Сценарий биді хабарлау

Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету.

Мың бұралған бишілер


  • Сценарилер
  • admin
  • 29.09.2016
  • 0
  • 1
  • 84384

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының
Тәрбиешісі: Жетпісбаева Айнұр Бақытқызы

Мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету.

«Шаттық» биімен ортаға қыздар тобы шығады.

«Шаттық» би үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Айнұр кештің мағынасын ашып береді.

1 – жүргізуші: Сәлем — анам — алтын күн
Сәлем асыл ұстазым.
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз
2 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі «Шаттық» би үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Мың бұралған бишілер» атты би байқауына хош келдіңіздер»!

Екеуі бірге: Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!

1 — жүргізуші: Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс — әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім — әсерлері. Би қимыл — қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды.
2 — жүргізуші:. Келе — келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде  билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.
2 — жүргізуші: Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады.

1 — жүргізуші: Жеребе алу үшін әр сыныптан бір адамнан оратаға келулеріңізді сұраймыз. (Әр сыныптың реттік саны анықталады)

2 — жүргізуші: Бишілермізді өз өнерлерін көрсетуге дайындалу үшін  сахна төрінен босатамыз

1- жүргізуші: Бишілер дайындалып болғанша мектебіміздің жас әншісі Сариева Сандуғаштың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған  «Бақыт деген» әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
2 — жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы өздері таңдаған ұлттың  табиғатын, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете алар екен көре(лік.
1 — жүргізуші: Алғашқы болып өнер көрсететін……………….сыныпты қарсы алыңыздар.

2 — жүршгізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
1 — жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан.
2 — жүршгізуші: Алдарынызда………………..сыныптың бишілер тобы.
1 — жүргізуші: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен.
2 — жүршгізуші: Әрине, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой
1 — жүргізуші: Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.
2 — жүгізуші: Келесі сайыскерлеріміз ……………… сыныбын қарсы алайық!

1 — жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер  өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

2 — жүгізуші: Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Мың бұралған бишілердің өнері!

2 — жүгізуші: Келесі сайыскерлеріміз …………… сыныбын қарсы алайық!

1 — жүргізуші « Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!

1 – жүргізуші: Келесі сайыскерлерміз …….. сыныбын қарсы алайық!

2 — жүгізуші: Ой арманын кешемін,
Халқыма  қызмет етемін.
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін.

1 – жүргізуші: Ендеше ……… сыныбын өз өнерлерімен қарсы алайық.

2 – жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
1 – жүргізуші: Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ……. сынып бишілері!

2 – жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
1 – жүргізуші: Бишілер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!

2 – жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсететін ……… сынып бишілері!

1 – жүргізуші: Құрметті көрермендер! Барлық сынып өз өнерлерін көрсетіп болды! Енді әділ қазылар алқасынан өз шешімдерін дайындауды сұраймыз!

2 – жүргізуші: Ал біз бұл уақытта «Шаттық» би үйірмесінің орындауында орыс биі «Кадрил»!

1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Бізге бүгін қонаққа сонау Үнді елінен қонақтар келіпті!

2 жүргізуші: Ендеше, қарсы алыңыздар, Үнді биі!

2 – жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

1– жүргізуші: Сайыскерлеріміздің жүлделі орындарын хабарлау және осы бір айтулы кештің қорытынды сөзін айту үшін сөз кезегін Қалия апайға береміз!


Би өнері – әлемнің рухани тілшісі

Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,
Басады ол деміңді шаршағанда.
Қасиеттің киелісі — өнер деген,
Сыйлайды ол рахатын, барша жанға.

Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр — далада.
Бишілер мың бұралып билегенде
Тебіренер сілкініп, жер — ана да.

Қаншама адам танылған өнерменен,
Өнердің арқасында, шалқып жүрген.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен.

Би билеу адамның көңіл-күйін көтереді. Билеу сонымен қатар түрлі қозғалыстарды жасау арқылы қан айналымы жақсарып, бой жеңілдеп, ми тамырлары кеңейеді екен. Биді спортқа жатқызудың да өзіндік себебі бар. Өйткені би көп энергияны қажет етеді. Адам өз — өзін үнемі шынықтырып отыруы тиіс

Би өнері – тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы болуы керек. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буын­ның әр қимылы үлкен рөл ойнайды.

Би — еркіндік белгісі. Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде де аса терең философиялық ой жатады. Көңіліңізге шаттықпен рахатты би бере алатыны сөзсіз. Би өмірді ұзартады, жұмысқа, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады әрі өзіңді сұлу сезінуіңе көмектеседі.

Би – өмір сүру символы. Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер.Сонау ерте дүниеде адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді.

Кез келген ұлттың биі әр-түрлі мағынада, әр-түрлі жағдайда бастау алған. Мысалы, испан билері көбіне махаббаттан; ұйғыр билері тікелей өр мінездер сипаттаудан; қытай, жапон билері ішкі сезімді білдіруден; үнді билері өздерінің құдайларын баяндаудан бастау алған. Ал қазақ биі салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, ою-өрнегімізден басталады. Әсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын, сұлулығын көрсетіп, ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік, түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары, атшабыс, өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді.

Би … Бұл– үлкен өнер. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түсінетіні ақиқат. Халқымыз өзінің ұлттық би өнері арқылы қазақы тұрмысқа берік енген әдеп-ғұрыптар мен алуан түрлі тәрбиелік бағыттағы іс–әрекеттерді бейнелеп қана қоймай, сондай-ақ ұлағатты хам сындарлы өнерді жастардың бойына сіңіре білген.

Сонымен қатар, қазақ биі басқа ұлттардың билеріне қарағанда дененің майыса қимылдауымен де өзгеше. Және де қандай да бір бидің мазмұнын суреттеуде қол икемділігінің маңызы зор. Қол мен саусақтардың майыса билеуі арқылы киіз үйдің керегесінен бастап, аққудың теңізде тербелуіне дейін суреттеуге болады. Қазақтың ұлттық биі «Қаражорға» негізінен буын биі болып саналады. Бұл биде баланың барлық буыны толық қозғалысқа енеді. Би қимылдарын қолдану балаларды тек билеуге үйретіп қана қоймайды. Олардың сергек , шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.

« Қара жорға биі »- орындайтын 8 «б» сынып оқушылары.

« Қазақ биі» орындайтын 10 «ә» сынып оқушылары.

«Өзбек биі» орындайтын 10 «ә» сынып оқушылары.

«Испан биі»

39 « Асықата» ЖОМ КММ

Бекітемін:

Мектеп директоры: Е.Бектұрсынов

Тақырыбы :

« Би өнері – әлемнің рухани тілшісі»

Ағылшын пәні мұғалімі: М.Алмағанбетова

2019 оқу жылы

«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы

Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.

Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек» ән-би байқауына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Осы кезеңге 9 әншіміз, 6 бишілер тобы жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Әділ қазы алқалары оқу ісінің меңгерушісі Шайзат мұғалім, , мектебіміздің психологы Асылзат мұғалім, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бекетова  Ақжарқын.  Ал ендікешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі байқауымыздың алғашқы  сөз кезегін  мектебіміздің басшысы  Бралин Абдиманат Саматұлына береміз.
Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі. Олай болса бүгінгі кешімізді  ән өнері сайысқа түсетін өнерпаздарымызбен таныс болыңыздар: 1-сынып оқушысы Бақдәулет 1 номерлі, 2-ші болып бірінші сынып оқушысы Гүлзат, 3 кезекте 2 сынып оқушысы Серікболсын, 4 кезекте 2-сынып оқушысы Арафат, 5 болып Ерасыл, 6 номерде 3 сынып оқушысы Әсемай, 7 номерде 3 сынып оқушысы Арайлым, 8 болып 4 сынып оқушысы Айғаным,9 номерде 4 сынып оқушысы Хадиша өнер көрсетеді. Ал енді би сайысы бойынша өнер кқрсететін өнерпаздармен танысайық. 1-сыныптың биші жігіттері, 2-сыныптың биші ұлдары, 2-сыныптың биші қыздары, 3-сыныптың биші аруы, 4-сыныптың биші қыздары.  Ендеше алғашқы жас өренімізге шақырмас бұрын бейне материалға назар аударайық. Сонымен алдарыңызда  1 сынып оқушысы Бақдәулет «Туған жер» әнімен. Қошеметтеп қарсы алайық.

Енді Бақдәулеттің ұпай сандарын білсек:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан –  дей келе 2 номерде өнер көрсететін 1 сынып оқушысы Гүлзатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Алдарыңызда 1-сынып оқушысы Гүлзат «Ақбұлақ» әнімен.

Енді Гүлзаттың ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті 2-сынып оқушысы Серікболсынға берейік. Алдымен экранға назар аударайық Алдарыңызда 2сынып оқушысы Серікболсын «Атамекен» әнімен.

Енді Серікболсынның ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! — деп, 2-сынып оқушысы Арафатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Сонымен алдарыңызда 2-сынып оқушысы Арафат  «Қазақстан» әнін шырқайды.

Енді Арафаттың  ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:
Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті 2-сынып оқушысы Ерасылға берейік. Экранға назар аударайық. 2-сынып оқушысы Ерасыл

«Алатау» әнімен.

Енді Ерасылдың ұпай сандарын білсек:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер  кеп  қалыпты,
Бір сәт зейін салайық – деп келесі кезегімізді 4 сынып оқушыларына береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!

Енді біздің арулардың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Арайлым келіп ортаға,
Бар өнерін төгеді- дей келе 3-сынып оқушысы Арайлымды Аққу биімен қарсы алайық.

Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:

Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті 1сыныптың биші арландарын шақырайық . «Шекарашы сарбаздар» биі. Енді біздің арландардың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:

Билер-билер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем,-деп 2-ші сыныптың ұлдарын ортаға «боз жорға» биімен қарсы алайық.
Енді біздің арландардың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай — деп, кезекті 3сынып оқушысы Әсемайдан алған сұхбатқа береміз. Алдарыңызда 3-сынып оқушысы Әсемай «Саржайлау» әнін орындайды.

Енді Әсемайдың  ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Арайлым шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ-дей келе Арайлымға кезек берейік. 3-сынып оқушысы Арайлым «Ғажап көбелек» әнімен.

Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем.- деп 4сынып оқушысы Айғаныммен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Айғанымды «Табиғатым махаббатым» әнімен  қарсы алайық.

Енді Айғанымның ұпай сандарын білсекАл енді соңғы ән орындайтын оқушы 4 сынып оқушысы Хадишаны қарсы алайық. Хадишаның орындауында Сағындым Алматымды әні

Жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Билейміз көңілді би  бәрімізде.
2сынып бишілері ортамызда
Халқына ән арнайды шапалақта-дей келе  2 сыныптың мың бұралған биші қыздарын шақырайық.

Енді биші қыздарымыздың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға 4 сыныптың биші қыздарын «Көңіл толқыны» биімен шақырамыз. Қане, қошеметтепқояйықағайын!

Енді биші қыздарымыздың  ұпай сандарын білсек

Осымен «Айгөлек» ән-би байқауы  өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!

Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. Назарларыңызға 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған «Қош бол, бастауыш» атты мерекелік кештің сценариін ұсынамыз. 

«Қош бол, бастауыш»

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «Ә» сыныбын ортамызға.

(Оқушылар ортаға шығады)


Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

1-оқушы:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


2-оқушы:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

3-оқушы:

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4-оқушы:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.


5-оқушы:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

6-оқушы:

Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.


7-оқушы:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

8-оқушы:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.


9-оқушы:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

10-оқушы:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

11-оқушы:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


12-оқушы:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

13-оқушы:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

14-оқушы:

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.

15-оқушы:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.

Хор: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, — дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.

16-оқушы:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

17-оқушы:

Ұстаз – дана

18-оқушы:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

19-оқушы:

«Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.


20-оқушы:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

21-оқушы:

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.


22-оқушы:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

23-оқушы:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

24-оқушы:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Хор: «Ұстазым менің ұстазым»

25-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

1-оқушы:

Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.


5-оқушы:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

10-оқушы:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!


15-оқушы:

Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

20-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

25-оқушы:

Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып, мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.

Хор: «Анашым»

3-оқушы:

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.


7-оқушы:

Көпшілікке өнерді,

Көрсетейік керемет.

(Балапан биі)

13-оқушы:

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Барлығы бірге:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!


Ең соңында сынып жетекшісі оқушыларына арнап тілек айтады.

Жолдаған: Алма Джансыкбаева

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

«Балдаурен» би байқауы

Армысыздар, ардақты ата — аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Балауса» балабақшасының «Балғын бишілер» сайысына қош келдіңіздер. Сайымызды ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі Ұ. Әшірбековаға беріледі.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп өнерлерін көрсетпек. Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
1. Алтынай апай
2. Ақынсара апай
3. Гүлмира апай

Сайыстың шарттары:
Сайыс 2 бөлімнен тұрады, қатысушы бірінші қазақ биін, екінші еркін биін билейді. Қатысушының биге икемі, киімі, сахнаны меңгеруі ескеріледі.

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірімді нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз бақытты балғын шақты балалар,- деп кезекті биші қыздарымызға береміз.
Би билейді талмайды,
Әсем ән де шырқайды
Сүп — сүйкімді Жанельді
Барлық бала тыңдайды.
Жанельдің орындауында қазақ биі «Қамажай».

Әдепті ол сақтайды,
Шындықты әркез жақтайды
Айдананы апайлар
Тәртіпті деп мақтайды.
Айдананың орындауында «Бақыт» биі.

Үлкенге сәлем береді,
Кішіге қамқор жүрегі
Алмас кызы Мерейдің
Кезегі енді келеді,- деп би кезегін Мерейге береміз «Қамажай»

Бүгінгі би жарысқа
Шықты Дильназ қызымыз
Өнерде де, өмірде
Ашық болсын жолымыз,- деп Дильназды «Шашу» биімен шақырамыз.

« Алау болып жанамын,
Жеңісті өзім аламын»,-
Деп келіпті Балжан қыз
Қуана қарсы аламыз!
Сүйкімді бүлдіршін Балжанның « Япырай» биін тамашалайық!

Ой арманын кешемін,
Ақылды боп өсемін
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін,- деп келген Балаусаны «Аққу» биімен қарсы алайық!
Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым
Дейді біздің Жансая
«Таудан асқан талабым»
Жансаяның «.» биін тамашалайық.

Кезекті ересектер тобына береміз.
Мен де биші боламын,
Жұлдыз болып жанамын
Деп жүр біздің Нұрила
Шұғыладай боламын!
Нұриланы «Ақшолпан» биімен қарсы алайық.

Ертеңгі күнін ойлайтын,
Биіктерге самғайтын
Меруерттей әсем қызымыз
өнерден құр қалмайтын,- деп Меруертті «Қара жорға» биімен қарсы алайық.
Өзі алғыр, жан — жақты,
Қызымыз бар сымбатты
Нұрсәуле біздің әрқашан
Ұстайды өзін салмақты,- деп келесі биші қызымыз Нұрсәулені ортаға шақырамыз.
Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы сіздерге де көп — көп рахмет!
Көрсетпесін өмір — өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата — анаға жүрген демеп!

«Балғын бишілер» сайысына қатысушы бүлдіршіндерге өнер биігіне самғаған қанаттарың талмасын деп сайымызды аяқтаймыз.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Дауылова Күләнда Қожахметқызы

1 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы:Алғашқы би сабағы,би туралы түсінік беру және гимнастикалық жаттығулар жасау .

Мақсаты: Балаларға гимнастикалық жаттығулар туралы түсінік беру және партерлік жаттығулар жасап көрсету.Сонымен зал ортасында арналған жаттығулар жасау.

Музыкалық мөлшері:3/4.

Бірінші бейне қалып.

Балаларды ортаға тұрып шахмат қатармен тұрғызып алады.Алдымен дене қимылдарын қыздыратын жаттығу жасайды.

1.Басқа арналған жаттығу ( оңға,солға,жоғары,төмен) 8 рет жасайды.

2.Иыққа арналған жаттығу ( қолымыз белде иығымызды жоғары,төмен) 8 рет

3.Екі қолымызды иығымызға қойып алдыға және артқа айналдырамыз.4 реттен қайталаймыз.

Қолымызды белге қойып оңға және солға бұрыламыз,содан соң оңға және солңа айналдырамыз,бұл қимылды 8 рет жасаймыз.

Екі қолды тізенің үстіне қойып айналдырамыз 8 рет.

Оңға қарап жартылай отырып ,қолдарын тізенің үстіне қойып аяқтарын созады және осылай сол жаққа да жасайды.Осы жаттығуды 8 рет жасайды.

Қолды алдыға созып отырып тұрады,бұл жаттығуды 8 рет жасайды.

Ендігі жаттығу орындарында қос аяқтап секіреді,бұл 7-8 секунд орындарында секіріп тұрады.

Екінші бейне қалып.

Балаларды төсеншенің үстіне отырғызып партерлік жаттығулар жасайды.

Денелерін тік ұстап отырады,қолдарын екі жандарына қойып,аяқтарын алдыға тік созып отырады,аяқтың ұшын арі –бері созады,бұл қимылды 8 рет қайталайды.Содан соң қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшына жеткізу керек,тізелерін бүкпеу керек,қайталау 4 рет.Осы қимылды жасап болған соң аяқтарын екі жаққа созып ашып отырады,қолдарын екі жаққа созып оң жақ аяққа сол қолды жеткізіп ,сол аяққа оң қолды созып жеткіземіз.Осы жаттығуды 8 рет жасайды.Ары қарай аяқ сол қалыпта қалып екі қолды алдыға созып жерге кеудемізді қойып алдыға қарай созылып жатады.

Үшінші бейне қалып.

Келесі жаттығу отырып аяқтарын алдыға көбелек тәріздес жинап алады да,қолдарын жерге қойып,бастарын жерге жеткізеді.Содапн соң келесі жаттығуға көшеміз,балалар төсеніштін үстіне іштерімен жатып аяқтарын бастарына жеткізу керек,осы жаттығуды 4 рет жасап көрсетеді.Әрі қарай сол

қалыпта қалып қолдарымен аяқтың өкшесінен ұстап әткіншек тәріздес қимылды жасаймыз,бұл жаттығуды 4 рет жасаймыз.Содан соң сол қалыпта жатып аяқты созып бақа сияқты болып аяқты өзімізге тартамыз осы қалыпта 30 секунттай жатамыз.

Төртінші бейне қалып.

Ендігі жаттығу арқамызбен жатып аяғымызды созып жатамыз,оң аяқты көтеріп денемізге қарай созып жеткіземіз,содан соң сол аяқпенде осы жаттығуды жасаймыз,бұл жаттығуды 4 рет жасаймыз.Осы жаттығулары жасап болған соң орнымыздан тұрып ,келесі жаттығу жасауға көшеміз.Оң аяққа алдыға созып «шпагатқа» отыру жаттығуын жасйды,содан соң осы жаттығуды соол аяқпенде жасайды,бұл жаттығуды 4 рет жасайды.Ендігі жаттығу тік тұрып денемізді тік ұстап аяқты бірге қосып,алдыға қарай еңкею,басымызды аяғымызға жеткізу,бұл қалыпта 7-8 секунд тұру,осы жаттығуды 4 рет жасса көрсету.

Бесінші бейне қалып.

Орнымызда тұрып қос аяқтап секіру,бұл да 7-8 секунд орындарында секіріп тұрады,келесі жаттығу екі аяқты екі жаққа ашып,содан кеін қайта қасып секіру,бұл жаттығуда 7-8 секунд қайталанады.Секіріп болған соң дем алу жаттығуларына көшеміз.Екі қолымызды жоғары көтеріп,мұрнымызбен тыныс аламыз,қолымызды төмен түсіріп аузымыздан ауаны шығарамыз,осы дем алу жаттығуды 5-6 рет қайталаймыз.

2 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы:Қара жорға биі.

Мақсаты:«Қара жорға» халық биінің сипатымен мазмұнын түсіндіру. Би

қимылының таза орындалуының «Қара жорға» әнінің сөзін дұрыс тыңдап

музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру.

Музыканың мөлшері:4/4

Бірінші бейне қалып.

Кіріспенің 1 тактысынан соң сол жақтан алты биші ұл бала шығады олар бір бірінен соң шеңбер бойлап жүріп сахна төрінде бір қатарға тұрады (№1 би қимылы)

Екінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №1 соңғы екі такт

Қамшыны сермей бір рет бұрылу оң аяқпен оң жаққа(№2 би қимылы)

Үшінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №2

Бір орында қатарды бұзбай бір аяғынан екінші аяғына ауыса секіру

Төртінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №2 5-7 такт

Барлық бишілер оң қолын жоғары көтеріп сермеп,көрермендерге қарай шапқылап жылжиды

Бесінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері 8-11 такт

Биші ұлдар қамшыны екі ұшынан,екі қолымен алдына созып ұстап аяқтарын қоса ұстап оңға қарай жүрелеп отыруды орындайды.

3 ұйымдастырылған оқу қызметі.

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы: Қара жорға биі.

Мақсаты: :«Қара жорға» халық биінің сипатымен мазмұнын түсіндіру. Би

қимылының таза орындалуының «Қара жорға» әнінің сөзін дұрыс тыңдап

музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру.

Алтыншы бейне қалып.

Музыканың мөлшері:4/4

Оң аяқпен бір адым артқа жасау,сол аяқты алдына қалдыру.

Жетінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №3

Көрермендерге қарай бір бұрылып оң тізеге тізерлеп отыру,сол тізені алға ұмтылдырып қою.

Сегізінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №4

1-2 тактта биші балалар оң жаққа қарай шеңбер бойлап шапқылап жүреді,үшінші такта тез бұрылып

5-7 такта сол жаққа қарай шеңбер бойлап жүреді.

Тоғызыншы бейне қалып.

Музыканың мөлшері №3 және 4 қайталанады.

Барлық бишілер екіге оңға және солға бөлінеді,бір жақтан бишілер екінші жақтағы бишілермен жүгіріп орын ауысады бұл 3 рет қайталанады.Содан соң жылдам төрт адыммен екі қатарға қайта тұрады.

4 ұйымдастырылған оқу қызметі.

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы: Киіз басу биі.

Мақсаты:«Киіз басу» халық биінің сипатымен мазмұнын түсіндіру. Би

қимылының таза орындалуының «Киіз басу» әуенің дұрыс тыңдап

музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру.Топпен билейтін би.

Бірінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №1-2

Сахнаға бір қыз шығып оң қолың бұлғап қыздарды ортаға шақырады.

Қыздар екі жақтан екі топ болып шығып үлкен доға бойынша тқрады.Олар бір орында екі жаққа қарап қайырылып болған соң сол жақтағы жеңдерін қайырады.

Екінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №4-5 (16 такт)

Бишілер киіз бетіне ою салуды бейнелейді:

Бір дегенде –екі қолын жоғары көтереді.

Екі,үш дегенде –қолдарының алақандарын айқастырады,саусақтары жайылған.Оңға,солға иілу.

Төрт дегенде-қолдарын түсіру денені еңкейту,айқасқан қолдарын еденге жақындатып оңға төрт рет сермеу,солға төрт рет сермеу.

Үшінші бейне қалып.

Бір дегенде-қолдарын ашып шеңбер жасап жайып басынан жоғары көтеру,саусақтары біріккен алақанды төмен қарату.

Екі,үш дегенде-саусақтарын біріктіріп ұстаған алақандарын өзіне және өзінен ары қарай аудару.

Төрт дегенде –қолдарын төмен түсіріп музыка тактына қарай еденге тигізіп қағу.

5 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы: Киіз басу биі.

Мақсаты: Киіз басу» халық биінің сипатымен мазмұнын түсіндіру. Би

қимылының таза орындалуының «Киіз басу» әуенің дұрыс тыңдап

музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру.Топпен билейтін би.

Төртінші бейне қалып.

Бір дегенде-қолдарын төменнен жоғары көтеру,алақанның ортаңғы саусағын басқа тигізу.

Екі дегенде-оң қолды оң иыққа түсіру.

Үш дегенде-сол қолды сол иыққа түсіру.

Төрт дегенде-қолдарымен жіп орау қимылын жасау.Осы қимылды қайталау.

Бесінші бейне қалып.

Бір дегенде –сол қолды алға созу.

Екі дегенде-созылған қолдың үстіне оң қолды қою.

Үш,төрт дегенде-алақандарды айқастырып өзіне және кері қарай иу.

Келесі музыка тактісіне алақандарымен еденді соғу.

Алтыншы бейне қалып.

Бір дегенде-алақанды алақанға қою,музыканың екі тактісінде қолдарын жоғары өрілу қимылын жасау.Қимыл 4 рет қайталанады.

Барлығы бір қатарға тұрып бір-бірінің белінен ұстап алға жылжиды,содан соң артқа жылжиды.

6 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы: Домбыра биі.

Мақсаты: Балаларға басқада би өнерімен таныстыру және домбыра би өнерінің қимыл-қозғалысын көрсету.музыка әуеніне салып билеп көру .Сонымен қатар домбырамен қалай билеу керектігін,қалай пайдалануға,дұрыс ұстауға болатының көрсету.Бұл биді жұп болып билеуге болады және жеке орындаушы ретінде билеуге болады.

Биге 8 қыз қатысады.

Бірінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №1 12 такт.

Биші қыздар екі топқа бөлініп, оң және сол жақтан шығады,сахнаның төр жағынан қарай қарама-қарсы жақтан жүріп бір-бірімен бас изесіп сәлемдеседі,ары қарай жұп болып қосылып ортадан көремендерге қарай жүріп барып екі жаққа бөлінеді.

Жүруді аяқты алмастырып адымдау әдісімен жүреді.

Екінші бейне қалып.

Сол жүріспен айналып келіп екі басқарушы бишілер кездескенде шеңбер болып сағаттың тіліне қарама-қарсы айналып жүреді.Сол жүрісте қолдарын жоғары көтеріп оң аяқпен адымдап екі қолдарын жанына жайып бишілер бір-бірінің алақанына алақанынтигізіп кері қарай бұрылып сағат тілінің бағытымен жүреді.

Үшінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №3 28 такт.

Шеңберді сақтап әр биші оң жаққа қайырылып бір орнында айналып оң тізесін бүгіп отырады,сол тізені алға ұмтылдыра қойып,қолдарымендомбыраны тарту қимылын салады.

Бір биші қыз ортаға шығады ол сол тізесін бүгіп соң тізесін алға ұмтылдырып қойып,домбыра тарту қимылын салады.

Содаң соң әр қыз сол тізесінен тұрып өз орнында айналып қолын жоғары көтеріп жоғарыда домбыра тарту қимылын жасайды.Содан соң барлығы денесімен және басымен тербеле қимыл жасап түзу тұрады.

7 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы:Домбыра биі.

Мақсаты: Балаларға басқада би өнерімен таныстыру және домбыра би өнерінің қимыл-қозғалысын көрсету.музыка әуеніне салып билеп көру .Сонымен қатар домбырамен қалай билеу керектігін,қалай пайдалануға,дұрыс ұстауға болатының көрсету.Бұл биді жұп болып билеуге болады және жеке орындаушы ретінде билеуге болады.

Төртінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №4/6 такт.

Шеңберден тез тарайды адымдап биші қыздар басқарушы биші қызға еріп бір қатарға алдыңғы жаққа өтіп тұрады.

Бесінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №5 19

Биші қыздар бұрылып үш қатарға бөлінеді,үш рет бұрылып қайта бір қатарға түседі.Қимыл екі рет қайталанады.

Алтыншы бейне қалып.

Музыканың мөлшері №3 28 такт.

Сахынаның төріне барып көрермендерге қарай қайырылып оң аяқпен алға бір адым жасап иіліп қолдарын үстінде.Содаң соң қолдарын алдына созып көтеріп сол аяғымен артқа бір адым жасап жайлап денсін тік көтереді,айқастырылған қолдарын жоғары көтереді.Қолдарын арқасына қойып ауыспалы адыммен шеңберді қайта құрады.

Жетінші бейне қалып.

Музыканың мөлшері №5 19 такт.

Шеңбер екі кіші доға болып бөлінеді.Бірінші доға қатары сағат тілінің бағытымен жүреді,екінші доға қатары кері қарай.Бірінші доға қатарындағы биші қыздар сол тізесін бүгіп отырады,екінші қатардағы қыздар олардың арасына орналасады домбыра тарту қимылы орындалады-барлық 6 вариант.

8 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы:Қаз қатар биі.

Мақсаты:Балаларға басқада би өнерімен таныстыру және қаз қатар би өнерінің қимыл-қозғалысын көрсету.музыка әуеніне салып билеп көру.Бұл биді жұп болып билеуге болады.

Бірінші бейнелі қалып

Музыкалық фраза №1 8 такт.

Биге бишілер оң иықпен көрермендерге арқасын беріп сахнаның диоганалімен жүріп шығады.Денені алға еңкейтіп оң жаққа басты иіп қимыл бағытымен жүру.Қолдар құс қанатының қимылына келтіріліп сермеледі.Қолмен қанат қағуды екі ретсермеумен келтіреді.Сермегенде сол қол оң қолдан жоғары ұсталады.

Екінші бейнелі қалып;

музыкалық фраза 8 такт.

Сахнаның сол жақ төменгі бұрышына қарай жүру.

Үшінші бейнелі қалып;музыкалық фраза 4 такт.

Бишілер шеңбер болып тұрады.Қолдары №3 қалыпта.

Төртінші бейнелі қалып;музыкалық фраза 9 такт.

Бишілер майда қадаммен жанымен шеңбер бойлап сағат тілінің бағытында жылжиды.

9 ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Тобы: «Ақкөңіл» ортаңғы топ

Вариативтік компонент

Бөлімі: Би өнері

Тақырыбы:Қаз қатар биі.

Мақсаты: Балаларға басқада би өнерімен таныстыру және қаз қатар би өнерінің қимыл-қозғалысын көрсету.музыка әуеніне салып билеп көру.Бұл биді жұп болып билеуге болады.

Бесінші бейнелі қалып

Музыкалық фраза 20 такт.

Бишілер сол иықтарымен алөа қарап арқасын көрермендерге қаратып шеңберден шыға жүреді.

Бесінші бейнелі қалып

музыкалық фраза 6 такт.

Жүріп келіп екіге бөлініп үлкен және кіші шеңбер болып тұрады.

Бесінші бейнелі қалып;

музыкалық фраза 7-9 такт.

Ішкі және сыртқы шеңберде бишілер сағат тілінің бағытына қарсы өз орнында айналады.

Бесінші бейнелі қалып;музыкалық фраза 10-12 такт.

Сағат тілінің бағытымен жылжып жүріп екі қатарға тұру.

Алтыншы бейнелі қалып

музыкалық фраза 8 такт.

Бишілер диоганальді екі қатарға тұрады.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий беседы безопасные каникулы
  • Сценарий библиотечный пикник
  • Сценарий берегите птиц зимой
  • Сценарий беседы азбука здоровья
  • Сценарий библиотечный на день матери