Сценарий ертегілер ?лемі

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйр

Ертегілер еліне саяхат

 Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

001 ХОРОВОД №1 (ВХОД В ЗАЛ, «КӨК ШЫРШАМЫЗ ЫРҒАЛЫП»)

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке  әкелгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де

2-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті  ата-ана, қымбатты ұстаздар, шабытты шәкірттер!

2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

1- жүргізуші: «Ертегілер әлемінде» атты жаңа жылдық кешімізге қош келдіңіздер!

БАУЫРСАҚ ДОМАЛАП ӨЛЕҢ АЙТЫП ЖҮГІРІП ШЫҒАДЫ

Бауырсақ: Атамнан қаштым, әжемнен қаштым, жаңа жылдық кешке барамын (шыршаны айналып шығады)

002 ШЫРША БИІ (АТА-АНАЛАР) (ШЫРШАНЫ АЙНАЛЫП БАУЫРСАҚ ҚАЙ ШЫРША ЖАНЫНА ТОҚТАЙТЫНЫҢ ІЗДЕЙДІ)

Бауырсақ: Міне, таптым, керемет екен мына жер.

ШЫРША ЖАНЫНАН ҚОЯН ШЫҒАДЫ

Қоян: О, қарным ашып тұр еді, бауырсақ өзің іздеп келдіңғой, мен қазір сені жеймін

Бауырсақ: 

жемеші, жемеші, өлең айтып берейінші. Айналаға қарашы қанша балалар, әдемі шырша, керемет емеспе мына жер.

Жүргізуші: сен мында не істеп жүрсің бауырсақ?

Бауырсақ: мен… мен.. мен атамнан қашып әжемнен қашып сендерденде қашамын

ҚАШЫП БАРА ЖАТЫП, ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

Бауырсақ: Ой, анда қасқыр жүр екен. Қоян, балалар мені жемендерші ең болмаса жаңа жыл кешіне қатысайыншы. Сонда сендерге өлең айтып беремін

ХОРМЕН: Жарайды.

001 ХОРОВОД №2 («В ЛЕСУ РОДИЛАСЬ ЕЛОЧКА»)

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)

1 лақ:  Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә! 

Ешкі: Әзірледім сендерді,

Сайқымазақ киім тіктім,

Биінде үйреттім,

Сыйлық енді қалғаны.

2 лақ: Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!

3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!

4 лақ: Ақ моншақты тағайын,

Сайқымазақ кимімен ,

Сәйкестендіріп алайын, мә-мә!

5 лақ: Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә-мә! 

6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә-мә!

7 лақ: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,

Аяз ата алып келсеңші!

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз. 

Ешкі:Жақсы балалар, есікті жауып алыңдар!

Аманбысың, бауырсақ! 

Бауырсақ: Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Ешкі: Мен текке келмедім,

Сыйлық іздеп жүргенім.

Бауырсақ:

Аа , енді түсіндім,

Сен жеті лақтың анасы.

Жеті лақты өзіңмен

Ертіп, өнер көрсетсең,

Келсе аяз атамыз

Берер сыйлық көптеген

Қоян: иә, ешкі сен лақтарыңды өзіңмен ертіп келгейсін, әйтпесе сыйлықтан құр қаларсын

Ешкі:жүріңіздерші , бірге алып келиекші.

 ЕШКІ МЕН БАУЫРСАҚ ЕШКІНІҢ ҮЙІНЕ ЛАҚТАРЫН ШЫРШАҒА ШАҚЫРУҒА БЕТ АЛДЫ. 

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма! 

Қасқыр: Қарнымның ашып тұрғаны, ендеше қасында тұрған бауырсақпен қоянды жесембе?

БАУЫРСАҚТЫ ҚАСҚЫР ҚУАДЫ

Бауырсақ: жоооқ, өлең айтып берейінші……………………….

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме бауырсаққа, қазір жарып жіберемін.

Қоян: Тоқта, қасқыр!!! Онанда бізбен жаңа жылды тойла жүр. 

Қасқыр: Мен онда не істеймін, жақсы келістім.

Бауырсақ: Қарның тоқ болғанша, көңілің тоқ болсын, қане жүр бізбен бірге, би билеп , ән айтып, көңіл көтереміз және аяз ата келсе қарныңды да тоқ қылады. Сондықтан ойлана берме қане қасеке жүр бізбен бірге.

Қасқыр: Жарайды, бірақ қарнымда ашып тұрғаны…..

1- жүргізуші: Қане олай болса балалар қасекеннің көңілің бір көтерейік.

1 Лақ: Мә мә , анамыздың үйреткен сайқымазақ биі бар соны орындап берейікші, қасеке жемес үшін.

САЙҚЫМАЗАҚ БИІ
ОЙЫН әдемі шырша (8 оқушы 4 ата ана)

Қасқыр: аяз ата сыйлық береді, қарнымды тойдырады дегендерің қайда?аяз атаның сыйлығы түгелі өзі жоқ

Бауырсақ: Шыныменде, аяз атаны әлі жоқ, мен қарап келейін

БАУЫРСАҚ СЫРТҚА ШЫҒЫП,ҚАЙТА ЖҮГІРІП КЕЛЕДІ.

Бауырсақ: Аяз атамен ақша қызды және ескі жылды көрдім келе жатыр… жлолдан қателеспесің десеңдер қане шақырайық

АЯЗ АТА КЕЛ-КЕЛ3 ХОРМЕН

АЮ,МАША, ДОҢЫЗ ІШКЕ КІРЕДІ.

Хормен: бұл аюпаң, Машағой, бұнда қайдан жүр?

МАША ШЫРШАНЫ ЖҰЛҚЫЛАП ЖАТАДЫ.

Бауырсақ: Сен не істеп жатырсың? Тиме бұл балалардың шыршасы.

Маша: Жоқ, мен аламын бұл шырашаны, мен үйіме апарамын, аяз ата осында келіп сыйлықтың бәрін таратып тастағанша, өз үйіме алып кетіп, барлықт сыйлықты өзім аламын.

Кейіпкерлер: Маша!!!! Бұлай болмайды.

Бауырсақ: Аюпаң мұңда неге келдіңдер? Бұл істерің не?

Аю: Мына Маша тыңдамайдығой, ең әдемі шырша керек деп, барлық орманды іздетіп қойды, мен өзім әкеле алмаймын деп, мені және өзі шаршаңқыраған доңызды ертіп алды.

ДОҢЫЗ ,АЮ КҮРСІНЕДІ.

Аю: Мына шыршаны алсақ болама? Әйтпесе біз шаршадық.

Балалар: ЖОООҚ

АЮ: Маша түбі алып кетеді, ол тыңдамайды.

Бауырсақ: Жоқ аю алма . бұл балалардың қызығы. Оданда жаңа жылды бізбен өткізіңдер, сіздердің шаршағандарыңызда басылады, Машаныда көңдірейік. Маша қарашы бұл шыршаны сен алып кетсең ешбір жерге жарасымың таппайды, оданда қарашы айналаны, балдарды, осында қызық емеспе. Қане Маша келістікпе?

Маша: Өй, жоқ.

РЕНЖІП ОТЫРАДЫ.

Жүргізуші: Жақсы Маша сенің көңілді табамыз….Балалар, Маша ескі жылды шаршатыпты, ескі жылдың еңсесің көтеріп, қызықты қылайық. Қане біздің арамызда доңыз биін әзірлегендер қайда?

ДОҢЫЗ БИІ

ДОҢЫЗ: Маған қатты ұнады балалар, мен негізі аяз атамен бірге келе жатқан болатыңмын, сіхдерге келе жатыр едік мені маша алып кеткен болатын. Аяз атада мынадай қызықтан қалмасың. Аяз ата жақындаған болар, қане бәріміз шақырайық.

АЯЗ АТАКЕЛ КЕЛ- КЕЛ3

Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым

Қырмызы сұлу қыздарым

Өздеріңді сағындым

Көп сыйлығым жоралғым!

Бауырсақ: Қош келдіңіз, Аяз ата,

Қарсы аламын орын беріп

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.

Жаңа жылымызға қош келдіңіз

Ақша қар:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

ХОРОВОД «Jingle Bells»

Жүргізуші: Ақшақар, сізде жолдан тоңып келген шығарсыз. Біздің мына Ақшақар қыздарымызбен би билеңіз.

БИ АҚША ҚАР

Жүргізуші: Аяз ата жаңа жыл қасыңызда көріңбейдіғой?

Аяз ата: Ақша қар жаңа жылды көрдіңбе?

Ақша қар: менің қасымда еріп жүрген болатын, қазірғана

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?!

Бауырсақ: Ооо, мынау Мақта қызғой…

Мақта қыз: Мен мысығымды іздеп жүрмін. , сендер көрмедіңдерме?

ХОРМЕН: ЖООООООҚ

Мақта қыз: балалар сендер білесіңдерме биыл қандай жыл?

ХОРМЕН: ТЫШҚАН

Мақта қыз: иә, балалар осы сендердің қкуаншытарыңа келетің тышқан жылын менің мысығым жеп қойдыма деп қорқып тұрмын

Бауырсақ:  Сен қапа болма, біздің балалар, қазір мысық туралы өнер көрсетсе мысығыңыз табылып қалар.

МЫСЫҚ биі.

МАҚТА ҚЫЗДЫҢ МЫСЫҒЫ ТАБЫЛАДЫ,Барлығы қуанады.

Бауырсақ: Сонымен мысық табылдығой, бірақ жаңа жыл болса әлі жоқ, неге келмей жатыр екен?

ТҮЛКІ БАУЫРСАҚҚА СЕКІРІП ШЫҒАДЫ.

ТҮЛКІ: аа бауырсақ, исін қандай? Қане сені жеп қояйын…

Бауырсақ:

Тимеші маған,

Жемеші мені,

Жаңа жылды, тышқанмен

Кездесіп мен қалайын,

Асыр салып, би билеп,

Қауышып бір қалайын

Жей жатарсың сонан соң.

Түлкі: ААА, Жаңа жыл дегендерің ТЫШҚАНба? Мен оған

Қулығымды асырып,

Алдап жерге жасырып.

Тесіп шығып жүрер деп,

Темір затпен қамадым

Аяз ата: Жоқ, түлкі жан бұлай жасағаның болмады.қанша бала күтіп отыр, босат тышқанды

Ақша қыз:НЕ үшін қамадың?

Түлкі: Не үшін? Ол жыл басы болмасың мен болайын деп.

Бауырсақ: босатсаңшы қу түлкі, бәрібір балалар сені жыл басы етпейді

Түлкі: жыл басы етпесе, 2020 жыл боламын.

Бауырсақ: Жоқ олай болмайды, оданда ойын ойнайық, егер түлкі ұтса 2020жыл бола қойсың

Түлкі: жарайды, дегеңмен мен қумыңғой, түбі алдап женемің

ОЙЫН ТҮЛКІ және АЯЗ АТА

Түлкі: Жарайды жеңілсемде, жеңілмесемде тышқанды босатайын

Ал тышқанды қарсы алыңдар.

ТЫШҚАН БИІ

Тышқан: Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталады  тышқан – жылбасы.

Бауырсақ: Қандай креемет десеңші, қасымда Аяз атада , Ақша қызда, жаңа жылда , барлық киіпкерлерде бар.Маша қалай бүгінгі кеш ұнадыма?

МАША; иә , бірақ

Ақша қар: ААА, Аяз ата біздің Жаңа жылда шыршамызға не жетіспей тұрғаным білемің, ШЫршамыздың жарқыраған шамдары.

Аяз ата: Онда қане , сыйқырлы сөзді айтңдар. Мен шамдарын жағайын.

ХОРМЕН: 1.2.3 елочка гори

ХОРОВОД (ЖАҢА ЖЫЛда жаңа жыр )

Бауырсақ: олай болса , керемет кешімізге , жаңа жылымызға тартуды қабыл алыңыздар.

МОНТАЖ

Чтец №1 (Арсен)

Всё в серебре переливается,
Зима вступила полностью в права,
Ведь совсем скоро праздник отмечается,
И Новый год мы встретим на ура!
А это значит – все позабудется,
Новых успехов начинается пора,
Пусть каждое желание в нем сбывается,
И совершаются лишь добрые дела!

Чтец №2 (Адай)
Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,

Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!

Қазағымның айқара ашып есігін,

Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,

Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!

Төрт түлігім түгел болып жерімде,

Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,

Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың.

Чтец №3 (Жалғас)

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып…
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Чтец №4 (Нұржан )

Новый год во всю к нам мчится,
Чудо ведь должно случиться,
И ждать осталось не так долго,
Горит огнями ярко елка!
Каким он будет, этот праздник,
Что принесет с собою вновь,
Я знаю! Принесет он счастье,
Надежду, веру и любовь!

Чтец №5 (Аружан)

Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,

Жаңа жылым, достық үнін таратқан!

Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,

Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!

Чтец №5 (Мадиар)

Жаңа жылым, ырысы мол, дана бір,

Жаңа жылым, жазылмаған жаңа жыр!

Өз еліме ала келсін қашанда,

Жаңа жылым, жаңа бақыт, жаңа нұр!

ТЫШҚАН ОЙЫНЫ
Бакуырсақ :
Ойынымыз тамаша, енді ортамыздағы әнші баламызды шақырайық, ақша қармен бірге ән сламын деп дайындалып жүр.Ақша қар қане би өнердің көрсеттің, бірге ән шырқасап жіберсең

Аяз ата: Өнерлеріне тәнті болдым балалар, рахмет сендерге, мынау сендерге сылығым! Қайда келіңдер бәрін, сыйлықтан құр қалмаңдар!

Аяз ата: Ендеше балалар бізді күтіп отырған әлі қаншама жан бар, мен , ақша қармен ескі жыл бәріміз жолға шығуымыз керек.

Ескі жыл: иә балалар, сіздермен біраз көңіл көтердік. мен сендерге жаман жыл болмадым. Жастар жылы болып біраз іс атқардым. (тілек)

Бауырсақ: Рахмет ескі жыл. Аяз ата , ақша қар , ескі жыл кетпей тұрып барлығымыз бір ән шырқасақ қалай?

ХОРОВОД №5 (МАЛЕНЬКОЙ ЕЛОЧКЕ ХОЛОДНО ЗИМОЙ)

Аяз ата: Сау болыңдар балалар!

Ақшақар: Жаңа жылда жаңа табыс! Үлкені мен кішігеде бақыт акелсін! Сау болыңыздар балалар!

Ескі жыл: Жаңа жыл дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт әкелсін! Сау саламатта болыңдар!

Тышқан: Ескі жыл аландама! Менде өз жақсылығыммен қуантатын боламын!!!

Иә балалар, ескі жыл көптеген қуанышымен қуантқан еді, менде сендерге өзіммен бірге көп қуаныш, отбасыларыңызға бақыт әкелемін.

КОНЦОВКА ФОН

Жүргізуші: Иә, әрине қуанышты, осындай керемет, қуанышқа мол сәттеріміз көп болсын!

Асыға күткен Жаңа жыл

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жаңа заман, жаңа ойлар

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жүргізушілер: осымен сіздерге арналған кешіміз аяқталды.

Бауырсақ:Осы жаңа жылдық кешке көмек көрсеткен және демеушілік танытқан ата аналарға шексіз алғыс айтамыз!және осы жерде оқушылар қауіпсіздігіне жауапкерщілік танытқан ұстаздарға мың алғыс!!!

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Әрбір жанұяға береке – бірлік, шаттық -қуаныш, бақыт тілейміз.

Бауырсақ: Қане сіздер әліде бізбен билеулеріне болады, әйтпесе мені жеп қояды. ДИСКОТЕКА

  1. Хоровод

  2. Жаңа жыл биі

  3. Сайқымазақ биі

  4. Хоровод

  5. Ойын (әдемі шырша)

  6. Доңыз биі

  7. Ақшақар биі

  8. Хоровод

  9. Мысық биі

  10. Ойын (поровоз)

  11. Тышқан биі

  12. Хоровод

  13. Монтаж

  14. Ән

  15. Ойын (тышқан)

  16. Хоровод

№5 мектеп-лицей

«Ертегілер елінде»

(Жаңа жылдық сценарий)

Сынып: 5«А», 5«Б»

Сынып жетекшілері: Елубаева Г.К.

Сатыбалдин Б.А.

Шалқар қаласы:

2019-2020 оқу жылы

Жаңа жыл кешіне қатысатын оқушылар тізімі

Оқушының аты-жөні

Киімдері

Сыйлықтары

1

Аққасен Арсен Нұрланұлы

клоун

1000 сыйлық

2

Ажимова Аружан Бауыржановна

Мысық

1000 сыйлық

3

Бақтыберлиев Ерзат Ерғазыұлы

Клоун

1000 сыйлық

4

Бекбаева Гүлшат Асқарқызы

Шырша

1000 сыйлық

5

Бимахан Алихан Ерболатұлы

Клоун

1000 сыйлық

6

Ертөстік Диас Асқарұлы

7

Жайбергенова Гүлдәурен Амангелдіқызы

Мақта қыз

1000 сыйлық

8

Жәңгіров Жалғас Еркінұлы

Клоун

1000 сыйлық

9

Жұбатқанова Аянат Еркінқызы

Мысық

1000 сыйлық

10

Зинел Нұрбақыт Жақсылықұлы

Тышқан

1000 сыйлық

11

Ибрагим Нұрдәулет Ақарысұлы

Доңыз

1000 сыйлық

12

Қалдымұратова Нұрлыайым Нұрымқызы

Тышқан

1000 сыйлық

13

Қалилулла Ақбота Ершатқызы

Түлкі

1000 сыйлық

14

Қуанышбай Айару Мұратқызы

Ақша қыз

1000 сыйлық

15

Мұратова Бану Талғатқызы

Маша

1000 сыйлық

16

Сағынбаев Нұржан Қайыржанұлы

Клоун

1000 сыйлық

17

Серіков Елдос Медетұлы

Тышқан

1000 сыйлық

18

Тілеген Нұрасыл Асыланұлы

Тышқан

1000 сыйлық

19

Тоғызбаев Аслан Русланұлы

Клоун

1000 сыйлық

20

Талмырза Аянат Жасағанбергенқызы

Клоун

1000 сыйлық

21

Ұзақбай Әділ Жангелдіұлы

Тышқан

1000 сыйлық

22

Сынып жетекші: Елубаева Г.К

Бауырсақ

Жаңа жыл кешіне қатысатын оқушылар тізімі

Оқушының аты-жөні

Киімдері

Сыйлықтары

1

Айқын Айтолқын Мешітбайкызы

Қоян

1000 сыйлық

2

Байкүшіков Сабыр Саматұлы

Мысық

1000 сыйлық

3

Барлықова Аянат Мейрамғалиқызы

Клоун

1000 сыйлық

4

Бөкенбаев Нұртілек Асетұлы

Тышқан

1000 сыйлық

5

Бөлекбаева Еркеназ Русланқызы

Доңыз

1000 сыйлық

6

Дарханова Тұмар Қенжегалиқызы

Мысық

1000 сыйлық

7

Есентүгелова Аңсаған Сәкенқызы

Ешкі

1000 сыйлық

8

Жалғауов Әлібек Айбекұлы

Клоун

1000 сыйлық

9

Жәнібеков Нұржігіт Маратұлы

Мысық

1000 сыйлық

10

Жәнібеков Нұрислам Серікұлы

Тышқан

1000 сыйлық

11

Қартамбаев Асылхан Асылбекұлы

Доңыз

1000 сыйлық

12

Қартамбаев Нұрасхан Асылбекұлы

Тышқан

1000 сыйлық

13

Марленұлы Ислам

Қасқыр

1000 сыйлық

14

Мұханбетжанов Ислам Жангелдіұлы

Ақша қыз

1000 сыйлық

15

Мұхидоллаев Әділ Бақтыбайұлы

Тышқан

1000 сыйлық

16

Мұратбай Нұрбақыт Болатұлы

Тышқан

1000 сыйлық

17

Мұратов Райымбек Жасағамбергенұлы

Тышқан

1000 сыйлық

18

Мұхан Нұрислам Нұрболұлы

Тышқан

1000 сыйлық

19

Нұрболат Мадияр Нұрболатұлы

Клоун

1000 сыйлық

20

Орынбай Ақерке Сұлтанбекқызы

Клоун

1000 сыйлық

21

Сәндібек Исламбек Сәндібекұлы

Тышқан

1000 сыйлық

22

Талғат Әлиарман Талғатұлы

Тышқан

1000 сыйлық

23

Темірбай Айша Сәндібекқызы

24

Түйтенов Яслан Жасұланұлы

Тышқан

1000 сыйлық

25

Тлеубаев Адай Жомартұлы

Клоун

1000 сыйлық

26

Сынып жетекші: Сатыбалдин Б.А

Аю, Аяз ата

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, 1 маусым балаларды қорғау күні сценарий, ертегілер еліне саяхат сценарий казакша, 1 маусым балалар куни сценарий казакша, сценарий на 1 июня день защиты детей на казахском, 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға
үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп
кітапханасымен таныстыру.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер,
слайдтар.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бірінші сынып
оқушылары. Бүгінгі бірінші сынып оқушыларына мектеп кітапханасымен
таныстыру мақсатында өткізілгелі отырған

« Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн.!

Тамаша болсын бүгінгі күн!.

Кітап — ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең ол
сені қуантады.

«Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына».

Білесің бе кітап білім ұясын,

Келсең мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап- білім бұлағы».

Кітапхана — сол ойшылдар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз болып шығары.

1-оқушы:

Адамның досы — кітап, өмір кілті.

Тең келмес оған жиған дүние мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

2- оқушы:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

3- оқушы:

Оқы талмай, түй санаңа, жас достар,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен құямын миыңа.

4- оқушы:

Кітапхана — қасиетті шаңырақ,

Сенен шығар сансыз жүйрік, көп саңлақ.

Сенен шығар ғасырлардың данасы,

Сенен тарар саналарға нұр шуақ.

5 -оқушы:

Бұл — қастерлі кітапхана,

Мұнда бары кітап қана.

Ғылым іздеп келгеннен соң

Алаңдама, кітап қара.

Жүргізуші: Балалар, мектеп кітапханасын сендерге таныстыру үшін
мектебіміздің

кітапханашысы Бота апайға сөз кезегін береміз.

Кітапханашы: Сәлемтсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар ! Бүгін
сіздермен бірге мектеп кітапханасына саяхат жасаймыз. Адам
баласының жер басып өмір сүрген уақытынан бүгінгі күнге дейінгі
басты үш құндылығы — Білім, Ғылым, Өнер. Ал осы құндылықтардың қыр
-сырын білуге, түсінуге қол ұшын беретін, алуан түрлі ғылыми
жаңалықтарды ашуға апаратын бірден -бір жолдың ордасы — Кітапхана.
Кітапханаға оқырмандар (оқушылар) жие келіп қажетті әдебиеттерін
жазғызып, түрлі ертегілерді оқиды , шығармашылықпен шұғылданады,
ізденеді. Мектеп кітапханасында оқырмандарға қызмет көрсету үшін
оқу залы, абонемент бөлімдері қызмет жасайды. Ал анықтамалар мен
энциклопедиялар, газет -журналдарды оқу залында отырып керегінше
пайдалануға болады. Кітапхана да кітаптар жүйе бойынша сөрелерге
орналастырылған түрлі қызықты кітаптарды сол сөрелерден табасың.
Сонымен қатар тақырыптық көрмелер жасалған. Ал сендерге арналған
бөлім « Әлемді тану ертегіден басталады» бұл бөлімнен қызыққа толы
кітаптарды алып оқуларыңа болады.

Балалар сендерге кітаптың құрылымымен таныстырып өттейін.

  1. Мұқабасы

  2. Беттері

  3. Кітаптың не туралы екендігін түсіндіретін аннотоциялық
    анықтама.

  4. Баспаның аты, шыққан жылы және авторы

  5. Мазмұны.

Сендер кітапханаға келіп кітап таңдауда біз әр дайым көмек беріп
отырамыз.

Ал , енді өздеріңе арналып жасалған кітап көрмесімен
таныстырайын кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады бірінші бөлім
«Кітаппен дос болсаң бәрін білесің», екінші бөлім «Білгенге
маржан», үшінші бөлім «Дыбысты кітаптар» бөлімінде аудио кітаптар
қойылды. Кітапханаға келіп оқу залында отырып газет-журналдар мен
кітаптар оқуларыңа болады сонымен қатар абонемент бөлімінен үйге 15
күнге кітап алуларыңа болады. Ол үшін бірінші сендерге формуляр
толтырып кітапханаға тіркейміз, тіркелген әрбір оқушы біздің
оқырмандар болады. Оларды кітапхана ережесімен толық таныстырамыз.
Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін сыртын қағазбен қаптап ал.

Тамақ ішіп отырып кітапты оқыма, оны ластауың мүмкін.

Кітаптың арасына қарандаш, қалам және басқа осындай нәрселер
салма, түбі жыртылады.

Кітаптың беттерін бүктеме, қыстырғыш жасап ал.

Кітап беттерін жыртпа, сурет салма, оған жазба.

Кітапты майыстырып бүктеме, бұдан оның беті жыртылады.

Кітапты таза ұқыпты ұстау керек сен кейнгі іні -қарындастарыңда,
осы кітаптарды оқиды осыны естен шығармай қолдарыңдағы оқулықтарды,
әдеби кітаптарды таза ұстаңдар. Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхат»
атты ертеңгілігіне қош келдіңдер.

Жүргізуші:

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

-Балалар бүгін көніл -күйдерің қалай?

-Жақсы болса, 3 «а» сынып оқушысы Ерболқызы Дилназдын
орындауында «Өнерге құштармын» әнін тамашалайық (бәріміз әнге
қосыламыз)

Жүргізуші:

Айтады ертегі сыр, ертегі ой,

Ертегі айтса еліктіріп балалар

Қиялға қызықтырып ертеді ғой

-Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

-Ертегілер елінде кімдер тұрады?

-Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

— Ертегі қалай басталады, қалай аяқталады.

-Ертегілер бізді неге үйретеді? (Балалардың жауабы тыңдалады. )

Жүргізуші: Иә, кітаппен достассаң бәрін білесің. Бірде ұялтса,
бірде мақтайды, бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады.

Ал енді кішкентай біздің оқырмандарымызға арнап 4 ә сынып
оқушылары ертегіден қойылым көрсетсін бірге тамашалайық.

-Ертегі сендерге ұнадыма?

-Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?

-Қай халықтың ертегісі?

-Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?

(оқушылардан сұрақ-жауап алынды. Бұл ертегі орыс халқының
«Бауырсақ» ертегісі)

Жүргізуші: «Ойлан тап» Бұл бөлімде ертегіден үзінді оқылады, сол
ертегінің атын тауып айту керек.

  1. — Аурумын, жүруге әлім жоқ — деп барлық аңдарға хабар
    таратты. (Арыстан мен түлкі)

  2. — Мен күшті болсам, құмырсқаға ін салдырмас едім. (Кім
    күшті)

  3. — Түйк бойына сеніп құр қалыпты. (Жыл басына таласқан
    хайуанаттар)

  4. — Қарғажан, көмектес менің балапандарымды жылан шаққалы
    жатыр. (Дәуіт пен қарлығаш)

  5. — Олай тартқылады, бұлай тартқылады, тартып алды. (Шалқан
    ертегісі)

Жүргізуші: Енді балалар 4 «ә» сынып қыздарының орындауына
«Флешмоб» биін тамашалайық

Жүргізуші: «Сұрақ -жауап» бұл бөлімде жұмбақтар жасырылады
сендер балалар жумбақтын шешуін табасыңдар.

  1. Өзі ширақ, өзі қу, жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

  2. Басы -тарақ, арты -орақ. (Қораз)

  3. Өзі ащы. Біріқ, дәмді етер асты. (Тұз)

  4. Шыр көбелек айналар, беліне жіп байланар. (Ұршық)

  5. Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз болып қатады.
    (Жұмыртқа)

  6. Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)

  7. Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас. (Таба нан)

  8. Кіруге адам батпайды, затыңды аман сақтайды. (Сандық)

  9. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен
    от)

Жүргізуші: Балалар енді кезекте «Кітап нені сүйеді?» ойыны. Мен
сұрақ қоямын .

  • Келіссеңіздер шапалақ ұрасыздар.

  • Келіспесеңіздер шапалақ ұрмайсыздар?

  1. Кітап қаптағанды -ия

  2. Лас қолмен ұстағанды -жоқ

  3. Қар мен жаңбырға тастағанды- жоқ

  4. Аялап ұстағанды — ия

  5. Кітап сөрелерінде ұстағанды -ия

  6. Еденде жатқанды — жоқ

  7. Құрметтегенді — ия

  8. Кітаппен дос болғанды — ия

Жүргізуші: Балалар рахмет сендер ертегілерді жақсы біледі
екенсіңдер, талаптарың өрлей берсін! Міне Ертегілер еліне саяхаттап
болған сияқтымыз. Енді балалар кітап оқимыз ба? Кітапханаға келіп,
кітап алып тұрамызба.? Ендеше балалар осы асыл қазынамызды оқып, үй
реніп, ойға тоқысақ еліміздің, өнегелі де ұл-қызы болатындарың
айқын. Осы шараға қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға көптен көп
рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын — дей келе бүгінгі
ертеңгілігімізді 4 «ә» сынып оқушысы Сақтаған Қарақаттың
орындауындағы «Ертегілер әлемі» атты әнмен аяқтаймыз. Қош сау
болыңыздар!

А Н Ы Қ Т А М А

Қызылорда қаласы

№253 орта мектебі 27.02.2016 жыл

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

(1-сынып оқушыларын мектеп кітапханасымен таныстыру ертеңгілігі
)

Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға
үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп
кітапханасымен таныстыру.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер,
слайдтар.

Ертеңгіліктің өтілу барысы:

1.Ертеңгілігімізге 4 «ә» сынып оқушылары қатысып, кітап туралы
өлеңдер оқыды.

2. Кезек мектеп кітапханашысы А.Сейдахметова апайға берілді.
Апай бүгінгі біздің кішкентай оқырмандарымызға арнайы дайындалған
кітап көрмесімен таныстырды. Көрме «Әлемді тану ертегіден
басталады» деп аталды. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрды. Әр бөлімге
жеке-жеке тоқталып, бүлдіршіндерге толық мағлұмат берілді. Сонымен
бірге кітапханаға келген кезде оқырманға көрсетілетін қызмет
түрлерімен де таныстырып өтті.

3. Мектебіміздің 3а сынып оқушысы Ерболқызы Дилназ «Өнерге
құштармыз» әнінен бүгінгі кішкентай оқырмандарға әннен шашу шашты.

4. Кітапхана оқырмандары 4 ә сынып оқушылары олрыс халқының
«Бауырсақ» ертегісінен қойылым көрсетті.

5. «Ойлан тап» бөлімінде ертегіден үзінділер оқылды, оқушылар
сол ертегінің атын тауып айтты.

6. Бір топ қыздардың орындауында «Флешмоб» биі орындалды.

7. «Көк сандық» атты сөз жұмбақ шешу бөлімінде оқушылар
жұмбақтар шешті.

8. «Кітап нені сүйеді?» атты сергіту сәті болды.

9. 4 ә сынып оқушысы Сақтаған Қарақаттың орындауында «Ертегілер
әлемі» әні орындалды.

10. 1-сынып оқушыларын мектеп кітапханасымен таныстыру
ертеңгілігін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жалғасбаев Әбілқасым ағай қортындылап оқушыларға кітаппен дос
болсаңдар өскенде жақсы азамат боласыңдар, сондықтан көп кітап оқып
білімді де сауатты ұрпақ болу керектігін айтып өтті.

Мектеп кітапханашысы А. Сейдахметова бүгінгі ертеңгілігімізге
атсалыса қатысқан 3-4 сынып оқушыларына, кітапхана оқырмандарына
үлкен рахмет айта отырып, кітапханаға келіп көбірек кітап оқуға
шақырды. Ертеңгілік соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Төрайымы: А.Сейдахметова

Хатшы: А.Жолаева

«Ертегілер елінде» кеш

Мақсаты: Балаларды ертегі әлеміне саяхаттатып, ой- қиялдарын ояту. Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру

Көрнекілігі: гүлдер, қатырма қағаздан жасалған ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар, шарлар.

1-ж. Салеметсіздер ме, балалар!?

2-ж. Балалар, «Айгөлек» жазғы демалыс лагері сіздерге ұнап жатыр ма?

1-ж. Балалар, біз күн сайын түрлі ойындар мен шараларға қатыстық. Енді бүгін саяхатқа шығамыз. Барлығымыз саяхатқа шығуға дайынбыз ба?

2-ж. Ендеше кеттік. Ол үшін барлығымыз орнымызға отырамыз (бұл біздің ұшағымыз болады). Ұшақтың белдігін тағамыз. Енді ұшамыз (балалар қолымен ұшақтың қанатын жасайды) белдікті аламыз, қолымызды жоғары көтеріп ұшақтан шармен секіреміз, енді қонамыз (қолымызды түсіреміз).

1-ж. Балалар, біз қайда келдік? Мынау ән айтып жүрген кім? (Ертегілер елінде әні шырқалады)

2-ж. Мәссаған, біз ертегілер еліне келіп қалыппыз.

Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

«Ертегі еліне» бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

1-ж. Ертегілер еліне қош келдіңіздер балалар! Саяхатымызды ен алдымен «Қызыл телпектен бастайық» (ортаға қызыл телпек ертегісі )

2-ж. Қызыл телпекті де құтқардық. Аздап демалып алғанша « еріншектер елі» биін тамашалай тұрайық.

1-ж. Біраз демалдық енді әрі қарай жүрейік. Мына ән айтып жүрген кім болды екен?

2-ж. Ой, бұл мақта қыз ғой. Жүріндер мақта қыз бен мысыққа сәлем берейік. (мақта қыз бен мысық ертегісі корсетіледі)

1-ж. Мақта қыз бен мысықты да достастырдық. Енді қайда барамыз?

2-ж. Жүріңдер, кішкентай лақтарды көріп қайтайық. Олар не істеп жүр екен. (Жеті лақ ертегісі)

1-ж. Маған ана кішкентай лақ қатты ұнады. Өте ақылды екен. Балалар, бізде ақылды болайық иа.

2-ж. Мына жақты қараңдар бір торғай жарақаттанып қалған сияқты. (қотыр торғай ертегісі)

1-ж. Торғай да ақылды екен. Мен қатты шаршадым.

2-ж. Менде шаршадым, балалар да шаршады. Қарнымызда ашты.

1-ж. Менде бір ой бар. Ата мен әжеге барып бауырсақ жеп қайтайық. (бауырсақ ертегісі)

2-ж. Бауырсақ бізге бұйырмаған екен. Оны түлкі жеп қойды. Қарным да ашты. Кеште батып барады.

1-ж. Қараңдар, біздің ұшағымыз. Барлығымыз ұшаққа отырып үйге қайтайық.

2-ж. Міне, біз саяхатымызды аяқтадық. Ертегілер сіздерге ұнады ма балалар?

1-ж Өткен күн таңтамаша ертегі ғой, 

Айтады ертегі сыр, ертегі ой. 

Ертегі айтса еліктіріп балалар, 

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-ж. Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. 

Жамандықпен алысып, жауын жеңген 

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

1ж. Жауларымен алысып жекелеген, 

Батыр ма ел намысын өтемеген. 

Ертегімен халқымыз ертеңіне 

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

2-ж. Біздің бүгінгі «Ертегілер елінде» атты кешіміз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!

Н.Байғанин орта мектебі

«Айгөлек» жазғы демалыс лагері

Тәрбиеші: Қалиева Жаңылсын

Студент –практикант: Кошетерова Мөлдір

2015 жыл

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий друзья домашнего очага
  • Сценарий ертегі еліне саяхат
  • Сценарий закон есть закон
  • Сценарий закрытия спартакиады трудящихся
  • Сценарий забавное веселое смешное