Сахналы? ?ойылымдар мектепте сценарий

Сахналауға арналған қойылымдар. воспитательная работа ✅ Скачать бесплатно

Тақырыбы: « Көмектесе, білейік»
Қойылымдар
Сахналау.
Ортаға үстел және 2 орындық қойылады. 1 орындықта басын төмен салбыратып, 
көңілсіз Алмат отырады.
 Автор: ­ Бүгін Алмат көңілсіз. Математика пәнінен үй тапсырмасын орындамағаны 
үшін нашар баға қалды.Қанша тырыссада сол тапсырманы түсінбей – ақ қойғаны. 
Әйтпесе үй тапсырмасына уақыт бөліп біраз отырған. Үйге барғанда анасы недер екен..
. Осылайша ой құшағында отырғанда сыныптастары Елжан мен Әділет кіріп келеді. 
Елжан:­ Алмат, неге көңілсізсің? Мен қазір үй тапсырмасың тездетіп орындаймын. 
Сен үзілісте меннен көшіре сал. 
Әділет:­ Алмат, қажет етсең, сабақтаң кейін біздің үйге барып дайындалайық. Мен 
саған есептің шығару жолдарын түсіңдіріп берейін. Шығару жолын түсінбей, баған 
түзілмейді.
Автор: ­ Алмат, қай досының көмегін қабылдарың білмей, ойланып тұрып қалды. 
Сахналау.
Автор: Атай шалқан егіпті. Шалқаны үйдей болып, үйденде үлкен боп өсіпті. Атай 
шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды,
тартып шығара алмайды.
Атай: Әжесі, әжесі, көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Әжей: Қызым, қызым көмектесіп жібер
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Немересі: Күшігім көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Күшік: Мысық мысық көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Мысық: Тышқан, тышқан көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығарып алады.
Тақырыбы: « Көңіл күйімізді басқара білейек».
Сахналау.
  Қуанышты күйді көрсететін көрініс.
        Ренішті күйді сипаттайтын көрініс.
        Таңғалауды сипаттайтын көрініс.
       Тақырыбы: « Үлкенге құрмет – кішіге ізет.»
       Сахналау. 
      Кісілік ойланып есебі, Келсе керек білгісі 
      Сөз сұрапты деседі
       Қариядан бір кісі.
       Уа, қария, данамыз,
      Алайық бір түсініп.
      Үлкендік деп не ұғамыз?
      Дейміз нені кішілік?
     Ағайымен, досымен,           
     Тату болса ісімен. 
     Санаспай – ақ жасымен.
      Сыйлас болса кісімен;
      Кезек күтіп сөйлесе,
      Көрсетсе ізет, білгендік. 
     Сол – Кісілік­ үлкендік.
   Сіз үлкендік дегенменннн,     
  Басқаша ұқтық мұны біз,
  Мәмілешіл бар елмен
  Кішілік қой мұнымыз.
  Жөн – ақ өзің аңдасаң 
  Сөздің мәнін түсініп.
  Ұйқасады әрқашан
 Кішілік пен кісілік.
Сахналау
Балалар, «Мен әртіспін» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеміз.Мұнда әр түрлі 
көңіл­күйдің адамдарға оң және кері әсерін көрсетуімен жағымсыз күйлерді болдырмау 
мақсаты көзделеді.
Сахналауға мынандай тапсырмаларды беріледі:
­Қуанышты күйді көрсететін көрініс. ­Ренішті күйді сипаттайтын көрініс.
­Танғалуды сипатайтын көрініс.
Балалар,үш топқа бөлініп,тапсырмаларды рөлдерде ойнап көрсетеді.
Тақырыбы: « Ризашылық пен алғыс»
Сахналау.
Балалар, алғыстың қандай түрлерін естіп, біліп жүрсіңдер?                                                        
Қазір мен сендердің жауаптарыңды Данышпан ата бізге жіберген алғыс түрлерімен 
салыстырып көрейін.  Мұғалім Ақботаның қоржынынан алғыстар жазылған хатты  алып, 
оқушыларға оқып береді. Рақмет! Жасың ұзақ болсын! Таудай бол! Өркенің өссін! Бақытты
бол! Білімді бол! Өнерлі бол! Бағыі жансын!
Данышпан атаның осы алғыс сөздерін қазір сахналау кезінде қолданумыз тиіс.Сыныптағы 
балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа жеке – жеке сахналау тапсырмалары беріледі.
1­ Топ. Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін 
сахналау.
2­ Топ. Ағалы – қарындас туыстардың үйге келген қонақтары күтіп алу сәтін сахналау.
3­ Топ. Ұландар тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сахналау.                  
Тақырыбы: « Тілім менің ­ тірегім».
Сахналау.
Мақсаты: Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге 
қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
Үнтаспадан С.Тұрысбековтың « Көңіл толқыны » күйі орындалып тұрады. Сәнді 
безендірілген сарайдың үш қақпасының алдыңғы көрінісінің нобайы қойылады. Бірінші 
қақпаға « Таным», екіншісіне « Ғұламалар», үшіншісіне « Қазына» деп жазылған. 
Ортаға патша рөліндегі бала шығады. Қасында уәзірлері бар.
Патша: ­ Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті 
бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. Уәзірлері иіліп, қақпаның есігін 
ашады.
Мұғалім: ­ Сонау бесінші – алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі
күнге жеткен  Орхан – Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, 
гүлденген дәуренін айғақтайды.
Патша уәзірлерімен « Ғұламалар» қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына 
біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсетіледі. Мұғалім:­ Қазақ тілі – Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай,Жамбыл, А.
Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М. Әуезов сияқты  алып ақын – жазулардың, 
Қажымұқан, Б. Момышұлындай атақты батырлардың тілі. Қазақ тілі – қазақтың жоғын 
жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
Патша: ­ Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар:
                            
Тақырыбы: « Төзім мен табандылық»
Сахналау.
Құмырсқаға сабақ болды.  
Үш құмырсқа бірлесіп, шөп – шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек 
болыпты. Бір кезде:
­Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырмасам болмас, ­ 
дейді қызыл құмырсқа. 
­Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады, ­ 
дейді көк құмырсқа.
Бетінен қайтпаған қызыл құмырсқа көк құмырсқаның сөзін тыңдамай, басқа бұлақ 
іздеп, кетіп қалды.
Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды. 
Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөлдеген 
соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады. 
Көк құмырсқамен жасыл құмырсқа бұлақты тазалап болып, мөп – мөлдір салқын су 
ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырсқа келді.Достарынан ұялып, беті
қығарған құмырсқа қайта – қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырсқа не 
істесе де «табандылықпен аяқтармын – ау!» деп өзіне – өзі серт етеді.
Тақырыбы: « Жер ­ ана»
Сахналау.
Жер ­  ана тұншықса.
 ­Екі апта сен болмағандағы жаңалығымыз осы, ­ деп Дана шаттана күлімсіреді.
Ауылға барып, табиғаттың тосын мінезіңе жаны торығып оралған Мұрат үйінің 
маңайын көріп мұңайып қалды. Көрші дүкен ашыптыда, көп көлемді жерді бетондап 
тастапты. Сәнді гүлдердің өзі тар шеңберде қысылып тұрғандай.
­Қуанбайсың ба? Айнала қандай әдемі! Мұрат бүгінгі күнгі құнары қашқан 
топырақтың тозу сатысы жайлы айтқанда, төңіректе сұрғылт тартты. 
­Бір граммында 100 миллион микроорганизм өмір сүретін топырақтың тұншығуын – 
ай! « Топырақта тағдыр бар» деген халық даналығын білесің бе, Данаш?
­Сонда немене? Топырақтада зат алмасу процесі жүреме? 
­Бүкіл тірліктің бастауы болған­ жер. Бәріне төзген, бәріне көнген, басына енді қасірет
төнген . . . Ағалы – қарындасты бауырлар жаңа дүкенге қарай ағылған адамдарға тосырқай 
қарасады.
Құрамында тұз бен гепсі көп ұнтақ шанды шұбатып, көліктер ағылуда. Көкке ұшып, 
артынша адам ағзасына енетін тозанды кім өлшеп, ескеріп жатыр?
Топырақ тозса, адам азбазсың ба? 
 Мұрат пен Дана жып – жылтыр боп жатқан химиялық қоспағада, жасанды жандарға да
қызықпайтындай қалып таңытты.

Тақырыбы: «Ертегілер сыр шертеді»

Мақсаты: Оқушыларды әдеби ертегілерді сахналауға үйрету. Жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін жетілдіру .Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту.

Сыныптан тыс шараның барысы: а) ұйымдастыру; ә) қойылым көрсету;

Түрі: сахналық қойылым

Көрнекілігі: Слайд, үйшік, орман ағаштары, жүйрік ат.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мемелекеттік тіл-ұлт тірегі» айдарымен өткізілетін тіл мерекесінің он күндігі аясында 6-7 класс оқушылары дайындаған «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымға қош келдіңіздер»

Ән: «Ертегілер»

Жүргізуші:

Сіздердің алғашқы тамашалайтын ертегілеріңіз «Қойшы бала» ертегісі.

Ерте-ерте ,ертеде бір қойшы бала болыпты. Ол өзінің шешендігі, тапқырлығымен елдің көзіне түсіпті.Оның сол шешендігімен тапқырлығы ханның да құлағына жетіпті.

Хан жендеттеріне қойшы баланы әкелуді бұйырыпты:

— Әй, әкеліңдер, анау қойшы баланы.

— Иә, хан ием шақырдыңыз ба?-

— Сен өзің тапқыр екенсің, сен маған сол тапқырлығынды көрсет.Мен саған үш түрлі сұрақ қоямын, сен сұрақтардың үшеуіне дұрыс жауап берсең, мен саған осы сарайдың жартысын беремін және де қасыма бас уәзір етіп сайлаймын.

— Иә, хан ием айта беріңіз.

— Бірінші сұрағым мынадай: Аспанда қанша жұлдыз бар?

— Міне, мына бетте қанша нүкте болса, аспанда да сонша жұлдыз бар.

— ә, жарайды, ендеше сахарада қанша құм бар?

— Әлемге қанша қар жауса сахарада сонша құм бар.

— Жарайды, адамнын қолынан не келмейді?

— Адамның қолынан бәрі келеді.

— Ендеше, сен өзеннің суын тауыса аласын ба?

— Хан ием, бірақ сіз маған өзенге құйылатын барлық көлдерді тоқтатып бересіз бе? Әйтпесе, мен ішкен сайын көбейе береді.

— Жарайды, сен өзің тапқыр екенсің. Мен уәдемді орындаймын.

Сөйтіп, хан қойшы балаға берген уәдесін орындап, оған сарайдың жартысынан бөліп беріп, оны бас уәзір етіп тағайындайды.

Жүргізуші: 7-класс оқушысы Киндикбаева Ғазиза «Ана тілі»өлеңі.

Жүргізуші: Біздің келесі сахналайтын ертегіміз «Жылқы мен түлкі» ертегісі.

Ерте, ерте ертеде бір үй иесінің өзі өсірген жылқысы болыпты.Ол қожайынына көп қызмет етіпті. Бір күні ол қартайып, жұмысқа әлі келмейді. Сонда оған үй иесі:

-Сен енді ешқандай жұмысқа жарамайсың, егер де күштілігіңді дәлелдегің келсе, алдыма арыстанды сүйреп әкел.

— Жылқы қожайынның сөзінен кейін қатты күрсініп, қайғырып келе жатқанда алдынан бір түлкі шығады.

— Ей, саған не болған?

— Еее, -деді жылқы ауыр күрсініп, мені сараң қожайыным үйден қуып жіберді.

— Сен енді ешқандай жұмысқа жарамайсың, егерде күштілігінді дәлеледегің келсе, алдыма арыстанды сүйреп әкел,-деді. Сірә, менің оны істей алмайтынымды біліп, әдейі айтты ғой деймін шамасы.

— Сен уайымдама мына жерге сұлап жата қал, ар жағын өзім тындырам.

Түлкі арыстанның үңгіріне барып:

— Ей, асеке, ана жерде бір аң сұлап жатыр барып көрмейміз бе?

Олар жылқы жатқан жерге барып:

— Міне, сұлап жатқан аңымыз.

Арыстан жей бастаған кезде:

— Жоқ, асеке, бұл жерде жеген қолайсыз өзіңіздің үңгірінізге барып жемейсіз бе? Келіңіз мен сіздің аяғыңызды осы аңның құйрығына байлап берейін,-түлкі екеуін байлап тастайды да:

— Шуу, жануарым шуу,-деп жылқы арыстанды сүйрей жөнелді. Арыстан бар даусымен айқайлайды. Ормандағы барлық жануарлар қаша жөнеледі. Жылқы арыстанды қожайынның алдына әкеліп тастайды:

— Жарайсың, енді мен уәдемді орындаймын.

Сөйтіп, қожайын жылқысын өмір бойы күтіп баптайды.

Сіздердің келесі тамашалайтын ертегілеріңіз «Түлкі, тасбақа және кене» ертегісі.

Ерте-ерте, ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Олар ән айтып келе жатқанда алдарынан бір уыс тары тауып алады. Олар әрі ойланып, бері ойланып, сонда түлкі:

— Достар, біз бұны бөлісе алмаймыз, онан да біз бұны егіп, оны сатып ақшасын теңдей бөліп алайық,-дейді түлкі. Соған бәрі келіседі.

Түлкі тағы да қулыққа басып:

— Достарым, мен мына жарды тіреп жатпасам құлап кетеді,-деп ұйықтай жөнеледі. Тасбақа мен кене күннің аптап ыстығында жер жыртып, оған алыстан су тасиды. Олардың еңбегіне күн разы болады, ал түлкінің біресе көлеңкесін қашырып, біресе табанынан қытықтайды. Тасбақа мен кене егін орар кезде:

— Сен орасың, мен жинаймын.

— Жарайды, кене,-деп екеуі егін орады. Егін біткен кезде:

— Еее, достарым, сіз боп, біз боп егінді де бітірдік.

— Иә достарым, біз бұны бөлмей-ақ қояйық. Біз жарысайық кім жеңсе, сол осы егінді алсын,-дейді. Оған бәрі келіседі. Жарыс басталар кезде кене түлкінің аяғына жабысып алады. Жарыс мәресіне келер сәтте:

— Әй, әй басасың адамды.

— Жоқ-жоқ, бұл мүмкін емес, сен қашан келдің.

— Сен ал кеттік деген сәтте келіп қойғанмың,-дейді кене.

— Ендеше, тасбақаны күтейік, сол айтсың,-дейді екеуі. Тасбақаны күтеді.Тасбақа басын тасқа соғып, әбден қиналады, ол мәреге үшінші жетуге асығады. Ол мәреге келер сәтте түлкі:

— Ойбай, тасбақа саған не болған?

— Сұрама, түлкіжан, жолда аңшы иттер ұстап алып сені сұрады, досымсың ғой айтпадым Түлкі қорыққаның білдірмей:

— Достарымсыңдар ғой, айтпаңдаршы,-деп зыта жөнеледі.

Ал, тасбақа мен кене мәңгілік дос болып қалады. Осы сәтте «Еңбек бәрін де жеңбек» деген мақал мен аяқтайық.

Жүргізуші: 7-класс оқушысы Өтетілеуова Гүлдана «Ана тілі» өлеңі.

Сіздердің келесі тамашаайтын ертегілеріңіз «Жақсылық пен Жамандық» ертегісі.

Ерте-ерте, ертеде Жақсылық пен Жамандық атты кісі болыпты. Бір күні Жамандық арып-ашып келе жатса артынан бір аттылы кісі келе жатады. Екеуі жөн сұрасып қайда бара жатқандарын біліседі. Ол келе жатқан Жақсылық екен.

— Мені артыңа міңгестіре кетші,-дейді Жамандық.

— Ендеше, сен мына атқан мін де таяу жерге байлап кет, әрі қарай жаяу кете бер. Мен де дәл солай байлап кетемін. Осылай екеуміз кезек мініп бармасақ мына атқа қиын соғар. Сөйтіп, жамандық сол кеткеннен мол кетіпті. Ал Жақсылық кешке жақын арып-ашып бір күркеге келеді. Күркеде қазан асулы тұр екен:

— Айдалада қайнап тұрған не ет дәмін көрейін,-деп дәмін көріп, шатырдың үстіне жатады. Біраздан соң күркеге түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сонда түлкі:

— Ойбай, мынаны біреу жепті ғой;

— Кім жеуші еді, бұл жерге адам басушы ма еді?

— Жарайды, не көрдіңдер, не білдіндер айта отырыңдар?

-Мен күнде пәлен байдың ала тоқтысын қарауылдап жүрмін. Мені ол әлі күнге ұстай алмай жүр, ұстайтын бір ала тайы бар, тағы да оның жарлығы кімде-кім сол арыстанды ұстап берсе, оған бір үйір жылқымды беремін деген.

-Ал мен күнде пәлен байдың жеріндегі бір құмыра алтынды қарауылдап жүрмін.

Кешке жақын Жақсылық барлық естіп білгенін орындайды. Бірінші түлкі айтқан жерге барып алтынды қазып алады. Екінші байға барып:

— Сен өзің емшісің бе, маған қызымды емдеп берші? — Еее, мына қызды емдемей әбден қинапсыңдар ғой!. Әкел анау ала тоқтыны мұның емі соның өкпесіңде.

— Әй, әкеліңдер анау ала тоқтының өкпесің,-дейді бай. Жақсылық байдың қызын емдеп, оны өзіне жар етіп алады.

Ал кешке жақын Жақсылық арыстанның айтқан жеріне барып байға жолығады:

— Сен маған сол арыстанды ұстап берші, -дейді бай:

— Мен саған сол арыстанды ұстап берем сен маған не бересің?

— Бір үйір жылқымды беремін.

— Жарайды,-деп Жақсылық арыстанды ұстап береді.

Ал кешке жақын үйге Жамандық келеді:

— Сен осының бәріне қалай қолын жетті.

— Жарайды, неде болса адамзатсың ғой айтайын. Осы пәлен жерде бір күрке бар. Онда қазан асулы тұр. Сен оның дәмін көр де күркенің үстіне жат, біраздан соң түлкі, арыстан, қасқыр келеді. Сен олардың айтқанын орындап тыңдасаң, сен осындай боласың!

Жамандық кешке қарай күркеге келеді. Күркеде қазан асулы ет тұр. Ол тойғанынша жеп күркенің үстіне жатады. Біраздан соң түлкі келеді:

— Ойбай, мына тамақтың сорпасы жоқ, омыртқасы жоқ, тоқпақ жілігі жоқ, біреу ішіпті ғой.

— Кім жеуші еді, бұл жер адам басатын жер ме?

— Тоқтандаршы неде болса күркенің үстіне шығып көрейік. Күркенің үстінде Жамандық жатыр екен. Олар Жамандықты талап жеп қойыпты.

Сөйтіп, Жақсылық жақсылығының арқасында мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығының кесірінен ит құсқа жем болыпты.

Жүргізуші: 6-7 класс оқушылары Сәлімова Аружан мен Мусаева Эльвира «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі.

«Ертегілер елі» әні орындалады.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі біздің «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымымыз аяқталды. Көңіл қойып, назар аударғандарыңызға рақмет!

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Северный орта мектебі

Тақырыбы:

(сахналық қойылым)

6 -7 класс

Өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Б.Ибраева

2014-2015 оқу жылы

Көрініске қажет заттар; киім-кешектер(көне қалпақ,кимешек,мәсі ,айыр қалпақ т.б.),стол,үлкен айна,қағаз,қалам,дөңгелек стол,ағаш ыдыс-аяқтар,күміс теңге,аң терісі, қамшы т.б

Кеңес үкметі кезідегі әндер (пионер, халық әндері)

Қатысушылар: Қожа – 6 «в» сынып оқушысы  Садыр Алтынбек.

                           Сұлтан-7 «в»сынып оқушысы  Елтаев Алишер

                           Жанар -6 «в» сынып оқушысы  Косымбекова Дариға

                           Жантас-6 «в» сынып оқушысы  Батырбек Айбек

                           Қожаның әжесі –Қаби Аимира

                           Майқанова –Жулдыз Жакупова

1-көрініс: Сахнада  Қожа өз-өзімен сөйлесіп отыр

— Шын атым Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін мені «Қара Қожа» деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына  Жантас сияқтылар «Қара Көже» дейді. Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Шашым қайратты. Бойым — орта бойлы, әжем «әкең тәрізді сұңғақ боласың» дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасым он екіде. Бесінші сыныпты бітіргем. Арманым: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу, жазушы болу.

Сөйтіп отырғанда  үй маңына бұзау келеді .Қожаның бар ойы бұзылып,бұзауды қуған боп  «Жанар үй жағына барып қайтсам ба екен » — деп жүгіре жөнеледі.

2-көрініс: Қожа сыныптасы Жанар үйінің жанына келіп тұрып ойланып  қалады

-Қожа : Бұл үйде Жанардың әжесінен бетер сескенетін тағы бір қорқынышым  осы үйдің антұрған қабаған қара төбеті. Атты кісінің омырауына шапшитын жауыз төбет. Ол бос болса, үй маңынан тірі жанды қия бастырып өткізбейді.

Жоқ,қара төбет байлаулы екен. Арғы көше жақтан келген біреуге арс-арс үріп, жұлқынып тұр.

 Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шығып:

—        Ақтөс, жат! Бар орныңа!- деп, зеки бастады.

Қақпаның ар жағынан әйел даусы естілді: (Аимира)

—        Жанаржан, әжеңүйдеме?

—    Жанар:    ӘжембағанатауықфермадағыСүйінбайатамдікінекетіпеді. Әлікелгенжоқ.

—    Қожа:    Жанар!

«Менің атым Қожа» повесі негізінде жазылған

сахналық көрініс сценарии

Көрініске қажет заттар; киім-кешектер(көне қалпақ,кимешек,мәсі ,айыр қалпақ т.б.),стол,үлкен айна,қағаз,қалам,дөңгелек стол,ағаш ыдыс-аяқтар,күміс теңге,аң терісі, қамшы т.б

Кеңес үкметі кезідегі әндер (пионер, халық әндері)

Қатысушылар: Қожа – 6 «в» сынып оқушысы Садыр Алтынбек.

Сұлтан-7 «в»сынып оқушысы Елтаев Алишер

Жанар -6 «в» сынып оқушысы Косымбекова Дариға

Жантас-6 «в» сынып оқушысы Батырбек Айбек

Қожаның әжесі –Қаби Аимира

Майқанова –Жулдыз Жакупова

1-көрініс: Сахнада Қожа өз-өзімен сөйлесіп отыр

— Шын атым Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін мені «Қара Қожа» деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына Жантас сияқтылар «Қара Көже» дейді. Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Шашым қайратты. Бойым — орта бойлы, әжем «әкең тәрізді сұңғақ боласың» дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасым он екіде. Бесінші сыныпты бітіргем. Арманым: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу, жазушы болу.

Сөйтіп отырғанда үй маңына бұзау келеді .Қожаның бар ойы бұзылып,бұзауды қуған боп «Жанар үй жағына барып қайтсам ба екен » — деп жүгіре жөнеледі.

2-көрініс: Қожа сыныптасы Жанар үйінің жанына келіп тұрып ойланып қалады

-Қожа : Бұл үйде Жанардың әжесінен бетер сескенетін тағы бір қорқынышым осы үйдің антұрған қабаған қара төбеті. Атты кісінің омырауына шапшитын жауыз төбет. Ол бос болса, үй маңынан тірі жанды қия бастырып өткізбейді.

Жоқ,қара төбет байлаулы екен. Арғы көше жақтан келген біреуге арс-арс үріп, жұлқынып тұр.

Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шығып:

—        Ақтөс, жат! Бар орныңа!- деп, зеки бастады.

Қақпаның ар жағынан әйел даусы естілді: (Аимира)

—        Жанаржан, әжеңүйдеме?

—    Жанар:    ӘжембағанатауықфермадағыСүйінбайатамдікінекетіпеді. Әлікелгенжоқ.

—    Қожа:    Жанар!

— деп дауыстадым, ол жүгіре басып,бері қайтып келе жатқанда. Үнім бейне бір шошыған немесе аяқ астынан ғажайып бір қымбат зат тауып алған адамдай жарқын шығып кетті.

Селкетіп, тоқтай қалды Жанар. (Үй маңдайшасына электр шам орнатылғандықтан есік алды сүттей жарық еді.) Дауыстың қайдан шыққанын тұспалдай алмай, төңірегіне жалтақ-жалтақ қарап барып, көрді мені.

—    Қожа:     Сәлем Жанар.

Жанардыңтаңданғанжүзідереукүлімсіреді. Қасымажүгіріпкеліп, ағашшарбақтыңүшкілбасынанұстапбетпе-бет тұрақалды.

—    Жанар    Сәлеметпе Қожа. Неғыпжүрсің?

—    Қожа    Сенде кітап бар ма?.

—   Жанар: Қандай?

—    Қожа : Әгі «Үш мушкитер»

  —   Жанар: Жоқ.

—    Қожа :Тауып берейін бе?

—   Жанар: Жоқ.Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық.

Өзегімді нұрлы сезім жарып өтіп, қолтығыма қанат біткендей болды, қаншаға пәрменіммен секіріп шықтым да, ар жағына топ ете түстім. Сол кезде шынжырын сыл-дыратып,қара төбет те арсылдап, тұра ұмтылды. Иттен қорыққансып, Жанардың білегінен қысып ұстап, жабыса түстім. Ит есік алдына жете алмастай етіп байланған екен.Екеуіміз иық түйістіре жүгірген бойда үйге кіріпкеттік.

—     Жанар:  Сен дойбыны жақсы ойнаймысың?

—    Қожа  :     Жоқ, онша емес.

—       Жанар: Байыдың, байыдың

—    Қожа  :       Қазір ұтамын.

—       Жанар:    Ұтпасаң не боласың?

—    Қожа  :       Не бол десең, со болайын.

—       Жанар:   Дүниежүзіндегібарыптұрғанмақтаншақтыңөзіболамысың?

—    Қожа  :      Жарайды.

   —       Жанар:   Ура! Ұтылдың! МақтаншақҚожа. Мен ендісенібұданбылаймақтаншақҚожадепатаймын.

—    Қожа  :        Тоқта, қалай… қалайбопкетті?

—       Жанар:     Міне, былай… Сен меніңмынапешкамдыжедіңбе?

Жедің. Онансоң мен былайжеп, бигешықтым. Оданкейінмінебылай… былай… былайжедім. Әй, мақтаншақҚожа. Ұтамындепмақтаныпедің.

—    Қожа  :          Тоқта. Менің әлі де бір биім бар ғой.

—       Жанар:     Оныңқолынан не келеді?

—    Қожа  :          Көрерміз. Сен әлі ұтқан жоқсың. Жүріскезегі менікіме?

—       Жанар:        О, қорқақ!.-Састың ба, бәлем. Сонан соң қайда барар екенсің.

—    Қожа  :          Жан-жағымның бәрі қатер, қайда барушы едім. Ұзын жолдан қия бассам, мерт кететінім сөзсіз. Сондықтан тақтайдың олшетінен бұ шетіне ілгері-кейін сырғанап, жүрем де отырам.

—       Жанар:        Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан.

—    Қожа  :          Өз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе,шықпаймын.

—       Жанар:            Жоқ, шық ұзын жолдан.

—    Қожа  :            Шықпаймын.

—       Жанар:             Ендеше сен жеңілдің.

—    Қожа  :            Жоқ, жеңілгем жоқ.

—       Жанар:        Жеңілдің.

—    Қожа  :            Жеңілгем жоқ.

—       Жанар:           Жеңілдің.Бұдан былай мен сені мақтаншақҚожа деп атаймын. Ойнамаймынсенімен

—    Қожа  :             Ойнамасаң қой

—       Жанар:             Әжем келді ғой деймін

—      Жанардың әжесі  Ой шыбыным, жалғызотырмысың?

мына бала Қожама?

—       Жанар:            Иә

—      Жанардың әжесі   Бұл неғып жүр мұнда?

—       Жанар:             Екеуіміз дойбы ойнап отырдық.

—      Жанардың әжесі    Балам, бар үйіңе,- Жанаржан,ит қауып алмасын, шығарып жіберші.

  —    Қожа  :   Сау болыңыздар.

Жүгіріп келем шарбаққа қарай. Секірдім… Қойсаңдаршы, адамды қырсық шалайын десеоп-оңай ғой. Осы арада ойламаған жерден масқараға ұшырап, абыройым айрандайтөгілді де қалды. Не болды дейсіңдер ғой. Бір балағым сырғауылдың үшкіл басынаілініп қалып, созылған күйде ұзынымнан түспесім бар ма. Оңбай жығылдым. Бірақөлімнен ұят күшті деген емес пе,жалма-жан тез түрегелдім де, алды-артыма қарамастан зытып отырдым.Жанармен әжесі қарқылдап күліп қала берді.

3-көрініс:Қожа Жанар үйінен қайтып келе жатқанда, мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып:

—      Жантас:  Сәлем еңбек еріне!-Қара көже, мынаның не екенің білесің бе?- дейді.

—      Қожа:  Ол не?

—        Жантас:Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, сен көшедегі иттердітәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым да, әуелі жолдама жайынтиянақтамақшы болдым.

— Қожа:Онысағанкімберді?

—  Жантас:  Кімберушіеді. Майқанова апай берді.Бірақ сен жоқсыңтізімде.

— Қожа:»Негежоқпын?» Майқанова апай қайда екен?

—  Жантас:  Мектепте

— Қожа:Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білетін боласың мә саған

Жантасты мұрынға сырт еткізіп бір ұрып , жүгіре жөнеледі.

Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп барып.

Майқанова бірдеңе жазып, жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарайды:

—    Майқанова Не болды? Не болды, Қадыров?

—      — Қожа:»    Лагерьгежолдамаберіңізшімаған.

—      МайқановаСаған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.

—     — Қожа:»     Неге?

—       МайқановаНеге болушыеді: барлық оқушыға бірденжетіспейді. Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушылардыжібереміз.

—      — Қожа:»    Жантаснемене… менен артық болғаны ма?

—       МайқановаСен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?

—       — Қожа:»   Бермесеңіз, қойыңыз,- деп, жалт бұрылып,ашуланып жүгіре жөнеледі.

— Қожа Осындай әділетсіздікке қаның қалай ғана қайнамайды. Жантас, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу,(сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақтүргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Менің сабақа үлгеруім одан көш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес.

Соңынан ілесе айқайлап Майқанова:

   —      Майқанова:  Қадыров! Бері кел.

Менбұрылып та қарамадым.

—      Майқанова:  Қадыров!

Турникке сүйеніп, жылмия қарап Жантас тұр.

Зығырданым одан бетер қайнап кетті. М —

—  Жантас:  Қара көже Немене, жолдама алдың ба?

  — Қожа:   Алдым

  —  Жантас:     Кәне, көрсетші?

    — Қожа:     Міне.( Сартеткізіп танаудан бір ұрады.)

  —  Жантас:    Майқанова апайға айтамын.(жалап кетіп қалады)

4-көрініс:Өзен жағасында ренжіп отырған Қожаға Сұлтан кезігеді

-Сұлтан:Чао бамбино

— Қожа: Чао. Қарай гөр су жаңа ғой қайдан алдың? 

-Сұлтан:Генералскии

— Қожа:  Сіресіп киініп алыпсың, қайдан жүрсің?

-Сұлтан:Әлемдегі ең биік таудан.

— Қожа:  Шешін шомылайық

-Сұлтан:Ей мына лай суға ма,мен тамаша жер таптым міне,ал балығы бар ғой мынадай

— Қожа:  Ол қай жерде?

-Сұлтан:Ескі дирменнен әрі тоғайда

— Қожа:  Ой алыс қой

-Сұлтан:Жаяу деп ойлайсың ба,сен Сұлтанды білмейді екенсің.

— Қожа:  Тарттық онда.

5-көрініс.Таң ата үйіне қалжырап қайтқан Қожаны әжесі сөйлей қарсы алады.

-Әжесі: Қайда жүрсің шешең болса уайымдам аурып жатыр. Әйтеуір бірдеңе бүлдірмесең жүре алмайсың анау Сұлтанға ерме деп қанша рет айттым болмайсың құлыным-ау.

— Қожа:  Ендігәрі тыныш жүремін.Апа мені ешкім мазаламасын,мен ертеңгі сабаққа дайындаламын.

-Әжесі: Құлыным сол.Әкесіне тартқан еш айнымайды.

— Қожа:  -Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын.Күн тәртібінде бір-ақ мәселе:тәртіпті үлгілі оқушы болуым үшін мен бұдан былай не істеуім керек?

-Ал сөйле батырым?! -Түрегел. -Отыр.

-Әжесі: Неге шақырдың Қожатай?

— Қожа:  Сізге емес….. Жайша.Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр.Бөгет жасамаңыз.

-Әжесі: Кеңесі несі тағы.

— Қожа:  Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе?Жиналыс, жиналыс өтіп жатыр.

-Әжесі: Әкем-ау ,мынау не айтады?Жиналысы несі?Айнаны алдыңа неге қойдың?

— Қожа: Ту,жарықтық-ай! Өзіңізге тиісті емес нәрседе не шаруаңыз бар?Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын.Сізге қатысуға болмайды.

-Әжесі: Қожата…

Қонақ — атаңнан да үлкен. 9 — сынып
(Сахналық көрініс)
Қатынасушылар:
Азамат Б. отағасы
Арайгүл Азаматтың әйелі
Азамат С. қонақ, Азаматтың інісі
Жеміс қонақ, Азаматтың апасы
Жанар қонақ қыз
Нұрбек Азамат пен Арайгүлдің баласы.

Киіз үйдің іші. Отағасы Азамат қолына домбырасын алып, күй шертіп отыр. Жұбайы шай қамына кірісуде. Көп кешікпей үйге қонақтар кіріп келеді.
Азамат С. Ассалаумағалейкум! ( есіктен сәлем беріп кіреді).
Азамат Б. Уағалейкумассалам!
Жеміс. Амансыңдар ма, қарақтарым?
Арайгүл ( иіліп сәлем етеді)
Жеміс. Бақытты бол!
Жанар. Сәлеметсіз бе. жеңеше?
Арайгүл. Еркежан да келіп қапты ғой. Айналайын, келші маңдайыңнан сүйейін.
Азамат С. Осы үйдің қазанын шегелей келдік.
Азамат Б. Жақсы болды ғой, өзіміз де осы қазан шегелегіш шебер іздеп
отыр едік. Төрлетіңдер.
Жеміс. Ауыл — аймақ, көрші — көлем, мал — жан — бәрі аман ба?
Азамат Б. Бәрі де аман. Құдайға шүкір, ел қатарлы өмір сүріп жатқан
жайымыз бар
Жанар.. Жеңеше, мынау өзіңізге деген тартуым.
Арайгүл. Рахмет, жаным. Сол өзіңнің келгеніңе не жетеді.
Жанар. Түу, жеңеше, шайыңыз тәтті екен. Тағы да құйыңызшы.
Арайгүл. Іше ғой, жаным.
Азамат С. Шайға үйреніп болдық қой. Бұл құрғырды қанып ішпесең, тіпті басың ауыратын болды. Бермесеңіз сұрап ішетін едік. Жеңешеміздің бауырсағын сағынғанымыз рас (Барлығы күледі).
Жанар. Аға, бұрынғы өмірден өткен дана адамдар, билер жайлы көп білетін едіңіз ғой. Солардың біреуін тағы да айтып беріңізші.
Жеміс. Е, бәрекелді!
Азамат Б. Қалқамның тілегін жерге тастамайын (әңгіме айтады).
— Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» деп сұраған екен. Бұған ешкім ауыз тұшытарлықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала би өзі шешіп берген екен дейді.

Жерден ауыр дегенім — ақыл — білім.
Судан ауыр дегенім — оқу — ғылым.
Оттан ыстық дегенім — адамның өмірі.
Көктен биік дегенім — тәкаппардың көңілі.
(Барлығы бірге):– Керемет, тауып айтылған сөз.

Жеміс. Осы шай ішіліп болған секілді. Жинай бер, қалқам.
(Шай құралы жиналады).
Нұрбек. Апа, ас дайын.
Арайгүл. Ә, ендеше, қолға су құя ғой. (Қолға су құйылып, табақ тартылады)
Азамат С. Әлгі осы үйдің баласы қайда, шақыр. Ол да бізбен бірге тамақ жесін.
Арайгүл. Кенжетай, кел сенде тамаққа, осы ағаларыңның жақсы әңгімелерінен ғибрат ал. Саған да осы ағаларыңның жасын, жолын берсін.
Жеміс. Менің келінім қандай өнерлі десеңші. Еттің нанын өзгеше, әдемілеп жайған екенсің.
Арайгүл. Өзімнің шешем нанды осылай жаюшы еді. Көргенімді жасап, көпке
үлгі болсын дегенім ғой ( ет желініп, сорпа беріледі, табақ алынады).

Азамат Б. Жасың кіші болса да. Жолың үлкен қонақсың. Астың батасын өзің қайыра ғой.(Дастарқанға, отырғандарға бата беріледі. Бала Нұрбек
апасына шұбат құйылған ыдысты әкеліп береді. Апасы шұбаттан зеренге құйып, қонақтарға береді).
Азамат Б. Қарап отырғанша, ауылдың алты ауызын айтайын. (Құрманғазының «Адай» күйі тартылады). Енді қонақ кәде айтыңыздар.
Жанар. Мен бір халық әнін шырқап берейін («Әгугай» әні орындалады)
Барлығы бірге: Өнерің үстем болсын!
Азамат Б. Ақ ішіңіздер.
Арайгүл. Еркежан, бері кел.
Жанар. Жеңеше, мынаның бәрін қайдан алдыңыз?
Арайгүл. Бұл – менің жинап жүргендерім, ескінің көзі. өзімнің шешемнен, енемнен қалған сәндік бұйымдар. Бұйымтайыңды айт, қалағаныңды берейін.
Жанар. Мына біреуін таңдадым. Қалағаным – осы.
Арайгүл. Қалағаның осы болса, ала ғой. Көзімдей көріп тағарсың.
Жеміс. Аманшылықта, саушылықта кездесейік.
Б. Азамат пен Арайгүл бірге. Жолдарың болсын. Елге аман — сау барыңдар.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Қатынас                                                               

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі:  Драма                                                                           

Тақырыбы:  «Қонақжай халық ұрпағымыз». (Сахналық қойылым)

Мақсаты:

Тәрбиелік:   Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларды сөйлеу арқылы тілдік қорларын көбейту.Балалардың қонақжайлылық ұғымын, дағдыларын қалыптастыру. Көнерген сөздерді бала тілінде айтып үйрету.

Дамытушылық: Ата-бабамыздың ұлттық құндылықтарын,ұлттық тәрбиесін бала санасына сіңіру. Өз ұлтына, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.   Отбасындағы өзара сыйластық қарым- қатынасын дамыту.

Көрнекілік:  киіз үй, үй жабдықтары,ыдыс-аяқтар,  сүзбе, домбыра,сүлгі, леген, қол жуатын құман, проектор, слайд, видео- фильм, дидактикалық ойындар.

Пәнаралық байланыс:  Мүсіндеу, Құрастыру, Көркем әдебиет

І. Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар «Туған жер» әнін айтып,  әженің аулына қонаққа келеді.

Балалар: Сәлеметсіз бе? Сәлем бердік.

Әже: Ой, айналайындарым, келіңдер.Қаладан немерелерім келіп қалыпты ғой. Жоғары шығыңдар. Сендер келеді деп мынадай әдемі көрпешелер тігіп қойған едім, соған отырыңдар.

Әже балалардың жағдайларын сұрайды.                                                                      Немересі Мирас: Әже, құртыңызды сағындық.

Әже:  Қазір көктем мезгілі ғой ,төрт түлік малымыз төлдеп, аққа аузымыз тиіп жатыр.

Немересі Фатима: Әже құртты неден  жасайды?

Әже құрттың жасалу жолын түсіндіреді.

Тосын сәт

Қонаққа Робот келеді.

Робот:  Са-ла-мат-сыз-дар ма! Мен  қай-да кел-дім?

Әже: Қош келдің, Робот балам  төрге шық!  Сен Қазақ еліне келдің. Өзің қай елден келдің?

Робот: Мен ро-бот-тар  е-лі-нен кел-дім. Мы-нау қан-дай дөң-ге-лек  үй? Бұл қа-лай а-та-ла-ды?

Әже: Бұл киіз үй. Киіз үй — қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп — қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.Біздің қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Көшіп қонуға ыңғайлы болсын деп осындай киіз үйлер дайындаған. Бұл киіз үй қыста жылы, жазда салқын болған. Киіз үй негізінен ағаштан жасалып, киізбен жабылған. Сондықтан киіз үй деп аталған.

Әже: Балалар, назарымызды экранға аударайық.

Киіз үй құрылысын видео арқылы көрсету.

Әже: Ал, ер балаларым, сендер Робот балама киіз үй құрастырып беріңдер, мен қыздарыммен бірге құрт жасайық.

Құрт жасау

Дидактикалық ойын «Киіз үй» Әжесі: Робот балама қазақтың ұлттық ойынын ойнауды көрсетейік.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Алақан соқпақ»

Ойын шарты:  Ойынға қатысушылар дөңгелене отырады. Орталарынан бір бастаушыны белгілейді. Оған сүлгі беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп, біреуіне: «Алақаныңды тос!»- дейді.Ол алақанын  тосады. Сол кезде, бастаушы оның алақанына ширатылған сүлгіні тигізеді де, тез тартып алып: «Сүлгі қайда?»-деп сұрайды.Сонда әлгі ойыншы орнынан тұрады да,  бір  өлең немесе тақпақ,мақал-мәтел айтады. Сонан соң: «Сүлгі анада»- деп, басқа баланы көрсетеді. Ойын осы ретпен жалғаса береді.

Фатима: Сыйлап сәлем беремін,                                                                              Көршілерді көргенде.                                                                                                    Ізетті деп білемін,                                                                                                          Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Нұрәділ: Жайлауың болар жеріміз,

Төсегің болар төріміз.

Білгің келсе қазақты,

Қонағы болып көріңіз.

Б.Ерасыл: Сырттан келген мейманға,

Сәлем беріп,қол алсақ.

Бірінші еткен құрметің,

«Түсіңіз» деп түс беріп,

Шылбырына оралсақ

Екінші еткен құрметің.

Дінмұхаммед: Дастарханның басында,

Әдептен біз озбаймыз.

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз.

Жаннұр:  Сәлем –сөздің анасы

Ұғын, қазақ баласы!

Бір ауыз сөз сәлеммен,

Нұрлы сауап аласың.

Жарасхан: Анам менің сүйіктім,

Тек  өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Шырайлым: Құтты қонақ келсе,қой егіз табады.

Әже: Балаларым ойнап болсаңдар,Робот балама ,қазақ халқы қонақжай  халық екендігін  сахналық қойылым арқылы көрсетейік.

ІІ. Негізгі бөлім.  Сахналық қойылым.

Далада ойнап жүрген немересі  Жарасхан үйге жүгіріп келеді.

Немересі Жарасхан: Әже, әже  әкем маған базардан «жарғақ шалбар» әкеп берді.

Әжесі: Құтты болсын,балам,шалбарың, саған байғазыға кәмпит берейін, ала ғой.  Ойнап болсаң,тез шешініп киімдеріңді жинап қой. Сосын есіңе сақта үйге қарай жүгіруге болмайды!

Немересі Дінмұхаммед:  Әже, жарғақ шалбар деген не?

Әжесі: Иленіп,әбден өңделген жұқа теріден жасалған шалбарды «жарғақ шалбар » дейді.

Немересі Фатима: Әже, «байғазы» деген не?

Әжесі:  Жаңадан алынған затқа немесе киімге берілетін сыйды «байғазы» деп атайды.

Ата даладан үйге кіреді.    

Атасы:  Бәйбіше — ау, ана көшенің басындағы үйге жаңадан көршілер көшіп келіпті.Сол көршілерді «ерулікке»  шақырып келдім. Қазаныңа тамағыңды сала бер.

Әжесі: Жарайды, атасы,«Қонақ келсе, құт келер» деген ғой атам қазақ.

Немересі  Ерасыл: Ата, «ерулік»  деген не?

Атасы:  Басқа жерден көшіп келген көршілерін сол жерде бұрыннан тұратын көршілері қонаққа шақырады, танысады.

Әжесі: Балаларым, қонақтарды қарсы алайық.

Қонақтар үйге кіреді. Балалары қонақтардың киімдерін алып қояды. Аяқ киімдерін жинап қояды.

–Қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар!

Әжесі: Үй-іштерің, мал-жандарың тегіс аман ба? Қандай жерден көшіп келдіңдер ?

— Қонақтардың қолына су құйыңдар.                                                                                                                                                                                                          Дастархан жасауға әжеге немерелері көмектеседі.

Дастархан жасалып,шай ішіледі. Қонақтардан ауылдарының  жаңалықтары сұралады.

Атасы: Көрші, есімің кім болады?  Отбасыңды таныстырып жіберерсің. Қай ел боласыңдар?                                                                                                                                    Әжесі: Балам, кімнің баласысың?

-Атаңның баласы болсаң,жеті атаңды білесің бе?

Қонақтың немересі Нұрәділ жеті атасын айтады.                                                            —  Жарайсың, балам, жеті атаңды жақсы біледі екенсің.

Атасы:Балаларым,төрдегі домбыраны қонаққа алып бере қойыңдар.

«Қонақ кәде» деген болады,  «әу» демейтін қазақ жоқ қой. (Қонақ домбырада ойнайды)

— Көп рахмет, көңіліміз бір көтеріліп қалды-ау.

Әжесі: «Ауылдың алты ауызы» деген болады, менің немерелерім де сіздерге арнап  ән шырқап берсін.                                                                                                       Ән:«Көктем»                                                                                                              

Қонақтар: Немерелеріңіз өнерлі екен. Айналайындар,бақытты болыңдар!

Әжесі: Балаларым,  қонақтан бата алайық.

(Қонақ бата береді)

ІІІ. Қорытынды бөлім     

Қонақ әже: «Қонаққа кел демек барда, кет демек жоқ», қой қайтайық.

Робот:   Мен де е-лі-ме қай-та-йын, қа-зақ хал-қы-ның қо-нақ-жай е-кен-ді-гін о-сы жер-де  көр-ген-де-рім-ді  е-лі-ме  ай-та  ба-ра-мын.     

—  Қош,сау бо-лы-ңыз-дар!                                                                                                                                                                                                                                    Әжесі: Балаларым,қонақтардың киімдерін алып беріңдер. Қонақтарды шығарып салайық.                                                                                                               – Қош,сау болыңыздар!

— Үй осы келіп тұрыңыздар!                                                                                                                                                                                                                              -Үйдегілерге бізден сәлем айта барыңыздар.

Рольдегі балаларды таныстыру.

  1. Атаның ролінде — Мирас
  2. Әженің ролінде – Інкәр
  3. Немерелерінің ролінде – Жарасхан, Дінмұхаммед, Фатима, Шырайлым, Ерасыл
  4. Қонақ атаның ролінде – Нұрберген
  5. Қонақ әженің ролінде – Адина
  6. Қонақтың немерелері ролінде – Нұрәділ, Жаннұр

Ұйымдастырған: Аманова Жанымкүл

«Бәйтерек» ересектер тобы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сахаровский сценарий что это
  • Сахаровский сценарий использования глубинных атомных бомб
  • Сахарная вата на празднике
  • Сахарная вата выезд на праздники
  • Сахалыы юбилейга аналлаах сценарий