Сценарий біз мектепке барамыз

Cкачать: Сценария тақырыбы Біз мектепке барамыз!

«Біз мектепке барамыз!»
Мақсаты: Балалардың мектепалды даярлық сыныбында алған білімдерін тиянақтау. Ой
–өрісін жан-жақты дамыту. Ертеңгілік өткізу арқылы өнер білімге деген
қызығушылығын арттыру. «Біз мектепке барамыз» ертеңгілігін өте қызықты етіп
ұйымдастыру және ұйымшылдықпен қатыстыра білу. 

1.Жүргізуші:

Қымбатты ата
– аналар,  қонақтар бүгін біздің  бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына
шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!
Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қояйық.

Құрметті
ата-аналар, қонақтар бүгін біздің кішкентай түлектеріміз тойымызды  театрлық
өнерлерімен бастайды. « Мақта қызбен  мысық»-ертегісін тамашалаңыздар.

Мақта  қыз  бен  мысық.

Бұл 
екеуі дос  болып  жүреді.  Мақта  қыз  үйін  жинап  жүріп  бір  мейіз  тауып 
алады да, мысықты  шақырады. Мысық  келмейді.

Қыз:
«Келмесең,келме!» -деп мейізді  өзі  жеп  қояды. Жеп  болған  соң, мысық 
келіп:

-Неге 
шақырдың?  -деп сұрайды. Мақта  қыз  айтпайды.

Сонан 
соң  мысық:

-Ендеше, 
қатығыңды    төгем!-дейді.

-Мен 
құйрығыңды  кесіп  аламын!-дейді Мақта қыз. Мысық қатықты  төгеді.  Мақта қыз 
мысықтың  құйрығын  кесіп  алады.

-Апа,
апа, құйрығымды берші! -дейді  мысық.

-Менің 
қатығымды  төле!  -дейді Мақта қыз.

Мысық
сиырға барады.

-Сиыр,
сиыр, маған  қатық  берші! -дейді.

Сиыр:

-Менің 
қарным  ашып тұр. Маған жапырақ  әкеліп  берші,- дейді.

Мысық
ағашқа  барып:

-Ағаш, 
ағаш,  жапырағыңды  берші! -дейді.

-Мен
шөлдеп  тұрмын. Су  әкелсең,  жапырақ  беремін,- дейді ағаш.

Мысық
суға бара жатса,  су  әкеле  жатқан  қыздарды көреді.

-Қыздар,қыздар, 
маған  су беріңдерш!-дейді.

Қыздар
оған:

-Бізге 
сағыз әкеліп  берсең, біз саған су береміз, -дейді.

Мысық
дүкенге барады.

-Әй,
дүкенші, маған  сағыз берші!-дейді.

-Маған
жұмыртқа бер,  -дейді дүкенші.

Мысық
тауыққа  барады.

-Тауық,
тауық, маған жұмыртқа берші!-дейді.

-Бізге
жем әкеліп  берсең, біз  саған жұмыртқа береміз,- дейді.

Мысық
«Енді қайттім?»-деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық
тышқанды бас салды.

-Жаныңның 
барында айт, үйіңде не бар?-дейді.

Тышқан
қорыққанынан:

-Үйімде
бір табақ тарым бар,-дейді.

-Маған
бір уыс тары бер! -дейді мысық.

Тышқан
үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны тауыққа апарып береді,
тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді.  Дүкенші сағыз 
береді, апарып сағызды қыздарға береді. Қыздар су береді, суды апарып ағашқа
береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға  береді. Сиыр қатығын
береді. Қатықты  апарып Мақта  қызға  береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын
қайтарып береді.

(Аншлаг-
презентация,фотография и видео).????????? Собрать

Кіру: 
Вальс –әуеніне. Музыку надо.??????

1.Жүргізуші:

 Алдыңдағы балалар 
Мектепке кетіп барады 
Тақпақ айтып бір – бірден 
Қимай кетіп барады- дей отырып 
ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға
шақырамыз 

Тақпақтар: 
1 Құрметті тәрбиешілер мен ата-аналар Раяна

Кез келді сіздерден ақ бата алар 
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін 
Бар қауым тамсана таңдай қағар. 

3 Ақ тілекті ағытып бір тастайық     Аружан
Қоштасатын кешімізді біз бастайық 
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын 
Болсын солай әр бір күнің, әр айың 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі 
Алтын ұя ақ босаға киелі 
Қанат қақтың білім алып өзіңнен 
Күллі бала басын саған иеді. 

4 Ботақаным бөбек деп   Анеля
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше 
Қуантатын күн бүгін 
Өсті міне бойымыз 

Өсті міне ойымыз 
Қуанышқа ортақпыз 
Құтты болсын тойымыз. 

5 Қызық күндер өткіздік.  Алижан

Мектеп ұя  бағында. 
Көп оқыдық, көп білдік. 
Ел мен Отан жайында. 

6 Ана тілін ардақтап     Жантөре
Ата салтын біз көрдік. 
Сурет салып, ән жаттап. 
Оқып- жазып үйрендік. 

7 Оқимыз білім аламыз   Салтанат
Болашақ жолын саламыз 
Мектеппенен қоштасып 
Біріншіге барамыз 

Мерекеде сызылтып ән саламыз       Томирис
Ән айтып би де билеп жан саламыз 
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. 

Би «Самбо»
Томирис

Жүргізуші:

  
Ән: «Домбырасыз ән кайда———»  Сымбат 
Көнілді әүенімен Білім
Ханшайым келеді 

Білім ханшайымы: 
-Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар! 
Бөбек еді ол рас 
Кіп кішкентай кешегі 
Бүгін міне азамат 
Болды бәрі деседі 
Әріп танып сурет салып 
Жаттықтырды қолдарын 
Мектебіне шығарып сап 
Тілейін ақ жолдарын!!! 

(Киім ауыстыруға керек Аяулым,Аружан, Анеля)
Жүргізуші:
Сәлеметсізбе Білім Ханшайымы! Балалар
амандасайық! 

Балалар амандасады 
Білім ханшайымы: Құрметті де сүйікті балалар, 
сіздерді мектепке барардағы 
дайындықтарынызды білгім келіп тұр, мен сендерге 
Алтын Кілтімді алып келдім, ол кілт білім 
ордасына апарады, бірақ сендер менің тапсырмамды 
орындауларың керек. 
Білім ханшайымы: бірінші тапсырма математика пәніне 
байланысты. 
0……….10 дейін ретімен санау және кері
санау. 

Математикалық есептер: 
Аулада бес үйрек, 
Қорада үш үйрек. 
Бір үйрек тығылды, 
Бір үйрек жығылды. 
Қалғаны неше үйрек? (6) 
Бес алманың үшеуін, 
Досың сұрап алады. 
Айтшы сонда нешеуі 
Өз қолыңда қалады? (2) 
Бір-бірімен жарысқан, 
Бір аю, бір арыстан. 
Екі қоян, үш түлкі, 
Бәрі нешеу ойлан сен? (7) 
Бір қоянның екі құлағы бар, 
Екі қоянның неше құлағы бар? (4) 
Табақта 5 алма, қолымда 2 алма, 
Барлығын қосқанда, болады неше алма? (7) 
Ойын:
Сандарды ретімен орналастыр 

3 2 7 5 6 4 9 10 8 1 

Жүргізуші: Бір кішкене дем алып қыздардың
өнерлерін көрейік. Аяулым, Анеля, Аружан.

Білім ханшайымы:
Екінші тапсырма сауат ашу пәніне байланысты. 
1. .Дыбыстар нешеге бөлінеді? 
2. Дауысты дыбыстарды қандай текшемен
белгілейміз? 

3. Дауыссыз дыбыстарды ше? 
4. Сөздердібуынғабөліпоқыпбер. 
(Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на,
ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық ) 

5. Мақал-мәтелкімайтады? 
Ойын:
«Сөз ойла,тез ойла» 

Ән: «Ақ анам ——-    Салтанат.
Білімханшайымы:
Үшінші тапсырма  сұраққа  жауап беру. 
1.Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан» 
туралы  жаттаған  өлеңдерің  бар  ма? 

Хордың
орындауында : «Қайзақстаным Отаным»

2.Қай қалада тұрамыз? 
3. Мектебіміздің  аты қалай  аталады? 
4. ҚР рәміздерін  кім  атап  береді? Дайындау керек?????????????
5. Неше  жыл  мезгілі бар? 

6. 1 аптада  неше  күн бар? 
Ж а р а й с ы ң д а р   б а л а л а р ! Өте  жақсы! 
Білім Ханшайымы: Енді балаларға Алтын Кілті берейін!!! 
Сол уақытта Карлосон жүгіріп кілті алып алады. 
Карлосон: үйретіп үйретіп әбдәң есімін шығарды, 
сендердің білімдерің ешкімге керегі жоқ. 
Білім Ханшайымы:Карлосон неге сіз біздің 
мейрамызды бұзасыз? 
Карлосон: Қайдағы мейрам ха-ха-ха! 
Білім ханшайымы: Ия сенбейсіз ғой, балалар бізде 
қандай мейрам? 
Балалар: Мектепалды даярлық тобымен қоштасу. 
Карлосон: ойбай-ойбай!!! Мектепалды даярлық тобымен қоштасу 
екен оларда,қарашы оларды қандай қу болып  алған. 
Жүргізуші: Карлосон балалармен амандасаншы 

Карлосон: Неге
мен амандасамын, олар қоштасады ғой, 

менде олармен қоштасамын. 
Балалардың қулақтарын ұстап қоштасады 
Карлосон: ҚОШ, ҚОШ 
Әнді орындайды 
Ешкім мені жақсы көрмейді 
Менімен де дос болмайды, 
Ұялы телефонға ызвандамайт 
Неге мені жақсы көрмейді. 
Мендей жақсы ағай жоқ, 
Мендей  мейірлі адам жоқ 
Мен сендерге варенье беремін 
Тек мені жақсы көріндер 
Жүргізуші: Карлосон сіз қоштаспаныз бізбен, оданда 
балалардың бәріне арналған биді көрініз

Би: «Жалқаубек» 

Білім Ханшайым:
менің  сұрақтарыма жауап бере аласыңдар ма,?

Білім Ханшайым: кай жыл мезгілінде мектепке барасыңдар?
Карлосон: Ойййй….. көктемде,?
Балалар:—————Күзде

 Білім Ханшайым:Бүгін аптаның нешінші күні?
Карлосон: аптаның үшінші күні? 
Балалар:————— Жұма

 Білім Ханшайым: Оқу құралдарын салуғу не керек?
Карлосон: Оқушының сөмкесі? 
Балалар:————- Портфель. 

 Білім Ханшайым: жақсы 
Ал ертегілерді білесіндер ме? 
1. Қасқыр жейді………….. ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК 
2. Қарлығаш……….. ҚАРЛЫҒАШ ПЕН ДӘҮІТ 
3. Тышқан жүгіріп, қуйрыгымен ……ШҰБАР ТАУЫҚ 
4. ТҮЛКІ
ЖЕП ҚОЯДЫ…………БАУЫРСАҚ

Білім ханшайымы: қалай екен біздің балалар? 
Карлосон: Өте жақсы. 
Жүргізуші: Ал біздің балалар саған: « Аққу
арман» әнін  Аяулым

орындап береді
 
Ән: « Аққу арман»
Білім Ханшайымы: Ойын «Кім жылдам сөз айтады» 
Шарты:

Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне
тұра қалады, сол әріпке сөз айтады. 

Білім ханшайымы
:Енді келісі ойын: «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. 
1. Мектепке біз барамыз ба? 
2. Кілең бестік аламыз ба? 
3. Айтқан тілді аламыз ба? 
4. Ақылды бала боламыз ба? 
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 
6. Ертеңгісін тұрамыз ба? 
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба? 
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9. Екі алғанда жылаймыз ба? 
10. Оқушы біз боламыз ба? 
Карлосон: Ой балалар апаларың да, мамаларың да шаршайды ғой, 
бармаңдар мектепке не керек? 
Білім ханшайымы: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» 
ойының ойнайық. 
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе? 
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе? 
3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе? 
5. Сериал көріп жатасыз ба? 
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа
сөзді айтасыз ба? 

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға
дайынсыз ба? 

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 
10. Бала үшін асулардан асасыз ба? 
Ән:   «——-» Ағылшын тілінде
Жүргізуші: Балаларымыз көңілді 
Шақырамыз ортаға 
Тойымызға сән беріп 
Би билейік тамаша 
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік 

Би «Зумба» Аяулым, Муслима, Сымбат.
Жүргізуші: 
– Балалар біз мектепке не үшін барамыз? 
1- бала. – оқып білім алу үшін 
2- бала: – еліме еңбек ету үшін 
3- бала: Білімді азамат болу үшін 
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін 
Ән: Хормен  «Атамекен»
Білім Ханшайымы: Карлосон енді бізге кілтімізді қайтарыныз! 

Карлосон: жарайды, қайтарамын, бірақ мен әлі 
сендер мен болатурайымшы, маған балаларыныз
унайды! 

Білім ханшайымы: Әрине қалыныз, 
Балалар, сендер мектепалды даярлық тобымен
қоштасып, 

мектепке барғалы отырсыңдар. 
Мен сендерге оның кілтін табыс еткелі отырмын. 
Бір бала, бір қызға кілтін табыс етеді. 
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, 
сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант беріңдер. 
Бәрі: —————————-Ант етеміз! 

Диплом мен  медаль беріледі.??????

Би:«Вальс» 
Білім ханшайымы:
ойынға да уақыт келді, қалай балалар
ойлайсындар?!

Білім ханшайым: Көріп тұрып түлектерді қаншама, 

Жақсы тілек білдірейін баршаңа 
                                 Өрендерім өлең
айтып, би билеп, 

                                 Өнерлерін
салсын бүгін ортаға 

Жүргізуші: Ал балалар келіңдер 
                  Әнді айтып беріңдер!! 
Ән: «Сәлем саған мектебім» 

Жүргізүші: Білім ханшайымы алдымен біз мектепке 
баратын балалардың тақпақтарын тындап
жіберейікші. 

Тақпақтар 
Жақсы оқып келемін,   Сымбат
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын

6 жасқа толамыз 

 Әдепті бала боламыз 

 Қуантып ата-ананы 
 Мектепке кетіп барамыз 

Сезімде туған баламыз Муслима
Оянды оқып санамыз 

 Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамын 

Мектепке ертең барамыз 
Аяулым

Оқимыз сауық құрамыз 
Қашық болмас арамыз 
Сіздерге келіп тұрамыз. 

Біз мектепке барамыз Айбарыс

Қолға қалам аламыз 
Кітапты да оқимыз 
Суретті де саламыз. 
Алтыға толды жасымыз 
Ересек біздер баламыз 
Екіні қосып екіге 
Санайда біздер аламыз. 
Ән:  «Ұлдар әні» ??????????????
Білім
ханшайымы:
Алдындағы
балалар 

                               Мектепке кетіп
барады 

                               Тақпақ айтып бір
бірден 

                               Қимай кетіп
барады 

                               Қош балалар сәт
сапар 

                              Үлгілі бәрің
болыңдар 

 Жақсы болып әрқашан 
 Тек бестікті алыңдар. 
Карлосон: Бүгін біздің кешімізге жақсы келгенсіздер. Рахмет Сіздерге, енді
балалар сендермен қоштасатын сәтте келіп жетті. Біз білім ханшайымы екеуміз
сендердің мектепке дайын екендеріңізді білдік. 

Білім ханшайымы: Сүйкімді балғын бала шақ 
                                    Сендердікі
болашақ 

                                    Озат болып
оқыңдар 

                                    Ойға білім
тоқыңдар 

Жүргізуші: Айналайын гүлдерім 
                     Ақ шуақты күндерім 
                     Ерекше қызық тілдерің 
                     Естен кетпес күндерің 
                    Айналайын, балғындар, 
                    Алға бағыт алдыңдар. 
                    Ертең өсіп толыңдар 
                    Ел мақтаны болыңдар! 
                   Орындалсын ойларың, 

Тәрбиешілер бірге ——————— Ашық
болсын жолдарың!!!!

1  Құрметті тәрбиешілер мен ата-аналар                          Раяна

Кез келді сіздерден ақ бата алар 
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін 
Бар қауым тамсана таңдай қағар. 

2Ақ тілекті ағытып бір тастайық     Аружан
Қоштасатын кешімізді біз бастайық 
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын 
Болсын солай әр бір күнің, әр айың 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі 
Алтын ұя ақ босаға киелі 
Қанат қақтың білім алып өзіңнен 
Күллі бала басын саған иеді. 

3     Ботақаным бөбек деп                                    Анеля
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше 
Қуантатын күн бүгін 
Өсті міне бойымыз 

Өсті міне ойымыз 
Қуанышқа ортақпыз 
Құтты болсын тойымыз. 

4    Қызық күндер өткіздік.                                     Алижан

Мектеп ұя  бағында. 
Көп оқыдық, көп білдік. 
Ел мен Отан жайында. 

5    Ана тілін ардақтап                                            
Жантөре

Ата салтын біз көрдік. 
Сурет салып, ән жаттап. 
Оқып- жазып үйрендік. 

6   Оқимыз білім аламыз                                         
Салтанат

Болашақ жолын саламыз 
      Мекеппенен қоштасып 
Біріншіге барамыз 

7   Мерекеде сызылтып ән саламыз                       Томирис
Ән айтып би де билеп жан саламыз 
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. 

  Жақсы оқып келемін,                     Сымбат
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын

 Жеті  жасқа толамыз 

Әдепті бала боламыз 

Қуантып ата-ананы 
Мектепке кетіп барамыз 

9  Сезімде туған баламыз  Муслима
Оянды оқып санамыз 

 Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамын 

10   Мектепке ертең барамыз 
Аяулым

Оқимыз сауық құрамыз 
Қашық болмас арамыз 
Сіздерге келіп тұрамыз. 

11    Біз мектепке барамыз 
Айбарыс

Қолға қалам
аламыз 

Кітапты да оқимыз 
Суретті де саламыз. 
Жетіге  толды жасымыз 
Ересек біздер баламыз 
Екіні қосып екіге 
Санайда біздер аламыз. 

Біз мектепке барамыз

Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.

Жүргізуші:— Құрметті ата-аналар,қонақтар!Бүгін біз тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,1-ші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті ,сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасалы отыр.

Жүргізуші:-Бүгін елдігіміз ескерліп ,егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп ,атымыз алысқа жетіп жатып шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.

Айналайын, балалар

Сендерде ой,сана бар

Өздеріңнен өседі

Өнершілер,даналар

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың

Жүргізуші:

Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа енді жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар

Алда мектеп –Ана бар

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар ,даналар

Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық

Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қыздары:: Нұрайым,Ақнұр, Мадина,Карина ,Айжан

Сымбатты аруы:Аружан,Жанель, Тамерис,

Инабатты аруы:Ақерке,Әдема,Аяна

Тобымыздың атақты бишісі: Дильназ

Тобымыздың білімді де дарынды балалары:Диас,Инсар,Иасин,Мансұр,Рамазан,Ерасыл Абжан,Бейбарыс,Али,,Ерқанат,Марат Зеленцов,Данияр,Бахтияр Қ,

Тобымыздың спорт шебері:Ернұр,,Алихан,Марат У,Расул У,Расул ,Мадиар,Нұрмахан,Ерасыл С,Ельдар Т,Бақтияр К

Қазақстанның гимны орындалады

Сөз мектеп директорына Сарсенова Айнұр Тоқтарқызына беріледі

Өлең: Қуанышқа бөленген

1 бала: Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

2 бала: Мектепке енді барамыз

Оқіміз,сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Апайға келіп тұрамыз

3 бала: Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Дайындық топты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

4 бала: Өз үлгіңді ұстаймын

Айтқаныңнан шықпаймын

Мен балапан құстаймын

Баулыдың сен мұғалім

5 бала: Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып үйреткен

Таныстырған ең алғаш

Әріптермен,суреттермен

Ол тәрбиеші тәтеміз

6 бала: Қуанышты көңілді

Нағыз жақсы мереке

Шығарып салмақ мектепке

7 бала: Құшағыңда жарқылдап

Өтті сәби күндерім

Би биледім,ән тыңдап

Алаңдауды білмедім

Би: Қыздар гүлдермен билейді

8 бала: Біз балауса баламыз

Жетілді ой-санамыз

Даярлықпен қоштасып

Біріншіге барамыз

9 бала:Адам етіп баптаған

Ардақтап бізді баптаған

Даярлыққа мың алғыс

Тәрбиншіммен мен мақтанам

10 бала: Күннің нүры шуақты

Сергітеді денемді

Құрдастарым сияқты

Оқушымын мен енді

Өлең:

Жүргізуші:- Балалар біз Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық

Балалар: 23 жылдығын

Жүргізуші:- Балалар біз қай елде тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз

Жүргізуші:-Қазақстанның Елордасы қай қала?

Балалар: Елордамыз-Астана

Жүргізуші:-Елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев

Жүргізуші:-Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?

Балалар: Ту,Елтаңба,гимн

Жүргізуші:-Дұрыс,Казақстан –тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк байрағы,айбынды елтаңбасы,асқақтаған гимны бар

11 бала: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі

Тұнығындай көгілдір

Ортада аспан әлемі

12 бала: Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Нұрын күндей төгіп тұр

Жылдарымыз жайдарлы

13 бала: Құт береке-шанырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Жұргізуші: Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа енді жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар

Алда мектеп –Ана бар

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар ,даналар

14 — бала: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Дайындық  топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

15 — бала: Өз үлгіңді ұстаймын
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім

16 — бала:Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен
Ол тәрбиеші тәтеміз

17 — бала: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз

18 — бала: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата — ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

19 — бала: Қуанышты көңілді
Нағыз жақсы мереке
Шығарып салмақ мектепке.

Қызықты би:Ұлдар мен қыздар

20 — бала: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.

21 — бала: Біз балауса баламыз
Жетілді ой — санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.

22 — бала: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам.

23 — бала: Күннің нүры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.

24 — бала: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата — ананы
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс
Өлең: Қошақаным

Залға Тапқышбек келеді

Тапқышбек:-Сәлеметсізде ме балалар?Сендер мектепке дайынсыңдар ма?

Қазір мен сендерді тексеремін

« Ойнаймыз,ойлаймыз» 
Қызықты есептер «Шешуін кім табады» 
1.Төрт қаз ұшып барады 
Биіктен төмен қарады 
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы8) 
2.Балапанын көгалада 
Санай алмай тауық жүр 
Жетеуі жүр жүгіріп 
Үшеуі жем тауып жүр 
Қанша барлық балапан 
Санап берші балақан(10 ) 
3.Құмырсқалар еңбекшіл 
Үйымшыл және ол көпшіл 
Екеуі жүр дән тасып 
Екеуі шөпке жармасып 
Бесеуі шырша түбінде 
Барлығы нешеу, санап шық (9) 
4.Бес қой қосу екі қой 
Жалпы болды қанша қой 
Екі қой қайта алғаным 
Айтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-2 
5.Мама вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұрт 
Барлығы неше жеміс болды? (10) 
6.Ағашта отыр 8 құс Оның ішінде 6 торғай,қалғаны қарға 
Сонда неше қарға? 
7.10 саны- тура және кері санау 
8.Ойын : «Өз орныңды тап» 
1-10 дейін 

9.1-10 дейін санамақтар

Балалар бастарына атрибут киіп тақпақтарды айтады

10. Ата-аналармен ойын :»Мектепте қалай оқыдық және оқимыз»
Би:Қыздар шарфтармен 
Тапқышбек: Математиканы жақсы білесіңдер,ал сауат ашу сабағынан сынап көрейін
«Әріптер әлемі» 
Тапсырмалар: 1. «Сөз құра» 
Т.А.П.К.І П.Т.Д.Ә.Е.Р Л.А.Қ.А.М 
2.Суретпен жұмыс: 
МАШИНА ҚОЯН ӘТЕШ
3.Буындардан сөз құра 
КЕ-МЕ АЛ-ҒА 
КІР-ПІ ҚО-ЯН 
КЕ-СЕ МА-ШИ-НА 

Тапқышбек : Рахмет сендерге балалар Мектепке сендер дайынсыңдар!Сау болыңыздарІ

Вальс

Жүргізуші: Міне балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін,балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

Сөз мектеп директорының окі ісінің меңгерушісіне Көшербаева Меруерт Сапарғалиқызына беріледі

Балаларды марапаттау,сыйлықтарды тарату

Біз мектепке барамыз!


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • gulzhann
  • 08.11.2017
  • 0
  • 1
  • 12433

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«№2 орта мектеп» КММ         
Өткізген: Уразалина Гульжан Жамбуловна​

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Мақсаты: Балаларға алдағы уақытта оқушы болатындықтарын ескерте отырып, жыл бойы оқыған-тоқығандарын, үйренген-білгендерін мақсатты түрде, еш әрседен сескенбей ортаға салуға шақыру; білімнің қажеттілігін ұғындыру; жұрт алдында өзін ұстай білуге, құлаққа жағымды етіп, мәнерлеп сөйлеуге үйрету; эстетикалық талғамдарын ояту; бір-бірін сыйлауға, қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе сөз.  (Музыка ойналып  тұрады.)

Тәрбиеші:

–  Сәлеметсіздер ме ата-аналар, ұстаздар, қонақтар?!

Бүгінгі той иелері құрақтар!

Бір жыл бойы көп  білімді игерген,

Алдарыңа шыққалы тұр ҰЛАНДАР!

Білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Біз мектепке барамыз!»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бір жыл бойы алдымда
Жүрді мына балалар
Қоштасатын күн келді,
Шақырайық ортаға.

Музыканың сүйемелденуімен балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші: балалар сендер бұл жерге неге жиналып отырғандарыңды білесіңдер ме? Қане айта қойыңдаршы.

Ильяс:
Оқимыз, білім аламыз, 
Болашақ жолын саламыз, 
Даярлықпен қоштасып, 
Біз мектепке барамыз. 

С.Нұрай:
Мектепке енді барамыз, 
Үлгілі оқушы боламыз. 
Жақсы оқып сабақты 
Кілең бестік аламыз. 

Санжар:
Көңілді өскен баламыз 
Шырқатып әнді саламыз 
Тойымызға сән берер, 
Би де билей аламыз. 

Ділнұр:
Жеті жасқа толамыз, 
Әдепті бала боламыз. 
Қуантып ата – ананы, 
Мектепке кетіп барамыз. 

Э.Аружан:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік. 
Сурет салып,ән жаттап, 
Оқып, жазып үйрендік.

Бахтияр:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

Т.Нұрай:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Т.Аружан:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.

Дәмір:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

Марлен:
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Бекарыс:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.

Тәрбиеші: — әрине балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Бүгін сендер балалықпен қоштасып, оқушы болғалы отырсыңдар. Ал сендер балалықтың не екенін білесіңдер ме?

— Иә

Ән: «Бал балалық»

Тәрбиеші: — Ой, рахмет! Сендер маған балалықтың не екенін осы өлең жолдарымен айтып бердіңіз.

Жалқаубек: «Тоқтатыңдар, тоқтаңдар!» деп айқайлап кіріп келеді.

Тәрбиеші: Cіз кімсіз? Неге айқайлайсыз? Нені тоқтатуымыз керек?

Жалқаубек: мен Жалқаубек деген боламын. Мен әрқашан да сендердің қастарыңнан табыламын. Мен сендерге көмек беруге әрқашан дайынмын. Кез келген істеріңді ертеңге қалдыруға көмектесемін.» деп қалтасын ақтарып жатып ұйықтап қалады.( ҚОЙНЫНАН ЖАСТЫҚ ПЕН ТӨСЕНІШ АЛЫП ШЫҒАДЫ)

Тәрбиеші: — Балалар мынау кім екен? Келіп неге ұйықтап қалды? Мұндай баланы қандай бала деп атауға болады? 

Көрінісі: «Жалқаубек»

Тәрбиеші: — балалар бізге мынадай көмекші керек пе?

Жоқ!

Жалқаубек: көрпесі мен жастығын сүйретіп ренжіп кетіп қалады.

Тәрбиеші: Балалар, біз еріншек Жалқаубектен құтылдық. Егер оған еретін болсақ жаман оқушы болар едік. Бүгін біз мерекемізге ертегі кейіпкерін шақырдық! Ол сендердің білімдеріңді тексереді. Кейіпкеріміз келгенше маған жазды қалай өткізетіндерің жайлы айтып беріңдерші. Сендер  жазғы демалыста қайда барасыңдар? 

Ән: «Мен ауылға барамын»
(Қол соңып ортаға Тапқышбек келеді.) 

Тәрбиеші:— Балалар, біздің қонақты таныдыңдар ма? 
Балалар: — Тапқышбек 
Тапқышбек: Дұрыс таптыңдар.Ал мен балалардың мектепке дайындықтарын тексеру үшін келдім. Математика ең қажетті ғылым. Ал, ол үшін цифрларды білу керек. Және олармен дос болу керек. 
Жүргізуші: Балалар, дайынсыңдар ма? 
Балалар: иә! 
Тапқышбек: Тырнаның сабағына 5 сауысқан ұшып келді. Солардың ішінде тек үшеуі ғана сабақ қарады. Сабаққа неше сауысқан ұшып келді? 
Балалар: бес 
Тапқышбек: Жарайсыңдар дұрыс. Тиінге қонаққа көршісі келді. Бұтақта отырып бес- бес жаңғақтан жеді. Тиіндер неше жаңғақ жеді, қане, санап көрейік! 
Балалар: тиіндер он жаңғақ жеді. 

— Біздің туған еліміз қалай аталады?

— Туған жеріміздің астанасы қай қала?

— Қазақстан Республикасының Президенті кім?

— ҚР  рәміздерін білесіңдер ме?

— Туған жер туралы кім тақпақтар біледі?

Медина:

Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын…
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.

Радмила:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!

Адема:
Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!

Айым:
Ағаштары тербелген,
Үлкен қала — Астана.
Биік — биік үйлері,
Әсем біздің Астана!
Қол соғайық қанеки,
Жаса мәңгі Астана!
Ел жүрегі Астана,

Арай:
Жаңа қала, жас қала.
Зәулім, сәнді үйлері,
Үлгі болған басқаға.
Астана, Астана!
Ел тілегі — бас қала!
Астана, Астана!
Ел жүрегі — Астана

— Неше  жыл мезгілі бар?

— 1 аптада неше күн бар? Атап шығыңдар.

— Осы білімнің бәрін неден үйрендіңдер?  Кітап туралы тақпақ білесіңдер ме?

Айғаным:
Сауатымды ашатын
Кітап білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол – өмірдің шырағы.

Жансая:
Кітапта алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.

Дильназ:
Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбайұлы.

Г.Дильназ:
Кітап сенің қазынаң,
Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар,
Кітап сенің бақ құсың.

Арыстан:
Аралайтын ішін сен,
Тау мен
Дала,
Жазығың.
Кітап дейтін түсінсең,
Ақыл-Ойдың азығы,
Қадір-қасиет қазығы!

Диляра:
Кітап деген басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.

— Ал енді сендер сауат ашу сабағынан дыбыстарды өттіңдер. Бар дыбыстарды білесіңдер ме?

Иә!

Ән: «Әліппе»

Тапқышбек: балалар сендер өте білімді екенсіңдер. Әр қашан осылай жақсы оқыңдар.

Тәрбиеші: біздің балалар біліммен қатар өнерді алып жүреді, тамашалайсыз ба?

Тапқышбек: Иә.

Би: Аружан «Мен — биші қыз»

Ән: «Қошақаным»

Би: «Теңізшілер»

Би: «Көбелек биі»

Тәрбиеші: Тапқышбек міне, біздің балалар осындай өнерлі. Қанағаттандың ба?

Тапқышбек: Әрине, өнерлерін үстем болсын. Мен сендерге манадай мақтау қағаздарын сыйлайын деп тұрмын, себебі өте өнерлі, білімді екенсіңдер.

Тәрбиеші: Сөз кезегі мектеп директоры Байбурина Әмина Нәбиқызына беріледі.

Марапаттау.

Әдемі әуенмен балалар қолдарына шарлар алып соңғы әндерінайтуға шығады.

Ән: «Мен оқушы боламын»


Біз мектепке барамыз!

Мерекеге сай әсем безендірілген залға музыка әуенімен енген екі бала

қоңырау соғады.

Нурай: Сыңғыр,сыңғыр қоңырау,

Қоңыраудың шақырған,

Тәтті әуені ән думан.

Білім алған бақшадан,

Біз көңілді балдырған.

Алдияр: Шақырады мектепке,

Білім алған бақшадан,

Біз көңілді балдырған.

Шақырады мектепке,

Сыңғырлаған қоңырау.

Қол ұстасқан балалар залға кіріп, музыка әуенімен жақсы көңілдерін

білдіріп,бастарын иіп, тәрбиешілерін қарсы алады.

Вальс?

Тәрбиеші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкінді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұңды.

Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағындар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар

Камила: Балабақша есігін

Сәби болып ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсірді, міне бақшамыз

Батырхан:Баулап баптап өсірдіңіз

Балалық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз өзіңізді

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Әдепті бала боламыз.

ДЫМБІЛМЕС: Ой мен қайда келіп қалдым Енді білдім мен ертегілер еліне

келіп қалдым,

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе, сіз Балабақшаға келіп түрсыз

ДЫМБІЛМЕС Бау бақшаға? Мен білсем сендер бау бақшада өсіп тұрған

Әдемі гүлсіндер ғой иә? Бос тұрғанша бау бақшаны суарайын

Тәрбиеші: Тоқтаныз Сіз түсінбедіңіз,бұл бау бақша емес, бұл

БАЛАБАҚША

Мұнда балаларды тәрбиелейді,өсіруді,баптайды,үйретеді!

ДЫМБЫЛМЕС: Өсіруді,баптайды? Сендер неге өспей қалғаңсыңдар?

Білдім сендерді суару керек, бойларыңда өспей қалыпты

Сендерге көп су ішу керек.

Тәрбиеші: Достарым Дымбілместі бірге мектепке ала кетейік.

Дымбiлмес: Мектепке! Онда не бередi? Бармаймын мектепке!

Тәрбиеші: Дымбiлмес, мектепте жазуды,үйретеді

Алина: Өтті сабақ сан сабақ

Бүгін үлкен салтаант

Оқулықпен достассақ

Бақшамызбен қоштаспақ

Өсті білім бойымыз

Құтты болсын тойымыз. Қош бол әсем бақшамыз

: АлишерҚош балалар бақшасы

Естен кетпес есімін

Қош балалар бақшасы

Алғаш ашқан есігін

Ән:Бақшамызды сүйеміз

1-Тәрбиеші : Ал Дымбілмес қалай екен біздің балалар?

Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ»

ойынын ойнайық.

Мектепке біз барамыз ба?

Кілең бестік аламыз ба?

Айтқан тілді аламыз ба?

Ақылды бала боламыз ба?

Нан жеймін деп жылаймыз ба?

Ертеңгісін тұрамыз ба?

Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

Екі алғанда жылаймыз ба?

Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші: Бишілерде өнер көп

Билейді биді мәнерлеп

Көңілді биді көріңіздер

Өнерге баға беріңіздер.

Би: «Первоклашка»

Адия: Ақыл құйып санама

Ізгілікке баулыды

Ұмытуға бола ма

Балабақтың әр күнің

Кеше ғана әлі жас

Еркесі едік әр үйдің

Атаанам болды мәз

Оң,солымды таныдым

Ясмин: Ән салайық бас қоса

Бақшамен қоштаса

Күніміз тұрсын күлімдеп

Жүрейікші достаса

Біз балдырған баламыз

Көңілді өскен баламыз

Шырқап әнге саламыз Тойымды сән беріп

Би де билеп аламын.

Би «Қолшатыр»

Дымбілмес: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой,

бармаңдар мектепке не керек?

2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын

ойнайық.

Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

Тамағын уақытылы бересіз бе?

Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

Сериал көріп жатасыз ба?

Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән: «Мен мектепке барамын»

Ойын «Тез тұратын сандар»

Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда

бір қатарға тез тұру керек

Таир: Орын берген бақшадан

Меңгеруші да жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артық өзі басқадан

ИнарБізде мұнда әрдайым,

Бәрібәрі дап дайын,

Қамымызды ойлаған.

Дина Мауленқызына ,мың алғыс!

ИндираЖақсылыққа қүмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүрегінен.

Әдіскер апайға мың алғыс.

Асанали:Ақ төсекке жатқызған

Тәтті тамақ жасаған

Бала болып ойнаған

Күтішімізге мын алғыс

Алинур:Бас аурса іш аурса

Жедел жәрдем келеді

Укол салып ауртпай

Көп витамин береді

Дәрігерге көп рахмет

Рамина Мәпелеген анамыз

Бақша болды панамыз

Мектепке енді барамыз

Оқып, білім аламыз

Қадірлі бақша, бұл бақша

Оқыған атаанамыз

Өнегенді құрметтеп

Білімді адам боламыз.

Нурай: Біздін гүл бақшада ..

Бар әсем асхана

Бар онда аспасшы

Ақ қөніл жақсы апа

Әлде май қаймақ па

Борщ па сорпа. ма?

Тұрады ортада

Барлық апайларға мың алғыс

РаминаҮйренеміз өнер біз,

Шетімізденшеберміз.

Балтатитын әніміз

Мың бұралған биіміз.

Әңші апайға рахмет.

Таир Қиынсынып қимаймыз,

Шыңығамыз жастаймыз.

Көнілді әуен сазымен,

Жаттығуды бастаймз.

Ержан ағай қарайды,

Күшімізді сынайды.

АлинаЕсепқисап жүргізетін,

Бақшаға кіріс кіргізетін.

Айтолқын апайға ,

Біз айтамыз мн алғыс.

.

БАЛАЛАР: Көп көп рахмет

Балалар гүлдерді сыйлайды, директорға, ата аналарға сөз беріледі.

Алхан мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Келен бестік аламыз

Адия: Бақша біздін панамыз

Мектеп біздін анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз

Алдияр: Біздер жеті жастамыз

Сәбілектен асқанбыз

Мектеп бізді шақырды

Алина: Қош бол әсем бақшамыз

Өсті біздің бойымыз

Өсті біздің ойымыз

Қоштасамыз бақшамен

Бүгін думан тойымыз

Оған қамқор анамыз

Елін сүйген баламыз

Біз мектепке барамыз

Оқып, білім аламыз

Залға самокатпен спандермен кіреді, балаларға сыйлық

әкеледі

ӘН: «Балапандарым, күндерім»

Рабига: Өткізіп қызық күндерін

Жеті жасқа жеттіндер

Алуға терең білімді

Мектепке енді кеттіндер

Өсті міне бойларын

Өсті ақыл ойларын

Куанышка ортакпыз

Кұтты болсын тойларын

Айгүл: Сәтті болсын жолдарын

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерін

Естен кетпес үндерін

Музыка вход Білім ханшасына

БІЛІМ ХАНШАСЫ: Сәлеметсіздер ме балалар, білім еліне сапар шегуге

Дайынсындар ма?

Балалар:Дайынбыз.

БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ: Онда мен сендерге сынақ салам:

1 Мектепке қандай балалар бара алады?

2 Әріптерді қандай кітаптан оқып үйренеміз? Қандай әріп білесіндер?

Алфавиттін Атүрады басында

Әр қашанда –Ә түрады қасында

Байқадын ба Бтұрады қашан да

Ос әріптер бәрі каделі.

А деген ол аналар ғой ардақты

Әдеген ғой әкелер ғой салмақты

Бдеген ғой балалар ғой әдемі

Сондықтан да расын да түрар олар алфавиттін басында

3 Кері санау? Санамақ білесіндерме?

Балалардын жауабы

БІЛІМ ХАНШАСЫ: Бәрекелді бәрін де ақылды, зерек екенсіндер

сендердін білімдеріне риза болып тұрмын.

Сендерге білім елінен сыйлықтарды әкелдім.

Оқушылар білім елінің есігі айқара ашылды, қош келдіңіздер жас

достарым .

Тәрбиешілер: СӘТ САПАР ТІЛЕЙМІЗ, ақ жол төсеп шығарып салады.

                                  Біз
мектепке барамыз

Зал мерекеге сай безендірілген.
Көңілді әуен естіліп тұрады
.

Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар,қонақтар!Бүгін біз
тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,1-ші
сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы
тәп-тәтті ,сүйкімді балақайларымыз мектепалды
даярлықпен қоштасалы отыр.

 Жүргізуші:-Бүгін
елдігіміз ескерліп ,егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай
етек жеңіміз кеңейіп ,атымыз алысқа жетіп жатып шақта
бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы
бір той қосылмақ.Қадамдарың құтты болсын
жас бүлдіршіндер.

Айналайын, балалар

Сендерде ой,сана бар

Өздеріңнен өседі

Өнершілер,даналар

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың

Жүргізуші:

Өтті қызық көп
күндер

Алты жасқа енді жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар

Алда мектеп –Ана бар

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар ,даналар

Мектепалды даярлықпен бітіруші
түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық

Тобымыздың сүйкімді де
сүйікті қыздары::
  Нұрайым,Ақнұр,
Мадина,Карина ,Айжан

Сымбатты аруы:Аружан,Жанель,
Тамерис,

Инабатты аруы:Ақерке,Әдема,Аяна

Тобымыздың атақты бишісі:
Дильназ

Тобымыздың білімді де дарынды
балалары:Диас,Инсар,Иасин,Мансұр,Рамазан,Ерасыл
Абжан,Бейбарыс,Али,,Ерқанат,Марат Зеленцов,Данияр,Бахтияр Қ,

Тобымыздың спорт шебері:Ернұр,,Алихан,Марат
У,Расул У,Расул ,Мадиар,Нұрмахан,Ерасыл С,Ельдар Т,Бақтияр К

                Қазақстанның
гимны орындалады

Сөз мектеп директорына
аты-жөні беріледі

                                  
Өлең: Қуанышқа бөленген

1 бала: Мектепке енді барамыз

           Үлгілі оқушы
боламыз               

            Жақсы оқып
сабақты  

              Кілең бестік аламыз

2 бала: Мектепке енді барамыз

            Оқіміз,сауық
құрамыз               

             Қашық емес арамыз

             Апайға келіп
тұрамыз

3 бала: Қуанамыз сыйлаймыз

            Қуаныштың
мың гүлін                           

            Дайындық топты
қимай біз

           Қоштасатын күн
бүгін

 4 бала: Өз үлгіңді
ұстаймын

              Айтқаныңнан
шықпаймын                      

              Мен балапан
құстаймын

              Баулыдың сен мұғалім

5 бала: Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып
үйреткен

Таныстырған
ең алғаш                    

Әріптермен,суреттермен

Ол тәрбиеші
тәтеміз

6 бала: Қуанышты көңілді

Нағыз
жақсы мереке                        

Шығарып
салмақ мектепке

7 бала: Құшағыңда
жарқылдап

Өтті
сәби күндерім

Би
биледім,ән тыңдап                      

Алаңдауды
білмедім

Би:
Қыздар гүлдермен билейді

8 бала: Біз балауса баламыз

Жетілді ой-санамыз

Даярлықпен
қоштасып                    

Біріншіге барамыз

9 бала:Адам етіп баптаған

Ардақтап
бізді баптаған                  

Даярлыққа
мың алғыс

Тәрбиншіммен
мен мақтанам

10 бала: Күннің нүры шуақты

              Сергітеді денемді

              Құрдастарым
сияқты             

              Оқушымын мен енді

Өлең:

 Жүргізуші:- Балалар біз
Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық

Балалар: 23 жылдығын

 Жүргізуші:-     Балалар біз
қай елде тұрамыз?

Балалар:       Қазақстан
Республикасында тұрамыз

 Жүргізуші:-Қазақстанның
Елордасы қай қала?

Балалар:       Елордамыз-Астана

 Жүргізуші:-Елбасымыз кім?

Балалар:       Нұрсултан
Әбішұлы Назарбаев

 Жүргізуші:-Балалар,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не
жатады?

Балалар:       Ту,Елтаңба,гимн

 Жүргізуші:-Дұрыс,Казақстан
–тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк байрағы,айбынды
елтаңбасы,асқақтаған гимны бар

11 бала: Елтаңбасы елімнің

              Неткен
әйбат,әдемі

              Тұнығындай
көгілдір

              Ортада аспан әлемі

12 бала: Көк аспандай көгілдір

              Қазақстан
байрағы

              Нұрын күндей
төгіп тұр

              Жылдарымыз жайдарлы

13 бала: Құт
береке-шанырақ

              Орын алған ол
төрден

              Қанатты қос
арғымақ

              Екі жақтан
көмкерген

 Жұргізуші:   Өтті
қызық көп күндер

                        Алты жасқа
енді жеттіңдер

                        Барасыңдар
мектепке

                         Бір белестен
өттіңдер!

                        Айналайын балалар

                        Алда мектеп –Ана
бар

                       
Өздеріңнен өседі,

                        Өнерпаздар
,даналар

14 — бала: Қуанамыз
сыйлаймыз

                 Қуаныштың мың гүлін,
                Дайындық  топты қимай біз
                Қоштасатын күн бүгін

15 — бала: Өз үлгіңді ұстаймын
                Айтқаныңнан шықпаймын
                Мен балапан құстаймын
                Баулыдың сен мұғалім

  16 — бала:Бізге тәртіп
үйреткен

                 Ән салдырып билеткен
                 Таныстырған ең алғаш
                 Әріптермен, суреттермен
                 Ол тәрбиеші тәтеміз

17 — бала: Оқимыз білім
аламыз

                 Болашақ жолын саламыз
                 Даярлықпен  қоштасып
                  Біз мектепке барамыз

18 — бала: Жеті жасқа
толамыз

                 Әдепті бала боламыз,
                 Ата — ананы қуантып,
                  Кілең бестік аламыз

19 — бала: Қуанышты көңілді
                Нағыз жақсы мереке
                Шығарып салмақ мектепке.

           Қызықты
би:Ұлдар мен қыздар

20 — бала:
Құшағыңда жарқылдап,

                 Өтті сәби күндерім
                 Би биледім ән тыңдап
                Алаңдауды білмедім.

21 — бала: Біз балауса баламыз
                 Жетілді ой — санамыз
                 Даярлықпен қоштасып
                 Біріншіге барамыз.

22 — бала: Адам етіп
баптаған,

                 Ардақтап бізді мақтаған.
                 Даярлыққа мың алғыс
                 тәрбиешіммен мен мақтанам.

23 — бала: Күннің
нүры шуақты

                 Сергітеді денемді
                 Құрдастарым сияқты
                 Оқушымын мен енді.

24 — бала:
Жақсылыққа құмармыз

                  Жақсы адам болып шығармыз
                  Қуантып ата — ананы
                  Таза сәби жүрекпен
                   Айтамыз сізге мың алғыс
Өлең: Қошақаным

Залға Тапқышбек келеді

Тапқышбек:-Сәлеметсізде
ме балалар?Сендер мектепке дайынсыңдар ма?

Қазір мен сендерді тексеремін

 «
Ойнаймыз,ойлаймыз» 

Қызықты есептер «Шешуін кім табады» 
1.Төрт қаз ұшып барады 
Биіктен төмен қарады 
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:(
Басы 4,аяғы8) 

2.Балапанын көгалада 
Санай алмай тауық жүр 
Жетеуі жүр жүгіріп 
Үшеуі жем тауып жүр 
Қанша барлық балапан 
Санап берші балақан(10 ) 
3.Құмырсқалар еңбекшіл 
Үйымшыл және ол көпшіл 
Екеуі жүр дән тасып 
Екеуі шөпке жармасып 
Бесеуі шырша түбінде 
Барлығы нешеу, санап шық (9) 
4.Бес қой қосу екі қой 
Жалпы болды қанша қой 
Екі қой қайта алғаным 
Айтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-2 
5.Мама вазаның ішіне салды 8 алма,2
алмұрт 

Барлығы неше жеміс болды? (10) 
6.Ағашта отыр 8 құс Оның
ішінде 6 торғай,қалғаны қарға 

Сонда неше қарға? 
7.10 саны- тура және кері санау 
8.Ойын : «Өз орныңды тап» 
1-10 дейін 

9.1-10 дейін санамақтар

Балалар бастарына атрибут киіп
тақпақтарды айтады

10. Ата-аналармен ойын :»Мектепте қалай
оқыдық және оқимыз»

Би:Қыздар
шарфтармен 

Тапқышбек: Математиканы  жақсы білесіңдер,ал сауат ашу
сабағынан сынап көрейін
 «Әріптер әлемі» 
Тапсырмалар: 1. «Сөз құра» 
Т.А.П.К.І  П.Т.Д.Ә.Е.Р  Л.А.Қ.А.М 
2.Суретпен жұмыс: 
МАШИНА ҚОЯН ӘТЕШ
3.Буындардан сөз құра 
КЕ-МЕ АЛ-ҒА 
КІР-ПІ ҚО-ЯН 
КЕ-СЕ МА-ШИ-НА 

Тапқышбек
: Рахмет сендерге балалар Мектепке сендер дайынсыңдар!Сау
болыңыздарІ

Вальс

Жүргізуші: Міне балаларымыздың
жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр.
Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып
көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін,балалар. Сапарларың
оң болсын бүлдіршіндер!

Сөз мектеп
директорының окі ісінің меңгерушісіне аты-жөні
беріледі

               Балаларды
марапаттау,сыйлықтарды тарату

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала

отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.

(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)

(Музыка ойналып  тұрады. )

Дауыс:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Құрметті қонақтар ата-аналар!Балаларды тәрбиелеу және оқыту мен қамтамасыз ету жөніндегі2018-2019 жылдарға арналған!”Біз өмірдің гүліміз”бағдарламаасын жүзеге асыру аясында мектеп алды даярлық сыныбының қоштасу кешіне Алімхан.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп базасындағы тірек мектебінің мектеп алды даярлық тобының түлектері “Бақытты балалық шақ”ұшағымен келіп қонады.Кеш барысында қол телефондарыңызды өшіріп,әр сөздерін мұқият тындап,өнерлеріне тамсанып,қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!Кешімізге қош келдіңіздер!

1жүргізуші:

         — — Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 

2жүргізуші:Өтті  қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар  мектепке,

 Бір белестен өттіңдер.

 Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық

Балалар хор:

Үлкендерге сіз

Кішілерге сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

1жүргізуші:

Өсті міне  бойларың

Өсті ақыл-ойлары

Қуанышқа  ортақпын,

Құтты  болсын тойларың!

 2жүргізуші:     

Айналайын, балалар,

Алда мектеп- ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар

1жүргізуші: Балалар біз қай елде тұрамыз?

«Біздің Қазақстан», «Отан» .

— Қандай ауылда, кентте тұрасындар ?(Ақадыр кенті)

— Қай мектепте оқисыңдар,Мектептерін кімнің атымен аталады?(Әлімхан Ермеков атындағы мектепте)

-Қай сыныпта оқисыңдар?(даярлық сыныбында)

Ендеше, балалар Отанымыз Қазақстан, анамыз,ұстазымыз,мектебіміз жайлы не білетіңімізді ортаға салайық .

Қазақстан,Отан

Ана

Ұстаз

Мектеп жайлы тақпақтарын,хорларын айтады.

Есік қағылып , көгершіндер кіреді.

Хор:»Біз мектепке барамыз»

Есік қағып көгершін кіреді.

2жүргізуші:

Балалар қарандаршы бізге қонақ келді.Бұл көгершін құсы.Бізге өзімен бірге хат әкеліпті.Хатта не жазылған екен оқып көрейік.

— Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.

І тапсырма Сауат ашу сабағынан

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2-ге,дауысты дауыссыз)

2.Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?(қызыл)

3.Дауыссыз дыбыстар ше?(көк)

4.Мына сөздерді оқып береміз?(Айша,Айна,Ана,маса)

5.Сөздерді буынға бөліп оқы?(Бо-та, қа-ла, да-ла, ша-на.)

ІІ тапсырма Математика сабағынан.

1. 1ден-20ға дейін санап,кері санаймыз?

2.Геометриялық фигураларды атап айтамыз?

3.Сандардың көршісін тап?

Би: Құстар

Жүргізуші:
Шаттыққа толы жанары
Сыйлайды нені кім білсін
Мектепке кетіп барады
Талабы таудай бүлдіршін.
Балалардың қадамы құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын

Ән: Қайрулла Іңкәр « Ақ мамам» әнімен

Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Гүлдер»

Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді

Ойын «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты:Төрт-төрттен ұлдар бөлінеміз, Геометриялық фигуралар бар осы фигуралар арқылы үшбұрыш және шеңбер құрастырамыз

Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді

Ән:Тұлпарым

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- деп ортаға Микки маус биімен қыздарды ортаға шақырайық.

Би:Микки маус

«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз ба?
  4. Ақылды бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
  7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  9. Екі алғанда жылаймыз ба?
  10. Оқушы біз боламыз ба?

Жүргізуші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

  1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
  2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
  5. Сериал көріп жатасыз ба?
  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
  9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Би:Вальс

«Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.

Сөздің кезегі бастауыштың оқу ісінің меңгерушісі Тлеужанова Гүлім Сапарқызына беріледі.

2жүргізуші:

Сүйікті балғын бала шақ.

  Сендердікі болашақ.

  Озат болып оқыңдар,

  Ойға білім тоқыңдар

( Балалардың мадақтамаларын тапсыру)

Хор:Даярлықпен қоштасу

 1жүргізуші: 

—  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.

    Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,    ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)

Дауыс:міне,біздің кешіміз аяқталды.Біз сіздерге қызықты кезендерін көрсете алдық.Біздің тілеріміз сіздерге бақыт,шаттық,береке,мереке.

Назым Ербаева

Басқа материалдар

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.

Мақсаты: 1. Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Әр баланың іс-әрекеттері арқылы икемділігін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. Ата-аналарға балаларының қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.

2. Ой-өрістерін, сөздік қорларын, сөйлеу мәнерін дамыту.

3. Балаларды елін, отбасын, мектебін, Отанын сүюге, әдепті, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер.

ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар, ұзтаздар, қонақтар бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін міне саналы да білімді оқушы болуға дайын. Бүгіннен бастап ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы “Бастауыш” атты ұзақ жолға аттанғалы тұр. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Білім жолындағы белестерде қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіре отырып, осы балалардың оқып меңгергендерін, өнерлерін тамашалаңыздар.

Ендігі кезекте мектебіміздің директоры Хамитов Сакен Жумабекұлы мен оқу ісінің меңгерушісі Рапиева Мөлдірге сөз беріледі.

Жүргізуші:

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым,

Дайындықтан тәрбие алғандарым.

Енді міне есейіп бәрің бірге,

Достарымен мектепте барғандарым.

Күліңдер, әрқашан шаттаныңдар,

Барлығың болашаққа аттаныңдар.

Аттаныңдар, жұптарың жазылмасын,

Ешқандай жамандық жолықпасын.

Ортаға даярлық сыныбының тәрбиеленушілерін шақырамыз.

Жүргізуші:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Нұрай:

Таудай биік талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім,

Қарындаш пен қаламым.

Назым:

Тәртіпті біз баламыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Ертең өсіп үлкен боп,

Сабаққа да барамыз.

Жанерке:

Еркесі едім атамның,

Еркесі едім апамның.

Толып биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

Мадина:

Таудай болса талабым,

Мен де өсіп толамын.

Ағайымдай әрдайым,

Оқуда озат боламын.

Қаламқас:

Тақпақты да жаттаймын,

Әнге, биге баптаймын

Ата-ананың үмітін,

Ақ сеніммен аттаймын.

Назар:

Жеткізген соң адам ғып,

Біздерге тән адалдық,

Өйткені енді мектептің,

Оқушысы атандық.

Ақжол:

Айтқаны келіп бабаның,

Құтты болсын қадамым!

Ойынды тастап енді мен,

Білімнен қызық табамын.

Қастер:

Ән салайық бас қоса,

Даярлықпен қощтаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен достаса.

Жүргізуші:

Ретіменен тізбелеп,

Әрбір санды даралап.

Зарықбаев Шахназар,

Айтып берер санамақ.

Осы жерде Назар санамақ айтады.

Жүргізуші:

Тіл ұстарту мектебі-

Қилы, қилы жаңылтпаш.

Оның-дағы өткелі,

Біздерді еш жаңылтпас.

Ал ендеше өренім,

Жаңылтпашқа төрің бер,

Анық айтып керегін,

Тез қайталап көріңдер.

Назар:

Қосылған санатқа,

Санат па?

Самат па?

Оларды Санатқа,

Санатпа.

Қастер:

Әсерлі әнді,

Әсем айтты.

Әсем әнді,

Бәсең айтты.

Ақжол:

Тоғай толған торғайлар,

Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай да торғайды ұнатады.

Жанерке:

Далада қар жауар,

Қардан балалар аққала қалар.

Назым:

Аулаға ағаш тіктік,

Он түп тіктік.

Бәрін бір қатар ғып,

Әсем ғып тіктік.

Нұрай:

Көлдің үйрегін,

Көк үйрек бастайды.

Көп үйрек бастаған,

Көк үйрек саспайды.

Қаламқас:

Машина от алмай қалды,

От алмай қалған машина,

Көпірден өте алмай қалды.

Жетер жеріне жете алмай қалды.

Мадина:

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған,

Аралар гуілдеді.

Жүргізуші:

Көңілді өскен баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Кешімізге сән беріп,

Ән де айта аламыз.

Ән: «Жақсы көрем» Орындайтын: Даярлық тобы.

Жүргізуші:

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Гүлдер” биін көріңіздер,

Өнерге баға беріңіздер.

Гүлдер биі” Орындайтындар: даярлық тобының қыздары.

Жүргізуші: Поэзия минуты: “Елтаңбасы елімнің” Оқитын: Еркінұлы Ақжол.

Елтаңбасы елімнің неткен әйбат әдемі,

Тұнығындай көгілдір

Ортада аспан әлемі.

Құт-береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам!

Жүргізуші: Би десе барын салатын,

Құмары содан қанатын.

Биле, кәне, достарым,

Кезекті саған жолдадым.

Цыған биі. Орындайтын: Журсімханова Қаламқас, Еркінұлы Ақжол, Адалбекұлы Қастер, Зарықбаев Назар.

Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен , түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ӘН: «Қошақаным» орындайтын: даярлық тобы.

Жүргізуші: Көк жүзіне самғаңдар,

Тауды бұзып, тас жарып.

Мұхиттарды жалғаңдар,

Күллі әлемді шарлаңдар.

Ғарышқа да самғаңдар,

О, жарандар, жарандар,

Қане мұнда қараңдар,- дей келе ортаға биші қызымызды шақырамыз.

Өзбек биі. Орындайтын: Сағатбекова Нұрай

Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында» Орындайтын: даярлық тобы.

Көрініс: Ертегі. «Бауырсақ». Орындайтын: даярлық тобы.

Жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар,-деп ендігі сөз кезегін қонақтар мен ата-аналарға, ұстаздарға береміз.

Құттықтаулар.

Біз мектепке барамыз!

Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар!

Бүгінгі біздің мерекеміз ерекше себебі мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Балабақшамыздың алғашқы түлектерінің қоштасуға арналған ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Жиналдық қоштасу тойға бәрімізде

Үлкен, кіші,жасымыз кәрімізде

Тәрбиелеп осірген балғындармен

Қоштасу қиын екен мына бізге

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда

Мұндай күй болмаған шығар қаншамызда

Қол соғып қошаметпен қарсы алайық

Балғындарымызды соңғы рет ортамызға.

Би: Вальс

Ерасыл: Құрметті қонақтар, армысыздар

Бәріңізде есен-сау бармысыздар?

Қоштасатың күн келді бақшаменен.

Апайларға айтатың алғысым бар

Ак тілекті ағытып бір тастайың.

Қоштасатың әнімізді бастайың

Әдеп пенен өнегені үйреткен.

Бақшамызды есімізде сақтайық.

Ән: «Тәрбиеші апайлар»

Енді балаларымызды тақпақтарымен ортаға шығарамыз.

Нұрлан: Бақшадағы күндерді

Есімізге сақтаймыз

Тәрбиеші еңбегін

Бәрімізде ақтаймыз.

Айда: Біз сабақты бастаймыз

Қайталаудан саспаймыз

Есептен де қашпаймыз

Жазуды да бастаймыз.

Мариям:Бақшамызды ұмытпай

Келіп кетіп тұрамыз

Сондай кезде апайлар

Қалады ғой қуанып.

Қуат: Үлкендерге тап таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана.

Ән: «Мектептерде үйретеді». (Хор)

Тақпақтарын жалғастырады.

Жансая:Ана тілін ардақтап

Ана салтың біз көрдік

Сурет салып ән жаттап

Оқып,жазып,үйрендік.

Ернар: Сүген қызын,өз ұлын

Бөбегімді деп аянбай

Бала бақшам өз үйім

Апай болды анамдай.

Әмина: Сен үйреттін сойлеуді

Сенде ойым есейді

Мектеп барам мен енді

Бала бақшам қош енді.

Ерназ: Алты жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата ананы

Мектепке кетіп барамыз.

Елдана: Мектеп біздің анамыз

Мектеп біздің панамыз

Үлағатты ұстаздан

Өқып білім аламыз.

Анель: Таң атқаннан, кеш батқанша

Бірге болдым өзіңмен

Көп қызықты күндер отті

Қоштасатын кезде жетті.

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ә н салайық

Иесіне ән жырдан тамсанайық

Арамызға «Гүлдер» биін алып келген

Тобымыздың бишілерін қарсы алайық.

Би: «Гүлдер» биі.

Ән: «Көк тудың желбірегені» (ер балалардың орыңдауында)

Осы кезде бестік кіреді: ( көріңіс)

Ануар:Салеметсіздерме балалар, мен бестікпін сендердін достарынмын Мектепте мен сендердің достарын боламын. Мен сендермен келешектегі достарынмен таныстырып өтейін деп едім, енді соларды ортаға шақырайық.

Әліппе:Сымбат Менің атым әліппе

Мені анандай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да ,Мәлікте.

Математика:Асылбек Біздің келер шамамыз

Бестен үшті аламыз

Тортті бөліп екіге

Жауабын тез табамыз.

Дәптер:Тахир Ел құрметтеп бағалар

Досың бар ол тазалык

Кел, дәптерге балалар

Тап таза етіп жазалық.

Қүнделік:Мағжан Жазуды менде әр күннің

Бар мінезін әр тәртібін

Дос болайық жарқыным

Жолдасымсың сен менің.

Жүргізуші: Ойын: «Ия,жоқ

Шарты:мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай ия, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.

  1. Мектепке барасыңдар ма?

  2. Кілең бестік аламыз ба?

  3. Айтқан тілді аламыз ба?

  4. Ақылды бала боламыз ба?

  5. Нан жейміз деп жылаймыз ба?

  6. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

  7. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

  8. Оқушы біз боламыз ба?

Ата-аналармен де, «ия,жоқ» ойыны.

1.Баланызға әрқашан тірексізбе?

2.Тамағын уақытылы бересізбе?

3.Сериал көріп жатасызба?

4.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

5.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

6.Сен оқыт, мен оқытын шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

7.Бала үшін асулардан асасыз ба?

Рахмет ата-аналар, балалар!

Жүргізуші: Құрметті көрермендер біздің балалардың балабақша апайларына

арналған алғыс ақ тілектері бар:

Абылай: Орын берген бақшадан

Директор біздің жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артық өзі басқадан

Алия апайға мың алғыс.

Ерназ:Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып әдіскер апаймен.

Біріншіншіге барамыз

Сарбиназ апайға мың алғыс!

Асылтас:Жақсы көрем әрдайым

Әрқашан бізге жалықпай

Ағылшын мен орыс тілін үйреткен

Роза, Ақбидай апайларға мың алғыс!

Айда:Қағазға сурет сурет салдырып

Қарайсыз көзді талдырып

Жақсы ісімізді мақтаймыз

Ата-аналарды таң қалдырып

Әсем апайға мың алғыс!

Жалғасбек: Естен кетпес үнініз

Бізбен отті әр күніңіз

Бізге үміт артасыз

Шығар деп спорт шебері

Мың бұрала биінізді де үйреткен.

Назира апайға мың алғыс!

Нұрым: Ақ төсекте жатқызып

Бала болып ойнаған

Тәтті тағам ұсынған

Балалардан Айдана, Гүлшат апайға мың алғыс!

Ақтілек: Ән салдырып билеткен

Ылғи бізбен жүреді

Тақпақтарды үйретіп

Ойнатады күледі.

Кызық –қызық ертектер

Бізге оқып береді.

Жалқаулар да тентекте

Сол апайға көнеді

Гүлнаш,Жанат,Айжан

Көп рахмет айтамыз.

Ән: «Анашым» балалардың орыңдауыңда.(Нұржан,Қуат,Сымбат,Жалғасбек,

Асылтас, Іңкәр,Жансая)

Балалар алғыс тілектерін жалғастырады:

Кәусәр:Ойыншықта, кеседе,

Шанышқы мен тарелкі

Орындық, шкаф,төсекте

Бәрі өзі келеме

Соның бәрін табатын

Шаршамайтың күлетін

Зыр жүгіріп жүретін

Жәмиля апайға мың алғыс!

Іңкәр:Есеп –қисап жүргізетін

Бақшаға кіріс кіргізетін

Қымбат апай сізгеде

Біз айтамыз мың алғыс!

Жарқынай:Төсек-орын тап –таза

Аппақ жуған сүлгісі

Бақтүгіл апай сізге де

Балалардан мың алғыс!

Ануар; Тәтті тамақ пісіретін

Айран сүтін ішкізетін

Саржан,Инама апайлар

Сіздерге де мың алғыс!

Жүргізуші:Мың бұралып би билеп

Шығады қыздар ортаға

Бүгінгі той тамаша

Қуанамыз балаша.

дегендей ортаға «Бипыл» биімен қыздарымызды қарсы алайық.

Ерасыл: Қош,Алпамыс! Ұлы өмірге аттандық

Алдан бізді тек арайлы ақ таң күт.

Болашақта жүрейік тек әрдайым,

Біз сіздерді,сіздер бізді мақтан қып!

Кілтті тапсыру: Ерасыл,

«Тайбурыл» тобына сөз беріледі.

Қымбатты «Алпамыс» бала бақшасының түлектері. Біз сіздерге ақ жол тілеп, сабақты жақсы оқып, үлкен азамат болуларынызды тілейміз.

« Тайбурыл» тобының бүлдіршіндері балабақша кілтін қабылдай отырып сіздерге биіктерден көрінеміз деп уәде береміз.(балалар тақпақтарын айтады)

Жүргізуші: Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерін

Сендердікі болашақ

Өтер балғын бала шақ

Өзат болып оқындар

Ойға білім тоқындар!

Балалар:Еске сөзді сақтаймыз

Үмітінізді ақтаймыз.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Жүргізуші:Еркелеп мойныма артса ақ білегін

Перзенті елжіретер ет жүрегін

Аттаған бүлдіршіңге айтар енді

Аналар тебірентіп ақ тілегін

Ата- аналарға сөз беріледі.

Жүргізуші:Дәм жазса талай тойда кездесерміз

Күн сайын өркендерміз, өзгерерміз

Балалар бақыты үшін ғұмыр кешкен

Бақшамыздың меңгерушісіне сөз береміз.

Ән «Қош бол бала бақшам»

Жүргізуші:Осымен «Айтөбел, Аққанат» тобының «Біз мектепке барамыз» атты қоштасу ертеңгілігі аяқталды. Сау болыңыздар!

«Қош келдің Жана-жыл» атты зал мерекеге сай безендірілген. Музыка жүріп жатады.

Жүргізуші:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын.

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де , көрмеген де арманда

Жаңа жылын құтты болсын ағайын.

Құрметті ата-аналар қош келдіңіздер! Сіздерді келе жатқан жаңа –жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін бала бақша директоры Кенжеғалиева Алия Тлекқызына береміз.

Жүргізуші:Ортада жаңдандырып талайды,

Шыршамыз,жасанып,жайнайды.

Құбылып,құлпырып айнала

Сиқырлы сәулер тарайды.

Балалар,қарандаршы шыршамыз қандай әдемі,біз шыршамызға ән айтып берейікші.

Ән: «Аппақ-аппақ жапалақтап»

Музыка: Қоян секіріп келеді.

Қоян: Ой балалар , мені құтқарындаршы.

Ол мені жеп қоямын дейді.

Жүргізуші:- Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып тұрсын?

Қоян:-Кім болушы еді-қасқыр! Мен естігенмін,ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.

Жүргізуші:Сен бізбен бірге жүр,ешкімнен қорықпа,бізбарлығымыз қосылып сені құтқарамыз.

Ал кәзір біздің балалар таиаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік «Коңілді би»

Би біткен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскелеп,тістеп.

Жүргізуші:Мынау кім екен!

Қасқыр:Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі,ең батыр,ең мықты, ең шапшан ол мен қасқыр.

Жүргізуші: А-солайма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр: Мен жай жүрмін,сендердің мерекелеріне әдейілеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсындарма?

Жүргізуші: Ал сен оны қайтейіндеп едің?

Қасқыр:Жай менің қарным ашты (қарның сипайды) ой айтып қойдым ғой.

Жүргіөуші:Қасқыр саған ұят емеспе? Сен неге оны қуалайсың?

Қасқыр: Мен бәрі бір оны жеймін.

Қоян: Қасеке сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сйым бар.

Ән: «Қояндар әні»

Ескі жылмен қоштасу.

Қой: Мен ескі жылмын, сендерге қоштасуға келдім. Мен сендерді қимаймын. Сендермен маған оте көңілді. Мен сендерге жұмбақ жасырайын балалар.

Қыста ғана болады, үстасан қолын тонады.(қар)

Терезеге қонады,әсем ою салады.(қырау)

Тікен,тікентік пісте, қысы,жазы бір түсте.(шырша)

Қандай тапқыр балаларсыңдар, оте жақсы мен қайтайын.

Жүргізуші:Есік қағылады. Есікті кім қағып тұр екен есік ашылады.

Қош келдініз, Жана жыл төрлетініз

Мешін: Балалар мен мешінмін. Жана жылмын, мен сендерге бақыт, байлық деңсаулық алып келдім.

Ән: «Буги-буги»

Тақпақ жана жылға арналады.( Ерасыл,Ернұр, Расул,Асия, Ануар, Мариям.

Рахмет балалар. Біздің мерекеміз коңілдіә отіп жатыр, енді біздің мерекемізге кімдер жетіспейі.. Аязта мен Ақшақарды шақырамыз.

Жүргізуші:Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұргой. Кәне сиқырлы сөздермен шырша шамын жарқыратайық.

« Қуант бізді, таныртқат шамдарынды жарқырат» ( 3рет)

Ән: Жасыл шырша жаныңда.

Тақпақтарын айтады. ( Сұлтан,Айда, Абылай,Нұрым,Нұрлан,Елдана)

Би: «Үлпа биі» ( топтың қыздары билейді) Ақшақар мен бірге.

Балалардың дайындаған кқрініс ағылшын тілінде . «Үйшік». (ТЫШҚАН,БАҚА, ҚОЯН,ТҮЛКІ, ҚАСҚЫР,АЮ:

Музыка жиберіледі.

Ойын балалар мен «Шаңғы тебу» балалар мен ойын. ( екі топқа болініп, балалар жарысы шаңғы тебу)

Ата-анамен ойын: (музыкаға қарай әр ұлттардың биін билейді).

Аяз-ата. Жарайсыңдар! Балаларым. Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден келгенде көңілімді көтердіңдер! Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емеспе қызым! Ал енді біз жолға шығайық. Ал жақсы, балалар сау болыңдар.

Ата-аналар сау болыңдар!

(Аяз-ата ақшақар қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Ән: «Жасыл шырша жаныңда»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар . 2016 – жаңа жылға мерекеміз аяқталып қалды, Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларынызға бақыт, қуаныш әкелсин.

(ертеңгілік)
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Жүргізуші:
— Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Ән «Балдырғандар маршы» қабыл алыңыздар.
1-бала: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
2-бала: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Апайға келіп тұрамыз.
Жалқаубек жүгіріп келеді. Балалар Жалқаубекті қоршап, «Жалқаубек» әнін орындайды.
Жалқаубек: -Балалар, ойын ойнайықшы. Мен жалғыз өзім ішім пысып, сендерді іздеп келдім. Міне, менде көп ойыншық бар. Келіңдер,ойнайық.
Балалар Жалқаубекке бұл ісінің дұрыс емес екенін, өздерінің мектепке баратындарын айтады.
Мұғалім: — Қане, олай болса, Жалқаубекті апайымызға тапсырайық. Ал, біз Жалқаубек жуынып, тазаланып келгенше ән айтайық.

Ән: «Айналайын әжем-ай».

Жүгіріп оқушы келеді. Қатарласа Жалқаубек келеді.
Оқушы: — Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен, сендерді өзіммен бірге мектепке ертіп кетуге келдім. Сендер қандай ақылды, тәртіпті баласыңдар. Жолда Жалқаубекті көріп оны да ала келдім. Ол да мектепке барғысы келеді екен.
Жүргізуші: — Балалар, осы мектепалды даярлықта әр күндерің қызықты өтуін қадағалап отырған апайларыңа арнаған тілектеріңді, әндеріңді, билеріңді ортаға паш етіңдер!
3-оқушы: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші апайға
Ырза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған
Апайға мың алғыс!
«Үнді биі»
4-оқушы: Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітінде ақтармыз.
Апай сізден алған ақылды
Есімізде өмір-бақи сақтармыз.
Хор «Біз мектепке барамыз»
Саят: Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апай сіңірген
Еңбегіңізді ақтаймыз.
5-оқушы: Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз өздеріңізді.
6-оқушы: Күннен-күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз
Сіздердің біздер үшін сіңірген
«Еңбектеріңіз еш болмайды» деп сенеміз.
Апайларға мың алғыс!
Жүргізуші: -Балалар, сендерге кішкентай бөбектер ән, билерін ала келіпті. Қане, өнерпаздарға кезекті берейік.
«Балапандар»биі

«Бауырсақ» ертегісінен сахналық көрініс.
6-оқушы: «Өзбек биі»
7-оқушы: Тіс ауырса, іш ауырса,
Бізге дәрі береді.
барлық бала, барлық ана
оны жақсы көреді.
Ән: «Ерте,ерте,ертеде»
«Жігіттер биі» барлық ер балалар билейді.
Ойын: «Күн шуағы» Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, күннің айналасына шуақтарын жапсырады
Жүргізуші: — Жарайсыңдар, балалар! Міне күн құрастырдыңдар. Әрқашан күн сөнбесін! Күн шуағы сіздерге нұр сыйласын! Сапарларың сәтті болсын!
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, — дегендей түлектердің орындауында
«Біз мектепке барамыз» әні
Би:»Қыздар биі»
Ән: «Қуыршағым»
Би: «Балдырғандар вальсы»
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектеп алды даярлық қош-сау бол!
Жүргізуші: — Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий бихбу что это значит
  • Сценарий беседы я выбираю жизнь
  • Сценарий битлджус читать
  • Сценарий беседы юные герои антифашисты
  • Сценарий беседы это