: (Туған жер) 10 «Ә» сынып оқушысы Маканбедиев Айдос

2 жүргізуші: Елге қызмет ету, жерге құрмет ету дегеніміз ата-баба өсиетіне адал болу, бабалар мұрасын, бабалар ұлағатын ұлықтау болып табылады. Қарап отырсақ қазақ халқы ұрпағына өшпес мұра қалдыра білген халық. Қазақтың кең жазира даласы, саф алтындай салт-дәстүріміз, баға жетпес ұлттық құндылықтарымыз барлығы –барлығы бабалар мұрасы, бабалардың бізге аманаты. 1 жүргізуші: Құндылық дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? 2 жүргізуші: Құндылық – біздің қазақы өміріміздің шамшырағы іспеттес. Оған тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттарымыз жатады. Оларға: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. 1 жүргізуші: Ал мен айтар едім ең баға жетпес құндылығымыз, ең қымбат мұрамыз, асыл аманатымыз бұл біздің еліміз. Елімізді қорғасақ, елімізге еңбек етер болсақ ата-баба аманатын сақтаған болар едік және солай етіп жүрміз де.

2 жүргізуші:

Мен қазақпын, кешегі көшпендімін,

Заманыма лайық өскен бүгін.

Тарихта қазақ болып қалу үшін,

Мың өліп, мың тіріліп өткен күнім.

1 жүргізуші:

Киіз үйден айналдық қалаларға,

Егін ектік иен жатқан далаларға.

Оқымаған бабам да шешен болған,

Біз біліммен айналдық даналарға.

2 жүргізуші: Ата-баба аманаты туралы сөз еткенде ең бірінші айтарымыз бабалар аманат еткен, бізге берген тәңір сыйы –ол біздің тәуелсіздігіміз!

Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыз неше түрлі кезеңді басынан өткерді: ХVІІІ ғасырдағы Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығының зардабынан Ресей империясының қарамағына өткен кезі, 1931 — 1933 жж. ашаршылық, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің 1937 — 1939жж. озбырлығы, 1941 — 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының саны және кешегі 1986 жылдың ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды.

??(«Ашаршылық», қазақ хандығы, желтоқсан туралы видеоролик көрсетіліп тұрады да Алмат Исаділдің Қазақстаным өлеңі оқылады)

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,

Бойына жиған имани тазалық нәрін.

Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,

Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,

Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –

Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,

Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.

Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,

Қариялардың ұрлаған даналық шамын,

Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –

Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,

Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.

Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,

Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,

Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!

Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,

Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.

Соның үшін де қолыма қалам ұстадым…

Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –

Қазақстаным!

1 жүргізуші:

Тарих – ол бабалардың ерлігінің айғағы,

Тарих – ол ұланғайыр Отаныңның аймағы.

Тарихыңда жатыр, білсең сенің қайсар ерлігің,

Таңбалы тас туған жердің белгісі бар сайдағы.

2 жүргізуші:

Тарих болып жазылады туған жердің дастаны,

Сол үшін де найза ұстап ығыстырдым басқаны.

Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы,

Шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.

1 жүргізуші: Ата-бабаларымыздан қалған тағы бір ең асыл мұраларымыз ол халқымыздың ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан өнері. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген.

2 жүргізуші:

Қазақ халқы “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі жейтін тамағы, ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған. Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән -мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.

1 жүргізуші: Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті кәусары — ән.

Ән – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.Қазағымның қасиетті қара домбырасымен айтылатын әндердің орны мүлдем бөлек. Мен үшін дәстүрлі әндердің шоқтығы қашанда биік.

2 жүргізуші:

Бабалар аманат еткен Қазақтың киелі, Ұлы даласының Ұлы тұлғаларының құрметіне ән арнасақ артық болмас.

( Өмірқұл Айниязовтың бір әнін жіберу)

1 жүргізуші: Қазақ халқының мәдени мұралары шексіз деп айтуға болады. Соның бір тармағы қолөнер бұйымдары болып табылады. Әсіресе ұлттық ою-өрнектерді айтсаңшы!

2 жүргізуші:

Мен ұлттық ою-өрнектерге сондай қызығамын және әрбір қолөнер бұйымдарына деген ықыласым зор. Қазақтың ұлттық киімдеріне, ұлттық әшекейлеріне салынатын оюларды зерделеп, оның қандай мағына беретіндігін үнемі ойыма тоқып жүремін. Және әрбір оюдың да мән-мағынасы бар.

1 жүргізуші:

Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді. Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.

Қошқар мүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі.

Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.(слайдтан көрсетіп тұру керек)

Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.

( Қазақтың ұлттық киімдерін 2 бала сән үлгісін көрсетеді, бірнешеу болса тіпті тамаша болады)

2 жүргізуші: (домбыра ұстап шығады)

1 жүргізуші:

Ал, ……. қасиетті қара домбыраны ала келген екенсің. Оның сыры неде?

2 жүргізуші:

Домбыра да біздің бабалардан қалған басты аманатымыз десек еш қателеспейміз. Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жете таныстыратын асыл мұрамыз. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы.

1 жүргізуші:

Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған. Қара домбыра, киелі домбыра, қасиетті домбыра деп бабаларымыз бекер айтпаса керек

Ең қадірлі деген қонақтарына домбыраны сыйға да тартатын болған. Домбырамен орындалатын күй – арқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, енді бірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.

2 жүргізуші:

Домбыра аспабын әр қазақтың баласы ойнай білуі керек. Домбыраны ұстап ойнай білген адам әдепті, инабатты болады. Домбыра тіл- көзден, бәле-жаладан сақтайды. Ендеше халайық нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй тыңдап жіберейік. (күй жіберу) Қуанышов Нұрбол 1 жүргізуші: Біздің ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа ең басты аманат ретінде ел бірлігін мұра етіп қалдарып отырған. Оның айғағы ретінде елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан бірнеше ондаған ұлт өкілдерін айтуға болады. 2015 жылы Қазақстан ұлттар Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығын атап өтті. Бұл мереке қазақ ұлтының мерейін тағы бір көтеріп тастады. 2 жүргізуші: Бүкіл әлемге біз ұлттар достығының қандай болатындығын, ұлттар татулығының алтын кілтін көрсете білдік. (өзбек биін жіберу) 1 жүргізуші: 2015 жыл Қазақстан үшін мерейлі мерекелер тойланған айтулы жыл болды. Еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата заңымыздың 20 жылдығын бүкіл әлемге паш етіп атап өтті. (Қазақстан туралы ән жіберу)

( оқушы оқып жібереді)

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

2 жүргізуші:

Ұлтым –қазақ, тілім қазақ,

Мұсылманмын, түрім қазақ.

Сөйлеу парыз өз тілімде,

Сөйлемесем болам мазақ.

1 жүргізуші:

Туғаннан соң қазақ боп,

Тәуелді емес, азат болып.

Қалу керек қашанда

Қасиетті қазақ боп.

(«Қазақ елі осындай» әнін жіберу)

2-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Бабалар қлағаты –ұрпаққа аманат» атты кешімізді аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін мектеп басшысына береміз.

Бекітемін:

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі»

Мақсаты: 
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; 
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;

• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; 

• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру; 

1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздар мен құрметті оқушылар ! Бүгінгі «ИФМ» апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер.

2- жүргізуші:

Информатика, математика, физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді.

Келесі сөз кезегі __________________________________________________________________

1-жүргізуші:

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің,

Білім берген ұстаз деген қауымның.

Бойға жинап қайрат, жігер, намысты,

Бағындырып ИФМ әлемін, ғарышты.

Біз тәуелсіз мемлекет ұланымыз,

Бар екпінмен самға алға, тек қана алға.

Жаңа, жаңа асуларға.

Білім алып Әуезов орта мектебінде

Бар білімді болашаққа арнаймыз.

Желбіретіп татулық пен достықты

Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.

2- жүргізуші:

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма?

Ойын –сауық жасамай

Жастар жолы болар ма?

Құпиялы сандықтың

Кілтін аша алар ма?

Білім мұхит кемесін

Мінер ұрпақ болар ма?

Осылай ой толғайтын

Болашақты болжайтын.

Сөз бастамай алдымен

Сәлем беріп алайын!

Барша адамдар жиылған,

Сіздерге әнім ұнай ма?

Компьютер заманы

Әлде қатты қинай ма?

Білгің келсе ол жайлы

Дұрыс қара жарысты

Құстай ұшқан жаңа ойды

Қоржынға сал бұл істі!

1-жүргізуші:

«Білімді ұрпақ — ел тірегі» атты ИФМ-нің онкүндігінде оқушылардың алған білімдерін бүгін жинақтайтын кез келген сияқты.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңен кетпейді-деп Төле би атамыз айтқандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын оқушыларды осы залдан ойынға қатысуға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Білгенге білім байлық бағасы артық,

Салмағы сан жетпейді қорғасыннан.

Үйренсең өнер білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Ортада информатика, физика және математика пәндері бойынша тапсырмалар бар. Кімде кім әрі жылдам, әрі дұрыс орындайтын болса, сол оқушылар жеңімпаз атанып марапатталады.

2-жүргізуші:

Информатика пәнінен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапты әріптерді құрастыру арқылы табады.

1-жүргізуші:

Физика пәнінен үстелдегі қажетті заттар арқылы эксперименттік тапсырмалар орындау керек.

2-жүргізуші:

Математика пәнінен берілген сандардың квадраттарын табу керек.

1-жүргізуші:

Дайын болсақ бастайық. Оқушыларымызды қолдап, қошеметтеп отырайық!

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер бар сенің қасиетің,

Бір емес бірнеше іс атқарсаң

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарсаң-дей келе

Информатика пәнінен: /сұрақ-жауап/

  1. Интернет қай елде дүниеге келді?

  2. Info сөзінің қазақша атауы.

  3. Информатика термині қай тілден алынған?

2-жүргізуші:

Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.

Физика пәнінен: /эксперименттік тапсырма/

  1. Берілген стақан, қатты қағаз және тиынды пайдалана отырып тәжірибе жасау. Стақан ішіне тиынды түсіру керек.

  2. Шарға стақанды жабыстыру керек. / шар және стақан/

  3. Тиынды ақшаның үстіне қойып, оның центрін табу керек?

1-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 

Математика пәнінен сандардың квадратын табу керек.

162 = 142 = 92 = 212 =

112 = 232 = 72 = 122 =

1 жүргізуші:

Ән………………..…………………………………

Мықты болсаң- алдағыны басып оз.

Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң- шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда

Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт!

2жүргізуші: Осылайша біздің ИФМ-нің он күндігінде белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

1 жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дей келе ИФМ он күндігінің жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар.

 «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

 

  • Басты бет
  • Оқу қызметі
  • Онкүндіктің салтанатты ашылуы…

Онкүндіктің салтанатты ашылуы «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Онкүндіктің салтанатты ашылуы

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

(жалпы мектептік салтантты саптық жиын).

Құрастырған: Джуматаева Акмарал Болегеновна

Өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және

Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты

Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат,

бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адам қасиеті мен өзара

көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету

дағдыларын дамыта отыра рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс

қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, «Өзіңді тану – өмірді тану» стенд,

слайд, шарлар, С. Назарбаева туралы бұрыш, бейнефильм.

Жүргізуші:

   Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Өзін-өзі тану

пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі нкүндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

 (С. А.Назарбаева туралы слайд көрсетіледі, қысқаша баяндама оқылады)

Сара Алпысқызы Назарбаева

    1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге

келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар

қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. «Бөбек» қорының негізін  қалаушы Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға.  2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының  үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.

       «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға,  ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап,  өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

Тақпақтар:

1- оқушы:

Алғыс айтам, Сара Алпысқызына

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

2-оқушы:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

3-оқушы

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.

4-оқушы:

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

5-оқушы:

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет  қыл бұл ісіңді,

Тазалап   жүр тісіңді.

6-оқушы:

Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,

Қамқор боп сіңлі-ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау –кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.

7 оқушы
Мейірімділік — ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң — сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

8 оқушы

Жақсылық бар адамда,
Жүреді әр кез қасында.
Көмектесіп жүрмесең,
Ашылмайды ешқашан.
Жақсылықты сүйемін, 
Жамандықты желкенем. 
Таңдарын қайсысын білемін,
Жақсылықты сүйемін.

9 оқушы
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Жүргізуші: Мейірімділік балаға анадан , әкеден дариды. Адам өз бойында ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау  құндылықтарын  дамыту керек. Бүгінгі онкүндіктің ашылу салтанатында осы құндылықтарды сипаттайтын  «Ана туралы жыр»  және «Бала тілегі» деген әндерді шырқап өтейік.

Бала тілегі.

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

Ана туралы жыр.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Жүргізуші: Осымен салтанатты жиынымыз аяқталды. Жан жылуын шашып, жадырап жүріңіздер.

І жүргізуші:

 Ия, сүйіспеншілік болған жерде бәрі болады

екен. Тек сол сүйіспеншілік сезіміміз адал да ақ жүректен шыққай.

 І жүргізуші:

Терең   білімді, білікті іскер болу, қайраткер, ұлттық тұлғаға айналу, көп оқып, көп

ізденуді ғана емес, уақытты дұрыс пайдаланып, ерінбей еңбек етуді де қажет

етеді. Демек, адамның өзін – өзі үнемі қамшылап отырғанда ғана айтулы тұлғаға

айналмағы хақ. Осымен, Өзін – өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық» атты

онкүндіктің ашылу салтанаты аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 10.02.2020 15:45
Құрылған күні: 10.02.2020 15:45

Тақырыбы: «Қазақ атын танытсын әлемге, үш тұғырлы тіл онкүндігінің жабылуы

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен

бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік

саясатын дамыту.

1 — Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білім алушылар! Бүгін біз осы залда 7 — 19 қыркүйек

аралығында: «Тіл –ұлттың айнасы» онкүндігі аясында өткізілген іс шаралардың

қорытынды мерекелік кешін өткізуге жиналып отырмыз. Қош келдіңіздер! Тіл, сөз

дегеніміз ата бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың

бүкіл сана парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл адамдар

арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір бірінсіз өмір

сүрмейді. Қай халықтың болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы

бір біріне жалғасқан.

2 — жүргізуші:

Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш

праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. Праздник, посвященный

закрытию декады «Тіл –ұлттың айнасы» разрешите считать открытым.

3 — жүргізуші:

3 — жүргізуші: Good afternoon, dear friends! Our language is connected with our thought and

sense. It appeared in antiquity. It’s close to the society’s life. All languages developed under

influence of economic, political and geographical conditions.

2. Ән « »

1 — Жүргізуші:

Қазақстандағы Тілдер мерекесіне арналған онкүндігіміз де аяқталды. Бұл уақыт

арлығында мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері апталықтың қызықты өтуі үшін өз

үлестерін қосып, белсене жұмыс жасады. Бүгін, міне, сол мерекенің қорытынды кешін

ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді ашу үшін сөзді мектеп директоры

Князбаева Айнұр апайымызға береміз.

2 — жүргізуші: Надеемся, что вам будет интерсно првести сегоднишний день с нами. А для

начала предстовим слово нашему уважаемому директору Князбаевой Айнур

Куанышбаевне.

3 — жүргізуші: We hope that our decade was very interesting and enjoyable. Now we make

speech to give our director Айнур Куанышбаевне

Директор сөзі

1 — Жүргізуші:

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту

туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысымен 5 қыркүйекҚазақстан халқы

тілдерінің күні болып бекітілді . Сондықтан еліміздің барлық аймақтарында Тілдер

мерекесі өткізілуде. Тіл адамдар арасындағы қарым қатынас құралы. Өмірде адамдар тіл

арқылы бір бірімен сөйлеседі, пікір алысады.

2 — жүргізуші: Наш президент Нурсултан Абишевич Назарбаев поставил перед нами

задачу: говорить на з х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и

своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков это наше богатство.

3 — ж: Also our president N. Nazarbaev demands us knowing several languages. And now young

generation is learning English as it is in international level.

2. «Әрқашан күн сөнбесін!» (үш тілде ән)

1 — жүргізуші:: Қазіргі уақытта көп тіл білу өмір. Ағылшын, француз, орыс, испан, араб,

қытай тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми жұмыс тілдері. Сондықтан әр жасөспірім

өз болашағын қазірден бастап ойлап, жоспар құруы қажет және бір шет тілін меңгеруі

міндет. Қазіргі заманда көптілділік көп ұлтты мемлекеттер мен өркениетті қоғамдардың

бәріне тән. Көптілділік әр мемлекеттің саяси экономикалық және мәдени рухани дамуына

бағытталған заңды құбылыс.

2 — Ж: Знание языков необходим как воздух и вода. Изучение языков требует серьезного и

ответственного отношения. Для дальнейшего прцветания и развития нашего государства

знание трех языков казахского, русского и английского обязательно.

3 ж: Veritable love to the country is unthinkable loveless to the language, Language of it

foremost, it gives an uni city folk traditions,

1 — ж: Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясаты да біздің мектебімізде жалғасын табуда,

соның бір айғағы ретінде оқушыларымыз үш тілді өлең жырлар оқы береді.

3. ( ағылшын тілдегі жаттауларға беріледі)

1 — жүргізуші: Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда елімізде 130 дан астам ұлт

өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан

халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор

құрылым.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2 — Ж: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2

thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

3 — ж: Казахстан – многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130

наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся

казахстанцы.

(шаңырақ астында әр ұлт өкілдері ұлттық киімдерін киіп шығып: Хормен «БІЗ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ», «МЫ КАЗАЗСТАНЦЫ», ағылшыншасы» айтады. Один из

учеников: «Желение одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства

дружили, чтобы братьями росли, дети матери – Земли». «Ақпыз, қара, сарымыз,

туысқанбыз бәріміз!»

4. Орыс биі

1 — Ж: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр

2 — Ж: Абай писал: Человек изучивший культуру и язык иного народа, становится с ним

равнрправным» и действительно, его слова нашли подтверждение в жизни. Сегодня

независимо от национальной принадлежности и русские и казахи, люди других

национальностей, проживающие в нашей стране обладают равными правами: правом

голоса, правом выбора, правом на труд, медицинское обслуживание, правом назащиту.

3ж: ’m Kazakh, and one of the Kazakh I don’t need others opinions Kazakh is one of the nations

in the world And now listen to voice the world

1 — ж: Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Ән « »

1 — Ж. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.

Қазақстан біздің достық үйіміз.

2 — Ж: English is a world language. It’s the language of progressive science and technology,

trade and Cultural relations, commerce and business. English is spoken by more than 350 million

people. Geographically, it’s the most widespread language on earth

3 — Ж: Хорошее знание и развитие родного языка, умение пользоваться выразительными

средствами иностранных языков самая лучшая опора для каждого человека в его

общественной и творческой деятельности.

1 — Жүргізуші: Енді келесі кезекті «Тапқыр достар» сайысына берсек. Осы залда отырған

білім алушылар арасынан екі топқа үш оқушыдан керек. Әр топқа үш тіл бойынша

сіздерге сұрақтар қойылады, берілген сұрақтарға қол көтеріп белсенді қатысуларыңызды

сұраймыз.

1. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды? (1989 жылы)

2. К какому семейству языков относится казахский язык? (к тюрским языкам)

Мақалды жалғастырыңыздар

1. К старости зубы тупее, а язык… (острее)

2. Тіл тас жарады,…? (… тас жармаса бас жарады)

Келесі тапсырма: Қазір сіздерге арнайы сұрақтар қойылады, ал сұрақтың жауабын (Ө, Қ)

әріпінен бастайсындар.

Мысалы: Бүгін қандай күн? Өте жақсы күн, қызықты күн

Ә Ғ әріптері.

1. Кім болғың келеді?

2. Күз мезгілі ұнай ма?

(Д, У)

1. Назови любимое блюдо

2. Как проводишь свободное время?

(П, Ж)

1. Что ты любишь делать?

2. Почему смотрел в окно?

(S. A)

1. What season do you lake?

2. Who is your friend?

1 — ж: Жүргізуші: Көпкөп рахмет, ойынға қатысушылар! Сіздерге алдағы уақытта да

осындай белсенді, білімді, өнегелі бола беріңіздер дейміз. Сонымен, құрметті

көрермендер,

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.

Болу керек құдыретті төрт ана

Туған тілінтүп қазығың, айбының,

Туған жерің сатылмайтын байлығың.

Туған дәстүр, салтанасы, тегі,

Шуақ шашар қадамына үнемі.

Және туған тарихы

Төрт анасы қорғамаған халықтың

Еш уақытта бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана

Тағдырының тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес

Күрестердің ұлысы!

2 — Ж: Язык отцов, язык тысячелетий

Ты временем, как глина обожжен

В тебе удар меча и посвист плети,

Мужская гордость и горячность жен.

Тебя по жилам к нам перенесло

И ты звучишь, переполняя тело

Ударом сердца, колоколом души

3 — Ж: Oh, friend unseen, unborn, unknown,

Student of sweet English tongue,

Read out my words at night alone:.

I was a poet, I was young

Since I can never see your face,

And never shake you by the hand,

I send my soul through time and space

To greet you. You will understand.

Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмей өскен әңгүдік.

Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,- дей отырып, біздер ұланғайыр болашақ иесіміз, үміт

артар, арқа сүйер азаматтарымыз. Осындай бай, асыл, алып мұраныбіз, жас ұрпақ әрі

қарай жалғастыруымыз керек.

Ән «»

Жүргізуші: Осымен «Тіл ұлттың айнасы » онкүндігінің жабылуына арналған кешіміз өз

мәресіне жетті. Кештің жабылуы және де осы онкүндіктің өткізілуіне атсалысқан

оқушылар мен мұғалімдерді марапаттау үшін мектеп сөз беріледі.

1Ж: Көріскенше күн жақсы болып, аспанымыз ашық болсын! Сау болыңыздар!

2 — Ж: Хотим завершить нашу программу словами президента Н. А. Назарбаева;«Для

народа нет лучше и дороже, чем родной язык, который остр как алмаз, чуткий как

парящий орел, мягкий как свинец, и оружие, и щит, и древний, и вечно молодой.»

3 — ж: Thank you, good bye

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Онк?ндікті? ашылуы сценарий бастауыш сынып
  • Онк?ндік апталы? бастауыш сынып сценарий
  • Они испортили нам праздник
  • Они будут собираться на праздник вид сказуемого
  • Она не знала чтобы ей надеть на праздник