Сценарий ел есімі ел есінде

9 мамыр - сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімтіліктерін паш ететін,тарихта мәңгі қалатын күн.
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Балаларды ерлікке,өз отанын сүюге,еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға патриоттық сезімге тәрбелеу.
Зал мерекеге сай әсем безендірілген Қолдарына  жалаушылар ұстап музыка ырғағымен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қанақтар,әсем әріптестер және балалар!9 мамыр жеңіс күніне
арналған  жұлдыз тобының Ер есімі-есімі ел есінде атты мерекелік ертеңгілігіне
қош келдіңіздер (Қ .Р. Әнұраны)

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады.
Ел басына қиын-қыстау күн туған сол отты жылдары басқа ұлт өкілдерімен бірге қазақ халқының небір жаужүрек батырлары барлығын дәлелдеп берді.
(Соның арқасында жеңіске жетті)

  Көрініс: «Соғыс қасіреті» 
 Радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар»- деген дауыс естіледі.

Жүргізуші: Ел басына қиын-қыстау күн туған сол отты жылдары басқа ұлт өкілдерімен бірге қазақ халқының небір жаужүрек батырлары барлығын дәлелдеп берді.            Атап айтақ Бауыржан Момышұлы,М.Ғабдулин Қ.Қайсенов Шығыстың қос
шыңары аттанған Әлия мен Мәншүк т.б батырларымыз бар.Олардың ерліктері
мәңгілік. Міне осы сұрапыл соғыс оның жеңіспең аяқталуы бүгінгі ұрпаққа үлгі
жайында ақын әндер жыр шумақтарын жазды.

Ән:«Жеңіс туы желбіреп»

Кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Ердің басы –ел үшін
Арыма жаным садаға
Бұлт жамылып, қар төсеп,
Мен жатырмын далада.

Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.

Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.

Шығыстың қос шынары .
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.

Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.

Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.

Би:«Сарбаздар»

Жүргізуші: Адам ешқашанда батыр болып тумайды.Айбындылық батырлық,ерлік
аспаннан түспейді. Табандылықтың атасы танымды тәрбиеден бастау алды,- деп даңқты батыр Б.Момышұлы айтқандай,Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Ер жүрек батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігінің арқасында келді.Олардың ерлігін ардақтау біздің нарымыз. Солардың құрметіне,кезекті тақпақтарға береміз.

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

Болдырмауға соғысты
Тойлаймыз біз жеңісті.
Қалалар келіп қалпына
Құлпыра түсті жер үсті.
Армиямыз айбынды,
Армиямыз қаһарман.
Қүзетеді ай нұрлы,
Күн сәулесі Отанды.

Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!

Шекарада,күзетте,
Қас қақапайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте,
Біз алаңсыз балалар.

Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып — қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

Қыздардың орындауында би:«Катюша»

Жүргізуші: Табаны күректей төрт жыл бойы үлкен күш-қайрат көрсеткен және көпжығынға ұшыраған Совет Одағы фашистік Германияны 1945 жылы 9 мамырда
жеңді,22 жасар Рахымжан Қошқарбаев Рейхстқа Жеңіс туын тікті.

Шүйінші халқым шүйінші!
Шүйіншіге шүйінші!
Шаттан ата-анамыз,
Шаттан аға,баламыз
Кек қайтарып фашистен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той мереке
Ән:«Жеңіс тойын тойлаймыз»

Кезекті тақпақтарға береміз.

Фашистің күнін батырған,
Сұрапыл соғыс біткен күн.
Рейхстагқа Рахымжан,
Жеңістің туын тіккен күн.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.
Денесін оқ паршаласа да,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.

Сияет солнце в день Победы,
И будет нам всегда светить.
В боях жестоких наши деды,
Врага сумели победить.

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жаңарладан алтын шуақ шашылған.

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.

Жүргізуші: Міне соғыстың аяқталғанына …… жыл болды. 9 мамыр-солкездегі Кеңес
халқының ержүректілігі мен төзімтіліктерін паш ететін,тарихта мәңгі қалатын
күн. Жеңістің шуақты күні құтты болсын!Елімізде тыныштық,бейбітшілік                       болсын!

Басқа материалдар:

  1. 9-мамыр жеңіс күніне арналған сценарий
  2. Ұлы Жеңіс жасасын! (балабақша ертеңгілігі)
  3. «Жеңіскерлер- ер елдің өрендері» атты салтанатты жиыны
  4. Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарий
  5. «Ұлы жеңіске тағзым — мәңгілік тағзым» кітап көрмесі
  6. 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған тілектер жинағы

Тақырыбы:  «Ер есімі-ел есінде»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Шарлар, батырлар суреті, гүлдер.

Кіріспе:

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар, мұғалімдер, балалар! Бүгінгі «Жеңіс тойы, жаса мәңгі» деп  аталатын тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңістің 71 жылдығына, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

Тәрбиеші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауменен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтқан жесір, бала — әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Олардың бойындағы Отаншылдық сезім, қолына қару алып көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігімен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына,- деп бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.
1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Тәрбиеші: 

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!-деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Дидар:

Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс келді алақай.
Тойып жейтін нан болып.
Томирис:

 Айтылмаған,
Айтылмаған жыры көп.
Қан майданның қайғысы мен сыры көп.
Адам сенбес хабар келді бір күні,
Қарт ананың үлкен ұлы тірі деп.
Карина:

Демеді ешкім,
Азаматтар жиылсын.
Сезінбеді болатынын қиын сын,
Әйелдері жүгірісіп ауылдың.
Елден бұрын сұрамақ боп сүйінші,
Бірінен соң бірі кеп,
Апа, ұлың тірі екен, тірі деп.
Мұқсын:

 Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Бахытбек:

 Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды,
Жеңе алмайды жау бірақ.
Елана:

Танктер Москваға келді төніп,
Ағылды жау әскері желіктеніп.
Ұшқыштар біздің сонда түйілгенді,
Отына пулеметтің ерік беріп.
Елбол:

 Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.
Рамиль:

 Даламыздың гүлісің,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
 

Тәрбиеші:

Гүл солмасын ақ бүршігін ашатын,

Күн сөнбесін әлемге нұр шашатын.

Сен де, мен де тілемейміз соғысты,

Жер бетінде бейбітшілік жасасын!-деп балалардың орындауында

«Әрқашан күн сөнбесін» әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Балалар, енді бірнеше сұрақтарға жауап берейік.

-Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толады?

-Соғысқа қатысқан қандай батыр ата-апаларды білесіңдер?

-Ал біздің ауылдағы ардагерлерді білесіңдер ме?

-Қазақтың мерген қызы кім?

-Қазақтың пулемётші қызы кім?

-Отан, ерлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Тәрбиеші: Сол бір дауыл жылдар, от жылдарда балғын ұрпақ сенің болашағың үшін жанын аямай орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру сіздердің және біздердің парызымыз.Осымен Жеңістің 71 жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Просмотр содержимого документа

««Ер есімі-ел есінде»»

Тәрбиелік оқу қызметі(қашықтықтан оқыту  бойынша өткізілген)

Тақырыбы: «Ер есімі-ел есінде»

Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысы туралы түсініктерін қалыптастыру, «жеңіс»  сөзінің мағынасын ұғындыру,соғысқа қатысқан еліміздің батырлары ерліктері туралы бейне баяндар көрсете отырып ерліктерін құрметтеуге баулу

                         Шаттық шеңбері

Көгершінім қалықтап,

Бейбітшілік төрлесін.

Көгілдір ту қолға ұстап,

Бүлдіршіндер өрлесін.

Шарықтап көк аспанда,

Әсем әні сөнбесін.

-Бүгінгі оқу қызметін керемет өлең шумағымен бастағым келіп отыр,

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

«9 мамыр — Жеңіс күні-тарихи күн,тағдырлы күн!»

(Ұлы Отан соғысы туралы слайдтар көрсету,әңгімелеу)

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары.Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен,қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды

-Қазақ елі жеңіске жету үшін үлкен,лайықты үлес қосты.

Бейне баян тамашалау

Бейне баян «Ұлы жеңіске ұлы үлес»

Ұлы Отан соғысының батырларымыздың жасаған ерліктері мәңгі біздің жадымызда!

Үнсіздік минуты

Жанын қиған сен үшін,

Тоқта досым,сабыр ет.

Үнсіз тұрып бір минут,

Басыңды иіп,тәжім ет.

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін бір минут еске алайық

Екінші дүниежүзілік соғыстың  даңқты жауынгері  әскер қолбасшысы стратег,жазушы Бауыржан Момышұлы аталарымыз бастаған соғыс ардагерлерін ұрпақ мәңгі есінде сақтайды

-Ардагерлерге арнаған балаларымыздың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар

Мағжан:      Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал қойдым бір күн кеп.

Қуанышты мереке,

Жеңіс күні қай күн деп

Нұрахмет: Жойылсын жалғыз сөз «соғыс «деген,

Тоқтасын ,мәңгілік жойылсын

Бомбаның орнын тегістеген ,

Күректер музейге қойылсын.

Ерман: Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоямын қабырға.

Атамды еске алып,

Үн қосамын тағы да

Алиасқар:

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз  батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік

Балалардың  9-майға арнап жасаған суреттерін,еңбектерін тамашалау

«Бәрі батыр соғыстан  қайтпағандар» (Әуенді бейне слайд көрсете отырып мәнерлеп оқу)

Назарларыңызға көп рахмет

Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық!

Ер есімі ел есінде.

                               Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы:

Халық қаһарманы — Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

    Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  

 1.суреттер, нақыл сөздер, бейне фильм, слаид

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
  2. Жүргізуші мен оқушыларға сөз
  3. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары    

   Құрметті ұстаздар! Оқушылар!    Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биылғы жылы 65 жыл толмақшы. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз — өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

(1 мин. үнсіздік)

  Жүргізуші: Бүгінгі біздің сынып сағатымыз аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады.

                                Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

                                Дүниеге ерлігімен танылған,

                                Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

                                Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

                                Қалтыраған атынан жау ордасы,

                               Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

                               Даңқ туын майдандағы көтерген

                               Гвардия бөлімінің қолбасы.                                        

    Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Қазақта: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә. Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында 3 жыл оқып бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары да көрсетсе керек. Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан.

Жүргізуші: Иә, соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.

      Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Бұдан әрі қарай өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтерімен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынады. Онда жүріп взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған ұрыстарға қатысып, ерлік істер жасады. Әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Екі рет жаудың қоршауынан аман-есен өз қарамағындағы әскерін алып шыққан.  Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізген. 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында да жазылған. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында  ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, атақ-даңқы аңызға айналған.

Деректі фильмнен үзінді  көрсетіледі.

М.Мақатаевтың  «Бауыржан Момышұлына» өлеңі оқылады.

Жүргізуші:     Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

                          Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

                          Жан аға, жақсы аға – жетпес баға,

                          Кім сүймес Бауыржандай азаматын.                                                          

1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.                                                                                      

     Армиямен қоштасқаннан кейін 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды. Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгімелері, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Біздің семья»(1956), «Москва үшін шайқас»(1959), «Жауынгердің тұлғасы»(1958), «Майдан»(1961), «Майдандағы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына күн туса»(1970), «Ұшқан ұя»(1975), «Адам қайраты»(1981) т.б. кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті. Жауынгерлердің сом тұлғасын бейнелей білді. Сонымен қатар 37 дәптер

күнделік жазған батыр бейбіт өмірдің қаруын қалам етті. Осылайша қазақ әскери әдебиетінің негізі қаланды.  

Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі оқылады.

Жүргізуші:      Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,

                          Тапты ол тар қыспақта не бір шешім – деп жырланғандай, Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашанда қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі «батыр» деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген.

     Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған. Сонымен қоса Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Биылғы жылғы айтулы датаға байланысты елімізде және шет елдерде де батырға құрмет көрсетіліп жатыр. Көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласындағы №229 мектепке Б.Момышұлының атағы берілмекші. Және қазақ батырына арнап мектепте мұражай бұрышы да ашылыпты. Мәскеуде ақпанның бесі күні ҚР-ның РФ-дағы Төтенше және Өкілет елшілігінің резиденциясында  Кеңес Одағының батыры және жазушы Б.Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды. Қаңтардың 15 және 19 күндері Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында батырдың 100 жылдығына орай «Халық батыры» атты көрме ашылды. Сонымен қоса батырды ұлықтаған басқосу Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен «Б.Момышұлының рухани мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты. Бұдан басқа да бұрында батырға көрсетілген құрметтер баршылық. 

Қ.Бекхожиннің «Атыңды мен естідім» өлеңі оқылады.

Жүргізуші: Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін де қалдырып үлгерген.

     Б. Момышұлының туған жер , Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік, білім т.б. тақырыптарды қамтыған ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдері айтылып кетті.

 Б.Момышұлының «Қайран сегіз» өлеңі оқылады.

Жүргізуші: Бойында патриоттық сезімнің ұшқыны бар біз сияқты Бауыржан атамыздың ұрпақтары жүрегімізді жарып шыққан сөздеріміз арқылы ол кісіге рахметімізді айтамыз.

Мектебіміздің  8 сынып оқушысы Аманқұл Абылай өзінің «Бауыржан Момышұлына арнау» деп аталатын жыр жолдарын оқиды:

Қаһарға толы қабағы,

Шоқ шашқан отты жанары.

Ерліктің нағыз адамы,

Батыр аға Бауыржан.

Тұнығы болып тереңнің,

Биігі болып өр елдің.

Өрнегін салған өнердің,

Ақын аға Бауыржан.

Сөзбенен салып суретті,

Майдан даласын гүлдетті.

Нақышы ойға нұрды екті,

Жазушы аға Бауыржан.

Пейілі дархан жұмақ бақ,

Жайдары жаны нұры аппақ.

Турашыл жанға тұрақтап,

Ақылшы аға Бауыржан.

Өнерге толы құшағы,

Ерліктің мәңгі мысалы.

Азаматтықтың нышаны,

Біртуар аға Бауыржан.

6 сынып оқушысы Серікболов Ернат өзінің  «Бауыржан атаға» жыр жолдарын оқиды.

 Сіз жасаған соғыстағы,

Ерлігіңіз ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

Өнегеге толы ғой.

Салып кеткен сара жолың,

Болашаққа бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

Ғибрат қой бізге ол.

Қайсар ұлы қазағымның,

Айтамыз біз алғысты.

Жүрек жұтқан батыр едің,

Ерлігіңіз жырланды.

Жүргізуші: 1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

            Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

                        Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

           Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

           Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

     Міне батырдың өзі жазғандай 100 жасқа толған тойы Қазақстанның жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!

                   Келіп, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий ежик почтальон
  • Сценарий животные рекордсмены
  • Сценарий закрытия конкурса профмастерства
  • Сценарий зайчик новелла
  • Сценарий живой труп