Сценарий 16 желтоксан балабакша ортангы топ

Cкачать: 16 желтоқсанға ортанғы топқа арналға ашық сабақ

 Мотивациялық-қозғаушылық

1.Балалар топқа кіреді.

Балалар шеңберге тұрып бір бірімізге күлкі сыйлайық.

«Күлкі сыйла»

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік.

Балалар, қараңдаршы бізге бүгін сабаққа қонақтар келді. Кәне
олармен амандасайық!

2. — Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі,
кең, байтақ елде тұрамыз. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізді
Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық.

— «Әнұран»

— Қазақстан Республикасы өзінің
тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген
елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты
бастан кешірді. Осыдан 25 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды.
Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлов ерлік көрсетті. Осындай
жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз.
Еліміз өркендеп жайнауда. Балалар осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді,
жерімізді  қадірлеп, қастерлеуіміз керек.

       1.Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел тосқан,

   Атамменен
барғанмын.

2. Мерекеге
шығады,

  Бүкіл
халық біліп қой.                              Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік ұлы той.

3. Он
алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Балалар Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

Балалар әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?

1. Әнұраным, әнұраным

Айтар әнім сәйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраным.

Балалар тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?

Елтаңбамызда ненің бейнесі бар?

Сәлеметсіздер ме!

— Әнұранды орындайды.

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Кәусар

Аружан

Сұлтан

Ту,
елтаңба, әнұран.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.

Марғұлан.

Тудың түсі көк,
оң жақ шетінде оюөрнек, ортасында күн және қыран құс.

Елтаңба алтын және көгілдір түсті.
Әлемнің тұтастығын,
ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұдызжұлдызымыз
жарық болсын дегенді білдіреді.

 Ұйымдастырылық ізденіс

3. Ой, балалар қараңдаршы,
мында сиқырлы құлыптар бар екен.

— Қалай
ойлайсыңдар оларды ашу үшін не қолдану керек?

Дұрыс оларды ашу үшін сәйкес келетін геометриялық пішіндерді ортасына қою керек.

Неге Аружан сен мына құлыпқа осы геометриялық пішінді қойдың?                                 — Пішіннің түсі қандай?

Жарайсыңдар балалар,
өте жақсы мінекей біз осылай құлыптарды аштық.

4. Жүріңдер,
саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
Балалар біз тап тамаша алаңқайға келдік,
мында көп сандар тұрады екен. Олар алаңқайда қыдыруды өте жақсы көреді екен. Бірақ мында бір жамандық болыпты, кейбір сандар қыдырамыз деп адасып кетіпті.
Балалар сендер орындарын табуға көмектесіңдерші.

1; 3; 2; 4; 5.        

(1,2,3,4,5)

Балалар, мен бірдене естіп тұрмын,
сандар өздері бірбірімен
дауласып жатқан сияқты. Әр қайсысы өздерін мен 1- шімін
деп ойлап жатыр. Бәрін ретіне келтіріп, сандарды қояйық.

Кәзір бәріміз енді сандарды алақандарымызбен шапалақтай отырып санайықшы.

Енді сандарды кері санайық.

Жарайсыңдар балалар,
ал енді біз жолымызды әрі қаратай жалғастырамыз.

5. (Балалар тәрбиешімен бірге театрға
келеді).

— Қараңдаршы балалар, біздің алдымызда
театр. Ал бұл жерде ертегінің кейіпкерлері тұр.

— Қалай ойлайсыңдар бұл қандай
ертегінің кейіпкерлері?

Дұрыс. Балалар ал енді сендер тыныш отырыңдар мен сендерге үйшік
ертегісін әңгімелеп беремін.
«Үйшік» ертегісі.

— «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерін атаңдаршы.

Ал біздің аңдарымыз ретімен тұр ма?

Қанекей онда аңдарды ретімен қояйық.(1 бала шығып қояды).

Енді бәріміз қарайық, аңдарды рет – ретімен қойды ма?

— Қанша аң бар ертегіде?

— Қай қатарда бақа тұр?

— Қай қатарда қасқыр тұр?

— Қай қатарда қоян тұр?

Біздің аңдардың шай ішкілері келіп кетті, қанша кесе шай
береміз?

Неге?

Ал қазір сандарды орнына қояйық.

—  Енді балалар айтыңдаршы, ең бірінші
қандай аң  тұр?

— Қайсы аң соңғы тұр?

Бақа қандай аңдардың ортасында тұр?

— Қасқыр қандай аңдардың ортасында тұр?

— Қоян қандай аңдардың ортасында тұр?

Түлкінің оң жағында қандай аң тұр?

Түлкінің сол жағында қандай аң тұр?

Балалар ертегі кейіпкерлерінен сендерге қандай кейіпкер ұнайды?

6. Балалар орнымыздан тұрып, бізде аңға
айналайық. Қоянмен бірге демалайық.

Сергіту сәті:

Ұзын  құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Балалар, ал қанекей аңдарды қайтадан санап көрейікші.

Аңдардың саны нешеу?

Балалар, қараңдаршы, менің ойымша ертегі кейіпкерлерінен бір
кейіпкер жетіспейтін сияқты.

— Қандай кейіпкер жоқ?

Аю нешінші болып келді?

Тағы қалай айтуға болады. Аю нешінші болып келді бірінші ма, але
соңғы ма?

Дұрыс жарайсыңдар, балалар қараңдаршы аюдың орнында хат жатыр.
Мекен – жайда біздің мекен – жай көрсетілген. Оқып көрейік.

«Балалар, мен сендерге асығып келе жатқан едім, бірақ мен орманда
адасып, жол таба алмай қалдым. Маған дұрыс жол табуға көмек беріңдерші
». (Аю).

Аюға көмектесеміз ба?

Аю орманның ортасында тұр, біз маркердің көмегімен аюға жол
көрсетуіміз қажет.

Балалар аюға жолды көрсеткенде, жолда нені кездестірдіндер?

Балалар, мен бірдеңе естіп тұрмын. Біреу бізге келе жатқан сияқты.
Бұл біздің аю ғой орманнан құтылып, бізге балабақшаға келген. (Тәрбиеші аюды
басқа аңдарға қосып қояды).

Балалар тағы санап көрейік, неше аң болды?

Балалар ертегіде аю келгенде не болып еді?

Аю үйді сындырғысы келді ма?

Аю үйді сындырғысы келмеді, ол тек басқа аңдармен бірге бір үйде
тұрғысы келді. Оған көңілсіз және өзі жалғызсырайды. Міне жақында қыста
келеді, алт аңдардың үйлері жоқ. Қанекей бәріміз аңдарға көмектесейік.

Ал бізге ол үшін түрлі – түсті таяқшалар көмектеседі.
Таяқшалардан сызба бойынша аңдарға үй құрастырып беріңдер.

(балалар сызба бойынша үйді жасайды).

Жарайсыңдар, сендердің құрастырып жасаған үйлерің тамаша болып
шықты. Барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Біздің сабағымыз аяқталуға
жақын қалды. Ал мында тосын сый бар, оны сендерге біздің аңдар сыйға тартып
жатыр.

Сәйкес
келетін геометриялық пішіндерді.

Балалар өздері бір бір
пішіндерді алып сәйкестіріп салады.

Өзі
қойған геометриялық пішінді және түсін  айтып береді.

Балалар 1- ден 5 реттік сандарын
қатарға қояды.

1, 2, 3, 4, 5.

5, 4, 3, 2, 1.

— Үйшік
ертегісінің кейіпкерлері.

Тышқан,
бақа, қоян, түлкі, қасқыр.

Жоқ.

Иә.

— 5.

— 2.

— 5.

— 3.

— 5.

— 5 аңға
5 кесе шай.

— 5 – еу.

Аю.

Алтыншы.

Соңғы.

Иә.

Балалар тапсырманы
орындайды.

Жолды,
құлыптарды, сандарды және үйшікті.

Алты
аң..

— Үйлері
сынып қалды.

Жоқ.

 Рефлексивтік-түзетушілік

Балалар біз бәріміз жаяу қайда бардық?

Саяхатқа шығар алдында қай жолмен бардық?

Балалар сиқырлы құлыпты ашу үшін нелер қолдандыңдар?

Қандай геометриялық пішіндерді қолдандыңдар?

Саяхаттап келе жатқанда нелерді кездестірдік?

— Қандай
сандарды көрдік,
санап беріңдерші?

Балалар біз жолда қандай тетрға жолықтық?

— «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерін атаңдаршы?

Барлығы неше аң?

Балалар біз қандай аңға театрға жол табуға көмектестік?

Балалар біз аңдарға нені жасап құрастырып бердік?

Жарайсыңдар балалар,
сонымен біздің сабағымыз аяқталды.
Қонақтармен қоштасайық.

Саяхатқа бардық.

— Қысқа жолмен бардық.

Геометриялық пішіндерді қолдандық.

— Үшбұрыш,
дөңгелек т.б.

Сандарды.

1, 2, 3, 4, 5.

— «Үйшік»

Тышқан,
бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Алты аң.

Аюға көмектестік.

— Үйді жасап, құрастырып бердік.

Сау
болыңыздар.

Тәуелсіздік тұғырым


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • admin
  • 24.10.2019
  • 0
  • 1
  • 41758

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
«Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп» КММ
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
Тайпақова Гаухар Исабековна

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

— Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан — тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Каусар.

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Сабина.

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

Дінмұхаммед.

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

Алмас.

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Мерей.

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел

Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!

Би «Алға Қазағым»

Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Балалар рәміздерімізді кім атап береді?

Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға Рамазан. Нұржігіт.Зерде келе қойыңдар.

Рамазан.

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Нұржігіт.

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Зерде.

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам

Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі тақпақтарын айтуға балалар

Жібек. С.

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.

Әлинұр.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Мөлдір. 

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

Қуаныш.

Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!                                                                                                 

Тәрбиеші:

Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай — деп

«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар! 

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,

Олжас.

Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.                                                                                         

Диас.                                             

Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

Аяла.А.

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

Інжу.Қ.                                                      

Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған  ауылым.

Інжу. З.

Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.

Жанел. Жандарбек.

Еркеназ.

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.

Аиша

В День Независимости я
Стране желаю возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела шанс к мечте стремиться.

Жанель.

Родина моя – Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.

Данеля.

Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость так радость, беда не беда,
Гостям в каждом доме там рады всегд

Бота. Күтпеген сәт:  Баланың түсі

Бала (Димаш): Әже, әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже: біссімілла неге шошындың бала?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді көрдім.
Әже: Е балам, ол сенің бақытың балам, Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні. Балам бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші сұрай ғой.   
Бала: Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.

Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.

Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.

Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!

Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз
Деңсаулықпен әкелсін берекеңіз
Өзбек биін алып келген ортаңызға
Мұң бұралған бишілерді қарсы алыңыз

Биші қыздарымыздың орындауында өзбек биі «Назюлим» .

Орындайтындар: Мөлдір, Аиша, Зерде, Ботагөз, Каусар, Еркеназ.  

Бахтияр. 

Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.

Әділ.

Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Тәрбиеші:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!


«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілік

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Жүргізуші:

Желтоқсан — ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке

Жүргізуші: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Біздің тобымыздың «Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 

Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 

Би «Көк туым желбіресін»
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Ертеңгілігімізді Қ.Р-ның әнұраны мен бастайық.

Жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл оқиға Алматы қаласында болды. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 

Слайд

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат көріністерін көрейік

Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыз:

Ән: «Ел таңбасы -елімнің»

Тақпақтар:

Сағыныш

Ардақтайтын ана тілім – бастауым,

Ата Заңым – арқа сүйер асқарым!

Армандаған болашақты баянды

Арландары – жалындаған жастарым!

Ажарында көгіміздің –

Тыныштығы жеріміздің. Тәуелсіздік деген осы –

Азаттығы еліміздің!

Бауырына айналдырып сан ұлтты,

Бірлігі мен татулығын танытты.

Жаңа ғасыр көшін бастап

Қазақстан жаңа күнге жетелейді халықты.

Арайланып, шуақ шашар таң күліп,

Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.

Бағзылардан аңсап жеткен

Еркіндік – Ұлы Дала Елі үшін – Мәңгілік!

Ерсайын

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Н.Адель

Казакстан – земля родная,

Очень любим мы тебя.

Море, горы, даль степная-

Это Родина моя!

Данат

Елбасымыз жолдайды,
 Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз,
 Шешімдері болмайды. 

Жарқын

Тәуелсіздік  жолында,

Талай – талай тер тамған.
 Билігім  өз  қолымда,

Ғажайып сәт:

Орыс ұлты қонаққа келеді.

Сәлеметсіздерме, балалар!

Орыс ұлты: Қазақ жеріне келдім, бұл елде қандай бүлдіршіндер тұрады, және осы ел туралы білгім келген.

Жүргізуші: Төрлет,төрлет қазақ елі әрқашанда қонақ жайлы бүгін біздің елде мереке

16 желтоқсан Тәуелсіздікті тойлап жатырмыз.

Жүргізуші:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз)

Орыс ұлты: Жарайсыңдар балалар, мен енді білетің болдым сендер тәуелсіз елдің болашағы екенсіңдер ғой!

Жүргізуші: 

Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да

Би « Жұппен»

Орыс ұлт: Өте тамаша балалар, маған ұнады

Орыс ұлты: -Ендеше жігітерімізді сынап көрейік, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. 
1 — Ойын: «Күш сынасу» 

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде Елбасымызға Отанымызға арналған

тақпағымыз бар

Айғаным

Казахстан – это имя страны,

Казахстан – это имя весны,

Казахстан – это имя свободы,

Казахстан – это солнечный свет,

Казахстан – это крылья побед!

 Ерасыл

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Арнұр

Отан елдің анасы

Отан жердің анасы

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы.

Сұлтан

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз

Әнель

Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын

Бақытты  етіп  өсірген,
 Отанымның  гүлімін.

Жүргізуші: Енді бір ойын ойнап жіберейік.

2 — Ойын: «Теңге алу»

Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыз:

Ән: «Тәуелсіз елім -Қазақстан»

Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

Би: «Сарбаздар»

Орыс ұлты: Жарайсыңдар балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір марқайып қалдым. Мен сендерге кішкентай бүлдіршіндерді ерте келдім. Олардың сіздерге арнаған өнерлері бар.

Жүргізуші:

Би: Ромашка

Орыс ұлты: Біз енді өз елімізге қайтайық. Сендерге арнап тәттілерімді ала келдім.Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.


 Балабақша | 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік)

Балалар безендірілген залға кіреді. Дөңгелене тұрады.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі — тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан — ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші:
Асем:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Диас:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Айша
Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Жеке ән: Менің Отаным
Орындайтындар: Алтынай, Диас, Әсем, Бақдаулет, Айғаным
Би: «Батырлар»Мейірлан, Бекжан, Диас
Мерейім
16 — желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн

Бақдаулет:
Тегеурінді соққыларды жайратқан
Ақша қарда судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айырларым Ләззат, Ербол, Қайраттан

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.

Айғаным:
Алып дүлей күштің зәре ұшқынын
Алаулатып жылатты бір қыс күнін
Сабирадай қайран қара көздерім
Тастағанын елге ерлік ұшқынын

Хор: Желтоқсан желі.

Әділ:
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел

Би: «Орыс» Алтынай, қымбат, Райхан, Айша

Нұрдаулет:
Отан — деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға

Мейірлан Н
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным қазақстаным

Би: «Украйын»Мейірлан — Әсем, Досжан — Айгерім, Сайлау — Әмина

Хор «Ел қорғауға әзірміз»

Қымбат:
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Әйкерім:

Бәз жас – ұлан отан өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені

Хор «Солдат болам мен ертең»
Осымен тәуелсіздік күніне арналған Гүлдер тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№12 балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Сценарий: Балабақша | 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік)

Балалар безендірілген залға кіреді. Дөңгелене тұрады.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі — тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан — ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші:
Асем:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Диас:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Айша
Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Жеке ән: Менің Отаным
Орындайтындар: Алтынай, Диас, Әсем, Бақдаулет, Айғаным
Би: «Батырлар»Мейірлан, Бекжан, Диас
Мерейім
16 — желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн

Бақдаулет:
Тегеурінді соққыларды жайратқан
Ақша қарда судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айырларым Ләззат, Ербол, Қайраттан

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.

Айғаным:
Алып дүлей күштің зәре ұшқынын
Алаулатып жылатты бір қыс күнін
Сабирадай қайран қара көздерім
Тастағанын елге ерлік ұшқынын

Хор: Желтоқсан желі.

Әділ:
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел

Би: «Орыс» Алтынай, қымбат, Райхан, Айша

Нұрдаулет:
Отан — деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға

Мейірлан Н
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным қазақстаным

Би: «Украйын»Мейірлан — Әсем, Досжан — Айгерім, Сайлау — Әмина

Хор «Ел қорғауға әзірміз»

Қымбат:
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Әйкерім:

Бәз жас – ұлан отан өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені

Хор «Солдат болам мен ертең»
Осымен тәуелсіздік күніне арналған Гүлдер тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№12 балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

қазақша сценарийлер жинағы: 16 желтоқсан — тәуелсіздік күні, сценарий на казахском языке декабрь, сценарий на казахском языке 16 декабрь, 16 декабрь день независимости казахстана сценарий на казахском языке, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий, сценарий 16 декабря день независимости на казахском, Тәуелсіздікке арналған өлеңдер, Қазақстан, 16 желтоқсан балабақшаға арналған сценарий, 16 желтоксан тауелсиздик куни сценарий балабакша, сценарий балабакша 16 желтоксан тауелсиздик куни, сценарий 16 декабря день независимости детский сад

Ертеңгілік 16 желтоқсан бала бақша

Материал жайлы қысқаша түсінік:

1986 жылы 16 желтоқсанда алаңға шығып қазақтың тәуелсіздігін қорғай білген жастарымыз туралы. Олардың есімдері тариха алтын әріптермен жазылған.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Ертеңгілік 16 желтоқсан бала бақша

Туребекова Кульзада Кенесбаевна

Түркістан облысы Шымкент қаласы №106 Ердәулет бала бақшасы тәрбиеші

13.02.2019

1429

6

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Анарбекова Гүлжазира Аралбековна

Мақсаты: а) Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.

ә) Балаларға еліміздің ұлттық нышандарының мән-мағынасын түсіндіру,
Отан туралы білімдерін арттыру, ҚР-сы туралы түсініктерін қалыптастыру.

б) Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыстар:. Тәуелсіздік

Билингвалды компонент: Отан- Родина, Тәуелсіздік- независимость.

Заттық дамыту ортасы:  Еліміздің  рәміздерінің, желтоқсан оқиғасының, желтоқсан құрбандарының суреттері.
Мотивациялық – қозғаушылық:
Жылулық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.
Ұйымдастырушылық- ізденістік:

«Сұрақ –жауап»  ойыны.

-Біз қай ұлттың өкіліміз? (Біз қазақ ұлтының өкіліміз)

— Балалар, біздің республикамыз қалай аталады? (Біздің республикамыз

Қазақстан Республикасы деп аталады)
-Біздің  Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Біздің

Президентіміз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
-Біздің бас қаламыз қай қала? (Біздің бас қаламыз Астана қаласы)

— Біз қай қалада тұрамыз? (БізТараз қаласында тұрамыз)
Мақал – мәтелдер:

«Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.»

«Отан –отбасынан басталады».
«Отан –отбасынан басталады» мақалының  мағынасын ашу.

«Отан –біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміз, қаламыз, еліміз»
«Отан» сөзіне талдау жасау

«Отан» сөзі қай дыбыстан басталады? (Одыбысынан басталады)

О— дауысты дыбыс

Т— дауыссыз дыбыс

А— дауысты дыбыс

Н— дауыссыз дыбыс
Сергіту сәті:
— Балалар, 1-желтоқсан қандай мереке күні болып тойланды? («1-желтоқсан -Тұңғыш Президент  күні» мерекесі күні болып тойланды).
-Ал, 16- желтоқсан қандай мереке? (16 –желтоқсан күні- Тәуелсіздік алған күн!)
-Балалар, тәуелсіздікті алу біздің қазақ халқына оңай болған жоқ.

Қазақ халқы- ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық .1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Сондықтан 16 желтоқсан күні тәуелсіздік  мерекесі ретінде аталып өтіледі.Дүние жүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз,  халықты бірлікке шақыратын  Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

— Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан  аға-әпкелерімізді білесіңдер ме? (Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан өзіміздің   жерлестеріміз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев  ағаларымыз, әпкелеріміз Ләзат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова).

16 желтоқсан құрбандары туралы  слаид көрсету.

Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан ағаларымыз бен әпкелерімізге  арнап қаламызда, басқада қалаларда ескерткіштер қойылған.

16 желтоқсан күні еске алып, гүл шоғы қойылады.

-Балалар, бізде  ағаларымыз бен әпкелерімізді  еске  ала отырып,  гүл шоғын  жасайық.

Шығармашылық жұмыс:

Түрлі – түсті қағаздардан қиып, гүл шоғын жасау, ақ қағазға жапсыру.

1 минут үнсіздік жариялау.

Рефлексивтік –түзетушілік:

Қорытынды

-Балалар, биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болады.  Бұл  үлкен мереке, ендеше бізде мерекеге үлесімізді қосып, халқымызды құттықтап тақпақтарымызды айтып,

«Тәуелсіз елдің ұланы» әнін орындайық.

— Балалар , көрдіңдер ме, Біздің елге, жерге деген құрметімізді, сендер келешекте мықты азамат боласыңдар.  Біз сендер  сенеміз.

Балаларды мадақтау.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік — тұмарым, Мәңгілік ел — тұрағым»

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту.
Білімділік мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Технолоиялық қамтамасыз ету: Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені», Астана қаласының көрікті жерлері, Караоке: «Біз бақытты балдырған» әні, нышандары, мақал — мәтелдер. Мульти — анимациялық сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» әуені.
Жүру барысы:- Тәрбиеші көзіне «күлгін көзілдірікті» киіп, менің көзімдегі көзілдірік жай көзілдірік емес, бұл ғажайып көзілдірік, бұл көзілдірікті кигенде мен адамның жан дүниесіндегі ерекше адами құндылықтарды яғни сендердің бойларыңдағы жақса қасиеттерді көре аламын. Гүлнұрай сен ақылды қызсың, Данияр сен ақкөңіл баласың, Сабина сен еңбекқор қызсың, Мейрамбек сен тамаша баласың, Мейіргүл сен өте мейірімдісің, Айерке сен білімге құмар қызсың т. б. балаларға сипаттама береді.
Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар. Ендеше караоке арқылы «Біз бақытты балдырған» әнін орындап жіберейікші.
Балалар біреу есік қағатын тәрізді тыңдайықшы. Ой балалар, бізге қонаққа шет елден Америкадан қонаққа Джон мырза келді. Ол сендердің әндеріңді естіп, сендермен танысып, біздің еліміз туралы тереңірек білгісі келеді екен. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді. Сұрақтарына жауап береміз бе?
Шет елдік қонақ:- Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
— Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
— Елбасы қандай адам болуы керек?
Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан — жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.
— Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
— Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана
— Тамаша, сендер рәміздер туралы қандай өлең — тақпақ білесіңдер?

Гүлнүрай: Әйнегі — күн, шатыры — аспан
Кең дала, төсегі толқыған есік.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан — Республикам менің.

Айерке: Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика ән ұраны.

Қазақстан республикасының Ән ұранын тыңдайды.
Шет елдік қонақ: Қандай тамаша өнерлі, білгір балалар.
Тәрбиеші: Джон мырза сіз біздің Қазақстан туралы тереңірек білгің келсе мына слайд шоуды тамашала.
Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері»
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай — ақ ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.
— Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл болды.
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер — сендерсіңдер.
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік, қарайық,
Мына өмірге үмітпен.
Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені»
Сергіту сәті: Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти — анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.
Тәрбиеші шетелдік қонаққа қарап: Біздің балаларымыз Отан туралы көптеген мақал — мәтелдер біледі.

Мақал — мәтелдер:
Данияр: Ердің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Сабина: Отан оттан да ыстық
Илияс: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Балалар: «Мен Отанымды сүйемін!» жылулық шеңберімен аяқтайды.
— Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын!
— Мен өз Отанымды шексіз сүйемін!
— Мен өз Отанымның бақытты ұланымын!
Оқу қызметінің соңында балалар «Көк ту және достар» мультфильмін тамашалайды.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№ 8 «Ақбота» шипа — жай типті бөбекжай балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі
Уразалина Гулбану Насырқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий 300 лет прокуратуре россии
  • Сценарий 16 желто?сан мектеп
  • Сценарий 27 января день полного освобождения ленинграда от фашистской блокады 1944 год
  • Сценарий 16 декабря день независимости казахстана 30 лет
  • Сценарий 22 июня возложение цветов