Сценарий ауыл туралы

Cкачать: Сценарий. Ауылым алтын бесігім!

            
Ауылым алтын бесігім!

Әуенмен
балалар залға кіреді

Мақсаты: Балаларға туған жер, ауыл туралы
түсініктерін кеңейту. Туған ауыл тарихы мен таныстыру. Туған жердің қадір-
қасиетін
  ұғынуға, өз ойларын жеткізе
білуге үйрету. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін
қалыптастыру. Туған Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:   
Ауылым-алтын бесігім.

                         Жүрегім, жырым сенікі

                         Кеңесі далам, кең далам.

                         Тудым,өстім, есейдім,

                          Ең далам-анам,  мен-балаң!

Құрметті қонақтар,ата-аналар, балабақша ұжымы бүгінгі «Ауылым-алтын бесігім» атты ертеңгілігімізге
қош келдіңіздер!

(Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау)

Жүргізуші: -Әнге құлақ түріңдерші?

                     -Ән не туралы екен?

Балалар: — Ауыл туралы

Жүргізуші:— Иә, балалар ән ауыл жайында. Ал, біздің ауылымыз
қалай аталады?

Балалар:  Боралдай

        
Слайдқа назар аударайық!

Жүргізуші:
Балалар, біз туған ауылымызды сүйе білуміз керек. Табиғатын қорғап, ауылымыздың
тазалығын сақтап жүруміз керек.

Олай болса ауыл туралы тақпақтарымызды айтайық.

Н.Айару:   
Ауыл деген кең дала,

                     Жап-жасыл ғой айнала

                     Ауасы қандай тамаща,

                     Ой салады оңаша!

Алима:       
Гүлденсе  біздің ауылымыз.

                      Гүлденеміз бәріміз!

                      Ауылменен әрқашан

                      Кіреді біздің сәніміз.

Ролан:         
Біздің ауыл көктемде,

                       Көл жағалай қонады.

                       Айдын шалқар көліне

                       Аққу қаздар қонады.

Жүргізуші:   
Ауыл десем, мал елестер көзіме

                        Ауыл десем, дән елестер
көзіме,

                        Ауыл десем ер саламын құр атқа,

                        Ауыл десем ән естілер құлаққа.

Ән:
«Біз өмірдің гүліміз»  Әні: Ғизатов

(Слайд жүріп тұрады ауылдың)

Көрініс: «Менім ауылым»

Ата мен апа кіреді.

Ата: — Апасы құрт майыңды дайындап, бауырсағыңды пісіре бер. Немеремізде
әне-міне дегенше кеп қалар.

Апа:— Ия, ия, дайын бауырсақты да пісіріп қойдым. Қазір дастарханымды жайып
қояйын.

Немересі анасымен кіреді.

Немересі: — Ата, апа мен келдім?

Атасы мен апасы қарсы алады.

Немересі:— Мен сіздерді сағындым, ауылды сағындым, апа сіздің
құртыңызды сағындым.

Немересі:- Ата мен достарыммен ойнап қайтайын.

Ата:- Жарайды балам, ойнай ғой.

Ойын:  «Ханталапай»

Шарты: Балалар шеңбер бойына отырады, асықтар арасынан
ерекше қызыл асықты кім табады, сол бала «хан» аталады.

Атасы: Айналайындар өркендерің өссін, біз бір марқайып
қалдық.

Немересі: Ата,апа сіздерде бізбен бірге қалаға
жүріңіздер! Демалып қайтасыздар.

(Осы жерде шығып кетеді)

Жүргізуші:   Думан қызсын, көрсетсін ел өнерін

                       Жатыр небір айтылып сөзде
керім,

                       Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен

                       Көрсетсін өз өнерін біздің
қыздар!

Би: «Асатаяқ»

Мақал- мәтелге кезек берейік

Алиар:  Ауылым-алтын бесігім!

Қ.Інжу:  Ел- іші алтын бесік

Сабина:  Ауылы-бірдің, аузы бір

Жанерке:  Ауыл аймағымен- бота тайлағымен.

Ән:  «Отан»    Әні: Қуатбаев

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім

  Мақсаты:  Оқушыларды елін, жерін, халқын,ауылын сүюге, Отанын қастерлеуге  тәрбиелеу. 

Мұғалім:

-Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Биыл біздің ел басшымыз      Н. Ә. Назарбаев « 2011 жылды – бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы»  деп жариялады. Ал 26 қараша мен 15-ші желтоқсан аралығын           «20 жұлдызды күн – тәуелсіздіктің жиырма шыңы» дей отырып асыр салып тойлаудамыз.

Олай болса  Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы бәрімізге құтты болсын, ағайын!

Бүгін сіздерге осы «25 жұлдызды  күн» күнтізбесінен «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағатымызды ұсынғалы отырмыз. Кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! 

ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші:

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышты қанат қып, саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған-ау.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!

Жүргізуші:

-Қайырлы күн,қымбатты да аяулы оқушылар! Сіздерді тәуелсіздік мерекесімен

Бірге: —  құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Сонымен, Тәуелсіздік бізге қалай келді, желтоқсанда қандай оқиға болды, оған кімдер қатысты?

2-жүргізуші:Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген – әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Жүргізуші:

-Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен мандай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.

Жүргізуші:

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Приречное мектебінде оқып жатқан

Кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы аламыз.

1.Бір кездері  ауылымның ,

Тоз-тозы шығып кетіпті.

Енді бүгін сол ауыл

Мәресіне жетіпті.

 2.Өйткені біздің Елбасы,

Көңіл бөлді ауылға.

Техника мен несие

Бөліп берді қауымға.

3.Қолдары бүгін ұзарып,

Еншісіне тиді жер.

Жер кіндігі мол байлық

Тұрмыстарын түзетер.

Жүргізуші:

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап,

жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шанырағынан шыққан. Тіпті Елбасының өзі Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туып-өскен.

Гәкку:

Ауыл десем, мал елестер көзіме,

Ауыл десем дән елестер көзіме.

Ауыл десем ер саламын құр атқа,

Ауыл десем ән естілер құлаққа.

7сынып оқушысы Шпек Айболдың орындауында «Ауылым» әнің қабыл алыңыздар.

Белсенді тақтада ауылымыздың 80 жылдықтағы көрінісін көрсету.Бұрынғы кездегі мен қазіргі таңдағы көрінісі.

Таңда тұрып таңырқаймын,қараймын

    Жүргендей-ақ ішінде сән сарайдың.

Туған жердің табиғаты тамаша,

Атып келе жатқанындай арайдың.

Сөйлегендей төңірек маған ымдап,

Өзіне шақырады қолын бұлғап.

Туған жерім мекенім, алтын ордам,

Ақшәулім ардақтымсың маған қымбат.

Сылдыры жасырынған құлағыма,

Маған қымбат шипалы бұлағың  да.

Мамықтай жанға жайлы, көк балауса,

Аунап жатсам шіркін-ай, құрағына.

Туған жерім кең-байтақ ұлы далам,

Ыстық сенің ұлың да, қызың маған!

Айналайын, ауылым берекеңмен

Бірлігіңнен қаймағы бұзылмаған.

Бойында халқымның бар қайсарлығы,

Құдайы қонақ күтіп аңсарлығы,

Сақталған ауылымда әлі күнге

Қарапайым қазақтың аңқаулығы.

Білімге де бойымды жетеледің,

Ойыма көп ой қосып, еселедің.

Ауылымның ауасын сағынар ем,

Алыс кетсем жүрегім не етер едің?

Туған жерім анамсың сен, досымсың,

Алтын бесік сүйем сені, осым шын.

Ызындаған сазды үніне желіңнің

Менің сәби әуенім де қосылсын!

 Қонақтарға сөз беру.

Жүргізуші:

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Би «Аққу». Асылғазы Гәкку. 

Жүргізуші:

Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар.

Жүргізуші:

Ауылым – ырысы мол құт-мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саянда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,

Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.   

«Ақкөлім» жыр шумағы орындайтын Шпек Мадияр.

Қорытынды.

Мұғалім: Құрметті көрермендер!

-Отанымыз тыныш болсын, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық тілеймін. Балаларымыз өз өнерлерімен бізді осылай қуанта берсін. Бүгінгі кешті мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

«Ауылым алтын бесігім,сенде өстім ,сенде көктетім,

Тыныстар ме екен енді тұмарым.»

Сабақтың  тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім

Сабақтың  мақсаты:

  • Оқушылардың туған  жер, ауыл  туралы  түсініктерін кеңейту.

Туған  ауыл  тарихымен  таныстыру.

Туған  жердің  қадір – қасиетін  ұғынуға, өз  ойларын  жүйелі түрде  жеткізе  білуге  үйрету.

  • Туған жеріне , еліне деген  сүйіспеншіліктерін,  сезімін  қалыптастыру.

Туған  Онанын құрметтеуге  тәрбиелеу.

  • Өз  ойларын еркін  жеткізе  білуге үйрету.  Ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Сабақтың  әдісі:  сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті  тақта, қанатты  сөздер, ауыл  туралы әндер,  әуендер.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық  шеңбері»  оқушылар  шеңбер  жасап  тұрады.

Психологиялық  дайындық

Аспанда  күн  ыстық

Ал  жерде  кім  ыстық

Әке  мен  шешеміз

Сүйікті  тым  ыстық

Бәрінен  Т Ы Н Ы Ш Т Ы Қ

Деген  сөз  тым  ыстық

Жасасын  әлемде

Достық  пен  тыныштық

  1. Негізгі кезең:
  • Үнтаспадан ауыл  туралы  ән  тыңдау.  Әннің  мәтініне  назар  аудару.  — Ән  не  туралы  баяндалған?
  • Әннің әуеніне  құлақ  түріңдерші?
  • Сендерге қандай  әсер  берді?
  • Әрине, ауыл туралы  сыр  шертеді.
  • Ендеше ауыл  туралы  өз  ойларыңды айтыңдаршы.

-Ауыл  дегенде  көз  алдарыңа  не  елестейді? – деген  сұраққа  не  деп  жауап  берер  едіңдер?

-Ауыл – қазақтың  алтын  бесігі, түп  төркіні.

-Ауыл  десе  кең  жайлау,  ағынды  өзен,  асқар  тау  елестейді.

-Ауыл  десе  сиыр сауған  апаларымыз, қымыз  сапырған  әжелеріміз  елестейді.

-Ауыл  десе  асыр  салып  ойнаған  ауылдың  қара  домалақ  баласы  елестейді.

— Ауыл  десе жеті  қанат  киіз  үйі, құрт  пен  майы, ірімшігі  еріксіз еске  түседі.

Ендеше  бүгінгі  сабағымыз  сол  ауыл  туралы  болмақ.

  • Интерактивті тақтамен, слайдпен  жұмыс  жүргізу.

1)Сабақтың  тақырыбы:  «Ауылым – алтын  бесігім»

2)

Ауылым – алтын бесігім

Жүрегім, жырым  сенікі

Кеңесті  далам,  кең  далам

Тудым  өстім  есейдім.- деп ақындарымыз  жырлаған.

-Туған  ауыл, Атамекен, Отан  туралы өлеңдер, шағын эсселер  оқыту.

1-оқушы

Қасиетті  туған  жер! Бойымдағы  бар жақсы  қасиеттерім  үшін  мен  саған  қарыздармын.Қажырлық  пен қайсарлықты, имандылық  пен  байсалдықты  шексіз даламнан  үйрендім.

2-оқушы

Біздер  жас  ұрпақ,  қазақ  елінің  ертеңіміз.  Сондықтан  да  менің  достарым  жақсы  оқып, білімді  болып  ер  жетуі  тиіс. Мен  елімнің,  туған  ауылымның  болашағы  зор  екендігіне  сенемін. Өйткені  біздің  елімізде  татулық  та,  достық  та,  байлық  та  бар.

3-оқушы

Мен  өзімді  және  жазиралы  кең  жерімді  сүйемін. Адам  асқақ  арманына  туған  ауылын,  жерін, Отанын  сүйсе  ғана  қол  жеткізе  алады.

4-оқушы

Ауыл  десем,  мал  елестер  көзіме

Ауыл  десем,  дән  елестер  көзіме.

Ауыл  десем  ер  саламын  құр  атқа

Ауыл  десем,  ән  естілер  құлаққа.

5-оқушы

Жайқалған  шалғын

Қазына  толы.                                             Байлығы  тасқан,

Толассыз  қарқын,                                     Арманы  асқан

Маңырап  малы.                                        Бақытты  менің  ауылым.

  1. «Еліміздің өзегі – алтын  ауыл»

-Бұл  ауыл  қалай  құрылған:

Айхой,  шіркін  Шамалғаным  ауылым,

Ата – ана , құрбылар  мен  бауырым.

Қиындыққа  мойымыған  әр  уақыт,

Қайран  менің  өсіп – өнген А у ы л ы м

*Ауыл 1929 жылы 1 – қаңтарда  Шамалған  теміржол  поселкалық  кеңесі  болып  құрылды.

* 1940  жылдан  бастап теміржол  поселкалық  кеңесі  Жаңа  Шамалған  ауылдық  кеңесі  болып  аталды.

* 29  тамыз 1961  жылы  облыстық  атқару  комитерінің  шешімі  бойынша  Калинин  және  Шамалған  ауылдық  кеңесі  болып  аталады.

* 1 қазан  1970  жылы  Жаңа Шамалған  ауылдық  кеңесі толығымен  аудан  құрамына  кірді.

* 1961  жылы  Тұрар,  Көлащы,  Батан,  Қошмамбет  ауылдары  және  Шамалған  бекеті  бірігіп «Дружба»  совхозын  құрды.

* 1994  жылы  Жаңа  Шамалған  ауылдық  аймағы  құрылды.

Енді  осы  ауылдың  көркем  жерлері  мен  мекемелеріне  сыныптағы  Умирбаева  Аружан  шолу  жасайды.

«Аңсаған  менің  ауылым»   Шамалған  ауылына  қош  келдіңіздер!

  • Суретте сіздер  Жаңа  Шамалған  ауылдық  аймағының  әкімшілік  ғимаратын  көріп  отырсыздар.
  • Бұл ескерткіш  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Отан  үшін ерлік  көрсеткен бабаларымызға  арналған.
  • Қазір Қазақстан темір  жолы  жақсы  дамыған  кезең. Соның  бір  айғағы, Шамалған  темір  жол  бекеті.
  • «Денсаулық – зор байлық»  демекші  Шамалған  бекетінде  бір  аурухана  халыққа  қызмет  етеді.
  • Суретте «Шамалған базар  орталығы», «Қазақстан»,  «Байқоңыр»  сауда  орындары. Елімізде  жеке  кәсіпкерлікті  дамытуға  зор  мүмкіндік жасалға.
  • «Білім кілті — мектепте»  Шамалған  бекетінде  үш  білім  ошағы  жас  ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беруде.
  • №1 Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  орта  мектеп.
  • № 2 Шамалған  ауылындағы  қазақ  орта  мектебі
  • № 3 Бұл біздің  мәуелі  білім  ошағымыз,  жас  ұрпақты  қуанышқа  бөлеген  «Шамалған  бекетіндегі  жаңа  қазақ  орта  мектебі.»

Сенімді  жолмен  бастасын,

Халқымның  алып  батасын.

Аттаған  жаңа  заманға,

Ауылым  менің  жасасын!

  1. «Ауылымның келешегі,  менің  болашағым»
  • Сен ауылың  үшін  не  істер  едің?
  • Сен ауыл  дәрігері  болсаң…
  • Сен кәсіпкер  болсаң…
  1. Қортынды:

Сабағымызды  келешек  журналистер қортындыласа:

1-сұрақ:  Ауыл  кәсіпкерлері  туралы  білесіз  бе?

2-сұрақ:  Ауылымның  қазіргі  жағдайы  мен  бұрынғы  жағдайы  қандай?

3-сұрақ: Ауылды  құру  үшін  қандай  қиындықтар  кездесті?

4-сұрақ: Болашақ  ауыл  қандай  болса  екен  деп  армандайсыз?

Ән  «Ауылым  әнім»  хор.

-Үнтаспадан  ауыл  туралы  әуен  орындалады.

«Бір  сәт  қуаныш»  келген  қонақтар  бүгінгі  сабақтан  алған әсері  туралы  жазып, тақтаға  іледі.

Сабақты  қортындылау,  үйге  тапсырма  беру:

Ақмола облысы Бұланды ауданы

«Қараөзек орта мектебі» КММ-і

Ауылым –алтын бесігім

Авторы: Базар И.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауылым- алтын бесігім.

Мақсаты: 1) ауылдың кешегі тарихы туралы мәлімет беру, бүгінгісіне шолу жасау

2) кіші Отанға деген сүйіспіншіліктерін арттырып, патриотизмге тәрбиелеу

3) ауылдың болашағына көз жіберуге келешекте дамытуға, гүлдендіруге өз ұлестерін қосу

Көрнекіліктері: Интерактив тақта, плакаттар, ауыл туралы нақыл сөздер.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің, ауылымыздың болашағы тек қана білімді жастар екені сөзсіз. Осы мақсатта 8 –ші сынып оқушыларының қатысуымен «Ауылым-алтын бесігім» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!

Ән ұран орындалады.

1-жүргізуші:

Қараөзегім менің ауылым туған жерім,

Төрінен ән кетпеген думанды елім.

Қысы жазы көмкерілген жасыл шырша,

Еріксіз көзі тұрған белің. –деп ақын ағамыз Елеш Хабылхан жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!

ҚР Президенті — Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» делінген болатын.

2-жүргізуші:

Сондай-ақ туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек деді- Елбасымыз.

1-жүргізуші:

-Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен мандай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.

Олай болса оқушыларымыздың ауылымызға арнауын тамашалаңыздар!

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Қараөзек мектебінде оқып жатқан

Дарынды оқушыларды қарсы аламыз!

Серікбол:

Жастарға аманат

(ауылымыздың тұрғыны Абдил Хайымханның туындысы)

Қараөзегім туған ауыл мекенім,

Алыс кетсем, өзіңді аңсап жетемін.

Жүрсемдағы сән –салтанатым келісіп,

Өле-өлгенше сені аңсап өтемін.

Жып-жылы боп көрінесің көзіме

Неге ыстықсың деп қоямын өзіме

Сенің сұлу табиғатың дем беріп,

Берілемін талай ыстық сезімге.

Бұдыр –бұдыр төбелерің көлбейді

Орман-тоғай қолын бұлғап кел дейді

Қайрақты өзен баяу ағып барады

Сағым дала самал құшып тербейді

Махаббатым шексіз менің Отанға

Отан ыстық, ауыл қымбат қашанда

Жастарыма аманат, көз қырыңды сала жүр,

Күйі кетіп ауылдың қалмасыншы тасады.

Айбол:

Шөбі шүйгін жері құт Қараөзектің

Ойымен айтар болсам ересектің .

Ауылы алтын бесігі мақтанышым,

Баянды бағы болған келешектің.

Ботагоз:

Сен менің ауылымсың ойымдағы

Алланың берген сұлу сыйымдағы.

Келбетің мәңгіесімде сақталады,

Қайратты өзенінің бойындағы

1-Жүргізуші:

Ауыл десем, мал елестер көзіме,

Ауыл десем дән елестер көзіме.

Ауыл десем ер саламын құр атқа,

Ауыл десем ән естілер құлаққа.

7 «А» сынып оқушысы Хайымхан Ақтілектің орындауында

«Қараөзегім мекенім» әні сөзі Абдил Х.

2-жүргізуші:

Қымбатты көрермендер: алдарыңызда оқушылардың ауылға арнау тыңдаңыздар.

Жанболат:

Алыста жүрсе сағынар,

Көркем сөздер тағылар.

Сағынам сені ауылым,

Пендемін саған табынар.

Топырағыннан нәр алған,

Төсіңде шауып бәйге алғам

Қараөзектей ауылды,

Табайын іздеп қай маңнан.

Алтынжан:

Қараөзектей ел қайда

Қараөзектей жер қайда

Төрт көшелі ауылым

Өзіңді толғау болмайма.

Қараөзек текті елім,

Гүл көмкерген бөктерін

Аман қылсын мәңгілік

Ұстаздармен мектебін.

Келесі кезекті көрініске береміз. «Ауыл өмірінен үзінді»

2- жүргізуші:

 Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар-дей келе әсем аруларымыздың биін тамашалаңыздар.

Би «Аққу». Серикболқызы Айсулу, Ерханат Алтынжан

1-жүргізуші:

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап, жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шанырағынан шыққан.

Ауылым – ырысы мол құт-мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саянда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,

Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.   

Отанымыз тыныш болсын, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық тілеймін. Балаларымыз өз өнерлерімен бізді осылай қуанта берсін. Бүгінгі кешті мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

«Ауылым алтын бесігім,сенде өстім ,сенде көктетім,

Тыныстар ме екен енді тұмарым.»

«Қараөзегім мекенім» әні сөзі Абдил Х.

Қараөзегім мәңгілік тұрағым бол,

Таусылмайтын әрқашан жыр әнім бол.

Кір шалмас атағыңа байтақ елім ,

Адал жандар өзіңде тұрады мол.

Қайырмасы

Қараөзегім мекенім

Өзіңде өскен екенмін.

Қасиетті жер ұйық

Әнге қосып өтемін

Алтын дәні тербеліп құлпырғандай ,

Көлдерінде айнадай сыр тұнғандай.

Береке-бірлікпен тату өскен.

Қараөзектің барша халқы бір туғандай

Қайырмасы

Ну орманмен жан-жағы көмкерілген

Жеміс- жидек мал жанды тең өсірген

Өнерпаз, ақын –ұстаз, шеберлері

Халқының мақтанышы, кемеңгері

«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі — тірлік»

Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның

СЦЕНАРИЙІ

Мақсаты:  «Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру,  балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

(Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар, ата-аналар, мүғалімдер ұлттық киімдерімен келеді. Залда әсем әуен ойнап тұрады).

(қосылып тұрған «Наурыз думан» әні біртіндеп азайтылады)

 1 жүргізуші (Мейрам): «Сәлем» — сөздің атасы демекші

Ассалаумағалейкум қаптаған ел,

Жүйрігінің жалындысын баптады ел.

Бүгін міне думанды мерей той болады деп,

Асқазанын сары майдай сақтаған ел.

2 жүргізуші (Айгерім): Армысың тойға келген үлкенің де жасың да бар,

Ашық болсын жайылған дастарханың

Шежірелі сөздердің шекесінен

Сәлем бердім төрдегі, ақсақалым (басын иеді).

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.

Шілдехана, бесік той, тұсау кесер,

Сүндет той, туған күн тойлап, той жасау –

ата-дәстүр салтымыз,

Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.

Думанды тойын жасап дүбірлетіп,

Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.

2 жүргізуші: Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам,

Қайта оралған намысымдай наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым,-дей отырып

құттықтау сөзін мектебіміздің директоры  Ақсауытова Ажар Жансұлтановнаға береміз.

1 жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар. 

2 жүргізуші: Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағатқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай салалар гүрілдеп.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдеп.
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.

1 жүргізуші:   Ауыл барма ақсақалсыз, ағасыз?

Оның айтқан сөзіне әрбір нанасыз

Сөз берейік қарияға төрдегі

Тағылымынан зор ғибрат табасыз

(үлкен кісі батасын береді).

1 жүргізуші:   Қазақпыз – қыз өсірген інкәр қылып,

Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп

Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,

Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

«Ерке сылқым» күйі – Асыл мен Мейрам Қосановтар

2 жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

«Ата дәстүрі» әні – Ахметова Дильназ

1 жүргізуші:   Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі».

2 жүргізуші:   Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі алдынан шығып шашу шашады)

Әже (Ерасылдың мамасы): Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Мешінді» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Әтеш» кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.

Наурыз қыз (Лаура): Мен «Наурыз –қызбын»,
Әжем де қасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға.
Келген жылым жақсылыққа басташы,

Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!

2 жүргізуші:   Қош келдің, әтеш жылы
Еліме бақыт жылы, құт жылы
Бейбіт жылы боп кір әр үйге,
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады.

Наурыз қыз:                   Жасай бер жаңа күн!

Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

(Осы кезде Арай шығады – «Көктем» биі Лаурамен бірге орындалады)

1 жүргізуші:  Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні — ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

2 жүргізуші:   Күлімде, Наурыз, күлімде!   

                          Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

                           Күн мен Түнді шақырайық ортаға

                          Қуанышың сыйласың бүкіл елге!

( Күн мен Түн ортаға шығады көрініс)

Күн (Дариға):                Сәулесі көп күнмін.

Түн (Әмина):                 Жұлдызы көп түнмін

Екеуі:         Бірдей болып біздер,

                          Теңелеміз бүгін.

Түн:            Ал, ертең күн ұзақ.

Күн:            Түн қысқарар бірақ.

Екеуі:          Ұйқы қанбай қалып

                           Жүрмендер тек жылап.

                            Күн менен түн теңеледі,

                           Жер шуаққа кеңеледі.

                           Соны тойлар ел енді.

1 жүргізуші:   Әке сөзі – парыз,

Ана сүті – қарыз,

Ұл өссе – ұрпақ,

Қыз өссе — ырыс.

(Ахмет залға жүгіріп келіп Ажар Жансұлтановнадан сүйінші сұрайды)

Ахмет: Апа, апа, сүйінші, ауылға келін келді!!!

(Есік жақтан екі жеңгесімен (Әсем, Айжан апайлар) келін (Ұлмекен апай) кіріп келеді)

(«Беташар» дәстүрі, келіннің бетін ашатын Қосанов Мейрам, Ажар Жансұлтановна келінді бетінен сүйіп, батасын береді)

1 жүргізуші:   Өмір тойы, көңіл тойы – үйлену

Үйлену, бір – мәңгі көктем күйге ену

Жаңа отаудың қабырғасы қаланып

Дүниеге тағы да бір үй келу,- деп бәріміз қосылып бір тамаша ән шырқайық.

(Барлықтар қосылып «Той, тойға ұлассын» әнін шырқайды, домбырада Мейрам Қ.)

2 жүргізуші:   Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

9 сыныптың қыздарын орындауында «Қазақ» биі

(жылаған баланың дауысы қосылады)

1, 4 сынып «Балаға ат қою» – Арманның атасы Айтбай ата дәстүрді көрсетеді

1 жүргізуші:   Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар,- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

Айтбай аға, сөз өзіңізде!

1 жүргізуші:   Қарақазан – қасиетті халқымның,

Бір өзіңде құдіретті салтымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Құны ешқашан төмендемес нарқыңның.

Ауылдың алты ауызын 5-ші сынып жалғастырса!..

«Қазақ дастарханы» әні – Қосанова |Асыл

2 жүргізуші:   Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Енді, 1 сыныптын шашуын көрейік!

«Бипл» биі Шырайлым мен Әсем апай

1 жүргізуші:   Жұп болсын деп, 5-ші сыныптың ән-шашуын ортаға салайық! Дильнара, сені тыңдаймыз!

«Дархан жерім» әні

1 жүргізуші:   Нәресте — жаңа туған жөргектегі сәби. Сәби – өмірдің гүлі, көз сүйініші, әке — шеше дәнекері, жас баланың жұпар иесі — көңілдің хошы, жанды жадыратар нұры. Сөзі – бал, қылығы — қуаныш, сүйсең — шәрбат. Сәбиге жұмақ есігі ашық. О дүниеде ата — ана қорғанышы, арашашысы және жеңілдік әперуші періште тектес пәк жаратылыс тобына жатады. Ендеше, Күнзада апайымыз «Бесікке салу» дәстүрін ортаға салады.

(«Бесіке салу» дәстүрін 2-3 сыныптардың ауылы көрсетеді)

1 жүргізуші:   Ауылдың балалары аяққа оралмай, мына жерде асық ойнай тұрындар. (оларға асық беріледі)

2 жүргізуші:   Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

«Арқан тарту» ойыны — 7 сыныптың ұлдары

1 жүргізуші:   Үлкен бір қария үйінде отырса, немересі келіп, байлық келді деген екен. Сонда қария осы уақытқа дейін келмеген байлықтың енді қажеті жоқ, жүре берсін, депті.

Біраздан кейін, немересі: «Ата-ата, дәулет пен бақ келіп тұр», — депті. «Осы уақытқа дейін келмеген дәулет пен бақтың қажеті жоқ, жүре берсін», — депті қария. Біраздан соң немересі жүгіріп келіп «Ата-ата, амандықпен деңсаулық келіп тұр», деген екен. Сол кезде қария орнынан тұрып, амандық пен деңсаулықты төрге шақырғанда, артынан байлық та, дәулет те еріп кіріп, қариядан сұрапты: «амандық пен деңсаулықтан біз бұрын келдік, бізді неге кіргізбедің» дегенде, «Егерде менің амандығым мен деңсаулығым болмаса, осы немерелерімнің жүгіріп жүргені, осы амандық пен деңсаулықтың арқасы. Олар болмаса маған байлықтың да, дәулетің де қажеті жоқ», деген екен.

Олай болса, амандық пен денсаулықтың арқасында бәріміз осында, бір ауыл болып, шаттыққа толып отырмыз.

«Ауылдың алты ауызын» айтуға 3-ші сыныптың ауылына кезегі келді.

3-ші сыныптың жігіттері қайдасындар!

«Қазақ жігіттері» әні – Азамат, Азат, Санжар, Жасұлан

2 жүргізуші:   Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі – жасың,- деп «баланы қырқынан шығару» дәстүрін тамашалайық.

«Баланы қырқынан шығару» дәстүрін 9 сыныптың ауылы –

Жұлдызайдың әжесі көрсетеді

1 жүргізуші:   «Ауылдың алты ауызының» кезегі 9-шы сыныптың ауылына келді.

(«Төрешім» әні – Мырзахмет)

2 жүргізуші: Арпа өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

«Қара жорға» биі!!!

(«Қара жорға» биі – 3-4 сыныптардың ұлдары)

1 жүргізуші:   Осындай той бәрімізге жұғысты болсын деп, Бітібай аға, ежелден келе жатқан «асату» дәстүрімізді көрсетіп жіберіңізші.

 2 жүргізуші:   Жолың болсын деселік,

                                     Жолыңа нұр төселік.

                                      Жарылқасын алдыңнан,

                                     Тұсауынды кеселік.

«Тұсау кесер» дәстүрін 5-6 сыныптың ауылы Гүлсезімнің анасы көрсетеді           

2 жүргізуші: Осы ауылдың ән-шашуын ағалы-інілі Руслан мен Азаматтан сұрайық. «Жаным қазақ» әні.

1 жүргізуші:   Жұп болсын деп, ата-аналар, даярлық тобы ән кезегі сіздерде…

1 жүргізуші:   Ассалаумағалейкум, уа халқым,

Айналдым келбетіңнен сенің жарқын.

Ел болып халық болып қастерлейік,

Ертеден бізге жеткен ата салтын,- дей отырып көнеге айналған «Тілашар» дәстүрімізді бірге тамашалайық.

«Тілашар» дәстүрімен Бітібай атамыз таныстырады.

2 жүргізуші: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Олай болса Қазгелді атамыздан (Нұрасылдың атасы) бата сұрайық.

 1 жүргізуші:   Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке — бірлік болсын деп,
Ауылдың алты ауызын

Жұлдызай мен Данагүл жалғастырсын.

«Наурыз-көктем» әні.

1 жүргізуші:   «Көппен біткен іс сәнді –

Көппен біткен ас дәмді»,- дей отырып сөз кезегін мектеп әкімшілігіне берсек.

(Көтермелеу ретінде әр ауылға мадақтамаларды табыстайды)

2 жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
                  Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош, сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенше күн жарық болсын!

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Мақсаты: . «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбелеу. Ата дәстүрін ардақтау – әкені, ананы, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу тәрбиелеу. Ата-бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрімізді Тәуелсіз мемлекетімізді көркейту үшін ұмытпауға тәрбиелеу.

Міндетті: Қазіргі кезде ұмыт қалған көне дәстүрлердің мағанасын ашу,
Қазақтың сал – дәстүрлерін зерттеу; Балаларға қазақтың салт – дәстүрлерін тірбиелік маңызына тоқталу.
Іс – шараның өзектілігі: Тәуелсіз елімізде ата – бабаларымыздың қалдырған салт – дәстүрлерін қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, болашақ ұрпаққа жеткізу.Қазақ «қазақ» деген атына сай болу үшін, қазақтың ұлттық сал – дәстүрі мен ойындарын ұмытпау керек.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар бүгін №28 Құсмұрын орта мектебінде 5-8 сыныптар арасында « Ауылым алтын бесігім» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген сөздерін ұстана отырып, балаларға халқымыздың бай тарихын, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын, ержүрек батырлардың ерлігін,жүректеріне мейірімділік пен имандылықты, ізгілікпен адамгершілікті жеткізе алсақ, еліміздің болашағына үлкен үлес қосқанымыз деп білеміз.

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Ауылым- алтын бесігім

М. Тырнақбаева

Жетыарал орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: оқушыларға ауыл –қазақтың алтын қазығы екенін ұғындыру,

Туған жер – алтын бесігін аялауға, оның гүлденуіне, көркеюіне ат салысуға , білім алуға, еңбексүйгіштікке, салт- дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ұлттың өзіндік қасиеті мен рухани мұрасын бойына сіңірген, өзіндік көзқарасы қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекілігі:қанатты сөздер, бейнелі суреттер, гүлдер, шарлар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Кіріспе

Ауыл –алтын бесік, алтын қазық. Әр адамға өзінің туып – өскен жері ыстық болады. Себебі ата- аналарымыздың, ата –әжелеріміздің қаны ауылда тамған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көтерген бастамаларының бірі – ауылды өркендету болған еді.2003-2005- жылдары» Ауыл жылдары» болып жарияланды. Міне, содан бері бірнеше жылдар өтті. Ауылымыз көркейіп, дамып келеді.

«Ауыл дегеніміз –халықтың тұрмыс –салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет –ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары» Н.Ә.Назарбаев

Ауыл – біздің алтын діңгегіміз, терең тамырымыз, балдәуреніміз, үмітіміз, келешегіміз, асқақ арманымыз.Еліміздің мақтанышына айналған атақты адамдарымыз, ғалымдар, шеберлер осы ауылдан шыққан.Кешегі Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтай тұлғаларымыз ауыл тәрбиесін алған, ел президентіН.Ә.Назарбаев та ауылда туып – өскен

«Өз отбасын сүйетін бала ауылын сүйеді, ауылын сүйген ұрпақ елін сүйеді.Өз Отанын сүйген ұлан өзге халықты да құрметтей біледі» Халық батыры.Б.Момышұлы

Туған ауылын аялап, оған жаны ашып өскен ұлтжанды жеткіншек күні ертең адамзаттың ортақ үйі –Жер шарының амандығы үшін де күресетіні анық. Демек, ауыл – қазақтың алтын қазығы.Қара шаңырақ. Ән мен жырдың, күйдің отауы. Небір қилы аңыз – ертегілердің елі. Еңбекқор, ақжарқын адамдардың отбасы. Сондықтан да дананың да, баланың да жүрегі «ауыл» деп соғады.

Бейнелі суретпен жұмыс.

1.Ауыл – қайнаған еңбек. 2. Ауыл – той.( сұрақ –жауап)

2. Мақал – мәтел сайысы.Туған жер туралы өлеңдер оқу.

3.Тренинг сұрақтары: Халық деген кім?

Халық байлығы дегеніміз не?

Халық қазынасы дегенді қалай түсінесіңдер?

(оқушылар жауаптары)

4. Оқушылар шығармашылығынан

Туған жер, ауыл тақырыбына жазған шағын өлеңдері, эсселері, жыр –арнаулары оқылады.

Сурет байқауы «Ауылым – мақтанышым» .

Қорытынды

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса ,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә.Назарбаев.

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз,

Ауыл – дене, біз қозғалтар жанымыз.

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы,

Жетіарал ауылы.

“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» 

Мақсаты: Оқушыларға ауыл өмірі жайлы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып өз ауылының мәртебесін көтеруге шақыру. Сөздік қорын молайту, дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалап, түзетіп отыру.

Тәрбиелік мәні: Туған жерін қадірлеп, қастерлеуге Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, мақал-мәтелдер.

Меңгерілетін сөздер: Отан, туған жер, ауыл, алтын бесік, атамекен, жайлау.

Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар, қонақтармен амандасамыз.Оқушылар:— Саламатсыздар ма!

— Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз.

Оқушылар:— «Ауылым – алтын бесігім».

— Балалар, әр адамның туған жері бәрінен де қымбат, өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды.

— Балалар, ауыл, алтын бесік, туған жер деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Oқушы:— Ауыл – әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені.

Оқушы:— Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталады.

Оқушы:— Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

Oқушы:— Тіпті Елбасымыздың өзі де ауылдың қарапайым жанұясынан шыққан.

— Жарайсыңдар, балалар.

 Ауыл – әр адамның құтты, киелі мекені. Олай болса барлығымыз өз ауылдарымыз жайында айтып өтейік.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керекҰлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Ал осы рухани құндылықтың тамыры- ауылда екен. Сонымен , балалар, «Ауыл»  дегенде  көз  алдарыңа  не  елестейді? – деген  сұраққа  не  деп  жауап  берер  едіңдер?

-Ауыл – қазақтың  алтын  бесігі, түп  төркіні.

-Aуыл  десе  кең  жайлау,  ағынды  өзен,  асқар  тау  елестейді.

-Ауыл  десе  сиыр сауған  апаларымыз, қымыз  сапырған  әжелеріміз  елестейді.

-Aуыл  десе  асыр  салып  ойнаған  ауылдың  қара  домалақ  баласы  елестейді.

— Ауыл  десе жеті  қанат  киіз  үйі, құрт  пен  майы, ірімшігі  еріксіз еске  түседі.
-Дұрыс айтасыңдар, сендердің осы ой-толғамдарыңды толықтыруды жөн көріп отырмын. Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап,жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Тіпті Елбасының өзі Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туып-өскен.

Жарайсыңдар, балалар! Енді ауылымыз жайлы тақпақтар айтамыз.

Оқушы:Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.

Оқушы:Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін,

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Оқушы:Ауылым – ырысы мол құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саяңда ойнап, өсіп білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Сергіту сәті:   «Ұшқыр ой»  ойыны
Киіз үй жабдықтары
  • Сиырдың баласы
  • Бүк, шік деген ненің атауы?
  • Қазақтың жаңа жылы
  • Жаңадан сауылған жылқы сүті
  • Сусын құюға арналған теріден жасалған ыдыс
  • Қалыңдықтың бас киімі
  • Анаңның туыстары
  • Жаңа туған нәрестеге арналған бұйым
  • Қазақтың ұлттық аспабы
  • Жаңа туған малдың сүті
  • Түйе баласы
  • Қазақтың қыста жейтін мал еті
  • Атты салт мінгенде не қажет?
  • Айран неден жасалады?
  • Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі
  • «Алшы» сөзі ненің атауы?
  • Жылқының ашытылған сүті
Слайд «Маржанбұлақ — менің туған мекенім»
— Соңғы  жылдарда   ауылда қандай өзгерістер болды?

Oқушы:— Ауылдарда қазіргі заман талабына сай үлкен мектеп, бала-бақшалар бар.

Оқушы:— Халыққа арналып емхана, ауруханалар салынып, халыққа қызмет етуде.

Оқушы:— Ауылдың жолдары жөнделіп, көгілдір отын, сумен қамтамасыз етілді.
— Дұрыс, балалар. Елбасымыздың жолдауы арқасында ауылдарымыз жылдан жылға көркейіп, дамып келеді.- Берілген сөздерден ауыл, туған жер жайлы мақал-мәтелдер құраңдар.

Алтын, ауылым, бесігім. (Ауылым – алтын бесігім.)

Жердей, болмас, туған, жер,

Елдей, болмас, туған ел.(Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.)

Ыстық, жердің, күні де, түні де, туған, ыстық.

(туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.)

— Балалар, сабағымыздың барысында ауылымыз жайлы әңгімеледік.-

 
— Жарайсыңдар, балалар! «Ауылым» әнін тыңдаймыз.

«Ой қозғау»

Әрине,ауылымыздың  күннен күнге көркейіп келе жатқаны  қуантарлық   жағдай. Олай болса,    «Болашақтағы  Маржанбұлақ ауылын қалай көргіңіз келеді? Жалпы қалай елестетесіз?

Қорытынды: 
-Ауылым алтын бесігім

Жүрегім, жырым сенікі

Кеңесті далам, кең далам

Тудым өстім есейдім

–деп ақындарымыз жырлағандай, Ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы,сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы-баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз. Ауылымыз кеңінен қанат жайып келе жатыр.Қарап отырсақ жолдың арғы бетінен де біршама үйлердің  бой түзеп қалғаны көрінеді.

Басқа материалдар

Мақсаты: 1. Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.
2. Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін дамытады.
3. Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана — сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.
Көрнекілігі:
1. Ауылым – алтын бесігім тақырып;
2. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі;
Ауылдың даласыз күні жоқ, Даланың ауылсыз құны жоқ
3. ҚР картасы;
4. Суретті ребус;
5. Сабақта пайдаланылатын тақырыпшалар:
— Тарих тіл қатқанда…
— Отты жылдарда.
— Елге еңбегі сіңген.
— Оқу — ағарту саласында.
— Болашақ жастардың қолында.
6. Бейнетаспа Ауылым;
7. Кітап көрмесі;
8. Кесте Мал шаруашылығы, Көгалдандыру.
Шығармашылық жұмыс түрі:
І топ Ақындар тобы; (ауыл, туған жер туралы шығармашылық жұмыстары)
ІІ топ Жасыл ел тобы; (ауыл және мектеп маңына егілген ағаштар саны туралы мәлімет береді)
ІІІ топ Сәулетшілер тобы; (ауылдың болашақ туризм орталығы Арасан жайлы макет даярлайды)
ІV топ Салыстырушылар тобы (Венн диаграммасы бойынша ауылдың өткені мен бүгінін салыстыру)
V топ Бізде қонақта
Ауызша журнал:
1 — ші беті: Білім ордасы.
2 — ші беті: Мектеп тарихы
3 — ші беті: Айналайын топырағыңнан, туған жер!
4 — ші беті: Мектебім менің, мектебім! (поэзия беті)
Кіріспе: Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала — қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім…
Ен далам – анам, мен балаң!
Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса, бүгінгі сабағымызды суретті ребус шешуден бастасақ..
Ауылым – алтын бесігім
Ой қозғау:
Ауыл дегенді, алтын бесік дегенді, туған жер дегенді қалай түсінесіңдер? Ауыл кімдердің мекені? осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..
(Оқушы ойлары тыңдалады)
Оқушы: Менің ойымша ауыл әр адамның ата — тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.
Оқушы: Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.
Оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы.
Оқушы: Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұраға да ауыл перзенттері.
Мұғалім: Жақсы, олай болса, ауыл — әр адамның құтты, киелі мекені.
Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,
Ұят болды, ұят болды — ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?
Оқушы: Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен Ауыл жылдары жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.
Оқушы: Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем, дән елестер көзіме
Ауыл десем ер саламын құр атқа
Ауыл десем, ән естілер құлаққа,- дегендей, Ауылым әнін Толқын орындап берсін.
Мұғалім: Міне, ауыл жайлы бірер сөз қозғасақ, Ауылым – алтын бесігім тәрбие сағатында өз ауылымызға тоқтасақ…. (бейнетаспадан ауыл көрінісі)
Айхой, шіркін Сайхан менен Сауырым,
Ата – ана, құрбылар мен бауырым,
Қиындыққа мойымаған әр уақыт
Қайран менің өсіп — өнген ауылым!
Оқушы: Көкейде қайда ойласаң дана тұрақ,
Сыры мол шежірелі дара тұрақ
Атыңнан айналайын туған жерім,
Аяулы мекеніміз Қ а р а б ұ л а қ!
Оқушы: Ауылымыздың тарихына үңілсек…
Тарих тіл қатқанда…
Оқушы: Ұлан байтақ даламыз Қазақстанның бір бөлігі — Жер Ана төсіне табан тіреген Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.
Алыста жүрсем аңсарым менің
Шөліркей қалсам кәусарым менің
Кеудемде жүрек сағына жаздап,
Сүйемін сені, Зайсаным менің!
Қарабұлақ ауылы Зайсан ауданының солтүстігінде 18 шақырымда орналасқан. Солтүстігі Қара Ертіспен, шығысы Шіліктімен шекараласады.
Оқушы: Ауылымыздың өткеніне оралсақ,, Зайсан — Өскемен тас жолы бойында бұлақ болып ағып жатқан суына байланысты қазіргі ауылымыз Қарабұлақ атаныпты. Ауыл осыдан 96 жыл бұрын осы бастау қасында жалғыз үй салынған екен. 1926 — 28 жылдары тұңғыш ауыл жерінде Пахарь, Красный луч коммуналары құрылды. Осы коммуналарды колхозға біріктіріп, нығайтуда Максим Воробьев, Федор Чечетов, Қожахмет Байсалов сынды адал азаматтар көп еңбек сіңірді.
Оқушы: 1930 жылы бірнеше ұсақ колхоздар Освобождение колхозы болып бірікті. 1939 жылы колхозы көпшілік орыс үйлерінен тұратын шағын шаруашылық болды. Осы жылдары ең алғаш қой малы аудан бойынша осы колхозда асылдандырылды.
Оқушы: Отты жылдарда.(музыка әуенімен) Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Освобождение колхозы майдан қажеті үшін өнімді еңбек етті. Жалпы аудан өңіріндегі ең ауыр, жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Соғыста зайсандықтар басқалармен қатар Москваны, Ленинградты, Беларуссияны, Қырымды қорғады. Солардың қатарында ауылдастар да бар еді. Жантасов Қайролда, Карипов Ануарбек, Садықов Молдақан, Тантыбаев Сейтқазы аталарымызды мақтан етсек, Ибраев Мүсілім, Базмұхамбетов Зәйіт, Өтемісов Ерақас аталар шежірелі қарттарымыз болып қалды.
Оқушы: 1955 жылы колхоз өте күшті өсу өркендеу жолында алға басты. Осы кезде колхоз төрағасы марқұм Қабақай Есенбаев еді. Совхоздың мамандандырылған негізгі шаруашылығы қоцй шаруашылығы деп танылды. Сөзіміздің басында айтып кеткендей асыл тұқымды биязы жүнді алтай кенс қойлары Сатпай фермасында өсірілді. 100 саулықтан 114 қозыға дейін алынып, өте жоғары деңгейде жүні қырқылған еді.
Оқушы: Елге еңбегі сіңген. Қой шаруашылығын өркендетуде есімі Одаққа танымал Шаймардан Мұқанов Социалистік Еңбек Ері атағы және Ленин Орденімен ардақталса, майталман шопан Қадылбек Тұраханов, Совет Жадайханов жоғары дәрежеге жеткені үшін үлкен наградаға ие болғандар. Ауылымыздың негізгі көшесі Шаймардан атаның атында.
Қазіргі таңда ауыл өсімдік, мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы есебінің бірнеше жылдардағы өсуі салыстырмалы түрде кестеде беріліп, соған оқушылар тоқталып өтті.
Оқушы: (бейнетаспа). Қазіргі таңда 2927 халқы бар Қарабұлақ ауылында мәдениет үйі, әкімшілік, мектеп, кітапхана, мешіт, почта, байланыс торабы ауыл халқы үшін қызмет атқаруда. Сонымен қатар Түгін тартсаң майы шығар дегендей нарық заманында бой көтерген халықты жұмыспен қамтамасыз еткен балық зауыты, сонымен қатар көршілес жатқан ҚХР — нан инвесторлар келіп қомақты мұнай көзін іздестіру мақсатында ауыл адамдарын жұмыспен қаматамасыз етіп, ауылымыздың тұрмыс тіршілігі, әр үйдің әл – ауқаты жақсаруда.
Ән Туған жер
Оқушы: Иә, ауыл өмірі мектеп өмірімен тығыз байланысты. Мектеп тарихын ауызша журнал арқылы таныстырып өтсек бойынша…
Оқушы: 1910 жылы Зайсан — Өскемен тас жолы бойында бастау қасында жалғыз ағаш үй салынған. Осы үй маңдайына 1924 жылы тағдырдың өзі жарқыратып 5 бөлмелі шағын бастауыш орыс мектебін берген екен. Сол ағаш үйді қанатын жайып бүгінгі үлкен ауылға жеткізген осы шағын мектептің құдыреті еді. Ауыл мен мектеп тарихы, олардың тыныс тіршілігі бір — біріне тәуелді еді. 1932 жылы қазақ бастауыш сыныбы ашылып, оны ұстаз Ментай Ибрагимов басқарды.
Оқушы: Оқу – ағарту саласында. 1954 — 55 жылдары орыс — қазақ жетіжылдығы, одан кейін сегіз жылдық мектепке айналды. Жылма — жыл оқушы саны арта түсті. Мұғалімдер қатары Зайсан, Семей қалаларынан бітірген ұстаздармен толықты. Олардың қатарында Арғынбек, Құмаш, Камал, Әсия апайлар мен ағайлар бар еді.
Оқушы: 1963 — 64 оқу жылынан бастап орыс — қазақ орта мектебіне айналды, оған Абай Құнанбаев есімі берілді. Алғашқы мектеп директоры болып Мәкеш Әукебаев қызмет атқарды. Әр жыл сайын 65 — 85 шәкірттен бітіріп отырды. Сол кездерде көп жылдар бойы мектепке көңіл бөліп, қамқорлық жасап келген ауданның аса құрметті азаматы кеңшар директоры Қабақай Есенбаев мектепке сіңірген еңбегі үшін Қазақ ССР — нің оқу — ағарту ісінің үздігі белгісімен марапатталады.
Оқушы: 1978 — 79 жылында мектеп өмірінде жаңа кезең басталды. 1978 жылдың желтоқсанында 960 орындық мектеп үйінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жалпы мектеп басшылығында З. Тұрғанбаев, Қ. Бидахметов, Ж. Жұмаханов, және ұзақ жылдар бойы Н. Түйебаев, З. Мұқай қызмет атқарды. Қазіргі уақытта білімді де тәжірибелі мектеп басшысы Г. Ахтанова басқаратын білім ордасында 23 сыныпта және 2 даярлық тобында оқушылар білім алуда.
Оқушы: Журналымыздың 2 — ші бетін ашпас бұрын Нұржанның орындауында Жайлаукөл кештері әнін таңдасақ..
Топырағыңнан айналайын, туған жер — айдары бойынша сөз.
Табиғи дарынымен осынау шағын ауыл мектебінің атын республика, тіпті әлем жұртшылығына паш еткен ағаларымыз жайлы өз айтсақ….
Ән: Туған жер
Журналымыздың ІІІ беті: Мектебім, менің, мектебім. Поэзиялық жырларға арналады.
Мұғалім: Иә, мектеп пен ауыл өмірі бір – бірімен тығыз байланысты. Сабағымызды шығармашылық жұмыспен байланыстыра кетсек:
І топ: Ақындар тобы. (Ауыл жайлы өлең жолдары, бес жолды өлең шығару)
ІІ топ Сәулетшілер тобы. Ауылдың болашағын макет арқылы даярлап әкелді. Болашақ Арасан емдеу, демалыс орны.
ІІІ топ. Жасыл ел тобы.
Елбасының Жасыл ел бағдарламасы бойынша мектеп маңындағы ағаштар санының көрсеткіші (кесте бойынша) және алдағы уақыттағы көгалдандыру жұмысы.
Топ жұмыстары. Болашақ жастардың қолында айдарымен жүргізілді.
Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда ойымызға не түйдік. (Оқушылардың ойлары сұралады). Қазіргі мектепте отырған жоғарғы сынып оқушылары — ертең ауыл діңгегін нық ұстайтын азаматтар. Олар ауыл тарихын, мектеп тарихын естен шығармастай өз ауылына адал еңбек етіп, ауылды көркейтетін — 2030 жылдың жастары.

Источник: bilimdiler.kz


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий арт встречи
  • Сценарий ауыл байрамы на башкирском языке
  • Сценарий армянской помолвки
  • Сценарий аулак ой олылар коненэ
  • Сценарий армянского праздника вардавар