Сценарий 8 наурыз студенттерге арнал?ан сценарий

Мерекелік кештің сценарийі

Аудитория немесе сахна мерекелік кешке сай безендірілген. 
Қабырға газеттері, шарлар, түрлі безендіргіш зат. 
Екі жүргізуші. (бірі қара сөзбен, бірі өлеңмен) 

1-жүргізуші: 
Ананың ақ сүтімен, ақ жаулықтың әженің тәрбиесімен өскен әлеумет, армысыздар! 

2-жүргізуші: 
Бармысың аналарым, мақтанышым, 
Әжелер, сендерге жыр ақтарылсын. 
Аяулы жар болатын сұлу қыздар, 
Сендерсіз қай ісіміз атқарылсын. 

1-жүргізуші: 
Иә, шынымен де, әлемнің көркі де, сәні де – әйелдер. Мұқағали не деп еді? 

2-жүргізуші: 
Әйелдер-ай! 
Әйелдер! 
Қандайсың?! 
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың. 
Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың, 
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың. 
Әйелдер-ай! 
Әйәйлар-ай, қандайсың?! 
Әйелдер-ай! 
Әйәйлар-ай, қулар-ай, 
Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай! 
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп, 
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай. 
Әйелдер-ай! 
Әйәйлар-ай, қулар-ай! 
…Әйелдерді еркектерден көп дейді. 
Ойбай, 
Ойбай!.. 
Бола берсін көп, мейлі! 
Әйел деген әдемі ғой, әдемі, 
Әдемілік бізге көптік етпейді… 

1-жүргізуші: 
Ендеше, сіздерді халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз, өздеріңізге арналған концерттік бағдарламамызды қарсы алыңыздар! 

2-жүргізуші: 
Адасып сөйлеп, әдептен бүгін аспаймыз, 
Дайынбыз бүгін, берікпіз ал, тастаймыз. 
Көктемде туған құлпырған айдай арулар, 
Сіздерге деген көрікті кешті БАСТАЙМЫЗ! 

Ән. (ана туралы) 

1-жүргізуші: 
«Қыз еркелесе, жеңеді»,– дейді қазақ. Шын мәнінде, дәл солай. Бұл жердегі еркелік – жігіттің мойнына асылып, орынсыз күлу емес. Қазақ ұғымында еркеліктің де өзіндік шекарасы болғаны белгілі. Қырсықтықтың қаһарына ілігіп жүрген қыздарымыз қаншама?.. Қазақ санасындағы қыз бала мінезі биязы, ұяң, ибалы секілді тіркестермен өлшенеді. Әлі де солай. Неге?! Себебі, қазақ болмысы әйел адамды қаншалықты құрмет тұтып, қадірлесе, соншалықты ер-азаматтан кейінгі орынға қойып, артық әрекет жасатпаған. 

2-жүргізуші: 
Па шіркін, сөзі қандай баланың, 
Саған берер бәсі басым бағаның. 
Бүгін онда мерекесі екен ғой, 
Қызғалдағы өңін берген даланың. 

1-жүргізуші: 
Қыздар қауымы сіздер үшін ******************** арнайы өзінің арнау әнімен. Қарсы алыңыздар! 

(сахнада домбыра ұстаған жігіт, авторлық арнау айту) 

2-жүргізуші: 
Қазақтың күйі, даланың мұңы, дастаны, 
Ән салып бірге жаңғырып жатар асқары. 
Қыраны қағып қанатын биік саңқ етсе, 
Ашылар шайдай көгілдір көкте аспаны. 

1-жүргізуші: 
Қос ішектің қылын шертіп қана қоймай талай қыздың жүрегін сырын шертіп жүрген күйші ұлдарыңыз ******************** сіздерге деп бір күй орындап берсем дейді, қабыл алыңыздар! 

1-жүргізуші: 
Біреуі қара сөздің сорпасын қайнатып, біреуі өлеңнің сарайын ашып мына екеуі сахнада сайрай берді демеңіздер. Бүгінгі кештің тізгінін осылай ұстауды жөн көрдік. Көңіл-күйлеріңіз қалай? 

2-жүргізуші: 
Бағасын жақсылықтың біліңіздер, 
Бақыттан бас айналып жүріңіздер. 
Күлкіге қарық қылсын ұлдарымыз, 
Ал сіздер бір қуанып, күліңіздер 

(сахнада әзілкеш жігіттер) 

1-жүргізуші: 
Көзімнен жас шыққанша күлдім. Осы «күлкі адамның жасын ұзартады» дейді. Жастарыңыз ұзақ болсын аналар, ұстаздар, қыздар! 

2-жүргізуші: 
Мәңгі жасыл жүзіңді көріп тамсансын, 
Қос етек кисе қазақтың қызын аңсарсың. 
Төгілген бұрым, қиылған қасқа елітіп, 
Жігіттер жағы керемет бір ән салсын. 

(жігіттерден құралған топ қыздарға арнап ән салады)

1-жүргізуші: 
Бүгін бәрі сіздер үшін. Ән де, би де, күй де, тіпті айтылар әрбір сөзіміз сіздерге арналған. Сіздерсіз біз қараңғы түнекпіз, сіздерсіз күнбіз айы жоқ. Сіздерсіз ағашпыз жапырақсыз, сіздерсіз даламыз қызғалдақсыз. Сіздерсіз ешкім емеспіз, әйелдер қауымы. 

2-жүргізуші: 
Қай жерде, мейлі, қай елде, 
Әлемнің мәні — әйелде. 
Мықтымын десең ойыңды, 
Әйелге барып дәлелде. 

Әйелсіз айтпан әнді мен, 
Әйелмен дәмді әңгімем. 
Сүйкімді болсаң шынымен, 
Әйелің сүйсін алдымен. 

Әйелге мәлім көп сырың, 
Сүрінсең — әйел деп сүрін. 
Халыққа сыйлы болмайсың, 
Әйелге болсаң жексұрын. 

Әйелсіз қонды бақ қашан, 
Әйел деп түстік отқа сан. 
Әлемнің тілін таппайсың, 
Әйелдің тілін таппасаң! 

(сахнада жігіттердің ұйымдастыруындағы би «Вальс». Қыздарды, аналарды, ұстаздарды биге шақыру) 

1-жүргізуші: 
Құрметті ұстаздар, аналар, арулар. Сіздерге деген ақ ниетпен, ақ көңілімізбен дайындаған балдай күлшемізді қабыл алыңыздар! 
(ортаға балкүлше ұстаған екі жігіт кіреді) 

2-жүргізуші: 
Бәрін жасап беретін біздер үшін, 
Сүйетін де, күйетін біздер үшін. 
Бүгін онда мына аппақ гүлдеріміз, 
Алыңыздар, арулар сіздер үшін! 

(сахнаға шоқ-шоқ гүл ұстаған жігіттер тізбегі кіреді) 

1-жүргізуші: 
Қолдарыңыздағы гүлдей құлпырып, қасымызда жүре беріңіздер. Сіздерге деген махаббатымыз шексіз. Бүгін біз қоштаспаймыз. Біз күнде осындамыз, сіздердің әлі де мейірімдеріңізге зәруіміз. Әдемілерім, аяулыларым, ардақтыларым, мерекелеріңізбен! 

2-жүргізуші: 
Бүгін ұлы мереке байтағымда ал, 
Сөздің соңы, ендеше айтарым бар. 
Бізден көңіл ұнаса сіздер үшін, 
Қошеметін шапалақпен қайтарыңдар. 

(музыка. Ортада би) 

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе _ сынып оқушысы Жоламанды әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор: Жақыпов Мұхамедқали Исатайұлына беріледі (директор сөз сөйлейді).

Жүргізуші: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _ сынып оқушысы __________-ны «Аяулы ана» әнімен сахна төріне шақырамыз.

Жүргізуші: 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті үнді биіне береміз.

Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген — рәмізі сұлулықтың.
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса ______ қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын _-cыныптың _ баласы бар. Тамашадан көрініс. Ортада _ сынып әзілкештері.

Жүргізуші: Келесі кезекті күйге береміз. Сахнада _ сынып оқушысы _______ «Ерке сылқым» күйін орындайды.

Жүргізуші:

Бұралып біздің қыздар билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам — — сынып өнерпаздарының биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: 

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы ____ — қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, — дей келе Елемесова Айгерімді «Ана» атты шығармасымен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.

Келесі кезекте _ — сынып оқушысы _______ «Анаға сыр» атты поэзиялық туындысымен ортаға шақырамыз. Жас ақынның жүрек сырын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып.

Жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

1 — жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
2 — жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ортаға ___ сынып оқушыларының _____________________________  сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. 
1 — жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры __________________________________________ беріледі.
2 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ______________________  атты әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім — кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
2 — жүргізуші: 
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл — қыздарыңыздың өнерлерін __________________________ қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2 — жүргізуші:
Ана деген — бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: ______________________ Орындайтын:__________________________
1 — жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Фаворит» КВН командасын ортаға шақырамыз. 
2 — жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, — дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
2 — жүргізуші:
Қамымды ойлар күн — түні,
Анам — менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып _____________________ қабыл алыңыздар! 
1 — жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада _____________ биі қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші: 
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1 — жүргізуші: 
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. ____________________әні.
2 — жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті ____________________ береміз. 
1 — жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ________________________ атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда_______________ биі.
1 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап _______________________әні. 
2 — жүргізуші: 
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір — қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1 — жүргізуші: 
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «___________________________» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен
 

Просмотр содержимого документа

«8- ші наурыз мерекесіне арналған сценарий»

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

1 — жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
2 — жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ортаға ___ сынып оқушыларының _____________________________ сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры __________________________________________ беріледі.
2 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ______________________ атты әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім — кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
2 — жүргізуші:

Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл — қыздарыңыздың өнерлерін __________________________ қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2 — жүргізуші:
Ана деген — бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: ______________________ Орындайтын:__________________________
1 — жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Фаворит» КВН командасын ортаға шақырамыз.
2 — жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, — дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
2 — жүргізуші:
Қамымды ойлар күн — түні,
Анам — менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып _____________________ қабыл алыңыздар!

1 — жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада _____________ биі қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1 — жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. ____________________әні.
2 — жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті ____________________ береміз.

1 — жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ________________________ атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда_______________ биі.
1 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап _______________________әні.

2 — жүргізуші:

Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір — қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1 — жүргізуші:

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «___________________________» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!


  • Сценарилер
  • Samina
  • 29.02.2016
  • 0
  • 1
  • 29369

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариін ұсынамыз:

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

(Екі жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, квн ойыншылары секілді қысқа би билейді де, сахнадан шығып кетеді).  

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, — дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры … (апайға немесе ағайға) береміз.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

2-жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай … оқушымыздың орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз.
Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.

1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  сыныптастарымыздың орындауында попурри ұсынамыз.

3 ер бала шығып біреуі ұстаздарға, екіншісі аналарға, үшіншісі барша оқушы қызға арнап жазған шағын шығармаларын оқиды.  

1-жүргізуші: 
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! — деп кезекті  … сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 
2-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

1-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.  

2-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға береміз.

Ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала мұғалімдерге арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады.
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі — балада, баланың көңілі — далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!


 «Ана- өмірдің гүлі» атты  8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған сценарий.

Медет Хайратұлы ән айтуменен басталады кеш.

Жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Ведущий:

Добрый день дорогие мамы, уважаемые бабушки, милые девушки и гости нашего вечера! Разрешите поздравить Вас с  Международным женским днем 8 Марта! Желаем  Вам веселого настроения и всего-всего наилучшего на свете!
 

Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры  Аукарова Бахытжан Серікбайқызына  беріледі.

Ведущий:

Слово для поздравления даем директору школы  Аукаровой Бахытжан Серикбаевне.

Өзбек биі.

2-ведущий:

Ты — женщина.

Ты – мать. Жена. Подруга.

Любимая. Хозяйка. И сестра.

Вселенная. Страдание. И мука.

Ты – женщина. Ты – искра от костра.

 Ты – женщина. Ты – истина. Ты – сила.

И красота. Господь благословил

Тебя на все дела, как ты просила.

Бог чудом – женщиной – нас щедро одарил.

Стихотворение из собственного сочинения Кожиной Дарьи

Жүргізуші: Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана!

Көрініс «Телефон!»

Танец. Алена и Лена

Ведущий: Самое прекрасное и трогательное слово на свете – мама. Это первое слово, которое произносит малыш, и звучит оно на всех языках одинаково нежно. У мамы самое доброе и верное сердце, самые ласковые и нежные руки, которые умеют все. А в верном и чутком сердце мамы никогда не гаснет любовь к детям. Милые наши женщины, разрешите от всей души поздравить Вас с этим праздником и пожелать Вам в этот торжественный день крепкого здоровья, семейного благополучия и согласия, стойкости и терпения, мира и долголетия, а также всегда хорошего настроения!

Постановка «Бабушка и внук!»

Жүргізуші:

Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,

 Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы.

Жігіттерге жақсы  сая болсын деп,

 Әуелерден жаратыпты-ау қыздарды.

Көрініс 9 «А» сынып

Ойын апалармен.

Ведущий:

Тамаша тілім барда айнала маң,

Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған?

 Анамның ақ сүтінен жаралғандай,

Өзіңнен артық тілді қайдан алам!

Анашым ақ бесікті тербеткенде,

Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде.

Жаныма шәрбат болып енген тілім,

 Табынам әз қасиет бар деп сенде.

Танец мальчиков

Ведущий:

Весь мир оделся в праздничный наряд,

И к нам пришла красавица-весна!

И самый лучший праздник на земле

С собой для милых женщин принесла!

Постановка «Как казахи снимали квартиру в Москве! »

Ойын аналармен.

Медет Хайратұлы ән

Жүргізуші: 

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
 

Ведущий:

И напоследок от всей души хотим пожелать вам:

Пусть дети вас не огорчают,

Прекрасны будут, как цветы!

Пятерки в школе получают,

 И воплощают все мечты.
 

Жүргізуші:  8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулы жандар! Дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ведущий: С праздником вас, дорогие учителя-женщины и девчонки! Пусть сопутствует Вас удача! Мы Вас любим и уважаем. До следующих встреч!

Просмотр содержимого документа

««Ана- өмірдің гүлі» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған сценарий.»

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кештің сценарийі

Концерттің ресми бірінші бөлімі

1. Видеоролик
2. Фанфары
3. Жүргізушілер шығады:

І жүргізуші: — Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сененөскенбалалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймызмейраммен,
Құрметті, жананалар!

ІІ жүргізуші: — Қошкелдіңіздер, бүгінгімерекелеріңізқұттыболсын! Сіздергесарқылмайтынденсаулық, ұзақғұмыртілейміз. Осы күніөздеріңізгебағытталғантілектерперіштеніңқұлағынашалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Анадесемшешекашыпжанары,
Өмірімніңбастауаларажары.
Анадегентіршілікке пана боп,
Әрбірүйдежұлдызболыпжанады, — дейотырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді __________ береміз.

«Ақ қауырсын» поэзия клубының 3 студенті әйелдерге арналған өлеңдер оқиды.
«Әйелдер күні дейді бұл күнді»
Тұманбай Молдағалиев
«Ана Сен бақыттысың!»
Мұқағали Мақатаев
«Наз»
Маралтай Райымбек

І жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,-деген Абай бабамыз. ……………………………………………………… орындауындағы ______________ әнін қабыл алыңыздар.

Концерттің екінші бөлімі

1-эпизод

Колледж ер мұғалімдерінің 8-наурыз мерекесіне дайындығы.
Жиналыс барысында директор жекелеген тапсырма беріп, концерттің биік деңгейде өтуіне ат салысатынын айтады. Ер азаматтар «Не ұйымдастырамыз?» деген сұрақпен жүреді.

(Свет сөнеді. Экранға ер азаматтардың 8-наурыз мерекесін талқылауға құрылған Whathap конференциясынан әзілді видео көрсетіледі)
2-эпизод

Сахнада ұйымдастырушы жігіттер қыздарға не ұйымдастыру керектігі туралы талқылайды. Бірнеше сәтті әзілден соң ән айтылады. (Ән)

«Әйелдің жасы — 18». Орындайтын музыка бөлімінің бірінші курс студенті …. Берік!

3-эпизод

Ұйымдастырушы жігіттер «Ойлан тап» ойынын жүргізеді.
Жауапты:

«Тұран» триосының орындауындағы «Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздар.

4-эпизод

Ұстаздар мен студенттерден құралған КВН командасы.
Жауаптылар:

Жабылу салатанаты

ІІ жүргізуші:

Әйел, әйел – арман әні, жол әні,
Дүниенің кешкі қоңыр самалы.
Құрметті ұстаздар, аналар, студенттер, сіздерге арналған «___________» әнін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші:

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,
Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.
Құрметі де аяулы аналар, ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар, сіздерге арналған «Әйел – тіршіліктің гүлі» атты мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті! Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз! Сау болыңыздар!

Піспеген номер!

І жүргізуші:
Кеше де, бүгін, ертең де,
Ғаламның ғажап төрі едім.
Алысқан жауға дерт емген
Қазылып тұрған көрі едім.
Құшағың жайсаң, кел, бері,
Достықтың мәңгі кені едім.
Дархан пейілді жердегі,
Мен қазақ деген ел едім!
«Айбын» әскер патриоттық клубы мүшелері. )


Просмотр:
175

Мақсаты: оқушыларды мәдениеттілікке, әдемілікке тәрбиелеу және әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту

Сайыс барысы / Ход конкурса:

(Сахнаға 2 жүргізуші ән ырғағымен  шығады)

1-ж:     Колледждің  мерекеде  сәні  кірер,

Көңілге  мерекелер  ән  әкелер.

Ұлтының  ұрпағының  қамын  ойлар,

Біздің де колледжімізге  береке бер.

  • Ардақты аналар, ақ  жаулықты әжелер, ұлағатты  ұстаздар  мен  қыз-қызғалдақтар! Сіздерді  күлімдеген  көктеммен  бірге  шуақ  шаша  келген  төл мерекелеріңізбен  шын  жүректен  құттықтаймыз!
  • Мереке сіздердің  шаңырақтарыңызға  шаттық, баянды  бақыт, шалқымалы мерекелік  көңіл-күй  әкелсін.
  • Бүгінгі «Қыз-еркем, кестесімен көркем»  атты  байқауға  қош  келдіңіздер!

2-ж:    Здравствуйте, дорогие ребята, уважаемые  гости  и  участники  нашего сегодняшнего праздника! Нам очень приятно видеть всех Вас  в нашем  зале!

Можно забыть свой день рождение, да мало ли о чём мы забываем порой в суматохе!

Но о том, что 8 марта – женский праздник забыть просто  невозможно! С праздником Вас!!!

Добро пожаловать на конкурс  среди девушек под названием «Қыз-еркем, кестесімен-көркем»

1-ж:     Халқымызға   билік   айтар даналар,

Даналардың  өзі  анадан  жаралар.

Жүрегіңнің  бір  бөлшегі  бала  үшін,

Сізден  жақын  адам  бар  ма  аналар?! – дей  келе  алғашқы  мерекелік  ән  шашуымыз күннің  көзіндей  нұрлы,  айдың  жүзіндей  сырлы  аяулы  аналарымызға  арналады. Қайраттың орындауында «Мама» ән –шашуын  қабыл  алыңыздар.

(Ән «Мама»)

2-ж: Встречайте  праздничный  концерт  посвященный   нашим  милым  матерям. (Песня о маме)

1-ж: Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші? Кім мықты? – дей отырып әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

2-ж: Ну, а как-же обойтись нам  ведущим   без наших  уважаемых  жюри, приглашаем экспертов нашего конкурса

———————————————————————————————————-

1-ж: Сайыстың   бағдарламасы   5  кезеңнен тұрады:

1) Жұп  атауы, ұраны;   2) «Шаш» үлгісі;     3) Өнер сайысы;  4) Би.

2-ж:  Конкурсная  программа   состоит  из 5 туров: 1)Название  и девиз  пары;   2)  Прическа;

3) Конкурс мастерства;   4) Танец.

1-ж: Олай болса, ең алғашқы құттықтау сөзі колледжіміздің директоры  Жакенов Талғат Тоқабайұлына беріледі.

2-ж: Слово для поздравления  предоставляется нашему директору колледжа

(на сцену приглашается директор колледжа)

1-ж: Онда, сайысымызды бастайық!

 2-ж:  И так,  пары готовы,  жюри  выбрали  – пора  начинать  конкурс!

1-ж: Қазақ  деген  халықпыз,

Жиналыппыз жалпымыз.

Атадан  қалған  дәстүр ғой,

Таныстыру біздің салтымыз – дей отырып, 1 сайысымызды бастаймыз. Олай болса, №1 жұп  аруларын т.б. ортаға шақырамыз. (ортаға арулар кезекпен шақырылады)

2-ж:  А, сейчас начинается 1 тур нашего  конкурса. На сцену приглашаем дуэт под №1 и.д. (по отдельности каждая пара приглашается на сцену )

1-ж: Ендігі  кезек  қыздардың әсемдеп жасаған «Шаш үлгілерін» тамашалайық.

2-ж: Следующий,  2 тур нашего  конкурса  сногсшибательные «Прически». На сцену приглашается дуэт под №1 и т.д. (все пары  знакомят с названием своей прической)

1-ж: Ақ ниетпен нәр алған,

Сенсіз менің өлеңім.

Әнге бөлеп әлемді,

Шымырлатып денемді, — дей отырып әнге кезек берейік.  Қайраттың орындауында «Қыздар-ай» әні.

2-ж: На сцену приглашаем  Кайрата  с песней  «Кыздар-ай».  Встречайте!

(ән орындалады)

1-ж: Асыл тастан шығады, өнер жастан,

Көрінеді биіктен өнері асқан, — деп  алдарыңызда  келесі  байқау «Өнерлі адам өрге озар». Бұл сайыста арулар өз өнерлерін көрсетеді.

2-ж: Перед  Вами  следующий  конкурс  «Мастерства». Здесь  конкурсанты  представляют  свое  мастерство.

(қол өнерлері көрсетіледі)

1-ж: Орталарыңызға  көптен  күткен соңғы  «Би» сайысын  бастаймыз.(ортаға арулар өз билерімен шығады)

2-ж:  Объявляется завершающий и долгожданный  конкурс «Танцы» (участники выходят на сцену со своими танцами)

(би өнері тамашаланады)

1-ж: Әділ – қазылар шешім қабылдағанша алдарыңызда ————————————-Қарсы алыңыздар.

2-ж: Пока жюри будут выносить свои решения для Вас предлагаем——————————- Встречайте!

1-ж: Сонымен бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (әр түрлі номинация бойынша мақтау қағаздарымен  марапатталып, сыйлықтар беріледі )

2-ж: И так завершается наша концерная программа и  я предоставляю слова уважаемым экспертам. (Жюри подводят итоги, вручаются призы)

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. 8-Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
  2. 8-наурыз құтты болсын , Анашым! атты мерекелік сценарий
  3. «Мереке күніңмен!» атты 8-наурызға арналған сценарий
  4. 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
  5. «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» (сценарийлік жұмыс)
  6. Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы! (мерекелік кеш)

Тақырыбы: Ана ­ өмірдің шуағы.
Мақсаты: Ана ­ өмірдің шуағы, ана ­ өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген 
бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әндер, ойынға қатысты көрнекіліктер
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
1 ­ жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 ­ наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2 ­ жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық 
дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1 ­ жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті 
ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2 ­ жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
1 ­ жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – 
анамыз. Дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры …  Қ.А. Усинге береміз.
2 ­ жүргізуші: Бүгінгі 8 ­ наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана ­ өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер 
үшін.
1 ­ жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап 
жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
0.1сынып оқушылары ана туралы тақпақтар айтады.
1 ­ оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2 ­ оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
3 ­ оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4 ­ оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 5 ­ оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 ­ оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7 ­ оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
8­оқушы: 
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
2­жүргізуші: 
Осы  мерекеге орай «Қыз қылығымен көрікті.» атты мерекелік сайыс өтпекші. 
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай  құлпырған
Алаңсыз да балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,­ деп ортаға сайысқа
қатысушыларымызды  шақырамыз.
1. 9­сынып оқушысы­Абдрахманова Диляра мен 6­сынып оқушысы – Абдрахманова Сезімгүл
2. 8­сынып оқушысы Абдрахманова Азиза мен 4­сынып оқушысы­ Шингисова Дильназ
3. 9­сынып оқушысы Каламбекова Диана мен 3­сынып оқушысы – Төлентай Дильда
4. 9­сынып оқушысы Усина Назым мен 3­сынып оқушысы – Усина Саяжан
Енді,жарысымызды бастамас бұрын әділ тура бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.
1. Құлахметова Анар Сағатқызы
2. Қарлығаш
3. Күлтай
Сайыс 6 шарттан тұрады. 
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін
1. Тегін білу тектілік ­ өзін таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық сәлем.
3. «Жақсы сөз ­ жарым ырыс» ­ мерекеге байланысты 4 жол өлең құрастыру
4. «Қолөнер». Қуыршаққа көйлек жасау. (Оқушыларға желім, қағаз, қайшы, фламастер, скрепкалар 
беріледі)
5. «Сән үлгісі» (көктемге арналған) 6. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» 
1. Тегін білу тектілік ­ өзін таныстыру.
1 ­ жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай 4­5сынып оқушыларының орындауында 
«Алло» әнін, қабыл алыңыздар.
2. «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық сәлем.
2 ­ жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте « Грация биі», 1­сынып оқушыларын қабыл 
алыңыздар.
3. «Жақсы сөз ­ жарым ырыс» ­ мерекеге байланысты 4 жол өлең құрастыру
1 ­ жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте 2­сынып оқушыларының орындауында 
« Көңілді би», қабыл алыңыздар!
4. «Қолөнер». Қуыршаққа көйлек жасау. (Оқушыларға желім, қағаз, қайшы, фламастер, скрепкалар 
беріледі)
2 ­ жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға 3­сынып оқушыларының орындауындағы «Анажан» атты әнін қол соғып қошеметтеп 
қарсы алыңыздар.
5. «Сән үлгісі» (көктемге арналған)
1 ­ жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған. Келесі кезекте 6­7­сынып оқушыларының орындауында 
«Коббой» биі.
2 ­ жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады, Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекте 10­сынып оқушысының орындауында «Ана 
туралы» өлеңді қабыл алыңыздар.
1 ­ жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте 9­10 сынып оқушыларын «Арман­ай» биімен 
қабыл алыңыздар!
6. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» 
“Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар”
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
Әрбір оқушыға қағазға сұрақ жазып, соларға жауап алу керек.
1жұп: 
№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)
№2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру.Австралия)
№3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2­жұп:
№4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
№5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
3­жұп:
№7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
№8.Нанның кептірілген бөліктері (сухарик)
№9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)
4­жұп:
№10. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
№11.Тістегі пломбаны тартып шығаратын кәмпит (ирис)
№12. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
5­жұп:
№13. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
№14. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
№15. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2­жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған 
бишілерге береміз. 4­5 сынып оқушыларының орындауында «Кел билейік» биі
1­жүргізуші:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, ­ деп
Ата­аналармен ойын өткізейік.
Сұрақ­жауап
Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса, 
қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар   көлемдері бірдей карточкаларға (қатты қағаз болса тіпті 
жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. 
Бірінші ойыншы сұрақтары бар карточканың біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі 
жауаптары бар карточканың біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген 
адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, 
жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды­солды шашасыз ба?» – деген карточканы оқыса, қызға: 
«Бұл менің сүйікті ісім» ­ деп жауап беруге тура келуі мүмкін.
 
Сұрақтар:
Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?
Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?
Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?
Бұзақылық жасағаныңыз үшін ұяласыз ба?
Сыйлық жасағанды ұнатасыз ба?
Өмірде жіберген қателіктеріңіз үшін өзіңізді жазғырасыз ба?
Сіз  қызғаншақсыз ба?
Автобустарда билетсіз жүресіз бе?
Төсектен жиі құлайсыз ба?
Біреудің хаттарын оқығанды ұнатасыз ба?
Ыңғайсыз жағдайға жиі тап боласыз ба?
Бос уақытыңызды құрбы­құрдастарыңызбен көңілді өткізесіз бе?
Дәмді тағам дайындағанды ұнатасыз ба?
Айлы түнде қиялдағанды ұнатасыз ба?
Сыйлық алғанды жақсы көресіз бе?
Жалқаулығыңыз жиі ұстай ма?
Ет жегенді жақсы көресіз бе?
Ақшаны қарызға жиі аласыз ба?
Сіз ылғи осылай көп тамақ жейсіз бе?
Әңгімені көңіл қойып тыңдайсыз ба?
Спортпен шұғылданасыз ба?
Өз жұмыс орныңызда ұйықтап кететін күндер бола ма?
Ұйықтағанда қорылдайсыз ба?
Жақсылап тамақтанғанды ұнатасыз ба?
Сәнді киінгенді ұнатасыз ба?
Құпияңыз көп пе?
Милиционерден қорқасыз ба?
Адал термен тапқан ақшаңызды оңды­солды шашасыз ба?
 
Жауаптар:
Мен өз өмірімді онсыз да жақсы елестетемін.
Мен саяси сұрақтарға жауап бермеймін. Тек жалақы алатын күні.
Жоқ, мен өте ұяң адаммын.
Өзімнің беделімді түсіріп алмау үшін, жауап беруге қиналамын.
Тек әлсіздік сезінген кезде.
Өзім білмеймін, бірақ басқалардың айтуынша солай.
Бұл менің сүйікті ісім.
Мені ыңғайсыз жағдайға қоймауыңызды өтінемін.
Неге болмасын? Керемет ғанибет емес пе!
Тек тынығып алған кезде.
Куәгерлер жоқ жерде әрине болады.
Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды.
Егерде мұны қазір жасауға болса, әрине.
Егер де менен жақсылап өтініп сұраса.
Ондайды қазір менің қалтам көтермейді.
Бір рет жасап көріп ем, түк шықпады.
Әрине! Бұл менің қолымнан келетін іс.
Тек түнде ғана.
Тек жақсы ақы берсе ғана.
Кімнің басынан өтпеген жағдай дейсің!
Мен сондай адамға ұқсаймын ба?
Оған мен бала кезімнен әуеспін.
Бұл менің өмірімдегі ең жарқын сәттер десем болады.
Сенбі күндері онсыз болмайды.
Бұл менің бұрыннан армандап жүргенім емес пе!
Менің арым бұл сұраққа жауап бергізбейді.
Бәрі жағдайға байланысты.
Ес­түссіз! Бар ынтаммен.
Әрине, онсыз болмайды ғой.
Бұл менің өмірімнің негізгі мақсаты.
Мұндай мүмкіндіктен ешқашанда бас тартпаймын.
Мені бұдан басқа проблемалар көбірек мазалайды.
Әсіресе, түнде.
Өлсем де айтпаймын.
Әрине, әйтпесе қызық емес қой.
Астапыралла, оны қайдан біліп қойдыңыз?
Жыным ұстағанда.
Әділқазылар  қорытынды жасайды.
2 ­ жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі 
жақсылықтар әкелсін.
1 ­ жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала­шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі 
қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке 
дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий агитбригады светоотражатели
  • Сценарий агитбригады вместе весело шагать
  • Сценарий heavy rain
  • Сценарий 8 июля название
  • Сценарий агитбригады ребенок главный пассажир