Сценарий ата аналар жиналысына арнал?ан

Скачать: Ата-аналарға арналған жиналыс-тренинг. Тақырыбы: "Не ексең, соны орасың"

«№
11
мамандырылған
физика-математикалық мектеп»  мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау
облысы  Ақтау қаласы

ағылшын
тілі пәні мұғалімі  Дельмухамбетова Манзия Айдынгалиевна

«Не ексең,
соны орасың» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг- жиналысының жоспары

Тақырыбы:
«Не ексең, соны орасың».

Мақсаты: 
Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі
ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана
беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға
оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың  мектеппен, сынып
жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Әдістері:
пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тарсырмалар.

Күтілетін
нәтиже:
Ата-аналар балаларының парасатты, ақылды,
мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін
мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты
білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді.

Ресурстар: 
Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, стикерлер, түсті бояулар. Тапсырмалар:

1.Топқа бөліну

2.Сұрақ-жауаптар

3.Талдау

4.Постер
құру,қорғау

5.Ситуациялық
сұрақтар

6.Ой қорыту

Кері байланыс
Стикерлерге өз ой-пікірлерін жазу

Мұғалім:
Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар!   Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош
келдіңіздер!

 Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам
болуы, еңбексүйгішті , оқу мен еңбектегі табыстары. Құрметті ата-аналар! Біз
ерекше ата-аналар жиналысын өткізгелі отырмыз. Бәріміз айнала шеңбер жасап,
орнымыздан тұрайық және әрбір ата-ананы «Бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа
бір ауыз сөзбен жауап айтып шығуды сұраймын (ата-аналар сұраққа жауар береді).

Әрқайсысы кезегімен:

 -Өмірге әкеледі

 -Оқытады.

 -Тәрбиелейді.т.б.  

 —
Ия, баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз. Бала-ата-ана
өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп
әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына
бұршағын салып,  «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі- баланың
ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен
шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі
процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден
ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол
отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында
тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар
үлесі бар.

«Жас
көңіл тың жер тәрізді,

Не
ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин
айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы  отбасынан тануға
болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы
қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.

Құрметті ата-аналар, біз енді топқа
бөлінеміз.

1 топ-Әке

 2топ-Шеше

 3 топ-Отбасы

( ата-аналар топқа
бөлінеді)

 Мен сіздерді не үшін бұлай бөлді деп
ойлайсыздар? (Ата-аналар жауап береді)  

 Баланы жастан
бақпасаң,

 Жамандықтан
қақпасаң,

 Қадірден жұрдай
қасқа боп,

 Кешкенің өмір
босқа тек,

-дегендей,баласының
ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар,сірә.Олай
болса,бауыр етіңіз балаларыңызды жақсы көріп,еміренгенде не дейсіздер? (Ата-аналар
жауап береді)

 -Құрметті
ата-аналар,енді түрлі-түсті бояуды пайдаланып,үлкен жүректің суретін салайық.  
(Ата-аналар постерге жүректің суретін бейнелейді)

-Ал, ашуыңызға
тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар?

(Стикерлерді
таратамын, соған ата-аналар сөздерді  жазады)

 -Енді осы
стикерлерді алдарындағы «Жүрекке» жапсырыңыздар.   (Стикерлерді жүрек
суретіне жапсырады)

Слайдтан  «Сызат» 
бейнеролигін
тамашалайды. («Сызат»  бейнеролигі)

  -Осы бейнеролик
туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлерімізді ортаға
салайық, кұрметті ата-аналар. (Ата-аналар өз ойларын айтып шығады)

Жауаптар тыңдалады. Постерлерін қорғайды ,
түсіндіреді.    

 — Осындайда, Л.Н.Толстойдың
«Ата-аналардың басты қателігі- олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай,
балаларын тәрбиелеуге тырысатындығын- да» деген қанатты сөздері еске түседі.

Ата-ана
мен бала арасындағы осындай қарым-қатынастың салдары слайдтан көрсетіледі.

Ата-аналарға
арналған ситуациялық сұрақтар.  /Әр топ кезегімен жауап береді./

   
    

«Ата-анаға
баласынан жаднама» ұсынылады.

         

             «Тегінде
адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан
басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақшылық», — деген шығыс даналығын
келтіре отырып, ой түйіндегім келіп отыр:

 -Бүгінгі
жиналысымыздың жүрісін еске түсірейік. Бұрынғыдан өзгеше ме?

Ата-аналардың
жауаптары:

-Шеңбер
құрып,топқа бөліндік.

 Жүрек
суретін бейнелеп, сұрақтарға шынайы жауаптарымызды жаздық,    жапсырдық, пікірімізді
қорғадық.

 Бейнероликтер
тамашалап, ситуациялық сұрақтарға жауап бердік. Ата-аналар жиналысы өзгеше
болып өтті.  

  -Бала- үйдің
айнасы ғой, балаңызбен әңгімелескенде, ендеше, балаларыңыздың сабағында өзгеріс
бары байқала ма?

            -Тәуелсіз
елдің ертеңгі қожасы, иесі-балаларымыз. Ертеңгі азаматтарымыз заман талабына
сай озық ойлы, тәрбиелі, жан-жақты білімді болуы үшін оқыту саласында, соның
негізінде мектебімізде оң өзгерістер бар. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»
бағдарламасы негізінде мектебімізде сыныптар топқа бөлініп оқытылып жатыр.

             Біз
де бүгінгі тренинг-жиналысымызда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда
қолданғанымыздай, осы сіздерге салып көрдік. Балаларыңыздың осы әдісте білім
алғанына қандай пікір білдіресіз? Жауаптары тыңдалады.

             
Ата-аналардан рефлексия алу.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ.

«ЖАНҰЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

Тақырыбы: Жанұя құндылықтары

Мақсаты: ата-аналардың көңіл – күйді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Барысы:

І. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! Бүгінгі «Жанұя құндылықтары» ашық есік күніне қош келдіңіздер.  Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке — шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата — ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата — аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!

Шаттық шеңбері

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаттығу  «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата — анамен баланың ортасындағы қарым — қатынасты анықтау.

Сауалнама.
Ата — аналарға «Сіз қандай ата — анасыз?» тест.

Олар балалармен қарым — қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
Егер сіздер өздеріңнің қасиетті міндеттеріңізді қалай атқаратындарыңызды білгілеріңіз келсе, мына чех психологының сұрақтарына жауап беріңіз

1.Журнал,телевизор, радиодан тәрбие тақырыбындағы бағдарламалар мен мақалаларды бақылап, назарыңызда ұстайсыз ба?

2.Бала қателік жасады. Балаңыздың тәртібі- сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі екенін ойланып көрдіңіз бе?

3.Сіз тәрбие сұрақтары туралы жолдасыңызбен бірдей пікірдесіз бе?

4.Бала сізге көмегін ұсынды.Сіздің жұмысыңыз кешігуі немесе тоқтап қалуы мүмкін болса да баланың көмегін қабылдайсыз ба?

5.Тиым салу немесе бұйыру әдісін тек онсыз мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданасыз ба?

6.Сіз тәрбиеде жүйеліліктің ең басты екенімен келісесіз бе?

7.Балаға қоршаған ортасы өте үлкен әсер етеді дегенмен келісесіз бе?

8.Баланың жан-жақты жетілуінде спорттың маңызды екенін мойындайсыз ба?

9.Сіз балаға бір нәрсені бұйырмай, сұраулы кейіпте айта аласыз ба?

10.Баладан «Уақытым жоқ» деп құтылу сізге жағымсыз ба?

Әр дұрыс жауапқа, яғни «иә» — 2 ұпай, «әрқалай» деген жауапқа — 1 ұпай, теріс жауапқа , яғни «жоқ» — 0 ұпай. Нәтижесін есептеңіз:

6 ұпайдан кем: сізде нағыз тәрбие туралы анық елестету жоқ. Сізге әлі де басынан бастаудың еш уақытта кеш болмайтынын айтқымыз келеді.

7 — 14 ұпай: Сіз тәрбие саласында үлкен қателіктер жібермейсіз, дегенмен де сізге ойланған жөн.

15 ұпайдан жоғары: Сіз өзіңіздің міндетіңізді толық атқара аласыз. Дегенмен сіз әлі де болса жақсартуды байқап көрмейсіз бе?

Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Ортаға сынып жетекші шақырылып тапсырма беріледі: бүгінгі қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын — орнымен тұрғызу.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
3. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол –
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл….
— Отбасым бақытты болу үшін….
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі….
— Мен қалар едім отбасымның….

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп — көп рахмет.

  1. Ата — аналарға кеңес
    (оқылып, таратылады)

  2. Рефлексия

  3. Психотренинг
    «Жанұя бақыты»
    Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
    Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
    Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар.
    Тренинг бағдарламасы:
    Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
    «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
    Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
    «Диаграмма құрастыру» жаттығуы
    Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
    Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
    Ата-анаға:
    1. Ұйқыға
    2. Мектепке
    3. Отбасымен қарым-қатынасқа
    4. Үйірмеге
    5. Достарына
    6. Үй шаруасына
    7. Жалғыз болуға
    Диаграмманы қорытындылау

Сабақ аяғындағы көңіл — күйімізді көрсетеміз.
ІІІ. Қорытынды

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп ММ

Ата – аналар жиналысы

Тақырыбы:

«ЖАНҰЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

Өткізген: Ш.Г.Арстамбекова

Сыныбы: 4 «ә»

2017 ж

Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата — аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс — тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ — жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3. Қызығушылығын ояту.
Ата — аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.

4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата — ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында.

5.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. Ата — аналарға «Сіз қандай ата — анасыз?» тест. Олар балалармен қарым — қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
— Мен саған қанша рет айтамын? — Маған кеңес бере қойшы, айналайын! — Мен сенсіз не істер едім?! — Бұл не тағы? — Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? — Кімге тартқан бәлесің өзің? — Мен сендей кезімде.. — Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! — Сенің жаныңдағы қандай достар осы? — Сен не ойлап отырсың? — Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… — Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары: 7 — 8 балл — Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым — қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 — 10балл — Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 — 12 балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата — ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 — 14балл — Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар — оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата — ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

7. Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — балапан ұшыру емес» деген мақал — мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық — педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз — ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс — керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі — ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 — 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін — еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл — күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата — аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің
бастауыш класс оқытушысы
Мурынова Алия Ордабаевна

Тренинг сабақ

Тақырыбы: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.

Көрнекіліктері:Слайд, қағаздар, шам, доп,  жаднама, карточкалар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

2. «Біз біргеміз!» қызықты сұрақтар жаттығулар.

3. Ситуациялық сұрақтан шығу.

4. Ой- толғаныс «Жалғасын тап»

5.Өлең шумақ

6.Қорытынды

1. Баяндама оқу

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

2.Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Сабаққа дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15. Балаңыз кеше қандай баға алды?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

3. Ситуациялық сұрақтар.

Сынақ; Мына үстел үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).

— Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

-Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», — деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

-Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

-Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

-Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?


-Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,…..деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

— Сізге мектептегі мұғалімдерден 

«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 -Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»

Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
-Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?
  -Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?
-Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?
-Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Ауызша қою

-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

-Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

-Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

— Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

4.Жалғасын тап:

Сәби бақыты, ол –
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақыты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

5. «Өлең шумақ» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір — бірден оқып талдайды.
6. Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:

Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі тренинг — сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!


6.Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз.


Рефлексия

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

«Өлең шумақ» ойыны

Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырыңыз

Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА

Сәби бақыты, ол _________________________________________________
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол

Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», — деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,…..деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

Сізге мектептегі мұғалімдерден 

«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»

Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

 Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Freepik.com

Тренинг мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың тәрбиешілерімен, балабақшамен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі -түсті  шарлар, жер жаңғағы,үлестірмелі сауалнама А-4форматта .

Әдістер: сұрақ-жауап, пікір алмасу, психологиялық жаттығулар.

Тренинг барысы:

«Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы.

«Тентек шар» жаттығуы.

«Жер жаңғағы» жаттығуы

«Мен және менің балам» сергіту жаттығуы

Қорытынды.

Психолог сөзі: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі-баланың жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, алдағы өмірлерінде оқудағы табыстары.

«Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы

Психолог тренинг қатысушыларына апельсинді бір-біріне бере отырып,                «Сәлем, бүгін тамаша күн, себебі…» сөйлемін жалғастыруды ұсынады.

«Тентек шар»-жаттығу.

— Келесі ойын «Тентек шар» деп аталады. Ол үшін Сіздер тығыз шеңбер құрып, шарды ауада көбірек уақыт бойы қалқытып ұстауларың қажет. Түрлі әдістерді қолдануға болады – үрлеу, баспен тигізу, аяқпен тебу, бірақ ең бастысы – қолмен тигізбеу. Бұл ойын Сіздер мен біздер біздің ортақ мәселемізді, яғни «балаға дұрыс тәрбие беру» мәселесін қалай бірлесіп шешетіндігімізге бағытталған.

— Ойын барысында қандай сезімде болдыңыздар? Шарды ауада ұстап тұру қиын болды ма?

Ата-аналар қалауы бойынша өз әсерлерін айтады.

«Жер жаңғағы»  жаттығуы.

Қазір сіздердің алдарыңызға жер жаңғақтары шашылады. Сіздер әрқайсыларыңыз бір жаңғақ алуларыңыз керек. Өз жаңғағыңызды зерттеуге 1 минут уақыт беріледі. Әркім өз жаңғағының пішініне, көлеміне, суретеріне, сызықтарына көңіл аударып, оны есте сақтау қажет.

Енді мен шеңбер бойымен жүріп, барлықтарыңның жаңғақтарыңызды жинап аламын да, араластырып, қайтадан ортаға шашамын. Өз жаңғағыңызды табыңыздар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші:

Өз жаңғағыңызды қандай принцип бойынша таптыңыз? (түсі, пішіні, көлемі, ақаулары және т.б.)

Өз жаңғағыңызды тауып алу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдандыңыз? (жаңғақ белгілерін есте сақтадым немесе барлығы өздерінің жаңғақтарын тауып алғанын күттім).

Бір қарағанда барлық жаңғақтар ұқсас, бірдей секілді болып көрінеді екен. Алайда дұрыстап қарасаң – бірдей жаңғақ жоқ, барлығы алуан түрлі және индивидуалды. Адамдар да солай, соның ішінде балалар: өте әртүрлі, әркімнің өзіне ғана тән қайталанбас қасиеттері бар.

Оларды тек қана сезініп, түсіну қажет. Біздің әрқайсымыз өз ұстанымдарымызды, мінез-құлық ерекшелігімізді  таңдаймыз. Оны өмірінің барлық салаларында қолданады (отбасы, жұмыс, қоғамдағы қатынастары, бала тәрбиелеу). Мысалы: Жетекшілік  мінезділер– сіздердің араларыңыздан өз жаңғағын іздестіруде барша белсенділік танытқандар, яғни тапсырманы бірінші болып орындауға кіріскендер. Сірә, олар өмір жолынан тапжылмай жүріп, бала тәрбиесінде де белсенділік танытатын шығар.

«Пассивті мінез-құлық» – бұл адамдар тобына барлығы өз жаңғақтарын тауып, өзінікі ғана қалғанын күткен ата-аналар жатуы мүмкін. Мұндай адамдар көбіне әрекетсіз, жұмысында инициативті емес, тәрбиелеуде де белсенділік танытпайды.

— Балалар өз ата-аналарының мінез-құлқына еліктейтіні ғылыми дәлелденген. Яғни ата-ананың қолданымын да өз бойына сіңіреді деген сөз. Басқаша айтқанда, егер сізге жетекшілік қасиет тән болса, онда сіздің балаңыз да соны ұстанады.

«Мен және менің балам» сергіту жаттығу:

1.Тәрбиешінің толық аты-жөні.

2.Балаңыздың досының есімі кім?

— Бүгінгі кездесуімізді қорытындылайтын уақыт келді. Қалауларыңыз бойынша өз пікірлеріңізді айтыңыз… Бүгін қандай мағлұмат алдыңыз? Сіз үшін бұл пайдалы болды ма? Тағы да не білгілеріңіз келеді? Балабақша жұмысына қанағаттанасыз ба? Біз үшін қандай ұсыныстарыңыз бар?

Талқылау. Қоштасу

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  5. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ

 

«Отбасы махаббаты неде?» ата-аналар?а арнал?ан жиналыс.

 Міндеттері:

1) ?з баласын т?сіну м?мкіндіктерін ке?ейту;

2) баламен ?зара ?атынасты жа?сы т?сіну;

3) баламен ?зара ?рекетті? жа?а да?дыларын ме?геру;

Балалармен  бірге  мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеуді? жолдарын к?рсету.бала т?рбиелеу сапасыны? аз да болса жо?арлауына  ы?пал ету.

?ажетті ??рал- жабды?тар:  ?лестірмелі ?а?аздар,А4 формат,?алам,  ма?ал –м?телдер жазыл?ан плакат,отбасы туралы плакаттар,т.б. 

?дістері: пікір алмасу, с?ра?-жауап, тест, психологиялы?  жатты?улар

 Ба?дарламасы:

1.     «С?лемдесу » жатты?уы.

2.     Топ?а б?лу.

3.     Ой жина?тау.

4.     «Жан?я ойыны» сергіту жатты?уы.

5.     Ситуациялы? с?ра?тар

6.Релаксация «Ашы? хат»

7.     Шы?армашылы? ж?мыс «?ол к?мек».

8.     «Ашы?ын айтсам.» анкетасы.

9.     ?орытынды.

10. Естелікке суретке т?су

М??алімні?  с?зі:

-С?леметсіздер ме,  ??рметті ата-аналар!

Б?гінгі  бізді? «Отбасы махаббаты неде?»

  «Отбасы махаббаты неде?» ата-аналар?а арнал?ан жиналыс?а

 –   ?ош келді?іздер!  Ата-ананы?  тілегі –баласыны?  жа?сы адам болуы,

е?бекс?йгіштігі, о?у мен е?бектегі табыстары.

 Баланы бастан ба?паса?,

  Жаманды?тан ?а?паса?,

  ?адірден ж?рдай ?ас?а боп,

         Кешкені? ?мір бос?а тек, — дегендей, баланы? ысты?-суы?ына к?ймейтін,жа?сылы?ына с?йінбейтін ата –ана жо? шы?ар.

Б?гінгі  ?л –ерте?гі ?ке, ол ?кеге ?арап ?седі.Б?гінгі ?ыз –ерте?гі ана,ол шешеге ?арап  ?сіп, бой т?зейді. Бала?а білім,т?рбие беруде басты т?л?а ?стаз болса, оны жал?астырушы, демеуші –ата –ана.

1.      «С?лемдесу» жатты?уы.Бір рет шапала? ?р?анда ?ол беріп амандасу,екі рет –??ша?тасып, ?ш – м?рындарымен т?йістіру

2.     Топ?а б?лу.

Ата-аналар сол т?р?ан к?йінде т?рлі т?сті г?лдерді та?дайды.Т?стер бойынша топ ??рып, ?стелдерге жай?асып отыры?ыздар.

 3.Ой жина?тау.

?ш топ?а та?ырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша ?з ойларын орта?а салады.

1топ.    Баланы? сапалы білім алуы ?шін ата-ана тарапынан  жасалатын  жа?дайлар.

2 топ.   Балаларды теріс ?рекеттері ?шін жазалауды? т?рлері.

3топ.   Бала ?шін м??алім мен ата- ана  арасында ?андай байланыс болуы керек?

4.    «Жан?я ойыны»  сергіту жатты?уы:

       1.   Бала?ызды? ту?ан  к?ні?

      2.    Сынып жетекшісіні? толы? аты- ж?ні?

      3.    Бала?ызды? парталас к?ршісі кім?

      4.    Бала?ыз ?андай ?лшемлі   ая?-киім киеді?

      5     Бала?ызды? с?йікті асы ?андай?

       6.     Бала?ыз кеше ?андай ба?а алды?

      7.     Бала?ыз ?андай т?сті жа?сы к?реді?

       8.    Бала?ыз спортты? ?андай т?рін жа?сы к?реді?

       9.    Бала?ыз бірінші сынып?а ?ай жылы барды?

       10.    Бала?ызды еркелетіп ?андай с?здер айтасыз?

      11.    Бала?ыз?а ашулан?анда,е? алдымен ауызы?ыз?а ?андай с?з т?седі?

      12     Бала?ызды? е? жа?ын досы кім?

Ата-аналар орта?а шы?ып, берілген с?ра?тар?а тез жауап береді.

5.Ситуациялы? с?ра?тар.

Ата-аналар ?стел ?стінен  ?лестірмелі ?а?аздарды  б?ліп алып, с?ра?тар?а жауап береді.

1. Бала?ызды?  ?нері, ?андай да бір іске ?ызы?ушылы?ы, бейімділігі  бай?алса, не істер еді?із?

2. Баламен  с?йлесе білу де ?лкен ?нер,4-6 жаста?ы бала к?ніне к?птеген с?ра?тар ?оятын к?рінеді.Мысалы:т?н неге ?ара??ы, к?н ?айда кетті,?ша? ?алай ?шады,..деген сия?ты таусылмайтын    сауалдар к?п. Сізді? бала?ыз да сондай сауалдарды к?п ?оятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, ?лде елеусіз ?алдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі м??алімдерден «Сізді? бала?ыз бас?а балаларды ?рады» дегенбірнеше ша?ым айтылады. Та?ы к?рші ата-аналардан да «Бізді? баланы ?рды» деген с?з естуге тура келеді дейік.Не істейсіз? Бала?ызды ?алай т?рбиелейсіз?

 4. Кейбір ата-аналарды? баласыны? ?рбір іс-?рекетіне к??ілі толмай:»Сен сала алмайсын,сен істей алмайсы?», -деп айтып жататынын бай?аймыз.Бала іс –?рекетіне теріс ба?а беруге ?алай ?арайсыз?

5. Бала?ыз саба?тан ?ашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6.Бала?ыз  к?нде бірінші саба??а кешігіп келеді. ?алай ж?нге келтіресіз?

7. Бала?ыз мектептегі  бір м??аліммен тіл табыса алмай ж?р. Бала?ыз?а ?андай ке?ес бересіз?

8.Сізді? бала?ыз сыныпта?ы жа?сы о?итын о?ушыларды? бірі,алайда бір к?ні сынып жетекшісі ?лгерімі нашар о?ушылармен алып ?алды,сізді? іс-?рекеті?із?

    9. Бала?ызды? саба?ы,т?ртібі жайлы білгі?із келіп,мектепке келіп т?расыз.           Сынып жетекшісі сізді ?атулы ?аба?,ашулы к?ймен ?арсы алды.Сізді? ?рекеті?із?

10.Биыл сізді? бала?ызды? сыныбында о?итындарды? б?рінде ?ялы телефон бар,,тек сізді? бала?ызда жо?. К?нде «?пер» деп маза?ызды алады,саба??а бар?ысы келмейді.Сіз ж?мыссызсыз,не істейсіз?

11.Сізді? т???ышы?ызды атасы мен ?жесі бауырына бас?ан.Саба?ы ?иындап кеткен со?, ?здері? ?ада?ала?дар деп ?кеп тастады. Ал бала?ыз  т?рбие?ізге к?нер емес, не істейсіз?

6.Релаксация «Ашы? хат» (алдын ала анасына хат жазады)

Н?с?ау: Балалары?ыз сіздерге деген ж?рек т?біндегі лебіздері  мен  ??рметтерін, айта алмай ж?рген ойларын ашы? хат бетіне т?сірген болатын. Сонды?тан ашы? хатты о?ып шы?ып, балалары?ыз?а сіздерде ашы? хат жазы?ыздар. Ашы? хатты бала?ыз?а айтпай ж?рген  еркелетін с?здермен бастап,  болаша??а ?мір жолына тіліктері?ізді жазы?ыздар.  

(Ата-аналарды? жаз?ан хаттарын конвертке салып балаларыны? аты-ж?нін жаз?ызып,  балаларына келесі тренингте таратып беру керек)

7. Шы?армашылы? ж?мыс: «?ол к?мек»

Н?с?ау: А? пара??а о? ?олы?ызды басып саласыз. Содан кейін «бала?ыз?а ?андай к?мек бере аласыз?» деген сауал?а жауап жазамыз.

8. «Ашы?ын айтсам ».

Ата-аналар?а т?мендегідей бланкілер таратылып толтырылады.

Саба?ты? ж?ргізілген к?ні

Мені? тренинг барысында т?йгенім—

Б?рінен де ма?ан мына жатты?у ?нады —

Ж?ргізушіге ?сыныс—

Ма?ан е? пайдалы, ??нды бол?ан—

Мен б?дан да ашы?, шынайы болар едім,егер—

 Ма?ан ?нама?аны—

Е? жа?сы ?на?аны—

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді—-

Тренинг ж?ргізуші сізге ?нады ма?—

Тренинг ж?ргізушіні? орнында мен болсам—

Тренингті ?орытындылау——

?олы——

9.?орытынды.

Ата-ана?а к?з ?уаныш,

Алдына ал?ан еркесі,

К??іліне к?п ж?баныш.Г?лденіп ой- ?лкесі,- деп Абай атамыз ата-ананы? ?уанышы, г?лденген ?міт, арманы тек перзент с?ю, оны т?рбиелеу екендігін айт?ысы келген екен.Ендеше,ата-аналар,?олымызда?ы алтынымызды жа?сылап

т?рбиелейік ж?не біз олар?а ?лгі болар бейне екенімізді ?мытпайы?. Адам да ?мір сия?ты,к?лмесе жайнап ?спейді дейді. Сонды?тан да мына жайттарды есімізге ?стайы?: «Отбасында берілген т?рбие жігері?ді ??м ?ылып, жерге ?аратпасын десе? бала?а кішкентайынан т?зу т?рбие бер»,- деп ата-бабамыз айт?андай, бала т?рбиесіне уа?ыты?да к??іл б?ліп, елімізді? инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ?рпа?ын т?рбиелейік.Егер ата-ана   мен мектеп ?зара ты?ыз байланыста болса, балалар?а бірдей талап ?ойып отырса,

т?уелсіз елімізді? ?л- ?ыздары жан-жа?ты дамы?ан  азамат болып шы?ары с?зсіз.

?депті     бала

Ата –анасын ма?татар,

?депсіз бала,

Ата-анасын ?а?сатар.

?йінде ?л- ?ызы барды?,

К?гінде с?нбес ж?лдызы бар.

Жа?сыны? с?зі,

           шайдай жары?, айдай аны?.

          Мейірімділік –ж?ректен.

         Атадан  — ?сиет,

          Анадан   — ?асиет.

10. Естелікке суретке

Просмотр содержимого документа

««Отбасы махаббаты неде?» ата-аналар?а арнал?ан тренинг»

Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата — аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс — тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ — жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3. Қызығушылығын ояту.
Ата — аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.

4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата — ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында.

5.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. Ата — аналарға «Сіз қандай ата — анасыз?» тест. Олар балалармен қарым — қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
— Мен саған қанша рет айтамын? — Маған кеңес бере қойшы, айналайын! — Мен сенсіз не істер едім?! — Бұл не тағы? — Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? — Кімге тартқан бәлесің өзің? — Мен сендей кезімде.. — Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! — Сенің жаныңдағы қандай достар осы? — Сен не ойлап отырсың? — Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… — Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары: 7 — 8 балл — Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым — қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 — 10балл — Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 — 12балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата — ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 — 14балл — Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар — оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата — ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

7. Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — балапан ұшыру емес» деген мақал — мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық — педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз — ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс — керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі — ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 — 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін — еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл — күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата — аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің
бастауыш класс оқытушысы
Мурынова Алия Ордабаевна

Ата — аналар жиналысының тақырыбы: Жақсы бала, ата — ана қуанышы

Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру;
Түрі: топтастыру
Көрнекілігі: карточка, дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.

Жоспар
1. Тренинг: шаттық шеңбері
2. Кіріспе сөз: Ата — ананың басты қуанышы бала
3. І — тоқсан қорытындысы және ІІ — тоқсан мақсаттары
4. Елбасының білім туралы жолдауы
5. Мектеп сынып қоры
6. Жаңа жыл мерекесі
7. Әртүрлі сұрақтар

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.
Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрады. Бүгінгі кездесуде сіздер балаларыңызды таңертең қалай және қандай көңіл күйде оятасыз. Соны
Бір — бірлеріңізге қарап айтып көрейік. Міне осындай жылы сөздерден баламыздың жүзінен қуаныш көре аламыз.
Ата — ананың басты қуанышы — бала.
Ата — ананың басты — қазығы, алтын тіреу діңгегі — бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан — жақты қалыптасуына ата — ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан — жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін — ұстаз болса, оның сүйеніші ата — ана. Сондықтан ата — ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.
Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

3. Елбасының білім жолдауынан үзінді. Мектептегі білім сапасын көтеру.
Балабақшаларды көптеп ашу. Сонымен қатар үш ауысымды мектептерді екі ауысымдық ету. Білім сапасын көтеру.

4. Ата — ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері:
1. Мектепке деген құрал — жабдықтармен қамтамасыз ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;
3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;
4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;
5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;
6. Баланың сабағына қатысу;
7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;

5. Жаңа жыл мерекесі мектепте болады. Жаңа жылдық сыйлықты ұйымдастыру.
6. Әртүрлі сұрақтар бойынша ата — аналар сұрақтарына жауап беру.

Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы
«№14 орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі:
Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы

Тренинг, ата аналар жиналысына арналған жоспары, ата-ана жиналысының жоспары

© Дереккөзі

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….

Мақсаты: 1. Оқушылардың ата-ана сөзінің мәні ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық – қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.

  1. Оқушылардың ата-ана алдынжағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру
  2. Ата –ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Тақырып  жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,  компьютерде жазылған слайд, проектор, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.

            Нақыл сөздер

  1. «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақал-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» .                  А.С.Макаренко
  2. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл-отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А.С.Макаренко
  3. «Бала жөнінде әділ пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесінде көшуіміз керек».                                    Н.Н.Пирогов
  4. «Ата-аналар балалрына сыйлы болуы тиіс. Бірақ сый – сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» В.Г.Белинский
  5. «Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халыққадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз

Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.  Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл блген.

«Әрбір баланың мінез – құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, жиналысымызға  қатынасып отырған ата-аналар, ұстаздар төмендегі сауалнамаларға жауап берейк.

  1. Сауалнама
  2. Ата-ана құқығы

Бала тәрбиесіне қағидалар. (Слайд)

  1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қатынасын жасаған абзал.
  2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дрекі жауап береді.
  3. Егер өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят
  4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата- анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
  5. Ата- ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.

Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүлде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көөмектесе, сол адамды демеп-жебесе ол мейрімділікке жатады.

Іс – шарамыздың келесі блімінде мына бейнебаянға назар аударсақ (Б.Мұстапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі.)

Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.

Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсындар?  Енді ос көрсетілім бойынша сұрақ қоғым келеді:

  1. Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар?
  2. Ата-аналар, сіздер не айтасыздар?
  3. Сендерге қалай әсер етті?
  4. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?
  5. Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.

1-қателік. Балаларды орынсыз еркелету.

2 – қателік. «Не істесең оны істе, маған бәрібір» деп айту

3-қателік. Аса қатылдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата — анңмын» деп айту

4-қателік. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту

5-қателік. «Саған кңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту

6-қателік. Балаңыздың баршалыққа  баулымау

Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Келесі блімімізде «Бала тілегі» атты бейнебаянды ұсынамыз.

Бала тілегі атты бенейбаяннан өрбитін сұрақтар.

  1. Осы бейне баяннан қандай ойлар туындайды?
  2. Әкеннің ондай жағдайға душар болуына не әсер етті?
  3. Ағасының бауырына істегені дұрыс па, оны сіз жақсылық деп түсінесіз бе?

Қорытынды:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондқтан  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алғаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.

«Мейірімділікті анадан,

Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.

Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қаситтерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен  ата-аналар жиналысымды тәмамдаймын.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий анука мамы
  • Сценарий астрологической вечеринки
  • Сценарий анука девочки
  • Сценарий ассасин крид
  • Сценарий антошка пойдем копать картошку