Сценарий бозбала мен бойжеткен сценарий

Скачать: бозбала мен бойжеткен сайыс.

Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт — дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе қағаздар, асықтар.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5 — 10 сыныптан 1 бозбала мен 1 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып, тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-

деп сайысқа қатысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Ата жолын жалғамақ.

Ел дәстүрін қолдамақ.

Жігіттер шықсын ортаға, —

деп жігіттерді ортаға шақырамыз.

(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке — жеке таныстырылады)

Жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, —

демекші, кез — келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара — жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп басшысы:Досанова Балкумис Газезовна

2.Тәрбие ісінің орынбасары:Жұбатқан Темірлан Сапарғалиұлы

3. Психолог Абильдина Асем Жаңалыққызы

Енді, мына қоржыннан асық таңдап алып, кезек номерлеріңізді анықтаймыз.

Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады)

Байқау 9 кезеңнен тұрды.

1.«Таныстыру» аталымында сайыскерлер арнайы дайындап келген слайд арқылы таныстырады.

2.«Тосын сый» аталымында сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты 5 сұраққа жауап берді. 3.«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» аталымында бозбалалар мен бойжеткен үй тапсырмасы ретінде өздері жасап келген қолөнер бұйымдарын әділқазыларға табыстап, олардың жасалу әдістеріне, мән-мағынасына тоқталып өтеді.

4.«Әсемдік қыздарға жарасады» аталымында бозбала мен бойжеткен кешкі сән үлгілерін көрсетеді.

5.«Нұрлы талант» аталымында сайыскер топтар өздерінің өнерлерін көрсетіп, жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерге паш етеді.

6. Ас үйде қандаймын?

Бұл кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін көрсету керек. (салаттын бір түрін сол мезетте дайындап шығару керек)

7. «Сұлу би — сымбат мүсін айғағы» бөлімі

Барлық вальс ырғағында билейді.

8.«Селт еткізер» бөлімі

Бұрын қазақтың қыз — жігіттері бір — бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен.Әр жұп бір-біріне жақсы тілекпен бірге сыйлықтарын ұсынады.

Жүргізуші:

Армысың, айналайын дархан халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,

Сәт те келіп қалғандай танысатын,-

Әр жұп өздерін таныстырады.

2.«Тосын сый» ата Шуақ сыйлар адамға ән кешінде

Бұл ғажайып бағалар сән кешіне

Бұл білімділік ой көкпар тарттыратын

Кезек бердік сұрақ жауап бәйгесңне. лымында сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты 5 сұраққа жауап берді.

Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы-қазақтың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес.ақсақалдардың ақылын тыңдау,жөн сөзге тоқтау,үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау-инабаттылықтың,кішіпейілдіктің,бауырмалдылықтың,иманжүзділіктің көрінісі.Осындай халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру негізгі мақсатымыз.

1.Атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?

/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат. т.б./

2.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?

/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,

3.Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?

4.Киіз үй неше қанатты болады?

5.Кереге дегеніміз не?

6.Уық дегеніміз не?

7.Шаңырақ дегеніміз не?

8.Халқымыздың қандай ұлттық ойындарын білеміз?

(Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Қыз қуу, Алтын сақа, Ақ сүйек т.б)

9.Халқымыздың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

(Ет асу, Қазы, Ірімшік,Жент, Қымыз, құрт т.б)

10.Қандай туыстық атауларын білесің?

Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша азаматтардың үш жұрты болады Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Қазақ үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», – деп жақын тартыпжүрген. Сұраса келе қазақ туыс болған.

Ата, Әже, Апа, Әке, Бала, Тұңғыш бала, Кенже бала, Немере, Қарындас, Іні, Аға, Қайны, Абысын, Келін, Жеңге, Бөле, Бажа, Құдаша, Күйеу, Жезде, Балдыз, Дос, Сырлас, Құрдас

11. Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

12.»Шілдехана» деген қандай дәстүр?

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

13.»Тұсаукесер» деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

14. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

15.Айдар

Айдар (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысың құл қылды» («Қобыланды»).Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

16.Базарлық

Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

17.Байғазы

Байғазы (дәстүр). —«Уа, сатира сарбазы, Алырнаңа байғазы!» (С. Әбілкәкімов).Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

Қазіргі таңда көп жағдайда байғазыны жеңіл көлік, үй (пәтер) немесе көрнекті бір зат алғанда қайырлы болсын, жаңа үйге кіргенде үйінің іші құтты болсын деп жатады.

18.Жеті ата

«Жеті ата» (ғұрып), «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» (Мәтел).Әр адам өзінің жеті атасын білуі — көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз»—деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Мысалы: өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз.

19.Айттық

Айттық (дәстүр). «Бір топ ауыл қыдырып «айттық» алып жүр». (Б. Майлин).Айт күні «айттық»—деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.

3.«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» аталымында бозбалалар мен бойжеткен үй тапсырмасы ретінде өздері жасап келген қолөнер бұйымдарын әділқазыларға табыстап, олардың жасалу әдістеріне, мән-мағынасына тоқталып өтеді.

4.«Әсемдік қыздарға жарасады» аталымында бозбала мен бойжеткен кешкі сән үлгілерін көр

5.«Нұрлы талант» аталымында сайыскер топтар өздерінің өнерлерін көрсетіп, жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерге паш етеді.сетеді.

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,

Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.

Қане жұртым көрелік өнерлерін,

Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, —

Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.

6. Ас үйде қандаймын?

Бұл кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін көрсету керек. (салаттын бір түрін сол мезетте дайындап шығару керек)

«Сұлу би — сымбат мүсін айғағы» бөлімі

Ән мен күйді қатар берген санамызға,

Құштармыз — ау өнерге баршамызда.

Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,

Қыз — жігіттер, биден құр қаламыз ба?-

Барлық жұптың көздері байланады. Сайыскерлер бір — бірін тауып алып, вальс ырғағында билейді.

«Сыйлық тарту» бөлімі

Бұрын қазақтың қыз — жігіттері бір — бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.

Қорытынды:

Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.

.

«Бозбала мен бойжеткен» байқауының сценарийі.
 (Сахна тақырыпқа сай безендірілген, лэдэкранда тақырып аты, залда әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні: 
Сағ: 
Жүрг: Қайырлы күн ханымдар мен мырзалар! Еліміздің ең керемет мерекесі Әз — Наурыз қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдық, қара шаңырағымыздың 100 жылдығы мерейтойлары аясында ұйымдастырылып отырған «Бозбала мен бойжеткен — 2022» байқауына қош келдіңіздер!
 Наурыз мейрамы — ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қоймайды, осы бір көктемніңшуақты мейрамы бабалар рухына тағзым етіп, салт — дәстүр, әдет — ғұрып, рухани құндылықтарды да сақтауда орны ерекше.
 Оған Сіз бен Біз бүгінгі байқауымызда куә боламыз. Мейрам баршаңызға құтты болсын!
(Лэдэкранда жұптардың суреттері мен аттары көрсетіледі)
Ендеше, Сіздердікөп күттірмей, қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.
1.
2.
3.
4.
Жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ — қазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік.
1.___
2.
3.
Байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар!
1. «Біз — бозбала, бойжеткен»( өзін — өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
2. «Қазақтың салтын, сақтаған көркем…» ұлттық салт — дәстүрден қойылым: 3 — мин
3. «Нұрлы талант» өз өнерлерін көрсету; 2 — минут
4. «Білімдінің күні жарық» интеллектуалдық сайыс
5. «Сән салтанаты» киім үлгісі:
Жүрг. Ата — бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, зергерлік, аңшылық өнерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнерде аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігуге, ою оя білуге, ас әзірлеу сияқты алуан өнерге баулып отырған.
 Иә, ата — бабаларымыздың айтуына сүйенсек, қазақ бозбаласы мен бойжеткені осы қасиеттерді бойына сіңіре білген. Ал, біздің бүгінгі сайысқа қатысушы жұптарымыз бұны қаншалықты дәлелдей алады?!
Сайысымыздың алғашқы кезеңі«Біз — бозбала, бойжеткен» ( өзін — өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
Қатысушылар:
ЖүрҚазақтың тәлім — тәрбие тарихы — халқымыздың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес. Ақсақалдардың ақылын тыңдау, жөн сөзге тоқтау, үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау — инабаттылықтың, кішіпейілділіктің, бауырмалдылықтың көрінісі. Байқауымыздың да мақсаты — осындай халқымыздың салт — дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру.
Ендеше, байқауымыздың 2 — кезеңі»«Қазақтың салтын, сақтаған көркем…». Ұлттық салт — дәстүрден қойылым көрсету. 3 — мин
Қатысушылар:
ЖүргӨнер – халық тарихының шежіресі.. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырдан келе жатқан қол жетпес мұрасы. Қазақ халқының тіршілігі мен салт — дәстүрі, сана — сезімі, өмір сүрген ортасы, әдет — ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарихи мәртебеге айналды.
Міне, бүгінгі ұрпақ соның куәсі. 
Ендеше, сайысымыздың келесі кезеңі: «Нұрлы талант» бұл кезеңде қатысушы жұптар өз өнерлерін ортаға салатын болады. 2 — минут
 Қатысушылар:
ЖүрҚатысушы жұптарымызға көп — көп рахмет. Сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашаладық, енді жұптарымыздың қаншалықты білімді екенін тексеріп көрелік. Сайыс кезеңі үшін барлық жұптарымызды Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырғым келіп тұр.
 Қатысушылар:
Сайысымыздың 4 — кезеңі «Білімдінің күні жарық»интеллектуалдық сайысы. Назарларыңызға экраннан сұрақтар легі беріледі. Қалауыңыз бойынша саланы таңдап, сұрақтарға жауап бере аласыздар. Әр жұпқа 3 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға вариант берілмейді. 1 мүмкіндік болады. Ол — көрермен көмегі.
Бәрі түсінікті болса, сайысымызды бастайық.
ЖүрСайысымыздың шешуші және соңғы кезеңі «Сән салтанаты» кезеңі. Жұптарымыз ұлттық киім үлгілерін көрсететін болады. Ендеше, алдарыңызда қатысушы жұптар:
ЖүрҚымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділ — қазылар алқасына сараптауға уақыт береміз. 

Қорытынды сөз кезегі бүгінгі әділ — қазылар алқасына беріледі. 
Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!

Бозбала мен бойжеткен


  • Мерекелік іс шаралар
  • guliram
  • 30.01.2016
  • 0
  • 2
  • 23132

«Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы» КММ-сінің технология пәні мұғалімі Сулейменова Баян Абаевна

Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: Қазақ қызы мен ұлының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, сегіз қырлы, жан-жақты ұлттық қасиеттерін танып білу. Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт — дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер

  1. Барысы:
    Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 — 10  сыныптар арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
    Мың бұралған арулар билей басып,
    Келеді міне ортаға толқып, тасып,
    Аруларын сыйлаған халқым менің,
    Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
    деп сайысқа  қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

    Жүргізуші:
    Уа, халайық, халайық,
    Мұнда назар салайық,
    Ата жолын жалғамақ.
    Ел дәстүрін қолдамақ.
    Жігіттер шықсын ортаға, —
    деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
    (Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке — жеке таныстырылады)

    Жүргізуші:
    Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
    Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
    Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
    Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, —
    демекші, кез — келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара — жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
    (Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
    Сайыс бөлімдері:

1. Таныстыру (Қыз бала жеке,ұл бала жеке өздерін таныстырады)

2. Өнерлі өрге жүзер (Өз қалағандары бойынша өнер көрсетеді)        

3. Ұшқыр ой бөлімі (Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)

4. Сыйлық тарту (екі жұп өз қолдарынан жасап бір-біріне тілек тілеп сый тартады)

5. Тапқыр бозбала (бозбала көз байлау арқылы өз жұбын тауып алуы керек)

6. Қорытынды.

Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлер
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
1.Таныстыру  (Қыз бала жеке, ұл бала жеке өздерін таныстырады)

Береке де осында

Мереке де осында

Болып жатыр той- думан

Қырандардың қосында

Асқақтаған ән дайын

Күмбірлеген күй дайын

Ал, кәнеки, қырандар

Босқа қарап тұрмаңдар

Бастап жігіт өнерін

            Биіктерге самғаңдар!
 

2. Өнерлі өрге жүзер (Өз қалағандары бойынша өнер көрсетеді)

3. Ұшқыр ой бөлімі (Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)

8 сыныпқа:

1. Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы не төлеуге тиіс? (Қалың мал)

2. Қоштасу сәтін қалай түсінесің? (Ұзатылған қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.)

3. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алыпне істейді? (Атын байлап – атбайлар салтын орындайды)

4. Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-көлем ілік-жекжаттар неге шақырады. Қандай дәстүрді орындайды? (Үй көрсету немесе есік көрсету).

9 сыныпқа:

1. Балалардың жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай немесе заттай сыйды не деп атаймыз? (Байғазы)

2. Балалары ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік мал береді. Бұл қандай дәстүр? (Енші)

3. Айдар дегеніміз не? (балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ орналастырып қояды.)

4. Мизам (Сабан той) қандай дәстүр? ( Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді. )

10 сыныпқа:

1. Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы затты не деп атайды? (Аманат)

2. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ақтілеудің белгісін не деп атайды? (Бата)

3. Қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәт басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. Бұл қандай дәстүр? (Соғым басы)

4. Діни мейрамдарды ата: (Ораза айт Құрбан айт)

4.Сыйлық тарту (екі жұп өз қолдарынан жасап бір-біріне тілек тілеп сый тартады) Бұрын қазақтың қыз-жігіттері бір — бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
 

5.Тапқыр бозбала (бозбала көз байлау арқылы өз жұбын тауып алуы керек) Бұл бөлімде жігіттердің көзі байланады. Олар қыздардың қолдарынан ұстап, өз жұбын тауып алулары тиіс. (музыка ойналады)
 

6. Қорытынды:

         Бойымызға мәдеиет үлгілерін, өнерді меңгеріп, адамдық жан дүниемізді жігіттің бойындағы асыл қасиеттерімен толықтыра алдық деп ойлаймыз. Құрметті ұстаздар, оқушылар “Бозбала мен бойжеткен” сайысына келгендкріңізге көп-көп рахмет.  Келесі кездескенше сау болыңыздар.
         Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.


Бозбала мен бойжеткен

Байқаудың өткізілу мақсаты:• «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күнін жоғары дәрежеде атап өту;• Оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау;• Талантты оқушыларға қолдау көрсету.

Байқау 4 кезеңнен тұрады.• Таныстыру (5 минут)• Саған сенемін.• Өз өнері (жырдан үзінді, көрініс т.б.)• Сөз тапқанға қолқа жоқ (салт-дәстүрге байланысты)

1 – жүргізуші: О, махаббат! О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Көзімнен ғайып болған күнім едің!Гүлім едің,Елтіген түнім едің.О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! 

2 – жүргізуші: Мен сені ұмытқанмын Жылытқаның есте жоқ, суытқаның, Суып қаным, Жинағам құрып хәлім. Құлаған отауымның уықтарын,Содан бері мен сені ұмытқанмын. 1 – жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Тірі болсаң, мен де енді тірілемін Ақ періште алдына жүгінемін,Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер

Халқымыз ежелден ер азамат тәрбиесіне бар ниетін салып, үміт артқан. «Ел азаматымен сыйлы», «Елдің атын ер шығарады» деп ұлдарына қашан да сенім артқан.

1-жүргізуші: Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартып тұрған жоқ па?!

2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміз ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді сақтап, өнеге ұстаған ұл-қыздарымызға арналады.

1-жүргізуші: Кім жеңеді байқауда үміт алды

Қобалжу бар, жүректе күдік барды.

Қазы алқасы атыңды ақта

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, — дей келе сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші: Махаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі десек артық болмас.

1-жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржаны сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп, дараланып көрінер еді.

2-жүргізуші: Ендеше, осындай пәк махаббат иелерінің інілері мен сіңлілерін ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: «Сүйген жарым, сүйенген жарым – сенсің»,

Деп Қалқаман Мамырмен серт етіскен.

Көкенайдың садағы екі айырып,

Қос ғашық амалсыздан «Хош!» десіскен.

Ортаға Қалқаман мен Мамырды шақырайық.

2-жүргізуші: Қалың қыпшақ қолы үшін,

Атқа мінген Қобыланды,

Бағалар адалдығы үшін

Сүйікті жары Құртқаны.

деп, Қобыланды мен Құртқаны шақырайық.

1-жүргізуші: Жыр жолдарын жадымызға жаттайық,

Осылардай сертке адал болайық.

Шынайы махаббаттың қос шынары,

Қозы менен Баянды қарсы алайық.

2-жүргізуші: Халқымыз ардақтаған хас батырды,

Мадақтап ұрпағына үлгі тұтты,

Шақырайық ортамызға Алпамыс пен

Батырдың жан серігі Гүлбаршынды.

2-жүргізуші: Жартас тауда кездесіп бір-біріне,

Сырласқан ғашық болып күнен күнге

Бүгінгі басқосудан қалмайық деп

Еңлік пен Кебек те келді міне.

1-жүргізуші: Ғашықтықтан айналған аты аңызға,

Ем бар ма екен жүректің жарасына.

Мұңды арман, пәк махаббат иелері

Төлеген мен Жібек келсін ортамызға.

2-жүргізуші: Ендеше сайысымыздың алғашқы шартына көшейік. Сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» деп аталады. Әр жұпқа 5 минуттан уақыт беріледі.

Әділқазылар бағасы: _________________________________________________

1-жүргізуші: Махаббат – зор даналықтың, білгір мен білімділіктің, асқан ақылгөйліктің жемісі емес. Ол тек жерде ғана өмір сүреді. Тууы бар, өсіп өнуі жоқ көзге көрінбейтін, мәңгі жасайтын бейнесіз белгісіз дара ұғым.

2-жүргізуші: Махаббат- адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы.

1-жүргізуші: Келесі кезең « Саған сенемін» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр жұпқа тапсырмалар беріледі. Сол тапсырманы мүлтіксіз орындаулары тиіс. Әділқазы алқалары жұптарымыздың шапшандығын ескере отырып, өз бағаларын береді.

2-жүргізуші: Ортаға бозбалаларды шақырамыз.

1-жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты бойынша бүгінгі бозбалаларымыздың артында 12 қыз бар. Осы қыздарымызға жақсылап қарасаңыз олардың құлақтарынан сырғаларды байқауға болады. Сіз аз ғана секундтын ішінде өтіп қыздардың құлағындағы сырғаларды байқап шығасыздар. Содан кейін табасыздар.

( бозбалар қарап шыққан соң, сырғаның екінші сыңары әкелінеді.)

Бозбалалар екеуін ғана таңдап аласыздар. Әр сырғаның иесін табу керек. Шапшаңдық ескеріледі.

2-жүргізуші: ортаға бүгінгі күннің бозбалалары мен бойжеткендерін шақырамыз.

Бүгінгі бойжеткендерімізге берілетін тапсырма өздерінің бозбалаларын аз ғана секундтың ішінде рубажкаларын, галстуктарын тағып берулері керек. Сіздерге берілетін уақыт 30 секунд. Қыздармен жігіттер бір — бірлеріңізге қарама – қарсы тұрсаңыздар.

Әділқазылар бағасы: ______________________________________________________

Би: Үнді биі ( фариза мен қарақат)

1-жүргізуші: Ата өнерінің ұрпағының қууы, оны мирас етуі – қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Ата-бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты өнерлерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнер де аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігу, киім тігу, ою оя білу, ас әзірлеу сияқты алуан түрлі өнерге баулып отырған.

2-жүргізуші: Ия, ата-бабаларымыздың айтуына қарағанда, қыз күйеуге шықпай тұрып, өнер мен біліктіліктің алпыс екі түрін меңгеруі керек екен.

1-жүргізуші: Ия, олай болса, сайысымыздың келесі шарты бойынша сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап көрелік.

8а 8ә8 б9а9ә10 клӘділқазылар бағасына кезек берелік.

2-жүргізуші: Салт — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасса, дәстүр – атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі.

1-жүргізуші: Халқымызда «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.

2-жүргізуші: Олай болса, сайыскерлеріміздің … білімін байқап көрелік. (Сұрақ-жауап)

1. Әуеден ұшқан бұлдырық

Құбыладан соққан ызғырық

Жатқа кетіп барамын

Жаратқан соң қыз қылып.

Атасы жақсы құл болмас,

Анасы жақсы күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын,

Қыз еркелеп ұл болмас.

Қандай салт дәстүрден алынған үзінді?

(Қоштасу)

2. Есік ашар дәстүрі туралы айтып бер.

(Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш есік аша келуі дейді)

3. Аузына түкірту қандай ырым?

(Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, т.б. елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан шыққан)

4. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлеген. Батаның қандай түрлерін білесіңдер?

(Жас талапкерге бата, дастарханға бата, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы)

5. А.Байтұрсыновтың

Келгенінше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі-жасы

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы

өлең жолдарында қандай салт-дәстүр суреттелген?

(Наурыз күніне байланысты сөз. Аңызда әйгілі астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан да қаттысың ба?» деп тоқтатады екен)

6. Мінгені пайғампардың көк атан-ды,

Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.

Арқасында ақ атанның жауыры бар,

Баратын бұдан былай ауылым бар.

Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

үзіндісі қай өлеңнен алынған? Бұл өлең қай уақытта айтылады?

(Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір жарты шүберек, басқа да сол сияқты нәрселер береді).

1-жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарып болғанша мектебіміздің жас әншісінің орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән: Самат пен Айя

2-жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, —

дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.

1-жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер

Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ

Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар.

Форма заявки на публикацию материала на сайте.

Фамилия ,имя,отчество (полностью)

Досмаганбетов Сайлау Женисович

Найменование учебногого заведения

Учереждение «Костанайский гуманитарный колледж»

Страна,область,город.

Казахстан, Костанайская область, г.Костанай.

Должность.

Преподаватель

Название работы для публикации

«Бозбала мен Бойжеткен » байқауы

«Бозбала мен Бойжеткен » байқауының әзірлемесі.

Мақсаты.Қыз-жігіттеріміздін бойындағы әдемілік,сыпайылық,серілік қасиеттерін дәлелдеп,өзгелерге үлгі ету,қоғамға жағымсыз қасиеттерден арылып,мәдениеттілікке тәрбиелеу,ұлттық өнерді жастарымыздың бойына сіңіру,беймәлім тұстарын үйрету және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру,студенттердін бос уақытын тиімді өткізуге ықпалдасу,жастар арасында Отансүйгіштік қасиетін дарыту,еліміздің патриоты болуға шақыру.

Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайдтар.әуендер.
Барысы:
1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!15-сәуір ғашықтар күні. «Қозы көрпеш — Баян сұлу» күні.

2 -Жүргізуші:

Бүгінгі біздің кешіміз ерекше. Біз балалығымызды тастап, бір қадам болса да алға аттап, бозбала мен бойжеткен атандық. Яғни бүгінгі кешіміздің тақырыбы: «Бозбала мен бойжеткен» деп аталды

1 -жүргізуші:

Қанша ғашық арманына ұмтылды,

Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,

Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,

Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!

2-жүргізуші:

Шуақ шашып қап — қараңғы түнектен,

Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,

Жарық болсын әрқашан да жұлдызың,

Құттықтаймыз Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен !!!

1-жүргізуші: Сан мыңдаған ғасырлар бойы аттары аңызға айналған жұптардың жалынды жырлары мен махаббат хикаялары күні бүгінге дейін сақталып отыр.

2-жүргізуші: Бүгін біз барша адамзат аңсаған ұлы сезім махаббатты жырласақ дейміз.

1-жүргізуші: Олай болса ұлттық ғашықтар күніне орай ұйымдастырылып отырған » Бозбала мен бойжеткен » махаббат кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Бозбала – он үш пен ­­кә­­ме­­лет жасы аралығындағы ұл-жет­­кіншек. Бозбаланы, әдетте, жаны таза, ары биік, ізетті жас етіп тәрбиелеуге мән берген. Өмірдің түрлі жағдайларында өз қабілеті мен мүмкіндігін сынауға ұмтылу – бозбалаға тән қасиет. Сол себепті бозбала өмірге құштарлығымен, қызығушылығымен, әсерленгіштігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар «бозбалалық» сөзі «жастық желік», «албырттық», «қызыққұмарлық» ұғымында қолданылады. Есейген сайын бозбаланың ой-санасы, қарым-қабілеті жетіліп, қиындықтарға шыңдала түседі. Қазақ халқы «он үште — отау иесі» деп бозбаланың мойнына отбасы жауапкершілігін артқан. Қазақта бозбаланы бала жігіт, бозбелбеу, қатпа бала, ат жалын тартып мінген кез, аузынан мәйегі тамған, уыздай жасөспірім шақ, бөрік киген деп те атайды.

1-жүргізуші
Бойжеткен – балиғатқа толған, бой түзеген қыз-жеткіншек. Халық түсінігінде бойжеткен бейнесі жастық пен әдеміліктің, сұлулық пен әдептіліктің символы болып қалыптасқан. Дәстүрлі ортада он үш жасқа толған қыз бойжеткен саналады, оның шекелік, сырға, алқа, өңірше сияқты әшекейлер тағынып, сәнді киінуіне, жалаңбас жүруден гөрі тақия немесе бөрік киіп жүруіне назар аудара бастайды. Атастырылып немесе қалыңдық болған кезінде білезік, жүзік, сақина, шашқа шолпы сынды әшекейлер косылады.
Қазақ ұғымында бойжеткен уыздай тәтті еркелігімен, наз­ды қылығымен ерекшеленіп, өз абыройын, намысын берік қорғайтын, инабатты, биязы ару болу керек. Елі, рулы қауымы жатжұрттық саналатын қызды оң жаққа төрге отырғызып еркелеткен, «Қызға қырық үйден тыю» жасап, намысын қорғап, арының аяқасты болмауын қадағалаған. Жеңгелері бойжеткенге «еркежан», «сырғалым», «күлімкөзім», «ақмаңдайлым» деп ат қойып, қашан «жатжұрттық» болғанша аялап өсіруді міндетіне алған.
Он екі де бір гүлі ашылмаған – оңы мен солын тани қоймаған бойжеткен. Көк өрім – жас буын жеткіншек.

 2-жүргізуші: Ал, ендеше сайысымызды бастаймыз!

1-жүргізуші: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1-кезең.  «Беташар» «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» деп аталады. Бұл бөлімде әр жұп өздерін салт-дәстүр бойынша таныстырады

.2-кезең. «Ситуациялық сұрақтар,немесе жанды сұрақтар» «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?» деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, салт — дәстүріне, әдет — ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріледі.

3-кезең. «Ойын»  «Сиамдық егіздер деп аталады» Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «Сиамдық егіздер» дейміз Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреудің бос оң қолына қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі.Сіздер оны қағаздан жұлдызша қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер!

4-кезең. «Поэзия патшалығында» ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізу.

.5.-кезең. . «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету.Өлең айту,би билеу,тақпақ айту,әзіл айту..)

2 -жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржаны сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп, дараланып көрінер еді.

-жүргізуші:

Бүгін біздің аламанда дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін

Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой, -демекші, сайысымызды бастамас бұрын ортаға, осындай пәк махаббат иелерінің ,осы сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.

1-жүргізуші: «Сүйген жарым, сүйенген жарым – сенсің»,

Деп Қалқаман Мамырмен серт етіскен.

Көкенайдың садағы екі айырып,

Қос ғашық амалсыздан «Хош!» десіскен.-деп ортаға 1НОБ-7 тобының «Қалқаманы мен Мамыры » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды шақырыйық.

. 2-жүргізуші: Қалың қыпшақ қолы үшін,

Атқа мінген Қобыланды,

Бағалар адалдығы үшін

Сүйікті жары Құртқаны-деп ортаға 2МДТ-8 тобының «, Қобыландысы мен Құртқасы » Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді шақырайық

.

1-жүргізуші: Халқымыз ардақтаған хас батырды,

Мадақтап ұрпағына үлгі тұтты,

Шақырайық ортамызға Алпамыс пен

Батырдың жан серігі Гүлбаршынды.

Ортаға 2Қ-17 тобының Алпамысы мен Гүлбаршыны Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз.

2-жүргізуші: Жауына қарсы шапқанда қабағы тастай түйілген,

«Ақжүністей аруым» деп жүрегі езілген.

Шақырайық ортамызға зор ілтипат көрсетіп,-деп 1АІ-19 тобынын «Ақжүнісі мен Тарғыны»Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов Қайсарды.

1-жүргізуші: Жартас тауда кездесіп бір-біріне,

Сырласқан ғашық болып күнен күнге

Бүгінгі басқосудан қалмайық деп

Еңлік пен Кебек те келді міне.

1МДТ-9 тобынын «Еңілік пен Кебегі»Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман.

2-жүргізуші: Ғашықтықтан айналған аты аңызға,

Ем бар ма екен жүректің жарасына.

Мұңды арман, пәк махаббат иелері

Төлеген мен Жібек келсін ортамызға.

2АІ-18 тобының «Төлегені мен Жібегі» Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

1-жүргізуші: Жыр жолдарын жадымызға жаттайық,

Осылардай сертке адал болайық.

Шынайы махаббаттың қос шынары,-деп 2НОБ-6 тобының «Қозы менен Баяны» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді қарсы алайық

1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жұп: Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

3-жұп: «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

4-жұп: Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз.

5-жұп: Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

6-жұп: «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

7-жұп: . «Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

. Сәлем бердік сіздерге төрағалар,

Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.

Биссимилда деп бастайық сайысымызды,

Аруағы бабалардың қолдап алар

дей келе, сайыс заңы бойынша әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Директордын тәрбие жөніндегі орынбасары: Мешелова Р Ж. 2. . Директордын оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бимендина М М 3. Қазақ тілі және әдебиет пәнінін оқытушысы: Нұржан Г Т.

4. Математика пәнінін оқытушысы –Ерманова С Е.. 5. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандағынын оқытушысы:Жайлыбаева Ж А.-2жүргізуші. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, сән үлгісі киіміне, жүріс-тұрысы тәртібіне де қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.

1-жүргізуші. Бұл сайыс барысында қатысушы қыз — жігіттер бірігіп, сайыс шарттарын орындауы тиіс, өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген жұп қана «нағыз бозбала мен бойжеткен» атағын жеңіп алады

2- жүргізуші: Біз алдымен қай жұп бірінші болып бастайтынын анықтап алайық. Ол үшін әр жұптың арулары мына қоржыннан асық таңдайды. Әрбір асық нөмірленген. Нөмір саны бойынша сайыскерлер байқауды бастайды

«Ән көңілдің ажары» демекші сайысымызды ән шашумен бастауға рұқсат етіңіздер

Таныстыру бастамасы сайыстың,

  Әділдікпен оза шауып байысқан.

  Кел, бозбала мен бойжеткен танысайық бәріміз

Әдеппен ен өздеріңді таныстыр

1-жүргізуші: Ендеше сайысымыздың алғашқы шартына көшейік. Сайысымыздың алғашқы шарты :

1-кезең.  «Беташар» «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» деп аталады. Бұл бөлімде әр жұп өздерін салт-дәстүр бойынша таныстырады

2-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

2- жүргізуші:
Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
1- жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша Молдашова Арай мен Отызбаева Ақмаралдын орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

2-жұргізуші.Рахмет.

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен арулар.

Қойылғанда төмендегі сұрақтар, дей келіп, кезекті ІІ бөлімге береміз.

1-жүргізуші

.2-кезең. «Ситуациялық сұрақтар,немесе жанды сұрақтар» «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?» деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, салт — дәстүріне, әдет — ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріледі.

2-жүргізуші

Экраннан бейтаныс адам сұрақтар қояды,сол сұраққа жауап беру үшін жұптарға ойлануға екі минут беріледі. дұрыс жауап 5-бал.

1-жүргізуші .1.жұп. 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

-жүргізуші. Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік
-жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша Мұрат Тоғжанның орындауындағы биді қабыл алыңыздар

1990 жылдары  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді махаббат символдарының құрметіне белгілі бір күнді мереке ретінде тойлау туралы бастама көтеріп, ол көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Рас, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады.

«Қазақ халқының ғашықтары кім дегенде, әуелі көз алдымызға Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың бейнесі елестейді. Қанша ғасыр өтсе де, олардың кіршіксіз сүйіспеншілік сезімдері ұмытылмай келеді.

. Бұл күнді атап өтудің маңызы зор. Себебі, қоғамда «Әулие Валентин» күнін ғашықтар мерекесіне теліп, адасып жүрген жастарымыз қаншама?! Жалпы, махаббат сезімі қыз бен жігіттің арасындағы іңкәрлікпен шектелмейді. Әрбір адамның жүрегінде жаратушы Аллаға, ата-анасына, туған-туысына, Отанға, ұстазына деген махаббат мәңгі жасай береді. Махаббаттарыңды аялаңдар, бір-бірлеріңе мейірімді, кешірімді болыңдар»,

 1-жүргізуші

Тәп-тәтті еді қандай шіркін көздері,

Егіздердің басталмақшы өнері.

Егіздер келіп түсті сайысқа,

Өнерлерін көрсетсін келіп өздері.

3-кезең. «Ойын»  «Сиамдық егіздер деп аталады» Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «Сиамдық егіздер» дейміз Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреудің бос оң қолына қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі.Сіздер оны қағаздан жұлдызша қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер

1-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов Қайсар

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

2-жүргізуші. Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік
1-жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша, кезекті «көрермендермен ойын»атты айдарға береміз,Саханаға төрт жұп шықсын.

Көрермендер қандай жұптын жеңгенін анықтаңыздар

 « Мәдениет деген не?»
Біздің көрермендеріміз өте мәдениетті деп ойлаймыз.Ер балалар қазір қыздарыңызды мәдени және демалыс орындарына шақырасыздар. Ал, қайда шақыратындарыңызды мимикамен көрсетулеріңіз қажет.Ал, қыздар шақырған жерді шешуі керек.Мына қағазда баратын жердін атаулары,өздерін таңдап алыныздар.

1. театр
2. ресторан
3. концерт
4.кино
5.көрме
6.музей
7.туған күн
8. Саяхат

2-жүргізуші

Көрермендер қандай жұптын жеңгенін анықтадыңыздар ма?

Онда жеңген жұпқа сыйлық тапсырылады.

.Жұптарға рахметімізді айтып,орындарына шығарып салайық.

1-жүргізуші:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! 

2-жүргізуші: Ия, қандай керемет өлең жолдары. Бұл Мұхтар Шахановтың поэзиясынан алынған емес пе?

1-жүргізуші: Дәл таптың, осынау ұлы сезімді жырламаған ақын жоқ шығар?! Ендеше мен жақсы көретін келесі бөлімімізге де кезек берейік. 4-кезең. «Поэзия патшалығында» ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізу

1-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

2-жүргізуші. Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік
1-жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша Болатова Айдананын орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Айдана рахмет.

2— жүргізуші:

Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» — деп кезекті . соңғы бөлім
1 — жүргізуші:
5.-кезең. . «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету.Өлең айту,би билеу,тақпақ айту,әзіл айту..)

1-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет.

2-жүргізуші

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады.

Осындай, махаббат туралы керемет айтылған сөздерден кейін қалайша осы өмірде махаббатты жоқ деуге болады. Махаббаттың құдіреттілігінің арқасында осындай сөздер, осындай тамаша туындылар, өлеңдер дүниеге келеді. Махаббат жоқ жерде өмірдің мәні де, сәні де жоқ. Өз заманымызға лайықты махаббатымыз да бар. Тек сене білу керек. Жүректе пайда болған махаббат сезімін аялай білуіміз тиіс. Тұманбай Молдағалиев айтқандай:

Армандаңдар, ақ арманға шөлдеңдер,

Қайда барсаң көлеңкелер көлбеңдер.

Мен өлгенде көмулерін заңды ғой,

Бірақ менің, махаббатымды көмбеңдер.

-жүргізуші

Өнерліге ешкімнің де жоқ таласы,

Сайыстың сараланар ақ қарасы.

Жеңімпаз топ қайсы деп, далмыз қазір,

Оны міне анықтайды, әділ қазы бағасы

2-жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарып болғанша мына әсем әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, —

дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.

  1. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» номинациясын

  2. «Жарасымды жұп» номинациясын

  3. «Өнерлі жұп» номинациясын

  4. «Ең көрікті жұп», номинациясын

  5. «Ең епті жұп», номинациясын

  6. «Ең талантты жұп» номинациясын

  7. «Көрермендер көз айымы жұбы»номинациясы 2.-жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер

Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ

Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.

Құрметті көрермен қауым және қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар

«Бозбала мен Бойжеткен» сайысы

(сыныптан тыс танымдық шара)

Ұйымдастырушылар: «Сұлтан» ұлдар клубы және «Сымбат» қыздар клубы.

Мақсаты: Жас ұрпағымыздың қазақ ұлтына тән имандылық, ибалық, кішіпейілдік қасиеттерін жоғалтпауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке,сыйлай білуге, әсемдікке, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелілігі: мектеп жасындағы жас жеткіншектерді халықтық педагогика бағытында тәрбиелей отырып, ұлттық сананы, халықтық қадір-қасиетімізді ерекше сезінуге баулу, ұлттық құндылықттарымыз – мәдени мұраларымызды есте ұстау, оларды ардақтап, қастерлей білу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шар, гүл.

«Жігітті тәрбиелеген – әскерді тәрбиелейді. Қызды тәрбиелеген — ұлтты тәрбиелейді»

«Жақсы болса ұл балаң, қайрап қойған қылышың,

Жақсы болса қыз балаң, жайлы қоныс, тынысың». (Құлтума)

Жүргізуші: Арыстанов Асқар Базарбайұлы, «Сұлтан» клубының жетекшісі.

Б а р ы с ы

Кіріспе сөз!

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде 9 және 10 сыныптың ұл балалары мен қыз балалары арасындағы «Бозбала мен Бойжеткен» сайысы өткелі тұр. Бұл сайыс топтық сайыс түрінде өтетін болады. Бұған дейін де осындай сайыс осыдан екі-үш жыл бұрын өткен болатын. Алдағы уақытта бұл сайыс дәстүрлі өтіп тұратын болады. Байқаудың шарттарымен бәріңіз де таныссыздар деп ойлаймын. Бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз мектебіміздің ұл-қыздары арасындағы қарым-қатынас қандай? Олар бір-бірімен достық, бірлік, жолдастық қарым-қатынас жасай біле ме, бір-бірін сыйлай біле ме? Әрі олардың ақылдылығын, алғырлығын, білгіштігін, тапқырлығын, достықтарын бір байқап көру әрі соған тәрбиелеу. Сайыс шарттары негізінен ұлтымыздың ұлдар мен қыздар тәрбиесінің ерекшеліктеріне, әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге байланысты болып келеді және осы бағытта өрбитін болады.

(Ән орындалады)

Жүргізуші:Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық!

Біздерге ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратамыз, — дей отыра

ортаға қатысушыларды шақырайық.. Музыка ойналып, ортаға қатысушылар шығады.

Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса-дағы қашпайық біз.

Ал, енді, сіздер рұхсат етсеңіздер,

Сайысын «Бозбала мен Бойжеткен» бастайық біз.

Жүргізуші: Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

Ітур.Таныстыру – мұнда әр топ өздерін өлеңмен немес қарасөзбен қарсылас командаға және көрермендерге таныстыру шарт.

ІІ тур. «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.Бұл турда әр топ өз өнерлерін көрсетуі керек.

(ән айту,би билеу, т.б.өнерлерін көрсету.)

ІІІ тур.Сұрақ-жауап сайысы- мұнда екі топқа ортақ арнайы дайындалған сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап бере білу шарт.

ІV тур. Әзіл-сықақ сайысы – мұнда әр топ бозбалалар мен бойжеткендер туралы, олардың арасындағы қарым-қатынасқа байланысты езу тарттырар жағдайларды көрініс түрінде беруі тиіс.

V тур.Мақал-мәтел сайысы – мұнда сайысқа қатысушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып жарысады, қай топ ең көп мақал айтса сол топ жеңгені. Бұл жерде мақалдарды айтқанда әр сайысушы жақ өздерінің артықшылықтары мен қарсыластарының кемшіліктерін көрсететін мақалдарды айтуы шарт. Мысалға: ұлдарға «Қызға қырық үйден тыйым», «Ер мұрынды келер», ал, қыздарға «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген секілді.

Жүргізуші: Сайыстың шарты түсінікті болса, бүгінгі сайысымызға төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Ал енді, командалар дайын болса, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,

сайысымызды бастайық.

Жүргізуші: Адам, ғалам ғажайып жеке дара,

Жан құмарын ізденген мәңгі сана

Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Бойжеткен мен бозбалалар алға шығып,

Өздерін таныстырар осы жерде –

Сайысымыздың І туры «Таныстыру». ( Әр топ өздерін таныстырады).

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең менше сүй»

Ерке өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз, — деп

ІІ тур – Өнер сайысында сайыскер ұлдарымыз бен қыздарымызды ортаға шығып өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

Жүргізуші: Қазақтың небір салт-дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен жастарымыз,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар деп сұрақ-жауап байқауына да келіп жеттік.

ІІІ тур. Сұрақ-жауап.

Сұрақтар екі командаға бірдей беріледі. Мұқият тыңдаңыздар. Дайынбыз ба, онда бастайық.


  1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?

(Қозы Көрпеш — Баян сұлу)


  1. Жігітке неше өнер де аз ? (жігітке жеті өнер де аз)

  2. Руы оның жағалбайлы, жылқысының көптігінен баға алмайды.

Өлгені оның рас болса, Құдайым мені неге бірге алмайды,- деп кімнің өлімін жоқтап отыр?

(Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы).


  1. Абайдың ғашығы болған қыз ? (Тоғжан)

  2. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Сонымен қатар, құдалық рәсімінің соңында осы рәсімнің орындалғанын көрсететін бір салт-дәстүр бар. Ол қандай салт-дәстүр?

(Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізуі)

6. Жар-жар қай кезде айтылады? (қыз ұзатылу, үйлену тойында)


  1. Қызға қанша жерден тыйым ? (қырық)

  2. Қазақ жастары бұрынғы уақытта көңіл көтеру үшін ауыл шетіне ненің басына жиналған ? (Алтыбақан)

  3. «Еңлік-Кебек» оқиғасы қай өңірде орын алған ? (Семей өңірінде)

  4. Бір тоғыз, үш тоғыз, қырық жеті деген атаулардың неге байланысты айтылғанын айтып бере

аласыз ба? (қыздың қалың малына қатысты)

11. «Қыз Жібек» жыры желісімен түсірілген әйгілі кинофильм авторы кім? (Сұлтан Қожықов)

12. Ақан серінің атақты Құлагерін бәрі жақсы біледі. Ал Ш.Мұртазаның Т.Рұсқұлов жөніндегі

романына атау болған сол кездің тағы бір жүйрігін кім біледі? (Қызыл Жебе)

13. «Абай жолында» Абайдың інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай атпен берілген? (Шұбар)

14. Жайықтың бұқар бетін жайлаған қазақтың белгілі шешені, батыры, орыс патшалығында болған

үлкен бір шаруалар күресіне белсене араласқан біздің атақты жерлесіміз кім? (Сырым Датов)

15. Алтыбақан ойын-сауықтан бөлек басқа қандай мақсатта пайдаланылған? (киіз үй құруға)

16. Сыңсу мазмұнын кім ашып бере алады, ол қай кезде айтылады? (қыз ұзатылу кезінде)

17. Ұлтан құл қай батырлар жырының кейіпкері? (Алпамыс)

18. Үш арсызды білесің бе? (Ұйқы, күлкі, тамақ)

19. Қазақ баспанасының негізгі үш сүйегін ата. (шаңырақ, уық, кереге)

20. Қазақ асау үйретіп, жүйрік тұлпар баптаумен қатар аңшылықпен де айналысқаны белгілі. Тазы

ұстап, аң ауласа, жабайы құстарды да қолға үйретіп, түрлі аңға, соның ішінде, жыртқыш аңдарға

салған. Ал сол құсты баптайтын адамдарды қалай атаған? (құсбегі)

21. Бір нұсқасын Пушкин жазып алған әйгілі қазақ эпосы? (Қозы Көрпеш- Баян сұлу).

22. Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Жәңгір ханның ұлы Ғұбайдолла Жәңгіров екені белгілі. Оның генерал мундирі мен әскери қаруы бүгінде Болгарияның Плевне қаласындағы тарихи мұражайда сақтаулы тұр. Ал, кеңестік кезеңде тұңғыш қазақ генералы атанған кім еді, ол да біздің облысымыздан шыққанын мақтан етуге болады? (Шәкір Жексенбаев, Бөкейордасы ауданы, Ұялы ауылындағы Искра орта мектебіне 1994 жылы оның аты берілген)

23. Қазақ хандары хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібектен тарайтынын білеміз. Ал, олар Шыңғысханның қай баласынан тараған ұрпағы болып келеді.

(Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының ұрпақтары)

24. Кенесары ханның сенімді серігі болған батыр. Екеуіне арналған дастан бар. (Наурызбай)

25. «Бойы бұлғаң» кімнің өлеңі? (Абай)

26. Қазақ халқының жақсы бір әдет-ғұрпы басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, қонақасы беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Бұл қандай әдет-ғұрып? (ерулік беру).


  1. Халық есінде ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалған

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кесенесі қай жерде орналасқан? (Шығ.Қаз.обл.Аякөз өзені бойында)

28. Қазақтың үшінші ғарышкері кім? (Айдын Айымбетов)

29. М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасына» кімнің өмірі арқау болған?

(Көрнекті қоғам қайраткері Т.Рұсқұловтың әкесі Рұсқұлдың өмірі. Бұл туралы Шерхан Мұртаза өз романында егжей-тегжейлі баяндаған)

30. Сенбе жұртқа тұра да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен еңбегің екі жақтап. Бұл кімнің өлеңі? (Абай )

Осымен сұрақ-жауап сайысы аяқталды.

Жүргізуші: Өнерлінің өнерін,

Тағы да байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Әзілге кезек берейік.

ІV тур. Әзіл-сықақ . Екі топ өздерінің дайындаған әзіл көріністерін немесе скетчтерін көрермендер

назарына ұсынсын.

4 тур қорытындысы бойынша үздік шыққан екі топты І ұлдар және І қыздар тобын, соңғы финалдық кезеңге шығатын топтарды әділқазылар алқасы атасын.

Жүргізуші: V тур. Мақал-мәтел сайысы.

Мұнда сайысқа қатысушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып жарысады, қай топ ең көп мақал айтса сол топ жеңгені.Бұл жерде мақалдарды айтқанда әр сайысушы жақ өз жынысының артықшылықтары мен қарсыластарының кемшіліктерін көрсететін мақалдарды айтуы шарт. Мысалға: ұлдарға «Ер мұрынды келер», «Қызға қырық үйден тиым», Қыздарға: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген секілді мақалдарды айтуға болады.

Жүргізуші: Біздің «Бозбала мен Бойжеткен» атты ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтауға арналған танмдық сайысымыздың барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептеп болғанша кезекті музыкалық үзіліске берейік.

(ән орындалады)

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын деп, —

сайысымызды қорытындылап, марапаттау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырайық.

(Марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.)

С О Ң Ы .

Достарыңызбен бөлісу:

Бозбала мен бойжеткен

Сабақтың мақсаты: оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының
құндылық ретінде мәнін ашу.«Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу. қазақ
халқының дәстүріне сай «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» күніне 15 сәуірде
тойлауды жастар арасында дәстүрге айналдыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик, суреттер, үнтаспа,
караоке, шарлар.

Ұйымдастыру бөлімі: а) оқушыларды түгендеу.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі біздің мектепте оқушыларының
арасында «Қозы- Көрпеш — Баян Сұлу» күніне орай ұйымдастырылып
отырған « Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер!

2-ЖҮРГІЗУШІ:. Ғашықтар күні десе, бәріміздің
ойымызға 14 ақпан, яғни, «әулие Валентин» деген атпен белгілі күн
келетіні жасырын емес. Дінімізге, ділімізге жат мерекені қазақ
жастары да тойлауды әдетке айналдырған. Қазақ халқының да
махаббаттың қос шынарына айналған қос ғашықты дәріптейтін «Қозы
Көрпеш- Баян Сұлу» күніне бүгінгі қоғамымыздар бірі білсе бірі біле
бермейді. Дүние жүзі бойынша ғашықтар бейіті екеу ғана болса, оның
бірі әлемге әйгілі Үндістандағы Тәж- Махал, екіншісі қазақтың Қозы
Көрпеші мен Баянына арналған ескерткіш.

Ендеше, ғашықтар күніне арналған «Бозбала мен
бойжеткен» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!

1-ЖҮРГІЗУШІ: ӘН: «Біз екеуміз» орындайтын
Жамболат пен Айгерім

2-ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен
тұрады:

1- бөлім. Таныстыру.

2.- бөлім: Білер болсаң-тауып көр! (сұрақтар)

3.- бөлім: О, махаббат, Махаббат! (Көрініс)

4- бөлім . «Өнерің болса, қанекей!»

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Бүгін біздің орталықта дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін

Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой,- демекші, сайысымызды
бастамас бұрын ортаға осы сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.

  • 1.Жұп: « Екі лебіз»,

  • 2-жұп « Мөлдір сезім»,

  • 3-жұп: « Достық қиял»,

  • 4-жұп: « Қос жұлдыз»,

  • 5-жұп: « Пәк көңіл»,

  • 6-жұп: « Асыл жүрек»

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең, ақылы кең.

Саралап, әділ баға берсін енді,- дей келе алдымен әділқазы
алқасымен таныс болайық. / ЖЮРИ/

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал, ендеше бастайық. Әр жұп өздерін таныстырып
өтсін

2-ЖҮРГІЗУШІ:

келесі сайысымыз «Білер болсаң-тауып көр!» деп аталады. Ендеше
жұптарымыздың білімдерін сынайық.

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Махаббат түсі?————— қызыл

Махаббат символы? ————жүрек

Махаббат құсы? —————аққу

Махаббат гүлі? ————-қызыл раушан

Махаббат қаласы? —————Париж

Махаббат кемесі? —————Титаник

Махаббат әні? —————- Серенада

Махаббат ертегісі? ———— Мың бір түн

Махаббат жүзігі? ————-неке жүзік

Махаббатты жеткізе білу құралы? —хат,телефон,ғаламтор

Махаббат күні? ————- 15- сәуір

Махаббат күнін күнтізбеге енгізуді ұсынған кім Серік Абас
Шах

Татьяна мен Онегин шығармасыныі авторы —А.С.Пушкин

Шекспирдің әйгілі шығармасы —- Ромео Джуллетта

1-ЖҮРГІЗУШІ:

«Адамзатты аялаған ақ арман,

Барлық ғалам махаббаттан жаралған.

Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,

Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,

Адамзаттың талмай айтар әні ме?

Өзіңді де, өзгені сүйе алсаң,

Жете аларсың махаббаттың мәніне»

— деп ақындар жырлағандай, « О, махаббат, Махаббат!» атты
көрініске кезек береміз!

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Уа, халайық, қарандар,

Үлкен-кіші жарандар

Еліктірер адамды.

Өнерімен әп-сәтте-ақ.

Жаңды жаулап алатын,

Өнерлі жұпқа қарандар,- демекші, өнерлі өрге жүзетін, мақсатына
жететін, « Өнерің болса, қанекей!» атты өнер бөліміне де келіп
жеттік. Бұл бөлімде әнші жұптарымыздың пародиялық көрініс
қөрсетеді—————-/ исполнения песни плюсовка породия на
певцов/

1-ЖҮР: Келесі бөліміміз: О, махаббат, махаббат!Махаббат жайлы
қанатты ойларға ойтүйін айтады.

1.Махаббат — бұл бақыттан басың айналу.

2. Махаббат — бұл көз жасынсыз болмайтын сезім.

3. Махаббат — бұл сүйіктіңе жақсылық жасау.

4. Махаббат — бұл сезімді ақшаға сатып алу мүмкін емес

5. Махаббат — бұл сөзсіз сезінетін сезім.

6. Махаббат — бұл дене қызуыңды көтеретін
сезім.———————-

1-ЖҮРГІЗУШІ:

«Бозбала мен бойжеткен» сайысының қорытынды сөз кезегін
әділқазылар алқасына береміз.

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Осымен 15 сәуір- махаббат күніне арналған орталықтың « Бозбала
мен бойжеткен» сайысы аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата-
анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір,
мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдерінің баянды болсын!

3.Абай сөзі.

«Ғашықтың тілі-тілсіз тіл,

Көзбен көр де,ішпен біл

Назар аударайық!

Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана:
мейрімділік, адалдық, сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады.
Махаббат сезімдеріне адал ғашықтарды есімізге түсіріп, атап
өтейікші.

1. Ләйлі -Мәжнүн;

2. Қыз Жібік — Төлеген:

3. Баянсұлу — Қозы көрпеш;

4. Зылиқа -Жүсіп;

5. Еңлік — Кебек;

6. Мамыр — Қалқаман.

Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп/ Қадыр Мырзалиев/

Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп,

Мөлдір көзге алғандай бір мұң құйып.

Көз дейміз-ау, көз емес ол,

Талайды

Тереңіне тартып жатқан тұңғиық.

О!- дегеннен басқа қолдан не келер!

Ол қараса, орыныңа шегелер.

Кірпіктері- Күн нұрынан суырып,

Қою түнге малып алған жебелер.

О, бозбала алынбаған мұрты әлі!

Оны көрсең, жығыласың бір талып.

Батырларды матап- байлап тастауға

Жетіп жатыр қара шаштың бір талы.

Ғашық болсаң әрі суып, әрі ысып,

Жаттым дей бер ертелі-кеш дәрі ішіп.

Қыпша белге жетпейді ғой, жетсе бір

Құмар құшақ қалар еді қарысып.

О, жігітім! Босамашы, босама!

Жалынғанмен жүрегін ол тоса ма!

Анар емес- кеудедегі екі анар-

Бекежандар бұғып жатқан Қособа!

Қайран сұлу Күн келбетті, Ай мүсін!

Көзін сүзбей қалады оған қай кісі?!

Бір адамның, бір адамның бақыты ол,

Мың адамның, мың адамның қайғысы!

«Ақындар махаббатты жырлайды».

Оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқиды.

Қадір Мырзалиев

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,

Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.

Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,

Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!

Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,

Маңдайда емес, жүректе —

Ғашықтардың жанары.

Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,

Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,

Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Аққұштап Бақтыгереева

Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,

Махаббат жалған десе, бұл ғаламда,

Ләйлі мен Мәжнүн өткен қосыла алмай,

Өрттеніп махаббаттың құшағында.

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,

Емес ол аңыз болған ел ермегі,

Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,

Қозы үшін сұлу Баян өтер ме еді.

Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,

Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,

Жыр кені — ұлы Абайдың жүрегінде

Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,

Ондайлар қиналмайды, торықпайды,

Аялап шын қадірлеп көрмегендер

Қызыл гүл солғанына қорықпайды.

Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,

Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.

Шын бақыт екі айналып жолықпайды

Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.

Махаббат! Неткен алып, қайратты едің

Өлеңді жазған: Төлеген Айбергенов</</span>

Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,

Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.

Тұсаулап, табандатып тағдырымды,

Қолына қара көздің байлап бердің.

Көп екен өмір сыры білгізбеген,

Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,

Түріліп шаттығымның томағасы,

Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.

Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,

Қиялдан қолын созып құлшынды арман.

Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,

Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.

Авторы: Күләш Ахметова

«Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,

Кезігіп қала берем бірдей сізге?

Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,

Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

Қағылуы махаббат қанатының,

Жаныңызға жабырқап баратыным.

Байқалмай ма сізге осы,

Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.

Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп

Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?

Өртенемін жаныма жалын кіріп,

Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..

Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,

Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.

Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,

Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…»

Авторы: Мұқағали Мақатаев

Жанымды тыншытпайды сезім деген

Қалай жүр, япырау, төзіп денем?

Қаншама күндер өтті дамылдамай

Қаншама түндер өтті көз ілмеген.

Білмеймін, не іздейді сезім менен?

Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы.

Белгісіз қайда апарып соқтырады

Не сезім мені бір күн от қылады

Не сезім мені бір күн жоқ қылады.

Адамның сезімінен сезіктенбе

Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.

Ақыл менен парасат бұғынады

Шынайы шын сезімге кезіккенде.

Авторы: Төлеген Айбергенов

Тағатсыз күткен ыстық үн,

Жаралы хал ғой — ғашық хал.

Күйсандық көрсең, бір тілін

Мені ойлап бар да, басып қал.

Тек қана көзге жас алма,

Ойлай бер мені күніге.

Махаббаттардың қашанда

Ойламау жеткен түбіне.

Жаныма қап ең жақын боп,

Жүректе бүгін сыздау көп.

Мен болсам кеттім ақын боп,

Азырақ бақытсыздау боп…

Жолығар болсам қайта мен

Сағыныш толы сол шақпен.

Бәрін де саған айтар ем

Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Туған жер « Қасым. Аманжолов»

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,

Ол шетімен, бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға- алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-

Арманым жоқ бұл дүниеде- дер едім,

Мен де өзіңдей байтақ едім,кең едім

Қызығыңды көріп еркін келемін,

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем арманым-сен, аңсаған.

Жақын жүрсем,мен- төрінде рахаттың,

Алтын діңгек- өзім туған босағам!

« Екі лебіз» « Мөлдір сезім» « Достық қиял»

« Қос жұлдыз» « Пәк көңіл» « Асыл жүрек»

Төлеген Айбергенов « Ана»

Арманынды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған.

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

Жетім емес қей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз дағы кеткен жоқ па көп есең!

О,аналар,кей пасықты жартасың неге сен!

Тасбауырлар дуниеге келсін де,тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,

Өз кеудесін жылытуға құдіретті жетреген.

Анаң саған керек болса,балаға да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек!О,адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий библиотечного мероприятия вечер портрет
  • Сценарий божественной литургии
  • Сценарий богатыри защитники земли русской
  • Сценарий библиотечного культурно досугового мероприятия
  • Сценарий богатство русского фольклора