Поэзия кешіне арнал?ан сценарий топтамалары

Бұл әдеби сазды поэзиялық кеш Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған.

« Жырлары жүректі жаулаған»

(әдеби- сазды поэзия кеші)

1-ші 6-шы 7-ші 9-шы –сынып оқушыларымен

Қатысушылар: 1-2 жүргізушілер, кітапханашылар, оқырмандар.

Безендірілуі: Тақырыптық слайд, кітап көрмесі, ақын туралы қанатты сөздер, өлең жолдарынан үзінді, сахналық безендірулері.

Сахнада «Айналдым сенен, Атамекен-ай» — әні орындалады

Орындаған Тұрғанбек Бану

( сахнаға 1-2 жүргізушілер шығады)

Кітапханашы: Армысыздар, ардақты қонақтар мен оқырмандар, жыр сүйер қауым!

Екі өмірдің көпірі — өр өткелі,

Өлеңде өзге тұлға, бөлек демі.

Жүз жасаған Жамбылдың әруағы

Қолдасын аруағымен демеп мені – деп ақын

  • Шөмішбай Сариевтың шығармашылығына арналған Нұрлыбаев атындағы жасөспірімдер апталығында «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби-сазды поэзия кешімізге қош келдіңіздер!

Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кенде емес. Солардың бірі — өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін, жүректерді жан жылуымен ерітіп, қиялға қанат сермеген қазақ ақындарының бірі — Шөмішбай Сариев.

Саят «Бәйге»

1-жүргізуші: Ақын Сариев Шөмішбай (15.04.1946 ж.т., Қызылорда облысы, Арал ауданы Шөміш темір станциясында туған) Қамбаш орта мектебін бітірген. Ақын, ғалым, сазгер, филолог ғылым кандидаты. Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет істеген. 1965-1971 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, журналистика факультетін бітірген .

1970 – 1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметпен шұғылданады..

«ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монографиясын жазған. «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Грузин ақындары Г.Гулиа, И.Абашидзе, орыс ақындары О.Берггольц, С.Викулов, А. Дементьев, Р.Рождественский, авар ақыны Ф.Алиев, молдова ақыны М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Алғашқы «Арайлы көктем» атты ғылыми сын шығармалары 1974 жылы жарық көрді.

1-сынып оқырмандарының орындауында «Жау жау жаңбыр»

2- жүргізуші: Ақынның алғашқы жыр жинағы «Балдәурен» 1974 жылы жарияланған. «Арайлы көктем» (1975), «Теңізден соққан жел» (1975), «Тағдыр» (1976), «Заула, тұлпар» (1979), «Уақыт» (1979), «Өң мен түс» (1980), «Үш өлшем» (1982), «Тағдыр жыры» (1984), «Біздің ғасыр» (1989), «Тамаша, Тамаша, Тамаша» (1989), «Сағынышым — теңіз» (1994) жыр жинақтары басылып шыққан.1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

«Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Қызылорда облысының әкімшілігі (2006) екі томдық таңдамалы шығармаларын жариялады. Орыс және әлем классиктерінен, бүгінгі ақындардан бірталай шығармаларды қазақ тіліне аударған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты (2003), «Тарлан» сыйлығының иегері (2004).

Назым «Орман жыры»

  1. жүргізуші: Осынау сағынышпен Елге еліктім

Киелі топырағын төр көріппін.

Шалғай бір Шөміш атты станцияда

Іңгәлап дүниеге мен келіппін.

Бір адам аян беріп жат көлікті

Түсінде киелі адам бақ көріпті,

Ақбай ағам шешесі түсін жорып,

Шөміш деп маған алғаш ат беріпті.

«Салем саған туған ел» әні Орындайтын Тұрғанбек Бану

2- жүргізуші: Түсімде әжем еніп қуатына,

Мінгізді ақ боз тұлпар жыр атына.

Сол атпен келем шауып кең дүниеде,

Жетсем деп ертегідей мұратыма.

« Әр күнім менің — мүшәйра» — дейді ақын. «Мүшайра» – жүйрік ақын көңілін уақытпен жарыстырған бәйге. Ақынның пайымдауынша, дүниедегі ең жүйрік — өмірдің өзі. Шөмішбай Сариев — жаңа замандағы соны да, жаңа сезімдерін де, ой-пікірлерін де, философиялық ой-толғамдарын да жаңалықтар бар. Жаңалық бар жерде — өмір бар. Өмір бар жерде поэзия бар екендігі ақиқат екендігін дәлелдейді.

«Өмір деген өзі алып өз бәйгесін,

Адамның ғұмырынан алға озады» —деп атап көрсетеді.

Шөмішбай Сариев армандары мен қиялында қазақтың, ұлт ақыны сезімі айрықша күшті. Ол қонағын жыр дастарханымен қарсы алады, оған қымыз орнына жырын, шұбат, жал-жая орнына өлеңін ұсынып сыйлайды.

«Ақын, ең алдымен, адам, сонан соң өз жерінің азаматы, өз заманының ұлы»,- деген еді ұлы В.Белинский. Ақынның адамгершілігі, өмірге көзқарасы, ойы мен сезімі жалпы адамды тануынан, оны бағалауынан бастау алады.

Адамды тану, онымен сыйласу — адамдықтың басты парызы. Өмір –керуенінің жолында ара қатынасын «бұзып алып, қайта жөндеп», «жүктері ауып қалған» «ата-аналарын қайта теңдеп, артып» жүрген («Керуен сарай») адам –сол өмірдің иесі де.

Жанарыс « Дала мен тау»

  1. жүргізуші: Зулайды күндер,

Тулайды жүрек бұлқынып.

Өзімде менің,

Көзімде менің мұң тұнып:

Қалады – ау жастық,

Барады – ау өмір ұмтылып.

Зулайды күндер,

Тулайды жүрек бұлқынып.

Орындайтын Сапархал Бақберген «Қарағым -ай»

2- жүргізуші: Толғанамын,

Тебіренем,

Көңілі — әуен, өмір — өлең,

Елжірейді жан жүрегім.

Аққу құстай – ұясынан,

Қыран құстай – қиясынан,

Самғай ұшқан ән жүрегім

Туған ел!

Ән орындайтын Рүстембек Аружан Бастар Ақнұр «Аралдан ұшқан аққулар»,

Ақын — қазақ табиғатының тамаша жыршысы. Оның өлеңдерінде табиғат пен оның құбылыстары ойлы әрі жанды қалпында суреттеліп, ақын мен оның тікелей тілдесуі, сырласуы күйінде көрінеді.

Табиғаттың әсем, көрікті жағдайларынан жылы әсерленген ақынның өмірдің қайғылы сәттерінен еске алғанда әдемі көріністердің ар жағында жатқан трагедия іздерін танитыны бар. Жұмбағы көп табиғаттың көрер көзге қызғалдағын ұсынуына, қайғының ізін жуып бұлақ ағызғанша күдікпен қарайды. Қызғалдақты боздақтардың қаны ма деп қалса, бұлақ суынан адамның көз жасын көреді. «Мен аунап жатқан мынау жасыл белдер, бабалар денесі ме деп қаламын» дейтіні де бар. Мұның бәрі — табиғат әсемдігіне тамсана бермей, оның бойындағы күрделі шындықты да көре, сол жайлы ойлана білетінін байқатады.

Аружан «Саған айтам домбырам»

1- жүргізуші: Жанардың отын жаулаған,

Жыл сайын өсіп қаулаған,

Жусаның қандай, туған жер,

Балалық шағым аунаған.

Далам боп құшақ айқарар,

Желбіреп желмен жайқалар,

Жарықтық иісі-ай жусанның,

Жаның бір толқып жай табар.

Адам көңілінің күрделілігін, бұралаң-қалтарыстарын ақын «Көңіл көшесі» өлеңінде әдемі аша білген. Ол адам көңілін көшеге теңейді. Кәдімгі өзінің күнде жүріп өтетін көшесі. Екі қанаты самсаған гүл, ойларының бұтағы толы құс. Қиял кезіп жүрген кездесулер мен қоштасулар. Көңілдің бағдар шамы жол сілтеп, көңіл көшесінде зулап аққан машиналар. Осы тіршілік ортасында ой баққан, сыр аңдыған ақын жер үстіндегідей ала көңіл қалпында көрінеді.

Бағдаулет «Ар мен Намыс»

2- жүргізуші: Өмірдің ең ғажайып ұлы күші,

Қарапайым, құпия құбылысы.

Қаланың көшесіндей көп екен – ау,

Көңілдің көшесінің бұрылысы.

Еркіндік болмаса егер несі көктем?

Албырттық жастық па әлде есі кеткен.

Көңілдің светофоры қызыл жанып,

Тұрса да, талай жолды кесіп өткем.

Ақын шығармаларындағы азаматтық үн оның Отан, туған жермен бірге ана тілі туралы жырлары да мұңдалайды. «Ана тілі», «Менің ана тілім ғой», «Ана тілін сүйем ғой» әнінде ананың ақ сүтінен ақын «Қайт, райдан!» өлеңінде ХХI ғасырда халі мүшкіл болып отырған Ана тілін жырға қосты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ана тілінің тағдыры талқыға түскен заманда қазақ тілінің болашағына алаң болған ақын оның жоғын жоқтап, күйін күйттейді.

би «Сағындың ба»

1- жүргіуші: Белгілі ақын Ғ.Қайырбековтың Ш.Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін емес. Шөмішбай Сариев – поэзиямызға 70-ші жылдары келген бір топ талантты ақындардың ортасында өз өлең өрнегі, өз дауысы «ә» дегенде белгілі болған ақындардың бірі. Талант жолы деген күрделі.

Үлкен аға, өлең шеберлері, сыншылар — Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев, Әбу Сарсенбаев, Сағи Жиенбаев ақын шығармашылығы туралы пікірлерінде ақынның азаматтық дауысын әлеуметтік кең тыныстағы толғауларынан, публицистикалық өлеңдерінен танитындарын айтады. Қоғамдық әлеуметтік маңызды оқиғаларға, өз тұсындағы саясатқа үн қатып отыру — әрбір тұлғалы ақынның борышы.

Орындайтын Сапархал Бақберген «Үкілі домбыра» әні

Ақынның поэзиядағы екінші қанаты — ән-өлеңдері. Оның жиырмаға тарта өлеңдер кітабына енген үш жүзден астам ән-өлеңдерін Е.Хасанғалиев, Ә.Дінішев, С.Тыныштығұлова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова сынды қазақтың майталман әншілері орындап, ән сүйер қауымға кеңінен танытып келеді. Ақын осы салада қайрат көрсетіп келе жатқан белді таланттарымыздың бірі. Қазіргі таңда ақындық шеберлігі кемеліне келген, ел туралы жан-жүрегімен мол толғап, салмақты жыр жазған ақын.

«Қазағымның күйлері- ай», «Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», «Өзің куә Алматым», «Ойлан, балам», «Еркеледін сен», «Дала гүлі» — атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы.

Дариға «Соңғы күн»

  1. жүргізуші: Ақынның әдебиетке байланысты, өнерге байланысты

«Орман жыры» деген өлеңінің мазмұнына тоқтала кетсек, орман сыртынан қарасаң керемет, ғажайып, сұлу. Сол орманды араласам екен деп ойлайсың! Соған сені тастап жіберсе, әдебиетке енесің ғой, сол сәттен бастап ол өте үрейлі, қорқынышты. Өйткені оның арыстандары бар, шайнап тастайтын жолбарыстары бар, қасқырлары бар, түлкілері бар, қорқақ қояндары бар, жыландары бар. Бастапқыдағы таңғалып, құмар болған орман сол мезетте тым басқа. Соған ену, алпауыттарын мойындатудан барып еркін әдебиетке енесің. 

«Біздің алдымызда Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев, Қалижан Бекқожин, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Әбу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев сынды алыптар болды. Біз ақын боламыз деп келгенде, ол бір қытайдың қабырғасы сияқты еді»,- деп ақын еске алады. Олардың барлығынан өту, өзіңнің ақын екеніңді мойындату үлкен бір күрестен тұрады. Жазушылар Одағына өту, бізге үлкен күш, жетістік болды.

Жұлдыз «Табиғат»

  1. жүргізуші: Ақын ағамыз Шөмішбай Сариевтың Бақытжан, Шолпан,

Байсал есімді балалары бар.Үшеуі де кішкентай күнінде өлең, әңгіме жазған. Ақын бір сөзінде, негізінде ақын-жазушылардың балалары жазса, оны «әкесі жазып берген ғой» дейтіні бар. Нашар жазса әкесіне сөз келеді. Сондықтан балаларына, бір үйге бір жын-ойнақ жетеді деген. Айшабибі деген немере қызым 3-сыныпта оқып жүргенде өлең жаза бастады. Менің өзім 5- сыныпта жазғанмын.Содан «Ұлан» газетіне өлеңдері шықты.

Қазірде сиясы кеппеген жырларын, өлеңдерін маған Астанадан жіберіп тұрады деп еске алады ақын ағамыз.

Бүгінде, ақын ұрпақтары барлығы өмірде өз орнын тапқан жандар — заңгер, мұнай саласында қызмет атқарады. Тағы бір еске ала отырып анасы кіші ұлы Бақтыбайдың қолында тұрған, сонда айтады екен: «Ей, Бақтыбай сені қойшы, мен әлі талай тойға барамын, талай жерге барамын сонда соттың шешесі келді деп айтпайды, ақынның шешесі келді деп айтады»,- депті. Айтайын дегенім, ана – құдірет қой. Менің өлең жазғаныма қуанатын бір адам болса, ол – анам еді. Ақын — «Ана» атты тақырыппен ұлы өмірдің негізі, түп-тамыры

«Әйел», «Ана» деген ұлағатты есімде екенін, өмір өркені әйелде екендігін тебірене толқып жыр етеді.

Балалығым жан анам, қалды ұяда!…

Ойың тарап отыр ма әр қияға?

Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға,

Бірде кетіп қалғың кеп «армияға» .

Шақтарда хаттар бізден баяулаған,

Тартып кеткің келеді-ау жаяу маған…

Ұл-қызыңның бәрін де жинап алып,

Түс көріп жүр ме екенсің, аяулы анам?!

Ұлдана «Болашаққа хат»

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқырмандар!

« Жырлары жүректі жаулаған.» — атты әдеби- сазды поэзия кешімізде ақын шығармашылығын оқырмандарға насихаттай отырып, Шөмішбай ақынның ең таңдаулы туындылары осы пафос биігінде отырған тұсында туғаны даусыз. Оның ақындық туралы ойлары кең, шабытты шағындағы көңіл күйі дарқан, қиялы үлкен. Ол «Найзағайға темекісін тұтатып», «Көкірегіне бұлт жинап нөсерлетуді» ұнатады. «Қолын күнге созып», «жер қойны тамырынан мықтап ұстайды». Сөйтіп өзін «дауыл соқса да елемей, тастап жатса толқын жырың телегей, ұлы мұхит қақ жарылып жол беріп, келе жатсаң алып атом кемедей» сезінеді.

Аружан «Керуен сарай»

Ақын ағамызға шығармашылық табыстар тілей отырып мынандай өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.

Сапарды ұзақ-алғыс салғасын ба?

Кеменің мүшкіл халі бар басымда.

Толқиды алай-дүлей толқын өмір,

Тіршілік теңізінің арнасында.

Туыппын толғағы мол теңізде мен,

Теңізбен жаным менің егіз дер ем.

Өмірдің теңізіне сапар шегіп,

Өлеңнің толқындары, сені іздеп ем.

Айдана «Сәуір»

1- жүргізуші: Қанатымен жыр атты ақиықтың,

Жаңа бетін ашатын тарихтың,

Танысалық, кел бермен келер ұрпақ,

Ақыныңмен!

Шөмішбай Сариевпен!-

Сапархал Бақберген «Сарыарқа»

Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Материалдар / «Жастықтың жалынды жырлары» әдеби поэзиялық кештің сценарийі

«Жастықтың жалынды жырлары» әдеби поэзиялық кештің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік

Әдеби поэзиялық кеш өткізу үшін таптырмас сценарий, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған

Авторы:

Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ

03 Ақпан 2023

4348

1 рет жүктелген

Қазақ әдебиеті

Ойындар, Сценарийлер

Басқа

Бүгін алсаңыз

30% жеңілдік

беріледі

390 тг 273 тг

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.

Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды.

Жыл өткен сайын Мұқағали халық ананың жұрегіне жақындай түсіп барады, лапылдай түсіп барады. Атағы жерді жарады. Алыстап бара жатқан жылдар ішінде ақ боз ат мініп астына, ірі ақын кетіп барады. Өксігін байғұс баса алмай, тағдыр тартқан кезеңнен асамын деп — ақ аса алмай бір ақын кетіп барады. 
Т. Молдағалиев
Поэзия, сен менімен, егіз бе едің!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреттері, өмірбаяны,
естеліктері бейнеленген слайдтар, буклет.
Жоспары
1. Мұқағали өміріне шолу
2. Жырлары
3. Әндерін тыңдау
4. Сұрақ — жауап
1 — Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, құрметті халайық!
Қадірменді жыр сүйер қауым!
Бүгін сіздермен «Поэзия әлемі» әдеби кафесінде бас қосып, қазақтың ақиық ақыны М. Мақатаевтың шығармашылығымен жете таныспақпыз.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Поэзия, менімен, егіз бе едің!» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі кештің ерекшелігі — алдарыңызға ұсынылған мәзірден қалаған өлеңдеріңізге тапсырыс бере аласыздар.
2 — жүргізуші
Батар күн, келер күн, атар таң, шығар күн
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын.
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірә де өлмейтін шығармын.

Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.

1 — жүргізуші
Бүгін Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзге оттай басылып, ыстық көрінетін ол жұлдызды басқаларының жұлдыздарымен шатастыру мүмкін емес.
Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды.
 Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді, Катонқарағайда қалған қарындасының сағынышы ма, дауылы Махамбет боп дауыстаған құм Нарындағы ақын жанды бауыры ма, Асан қайғы аруанасының ізінен өнген Шардараның шарқ ұрған шағаласы ма, бұлттары өлең боп құшқан Оқжетпестің көк тасты қиясындағы қарағайы, әйтеуір бәрі Мұқағали болып сөйлейді, Мұқағали болып ән салады.
Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда төбедегі нүктедей тынысыңды кеңейтер таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл – поэзия құдіреті.

2 — жүргізуші 
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден — деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 86 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтыла түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
(Ақын өмірі туралы слайд көрсетіліп жатады) 

1 — жүргізуші
 М. Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады», — деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
 Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір — өзен». Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған ақын өлеңдеріне кезек берейік.
  Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті
(«Менің анкетам» өлеңі оқылады).
2 — жүргізуші
 Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М. Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік. (Мұқағалидың өзінің орындауындағы жырларын тыңдау — видеоролик)
2 — жүргізуші: 
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында

1 — жүргізуші:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
өмірдің не екенін білмес едім — дей келе қазағымыздың қара домбырасына кезек берелік. Күй «Салтанат»- Қыдырәлі
Ілиястың орындауында ————————-
1 — жүргізуші:
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
  Хантәңіріндей биіктеп сен барасың, — деп жырлап ақынның өлеңдеріне кезек берейін
Нұртілеу «Шын ғашықпын»
Расул «Хантәңірі»
Зарина «Өмір»
Жанар «Тілектеске»
2 — жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
 Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті Мұқағали атамыздың өлеңдеріне жазылған әсем әндерге берейік. Мұқағалидың өмірдегі ең соңғы өлеңі, елімен, жерімен қоштасуы «Есіңе мені алғайсың». Қазақ теле — радио бейнеқорынан алынған, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, өмірден ерте өткен әнші Мадина Ералиеваның орындауында «Есіңе мені алғайсың»әнін тыңдайық.
Айбике «Мен сені сағынғанда»
Мади «Үш бақытым»
Батыр — Зарина «Махаббат диалогы»
Нұршат «Таудай болғым келеді»
Бақдәулет «Қарасаз»
Сабира «Майгүліме»

1 — жүргізуші: Уақыт көші жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың бізге беймәлім құпиясы күрделі де сырлы қалпынан жазбай, асқақтай түспесе, «бәрін білдік, түйдік» деп есептеуге әуес пенделік санаға сыятын түрі жоқ.
Ендігі кезекті қонақтарымызға беріп көрелік.
Олар ақын туралы не біледі, және осы кештен не түйді екен?!
2 — жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ендеше сіздерге ақын өмірі туралы «Білгенге маржан» айдарынан сұрақтар қоямыз
1. Мұқағали қай жылы, қай айда дүниеге келді? (1931 жылы, 9 ақпан)
2. Ақынның өлеңіне жазылған бір әнді орындап бере аласыз ба?
3. Мұқағалидың шын есімі кім? (Мұқаметқали)
4. Мұқағалидың ұрпақтары кімдер? (Екі ұлы – Айбар, Жұлдыз. Қыздары – Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат).
5. Ақын қай желерде білім алған? ( Алматы шет тілдер институтының неміс тілі, Қаз МҰУ — дың филолгия факультетінде, Мәскеуде М. Горький ат. Әлем әдебиеті институтында білім алады.)
6. Мұқағали қазақтың қай ақын қызына арнап өлең шығарды? («Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі, Ф. Оңғарсынова)
7. М. Мақатаев кімдердің шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті? (Данте, Уитмен, Шекспир)
8. Ақынның үш бақыты? (Халқы, тілі, Отаны)
9.. Мақатаевтың «Саржайлау» өлеңіне ән жазған композитор? (Н. Тілендиев)
10. Мұқағали үшін ең биік шың? (Хантәңірі)
Жауаптарыңызға рахмет, осы кештен Мұқағали туралы білімімізді кеңейтік деп ойлаймын.
2 жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Көзі тірісінде «Жазылар естеліктер мен туралы» деп аз ғұмырының мәңгіліктеп жалғасатынын дөп басып айтуы көрегенділік. Иә, уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны ақиқат. Оның поэзиясы – халық байлығы.
Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, кешімізді ақиық ақынымыздың әндерін караокеде орындайық…
(«Сәби болғым келеді», «Сенің көзің» бейнероликтен көрсетіледі).
1 — жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рақмет! Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау, болыңыздар!
Сөз кезегін ————————————————————————- береміз

Сценарий «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл»атты поэзия кеші.

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

«Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кеші.

Кештің мақсаты: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату ,оқырмандардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Мұқағали шығармалары арқылы туған жерін сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттері, бүктемелер, шарлар, гүлдер.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата –аналар және оқушылар ! Қазақтың ғасыр ақыны. « Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз. Әнұран орындалады.

Кешімізді бастамас бұрын оқырмандарды Биылғы 2016 жылғы тойланатын «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесімен таныстыру.

Кітапханашы: Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын есімі Мұқаметқали. Әкесі Сүлеймен іс шаруа адамы . Бастауыш сыныпты Қарасазда оқыды, орта мектепті Нарынқолда бітірді 14-15 жасынан өлең жаза бастады. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтады. Ауылдағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңы, әке зары, жетім –жесір, қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салтын-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

Сырым да осы, Жырым да осы,

Алдыңда, байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Мұхаңдар жоқ, Мұхаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда дей отырып . Мұқағали Мақатаевқа арналған слайд көрсетіледі.

Жыл сайын Мұқағали тойланады,

Өлеңнің таралады бойға нәрі.

Жас ақындар талпынып шабытталып,

Мұқағали жайында толғанады. Дей отыра бүгінгі кешімізді алып баратын жүргізушілермен таныс болыңыздар. Сапарбай Аружан және Бойт Әсем.

жүргізуші Айналасын ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға- жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Мен ғашықпын», «Шындық» шығармаларымен жыр сүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

Жүргізуші Мұқағали Мақатаев өлеңдері, жыр шумақтары ғасырдан –ғасырға жалғаса береді. Есімі жалпы қазақ баласына, жыр сүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай өзі өлсе де, оның өлең жырлары өлген жоқ.

Жүргізуші Қуат алып Абайдың тіл күшінен.Жыр жазамын Абайдың үлгісімен Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді. Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түседі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шыныменен бақытты халық.

2-Жүргізуші Қазаққа тән қара өлеңге табындым,

Ата –баба дәстүрінен ап үлгІ

Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұқағали поэзия алыбы.

Ия, Мұқағали –ғажайып, ақиық сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстарды бере алатын жұмбақ ақын.

Ендеше кешімізді «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» айдарымен Мұқағали Мақатаев өлеңдері оқылады.

1. Сапарбай Аружан «О, Поэзия»

2.Төреқұл Ұлдана «Мен ғашықпын»

3.Тыныштық Әсел «Мен таулықпын»

4.Тұрғанбек Дана «Фантазия»

5. Бердан Ақнұр «Көшеде»

2- Жүргізуші Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық қандай рахат!

Қандай рахат сәбилер жыламаған.

«Мұқағалидың әнге айналған жырлары» айдарымен

Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнімен сахнада Сапарбай Аружан.

Медеу Жәннәт «Саржайлау» әнімен

1- Жүргізуші Мұқағалиді еске алып келеді елім,

Қайталаған қазақтың қара өлеңін

Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,

Мұқағали ,Жұмекен, Төлегенін дей келе

«Жазылар естеліктер мен туралы» айдарымен Мұқағали өлеңдері

Бойт Әсем «Бүгін менің туған күнім»

Мәдіомар Еркеұлан «Үш бақытым»

Зұпар Ақтолқын «Соқ жүрек»

Қалдыбай Асылжан «Шындық»

Қаратай Гүлдана «Соғыстың соңғы көктемі»

2-Жүргізуші Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.

Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен сахнада Қайрат Қарақат.

1-Жүргізуші Ғашықтар үшін таң күліп,

Күре тамырларға қан жүріп

Махаббаттарымен мәңгілік

Жатады өмір жаңғырып, — ендігі кезек Мұқағалидің ғашығы Фариза Оңғарсынова ақынға арнаған «Фариза қыз» атты өлеңіне пародия Төреқұл Ұлдана

Сая болып, жанына емен, терек

2- Жүргізуші Жетер енді жатқаның көлеңкелеп

Өгейсінбей өзі болып қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа өлең керек.

Мұқағали Мақатаев «Махаббат диологы» .

Кітапханашы: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі жырлағандай өзі өлсе де М. Мақатаевтың өлеңдері, әндері, жыр шумақтары, поэмалары өлмейді. Өйткені біздер, яғни Мұқағали ұрпақтары ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттай жүреміз.

Демеңдер біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше хош халайық

Осымен Мұқағалиға арналған поэзия кешіміз аяқталды.

Бүгінгі «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Кітапханашы: Көлбаева.М

«Поэзия падишасы –
Фариза»

әдеби сазды кеш

Мақсаты:
Қазақ халқының біртуар қызы , ақын Фариза
Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен
таныстыру, өлеңдерін насихаттау, оқушыларды кітап
оқуға тарту және поэзияға деген
қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер:
ақын суреті,ақын туралы бейнероликтер,шығармаларынан
бұрыш ұйымдастыру, еңбектерін қою.

Қатысқан оқушылар:
І-ІІ-Ш курс студенттері.

Кештің ашылуы Фариза
Оңғарсыноваға арналған бейнебаяннан басталады.

Мұқағали
Мақатаев «Фаризаға». Оқитын Нұрғалиев Беркін.

1 жүргізуші
(Байқұл Әділ):

       Армысыздар,
қадірменді  ұстаздар мен студенттер!

2 жүргізуші
(Алибаев Заманбек)

       Қайырлы
күн, құрметті жыр сүйер қауым!

Әділ:

       Өмірде
ана – бұлақ, ана – пана,

Өмірді
өркендетер ана ғана.

Талай жыр жазып кеткен
біздер үшін

Ақын
қыз, ақындардың анасы – Фариза — дей келе жақында
ғана арамыздан өткен ақындардың анасы атанған
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған
«Жыр падишасы — Фариза»  атты
әдеби-сазды кешіне қош келдіңіздер.

Заманбек:

       Фариза
апамыз ер мінезді,айбарлы,шындықты,әділдікті жақтаушы,
қазақтың поэзия аспанында қалқыған жыр
падишасы іспетті.

Қазақ
поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан
ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы:
махаббат,замана,уақыт тынысы, туған жер, туған ел болды.

Әділ:
(Ф.Оңғарсынованың өмірбаяны туралы презентация
жіберіледі)

      
Фариза
Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау
облысының Новобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге
келген.

Заманбек:

       1961 жылы  Гурьев мемлекеттік
педагогикалық институтының
 тіл-әдебиет
факультетін бітіріп, 
Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы»
қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс
істеген.

19661968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек»
газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби
қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жылдары
республикалық «
Лениншіл
жас»
 (қазіргі «Жас алаш»)
газетінің 
АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша
меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

Әділ:

       1970–1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі
«Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «
Пионер» (қазіргі
«Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

20002004 жылдары ҚР мәжілісінің
депутаты болды.

2014 жылдың 23
қаңтар
 күні Астана
қаласында
 ұзақ сырқаттан дүниеден
өтті. 

Заманбек:

       Фариза
Оңғарсынованың алғашқы өлеңдері
республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы,тұңғыш
өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық
көрді. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған
Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар»,
«Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім
менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция
және мен» өлең топтамаларының авторы.

Әділ:

       Көптеген
шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. 
Чили ақыны Пабло Неруданың
«Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны
А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен
соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын,
сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб
ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген
шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Заманбек:

       1984 жылы «Үйім – менің Отаным»,
«Маңғыстау монологтары», «Революция және мен»
өлеңдері топтамалары үшін 
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанды.

Фариза Оңғарсынова
«Уақыт». Оқитын Абдирахманов Сәуірбек

Әділ:

      
Әкем біреу, анам да
біреу менің.

Мен жығылсам;
сүйенер тіреулерім.

Олар барда – мереке.

Көрген емен

Қабақтарын
шытқанын, түнергенін.

Заманбек:

      
Әке –білек,
саусағы – балалары,

қан тамырмен жалғасқан
аралары.

Ана – тамыр бойымен
бәріне де

тіршіліктің жылуы
таралады.

Әділ:

      
Ақын өзінің
балалық шағын еске алғанда әкесін көрмегенін,
бірақ әкесінен қалған ер-тұрманды қадір
тұтып,қастерлегенін айтты. Әкесінен жастай қалып, анасы
Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін,
сөйлесе мақалдап сөйлейтін адам болған.
Ақынның бірнеше өлеңдері әке, ана
тақырыбына арналады. Ендеше,ақын өлеңдеріне кезек
берейік.

«Перзент
сөзі». Оқитын Алпанова Гүлбақыт

«Ана».
Оқитын Өтегенов Жандәулет

Заманбек:

       Жақсы
адамның белгісі

Адалдықтан аттамас,

аңқауларды
даттамас,

Қара бастың
қамы үшін

Жазықсыздан намысын

Біле тұра таптамас,

Білгенін сескеніп

Біліктіні
жақтамас…

Әділ:

      
Ақылдының белгісі

Жас та болса,бас болар.

Ақылсыздың
белгісі –

Қарны тойса,мастанар.

Тату-тәтті
жүргенге,

Қара су да ас
болар.

Жақсы азамат –
елінің

Көзін ашар
күрегі,…

Қолдар ондай
жігітті

ел-жұртының
тілегі.

Заманбек:

       Ол өз буынының, жас құрдастарының жан
сырын жеткізе білумен шектелмей, аға ұрпақтың, жалпы
адам баласының қуанышы мен сырын, қайғысы мен
мұңын түгел қамтып айта алды. Өзі
тұйықтау болғанмен, өлеңінде ой мен сезім мол
еді. Шыншылдықты, әділеттілікті ту етіп ұстады.
Оның
өлеңдерін үлкендер де, жастар да, өз замандастары да
жатқа айтты.

«Жағымпаздық».
Оқитын Төлесінов Исламбек

«Мінез». Оқитын
Қосжанов Құралбек

«Тақ пен тіл».Оқитын 
Жарылғасов Ерлеш.

Әділ:

       Фариза, тіпті, ешкімге ұқсамайтын дара талантымен танылды.
Ол жаны сүйгенді, сүйсінгенін, түйсінгенін,
көңілі қалып жерінгенін жазды. Оның отаншылдығы, патриоттығы
жалаң патетикадан емес, жер мен ел туралы ойынан, сезімінен туды. Ол
қазақ тарихын жүрек көзімен саралады. Олар
«Толғау», «Арман» сынды өлеңдері.

Заманбек: 

      
Ол биік рухтың
ақыны болды. Оның рухтылығы да, туған топырағы
мен Отанына деген шынайы сезімнен жаралған. Табиғат оның
егізі еді. Ол табиғат пен адамның құпия сырларын
жақсы түсінді. Олардың тазалығын, пәктігін
ардақтады. Соны бойына, жырына дарыта білді.Әсем табиғатты
адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар
да ақын жүрегіне инедей батады. Сондай тақырыпты жазған
жырларының бірі «Арал» өлеңі.

«Толғау».
Оқитын Қарасаева Ақмарал

«Арман».
Оқитын Кульчикова Гүлдана

                  «Арал». Оқитын Нұрғалиев
Беркін

Әділ:

      
Кім айтты саған,
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?


Кім айтты саған
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп…

Заманбек:

      
«Қазіргі адамның
көңіл күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі
қат-қабат, шытырман да күрделі. Жүрек жылуы азайып,
суыну, тасбауырлық алаң алып бара ма?» — дейді ақын тебірене.

Сондайда ақынның
көзіңе жас үйрілтер мұңлы,кейде
өзегіңді өртердей ащы, кейде селт еткізер жігерлі, сан алуан
қияпатты жырлары алдыңнан шығады. Оның бірі «Жетімхана»
және «Намазшы» өлеңі.

«Жетімхана». Оқитын Аманова Гүлмира

«Намазшы». Оқитын Балқиев Нұрғали

Әділ:

       Бал
сезім баурап алды бүгін мені,

нұр шашып Күн
де маған күлімдеді.

Дүние
таңғажайып әнге айналып,

тұрғандай
жүрегім де жүгіргелі.

Заманбек:

      
Әнімді ұғын сен де, кел,
ардағым,

жанымның жалын күшін жеңе алмадым,

көрмеген
көгілдір бір алыстарға

жетелеп бара жатыр мені
арманым!

Әділ:

      
Фариза: «Адам деген
күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел
халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем.
Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін
мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл
тақырыптағы лирикалық кейіпкерім — әйелдер.
Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз
жасы өлеңдерімнің арқауы»

дейтін.

Заманбек:

      
Фариза адам
есебінде де, дарын-талант есебінде де ірі, кесек мінезді, ерке, батыр қыз
еді. Ол өмірдің ұсақ-түйегіне алаңдамады.
Ірілікті, мәрттікті сүйді. Ол махаббатты ұлы сезім санады.
Оған бас иді. Оны сүйе білудің азабы деп ұқты.
Сезім нәзіктігін паш етті. Онда жасандылық жоқ еді. Олай болса
ақынның лирикалық өлеңдеріне
тоқталайық.

«Алғашқы
сезім». Оқитын Ініспек Ақмоншақ

«Бақыт».
Оқитын Нахибадин Ясин

«Қыздар ай».
Оқитын Балабатыров Нұрлан

Әділ:

      
Халқымыздың аңыз —
жырларын жаттап, оның дәстүрі мен мәдениетін
сүйіп,ұлтын құрметтеп өскен Фариза
апамыздың шығармашылығында кездесетін тағы бір
ерекшілік – халқының салт-дәстүрі. Сондай
тақырыпта жазған өлеңдерінің  бірі «Жар-жар»
өлеңі.

Заманбек:

      
Дәстүр бойынша қыз-жігіттер
тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын
жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен
айтысады,тілектестік білдіреді. Ендеше  Фариза апамыздың «Жар-Жар»
өлеңіне кезейік берелік.

«Жар-жар».
Шағын сахналық қойылым.Орындайтын қыз-жігіттер тобы.

Әділ:

      
Сүрінбес шапқан
аты жыры барда,

Сөнбейді жаққан оты ұлы
барда!

Қазақтың аяулысы, перизаты,

Өшпейді ешқашан да Фариза аты!

Халқының жүрегінде жүрер
мәңгі,

Өлеңмен жазып кеткен
шариғаты!..

Фариза, Фариза
жан,Фариза қыз….

Заманбек:

      
Өмірден Фариза
Оңғарсынова озды. Аяусыз тағдыр деген осы.
Халқының ардақтысы болып, оқырманның жылы
алақанының лебінен басқаны сезіне білмеген ақынын
тағдыр алды да кетті Өле-өлгенше азабымен
ұстамдылықпен, табандылықпен алысты. Фариза біздің
заманның, адамзаттың биік үлгідегі ақыны болып
қалды.

«Бауырластарыма».
Оқитын Аханов Қыдырхожа.

Әділ:

      
Фариза соңына
өлмес, өшпес мұра қалдырып кетті. Әрлі де
нәрлі өлеңдерін қалдырды. Аяулы ақынға
деген ел махаббаты үстеген үстіне үстей бермекші.
Мәңгілік ғұмырын бастаған ақын
даңқына бәріміз бас иеміз.

Заманбек:

      
Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын
бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер
өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге
толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.
Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл
қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып
айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша
қазақтың жырын жырлап, мұңын
мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте
қателеспейміз.

Әділ:

      
Қадірменді
ұстаздар,оқушылар,қонақтар! Халқының
сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас
тұлға,поэзия падишасы атанған Қазақ
халқының жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иесі Фариза
апамыздың шығармашылығына арналған әдеби сазды
кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға рахмет.

Заманбек:

      
Келесі кездескенше сау-саламатта болайық ағайын!

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар
колледжі

http://el.kz/media/images/tiny_images/8af5cd9d1eb17f87c9382f14ebcd4131.jpg

«Поэзия падишасы –
Фариза»

әдеби сазды кеш

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,кітапхана меңгерушісі

                                           Бөлекбаева
Б.М.,орыс  тілі мен әдебиеті

                                                           пәнінің
мұғалімі

2015/2016 оқу жылы

   
  
 

  

Скачано с www.znanio.ru

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Праздник кукол анилибрия
  • Православные праздники 2002 год
  • Поэзия бунина сценарий
  • Праздник кузьминки что это такое
  • Правила поведения на празднике шуточные