Поэзиялы? кеш сценарий

«Ер есімі ел есінде» С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан поэзия кешіМа?саты: Білім алушыларды? дарынды ?абілеттін арттыру, шы?армашылы?ын дамыту, талантта

«Ер есімі ел есінде»
С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан поэзия кеші

Ма?саты: Білім алушыларды? дарынды ?абілеттін арттыру, шы?армашылы?ын дамыту, таланттарын насихаттау. ?лы ??ламаларды? ?ле?дерін жат?а айту, ?рбір білім алушыны? бойында?ы адамгершілік ?асиеттерін жетілдіру, ?йымшылды??а, ?дептілікке, досты??а т?рбиелеу. Білім алушыларды жеке т?л?а ретінде ?алыптасуына жа?дай жасау.
Т?рі: поэзиялы? кеш
К?рнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріліп, кешті? та?ырыбы ілінеді. Керекті ??ралдар : ?лкен экран,проектор, компьютер, ?н таспа, к?й санды?,фото ж?не видео камералар. Т?рбиелік ба?ыты: А?ыл-ой. Рух. Адамгершілік. Сезім.
Барысы:
I.?йымдастыру б?лімі:
Іс- шара?а ?атынасушы білім алушыларды? ?зірлігін ба?ылау, т?гендеу. Сахна?а шы?у реттік санын бойынша білім алушыларды дайындау. Ж?ргізушілер мерекелік ?лгіде киінген.
«Ер есімі ел есінде» атты ?деби кешіне сценарий.
Ж?ргізушілер: Сахнаны? екі жа?ынан шы?ып, бастарын иіп
с?лемдеседі.
1- Ж?ргізуші Тілдер мерекесі ?арса?ында ?ткізіліп отыр?ан, ?аза? ?дебиетіні? алып ?лдарыны? бірі «?ара??ы ?аза? к?гіне, ?рмелеп шы?ып к?н болам», — деп жырла?ан а?ынымыз С?лтанмахм?т Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан «Ер есімі ел есінде» атты ?деби кешімізді бастау?а р??сат еті?іздер.
2- Ж?ргізуші: : C.Торай?ыров – ?аза? тарихында ой-санасы е? ?ыра?ы, е? ?анатты, е? ?азыналы ?айраткерлерді? бірі.
1- Ж?ргізуші: А?ынны? ?мірі ?мтылыс пен ізденіске толы болды. ?леуметтік о?и?аларды? шиеленісті д?уірінде ?мір с?рген ол ?з заманыны? сыры мен ?айшылы?ты шынды?ын тану?а тырысып ба?ты. Сол жолда не ?илы ?мір ?ткелдерінен ?тті. С?лтанмахм?тты? екі жасында анасы ?ліп, болаша? а?ын жетімдік пен жо?шылы?ты? ?асіретін бірдей к?ріп ?седі.
2- Ж?ргізуші: А?ын халы?ты? ?ара??ылы?та?ы к?йден шы?уы ?шін ?нер-білімні? ?ажет екенін айтар а?артушылы? идеяны к?тереді. ?зіні? б?л та?ырыпта?ы ал?аш?ы ?ле?дерін С?лтанмахм?т ?аза? жастарына арнайды.
1- Ж?ргізуші: «О?ып ж?рген жастар?а» ?ле?інде ол жас адамны? о?у?а деген ынтасы мен келешекке деген сенімін бейнелейді.(«Ш?кірт ойы» ?ле?і орыс тобы)
2- Ж?ргізуші: С?лтанмахм?т – тым ерте оян?ан ж?не халы?, ел м??ын ерте т?сініп, жырла?ан а?ын. Ол бала жігіт кезінде жаз?ан ?ле?деріні? кезінде ?леуметтік те?сіздікті, ?аза? хал?ыны? ?о?амды? ?міріні? мешеулігін, ескі ауылды езіп жаныш?ан ?дет-??рып за?дарыны? ?ырсы?ын аны? к?рсетеді. ?з д?уіріні? озат а?ыны, ауырпалы?тар?а жаны ауыра ?арады.
1- Ж?ргізуші: «Анау-мынау» ?ле?інде ?аза? хал?ыны? тіршілігін к?рші елдермен салыстыра суреттеп, оны? бас?алардан кейін т?р?анын к?ріп, к?йінді:
2- Ж?ргізуші: Анау ?ырда татар т?р,
Бас?алармен ?атар т?р.
Мынау ойда ?аза? т?р,
Бастарында азап т?р, — ?ле?інде осы?ан себепкер болып отыр?ан ел пысы?тары сыналады.
1- Ж?ргізуші: «?амар с?лу»романы, «Кедей», «Адас?ан ?мір», ая?талма?ан «Айтыс» деген поэмалары бар. «Кедей» поэмасында ?аза? кедейіні? басынан кешкен ауыр т?рмысын, тіршілік жа?дайын суреттей отырып, оны? ?з ортасынан б?лінуін к?рсетеді. «Адас?ан ?мір» поэмасыны? негізгі сарыны – ?о?амда?ы ?ділетсіздікті?, те?сіздікті? себептерін ашу ж?не те?дік жолын іздеуге талпыну. Поэма 5 б?лімнен т?рады. Б?ларды? бірі- адамны? с?би ша?ын, 2-сі жігіт ша?ын, 3-сі ?л?ай?ан то?та?ан кезін, 4-сі к?рілік кезін, 5-сі ?лген мезгілін суреттейді. «Мен бала» тарауынан ?зінді, ТАК-1 тобыны? білім алушысы К?рім Гюзаль.
2- Ж?ргізуші: «?амар с?лу» — ?зіні? та?ырыбы мен мазм?ны жа?ынан ?леуметтік роман. Жазушы ?аза? ?йеліні? те?сіздіктегі жай-к?йін роман о?и?асыны? негізіне ал?анмен, сол ар?ылы ?з д?уіріні? ?о?амды? шынды?ын ?леуметтік т?р?ыдан талдайды. Романны? негізгі идеясын С?танмахм?т ?р ?илы та?дарлар, адам бейнелері ар?ылы ашу?а тырысады. Оны? кейіпкерлері к?з?арасы ?р т?рлі адамдарды? ?а?ты?ыстары негізінде жіктеледі. ?амар, Ахмет ж?не оларджа?таушы Омар ?намды кейіпкерлер ретінде танылып, жор?а Н?рым, ?алтан ?ажы, Оспан билер жа?алы??а ?арсы іс-?рекеттерімен к?рінеді. Романнан к?рініс. Ортада ТАК-1 тобыны? білім алушылары Ба?берген, Кенежег?л, Аяг?з, ?йгерім
(Сцека кетеді романнан ?зінді)
1- Ж?ргізуші: Романны? ?ткен ?мірді, онда?ы ?ділетсіздікті реалистікпен суреттей отырып, е?бекші халы?ты наданды??а, феодалды? кертартпа салсана?а ?арсы к?реске ?ндеуде ерекше ма?ызы бар.
?аза? ?дебиетіндегі ал?аш?ы публицист-жазушыларды? бірі С?лтанмахм?т атамызды? ?ле?дері сан т?рлі та?ырыптар?а жазыл?ан. Отанына арнал?ан «Ту?ан еліме» ?ле?і. ?КМ?-1 тобыны? білім алушысы Жанахметов Еркеб?лан
2-Ж?ргізуші: ?азіргі та?да ?аза? жастарыны? арасында а?ынды? ?нерін шы?дап, поэзия саласында ?ле? жазып, жеке шы?армашылы?ын ?сынып отыр?ан колледжімізді? білім алушылары Айту?ан мен ?йгерім ортамызда.
2- Ж?ргізуші: К?Й Жанарды? орындауы
2- Ж?ргізуші: ХХ ?асырды? бас кезіндегі ?аза? ?дебиетіні? ірі ?кілі С?лтанмахм?т Торай?ыровты? та?даулы шы?армалары ар?ылы ?аза?ты? ?дебиеті мен ?леуметтік ой- пікірі тарихында к?рнекті орын алды. А?ын ?аза? поэзиясы мен прозасын жа?а саты?а к?терген суреткер, реалист болып табылады. Ол аз ??мыр жасаса да, со?ына мол ?деби м?ра ?алдырды. ?з т?сында?ы ?аза? ?дебиетінде жа?а жанрлар ту?ызды. Жазушыны? тіл шеберлігі, а?ынды? ерекшеліктері Ыбырай, Абай д?ст?рлеріні? негізінде жазылды.
1- Ж?ргізуші: ?деби кешімізді С?лтанмахм?т атамызды? «О?ып ж?рген жастар?а» деген ?ле?іні? мына шума?ымен ая?таймыз:
2- Ж?ргізуші: ?мітпенен жо? ?у?ан,
Талабы алда баламыз.
Бас?алар жо?ын тап?анда,
Біздер ?айтіп ?аламыз.
Со?ында ?КМ?-1 тобыны? білім алушысы ?айсарова Мадинаны? орындауында ?ншашу орындалады. ?атысушылар ?н орындалып жат?анда орта?а шы?ады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.

Быстро и объективно проверять знания учащихся.

Сделать изучение нового материала максимально понятным.

Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.

Наладить дисциплину на своих уроках.

Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа

««Ер есімі ел есінде» С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан поэзия кеші»

«Ер есімі ел есінде»

С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған поэзия кеші


Мақсаты: Білім алушылардың дарынды қабілеттін арттыру, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ұлы ғұламалардың өлеңдерін жатқа айту, әрбір білім алушының бойындағы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Білім алушыларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Түрі: поэзиялық кеш

Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріліп, кештің тақырыбы ілінеді. Керекті құралдар : үлкен экран,проектор, компьютер, үн таспа, күй сандық,фото және видео камералар. Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік. Сезім.

Барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:

Іс- шараға қатынасушы білім алушылардың әзірлігін бақылау, түгендеу. Сахнаға шығу реттік санын бойынша білім алушыларды дайындау. Жүргізушілер мерекелік үлгіде киінген.

«Ер есімі ел есінде» атты әдеби кешіне сценарий.

Жүргізушілер: Сахнаның екі жағынан шығып, бастарын иіп

сәлемдеседі.

1- Жүргізуші Тілдер мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған, қазақ әдебиетінің алып ұлдарының бірі «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам», — деп жырлаған ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Ер есімі ел есінде» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2- Жүргізуші: : C.Торайғыров – қазақ тарихында ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы қайраткерлердің бірі.

1- Жүргізуші: Ақынның өмірі ұмтылыс пен ізденіске толы болды. Әлеуметтік оқиғалардың шиеленісті дәуірінде өмір сүрген ол өз заманының сыры мен қайшылықты шындығын тануға тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен өтті. Сұлтанмахмұттың екі жасында анасы өліп, болашақ ақын жетімдік пен жоқшылықтың қасіретін бірдей көріп өседі.

2- Жүргізуші: Ақын халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяны көтереді. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды.

1- Жүргізуші: «Оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол жас адамның оқуға деген ынтасы мен келешекке деген сенімін бейнелейді.(«Шәкірт ойы» өлеңі орыс тобы)

2- Жүргізуші: Сұлтанмахмұт – тым ерте оянған және халық, ел мұңын ерте түсініп, жырлаған ақын. Ол бала жігіт кезінде жазған өлеңдерінің кезінде әлеуметтік теңсіздікті, қазақ халқының қоғамдық өмірінің мешеулігін, ескі ауылды езіп жанышқан әдет-ғұрып заңдарының қырсығын анық көрсетеді. Өз дәуірінің озат ақыны, ауырпалықтарға жаны ауыра қарады.

1- Жүргізуші: «Анау-мынау» өлеңінде қазақ халқының тіршілігін көрші елдермен салыстыра суреттеп, оның басқалардан кейін тұрғанын көріп, күйінді:

2- Жүргізуші: Анау қырда татар тұр,

Басқалармен қатар тұр.

Мынау ойда қазақ тұр,

Бастарында азап тұр, — өлеңінде осыған себепкер болып отырған ел пысықтары сыналады.

1- Жүргізуші: «Қамар сұлу»романы, «Кедей», «Адасқан өмір», аяқталмаған «Айтыс» деген поэмалары бар. «Кедей» поэмасында қазақ кедейінің басынан кешкен ауыр тұрмысын, тіршілік жағдайын суреттей отырып, оның өз ортасынан бөлінуін көрсетеді. «Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Поэма 5 бөлімнен тұрады. Бұлардың бірі- адамның сәби шағын, 2-сі жігіт шағын, 3-сі ұлғайған тоқтаған кезін, 4-сі кәрілік кезін, 5-сі өлген мезгілін суреттейді. «Мен бала» тарауынан үзінді, ТАК-1 тобының білім алушысы Кәрім Гюзаль.

2- Жүргізуші: «Қамар сұлу» — өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман. Жазушы қазақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне алғанмен, сол арқылы өз дәуірінің қоғамдық шындығын әлеуметтік тұрғыдан талдайды. Романның негізгі идеясын Сұтанмахмұт әр қилы тағдарлар, адам бейнелері арқылы ашуға тырысады. Оның кейіпкерлері көзқарасы әр түрлі адамдардың қақтығыстары негізінде жіктеледі. Қамар, Ахмет және оларджақтаушы Омар ұнамды кейіпкерлер ретінде танылып, жорға Нұрым, Қалтан қажы, Оспан билер жаңалыққа қарсы іс-әрекеттерімен көрінеді. Романнан көрініс. Ортада ТАК-1 тобының білім алушылары Бақберген, Кенежегүл, Аягөз, Әйгерім

(Сцека кетеді романнан үзінді)

1- Жүргізуші: Романның өткен өмірді, ондағы әділетсіздікті реалистікпен суреттей отырып, еңбекші халықты надандыққа, феодалдық кертартпа салсанаға қарсы күреске үндеуде ерекше маңызы бар.

Қазақ әдебиетіндегі алғашқы публицист-жазушылардың бірі Сұлтанмахмұт атамыздың өлеңдері сан түрлі тақырыптарға жазылған. Отанына арналған «Туған еліме» өлеңі. ҚКМқ-1 тобының білім алушысы Жанахметов Еркебұлан

2-Жүргізуші: Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында ақындық өнерін шыңдап, поэзия саласында өлең жазып, жеке шығармашылығын ұсынып отырған колледжіміздің білім алушылары Айтуған мен Әйгерім ортамызда.

2- Жүргізуші: КҮЙ Жанардың орындауы

2- Жүргізуші: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ірі өкілі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың таңдаулы шығармалары арқылы қазақтың әдебиеті мен әлеуметтік ой- пікірі тарихында көрнекті орын алды. Ақын қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтерген суреткер, реалист болып табылады. Ол аз ғұмыр жасаса да, соңына мол әдеби мұра қалдырды. Өз тұсындағы қазақ әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды. Жазушының тіл шеберлігі, ақындық ерекшеліктері Ыбырай, Абай дәстүрлерінің негізінде жазылды.

1- Жүргізуші: Әдеби кешімізді Сұлтанмахмұт атамыздың «Оқып жүрген жастарға» деген өлеңінің мына шумағымен аяқтаймыз:

2- Жүргізуші: Үмітпенен жоқ қуған,

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтіп қаламыз.

Соңында ҚКМқ-1 тобының білім алушысы Қайсарова Мадинаның орындауында әншашу орындалады. Қатысушылар ән орындалып жатқанда ортаға шығады.

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

«Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кеші.

Кештің мақсаты: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату ,оқырмандардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Мұқағали шығармалары арқылы туған жерін сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттері, бүктемелер, шарлар, гүлдер.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата –аналар және оқушылар ! Қазақтың ғасыр ақыны. « Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз. Әнұран орындалады.

Кешімізді бастамас бұрын оқырмандарды Биылғы 2016 жылғы тойланатын «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесімен таныстыру.

Кітапханашы: Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын есімі Мұқаметқали. Әкесі Сүлеймен іс шаруа адамы . Бастауыш сыныпты Қарасазда оқыды, орта мектепті Нарынқолда бітірді 14-15 жасынан өлең жаза бастады. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтады. Ауылдағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңы, әке зары, жетім –жесір, қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салтын-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

Сырым да осы, Жырым да осы,

Алдыңда, байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Мұхаңдар жоқ, Мұхаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда дей отырып . Мұқағали Мақатаевқа арналған слайд көрсетіледі.

Жыл сайын Мұқағали тойланады,

Өлеңнің таралады бойға нәрі.

Жас ақындар талпынып шабытталып,

Мұқағали жайында толғанады. Дей отыра бүгінгі кешімізді алып баратын жүргізушілермен таныс болыңыздар. Сапарбай Аружан және Бойт Әсем.

  1. жүргізуші Айналасын ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды.

«Дариға- жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Мен ғашықпын», «Шындық» шығармаларымен жыр сүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

  1. Жүргізуші Мұқағали Мақатаев өлеңдері, жыр шумақтары ғасырдан –ғасырға жалғаса береді. Есімі жалпы қазақ баласына, жыр сүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай өзі өлсе де, оның өлең жырлары өлген жоқ.

  1. Жүргізуші Қуат алып Абайдың тіл күшінен.

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді. Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түседі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шыныменен бақытты халық.

2-Жүргізуші Қазаққа тән қара өлеңге табындым,

Ата –баба дәстүрінен ап үлгІ

Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұқағали поэзия алыбы.

Ия, Мұқағали –ғажайып, ақиық сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстарды бере алатын жұмбақ ақын.

Ендеше кешімізді «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» айдарымен Мұқағали Мақатаев өлеңдері оқылады.

1. Сапарбай Аружан «О, Поэзия»

2.Төреқұл Ұлдана «Мен ғашықпын»

3.Тыныштық Әсел «Мен таулықпын»

4.Тұрғанбек Дана «Фантазия»

5. Бердан Ақнұр «Көшеде»

2- Жүргізуші Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық қандай рахат!

Қандай рахат сәбилер жыламаған.

«Мұқағалидың әнге айналған жырлары» айдарымен

Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнімен сахнада Сапарбай Аружан.

Медеу Жәннәт «Саржайлау» әнімен

1- Жүргізуші Мұқағалиді еске алып келеді елім,

Қайталаған қазақтың қара өлеңін

Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,

Мұқағали ,Жұмекен, Төлегенін дей келе

«Жазылар естеліктер мен туралы» айдарымен Мұқағали өлеңдері

Бойт Әсем «Бүгін менің туған күнім»

Мәдіомар Еркеұлан «Үш бақытым»

Зұпар Ақтолқын «Соқ жүрек»

Қалдыбай Асылжан «Шындық»

Қаратай Гүлдана «Соғыстың соңғы көктемі»

2-Жүргізуші Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.

Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен сахнада Қайрат Қарақат.

1-Жүргізуші Ғашықтар үшін таң күліп,

Күре тамырларға қан жүріп

Махаббаттарымен мәңгілік

Жатады өмір жаңғырып, — ендігі кезек Мұқағалидің ғашығы Фариза Оңғарсынова ақынға арнаған «Фариза қыз» атты өлеңіне пародия Төреқұл Ұлдана

Сая болып, жанына емен, терек

2- Жүргізуші Жетер енді жатқаның көлеңкелеп

Өгейсінбей өзі болып қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа өлең керек.

Мұқағали Мақатаев «Махаббат диологы» .

Кітапханашы: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі жырлағандай өзі өлсе де М. Мақатаевтың өлеңдері, әндері, жыр шумақтары, поэмалары өлмейді. Өйткені біздер, яғни Мұқағали ұрпақтары ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттай жүреміз.

Демеңдер біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше хош халайық

Осымен Мұқағалиға арналған поэзия кешіміз аяқталды.

Бүгінгі «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Кітапханашы: Көлбаева.М

Поэзия кеші

Мақсаты: Оқушыларға  поэзия   құдіреті   арқылы  қазақ  деген  ұлы  халықтың  болмысы мен  бітімінің  ұлылығын  дәріптеу.

1-жүргізуші:  Қымбатты  ұстаздар,  оқушылар! Қазақ  болмысының  ұлылығын  дәріптейтін   «Поэзия   көктемі» атты   кешке   қош

келіпсіздер!Данышпан  қазақ  халқы  ақынға  кенде  болған  емес.Поэзия   әлеміне   көз   салсақ   қазақ   халқының  арман  — мұраты,  шаттығы  мен  қайғысы   ең   алдымен  ақын  жүрегіне  жиналған, ақын  өлеңдеріне   арқау   болған.

                          Поэзия   досым   менің   күй  аңсаған,

Өзімді,  өмірімді   қиям   саған,

Шағымда  шабыттанған,  қиялданған,

Шапағың   бар   шаттығын   құяр  маған!  -деп, қазақтың  ақиық  ақыны   Мұқағали жазып  кеткен  поэзия кереметі  туралы  жазылған  өлеңін       Аманғалиев    Нұрбол  орындайды.                           

        1-жүргізуші:    Отан,  халық,  тіл -сан  ғасырлық  жүріп   өткен   жолымыздың   шежіресі.     Егемендігіміз   баянды  болсын  десек,  ұлттық   рухымызға   өріс  тілесек,  туған  тілімізді   көздің   қарашығындай  сақтап,  Отанымыз  бен  халқымызды  құрметтеуіміз  керек.

Ендігі  кезекті   әдемі  өлеңге  берейік.

М.Мақатаев  «Үш   бақытым»     Бағдат.

Ж.Молдағалиев    « Бауырлар»           Құрманбаева  Сабина.                 

Бақытжанов  Исламның  орындауында    « Қанекей,  тілім,  сөйлеші.» термесі.

1-жүргізуші:   Туған  жер,  туған  тіл  мәселесі   қашанда  қазақтың  көкейінен, жұдырықтай  жүрегінің   түкпірінен  орын  алатыны  рас.Бұлардың  екеуі де адамзат  баласы  көзін  ашып,  кіндігін  кескен  тұстан басталады.  Осы  орайда  адамдық  асыл қасиеттерді  перзент  бойына  сіңіруге  үлес  қосар  ата-ананың  алдындағы  перзенттік  парызды  айта  кеткен  жөн.

2-жүргізуші: Өзіңді   өмірге  келтірген,  тіршілігіңе  нәр  берген    ата-ананың  алдында  адамның  парыз-міндеті   өлшеусіз.Қазақ   ғұрпындағы  ата-ананың   ерекше   биік  орны,  қадір-қасиеті   ше?  Ананың   ақ  сүтін ,  әкенің  адал  күшін   ақтау-   өз  болашағыңды  сақтау.

1-жүргізуші: О,  Ата-анам,

Таянышым,  тірегім!

Бар  бақытты  бір  басыңа  тіледім.

Бізді  жақсы  болса  екен  деп  қашанда,

Лүпілдейді  сенің  қамқор  жүрегің.

Т.Айбергенов  «Ана»    Айназар  Мөлдір.

     Анельдің  орындауында   «Анашым»  әні.

М.Шахановтың  өлеңі  «Тоқшылық»   орындайтын Абдуали  Айнамгөз

 Айсұлтан  Гүлсамалдың   орындауында   «Әкем-әнім»   әні.

2-жүргізуші:   Халқымыздың  мол  мұрасы, ғасырлар  бойы  сақталған  дәстүрінің  бірі-  табиғатты  аялау.

Табиғаттан  нәр  алған  ғой  жанымыз,

Жер    бетінің  ажары-  ол   сәніміз.

Туған  өлке  табиғатын  аялап,

Ұсынайық   жүрек   нұрын   бәріміз!

 1-жүргізуші:        Табиғаттың  тарылтпайық  тынысын,

Қастерлейік  оның  байлық,  ырысын,

Ей,  адамдар,   арың  қалай  шыдайды,

Табиғат  -анаң,  ал  сен  оның  ұлысың.

 Табиғат  туралы  жырға  кезек  берейік.

С.Мусағалиеваның   өлеңі  «Адамға  ұқсас  тағдыры  табиғаттың»   орындайтын    Кеңесова  Л.

           Айназар   Мөлдірдің    орындауында   «Ерке   сылқым»   күйі.

2-жүргізуші:    Қазақ — намысшыл  халық.  «Арым –жанымның   садағасы»  деп  намысын  бірінші   орынға  қойған.Орынсыз  ешкімнің   арына  тимеген,  намысын   таптаттпаған  халық.

1-жүргізуші: Тұтату  қиын  шаланы,

Тұтанбас  үрлегенге.

Адамдар  аласарады,

Намысы   кірлегенде.

Жауларың   күнде  сені,

Күндесін,  күндемесін

Шаттығ ың   кірлесе  де,

Намысың  кірлемесін.

Ж.Молдағалиев  «Ар-ұят   туралы»                  орындайтын             Амангүл.

М.Мақатаев   «  Ұят  болды-ау»   Айсұлтан  Бекет.

Задагерей   Миржан   мен  Ешекен   Мараттың    орындауында  «   Тың   толғауы » күйі.

  2-жүргізуші:   Өзіңе  сен!

Күшіңе  сен  бойдағы  ерен,

Сенім  деген  киелі    қойма   дер  ем.

Көл-көңілдің   жатпайды  жайнап   үсті…

Жеңілу  де,  жеңу  де  бұл  өмірде,

Бәрі   қарғам ,  өзіңе   байланысты.

 М.Мақатаевтың  өлеңі  «Тілектеске»    орындайтын   Айназар  Мөлдір.

М.Шахановтың  өлеңі  «Жігерлендіру»  орындайтын  Хамит  Алтынбек.

Ән:      Алға  қазақ  жігіттері.

1-жүргізуші: Қадірлі   көрермен!Біз  бүгінгі  кешімізде   қазақ  деген  ұлы  халықтың    тектілігі   мен  өршіл  рухын жырға  қосқан  ақындарымыздың   өлеңдерін  сіздерге  жеткіздік.

Арыстандай  айбатты,

Жолбарыстай  қайратты,

Қырандай  күшті  қанатты

Мен  жастарға  сенемін , —  деп  М.Жұмабаев  айтқандай , аға  буынның  сенімін  ақтайтындай    парасат-пайымы  биік   азамат  боп  өсейік!

2-жүргізуші:  Сіздерге         жылы   жүрек,  ыстық   қайрат,   нұрлы   ақыл                                                                               тілей  отырып,  бүгінгі  кешімізді  аяқтаймыз.Еліміз  аман ,  жұртымыз   тыныш   болсын!

Тақырыбы: «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»

Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР — дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.
Өзге ұлт балаларының арасында Мұқағали Мақатаев өлеңдері бойынша мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР — дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.

Барысы:
1 — жүргізуші:
Сырым да — осы,
Жырым да — осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты —
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.

2 — жүргізуші: Бүгін біз сіздермен айтулы, дара ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали өлеңдері бойынша өтпек мәнерлеп оқу сайысында бас қосып отырмыз. Олай болса, «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым, «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»атты өзге ұлт балалары арасындағы жыр сайысына қош келдіңіздер!

1 — жүргізуші: Сайыс болғасын оның ақ — қарасын ажыратар әділқазылардың болатыны белгілі. Әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер…

2 — жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағалидің өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Енді бір сәт ақынның өмір деректеріне жүгінейік…(слайд арқылы көрсете отырып баяндау)
Ән «Арулар»
1 — жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салу үшін сайысымызды бастайық.
Ортаға 8 — сынып оқушылары шақырылады…
«Арман — ай» әні.
9 сынып оқушылары өлеңдер оқиды…
«Сенің көзің» әні.
10 сынып оқушылары өлеңдерін оқиды…

2 — жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
Құрметті жыр сүйер қауым!
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Осы сайыс барысында сіздер ақын жырларын оқып, тыңдап қана қоймай, өмірі мен шығармашылығы туралы аз да болса мәлімет алды деп ойлаймыз.

1 — жүргізуші: Ендеше, әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша бірнеше сұрақтарға жауап берейік. Сұраққа толық жауап берген көрерменге арнайы дайындаған сыйлықтарымыз бар. Олай болса уақыт оздырмай сұрақтарға көшейік.
1. Мұқағали қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Бүгінгі сайыс барысында ақын өлеңдеріне жазылған қандай үш ән айтылды?
3. Ақынның қай жинағына 1999жылы ҚР — сы Мемлекеттік сыйлығы берілді?
4. Мұқағали қазақтың қай ақын қызына арнап өлең хат жазды?

2 — жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қолдарымызға таратылған әннің мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың»әнін барлығымыз бірге шырқайық.

1 — жүргізуші: Бүгінгі «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік…
2 — жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
Бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар.

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп – гимназиясы»КММ
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Исанкулова Гулбану Галымжановна

«Поэзия падишасы –
Фариза»

әдеби сазды кеш

Мақсаты:
Қазақ халқының біртуар қызы , ақын Фариза
Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен
таныстыру, өлеңдерін насихаттау, оқушыларды кітап
оқуға тарту және поэзияға деген
қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер:
ақын суреті,ақын туралы бейнероликтер,шығармаларынан
бұрыш ұйымдастыру, еңбектерін қою.

Қатысқан оқушылар:
І-ІІ-Ш курс студенттері.

Кештің ашылуы Фариза
Оңғарсыноваға арналған бейнебаяннан басталады.

Мұқағали
Мақатаев «Фаризаға». Оқитын Нұрғалиев Беркін.

1 жүргізуші
(Байқұл Әділ):

       Армысыздар,
қадірменді  ұстаздар мен студенттер!

2 жүргізуші
(Алибаев Заманбек)

       Қайырлы
күн, құрметті жыр сүйер қауым!

Әділ:

       Өмірде
ана – бұлақ, ана – пана,

Өмірді
өркендетер ана ғана.

Талай жыр жазып кеткен
біздер үшін

Ақын
қыз, ақындардың анасы – Фариза — дей келе жақында
ғана арамыздан өткен ақындардың анасы атанған
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған
«Жыр падишасы — Фариза»  атты
әдеби-сазды кешіне қош келдіңіздер.

Заманбек:

       Фариза
апамыз ер мінезді,айбарлы,шындықты,әділдікті жақтаушы,
қазақтың поэзия аспанында қалқыған жыр
падишасы іспетті.

Қазақ
поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан
ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы:
махаббат,замана,уақыт тынысы, туған жер, туған ел болды.

Әділ:
(Ф.Оңғарсынованың өмірбаяны туралы презентация
жіберіледі)

      
Фариза
Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау
облысының Новобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге
келген.

Заманбек:

       1961 жылы  Гурьев мемлекеттік
педагогикалық институтының
 тіл-әдебиет
факультетін бітіріп, 
Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы»
қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс
істеген.

19661968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек»
газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби
қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жылдары
республикалық «
Лениншіл
жас»
 (қазіргі «Жас алаш»)
газетінің 
АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша
меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

Әділ:

       1970–1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі
«Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «
Пионер» (қазіргі
«Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

20002004 жылдары ҚР мәжілісінің
депутаты болды.

2014 жылдың 23
қаңтар
 күні Астана
қаласында
 ұзақ сырқаттан дүниеден
өтті. 

Заманбек:

       Фариза
Оңғарсынованың алғашқы өлеңдері
республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы,тұңғыш
өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық
көрді. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған
Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар»,
«Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім
менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция
және мен» өлең топтамаларының авторы.

Әділ:

       Көптеген
шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. 
Чили ақыны Пабло Неруданың
«Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны
А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен
соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын,
сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб
ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген
шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Заманбек:

       1984 жылы «Үйім – менің Отаным»,
«Маңғыстау монологтары», «Революция және мен»
өлеңдері топтамалары үшін 
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанды.

Фариза Оңғарсынова
«Уақыт». Оқитын Абдирахманов Сәуірбек

Әділ:

      
Әкем біреу, анам да
біреу менің.

Мен жығылсам;
сүйенер тіреулерім.

Олар барда – мереке.

Көрген емен

Қабақтарын
шытқанын, түнергенін.

Заманбек:

      
Әке –білек,
саусағы – балалары,

қан тамырмен жалғасқан
аралары.

Ана – тамыр бойымен
бәріне де

тіршіліктің жылуы
таралады.

Әділ:

      
Ақын өзінің
балалық шағын еске алғанда әкесін көрмегенін,
бірақ әкесінен қалған ер-тұрманды қадір
тұтып,қастерлегенін айтты. Әкесінен жастай қалып, анасы
Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін,
сөйлесе мақалдап сөйлейтін адам болған.
Ақынның бірнеше өлеңдері әке, ана
тақырыбына арналады. Ендеше,ақын өлеңдеріне кезек
берейік.

«Перзент
сөзі». Оқитын Алпанова Гүлбақыт

«Ана».
Оқитын Өтегенов Жандәулет

Заманбек:

       Жақсы
адамның белгісі

Адалдықтан аттамас,

аңқауларды
даттамас,

Қара бастың
қамы үшін

Жазықсыздан намысын

Біле тұра таптамас,

Білгенін сескеніп

Біліктіні
жақтамас…

Әділ:

      
Ақылдының белгісі

Жас та болса,бас болар.

Ақылсыздың
белгісі –

Қарны тойса,мастанар.

Тату-тәтті
жүргенге,

Қара су да ас
болар.

Жақсы азамат –
елінің

Көзін ашар
күрегі,…

Қолдар ондай
жігітті

ел-жұртының
тілегі.

Заманбек:

       Ол өз буынының, жас құрдастарының жан
сырын жеткізе білумен шектелмей, аға ұрпақтың, жалпы
адам баласының қуанышы мен сырын, қайғысы мен
мұңын түгел қамтып айта алды. Өзі
тұйықтау болғанмен, өлеңінде ой мен сезім мол
еді. Шыншылдықты, әділеттілікті ту етіп ұстады.
Оның
өлеңдерін үлкендер де, жастар да, өз замандастары да
жатқа айтты.

«Жағымпаздық».
Оқитын Төлесінов Исламбек

«Мінез». Оқитын
Қосжанов Құралбек

«Тақ пен тіл».Оқитын 
Жарылғасов Ерлеш.

Әділ:

       Фариза, тіпті, ешкімге ұқсамайтын дара талантымен танылды.
Ол жаны сүйгенді, сүйсінгенін, түйсінгенін,
көңілі қалып жерінгенін жазды. Оның отаншылдығы, патриоттығы
жалаң патетикадан емес, жер мен ел туралы ойынан, сезімінен туды. Ол
қазақ тарихын жүрек көзімен саралады. Олар
«Толғау», «Арман» сынды өлеңдері.

Заманбек: 

      
Ол биік рухтың
ақыны болды. Оның рухтылығы да, туған топырағы
мен Отанына деген шынайы сезімнен жаралған. Табиғат оның
егізі еді. Ол табиғат пен адамның құпия сырларын
жақсы түсінді. Олардың тазалығын, пәктігін
ардақтады. Соны бойына, жырына дарыта білді.Әсем табиғатты
адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар
да ақын жүрегіне инедей батады. Сондай тақырыпты жазған
жырларының бірі «Арал» өлеңі.

«Толғау».
Оқитын Қарасаева Ақмарал

«Арман».
Оқитын Кульчикова Гүлдана

                  «Арал». Оқитын Нұрғалиев
Беркін

Әділ:

      
Кім айтты саған,
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?


Кім айтты саған
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп…

Заманбек:

      
«Қазіргі адамның
көңіл күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі
қат-қабат, шытырман да күрделі. Жүрек жылуы азайып,
суыну, тасбауырлық алаң алып бара ма?» — дейді ақын тебірене.

Сондайда ақынның
көзіңе жас үйрілтер мұңлы,кейде
өзегіңді өртердей ащы, кейде селт еткізер жігерлі, сан алуан
қияпатты жырлары алдыңнан шығады. Оның бірі «Жетімхана»
және «Намазшы» өлеңі.

«Жетімхана». Оқитын Аманова Гүлмира

«Намазшы». Оқитын Балқиев Нұрғали

Әділ:

       Бал
сезім баурап алды бүгін мені,

нұр шашып Күн
де маған күлімдеді.

Дүние
таңғажайып әнге айналып,

тұрғандай
жүрегім де жүгіргелі.

Заманбек:

      
Әнімді ұғын сен де, кел,
ардағым,

жанымның жалын күшін жеңе алмадым,

көрмеген
көгілдір бір алыстарға

жетелеп бара жатыр мені
арманым!

Әділ:

      
Фариза: «Адам деген
күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел
халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем.
Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін
мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл
тақырыптағы лирикалық кейіпкерім — әйелдер.
Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз
жасы өлеңдерімнің арқауы»

дейтін.

Заманбек:

      
Фариза адам
есебінде де, дарын-талант есебінде де ірі, кесек мінезді, ерке, батыр қыз
еді. Ол өмірдің ұсақ-түйегіне алаңдамады.
Ірілікті, мәрттікті сүйді. Ол махаббатты ұлы сезім санады.
Оған бас иді. Оны сүйе білудің азабы деп ұқты.
Сезім нәзіктігін паш етті. Онда жасандылық жоқ еді. Олай болса
ақынның лирикалық өлеңдеріне
тоқталайық.

«Алғашқы
сезім». Оқитын Ініспек Ақмоншақ

«Бақыт».
Оқитын Нахибадин Ясин

«Қыздар ай».
Оқитын Балабатыров Нұрлан

Әділ:

      
Халқымыздың аңыз —
жырларын жаттап, оның дәстүрі мен мәдениетін
сүйіп,ұлтын құрметтеп өскен Фариза
апамыздың шығармашылығында кездесетін тағы бір
ерекшілік – халқының салт-дәстүрі. Сондай
тақырыпта жазған өлеңдерінің  бірі «Жар-жар»
өлеңі.

Заманбек:

      
Дәстүр бойынша қыз-жігіттер
тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын
жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен
айтысады,тілектестік білдіреді. Ендеше  Фариза апамыздың «Жар-Жар»
өлеңіне кезейік берелік.

«Жар-жар».
Шағын сахналық қойылым.Орындайтын қыз-жігіттер тобы.

Әділ:

      
Сүрінбес шапқан
аты жыры барда,

Сөнбейді жаққан оты ұлы
барда!

Қазақтың аяулысы, перизаты,

Өшпейді ешқашан да Фариза аты!

Халқының жүрегінде жүрер
мәңгі,

Өлеңмен жазып кеткен
шариғаты!..

Фариза, Фариза
жан,Фариза қыз….

Заманбек:

      
Өмірден Фариза
Оңғарсынова озды. Аяусыз тағдыр деген осы.
Халқының ардақтысы болып, оқырманның жылы
алақанының лебінен басқаны сезіне білмеген ақынын
тағдыр алды да кетті Өле-өлгенше азабымен
ұстамдылықпен, табандылықпен алысты. Фариза біздің
заманның, адамзаттың биік үлгідегі ақыны болып
қалды.

«Бауырластарыма».
Оқитын Аханов Қыдырхожа.

Әділ:

      
Фариза соңына
өлмес, өшпес мұра қалдырып кетті. Әрлі де
нәрлі өлеңдерін қалдырды. Аяулы ақынға
деген ел махаббаты үстеген үстіне үстей бермекші.
Мәңгілік ғұмырын бастаған ақын
даңқына бәріміз бас иеміз.

Заманбек:

      
Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын
бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер
өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге
толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.
Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл
қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып
айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша
қазақтың жырын жырлап, мұңын
мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте
қателеспейміз.

Әділ:

      
Қадірменді
ұстаздар,оқушылар,қонақтар! Халқының
сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас
тұлға,поэзия падишасы атанған Қазақ
халқының жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иесі Фариза
апамыздың шығармашылығына арналған әдеби сазды
кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға рахмет.

Заманбек:

      
Келесі кездескенше сау-саламатта болайық ағайын!

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар
колледжі

http://el.kz/media/images/tiny_images/8af5cd9d1eb17f87c9382f14ebcd4131.jpg

«Поэзия падишасы –
Фариза»

әдеби сазды кеш

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,кітапхана меңгерушісі

                                           Бөлекбаева
Б.М.,орыс  тілі мен әдебиеті

                                                           пәнінің
мұғалімі

2015/2016 оқу жылы

   
  
 

  

Скачано с www.znanio.ru

1 — жүргізуші: — Армысыздар, құрметті жиналған қауым! Бүгін біз сіздермен колледжіміздің түлегі,  ақын, қазақ  халқының қара өлеңін құдіретке айналдыруды алға қойған Молдағазы Ұйымбектің «Шаңырақ» атты алғашқы жыр жинағының тұсаукесеріне жиналып отырмыз. Олай болса, «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым, «Шаңырақ» атты  жыр жинақтың тұсаукесеріне қош келдіңіздер!

2 — жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Молдағазы ақынның саф алтындай поэзиясы болашақта өз бағасын алады деп ойлаймыз.  Ендеше, құрметті жиналған қауым, колледжіміздің түлегі, Молдағазы ақынның «Шаңырақ» атты жыр жинағының тұсау кесеріне арналған әдеби кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

1– жүргізуші: — Алғашқы сөз Көптеген Ұлы ақындардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын зерттеп, ғылыми еңбектер мен мақалалар жазып,  ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап жүрген әдебиеттанушы ғалым, Филология Ғылымдарының кандидаты, колледжіміздің директоры Ахат Нұртас Ахатұлына беріледі.

2 — жүргізуші: — Келесі сөз кезегі «Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң» атты өлең кітаптарының авторы. Республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері, «Шаңырақ» жыр жинағының алғы сөзін жазған ақын Алмас Темірбайға беріледі.

1 — жүргізуші:

Ән сал, ән сал!

Әніңмен тербет мені

Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі!

Молдағазы Ұйымбектің  поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айнала бастады. Дәметқазы Жанатқазының орындауында «Отаным әнім» әні. 

2 — жүргізуші:

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Молдағазы ақынның болашақта ұрпаққа ұран болар жырларын елі де, ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған іні-қарындастары да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Молдағазы Ұйымбек ағасы секілді колледжіміздің көптеген шәкірттері де тас қияға өрлеп, өлеңнің бесігінде халықты тербетемін деп арманап жүр. Алдарыңызда «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшелері:

Байсерік Аружан «Желтоқсанға»

Мұхамеджан Жанерке «Қысқа ғұмыр-ай»

Темірбек Жұлдыз «Аңсадым»

1 — жүргізуші: — Молдағазы ағамыздың жалынды жыры мәңгі жасайды деп сенеміз. Кешімізді әнмен жалғаймыз. Алдарыңызда «ақын да мен, сал да мен, сері де мен» деп, өлеңді де, әнді де серік қылып жүрген жас таланттардың бірі Тілекбек Бекен!

2 — жүргізуші: —

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол — ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Сөз танитын жас таланттар, «Ақ қауырсын» клубының мүшелері Қайымхан Наздана, Қожахметов Азиз «Аққу Арман», «Сұлулық сыры»

1 — жүргізуші: —

Келесі сөз кезегі баяндамашы, «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшесі — Қуаныш Ақманатқа беріледі.

2 — жүргізуші: —

Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылыңта.

Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа.

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Өлеңді өмір, өмірді өлең етіп жүрген ақын балаларыңыз, жыр жинақтың авторы, бүгінгі кештің иесі – Молдағазы Ұйымбекті сахнаға шақырамыз!

1 — жүргізуші: —

Жүрекке жыр, кеудеме толтырып ән,

О, поэзия өзің деп толқыды жан.

Ғашық едім мен саған жан-тәніммен,

Азабыңды қаншама тарта білгем.

Қармағымды үмітпен тереңге атып,

Табамын ба деп жүрмін сенен бақыт.

Жазған болса ақын деп маңдайға Аллам,

Кешір менің кезімді әнге айналған.

Бүгінгі әдеби-сазды кешімізді жабық деп жариялаймыз! Қош, сау болыңыздар!


Просмотр:
456

«Мұқағали Мақатаев поэзиясына саяхат» атты Әдеби- сазды кеш сценарии

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Қысқа ғұмыр ішінде халқына, поэзияда өзіндік өшпес із қалдырған ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегін оқушыларға таныстырып сезіндіру біздің, тіл мамандарының міндеті деп білемін. Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, қазақ халқының әдебиетін жалғастырған ғасыр ақыны. Мұқағалиді тілі шыққан сәбиден бастап, тізерлеген қарттарға дейін білгені абзал.

user

Сеитказина Гулжазира Кайроллаевна

calendar

1 Желтоқсан 2017

# Қазақ әдебиеті

#Сыныптан тыс жұмыс

#Барлық сыныптар

eye

1710

rrow-download

0

docx

logo

ғылыми-әдістемелік
орталығы

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз

Сізге пайдалы материалдар.

Сіздің материалыңыз дайындалуда!

Дайын болған соң sembiev_n@mail.ru
почтаңызға жіберіледі.

Уақытыңызды құр өткізбей, біздің

Қаңтар
олимпиадасына

қатысып Диплом алыңыз

Пәнді таңдау

Материал жүктеу үшін:

Сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, біз материалды бірден электронды поштаңызға жібереміз.

Материалды жүктеу

«Абай мұрасы — халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

Мақсаты:
— Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
— «Сөз патшасы — өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой — қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
— Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой — толғауларын насихаттау

1 — оқушы: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар студенттер!

2 — оқушы: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
«Абай мұрасы — халық ұлағаты» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».

1 — оқушы: Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі — бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

2 — оқушы: Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Слайд: Абайдың Балалық және жастық шағы.
Абайдың аналары (көрініс).

1 — оқушы: Ақын шығармалары — оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.
М. Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.

2 — оқушы: 80 — жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері — толысқан ой — сананың жемісі.
Слайд: «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Ғылым, білім туралы көзқарасы
— «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
— «Интернатта оқып жүр»
— «Ғылым таппай мақтанба»
Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған ән: «Есіңде бар ма, жас күнім»

1 — оқушы: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік — азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
Слайд: «Қалың елім, қазағым,
Қайран жұртым»
Халық, замана, адам
• Сабырсыз, арсыз, еріншек»
• «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
• «Өлсем орным қара жер»
• «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

2 — оқушы: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
Слайд: «Кемді күн қырық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірін жеткіз»
Махаббат, достық лирикасы
• «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
• «Есіңде бар ма жас күнің»
• «Ұяламын дегені көңіл үшін»

Музыкалық номер: Абайдың «Көзімнің қарасы» әні.
1 — оқушы: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы — поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат — мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
Слайд: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»
Ақындық, ән, өнер адамы
• «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ел»
• «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
• «Өлең сөздің патшасы»

2 — оқушы: Абай — сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 — дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Слайд: Абай – сазгер.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні

2 — оқушы: Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
Слайд: «Табиғат лирикасы»
• «Жаз» (1886 ж)
• «Қыс» (1888 ж)
• «Күз»
1 — оқушы: Абай – данышпан, Абай – кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.

2 — оқушы: Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 — 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Слайд: Ұлылар үндестігі
• А. С. Пушкин және Абай. «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі – Онегин мен Татьяна хаттары.
• М. Ю. Лермонтов пен Абай.
• Крылов және Абай.
«Татьянаның хаты» өлеңі
Аудармасы — «Құмырсқа мен Шегіртке» (көрініс)
1 — оқушы: Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой — мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.
Слайд: «Масғұт» поэма – достықты қадір тұтады, ер мен әйел теңдігін жақтайды.
«Ескендір» поэмасы (көрініс)

2 — оқушы: Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл — өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 — сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Абайдың 17 қара сөзі (көрініс)
1 — оқушы: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын — соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

2 — оқушы: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

1 — оқушы: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Праздник бынаты ахсав осетинский
  • Праздник байдары ударение
  • Праздник бабушкинский парк
  • Праздник амриты манга читать
  • Пользовательский сценарий что это