Сценарий ?йлену той казакша

Үйлену тойы әрбір отбасының басына туатын қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өздерінің ізгі ниетті тілект

Үйлену той: жас жұбайларға ең әсерлі тілектер топтамасы

Үйлену тойы әрбір отбасының басына туатын қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өздерінің ізгі ниетті тілектерін білдіріп әлек. Алайда, тойда сөз сөйлеуден қашқақтап журетіндер де кездесіп жатады. Ойда жоқта тұрғаныңызда асабаның микрофон төсеп қалуы ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін жас жұбайларға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынады.


Мазмұны:

  • Үйлену тойға қысқа тілек
  • Тойға 16 шумақ өлең
  • Оразақын Асқардың тойға арналған өлеңі
  • Жас жұбайларға 8 шумақ өлең
  • Тойға өлең
  • Тойға қызықты әңгіме
  • Тойға әзілді тілектер
  • Сіңілісі немесе інісі әпкесіне тілек
  • Жеңгесінің тілегі
  • Анасының тілегі
  • Досының тілегі
  • Құрбыма тілек
  • Атасының тілегі
  • Әріпесінің тілегі

Үйленген жастарға тілек

Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», — деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянбау; Екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар.

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты. Екі жүрек ұғынысты, табысты. Тілейікші аппақ арман-ағысты. Тұлпарға тән озып шығар шабысты. Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп. Кел, достарым, жақсы тілек етелік! Үйленгендер – алтын сарай салғандар. Балалығы естелікке қалғандар! Қалады енді балалық шақ ертек боп. Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп! Екі жұбай – қатар тұрған періште. Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

Құрметті жас-жұбайлар сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүретен құттықтаимыз. Жана омірге аяк бастыныздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсін. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын…аспанда канша жұлдыз болса сонша бақыт тілеймін!

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

Армысын айналайын күйеу бала. Қызымызға ертенгі сүйеу жарыңның жұлдызы, бол құндызы бол. Біз үшін Саядай дос біреу ғана. Ал …….. қолына қондырған ақ құсын құтты болсын. Біздің …….ды ешқашан ренжітпей аялап отет деп сенемін. Құрып жатқан шанырақтарыңыз ешқашан шайқалмай, іші сәбидін былдыры мен ойыншықтың сылдырына толы болғай. Тек қана Аллахтың ажарында, бақыттың базарында болыңыздар

Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!! Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар! Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін! Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!

Бақыт адамнын басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтерген адам котереді. Көтермеген адам талтаңдап жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтереді көтермеген адамның аузынан ақ ит кіріп көк ит шығады дейді. Одан кейінгі бақыт адамның көз жанарына қонады дейді. Оны көтермеген адамның козін шел басып қасындағы жақындарын кормей калады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады дейді. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – сендердің бастарыңа да тек бақ қонсын!


Қарап көріңіз:

  • Үйлену тойға арналған тағы құттықтау-сөздер

  • Жас жұбайларға құттықтау тілектер


Құрметті отау иелері, сендерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Осы ауылдың «ат байлар» беделді, сыйлы, улгілі отбасы болуларыңды шын жүректен тілеймін! Махаббаттарың баянды, өмірлерің бақытқа толы болсын!

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын.
Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!
Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!
Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі – үйретуден аянбау;
Екіншісі – үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыңдар деп ойлаймын.
Той ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!

Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі!
Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы мен қарасы – қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз: түйісу болсын, соңынан сүйісу болсын! Құшақ жайып, төс қағысайық, қымбатты құдалар!


Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!!
Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар!
Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!
Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін!
Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!


Тойға қызықты әңгіме

 Бір күні бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты:
— Кім-ей бұл? – депті жаңадан түскен жас келін.
— Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз, — депті Бақ.
— Жоқ, есікті аша алмаймын: төргі үйде атам жатыр, ауызғы үйде өзіміз жатырмыз, — дейді келін.
Екінші күні есік тағы да тықылдапты.
— Бұл кім?
— Мен – Дәулетпін ғой, үйіңе қонып кетейін, — депті есік сыртынан Дәулет.
— Жоқ үй бос емес, — деп тағы да есігін ашпайды.
Үшінші күні есік тағы тықылдайды.
— Кім екен дейді? – дейді келін.
— Ынтымақ едім. Келін есікті ашып, Ынтымақты үйіне кіргізіпті. Барлығын естіп жатқан атасы сонда:
— Дұрыс жасадың, шырағым, ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді, — деген екен.
Біз де отауларыңыздан өмірлік ынтымақ кетпесін деп тілегіміз келеді.  


Тойға өлең

Шарықтап бақыттың жүр өмір көгін,
Қосылған қос бәйтеректей, армысыңдар!
Той үстінде гүлдесін көңілдерің
Ақ ниетті көпшілік алңысынан!

Бұл жүрек қуанышқа тойған емес,
Сол алғыстан гүлдесін дала мынау.
Марат та сабау басты бойдақ емес,
Сен енді күйеу болдың, қарағым-ау!

Күтеді сыбағасын алдан көп күн,
Жаныңның оты мәңгі жалындасын.
Киноға жеке барар халден кеттің,
Сен енді келін болдың, қарындасым.

Кешегі ұяң Жанат қыз да бүгін келін атанды,
Енді адал ана болсын, адал сүйсін Отанды.
Марат-інім қос жұлдызға әке болсын ақ шашты,
Сол болашақ ұрпақ үшін берейін мен батамды.


 Аяқ екеу, қол да екеу,
Көз дегенің – ол да екеу.
Екеу және құлақ та,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сондықтан да сол жүрек
Күйіп, жанып, өртеніп
Естісін деп лебізін
Іздейді екен серігін
— дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! 


Пайдалы сілтемелер:

  • Үйлену тойға арналған құттықтаулар, тілектер
  • Туған күнге әдемі тілектер 


Аяқ екеу, қол да екеу, Көз дегенің – ол да екеу. Екеу және құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. Сондықтан да сол жүрек Күйіп, жанып, өртеніп Естісін деп лебізін Іздейді екен серігін — дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! 


Тойға 8 шумақ өлең

Той бастап жатып сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз-лебіздерді қош аламын.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз беріктігін босағаның.

Шырқаса шабыттанып ақын бүгін,
«Тойбастар» деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен
Тілейік құдалардың татулығын.


Білімің қатарыңнан асып өтсін,
Бақытың абыроймен тасып өтсін!
Артыңнан өлмейтұғын ат қалдырып,
Жалғанда жалпағынан басып өтсін!

Нұрланып жол ашылсын қадамыңнан,
Мерейің үстем болсын талабыңнан,
Ұл мен қыз қуанышы қабаттасып,
Көркейсін келініміз балағынан!


Оразақын Асқардың тойға арналған өлеңі

Оңайда емес, қиында емес үй болу
Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену
Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру

Болады онда, ішкі де сыртқы саясат
Аяық жарды, біреуді егер аясақ
Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия
Жүрмеңдер әсті, ішкіні сыртқа жаясап

Қашанда жарға керегі жылы назарың
Жалғыссыратпа тартқызба өмір азабын
Мен сөйтіп едім, сен неге бүйтпей журсің бе
Сауданың үйге орнатпау керек базарын

Асығыстықтан ашудан абзал безінген
Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен
Жар деген өзің, өзің деп тапқан жалғызың
Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен

Киелі зат жоқ жарыңның махаббатынан
Екеуінді де аялау оны шақыра
Көсегелерің көгерсін берген ақ батаң
Сендерден бұрын үй болғандардың атынан.


Үйлену тойға қысқа тілек

Өмір-тойы, көңіл-тойы – үйлену,
Үйлену, бұл – мәңгі көктем күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.


Ағайынның ақ ниеті деп ұғын,
Келін-бала, ажырамас тел ұғым.
Елден бұрын төбем көкке жетеді,
Десе біреу: «Жақсы екен келінің!»


Кел сүйейін маңдайыңнан, кел, күнім,
Ақ тілеуім ақ отауға ен, гүлім.
Шайқап ішіп бал шарабын бақыттың,
Қуаныштан мас болайын мен бүгін.


Келін боп түскен бүгін әдемі қыз,
Үлкенге түзу болсын сәлеміңіз!


Бірге тойлап жастардың қуанышын,
Байқатайын жүректің жыр ағысын.
Көтеремін, туғандар, осы тосты
Ұл-қызы ортақ құдағи-құдам үшін!


Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын!
Достық пенен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!


Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын,
Жас жұбайлар одағы бекем болсын!


Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір-дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң-отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның!


Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт-береке – ырысың.
Отауың да кішігірім – отаның,
Мәңгі болсын,
Мәнді болсын Ұлысың


    Тойға 16 шумақ өлең

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.

Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!


Құрметті тойшы қауым!
Бүгін міне Сырымның ауылында,
Алатаудың бауырында
Жадырасып жарасатын,
Жамырасып тарасатын,
Балдай тәтті тілектер тыңдалатын,
Ән тербеген жүректер нұрланатын,
Қызығы күннен күнге жырланатын,
Келмегендер қызықтан құр қалатын
Бір тамаша той болып жатыр.
Ол-бүгінгі Асқар мен Ботаның шаттыққа толы шаңырақ көтеру екені баршаға мәлім. Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін!


Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!


«Махаббат» байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!


Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!


Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.

Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшыраќ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, ќараќтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан ќуаныш кетпей, баќ күліп.

Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан ќалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.

Адами ғұмыр болары айќын бір нүкте,
Жаќсылыќ келер, ынтымаќ бар да, бірлікте.
Бас ќосќан жастар сендерге үлкен тілегім –
Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.

Жас жұбайлар, кездессе не күндер,
Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.

Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!
Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!
Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,
Бақыттары алдарынан жарылқасын.

Қымбатты жас жұбайлар …. — ………!

Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ……… осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған ………. жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!

Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.

«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.
Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.

Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.


Тойға әзілді тілектер

Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:

Құрметті………..! Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», — деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ:

Қымбатты ……….! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ….., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!


Құрметті ……. мен …….!
Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын!
Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.
Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын.
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік босағаларың берік болсын
…………….. Жаңылға адал жар бол, Жаңыл осы шаңыраққа қонған бақ құсы бол. Ата-ана, туған-туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын.

Қадірлі қонақтар!
Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Сіздерге осы қуанышты күнде босағаларыңның берік, керегелеріңнің кең, абыройлы, көңілдеріңнің тоқ, адал еңбектің арқасында табыстарыңның мол, алақандарыңның ашық, өмірге машық, жаңалыққа ғашық, ұрпақтарыңның ер болуын тілей отырып, мына өлең жолдарын өздеріңізге арнаймын;
Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,
Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз босағаның беріктігін.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілеймін құдалардың татулығын.
Өмірлерің бақытты әнді болсын,
Өңірлерің осындай сәнді болсын.
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

Құрметті, отау құрып отырған қос ғашықтарға тілерім:
Махаббат деген биік тас,
Оған ешкім жете алмас,
Жетеді оған тек қана
Қол ұстасқан екі жас…
Бұл өмірде мәңгі қол ұстасып жүріңдер, жұптарын ажырамасын, қосақтарын қос ағарсын. Бақытты болыңдар!!!


Сіңілісі немесе інісі әпкесіне тілек

 Қалықтап махаббаттың аспанда әні,
Жайылды думан-тойдың дастарханы.
Ұғынысқан жүрекпен тұр ғой бүгін,
Тағы бір жұбайлық жол басталғалы.
Сақталып салт-дәстүрім ұлтымда әлі,
Азаттықтың бесікте бұлқынды әні.
Бүгінгі той аяулы әпкеміздің,
Қалыңдық боп бақытқа ұмтылғаны.
Қосылып ақ батамен тағдырлары,
Тілеулес болды айнала жанның бәрі.
Бүгінгі той әпкені жездеміздің,
Аялап алақанға қондырғаны.
Той деген-қос жүректің атар таңы,
Жұбайлық жолда үлкеннен бата алғаны.
Бүгінгі той сезіммен екі жастың,
Бір кемеде жолаушы атанғаны.
Естіді ме олардың таң сырларын,
Деді ме екен бақыт боп қонсың жарың.
Осынау аппақ тілек-ақ сапарда,
Әпкеме деймін енді: «Жансын бағың!»
Қуаныш жүректерге құйды лебін,
Той деген шаттықты ән,күй-білерім.
Болашақ өзі тіккен ақ отауда,
Әпкеміз болсын енді сыйлы келін!
Уақыт жылжыр-дағы баяу алға,
Келер күн талай мақсат қояр алда.
Жезде,әпке сол жолда сүрінбеңдер,
Жар деген жаралған ғой аялауға.
Нұрынан қуат алып Дала-таңның,
Бір-біріңе әркезде бақ атанғын.
Ішінен шаттық күлкі үзілмесін,
Өздерің қалап тіккен ақ отаудың!
Жалғаған халықпыз ғой сан дәстүрін,
Иман-серік,сабыры-жолдас бүгін.
Жездем мен әпкеміздің осы тойы,
Тапсыншы мәңгілікке жалғастығын!


 Жеңгесі

Келін көп бүгін,
Кемел боп көңіл тасуда,
Өрімдей жастар аттанды өмір-асуға.
Ананың күткен таңы да атты арайлап,
Ағайын-туған тілегін аппақ қосуда.

Құдалардың да
Қадамы құтты болса екен,
Заманың тыныш,
Еліңе ырыс толса екен.
Аға мен жеңгең жас шаңыраққа тілекші,
Бақ құсы келіп осынау үйге қонса екен.

Бақыттың құсын
Қолыңа, қалқам, қондырдың,
Шаттықтан шалқып шадыман болып мен жүрмін.
Біреудің ол да әлпешпен өскен баласы,
Балалығыңды байсалдыққа жеңдіргін.

Көркем ұл едің
Көріне білгін биіктен,
Өркенім едің,
Біріңді – бірің сүйіп пе ең?
Әкенің мейірін,
Ананың төсін иіткен!

Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.

Шуағын,
Төге берсін,
Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір,
Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.


Анасының тілегі

 Табыстырып махаббат-алау, жалын,
Орындапты екі жас пәк арманын.
Біріңді-бірің сүйіп, отау құрдың,
Құтты болсын алғашқы қадамдарың.

Өмір-керуен,
Әлі алда сынар күн,
Көрініңдер қасынан жақсылардың.
Ақ батамды беремін қос батама,
Бір құдай мен құдама тапсырамын.

Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,
Қуанышсыз өтпесін бір күніміз.
Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,
Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.

Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,
Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!
Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,
Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл! 


Досының тілегі

Бұл күні тойың боп жатыр,
Ей, асыл досым елдегі.
Мені де ортақ деп білгін,
Шаттыққа осы сендегі.

«Тілегім айтар –
Болғай да
Келіннің құтты аяғы», —
деп жатқан ұлы тойыңда
Жан досыңмын ғой баяғы!


 Бойдақтық қалды қынжылма,
Тағдырың теліп бір қызға.
Құрметпен қара, жан досым,
Қолыңа қонған жұлдызға.


 Күн өтті шалқып желпінген,
Бұғауға түстің еркіңмен.
«Сүйемін!» дедің жарыңа,
Таймағын сол бір сертіңнен.


 Азамат дейді сені жұрт,
Басыңнан кештің серілік,
Әке де әлі боласың,
Жарыңды сүйгін беріліп.
Ұлдарын болсын тұлымды,
Қыздарын болсын бұрымды.
Қосағыңмен қосыла айт,
Махаббат атты жырыңды. 


Айтар біздік тілек – сол:
Тойың тойға жалғассын!
Ойың ойға жалғассын!
Заңғар ұл-қыз отау тіксін,
Ұрпақ көрсін – жалғассын!
Тотыдайын таранған бұл ханымның,
Аппақ қардай әже болып,
Етегіне немерелер, шөберелер жармассын!
Бұл тілектер орындалып жатқанда,
Өзің де, құрдас-досым жерде қалмассың!


Құрбыма тілек 

Бір-бірлеріңе бағынышты, сағынышты сезімдерің мәңгі сөнбесін, сыйластықтарың, қимастықтарың ешқашан таусылмасын, махаббат әлемінің нұрлы аспанында жұптарың жазылмай, қанаттарың талмай самғай беріңдер!
Өмірде қалса екен жарқын іздер, Жарасып, қол ұстасып өтіңіздер. Жұптарың жазылмасын өмір бойы, Арманға – алтын тойға жетіңіздер.


Ер жігіттің зор міндеті- үй болу,
Сәбилердің күлкісіне үй толу.
Жалғастырып баба жолын басталған,
Шаңырағын биік етіп үй жону.
Шайқалмасын шаңырағың тілеймін,
Орамасын отбасыңды дүлей күн.
Босағалар берік болып, терезең
Теңдей болсын өзгелермен күн игің.

Махаббат аспанында,
Қосылып бастарың да,
Бақ қонып құтты болсын басқан қадам.
Тілектің астарында,
Бірге өмір бастадың ба,
Отбасыңа таң қалсын көрген адам.


Атасының тілегі

 Әкесіне – ұл айбын,
Шешесіне қыз – айдын.
Келінді сүйіп маңдайдан,
Бергені деп құдайдың.
Бағын аш деп Алладан,
Амандығын сұраймын.

Көсегесі көгеріп,
Бала-шаға көп өніп,
Өндірдей екі өркенің,
Қуанышын көрейік,
Батамызды берейік.
Тоймен өтсін талай күн,
Тең-құрбыдан қалыспай,
Алды болсын талайдың! 


Әріпесінің тілегі

Әріптесіміз …. шаңырақ көтеріп, отау құрып жатқан мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, төмендегі жыр жолдарын арнаймыз!
Жақсыға төрден орын табылады,
Қолдайды ата-баба аруағы.
Бірге соққан аяулы қос жүректің,
Биік болсын көтерген шаңырағы.

Тепсе темір үзетін отағасы,
Гүл-гүл жайнап, құлпырып отанасы.
…. мен …. дей екі жастың
Берік болсын мәңгілік босағасы. 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Бүгін міне Қаракемер
ауылында,

Әулие шоқы бауырында

Жадырасып жарасатын,

Жамырасып тарасатын,

Балдай тәтті тілектер
тыңдалатын,

Ән тербеген жүректер
нұрланатын,

Қызығы көпке дейін
жырланатын,

Келмегендер қызықтан құр
қалатын

Бір тамаша отырыс болғалы
тұр!

Себебі, Ұлыстың Ұлы
күні – Наурыз мерекесі қарсаңында өзі көктемдей құлпырып кеткен әдепті келін,
аяулы жар, ардақты ана, ұлағатты ұстаз Ыбышева Маржанкүл Ретқызы 50-ге толып
отыр. Қане, құрметті қауым, осы отырыстың себепкерін 30 жылға жуық бірге
отасқан отағасы Есенгелді ағамен қоса қол соғып ортаға шақырайық!

(Той иелері ортаға
келген соң).

Осы атаулы күнді той
иелері  жәй ғана өздері атап өтпей, мерейтой дастарханына жақындарын,
туған-туыс, құрдастарын, әріптестерін шақырып отыр.  «Жақсы таз басын
жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды» -демекші, бұл өте құптарлық іс деп
ойлаймыз.  Сол үшін мерейтой иесіне ду қол шапалақ!

Бір ауыз сөз? Жоқ. Орындарыңызға
бара берсеңіздер болады.

Той иелері асабаны
жұртқа таныстырып жатушы еді, бірақ  популярный адамдарға немесе бесплатный
тамадаларға реклама, резюме, презентация деген нәрселер қажет емес. Сонда да
өзім туралы бірер сөз:

Көптен күткен
той жақсы өтсін десең

Жүйрік болсын таңдаған тамадаңыз
Бізді таңдап көңілің қалап жатса
Көңіл кілтін бізде іздеп таба
аламыз.

Жазда қара, ал
қыста ағарамыз

Маңдай терді, көпшілік, бағалаңыз
Ата жолдан жаңылмай жүріп келіп
Қалжыңды да орынды таба аламыз.

Әуезді әнді
шырқап әлеуметтің

Ай шырағын жүректе жаға аламыз
Кейде біреу киліксе келеңсізде
Қара сөзбен кенедей қадаламыз

Тойларың бар 9-да басталатын
Мен емеспін көп жұрттан жасқанатын
Көпшілік, той болса егер звондаңдар
Мен АСАБА тойыңды басқаратын

«Сәлем берген саулық
береді, ал сәлем алған қызығын көреді» деген халық сөзіне бас ие отырып,
сіздерге де бас иіп сәлем бердім!

Таусылмасын! Ағытылсын ой
көші,

Туысқандар қысылмастан сөйлеші.

Ақ тілекті ағытып бір
бастайық,

Бүгінгі кеш – 50 жастың той
кеші…

Жүздеріңнен көрем шаттық
арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр
айың!

Тойларыңыз құтты болсын,
көпшілік!

Тойларыңыз құтты болсын,
ағайын!

«Аталы үй – баталы үй»
дегендей,

Осы тойдың ол қариясы

Осы отырыстың дариясы

Көлденең көптің бірі емес ол

Жекелеп шырқар ариясы

Әбдікерім ағадан дастарханға
бата сұрайық. (Шапан?)

Бүтін болса, ел
жақсы 

Сулы болса, көл жақсы
Адасканға ай жақсы
Жылқыға сай жақсы
Мінуге тай жақсы
Жемесе де май жақсы
Бермесе де бай
жақсы.                                                                                                                   
                             Бәрін айт та бірін айт

Сарайыңды ашатын
Шаршағанды басатын
Қою қара шай жақсы

Шай ішейік бал менен, бала-шағаларменен – деп менің бір досым
айтқандай, шайдан алыңыздар, шараптан құйыңыздар. Ал мен болсам алғашқы
сөз
кезегін Тұрархан апама, Күлсімхан жеңгеге, Әбдікерім ағаға және Света тәтеге
бергелі отырмын.

(Сөз сөйлегеннен
кейін):

Жасы үлкендер ‑ өз алдына
бір төбе,

Оларға еткен қызметің де
мәртебе!

Бәрекелді, балам! – десе
болғаны,

Бақ құсының қасыңа кеп
қонғаны!

Жасы үлкендер – өз алдына
бір отау,

Олар барда асқақ емес
Алатау.

Айналайын, бақытты бол! –
дегені

Жолыңдағы көп бөгетті
жеңеді.

Үлкенді сыйлау –
халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз, баталы сөз», «Халықтың
қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» деп бекер айтпаған ата-бабаларымыз.

Құрметті қонақтар,
құйылған шампандарды алып отырыңыздар, ауызға зәкөскені салып отырыңыздар, ал
мен келесі кезекті бүгінгі отырысымызды әуезді әнімен көркемдейтін ауылымыздың
еңбек сіңірген музыканты Батырдың әніне беремін.

Әдеті той бастайтын әуел бастан, 
Шырқатып жіберетін әнін асқақ.
Шабыты жүрегіне жол беріп тұр –
Бұл тойды ашып берсін інім бастап!!!

(Ән)

Құрметті тойшыл қауым! Мен сіздерді кейбір мамандар мен
адамдардың міндеттерімен таныстырғым келіп отыр.

Дәрігердің
міндеті – дәрі беру, ем беру,

Кәрілердің
міндеті – ақыл беру, дем беру.

Малшылардың
міндеті – малдарына жем беру,

Саудагердің
міндеті – артық алу, кем беру.

Ұстаздардың
міндеті – ғылым-білім үйрету,

Махаббаттың
міндеті – сезімдерді сөйлету.

Бұзақының
пиғылы – қирату мен күйрету,

Арақ
ішіп, «Қырам!»- деп,

«Брат,
сен үшін тұрам!»- деп

Бірін-бірі
сүйрету.

Тойшыл
қауым міндеті – ә дегенде жүздетіп, асқазанға жол салу,

Содан
соң бір кекіріп, табақтарға қол салу,

Үстелдегі
тағамның бәрін ішіп-жеп қоймай,  пакетке де мол салу.

Маржанкүлдің
міндеті – ойға батпай тұңғиық, бокалына су құйып,

Соғыстырып
бәрімен жүре беру жымиып.

Тұмау
тиген адамға міндет болар жөтелу,

Ал
қарыздың міндеті – уақытында өтелу.

Есекеңнің
міндеті – асабаның ақысын өзі біліп, сұратпай молырақ қып тез беру,

Асабаның
міндеті – тойға келген қауымға рет-ретімен сөз беру.

«Сөз сұлтаны –
дәмділігі, ой сұлтаны – жандылығы» деген халық даналығын естен шығаруға әсте
болмайды. Халқымыздың ағалар мен әпкелер жөнінде де айтылған
асыл сөздері аз емес. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас», «Ақылың ағаңда
болсын, құндызың жағаңда болсын», «Әдемі ниет әпкеден, әпкелер үшін мақтанамын
көпке мен» деген сияқты сөздер қандай тамаша.

Олай
болса, келесі сөз кезегі Медел, Меруерт, Маржан, Шолпан, Алмагүл, Сейіткерім,
Гуля, Болат, Роза атты аға-тәтелерде.

ПАУЗА………………………………………………………………………………………..

Тойға келсе әпкелер ырыс-бақыт ап келер.

Апамызға жездем сай әпкелермен бақ келер.

Рұқсатсыз әпкеден шыға алмайтын бір адым,

Сөз салмағын ендеше жезделерге бұрамын.

Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –

Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.

Келесі сөз кезегі әпке-жезделері Қалысбек-Айманкүл,
Байжан-Сәулемкүлде.

(Үйде тауық бағасыздарма? Қанша тауық бар? Қанша қораз? Оларға сіз
қарайсызба жоқ жұбайыңызба? Әпкеден рұқсат сұрамай қай-қай жерге бара аласыз?)

Қораз
бен Еркек…

Екеуінің айырмашылығы
Аңыз бен ертек.
Қораз, мәселен, кез келген
Көрші мекиендердің жүрегін өртеп,
Мінез көрсетіп тентек
Қыдырғысы келсе қыдырып,
Ұрынғысы келсе ұрынып,
Бөтен қораға 
Бұрылғысы келсе бұрылып,
Шөжелердің артынан жүгіріп,
Бірде тұрып, бірде жығылып,
Кешке өзінің қорасына
Қалың мекиендерінің арасына
Түк болмағандай қоқиланып,
оңын-соңын шоқыланып,
Қайтып келеді.
Еркек сөйтсінші…
Әйел қаһарға мініп,
Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп,
Өткеннің тарихын қозғап,
Жіпке тізгендей айтып береді.
Қырық жыл бұрынғы 
Жігіт кезінде ұсынған махаббатын
Жүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді.
Соны білетін ол байғұс
Үйіне қайтіп келеді?
Алпыс аңызын, қырық өтірігін
Батырлар жырын айтқандай
Аңыратып айтып келеді.
Келеді деймін-ау…
Келтірмейді.
Өлтіруге жақындатады
Бірақ өлтірмейді.
Әйел еркекті
Ешқашан олай жүргізбейді,
Сирағын сындырып,
Ауыздықтап, тізгіндейді.
Жүргенін білсе
Үйге кіргізбейді.
Қайран, Еркек…
Қораздың бұл өмірін
Күнде іздейді,
түнде іздейді.

ПАУЗА…………………………………………………………………………….

50
деген жарты ғасыр бұл өмірде,

50
деген алтын той некеліге.

Елу
жылда — ел жаңа деген сөз бар

Сол
елуге өзің де келдің міне.

Әр
уақытта домалап өрге тасың,

Келін
алып жылы суға қолың батыр

Құтты
болсын мерей той, 50 жасың

Қайнағаммен
әрқашан таңыңды атыр.

Елу
– деген жүздің нағыз жартысы,

Елу
деген – даналық қой, ол анық!

Оған
жетсе елжірейді әр кісі.

Құттықтайды
бар ағайын қол алып.

 Елу
деген – тамаша жас еңселі,

Елу
деген – парасаттың өлшемі.

Жүзге
дейін бақытты өмір сүрсін деп

Құттықтайды
мұнда отырған ел сені.

Елу
деген толы той мен думанға,

Тау
секілді көрінеді тұлғаң да.

Құшақ-құшақ
гүлін алып келіпті,

Ақ
көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Тірлік
– теңіз, ес елудің ескегін,

Әнге
толсын, күйге толсын кештерің,

Шын
жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол
соғады барша әріптестерің.

Ортаға
Маржанкүлдің әріптестерін –  ұлағатты ұстаздар математика, физика, химия,
биология, география, информатика, қазақ және ағылшын тілі пәні мұғалімдері
Орынкүл, Перизат, Айнұр, Жанар, Айгүл, тағы да Айгүл, Ақмарал, Дина, Әлия және
Гүлнарды шақырамыз.

Игра
с табличками!

Ведущий
свадьбы вызывает четырех добровольцев. Из реквизита у ведущего четыре небольших
таблички, с надписями: баня, роддом, дурдом, работа (важно чтобы надписи на
табличках были хорошо видны гостям). Участники становятся спиной к аудитории и
на них надеваются таблички с текстом, так чтобы они не могли прочитать, что же
там написано! Далее начинается самая веселая часть игры. ведущий задает каждому
участнику по три вопроса: 1. как часто вы тут бываете? 2. с кем обычно вы туда
ходите? 3. Три вещи, которые Вы взяли бы с собой в это место? (Вопросы связаны
с текстом на табличках). Случайные ответы, порой доводят гостей до слез (от
смеха).

ПАУЗА……………………………………………………………………………………………….

Әрбір тойда достардың орны бөлек. Достарың
жаныңның жақсылығын, жүрегіңнің қуанышын сезінеді. Достық даңқын көтеру, досты
сыйлау – атадан қалған. «Қазақ қоссыз болса да, доссыз болған емес», «Көптен
адасқан қосын таппас, естен адасқан досын таппас» деген ұлағатты сөздердің
ұқтырары мол.

Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,

Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.

Арта берсін достығың – доссыз өмір бос бүгін,

Құрбы-құрдас, қанеки, тілегіңді қос бүгін!

Орал, Жұмакүл, Нұрслан,
Шолпан, Жексенбек, Күлбүбі, Жәділ, Шолпан, Марат, Бинұр, Зейнеш, Мұхит, Айнұр,
Қасымхан, Анара, Бөкенбай, Ұлбосын, Асылбек, Зерхан, Сапар, Ұлғаным, Бақытжан,
Гүлбағира, Константин, Жания деген Есекең мен Маржанкүлдің достарын ортаға
шақырамыз.

Қызық күйде: Ойынға бірнеше ер
адам шақырылады. Оларға әйел адам аяғы ауыр кездегі жағдайды өз басынан кешуге
мүмкіндік беріледі. Ойын жүргізуші скотчпен іштеріне әуе шарларын байлап
береді. Әр ойыншының алдына бір қорап сіріңке шашылады. Ойыншы берілген уақыт
ішінде шашылған сіріңкелерді көбірек жинауы тиіс. Өзінің жағдайын да естен
шығармағаны дұрыс. Ішіңізге (шарға) зақым келіп жүрмесін.

ПАУЗА………………………………………………………………………..

Күйеу бала, келіндер сөйлемейді тым қатты,

Сіңлілер де ибалы, қайын сіңлі сымбатты.

Тынысымыз – інілер, қайнылар да тым тәтті.

Барлығы да осындай жанашырлар қымбатты.

Ортаға шықсын Әділбек, Ләззәт, Мұрат, Лилия, Сейітжан, Қарашаш,
Марат, Шолпан, Болат, Гаухар, Кенжекүл, Талғат, Жанат. (Қандай сериал
көресіздер?)

ӘЙЕЛ
МЕН СЕРИАЛ

 Әйел мен
сериал…
Ұқсас жерін теріп ал!
Алшақ жерін көріп ал!
Сериалдағы бар нәрсе
Әйелде де, 
О, тоба, бәрі бар.
Сериал сені ығыстырып,
Әйеліңнің қасына 
Қысылмай қонып шығатын,
Бір басын кессең,
Екі басы өніп шығатын
Жеті басты айдаһар.
Сенің қаныңды ішіп барып жай табар.
Ызыңдап боздай береді,
Боздай береді.
Не болса соны қозғай береді.
Шекесі тырысып,
Шаң-шұң ұрысып,
Жұлысып жатқаны…
Уайымға батып,
Мұң ішіп жатқаны.
Өсегі құйындайтын,
Төсегі жиылмайтын,
Таусылмайтын сұмдық…
Дәл осы жерде
Әйелден аумайтыны – шындық.
Олардың да табақ-аяғы жуылмай,
Кір-қоңы жиылмай,
Теледидарға телміріп отырғаны…
Екеуінің ұқсастығы
Осы тұста жақындады.

(Тост)

ПАУЗА………………………………………………………………………………………………….

Ашып өмір есігін нұрланды күн,

Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.

Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,

Құтты болсын, Маржан жеңге, туған күнің!

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,

Өмір өзі жазады отты жырын.

Қайнағаммен дәм-тұзың құп жарасып,

Ақ сүтіңді ақтасын Ерқанатың.

Сөз
кезегі Бауыржан Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектептің үздік
тәрбиеленушісі, взвод командирі, армрестлингтен мектеп чемпионы және бүгінгі
той иелерінің ұлы болашақ генерал Ерқанат мырзада және Қаракемер ауылының жас
батырлары, 14 мектептің хас батырлары, Есен атасымен Маржанкүл апасының
немерелері мен жиендері Жалғас, Жарас, Арлан, Нұржан деген азаматтарда.

ПАУЗА……………………………………………………………………………………………

Мен кеше Есен ағаның үйінде көмектсіп
жүргенімде (қора тазалап, төсек жинап дегендей), мал қорадан бір қағаз,
сандықтың астынан тағы бір қағаз тауып алдым. Мал қорадан тапқанымды оқып
берейін:

Авторлары: Жүсін Ерман, Есен Бексұлтан.

Маржанға арналады. (Әйел). Оқып біткен соң:
Ортаға осы тамаша өлеңнің авторларының бірін, атап айтсақ, 30 жыл өтсе де сол
сезімнің жетегінде жүрген Есенгелді ағаны шақырамыз. (Тост).

Есен ағама 1 сұрақ: қанша жасыңыздан бастап
машина айдадыңыз? Қанша жасыңызда үйлендіңіз? Отбасылық бюджеттің қаражатының
көбі машинаға кете ме, әлде жеңгеме ме?

ӘЙЕЛ
МЕН МАШИНА

Еркек үшін әйел мен
машина
Ыстық және жақын,
Екеуі де өмір.
Бірақ әйел – қатын,
Ал, машина – темір.
Ұқсайтыны – еркек
Екеуін де аялайды,
Екеуін де бағалайды.
Машинасынан 
Ақшасын аямайды. 
Өйткені оны айдайды, 
Уақтылы күтіп,
Уақтылы майлайды.
Оның бір жақсы жері
Қайта-қайта ақша сұрап,
Алақанын жаймайды.
Ал, әйел алған бетінен таймайды,
жүйкеңе ойнайды.
Берген сайын тоймайды.
Машина күн демейді,
Түн демейді,
Ақша бермесең үндемейді,
Кей кезде сілейіп
Кідіріп, тұрып қалады.
Ондай кезде еркек ашуланып,
Теуіп қалады, ұрып қалады – 
Жауап жоқ, 
бар айыбы сынып қалады.
Ал әйелді соқпай-ақ қой,
Жәй әшейін түртіп қал.
Жолыққандай күртік қар
Қар бораған бұзық қабағы,
Өткен-кеткенді тізіп, табады,
Сенің қан қысымың 
250-ге жеткенде ғана
Тыңыш табады,
«Жедел жәрдем» әкеткен соң
Амалсыз аузын жабады.

ПАУЗА…………………………………………………………………………………..

Ал енді сандықтың астынан не табылды деп ойлап
отырған шығарсыздар?

Авторлары: Асылзат Арыстанбек, Маржанкүл Рет.

Есеке. (Еркек) ). Оқып біткен соң: Ортаға осы
тамаша өлеңнің авторларының бірін, атап айтсақ, 30 жыл өтсе де ол да сол
сезімнің жетегінде жүрген Маржанкүлді шақырамыз. (Тост).

Тірлік тілін табасың ұрыспай-ақ,

Ыстық сәлем жолдадым күріштей ақ.

Бұл өмір өте шығар көз ашқанша,

Көз жұмғанша жүрейік тырыспай-ақ  

Жұлдыз
жанып, пейіліңе таң күліп,

Көктем
келді, наурыз келді сән құрып.

Қалпыңыздан
айнымаңыз  шат көңіл,

Басыңыздан
бақ кетпесін мәңгілік.

Елу
деген — ес тоқтату, есею,

Елу
деген – елдің жүгін көтеру.

Туған
күнмен құттықтаймыз өзіңді,

Қанжығаңа
ілінсін деп қос елу.

АНТРАКТ


Оқылды:
8 195

Сүндеттой – ежелгі дәстүрлердің бірі. Қазақ тойының сүйектісі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман ерекшеліңтерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық  дәстүрінен айрылмауға тырысайық.

Той өтетін жердің (дәмхананың, мейрамхананың, т.б.) есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады.

Жиналушылардың жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды. Келген қонақтар сүндет тойға құр қол келмейді. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлыгды бие, соңы қозылы қой (немесе, бүгінгі өмір талабымен: аудио-видео аппаратуралармен, компьютерлік ойыншықтар, жақсы тігілген фирмалық киімдер, велосипед, т.б.) тарту етіп, «көрімдігі» деп ақшалай да сыйлық беріп жатады. Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.

Жұрт жиналған соң, асаба той бастайды:

Бисмиллаһир-рахман-ир-рахим!

А-а-ау!

Ат арытып алыстан

Келе құшақ жайысқан,

Қызын алып, қыз беріп,

Қызықтарын бір көріп,

Құдайымдай сыйлайтын,

Құдайына қимайтын

Құдаларым, қош келдің!

А-а-ау!

Алыс ауыл арасын

Жақын қылған нағашым,

Ақ көңілді баласын

Ақын қылған нағашым,

Нағашымның жаңасын

Іздесең қайдан табасын?

Нағашылар, қош келдің!

Өсіп-өнер жұртыма,

Өріс болған жиенім.

Айқасқанда жауымен,

Жеңісті алған жиенім.

Елдігін де білемін,

Кеңдігін де білемін,

Кездесе алмай жүр едім,

Жиендерім, қош келдің!

Бір-бірінің жан сырын,

Айтқызбай-ақ ұғысқан.

Аралары тату боп,

Арылмаған ырыстан.

Ауыр жүкке жұмылып,

Бір жағына шығысқан,

Аман болғын әрдайым,

Айналайын туысқан,

Туған-туысқандар, қош келдің!

Ынтымағы жарасқан,

Ықыласпен қарасқан,

Туысқандай, туғандай

Көршісімен санасқан,

Көршілерім, қош келдің!

Мұсылмандық белгісі –

Ер баланы сүндеттеу.

Имандылық белгісі –

Сол сүндетті құрметтеу,

Діннің жолын құрметтеу.

Ақындарға болмас-ау,

Сүндет тойды жыр етпеу.

Әр адамға жарасар,

Тойымызды бастадым,

Айтып елдің жақсы әнін.

Сүндет тойы жаңғырсын,

Жарып ауыл аспанын,

Осындай ұлы дәстүрді

Жалғастырсын жастарың,

Құтты болын тойларың!

   — Ал енді, бүгінгі тойдың иесі, батырымыз өз нөкерлерімен келе жатыр екен. Барлығымыз бірге жабыла күтіп алайық.

   Ұлттық сарындағы музыка ойнап тұрады, батырдың киімін киген бала алшаңдап басып келе жатады, соңында қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер шашуларын шашып, батырларды төрге шығарады.

Барлығы арнайы жабдықталған орынға барып отырады.

Сүндеттелген баланы сүндет жейдесімен (иығына жабылған аппақ мата) жиналған топтың ортасына, биік орындыққа шығарып қояды. Екі жағында екі жеңгесі баланы қолтығынан демеп тұрады. Жеке тұрған орындыққа ашамай қойылып, ашамайға сүндет қоржын артылады.

 Асаба тойды бастап болғаннан кейін кезекті әнші-ақынға береді. Ол ортаға сүндеттелген ұланмен бірге жеңгелерін шығарып, домбырасын шертіп-шертіп алып:

Әу!                                   

Ал, балақан, балақан!

Саған елді қаратам.

Ерке болып еліне,

Балпаңдаған балапан.

Пышақ тиіп теріңе,

Талтаңдаған балапан.

Жиналған жұртқа таңданып,

Жаутаңдаған балапан.

Сүндеттеліп сәтімен,

Сен де болдың мұсылман.

Қызыр бабаң қыдырып,

Кетпей жүрсін тұсыңнан.

Мұхамедтің өзі еді

Имандылық ұсынған.

Жаңа ғұрып бастайық,

Сөз тыңдасаң кішкене.

Ел қуансын, кәнеки,

Көзін тігіп пішпеңе.

Мұсылмандық жолмен жүр,

Күпір қылық істеме.

Берсін елің пішпеңе,

Көрімдігін үстеме.

Ал, халайық, халайық,

Балапанға қарайық.

Дінімізді құрметтеп,

Мұсылманға санайық.

Діннің жолы – түзу жол,

Түзу жолды қалайық.

Көрімдігін сүндеттің,

Қоржынына салайық.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Сүндетті ұлды көріңдер.

Ата ғұрып жолымен

Баталарың беріңдер.

Ал, балдырған, балдырған,

Жұрт мейірін қандырған.

Балам жігіт болды деп,

Еліне жар салдырған,

Алыстағы жақынын,

Ат жібертіп алдырған.

Мұсылмандық дәстүрін,

Отауында жандырған,

Ата-анаңа мол құрмет!

Мұсылмандық – бір міндет,

Құтты болсын бұл сүндет,

Ақ сақалды атаңа,

Ақ ниетті әжеңе,

Балапаным, бір көрсет!

Әжесі ортаға шығып, бешпетінің омырауынан бір сөлкебайын үзіп алып «менің жолым мен жасымды берсін» деп сүндетқоржынға

қыстырады да, немересінің бетінен сүйеді. Әрі қарай әнші-ақын тағы да шырқай жөнеледі.

О-о-оу!

Ал, бөбегім, бөбегім,

Құрметтеуде сені елің.

Имандылық ұшқынын

Келбетіңнен көремін.

Асқар тауың, қорғаның,

Саясы мол орманың

Қалап еді ұлының

Шын мұсылман болғаның.

Әкенің тілің ала жүр,

Жаман бала болмағын.

Балапаны қыранның,

Қанатыңды қомдағын.

Қырандардай биікте,

Қиялдарда самғағын.

Өмір жолы – ұзақ жол,

Ұзақ жолда талмағын.

Еңбек, өнер, ғылым да

Қатарыңнан қалмағын.

Биік болсын талғамың,

Халқын сыйлар адам бол,

Орындалсын арманың.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет.

Әкесі де алдыңғылардың ісін қайталайды.

О-о-о-у!

Ал, құлыншақ, құлыншақ,

Төбесінде тұлымшақ.

Аналардың қадірін,

Ақ тілеумен ұғынсақ:

Құшағына енгізіп,

Ақ торсығын емізіп,

Алпыс екі тамырын,

Алғыспенен идірген,

Жанарынан нұр құйып,

Мейірімін білдірген.

Ақ бесікке мәпелеп,

Қоңырауын ілдірген,

«Құлыным» деп әлпештеп,

Алаңсыз — шат күлдірген.

Тұсауыңды кестіріп,

Тәй — тәйлатып жүргізген.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет.

О-о-о-у!

Көгершін дегенде

Тілім неге бөгелсін.

Келешегің, бөпешім,

Нағашыңмен көгерсін.

Туған жерің сен еккен,

Ағашыңмен көгерсін.

Қиналғанда қысылмай,

Нағашыңа сенерсің.

Нағашыңның бар ісін,

Көгершін, немен төлерсің? 

Есейгенде ер болып,

Жақсылыққа бөлерсің.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет.

О-о-о-у!

Ал, қарғашым, қарғашым,

Саған айтар бар ма сын?

Өлеңімді бітейін,

Ұзақ күтіп талмасын.

Ел бастайтын көсем бар,

Сөз бастайтын шешен бар,

Қол бастайтын батыр бар,

Жыр бастайтын ақын бар,

Нағашың бар, жиен бар,

Періштең бар, киең бар,

Үлкен де бар, кіші бар,

Ел қадірлер кісі бар,

Сен қастерлер адам бар,

Неше түрлі маман бар.

Талай адам бата алған,

Әжең де бар, атаң бар.

Жездей де бар, апаң бар,

Әкең де бар, шешең бар,

Сүндет тойға жиналған,

Қаумалаған халқың бар.

Сүндеттейтін ұлдарың,

Мұсылмандық салтым бар!

Сол салтымды қарғашым,

Халқым әрі жалғасын.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет!

Осыдан кейін шашу шашылады. Қонақтар жолына, жасына қарай рет-ретімен дастархан басына отырғызылады. Жұрттың бәрі жайғасты-ау дегенде асаба сөз бастайды.

   Асаба (ұсыныс-үлгі ретінде). Уа, қадірлі көпшілік! Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды сүндетке отырғызу рәсімін жасағаннан кейін сол ұлағатты іске ауыл-аймақ куә болсын деген ниетпен тойға жинап отырған шаңырақтың ақсақалы өздеріңізге деген, немересіне деген батасын берсем дейді:

Ақылың ассын,

Ықыласың тассын,

Жақының көп болсын,

Дұшпаның жоқ болсын.

Жақсы келсін қасыңа,

Нұр жаусын басыңа.

Көшің көлікті болсын,

Қонысың түлікті болсын.

Қатулықтан аулақ бол,

Татулыққа жақын бол.

Дәуренің сәнді болсын,

Ғұмырың мәнді болсын,

Таңың азанды болсын,

Үйің қазанды болсын.

Шаңырағыңа шат құйылсын,

Дастарханыңа жұрт жиылсын!

Осы айтқандарым пайғамбардың

құлағына шалынсын.

Әумин!

   Той әрмен қарай асабаның басқаруымен жүргізіле береді.

 Біраз дәм татып, тілек білдіріп, ән  тыңдаған соң, азырақ бой жазбаққа үзіліске шығуға болады. Үзіліс кезінде ән, би, күй, ойын жарысы болады. Үлкен, кіші бүгінгі той күні өз өнерлерін ортаға салады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады. Үзіліс аяқталғаннан кейін қонақтар қайыра дастарханына шақырылады. Екінші отырыс та алдыңғы секілді тілек, бата, ән араласып қызықты тартымды өткізіледі. Осы дастарқан үстіне мүше-мүшенің жөн-жолымен ет тартылады.

   Басты бата берген кісінің алдына қояды да, бала бастың үстіндегі бір жапырақ етті алып жейді.

Тойдың соңында тойбастар айтылған жерде тарту-таралғы таратылады. Бұл, тойшы қауымның ауылдың алты ауызын айта отырып, той иелерін мадақтауы, тойға ризашылығы және «келесі тойға дейін аман болайық» деген тілекте әнмен қоштасуы.

              Тойбастар

Өмірге кімдер келіп, кім кетпеген,

Жақсыны жақсы ғана білмек деген.

Сәрсенбі – сәтті күні той қылыпсыз,

Тойыңыз құтты болсын сүндеттелген.

Ендеше мұсылмандық, мұсылмандық,

Тойыңда ән салудан қысылмалық.

Балаңның сүндетіне, құрметіне,

Азырақ алты ауыз ән ұсыналық.

Ән айттым пайғамбардың үмбетіне,

Сөз жаздым ақ қағаздың бір бетіне.

Тойыңыз құтты болсын сәрсенбінің

Сәтінде той жасаған сүндетіне.

Ендеше қарағайлы, қарағайлы,

Топ жылқы қарағайды аралайды.

Ән шырқап, әзілдесіп отыралық,

Үндемей қойғанымыз жарамайды.

Ендеше теріскейлі, теріскейлі,

Топ жылқы теріскейді тегіс жейді.

Бұл әнді сіз айтыңыз, біз қошталық,

Үндемей отырғаның келіспейді.

Баласын молда келіп пішкен бе екен,

Жолына мұсылмандық түскен бе екен.

Өзім де ақын едім арындаған,

Көпшілік «ТОЙ БАСТА» деп күштер ме екен

*********

Сүрінбе, қызым, құлама қызым,

Күлімде мәңгі, жылама қызым.

Әкеңдей камқор болар-ау деумен,

Тапсырдым сені кұдама, қызым.(Т.Иманбеков)

Өткен жолы  жар таңдау, құда түсу дәстүрлері туралы баяндаған болсақ, бүгін өздеріңізбен қыз ұзату салттары туралы әңгіме қозғауды жөн көріп отырмыз…

Жалғасы…

…Құдалар бәтуаласқан соң-ақ қыздың барлық туған-туыстары жиналып, ұзату тойының қамына кіріседі. Той басталарға екі-үш күн қалғанда 5-6 жолдасымен сүт ақысы, той малы, жыртысы мен түрлі кәделерге арналған мал-мүліктерін алып, артынып-тартынып күйеу келеді. Бір топ қыз-келіншек олардың алдынан шығып, ауыл сыртынан қарсы алады. Жездесінің атын жетектеп келіп, кермеге байлағаны үшін балдызы маталай «ат байлар» сыйлығын алады.

Рәсім бойынша, күйеу келген соң, қыз әкесі үйінің артынан қалыңдық пен жігітке арналған ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынадай дәстүрлі ырымдар орындалады. Отау тігер алдында «Тәңір қолдасын деп бір мал сояды. Бұл  рәсім – «құдай жолы» делінеді. Отау тігуге сол ауылдың үбірлі-шүбірлі кейуаналары қатысып, керегесін кергені үшін күйеу баладан «кереге керер» кәдесін алады. Әдетте шаңырақты(жігіт әкелген) жасы бел ортадан асқан, елге сыйлы сол ауылдың кәрі күйеуіне ырымдап көтерткізеді, ол «шаңырақ көтереріне» бір ат мінеді. Сонымен бірге күйеу жігіт отаудың уығын шаншығанда «уық шаншар», туырлығын жапқанда «туырлық жабар», түндігін жақанда «түндік жабар», үзігін жапқанда «үзік жабар», бау-шуын тартқанда «бау-шу байлар» кәделерін үлестіреді. Ақ отау әбден тігіліп болған соң, әйелдер құдалардан «отау байғазысын» алады. Тігілген ақ отауға ең алдымен қалыңдықты кіргізеді. Ол үйдің сол жақ босағасына барып, оң аяғымен жерді бір теуіп, далаға қайта шығады. «Бұл отаудың иесі біз боламыз» деген ишаратты білдіреді, осы әдетті күйеу бала да қайталайды. Үй тігісімен аналар «құдай жолына» сойған малдың етін міндетті түрде жаңа отаудың ішінде жеулері шарт. Сүйегіне тіс тимей мүжілген қойдың омыртқасын әйелдер күйеуге ұсынады. Жігіт оны жібек орамалға орап, ақ отаудың шаңырағынан сыртқа лақтыру керек, ал мойын ұсынған әйел «мойын ұсынарым» деп, жібек орамалды өзі алады. Бұл «ақ отаудың босағасы берік болып, түтіні түзу шықсын» деген ырымды білдіреді.

Құдаларды арнайы дайындаған дасарқанға жайғастырып отырғызады. Дастарқан басында орындалатын кезекті кәделер бар. «Сыбаға беру» кәдесін жасап, табақ тартылады. Оны да құдалар ақысын беріп, сатып алады. Сыбағаны тарту еткен әйелдер алған ақыларын өзара бөлісіп жатады.

Кей жерлерде «Есік ашар» кәдесін құдалар орындайды. Жекжат болып жатқандарының құрметіне сыйлағандарын білдіріп, түрлі сыйлықтарымен келеді. «Малға бата жасау» кәдесін құдалар алдына әкелген соң, «табақ саларын» береді. Оны табақ әкелгендер өзара бөлісіп алады. Құдалар жағына той бастау ұсынылады. Сыйлықтар мен жыртыстары бар табақты той бастайтын құдаға немесе құдағиға ұсынады. «Той бастар» кәдесі осы жерде жасалады. Оны өздерінің тілектерімен немесе өлеңмен бастайды. Құдаларға арнап өлеңдер айтып, тілектер тілейді. Кейбір жерлерде тойды ауыл әйелдері бастайды. Әр түрлі той әндері айтылады.

Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін бір дәстүр — «құйрық-бауыр асату». Құйрық бауыр асатудың мағынасы: «Құйрықтай тәтті, бауырдай жақын болайық» дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. «Құйрық бауыр» асатқан келіншектер алған кәделерін бөліседі.

Той кезінде құдаларға сыйлы табақтар тартылады. Асықты жілік, жамбас, сияқты сыйлы мүшелер салынған табақтарды ұсынғанда, «сый табақ» кәдесін алады. Сондай-ақ, «көпшік қыстырар», «шашу», «киім ілу», «табалдырық кәдесі», «суға тотығу» сынды салт-дәстүрлер де орындалатын болған.

Ауылдың өнерлі жастары ымырт түсісімен-ақ киіз үйдің іргесін түріп тастап, қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып, қызу айтысты бастап жібереді. Жеңілген жақ уақ-түйектен бір тоғыз төлеп, түн ортасы ауа тарқасады. «Той десе, қу бас та домалайды» демекші, ертесіне ат жалын тартып мінген жастан еңкейген кәріге дейін тойлы ауылға жиналады. Қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар тартылған соң, кезек балуандар күресіне беріледі. Күрес арты көкпарға ұласып, кешке таман түрлі өнердің тиегі ағытылады. Жастар таң атқанша ойын-сауық құрады. «Балтам тап», «Хан», «Көрші», «Мыршым» секілді ойындар ойналады.


Қыз ұзату  үлкен той-думан әрі қызық болғанымен, бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны  «қызым өсті, өрісім кеңейді» дейді, жылайтыны  қимастық көңілі, бағып-қаққан перзентінің жатжұрттық боп кете баратыны…

Қызды алуға құда жақтан бес не жеті (тақ санмен), кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жігіт пен күйеу жолдас болады. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар, әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жаслады. Жақын адамдар (ағайын-туыс, көрші-қолаң) құдаларды үйіне шақырады. Ұзатылған қызды, дәстүр бойынша, таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында «Қоштасу жырын», «Жар-жар», «Ау-жар», «Аушадияр» айтылады. «Алтыбақан» тебіліп, «ақсүйек», «айгөлек» ойындары ойналады.


Соңғы күні ұзатылар қыз үй-үйді аралап жүріп, ел-жұртымен қоштасады. Бұған қыз туыстары дайындалып,әрқайсысы өз дастарқанынан дәм татқызады. Әрбір үй қызға көзіндей көріп жүру үшін «танысу» деп аталатын сыйлықтар ұсынады. Ұзату тойынан соң қыздың жасауы көрсетіледі. Қыз аттанарда қимас ата-анасы, туған-туыстары, қасиетті ел-жұрты, атамекен, құрбы-құрдастарымен қоштасып, «сыңсу» айтады.

Аттанар алдында қызға күштеп сәуеле кигізеді. Қалыңдық пен күйеуге күміс ер тұрманды, үкіленіп қызыл шұғамен жабуланған жорғалар, қыз шешесіне жайлы көлік дайындалады. Қалыңдық көшіне қыз шешесімен бірге, екі жеңгесі және қосшы жігіт ереді.

Жалғасы бар…

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сүндет той

   Сүндеттой – ежелгі
дәстүрлердің біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен,
мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды
өткізгенде жаңа заман ерекшеліңтерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық
дәстүрінен айрылмауға тырысайық.

   Той өтетін жердің
(дәмхананың, мейрамхананың, т.б.) есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың
ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады.

   Жиналушылардың
жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды. Келген қонақтар сүндет тойға құр қол
келмейді. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлыгды бие, соңы
қозылы қой (немесе, бүгінгі өмір талабымен: аудио-видео аппаратуралармен,
компьютерлік ойыншықтар, жақсы тігілген фирмалық киімдер, велосипед, т.б.)
тарту етіп, «көрімдігі» деп ақшалай да сыйлық беріп жатады. Мұсылмандардың ең
қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.

   Жұрт жиналып
болғаннан кейін асаба той бастайды:

Бисмилла ир-рахман-ир-рахим!

А-а-ау!

Ат арытып алыстан

Келе құшақ жайысқан,

Қызын алып, қыз беріп,

Қызықтарын бір көріп,

Құдайымдай сыйлайтын,

Құдайына қимайтын

Құдаларым, қош келдің!

А-а-ау!

Алыс ауыл арасын

Жақын қылған нағашым,

Ақ көңілді баласын

Ақын қылған нағашым,

Нағашымның жаңасын

Іздесең қайдан табасын?

Нағашылар, қош келдің!

Өсіп-өнер жұртыма,

Өріс болған жиенім.

Айқасқанда жауымен,

Жеңісті алған жиенім.

Елдігін де білемін,

Кеңдігін де білемін,

Кездесе алмай жүр едім,

Жиендерім, қош келдің!

Бір-бірінің жан сырын,

Айтқызбай-ақ ұғысқан.

Аралары тату боп,

Арылмаған ырыстан.

Ауыр жүкке жұмылып,

Бір жағына шығысқан,

Аман болғын әрдайым,

Айналайын туысқан,

Туған-туысқандар, қош келдің!

Ынтымағы жарасқан,

Ықыласпен қарасқан,

Туысқандай, туғандай

Көршісімен санасқан,

Көршілерім, қош келдің!

Мұсылмандық белгісі –

Ер баланы сүндеттеу.

Имандылық белгісі –

Сол сүндетті құрметтеу,

Діннің жолын құрметтеу.

Ақындарға болмас-ау,

Сүндет тойды жыр етпеу.

Әр адамға жарасар,

Тойымызды бастадым,

Айтып елдің жақсы әнін.

Сүндет тойы жаңғырсын,

Жарып ауыл аспанын,

Осындай ұлы дәстүрді

Жалғастырсын жастарың,

Құтты болын тойларың!

   — Ал енді, бүгінгі
тойдың егесі, батырымыз өз нөкерлерімен келе жатыр екен. Барлығымыз бірге
жабыла күтіп алайық.

   Ұлттық сарындағы
музыка ойнап тұрады, батырдың киімін киген бала алшаңдап басып келе жатады,
соңында қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер шашуларын шашып, батырларды төрге
шығарады.

Барлығы арнайы жабдықталған орынға барып отырады.

   Сүндеттелген баланы
сүндет жейдесімен (иығына жабылған аппақ мата) жиналған топтың ортасына, биік
орындыққа шығарып қояды. Екі жағында екі жеңгесі баланы қолтығынан демеп
тұрады. Жеке тұрған орындыққа ашамай қойылып, ашамайға сүндет қоржын артылады.

   Асаба тойды бастап
болғаннан кейін кезекті әнші-ақынға береді. Ол ортаға сүндеттелген ұланмен
бірге жеңгелерін шығарып, домбырасын шертіп-шертіп алып:

Әу!

Ал, балақан, балақан!

Саған елді қаратам.

Ерке болып еліне,

Балпаңдаған балапан.

Пышақ тиіп теріңе,

Талтаңдаған балапан.

Жиналған жұртқа таңданып,

Жаутаңдаған балапан.

Сүндеттеліп сәтімен,

Сен де болдың мұсылман.

Қызыр бабаң қыдырып,

Кетпей жүрсін тұсыңнан.

Мұхамедтің өзі еді

Имандылық ұсынған.

Жаңа ғұрып бастайық,

Сөз тыңдасаң кішкене.

Ел қуансын, кәнеки,

Көзін тігіп пішпеңе.

Мұсылмандық жолмен жүр,

Күпір қылық істеме.

Берсін елің пішпеңе,

Көрімдігін үстеме.

Ал, халайық, халайық,

Балапанға қарайық.

Дінімізді құрметтеп,

Мұсылманға санайық.

Діннің жолы – түзу жол,

Түзу жолды қалайық.

Көрімдігін сүндеттің,

Қоржынына салайық.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Сүндетті ұлды көріңдер.

Ата ғұрып жолымен

Баталарың беріңдер.

Ал, балдырған, балдырған,

Жұрт мейірін қандырған.

Балам жігіт болды деп,

Еліне жар салдырған,

Алыстағы жақынын,

Ат жібертіп алдырған.

Мұсылмандық дәстүрін,

Отауында жандырған,

Ата-анаңа мол құрмет!

Мұсылмандық – бір міндет,

Құтты болсын бұл сүндет,

Ақ сақалды атаңа,

Ақ ниетті әжеңе,

Балапаным, бір көрсет!

Әжесі ортаға шығып, бешпетінің омырауынан бір сөлкебайын
үзіп алып «менің жолым мен жасымды берсін» деп сүндетқоржынға

қыстырады да, немересінің бетінен сүйеді. Әрі қарай
әнші-ақын тағы да шырқай жөнеледі.

О-о-оу!

Ал, бөбегім, бөбегім,

Құрметтеуде сені елің.

Имандылық ұшқынын

Келбетіңнен көремін.

Асқар тауың, қорғаның,

Саясы мол орманың

Қалап еді ұлының

Шын мұсылман болғаның.

Әкенің тілің ала жүр,

Жаман бала болмағын.

Балапаны қыранның,

Қанатыңды қомдағын.

Қырандардай биікте,

Қиялдарда самғағын.

Өмір жолы – ұзақ жол,

Ұзақ жолда талмағын.

Еңбек, өнер, ғылым да

Қатарыңнан қалмағын.

Биік болсын талғамың,

Халқын сыйлар адам бол,

Орындалсын арманың.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет.

Әкесі де алдыңғылардың ісін қайталайды.

О-о-о-у!

Ал, құлыншақ, құлыншақ,

Төбесінде тұлымшақ.

Аналардың қадірін,

Ақ тілеумен ұғынсақ:

Құшағына енгізіп,

Ақ торсығын емізіп,

Алпыс екі тамырын,

Алғыспенен идірген,

Жанарынан нұр құйып,

Мейірімін білдірген.

Ақ бесікке мәпелеп,

Қоңырауын ілдірген,

«Құлыным» деп әлпештеп,

Алаңсыз — шат күлдірген.

Тұсауыңды кестіріп,

Тәй — тәйлатып жүргізген.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет.

О-о-о-у!

Көгершін дегенде

Тілім неге бөгелсін.

Келешегің, бөпешім,

Нағашыңмен көгерсін.

Туған жерің сен еккен,

Ағашыңмен көгерсін.

Қиналғанда қысылмай,

Нағашыңа сенерсің.

Нағашыңның бар ісін,

Көгершін, немен төлерсің?

Есейгенде ер болып,

Жақсылыққа бөлерсің.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет.

О-о-о-у!

Ал, қарғашым, қарғашым,

Саған айтар бар ма сын?

Өлеңімді бітейін,

Ұзақ күтіп талмасын.

Ел бастайтын көсем бар,

Сөз бастайтын шешен бар,

Қол бастайтын батыр бар,

Жыр бастайтын ақын бар,

Нағашың бар, жиен бар,

Періштең бар, киең бар,

Үлкен де бар, кіші бар,

Ел қадірлер кісі бар,

Сен қастерлер адам бар,

Неше түрлі маман бар.

Талай адам бата алған,

Әжең де бар, атаң бар.

Жездей де бар, апаң бар,

Әкең де бар, шешең бар,

Сүндет тойға жиналған,

Қаумалаған халқың бар.

Сүндеттейтін ұлдарың,

Мұсылмандық салтым бар!

Сол салтымды қарғашым,

Халқым әрі жалғасын.

Мұсылмандық – ұлы міндет,

Құтты болсын бұл сүндет!

Осыдан кейін шашу шашылады. Қонақтар жолына, жасына қарай
рет-ретімен дастархан басына отырғызылады. Жұрттың бәрі жайғасты-ау дегенде
асаба сөз бастайды.

   Асаба (ұсыныс-үлгі
ретінде). Уа, қадірлі көпшілік! Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз
бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды сүндетке отырғызу рәсімін
жасағаннан кейін сол ұлағатты іске ауыл-аймақ куә болсын деген ниетпен тойға
жинап отырған шаңырақтың ақсақалы өздеріңізге деген, немересіне деген батасын
берсем дейді:

Ақылың ассын,

Ықыласың тассын,

Жақының көп болсын,

Дұшпаның жоқ болсын.

Жақсы келсін қасыңа,

Нұр жаусын басыңа.

Көшің көлікті болсын,

Қонысың түлікті болсын.

Қатулықтан аулақ бол,

Татулыққа жақын бол.

Дәуренің сәнді болсын,

Ғұмырың мәнді болсын,

Таңың азанды болсын,

Үйің қазанды болсын.

Шаңырағыңа шат құйылсын,

Дастарханыңа жұрт жиылсын!

Осы айтқандарым пайғамбардың

құлағына шалынсын.

Әумин!

   Той әрмен қарай
асабаның басқаруымен жүргізіле береді.

    Біраз дәм татып,
тілек білдіріп, ән  тыңдаған соң, азырақ
бой жазбаққа үзіліске шығуға болады. Үзіліс кезінде ән, би, күй, ойын жарысы
болады. Үлкен, кіші бүгінгі той күні өз өнерлерін ортаға салады. Үздік өнер
көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей
барлық қонақ ат салысады. Үзіліс аяқталғаннан кейін қонақтар қайыра
дастарханына шақырылады. Екінші отырыс та алдыңғы секілді тілек, бата, ән
араласып қызықты тартымды өткізіледі. Осы дастарқан үстіне мүше-мүшенің
жөн-жолымен ет тартылады.

   Басты бата берген
кісінің алдына қояды да, бала бастың үстіндегі бір жапырақ етті алып жейді.

   Тойдың соңында
тойбастар айтылған жерде тарту-таралғы таратылады. Бұл, тойшы қауымның ауылдың
алты ауызын айта отырып, той иелерін мадақтауы, тойға ризашылығы және «келесі
тойға дейін аман болайық» деген тілекте әнмен қоштасуы.

             
Тойбастар

Өмірге кімдер келіп, кім кетпеген,

Жақсыны жақсы ғана білмек деген.

Сәрсенбі – сәтті күні той қылыпсыз,

Тойыңыз құтты болсын сүндеттелген.

Ендеше мұсылмандық, мұсылмандық,

Тойыңда ән салудан қысылмалық.

Балаңның сүндетіне, құрметіне,

Азырақ алты ауыз ән ұсыналық.

Ән айттым пайғамбардың үмбетіне,

Сөз жаздым ақ қағаздың бір бетіне.

Тойыңыз құтты болсын сәрсенбінің

Сәтінде той жасаған сүндетіне.

Ендеше қарағайлы, қарағайлы,

Топ жылқы қарағайды аралайды.

Ән шырқап, әзілдесіп отыралық,

Үндемей қойғанымыз жарамайды.

Ендеше теріскейлі, теріскейлі,

Топ жылқы теріскейді тегіс жейді.

Бұл әнді сіз айтыңыз, біз қошталық,

Үндемей отырғаның келіспейді.

Баласын молда келіп пішкен бе екен,

Жолына мұсылмандық түскен бе екен.

Өзім де ақын едім арындаған,

Көпшілік «ТОЙ БАСТА» деп күштер ме екен

*********

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!

Сценарии  казахских свадеб и других праздников

На этой странице вы найдёте сценарии казахских свадеб и других праздников. При заказе ведущего у нас составление сценария является бесплатной услугой, если же вы хотите провести свой праздник сами, то можете заказать платное написание личного сценария, позвонив нам по телефону.

Сценарий свадьбы на казахском языке (Из книги «Свадьба-сокровище»)

Той-қазына кітабынан Тұсаукесер сценарийі — құттықтау

Тұсаукесер
Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер — әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт.
Тұсаукесер тойы
Кез келген тойдың жақсы өтуі тікеле тойды басқарушы адамға байланысты. Сондықтан да той асабасына өте жауапты міндет жүктеледі. Тойды жүргізу барысы, тілек айтушылар тізімі, үзіліс кезіндегі ойын-сауық түрлері және табақ тарту, той бастау салттары жайлы ойлар алдын-ала талқыланады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын дайындап тұрады.
Бұрындары баланың тұсауын лып еткізіп өткір сапымен кескен. Баланың келешегінде қарама-қарсы — қайшылану болмасын деп, мүмкіндігінше қайшымен кеспеген екен. Тұсау кесудің алдында ол, баланың қолына түсетін ерекше бір сыйлық ұстатқан. Сосын жиналған жұртқа қарап, балаға бата-тілегін айтатын болған. Ел «Әумин!» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған, аға-әпкелері сәбиді «қаз-қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кескен адамның өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны дұрыс. Керісінше, жүріс-тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын әке-шешелері әдейі ырым етіп, қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өздерінің сый-кәделерін жасайды. Тұсауды кесетін сапы не пышақ өз иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті сол топтағы жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді. Осы кезде шашу шашылып, тұсау кесу жыры айтылады. (Бұл тұсау кесу жырын бір адам жеке дауыспен, немесе жиналған жұрт бірігіп, қосылып айтса болады
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Тұсау кесу – қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшынысы, «Баталы ел – арымас, батасыз құл — жарымас» деп аталарымыз айтқандай, ақ батаның реті осыдан кейін келетін сияқты. (Бата берудің бір үлгісі):
Тұсауың кесілді – құлама,
Тізеңді жаралап, жылама.
Қанеки өзіңді сына да!
Секірсең, құздардан сүрінбе,
Шың-құзға шыққанша бүгілме,
Болаттай қабырғаң қатайсын,
От ұшқын ойнасын түріңде.
Ұзақ боп иншалла, өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
(Батаның неше түрлі үлгілерін «Ақ бота» («Өнер баспасы, 2001 ж.)
кітапшасынан тауып алуларыңызға болады).
Бұдан кейін қонақтар жолына қарай той дастарханына шақырылады. Ары қарай баланың атасы мен әжесі, болмаса сол әулеттің үлкен ақсақалы құтты болсын айтып, батасын беріп, тойды ары қарай жүргізуші асабаны жұртқа таныстырады. Ендігі жердегі тойдың барысы түгелімен асабаға тапсырылады.
Асаба алғашқы сөзді алдымен тойға жиналған қонақтармен, ағайын-туыстармен, бүлдіршіндермен сәлемдесіп, тұсауы кесілген сәбиге тілек тілеумен бастайды. Өйткені, кез келген танысу сәлемдесуден, тілек тілеуден басталады. Мысалы, тойды былай бастауға болады:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.
Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз,
Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.
Думанды тойын жасап дүбірлетіп,
Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.
Тойда тілек айтатын әрбір қонаққа жолыңа, туыстық ретіне және халық алдында сіңірген еңбегіне қарай сөз беру асабадан үлкен шеберлікті қажет етеді. Яғни сөз кезегін ардагер ақсақалдардан бастаған дұрыс. Өйткені үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз – баталы сөз», «Атаның сөзі Ж ақылдың көзі» деген сөздерден біз осыны аңғарамыз.
Ата, ақсақалды, қадірлі қарияны құрмет тұту, олардың ақ батасын алу – сәбидің келешегіне, жалпы өмір жолына зор бақыт, мол жақсылық әкелетінін асабаның нақышына келтіріп айтуы мәнді болып шығар еді.
Ата менен немере – аяқталмас бір дастан,
Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!
— Балаңнан тәтті дейді немере,
Маған ақы сен өмірде төлеме.
Гүл сияқты алақанмен аялап,
Күн сиқты көтеремін төбеме.
Немер үшін ең мейірімді жан — әже. Әженің аялы алақаны, мөлдір мейірімі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Әжелердің ақ тілегін тыңдап, бата сұрап және сол кісілердің жолын бізге де берсе екен деген тілек айтылады.
Қандай той болсын нағашылардың төрден орын алатыны сөзсіз. «Киіз үйдің жақсы болуы – ағашынан, азаматтың жақсы болуы – нағашыдан» деген сөзден бойындағы асыл адамгершілік қасиеттер ананың қаны, әрі ақ сүті арқылы дариды, олай болса, анаңның өскен елін, өркен жайған нағашы қауымыңды қастер тұт деген мағынаны түсінеміз.
Қымбат болар туған жердің ағашы да,
Әркімнің жету керек бағасына.
Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,
Бәріміз борыштымыз нағашыға!
(Нағашылары сәбиге батасын, тілек айтып, «қырық серкешін» атап жатады).
Осылай рет-ретімен сөз кезегі беріліп жатады.
«Бір сәбиді қуантсаң, мың періште қуанады» деген сөзді ескере отырып, сәбидің қуанышында жас балаларды ескерусіз қалдыруға болмайды. Ересек балаларға ән айтқызып, күрестіруге, әртүрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Сыйлықтарды да бала жасына лайықтап алу керек. 2-3-4 жастағы балалар жарысын ұйымдастырса, той мәнісін аша түскендей болады. Белгілі межеге дейін кім жығылмай бірінші жетеді, үлкен сыйлық иегері болады. Бұл тойда балалардың тұсауын кескен адамдар аталып, құрмет көрсетіледі. Араларында тұсауы кесілмей, жығыла беретін балалар болса, тұсауын сол жерде кесіп, тойды ары қарай жалғастырса, әркімнің есінде ұзақ сақталатын қызықты сәттер молая берері сөзсіз.
Үлкен-кіші демей, бірдей атсалысып, ән айтып, би билеп, тойды әуелі балалардың, сосын ересектердің есінде қаларлықтай етіп өткізіледі. Түрлі сыйлықтар үлестіреді. Әжелер жарысын ұйымдастыруға болады. Баланың тұсауын кескен адамға сыйлық беріледі немесе аяқ киім ұсынылады.

Сценарий обрезания на казахском языке

Той-қазына кітабынан Сүндеттой сценарийі — құттықтау

Сүндет той
Сүндеттой – ежелгі дәстүрлердің біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман ерекшеліңтерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық дәстүрінен айрылмауға тырысайық.
Той өтетін жердің (дәмхананың, мейрамхананың, т.б.) есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады.
Жиналушылардың жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды. Келген қонақтар сүндет тойға құр қол келмейді. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлыгды бие, соңы қозылы қой (немесе, бүгінгі өмір талабымен: аудио-видео аппаратуралармен, компьютерлік ойыншықтар, жақсы тігілген фирмалық киімдер, велосипед, т.б.) тарту етіп, «көрімдігі» деп ақшалай да сыйлық беріп жатады. Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.
Жұрт жиналып болғаннан кейін асаба той бастайды:
Бисмилла ир-рахман-ир-рахим!
А-а-ау!
Ат арытып алыстан
Келе құшақ жайысқан,
Қызын алып, қыз беріп,
Қызықтарын бір көріп,
Құдайымдай сыйлайтын,
Құдайына қимайтын
Құдаларым, қош келдің!
А-а-ау!
Алыс ауыл арасын
Жақын қылған нағашым,
Ақ көңілді баласын
Ақын қылған нағашым,
Нағашымның жаңасын
Іздесең қайдан табасын?
Нағашылар, қош келдің!
Өсіп-өнер жұртыма,
Өріс болған жиенім.
Айқасқанда жауымен,
Жеңісті алған жиенім.
Елдігін де білемін,
Кеңдігін де білемін,
Кездесе алмай жүр едім,
Жиендерім, қош келдің!
Бір-бірінің жан сырын,
Айтқызбай-ақ ұғысқан.
Аралары тату боп,
Арылмаған ырыстан.
Ауыр жүкке жұмылып,
Бір жағына шығысқан,
Аман болғын әрдайым,
Айналайын туысқан,
Туған-туысқандар, қош келдің!
Ынтымағы жарасқан,
Ықыласпен қарасқан,
Туысқандай, туғандай
Көршісімен санасқан,
Көршілерім, қош келдің!
Мұсылмандық белгісі –
Ер баланы сүндеттеу.
Имандылық белгісі –
Сол сүндетті құрметтеу,
Діннің жолын құрметтеу.
Ақындарға болмас-ау,
Сүндет тойды жыр етпеу.
Әр адамға жарасар,
Тойымызды бастадым,
Айтып елдің жақсы әнін.
Сүндет тойы жаңғырсын,
Жарып ауыл аспанын,
Осындай ұлы дәстүрді
Жалғастырсын жастарың,
Құтты болын тойларың!
— Ал енді, бүгінгі тойдың егесі, батырымыз өз нөкерлерімен келе жатыр екен. Барлығымыз бірге жабыла күтіп алайық.
Ұлттық сарындағы музыка ойнап тұрады, батырдың киімін киген бала алшаңдап басып келе жатады, соңында қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер шашуларын шашып, батырларды төрге шығарады.
Барлығы арнайы жабдықталған орынға барып отырады.
Сүндеттелген баланы сүндет жейдесімен (иығына жабылған аппақ мата) жиналған топтың ортасына, биік орындыққа шығарып қояды. Екі жағында екі жеңгесі баланы қолтығынан демеп тұрады. Жеке тұрған орындыққа ашамай қойылып, ашамайға сүндет қоржын артылады.
Асаба тойды бастап болғаннан кейін кезекті әнші-ақынға береді. Ол ортаға сүндеттелген ұланмен бірге жеңгелерін шығарып, домбырасын шертіп-шертіп алып:
Әу!
Ал, балақан, балақан!
Саған елді қаратам.
Ерке болып еліне,
Балпаңдаған балапан.
Пышақ тиіп теріңе,
Талтаңдаған балапан.
Жиналған жұртқа таңданып,
Жаутаңдаған балапан.
Сүндеттеліп сәтімен,
Сен де болдың мұсылман.
Қызыр бабаң қыдырып,
Кетпей жүрсін тұсыңнан.
Мұхамедтің өзі еді
Имандылық ұсынған.
Жаңа ғұрып бастайық,
Сөз тыңдасаң кішкене.
Ел қуансын, кәнеки,
Көзін тігіп пішпеңе.
Мұсылмандық жолмен жүр,
Күпір қылық істеме.
Берсін елің пішпеңе,
Көрімдігін үстеме.
Ал, халайық, халайық,
Балапанға қарайық.
Дінімізді құрметтеп,
Мұсылманға санайық.
Діннің жолы – түзу жол,
Түзу жолды қалайық.
Көрімдігін сүндеттің,
Қоржынына салайық.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Сүндетті ұлды көріңдер.
Ата ғұрып жолымен
Баталарың беріңдер.
Ал, балдырған, балдырған,
Жұрт мейірін қандырған.
Балам жігіт болды деп,
Еліне жар салдырған,
Алыстағы жақынын,
Ат жібертіп алдырған.
Мұсылмандық дәстүрін,
Отауында жандырған,
Ата-анаңа мол құрмет!
Мұсылмандық – бір міндет,
Құтты болсын бұл сүндет,
Ақ сақалды атаңа,
Ақ ниетті әжеңе,
Балапаным, бір көрсет!
Әжесі ортаға шығып, бешпетінің омырауынан бір сөлкебайын үзіп алып «менің жолым мен жасымды берсін» деп сүндетқоржынға
қыстырады да, немересінің бетінен сүйеді. Әрі қарай әнші-ақын тағы да шырқай жөнеледі.
О-о-оу!
Ал, бөбегім, бөбегім,
Құрметтеуде сені елің.
Имандылық ұшқынын
Келбетіңнен көремін.
Асқар тауың, қорғаның,
Саясы мол орманың
Қалап еді ұлының
Шын мұсылман болғаның.
Әкенің тілің ала жүр,
Жаман бала болмағын.
Балапаны қыранның,
Қанатыңды қомдағын.
Қырандардай биікте,
Қиялдарда самғағын.
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылым да
Қатарыңнан қалмағын.
Биік болсын талғамың,
Халқын сыйлар адам бол,
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет.
Әкесі де алдыңғылардың ісін қайталайды.
О-о-о-у!
Ал, құлыншақ, құлыншақ,
Төбесінде тұлымшақ.
Аналардың қадірін,
Ақ тілеумен ұғынсақ:
Құшағына енгізіп,
Ақ торсығын емізіп,
Алпыс екі тамырын,
Алғыспенен идірген,
Жанарынан нұр құйып,
Мейірімін білдірген.
Ақ бесікке мәпелеп,
Қоңырауын ілдірген,
«Құлыным» деп әлпештеп,
Алаңсыз — шат күлдірген.
Тұсауыңды кестіріп,
Тәй — тәйлатып жүргізген.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет.

О-о-о-у!
Көгершін дегенде
Тілім неге бөгелсін.
Келешегің, бөпешім,
Нағашыңмен көгерсін.
Туған жерің сен еккен,
Ағашыңмен көгерсін.
Қиналғанда қысылмай,
Нағашыңа сенерсің.
Нағашыңның бар ісін,
Көгершін, немен төлерсің?
Есейгенде ер болып,
Жақсылыққа бөлерсің.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет.
О-о-о-у!
Ал, қарғашым, қарғашым,
Саған айтар бар ма сын?
Өлеңімді бітейін,
Ұзақ күтіп талмасын.
Ел бастайтын көсем бар,
Сөз бастайтын шешен бар,
Қол бастайтын батыр бар,
Жыр бастайтын ақын бар,
Нағашың бар, жиен бар,
Періштең бар, киең бар,
Үлкен де бар, кіші бар,
Ел қадірлер кісі бар,
Сен қастерлер адам бар,
Неше түрлі маман бар.
Талай адам бата алған,
Әжең де бар, атаң бар.
Жездей де бар, апаң бар,
Әкең де бар, шешең бар,
Сүндет тойға жиналған,
Қаумалаған халқың бар.
Сүндеттейтін ұлдарың,
Мұсылмандық салтым бар!
Сол салтымды қарғашым,
Халқым әрі жалғасын.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!
Осыдан кейін шашу шашылады. Қонақтар жолына, жасына қарай рет-ретімен дастархан басына отырғызылады. Жұрттың бәрі жайғасты-ау дегенде асаба сөз бастайды.
Асаба (ұсыныс-үлгі ретінде). Уа, қадірлі көпшілік! Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды сүндетке отырғызу рәсімін жасағаннан кейін сол ұлағатты іске ауыл-аймақ куә болсын деген ниетпен тойға жинап отырған шаңырақтың ақсақалы өздеріңізге деген, немересіне деген батасын берсем дейді:
Ақылың ассын,
Ықыласың тассын,
Жақының көп болсын,
Дұшпаның жоқ болсын.
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын басыңа.
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын.
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол.
Дәуренің сәнді болсын,
Ғұмырың мәнді болсын,
Таңың азанды болсын,
Үйің қазанды болсын.
Шаңырағыңа шат құйылсын,
Дастарханыңа жұрт жиылсын!
Осы айтқандарым пайғамбардың
құлағына шалынсын.
Әумин!
Той әрмен қарай асабаның басқаруымен жүргізіле береді.
Біраз дәм татып, тілек білдіріп, ән тыңдаған соң, азырақ бой жазбаққа үзіліске шығуға болады. Үзіліс кезінде ән, би, күй, ойын жарысы болады. Үлкен, кіші бүгінгі той күні өз өнерлерін ортаға салады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады. Үзіліс аяқталғаннан кейін қонақтар қайыра дастарханына шақырылады. Екінші отырыс та алдыңғы секілді тілек, бата, ән араласып қызықты тартымды өткізіледі. Осы дастарқан үстіне мүше-мүшенің жөн-жолымен ет тартылады.
Басты бата берген кісінің алдына қояды да, бала бастың үстіндегі бір жапырақ етті алып жейді.
Тойдың соңында тойбастар айтылған жерде тарту-таралғы таратылады. Бұл, тойшы қауымның ауылдың алты ауызын айта отырып, той иелерін мадақтауы, тойға ризашылығы және «келесі тойға дейін аман болайық» деген тілекте әнмен қоштасуы.
Тойбастар
Өмірге кімдер келіп, кім кетпеген,
Жақсыны жақсы ғана білмек деген.
Сәрсенбі – сәтті күні той қылыпсыз,
Тойыңыз құтты болсын сүндеттелген.
Ендеше мұсылмандық, мұсылмандық,
Тойыңда ән салудан қысылмалық.
Балаңның сүндетіне, құрметіне,
Азырақ алты ауыз ән ұсыналық.
Ән айттым пайғамбардың үмбетіне,
Сөз жаздым ақ қағаздың бір бетіне.
Тойыңыз құтты болсын сәрсенбінің
Сәтінде той жасаған сүндетіне.
Ендеше қарағайлы, қарағайлы,
Топ жылқы қарағайды аралайды.
Ән шырқап, әзілдесіп отыралық,
Үндемей қойғанымыз жарамайды.
Ендеше теріскейлі, теріскейлі,
Топ жылқы теріскейді тегіс жейді.
Бұл әнді сіз айтыңыз, біз қошталық,
Үндемей отырғаның келіспейді.
Баласын молда келіп пішкен бе екен,
Жолына мұсылмандық түскен бе екен.
Өзім де ақын едім арындаған,
Көпшілік «ТОЙ БАСТА» деп күштер ме екен

Сценарий Шилдехана на казахском языке

Шилдехана — той, устраиваемый при появлении на свет младенца. Днем знакомые и близкие приходят с пожеланиями, говорят «кутты болсын». Вечером собравшиеся веселятся, поют песни, играют на домбре, угощаются. «Шилдехана» — праздник в честь новорожденного. К сожалению, после родов у женщин часто возникают проблемы с зубами, это у казахов называется «шилде каккан».

Той-қазына кітабынан Шілдехана сценарийі

Шілдехана тойы қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі. Яғни, өмірге іңгәлап келген сәбидің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шағы.
Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туыстары, құда-жекжат, достары, ұжымдастары, көршілері, жалпы көңіл жақын адамдары шақырылады. Арнайы шақыру хаттарын жасатқан жөн.
Отбасының қуанышы қызықты өтуі үшін алдын-ала әзірлік жасалсын. Бұл тойдың жинақы, мәнді де сәнді өтуіне бірден-бір ықпал етеді. Сондықтан тойды қалай бастап, қалай аяқтаудың да өзіндік мәні зор екенін есте сақтаған абзал.
Адам сезімін оятып, ақыл, сана, түйсік көздерін аша білетін небір жан тебірентерлік сөздер халқымыздың рухани қазынасында мол. Сондай сөздермен қонақтарды таныстырып отырса, тойдың сәні кіре түсері даусыз. Бірақ тойды асабаның бастауы міндет емес. Той иесі – үлкен ата-әжесі, әке-шешесі бастап, содан кейін барып асабаны халыққа таныстырса жарасымды болып шығады.
Тойды әрі қарай асаба қызықты етіп өткізуге кіріседі. Тойды бастамас бұрын, тойбастар айтылмас бұрын адам ниетін түзеп, тілек тілейді. Өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағала жол іздеп, Жаратқан Иеміздің рұқсатымен ғана бастайды. Бүкіл ой, ниет, тілек түгелімен шарболаттай сығымдалып, сөз болып бір арнаға құйылады. Бұл – Тілек, Бата болып табылады. Қазақтың Ақ Батасы – Жаратқан Аллаһ Тағаламен шын жүректен байланысу арқылы бар жақсы тілегін ұрпағына жеткізіп, бір Аллаһтың қолдауымен ғана көмек беретін, қасиетті асыл қазынасы. «Бабадан асқан әз болмас, батадан асқан сөз болмас» демекші, дүниеге келген жас нәрестеге үлкен ақсақал бата беріп, тілек тілейді. Халықтың жас нәрестеге, сәбиге арналған ақ батасынан мысал келтірейік:
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті:
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын!
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын,
Шұғылалы шуақты күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын!
Бір үйдің баласы болма,
Бүкіл елдің санасы бол!
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала!
Өзегің толса, елдің ішін арала.
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол!
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Аламан болып ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін!
Қас батырдай көрікті,
Ғұмыры болсын берікті!
Азамат болсын аруақты,
Мінезі болсын салмақты.
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі қабыл болып,
Аллаһ Тағала берсін зор бақты!
Асаба: Қадірлі қонақтар! Бүгінгі тойдың иелері! Құрмадай алтын әжелер мен ардақты аталар. Топырақтай асыл ағалар мен жапырақтай жасыл жеңгелер. Уыздар тәтті қарындастар мен жаңғақтай қатты інілер. Бүгінгі тойдың себебі баршаңызға мәлім. Мынау заманда, егеменді елімізде өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің бауы берік болсын! тойларыңыз құтты болсын! ендеше халқымыздың ежелгі әдеті бойынша ауылдың алты ауызын айтып,
той бастайық. Тойбастар жырын айтқан адамға дайындалған сыйымыз да осал емес.
«Тойбастар» бірнеше кісі қосылып жалғастыруға болады. Тойбастар үлгісі:
Ал, ағайын , туғандар,
Мені де бір тыңдаңдар.
Домбырасын қолға алып,
Келіп отыр өренің.
Арқасында елімнің,
Шалқып жүрген сері едім.
Құлақ түрген халыққа
Ұнар болса өлеңім,
Рұқсат алып сіздерден,
Жолыменен көненің,
Той бастасам деп едім.
Өзекжарды жырымның
Ағытайын көгенін,
Өлең сөзге келгенде
Желмаядай желемін.
Ақын жігіт жұртынан
Аямайды өнерін.
Тебіренген теңіздей,
Тербеп ойдың тереңін.
Абай менен Жамбылдай,
Сөз маржанын теремін.
Жас сәбиге бақ тілеп,
Тамашаға жиылған
Келіп отыр елімді
Қуанышқа бөлегім.
Ақылменен ойласақ,
Ұрпақ жайы қиын іс.
Ойға салар адамның
Сезімтал мен зерегін.
Артыңда ұлың болмаса,
Кімге болар керегің.
Өзегіңе құрт түссе,
Құлайды екен терегің.
Перзентсіз өткен пенденің
Біледі кімдер дерегін.
Бір перзенттің жоғынан
Қапа боп қайран көңілің,
Бойыңа батпас жегенің.
Осынау тойдың сондықтан
Әркім-ақ ұғар себебін,
Той иесі, алдымен
Ұлды болған шаттығың
Құтты болсын дер едім.
Жаны жайсаң жігітті
Туысымдай көремін.
Анасының аяулы
Жарып шыққан кемерін.
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып,
Жаңа жайған желегін,
Торсық шеке, ақ маңдай,
Өсе берсін бөбегің.
Өмірі ұзақ болсын деп,
Көңілі нұрға толсын деп,
Ақ батамды беремін.
Азамат боп ер жетсін,
Қиын кезде жолдастан
Аямайтын көмегін.
Тойың тойға ұлассын,
Бола берсін дегенің!
(халық әндері де айтыла береді).
Тойға келген қонақтарға сөз берудің де өз реттілігі бар. Ел аузына ілініп, жұрт құрметіне бөленген қадірлі адамдардың алғаш сөз алуы да тойға жарасымдылық береді. Әдетте тойға келушілер саны көп те, сөйлеушілер саны аз болады. Оның бәріне сөз беріп, босқа уақыт созу елді жалықтырып та жібереді. Сондықтан тойға ақ тілек, адал ниетпен келген адамдардың көпшілігінің көтеріңкі көңіл-күйінен естелік қалдыру мақсатындағы шаралардың бірі – тілек бұрышы ұйымдастырылса той көрігі қыза түсетіндей. Бұл — әрі қызықты, әрі уақытты үнемдейді. Сөз кезегі келіп, өз лебізін, құттықтауын білдірген адамдар тойға деген сыйлығын да беріп жатады. Сыйлық түрі әркімнің жүрек қалауына байланысты.
«Алаған қолым – береген» дейтін қазақ халқы той-жиынға шақырылған ет-жақындары әкеліп қосатын той-таралғыларды (немесе тойшашу, тойқана, көрімдік, байғазы, бәсіре, т.б. атаулары да бар) қаржылай немесе заттай тікелей той иесі алуы күні бүгінге дейін ыңғайсыздық туғызып келеді. Сондықтан да біз қай тойдың төріне де арнайы – «Үлкен Тойқоржын» жасап қойып, оның қасына жақын туыстардан екі-үш адамды «Тойсеріктер» етіп сайлап, тойға түсетін барлық тойшашуларды сонда – арнайы «Той кітабына» жазып алып, жинақтаған жөн деп, ұсыныс жасаймыз. Ал, оны шілдехана тойында «Шілдехана қоржыны» деп атауға болады.
Арнайы шақырылған әншілер мен бишілер ара-тұра өз өнерлерін көрсетіп, той қызығын арттыруда. Асаба болса, халқымыздың рухани қазынасындағы адам сезімін оятатын, ақыл, сана, түйсік көздерін ашатын небір асыл сөздерін айтып халықты тамсандырып, әртүрлі әзіл-қалжың мен сықақ өлеңдерін оқып жұртты күлкіге батыруда. Бұлардың барлығы асабаның біліктілігі мен белсенділігіне байланысты.
Қонақтарға алдарындағы дәмнен, әртүрлі тағамнан да алып, жеп отыруларын айтып отыру да мәдениеттіліктің бір түрі. Буы бұрқырап ыстық тамақ келеді. Қымыз, шұбат, әртүрлі сусындар ішіледі.
Үзіліс кезінде өткізілетін шаралардың да алдын ала ойластырылғаны жөн. Кімдер билеп, ән айтады, өнер адамдарынан кімдер шақырылады, қандай ұлттық ойындар ойналады, бәрі де тойға келген қонақтардың жасы, талғам ерекшелігіне орай шебер ұйымдастырылуы керек.
Тойдың басталып, оның қалай өтуіне ғана емес, аяқталуына да ерекше мән берген жөн. Нәрестеге бата беру мақсатында қадірлі, сыйлы бір ата, апаларға сөз беріледі.
Қазіргі заманда той соңында тойбастар беріліп жүргені бәрімізге аян. Бұл – той бітпесін, келесі тойдың басы осы болсын деген мақсатта болса керек. Бірақ тойбастар тойдың басында айтылып кеткен себепті және әр тойдың басы бар, аяғы бар дегендей соңында тойтарқар айтылса, жарасымды сияқты. Тойтарқар жадынан шығарып та, халық әндерін айтса да болады.

Сценарий праздника Науруз на казахском языке

Наурызда Тұсау кесер салтынан көрініс көрсету

Астана мектеп кз сайтынан
«Тұсау кесер» салты.
І-жүргізуші:
Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
ІІ-жүргізуші:
Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
І-жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
ІІ-жүргізуші:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
І-жүргізуші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні Амантай әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Амантай әже:
Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Орынбасар әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Келін бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Орынбасар:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Орынбасар әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Аружанды жетектеп жүргізеді.)
Амантай әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Ләззәт:
Амантай әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.
Ән: Халық әні.
Амантай әже:
Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын.
Амантай әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)
Ән.
Бата берілуі:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!

Сценарий 50-летия свадьбы (Золотой свадьбы) на казахском языке

50 жас тойдың сценарийі

Құрметті тойшыл қауым!

Бүгін міне Қаракемер ауылында,

Әулие шоқы бауырында

Жадырасып жарасатын,

Жамырасып тарасатын,

Балдай тәтті тілектер тыңдалатын,

Ән тербеген жүректер нұрланатын,

Қызығы көпке дейін жырланатын,

Келмегендер қызықтан құр қалатын

Бір тамаша отырыс болғалы тұр!

Себебі, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында өзі көктемдей құлпырып кеткен әдепті келін, аяулы жар, ардақты ана, ұлағатты ұстаз Ыбышева Маржанкүл Ретқызы 50-ге толып отыр. Қане, құрметті қауым, осы отырыстың себепкерін 30 жылға жуық бірге отасқан отағасы Есенгелді ағамен қоса қол соғып ортаға шақырайық!

(Той иелері ортаға келген соң).

Осы атаулы күнді той иелері жәй ғана өздері атап өтпей, мерейтой дастарханына жақындарын, туған-туыс, құрдастарын, әріптестерін шақырып отыр. «Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды» -демекші, бұл өте құптарлық іс деп ойлаймыз. Сол үшін мерейтой иесіне ду қол шапалақ!

Бір ауыз сөз? Жоқ. Орындарыңызға бара берсеңіздер болады.

Той иелері асабаны жұртқа таныстырып жатушы еді, бірақ популярный адамдарға немесе бесплатный тамадаларға реклама, резюме, презентация деген нәрселер қажет емес. Сонда да өзім туралы бірер сөз:

Көптен күткен той жақсы өтсін десең
Жүйрік болсын таңдаған тамадаңыз
Бізді таңдап көңілің қалап жатса
Көңіл кілтін бізде іздеп таба аламыз.

Жазда қара, ал қыста ағарамыз
Маңдай терді, көпшілік, бағалаңыз
Ата жолдан жаңылмай жүріп келіп
Қалжыңды да орынды таба аламыз.

Әуезді әнді шырқап әлеуметтің
Ай шырағын жүректе жаға аламыз
Кейде біреу киліксе келеңсізде
Қара сөзбен кенедей қадаламыз

Тойларың бар 9-да басталатын
Мен емеспін көп жұрттан жасқанатын
Көпшілік, той болса егер звондаңдар
Мен АСАБА тойыңды басқаратын

«Сәлем берген саулық береді, ал сәлем алған қызығын көреді» деген халық сөзіне бас ие отырып, сіздерге де бас иіп сәлем бердім!

Таусылмасын! Ағытылсын ой көші,

Туысқандар қысылмастан сөйлеші.

Ақ тілекті ағытып бір бастайық,

Бүгінгі кеш – 50 жастың той кеші…

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

Тойларыңыз құтты болсын, көпшілік!

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!

«Аталы үй – баталы үй» дегендей,

Осы тойдың ол қариясы

Осы отырыстың дариясы

Көлденең көптің бірі емес ол

Жекелеп шырқар ариясы

Әбдікерім ағадан дастарханға бата сұрайық. (Шапан?)

Бүтін болса, ел жақсы
Сулы болса, көл жақсы
Адасканға ай жақсы
Жылқыға сай жақсы
Мінуге тай жақсы
Жемесе де май жақсы
Бермесе де бай жақсы. Бәрін айт та бірін айт
Сарайыңды ашатын
Шаршағанды басатын
Қою қара шай жақсы

Шай ішейік бал менен, бала-шағаларменен – деп менің бір досым айтқандай, шайдан алыңыздар, шараптан құйыңыздар. Ал мен болсам алғашқы сөз кезегін Тұрархан апама, Күлсімхан жеңгеге, Әбдікерім ағаға және Света тәтеге бергелі отырмын.

(Сөз сөйлегеннен кейін):

Жасы үлкендер өз алдына бір төбе,

Оларға еткен қызметің де мәртебе!

Бәрекелді, балам! – десе болғаны,

Бақ құсының қасыңа кеп қонғаны!

Жасы үлкендер – өз алдына бір отау,

Олар барда асқақ емес Алатау.

Айналайын, бақытты бол! – дегені

Жолыңдағы көп бөгетті жеңеді.

Үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз, баталы сөз», «Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» деп бекер айтпаған ата-бабаларымыз.

Құрметті қонақтар, құйылған шампандарды алып отырыңыздар, ауызға зәкөскені салып отырыңыздар, ал мен келесі кезекті бүгінгі отырысымызды әуезді әнімен көркемдейтін ауылымыздың еңбек сіңірген музыканты Батырдың әніне беремін.

Әдеті той бастайтын әуел бастан,
Шырқатып жіберетін әнін асқақ.
Шабыты жүрегіне жол беріп тұр –
Бұл тойды ашып берсін інім бастап!!!

(Ән)

Құрметті тойшыл қауым! Мен сіздерді кейбір мамандар мен адамдардың міндеттерімен таныстырғым келіп отыр.

Дәрігердің міндеті – дәрі беру, ем беру,

Кәрілердің міндеті – ақыл беру, дем беру.

Малшылардың міндеті – малдарына жем беру,

Саудагердің міндеті – артық алу, кем беру.

Ұстаздардың міндеті – ғылым-білім үйрету,

Махаббаттың міндеті – сезімдерді сөйлету.

Бұзақының пиғылы – қирату мен күйрету,

Арақ ішіп, «Қырам!»- деп,

«Брат, сен үшін тұрам!»- деп

Бірін-бірі сүйрету.

Тойшыл қауым міндеті – ә дегенде жүздетіп, асқазанға жол салу,

Содан соң бір кекіріп, табақтарға қол салу,

Үстелдегі тағамның бәрін ішіп-жеп қоймай, пакетке де мол салу.

Маржанкүлдің міндеті – ойға батпай тұңғиық, бокалына су құйып,

Соғыстырып бәрімен жүре беру жымиып.

Тұмау тиген адамға міндет болар жөтелу,

Ал қарыздың міндеті – уақытында өтелу.

Есекеңнің міндеті – асабаның ақысын өзі біліп, сұратпай молырақ қып тез беру,

Асабаның міндеті – тойға келген қауымға рет-ретімен сөз беру.

«Сөз сұлтаны – дәмділігі, ой сұлтаны – жандылығы» деген халық даналығын естен шығаруға әсте болмайды. Халқымыздың ағалар мен әпкелер жөнінде де айтылған асыл сөздері аз емес. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас», «Ақылың ағаңда болсын, құндызың жағаңда болсын», «Әдемі ниет әпкеден, әпкелер үшін мақтанамын көпке мен» деген сияқты сөздер қандай тамаша.

Олай болса, келесі сөз

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий ?алай жазылады
  • Сценарии яндекс станции несколько команд
  • Сценарии юрия нагибина
  • Сценарии юмористических театрализованных концертов
  • Сценарии юмористических пьес