Сценарий аналар мерекесі

Cкачать: Сценарий на тему "Аналар мерекесі"

                  
8 наурыз мерекесіне
сценарий. І-ші кіші топ.

Тақырыбы: «Аналар мерекесі»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Міндеті:

        
8-наурыз аналар мерекесі
жайлы мағлұмат беру. 

        
Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру.

        
Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.

        
Балалардың ой өрісін
танымын, анаға деген сүйіспеншілігі
мен құштарлығын одан әрі дамыту.

        
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

        
Ананның махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбелеу.

        
 

Көрнекі –
құралдар:
себеттер немесе
кішкентай шелектер, гүлдер, шалшықтар, екі арқан (көпір ретінде)

Көктем мезгілі – Қарғабаева Айгерім

Қуыршақ – Бурбаева Айсұлу

Мереке барысы:

Балалар музыка
әуенімен залға кіріп, жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіңдер ме
қонақтар!  Бүгін біздің балаларымыз сондай көрікті, сондай сұлу!

-Балалар сендер
білесіңдер ме қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс

Жүргізуші: Жоқ балалар. Ал қыстан кейін қандай мезгіл
басталады?

Балалар: Көктем!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазір жылдың
көктем мезгілі. Көктемде қарлар ери бастайды, күн жылынады. Жылғалардын су
ағады. Ағаштарда бүршік атады. Ал ең бастысы көктемде аналар мерекесі болады.

Жүргізуші: Балалар, ал сендер көктем мезгіліне
барғыларын келе ме?

Балалар: Ия

Жүргізуші: Ендеше балалар, Көктем мезгіліне  көктем жолы
арқылы аттанайық! (балалар бірінің артынан бірі жүреді, бір – бірден, бірде
түзу, бірде зигзаг, бірде  шеңбер бойымен.)

Жүргізуш: Балалар, біздің алдымызда үлкен шалшықтар тұр.
Бізге сол шалшықтардан құламай, көпір арқылы өтуіміз қажет.

Ойын: «Көпірден өт»

Балалар
жабық көздерімен ойнайды. Ойыншылар аяқтарымен көпірді басып өту керек. (арқан,
еденде сызылған мел немесе т.с.с)
 
Үйге жақындайды, балалар орындарына отырады. Осы жерде Көктем мезгілі пайда
болады.

Көктем
мезгілі:

Сәлеметсіңдер ме менің достарым! Мен Көктем мезгілі боламын! Мен сендерді
қонаққа күтіп отырмын.

Жүргізуші: Көктем мезігілі Біз де сізді
көріп қуаныштымыз! Қанеки балалар, Көктем мезгіліне ән арнап айтайықшы!

Ән: «Зеңгір
көктем»

Көктем
мезгілі:

Жарайсыңдар балалар! Маған арнап ән айтқандарына көп-көп рахмет! Мен
қуанышытымын!!!

Жүргізуші: Біздің балалар, тек қана ән
айтпай сонымен қатар тақпақтар да біледі! Балалар, қанеки аналарымызға
арналаған тақпақтарымызды айтайықшы!

Айдана:
Әлпештеген аялаған,

              
Ақ сүт берген анашым!

Лина:
Менің әжем мейірбан,

         
 Мені жақсы көреді!

Мади:
Ақ қабақты анашым

Амина:

Малика:

Інжу:

Айжан:
Сізден өскен балалар, Батырлар мен даналар!

Көктем
мезгілі:
жарайсыңдар
балалар!

Осы жерде
музыка әуенімен залға Қуыршақ кіріп келеді.

Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме достарым! Мына
жерде қандай мереке болып жатыр?

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Қуыршақ! Мына тұрған
балалар, ал мынау бізде Көктем мезгілі. Көктемде аналар мерекесі болады. Біздің
балалар аналар меркесін көктеммен бірге тойлатып жатыр.

Жүргізуш: Қанеки балалар, Қуыршағымызға
арнап ән айтып жіберейік!

Ән: «Біз
көңілді қуыршақ»

Көктем
мезгілі:
мына
топтың балалары сондай өнерлі екен! Өнерлерін өрге жүззсің!

Жүргізуші: Рахмет! Біздің балалар сенндерге
әлі өздерінің биін көрсеткен жоқ. Соны Қуыршақ екеуіңіз тамашалаңыз!

Би:
«Гүлдер»

Қуыршақ: Рахмет балалар! Шынымен де сендер
сондай ақылды, көрікті, биді де, әнді де, тақпақты да білетін балалар екенсіңдер!
Сендермен өте көңілді екен! Мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр!
Ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия!

Ойын:
«Гүлдер жина»
 

Балалар
залдағы  шашылған гүлдерді шелекке жинайды.

Қуыршақ
пен Көктем аруы: Рахмет балалар сендердің арқаларында біраз көңіл-күйлеріміз
көтеріліп қалды! Қош сау болыңдар!

Балалар
музыка әуенімен топқа оралады.

8 наурыз мерекесіне  арналған» Адамзаттың асылы-Ана деген

құдірет «атты  сценариді назарларыңызға ұсынамыз

1-жүргізуші: Қайырлы күн! аса қадірменді арулар! Ардақты аналар!гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.  Аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің

Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.

2-Жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

1-жүргізуші:  Дүниедегі ең жауһар қазыналар да, асып-тасыған байлық та ананың ақ жүрегіне жетпейді. Тоғыз ай толғатып, өмір бойы баласына махаббатын төгіп өтетін анадан асқан жан бар ма? Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Олай болса, осы  әлемдегі ең аяулы жандарға арналған « Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет »                                                                            атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

2-жүрг. Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, — дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Жанат Убайдуллақызына және мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Сауле Қалжанқызына  береміз.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе — 9 Ә сынып оқушысы                                                         әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.

2-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _9 «Ә» сынып оқушысы Динараны

»                                                                       » әнімен сахна төріне шақырамыз.

2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. Жас ұландар ортаға  шығады.
1-Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.

2- Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген — рәмізі сұлулықтың.
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса _______________ мен ________________қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұл мен қыздың  талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Рахмет

1-жүргізуші: Келесі кезекте мектебіміздің ер мұғалімдерің өздеріңізге арнаған мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар.

Назеркенін орындауында бір ән бар

2-Жүргізуші:

 Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып- дей келе сахнаға бир топ биші қыздарды шақырамыз қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2-жүргізуші:

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2-жүргізуші:

Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары—деп кезекті  байсалды да байыпты

Рахмет жігіттер.

3-жүргізуші:,

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

— деп абзал аналарымыздың  құрметіне

9 «Ә»сынып оқушысыАрайлымның  орындауында «                                 » атты әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

1-жүргізуші: Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған! «Ақынның сөзі – халықтың сөзі». 8 наурыз мерекесінде ғазиз анаға арналған өлең шумақтарын оқи отырайық.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді Қадыр Мырза Әли

Ән

2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

1-жүргізуші:Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын! бүгінгі» Адамзаттың асылы-Ана деген » атты шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Сау болыңыздар! хормен айтылады. Салют атылады.

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариін ұсынамыз:

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!


(Екі жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, квн ойыншылары секілді қысқа би билейді де, сахнадан шығып кетеді).  

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, — дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры … (апайға немесе ағайға) береміз.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

2-жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай … оқушымыздың орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз.
Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.

1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  сыныптастарымыздың орындауында попурри ұсынамыз.

3 ер бала шығып біреуі ұстаздарға, екіншісі аналарға, үшіншісі барша оқушы қызға арнап жазған шағын шығармаларын оқиды.  

1-жүргізуші: 
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! — деп кезекті  … сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 
2-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

1-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.  

2-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға береміз.

Ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала мұғалімдерге арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады.
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі — балада, баланың көңілі — далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 3

8 наурыз. Жастар кешіне арналған сценарий

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕ?ГІЛІГІНІ? СЦЕНАРИІ

Т?рбиеші: Хуанган Айсулу Г?лдер орта??ы тобы

Та?ырыбы:  «Аналар мерекесі»

Ж?ргізуші: С?леметсіздер ме,  ??рметті  ?она?тар!

А?  жаулы?ты  ?желер, асыл да,

Аяулы аналар, ару ?ыздар!

Сіздерді 8 Наурыз халы?аралы?  аналар мерекесімен  ??тты?таймыз!

                А?  тілекті а?ытып бір тастайы?,

                Аналарды? мерекесін бастайы?.

                К?здері?нен к?рем шатты? арайын,

                ?тсін солай ?р бір к?ні? ?р айы?.

                ?адірлі аналар к??ілі,

                К?ктемдей жайнап г?л ашсын.

                Ба?ыт?а толып ?мірі,

                Шатты??а шатты? ?лассын!

 Ж?ргізуші: ЛЕНА: Бала, бала деп,

Т?нде шошып оян?ан.

Т?н ?й?ысын т?рт б?ліп,

Т?нде бесік таян?ан.

Аялы ?олды талпынт?ан,

?айма?ты с?ттей ?ал?ыт?ан.

Суы? болса ж?ргегі,

?ор?асындай бал?ыт?ан.

Айналысына ас ?ойып,

?зенді к?лдей шал?ыт?ан.

?олын ?атты тигізбей,

Кірлі к?йлек кигізбей,

Иісін ж?пар а?кыт?ан.

Б?л кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Ж?ргізуші: Аналар?а енді жырдан шашу шашайы?.

«Ата-ананы ты?даймыз» ?ні.

 Анель:

 Те?десі жо? данасы?

Ар?а с?йер панасы?

Е?бегі?ді а?таймын

Аман болшы анашым

Зере:

 Наурыз к?нін

Мейрамдайды аналар

Аналарды? шатты?ын

??тты?тайды балалар

Рамазан: ?мірге бізді келтіріп

Жары? д?ние сыйла?ан

Жаманды??а баласын

Еш?ашанда ?има?ан

Би: Полька (Са?ыныш, Аяулыммен; Асылм?рат-Анельмен, Н?рберген-Жанелямен, Альберт-Ж?маг?лмен)

Дидар:

Мерекені ?арсы алып

М?з бол?анда барша ж?рт

Г?л ?сынып ?ыздар?а

Береміз біз аналар?а ?н салып.

Асылм?рат:

 Шай ішетін ?оюлап

Жа?сы к?рем апамды

Сырма? сыр?ан оюлап

Жа?сы к?рем анамды.

Ж?маг?л:

К?ктем,к?ктем к?ктемде

К?н к?ркіреп ?ткенде

Н?р жа?бырды тосамыз

К?ктемді ?нге ?осамыз.

?сем ?уенмен К?ктем кіріп келеді:

С?леметсі?дер ме балалар. Мені таныды?дар ма? Мен к?ктеммін. Сендерде мереке дегенді естіп келдім. Сендер к?ктем туралы к?п та?па?, ?ле?, ?н білесі?дер екен. Соны ты?да?ым келеді.

Балалар: С?леметсіз бе,и?,  біз а?ылдымыз

Н?рдаулет:

Ауа ?андай,дала ?андай ?демі

К?ктем, к?ктем болармысы? к?делі

Сені? мынау ?ла??айыр сыйы?нан

Ту?ан жерді? жасаруын береді

К?дір:

К?ктем, к?ктем, к?ктемде

??стар келіпжеткенде

Біз ?уанып ?аламыз

?нмен ?арсы аламыз

Са?ыныш:

Жапыра?тар жай?алып

Ба?тар жасыл г?лге енді

Тізбектеліп с?н т?зеп

Жылы жа?тан к?з келді

?н: ?жем мені ?те жа?сы к?реді (Бибіг?л, Жанеля, Інжу,К?усар)

К?усар:

К?гілдір аспанда

К?к се?гір тастарда

??лпырып жайнайды

Жапыра? г?л аш?анда

Н?рберген:

?ле? айтып би билеп

Тойлары?а балалар

Ба?алаймыз е?бегін

Аман болсын аналар.

Ырыс?али:

Мені? ?жем, б?л ?же

Айт?ан с?зі д?л ?жем

Аман болса к?реді

?ызы?ымды ?лі ?же

К?ктем: Тамаша ?те а?ылды екенсі?дер балалар. Енді мен сендерді? шапша?ды?тары?ды сынайын. Менімен ойна?ылары? келе ме?

Балалар: и?,и?,и?

Ойынны? шарты: Балалар сендер ата-аналары?мен бірге, я?ни ?л бала анасымен, ?ыз бала ?кесімен  музыканы? с?йемелдеуімен билеп т?рады, музыка то?та?анда мына орынды? ?стіндегі г?лді жылдам алып ?лгеру керек.

 К?ктем:К?п рахмет сендерге балалар. К?птен к?лмеп едім бір к?ліп ?алдым ?ой. Ендімен кетейін мерекелерін мерекеге жал?ассын. Сауболы?дар балалар!

Балалар: Сау болы?ыз к?ктем.

Би: Шашу шашу (К?усар шашу шашады ?ал?ан ?ыздар асатая?пен билеп т?рады)

Інжу:

Сколько звезд на небе

Всех не сосчитать

Эти звезды маме

Падарю опять

И однажды утром

Глядя на меня

Мама улыбнется

Звездочка моя

Бибіг?л:

Мы пол для мамы подметем,

На стол накроем сами

Мы сварим для нее обед

Мы с ней споем, станцуем

К?дір:

Мы красками ее портрет

В подарок нарисуем

Альберт:

Однажды я  сказал друзьям

На свете много добрых мам

Но не найти, ручаюсь я,

Такую маму как моя!

Она купила для меня

На колесиках коня,

Сабиру краски и альбом.

только разве дело в том?

Я и так ее люблю,

Маму мамочку маю!

Жанеля:

Восьмое марта праздник мам,

Тук-тук -стучится в двери кнам.

Он только в тот приходит дом,

Где помагают маме

Аяулым:

Март, и сольнце ярко светит

От души жилаю я.

Будь счастливей всех на свете

Мама милая моя!

Ж?ргізуші:

Ана -?лемні? ?сем г?лі, к?нні? н?ры, айды? с?улесі бала жыры, ?лем  сыры, ?мір с?ні. Ендеше барлы? ма?тау тек аналар?а жарасады.

Алдары?ызда ?лдары?ызды? суырып салма айтыстарын тамашала?ыздар.

Айтыс: т?рт ж?п (Н?рдаулет, К?дір, Асылм?рат, Рамазан, Н?рдаулет)

Рамазан: ?лтты? ?амын ойла?ан аналар?а  бір с?лем

Ж?регі?е бойла?ан ?аза? хал?ына мы? с?лем

Хайл?йлім-хайлім хайл?йлім-ай

Асылм?рат:Ей, ?аза?ым

Есен аман ж?рмісі?

Т?рлісі? -ай т?рлісі?

?лтты? ?амын ойла?ан

Аналарым н?рлы шы?

Хайл?йлім-хайлім хайл?йлім-ай

К?дір:

Мерекесі анамны?

Шыр?ап ?нге саламын

Шын ж?рекпен анама

Сыйлы?тарды аламын

Хайл?йлім-хайлім хайл?йлім-ай

Н?рд?улет:

К?ктем келді халайы?

Шыр?ап ?нге салайы?

К?н н?рына шомылып

Жазды ?арсы алайы?

Хайл?йлім-хайлім хайл?йлім-ай

  • Лента биі (Бибіг?л, Інжу, Зере, К?усар) лента биін билейді.

Би ортасында бізді? ханзадаларымыз ханшайымдарына сыйлы? таратады.

Осымен, бізді? мерекелік концертымыз ая?талды. Келгендері?ізге к?п рахмет, мейрамдары?ыз ??тты болсын!

Просмотр содержимого документа

«»Аналар мерекесі» сценарий»

       -Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. 
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады) 

 

Просмотр содержимого документа

«Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»»

8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында жоғары сынып оқушыларына арналған «Анаға қарап қыз өсер» атты кештің сценариін ұсынамыз…

Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!

2-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Анаға қарап қыз өсер…» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

1-жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?

Осы сәтте экранға мына видео қойылады:

2-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.  

1-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

1-жүргізуші: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

2-жүргізуші:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!

1-жүргізуші:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

2-жүргізуші: Қадірлі қауым! Бүгін сіздер «Анаға қарап қыз өсер» атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз ана мен баланың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 5 жұп (ана мен қыз) қатысады.

1-жүргізуші: Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

І. Таныстыру

ІІ. Ана мен бала өнері

ІІІ. Аспаздық. Ана мен бала бірлесе отырып тағам әзірлейді

ІV. Ситуациялық сұрақтар

2- жүргізуші: Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз. (Жеке-жеке атап шақырады да, арнайы дайындалған орындарға отырғызады, ана мен бала ұлттық киімде, әрбірінің оң жақ кеудесінде реттік нөмірі болу керек).

(Сайыскерлеріміз дайын болғанша, «Менің анам алтын» әні орындалады)

1-жүргізуші:

Гүл көңілі қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді, — дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық!

(5 жұп таныстыруын көрсетеді)

2- жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!

1-жүргізуші:

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге…

Ендігі кезекте аналарымыз бен қатарластарымыздың өнерін тамашалуға рұқсат етіңіздер.

(5 жұп өнерлерін көрсетеді)

1- жүргізуші:

Ең күшті нәрсе не? – десе, 

— Әйелдің әмірі! – дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын — әйел, ұлтын көбейтетін — әйел, ұрпақты ұластыратын — әйел, еркекті Ер ететін — әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры — әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті — әйел махаббаты.

2-жүргізуші: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық:

Оқушы төмендегі өлеңді оқиды (Сахна артында төмендегі бейнебаян қойылады):

1-жүргізуші:

Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,

Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.

Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,

Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?

Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,

Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.

Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,

Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?

2- жүргізуші:

Көңілің алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

1-жүргізуші: Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы  ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз. Соның дәлелі ретінде аналарымыз бізге тағам жасауды үйретпекші. Ал олардың сүйікті балалары қолғабыс етеді. Яғни, үшінші кезеңіміз – «Аспаздыққа» да кезек жетті.

2- жүргізуші:

Ал халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың аспаздық өнерін көрейік.

Дәмі менен көрінісіне қарап біз

Әділдікпен бағаларын білейік.

Аналар сахнада оңай жасалатын тағамдар жасайды. Осы уақытта сынып оқушылары би-билеп, ән айтады.

1- жүргізуші: Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, ұлдардың дайындаған әзіліне құлақ түрсек.

«Апаймен байланыс», «Емтихан кезінде» сынды әзіл көріністер құрылады.

2-жүргізуші: 

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, ситуациялық сұрақтарымызға кезек берейік, ортаға қатысушы аналарымызды құрметпен шақырамыз.

1-сұрақ: Сіздің қызыңыз бір жігітті қатты жақсы көреді. Оны тіпті өзіңізге де мойындады. Бірақ, ол жігіт өте бұзық, отбасы өте нашар тұрады. Сіз қандай әрекет жасайтын едіңіз?

2-сұрақ: Бүгін сіздің қызыңыздың ең жақын құрбысының туған күні. Қызыңыз сыйлық үшін ақша сұрады. Ал сізде ақша да, басқа бір бағалы сыйлық та жоқ. Мұны қызыңыз түсінер емес, үйді басына көтеріп, жылап отыр. Қарыз сұрадыңыз. Ешкімнен табылмады. Сіз қандай әрекетке барасыз?

3-сұрақ: Қызыңыз дәл қазір өтпелі кезеңде. Ол тым дөрекі болып барады. Сізді ана, жарыңызды әке деп қарамайды. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды тыңдамайды. Күннен күнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Темекі де шегетін секілді. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз?

4-сұрақ: Сіздің қызыңыз сыныптасының ақшасын ұрлап алыпты. Мұнымен қоймай ол қызбен төбелесуге дейін барыпты. Сізді ата-аналар жиналысына шақыртып масқара етті. Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз?

5-сұрақ: Сіздің қызыңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмайды. Сабаққа деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасайсыз?

Аналар сұрақтарды ашып жауап береді. Ұтқыр ойдың иесі жоғары балға ие болады.

1-жүргізуші:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

2-жүргізуші: Әділ-қазыларымыздан бүгінгі сайыс қортындысын жариялауды сұраймыз. Қорытынды жарияланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылады.

1-жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Анаға қарап қыз өсер» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!

1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Анашым, мерекеңмен!

Жүргізуші:   Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып

                                 Әлемнің жарығын силадың сен маған

                                 Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-

                                 Аналарға гүлдерін сыйлайды

 Жүргізуші:  Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісіне  сөз береміз

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!

-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар:  Ана,ана,ана.

Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

1 бала: Жанымызды жайнатқан

             Сіздерсіз ғой аналар

              Зор денсаулық,мол бақыт

              Тілейді барша балалар

2бала: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

             Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

             Ана деген- өмірдегі қамқорың

             Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

3 бала: Сырымды ұғатын ,өзіңсін қуатым

             Күнімсің шығатын Айымсың туатын

4 бала: Аялы алақан,әлпештеп өсірген

             Аяулы жан анам

             Қатемді кешірген

5 бала: Апам мені айым дейді

            Мен мұнайсам уайым жейді

            Апам мені күнім дейді

             Мен қуансам күлімдейді

6 бала: Анам-өмір шырағы

            Анам-өмір бұлағы

            Бесігімнің жыр әні

              Жүрегімде тұрады

Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен!»

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!       «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

7 бала: Өзің мені өсірген

           Айналайын ақ әжем

            Тентек болсам кешірген

             Ауырмашы ,ай әжем

 8 бала: Әже деген көп шығар

            Әжемдей менің жоқ шығар

             Мейірімді бұл кісі

             Қандай ғажап күлкісі

 9 бала. Немересін жанындай

             Әжем жақсы көреді

             Қонаққа барса ұмытпай

              Кәмпіт әкеп береді

  10 бала:Тірегі болып жанында

                Бірге еріп жүремін

                Жанашырым жанымда

                 Тек әжем деп білемін

11 бала:  Ақ әжемді арқашан

                Сыйлап жақсы көремін

                Қуантайын деп оны

                 Өлең айтып беремін

12 бала: Өзің мені өсірген

                Айналайын ақ әжем

                Тентек болсам кешірген

                 Балдай тәтті бал әжем

Ән:  « Әжем менің айдай»

Жүргізуші:    «Мектепте қалай оқыдық» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады

13 бала: Үн қатамын бал тілмен

               Еркелеймін әр күн мен

               Құттықтаймын анашым

                Сегізінші наурызбен

14 бала : Құлпырған гүлдей

                Көктемгі күндей

                Жылылық маған

                Төгесің үзбей

15 бала:Сауле шашқан әсем күндей

              Көтерілсін көңіліңіз            

               Жарқыраған қызыл гүлдей

               Болсын әсем өміріңіз

Би :  «Туған жер» Ұлдар

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

  1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ!

  1. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары :  Бар,бар!

                Ойын : « Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады

   Жүргізуші:                    Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын

Би:  «Түрік биі»  Қыздар

16 бала : Қадірлі аналар көңілі

               Көктемдей жайнап гүл ашсын

               Бақытқа толып өмірі

               Шаттыққа шаттық ұлассын

17 бала: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

              Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз

               Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

               Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

18 бала : Ақылшымыз,данашым

               Ұзақ өмір сүріңіз

               Айналайын анашым

               Алдымызда жұріңіз

Жүргізуші:  Шалқып тасып әніміз

                    Жадырасын жанымыз

                     Ана сені құттықтап

                     әндетеміз бәріміз

Ән:  «Әнші  балапан»

19 бала:   Ана деген асыл жандар,болаттай

                 Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

                 О,адамдар ,қадірлей біл ананы

                  Жат қылыққа  ақыл ойды талатпай

20 бала :  Түн ұйқысын төрт бөліп

                 Әлпештеген анашым

                 Жақсы болсам асырып

                 Жаман болсам жасырып

                 Қамқор болған анашым

Би :  «Қазақ биі» Қыздар

Ойын :  Логикалық есептер:1Ағашта 8 құс отыр,оған тағы 1 құс келіп қосылды,ағашта қанша құс отыр?(9)

2.                3,5,7,9-        көршілерін атаңдар ?

3   Аспанда 4 қаз ұшып барады

      Биіктен төмен қарады

      Аяқ нешеу,бас нешеу?

        Жауабын кім табады?(8,4)

  1. Балапанын көгалда

Санай алмай тауық жұр

 7 жүр жүгіріп

 3 жем тауып жүр

  Қанша барлық балапан

 Санап берші балақан(10)

Жұргізуші :  Құлақтан кіріп бойды алар

                     Әсем әнмен тәтті күй

                     Жүрекке жылы ой сала            

                      Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ  қыздардың орындау ында  бір жақсы өлең тыңдаңдар

               Ән « Үйретеді бұл мектепте үйретеді»

21 бала: Кір түсірмей жағама

              Шашымды да тарайсың

               Мектепке барарда

              Мейірлене қарайсың

22 бала:  Мәпелейсің мені анам

               Қасыңдағы құсыңдай

                Құлпыра өсіп дем алам

                Құшағыңда қысылмай

23 бала: Әлемдегі ақылды адам

              Бәрінен де жақсы

              Ол жанымда жүрсе,менде

               Батырларша батылданам

Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

                     Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

                     Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

                     Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң

Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

          Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.

                                       Ана- біздің гүліміз

                                       Ұландарды қуантып

                                        Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші:  Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен  құттықтаймыз!

                  Би : «Вальс»

 Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі

Іжүргізуші: Анаөмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін,- дей отырып қыздар мен ұлдардың сіздерге

арнап жазған шығармаларына кезек берсек

Валиулин Аян: Рахмет, Анашым!

Мен барша Қазақстан әйелдерін: әжелерді, апаларды, әпкелер мен ақ жеңгелерді,

ұстаздарды және қарындастарымды осы мерекемен құттықтай отырып, оларға зор

денсаулық, ұзақ ғұмыр, асыл арман, зор бақыт тілеймін!Әрбір адамның жарық

дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған,

жанын да аямаған ардақтысы

«Анажүрек, жүректі құдіретте,

Анатірек, тіректі құрметте.

Ана шыңын, шыңыңа сағынып жет

Анакүнің, күніңе табынып өт».

Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік

үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады,

көңілімізді сергітеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана

болу бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерең еңбек. «Ананың

алдында асқар тау да аласа». Ана өмірдің қайнар бастауы. Анаақылды тәлімгер.

Анабала бақытының бағбаны. Ана өз басын, өз саулығын ұмытып, өзгелердің

қамын жеуді бәрімізге үйретеді. «Ана болған дана болады». Аналық парызын

адал ақтаудың біздің үлкен әжелеріміз, туған аналарымыз әсем үлгісін танытып

келеді. Қазірде кемеңгер көңіл, пейілді аналар қаншама?! Мен өз анамды айтып

жазғым келеді. Анам ақылды, тамақты жақсы істейді. Сонымен қатар кішіпейіл,

өте таза, өзі әдемі. Маған өмір сыйлаған анамды мен құрметтеймін, әрдайым оны

сыйлап өтемін.

Масалимов Ердос: Ана

Дүниедегі ең тамаша сөзана. Бұл сөз әрбір адамның алғашқы сөзі. Ол

басқа тілдерде де нәзік құлаққа жағымды айтылады. Аналардың қолы дүниедегі

мейірімді жұмсақ қол. Ол қолдар бәрін істей алады. Ананың жүрегі ең сенімді,

ең мейірбан жүрек. Ол жүректен балаға деген махаббат ешқашан

сөнбейді. Өйткені ол ештеңеден шет қалмайды. Сен беске келесің бе, әлде елуге

келесің бе бәрібір саған ананың көз қарасы, махаббаты саған

қажет. Сенің анаға деген махаббатың қаншалықты көп болса, сенің

өмірің соншалықты қуанышты, жарық, мейірімді болады. Егер сен

көзіңді жұмып тыңдасаң анаңның дауысын естисің. Ол сенің жүрегіңде таныс,

жақын және ол сенің жүрегіңде мәңгі сақталады. Сен оны басқа ешқандай

дауыспен шатастыра алмайсың. Сен үлкен болып өссең де анаңнаң дауысын,

көзін, қолын ешқашан ұмыта алмайсың. Әр адам өз анасын құрметтеуі қажет. Ол

өйткені бізді жарық дүниеге әкелді, мәпеледі, өсірді. Анаңды Меккеге жүз рет

арқалап барсаң да қарызыңды өтей алмайсың дегендей біз оған қарыздармыз.

Ана қамқоршы, батыр, барлық адамға сыйлы жан. Әр адам қуанғанда

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий амонг ас аниматор
  • Сценарий американской свадьбы
  • Сценарий американка пример
  • Сценарий алтын туй на татарском языке
  • Сценарий алладин смешной