«Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.
Барысы:
1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата — аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата — бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 — жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй — дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1 — жүргізуші: Көктем жетті көл — көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 — жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні — ата — баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсаттар ағайға беріледі.
ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт — береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл — көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 — жүргізуші: Алқа — жұртым, той — думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.
2 — жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн — Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 — жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
2 — жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.
Алдар:
— Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр:
— Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала:
— Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
— Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
— Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Жылан жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала:
— Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:
— Биыл жылан жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
— Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе:
— Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр:
— Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
— Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ — береке әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.
Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас — ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)
1 — жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «»
1 — жүргізуші: Жылан жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 — жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім — өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 — жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән:
2 — жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 — жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында тамашалаңыздар.
2 — жүргізуші: — Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 — жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.
2 — жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас — кәріміз,
Ән салайық бәріміз
Ән: «»
І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі — жасың.
ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
— деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
ІІ жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке — бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!
І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы
№ 215 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Скендирова Анар Болатқызы
Источник: bilimdiler.kz
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
Қарап көріңіз 👇

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.
«Достық» алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).
Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен сап түзеп тұрады.
(Музыка ойналады. Шашу шашылады).
1- жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел, Жерұйығы _____ жайсандары.
2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
2-жүргізуші: Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар.
1 жүргізуші: Біз дәл осы жерде 29 желтоқсан күні жаңа жылдың бастауы — шыршамыздың ашылу салтанатына жиналған болатынбыз.
Ал бүгін қадірлі жамағат! Жыл басы көрісу айттан басталып, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.
2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз ауыл әкімі __________ беріледі.
1-жүргізуші: Үш жүз алпыс бес баласы
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарақшы,
– деп халық жұмбағында айтылғандай қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған бесінші күн «Бес қонақ» деп аталған екен.
1-жүргізуші: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылаққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен.
Ендеше сахнаға «Аластау» рәсімін жасау үшін «______» әжелер клубын шақырамыз.
2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қазақтар Ұлыс күнін «Жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «Жер бетінде жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні — Ұлыс күн», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай келген күн», «Көк құт көзін ашқан күн», «Жылдың жерге түскен күні» — деп бет қойып, айдар таққан.
1-жүргізуші: «Жер ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанның көк тасы еріген күн» деп халықымыз бұл мерекені ерекше қастер тұтқан.
Ендеше бәріміз ұлыстың ұлы күніне орай көктем аруларымен бірге келе жатқан, халқына ақ батасын жолдар Қыдыр атаны қарсы алайық! Ұлыстың ұлы күні Қыдыр атамыз еңбек жане соғыс ардагері ________ атамыздың шаңырағында, аудандық орталық ауруханада және биылғы жылы отау тіккен жас жұбайлардың шаңырағында болып келе жатқанын қатерлеріңізге береміз.
Қыдыр ата халыққа бата береді:
Құтты болсын Жаңа жыл!
Басталды бүгін мереке.
Жана жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Жеріміз биыл көркейіп,
Болсын дейік молшылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын қуаншылық.
Бәле-жала алыстап,
Қауіп-қатер қалыс қап,
Ортақ дінде бас қосып,
Барша ұлттың баласы,
Көтерілсін қарыштап.
Әумин!
Сонымен бірге Аудандық мәдени демалыс орталығының _______ клубының мүшелері ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, шашу шашады.
2- жүргізуші: Домбырам, қасиеттісің сен не деген.
Үнің шықса халық қазақ елеңдеген.
Сан ғасырды түсіресін сен есіме.
Қыл құйрықтың тұяғы дүбірлеген, — демекші _________ өңірінде небір дауылпаз, дарабоз күйшілер өткені баршаға аян.
Олай болса «__________» фольклорлық ансамблінің мерекелік сазды сәлемін қабыл алыңыздар.
1. Сейтектің күйі «Тойбастар».
2. Халық әні «Көш қызығы». Орындайтын: _____
3. Құрманғазының күйі «Балбырауын».
1-жүргізуші: Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Мемлекетіміз –тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!
2-жүргізуші: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке ырыс әкелсін!
Сурет: kazteleradio.kz
Дайындаған: Шерхан Талап
дереккөз
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз:
кош келдин наурыз сценарий, Қазақша сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!), Қазақша сценарий, 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Қош келдің, Қазақша сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы, 22 наурыз сценарий на казахском языке, Наурыз мейрамы, Наурыз праздник на казахском языке сценарий, наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, наурыз мейрамы сценарий қазақша, наурыз ертеңгілік, наурыз мереке туралы, наурыз мейрамы ертеңгілік, мереке, мейрам, Сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Ән «Нұрлы көктем»
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Наурыз Әже:
«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)
Тақпақтар
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
«Көгерсін»деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Ән: «Наурыз» хор
Би: «Шашу»
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын: «Қыз қуу» бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік — қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Әже: Баланы қырқынан шығарады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі
Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін
Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.
Би: Қара жорға
Ойын : Қол күрес
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)
Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
Жалпы би биленеді «Наурыз думан»
Просмотр содержимого документа
«Мерекелік сценарий «Төрлет, төрлет Наурыз!»»
Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.
1-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)
2- жүргізуші:
Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:
2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.
1-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.
2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):
«Қамажай» биі биленеді.
1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).
1. Асық ойынынан жарыс
2. Арқан тартыстан жарыс
3. Қол күрестен жарыс
4. Наурыз көже ішуден жарыс.
Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. «Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Кезекті қазақша күйге берейік.
Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.
1-жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 -жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)
Қазақша сценарий: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз — 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: — Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 — жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 — жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 — жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 — жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1 — жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2 — жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын
1 — жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 — бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 — бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 — бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 — жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? — деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.
Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
1 — жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 — жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай…(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)
Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Берекет: Наурызым — тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.
1 — жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан — мереке,
Қызық думан құрамыз.
2 — жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
………………………………………
Өлеңді жалғастыр
…………….. тоңбаймын,
……………… қорғаймын.
Ойынға бір. ………………
Секеңдеуді . ………………..
2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
……………………………………………
Өлеңді жалғастыр.
………………… сайрайды,
………………… жайнайды.
…………………. құлпырып,
………………….. сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. …………………….
Өлеңді жалғастыр.
…………….. атпаймыз,
…………….. сатпаймыз.
……………… қорғаймыз,
…………….. ақтаймыз.
1 — жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, — дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.
2 — жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.
1 — жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.
2 — жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
1 — жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 — жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.
Наурыз мейрамы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Наурыз мейрамы |
|
Көктем мен Жаңа жылды қарсы алу мейрамы |
|
Басқаша аталуы |
Ұлыстың Ұлы күні |
Қайда өткізіледі |
Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т.б. |
Түрі |
Халықаралық деңгейдегі мейрам |
Мағынасы |
Жаңа жыл мейрамы |
Күн-айы |
наурыздың 22-і (Қазақстанда; басқа елдерде наурыздың 20-сында, наурыздың 21-інде болуы мүмкін) |
Мейрамдауы |
Наурыз көже, Хафтсин — Иранда, т.б. |
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.[2]
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда — 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Мазмұны
[жасыру]
-
1 Тарихы
-
2 Қазақ салты
-
3 Сілтемелер
-
4 Дереккөздер
Тарихы
Наурыз мейрамы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Наурыздың Әзірбайжанда тойлануы
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
Қазақ салты
Қазпоштаның наурыздық маркасы
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан ;;кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, — десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.[3]
Наурыз мейрамы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Наурыз мейрамы |
|
Көктем мен Жаңа жылды қарсы алу мейрамы |
|
Басқаша аталуы |
Ұлыстың Ұлы күні |
Қайда өткізіледі |
Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т.б. |
Түрі |
Халықаралық деңгейдегі мейрам |
Мағынасы |
Жаңа жыл мейрамы |
Күн-айы |
наурыздың 22-і (Қазақстанда; басқа елдерде наурыздың 20-сында, наурыздың 21-інде болуы мүмкін) |
Мейрамдауы |
Наурыз көже, Хафтсин — Иранда, т.б. |
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.[2]
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда — 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Мазмұны
[жасыру]
-
1 Тарихы
-
2 Қазақ салты
-
3 Сілтемелер
-
4 Дереккөздер
Тарихы
Наурыз мейрамы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Наурыздың Әзірбайжанда тойлануы
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
Қазақ салты
Қазпоштаның наурыздық маркасы
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан ;;кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, — десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.[3]
Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.
1-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)
2- жүргізуші:
Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:
2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.
1-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.
2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):
«Қамажай» биі биленеді.
1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).
1. Асық ойынынан жарыс
2. Арқан тартыстан жарыс
3. Қол күрестен жарыс
4. Наурыз көже ішуден жарыс.
Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. «Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Кезекті қазақша күйге берейік.
Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.
1-жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 -жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің тәрбие ісінің мепңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі Махсум Саулегул
Өтілген күні:20 наурыз 2015 жыл
Тақырыбы: Әз Наурыз, берекелі болсын!
Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның сценарийі
Жүргізуші :
Армысыздар, құрметті көрермен қауім. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.
Оркестр «Наурыз- біздің жаңа жыл»
2- оркестр
жүргізуші:
Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар
Келген мына мерекеге қараңдар
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер
Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар
Тойла бүгін тауларым мен боз далам
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам
Қайта оралған намысымдай наурызым
Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым
Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Бейсенбаева Жаннұр Манашқызына береміз
Ән 6 сынып «Наурыз»
жүргізуші:
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
жүргізуші:
Қуаныш бақ тілеп еліме
Мереке құт тілеп жеріме
Әлемді аралап шарқ ұрып
Келдің бе Әз бабам төріме, деп біздің наурыз мейрамымызға алыстан ат терлетіп қыдыр атамыз келіп қалыпты.
қыдыр ата (Нұрдәулет)
армысыңдар халайық
Наурыз құтты болсын
Көктем келді наурыз келді
Жер көгерді тал гүлдеді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан
Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын
Жер көгеріп малға толсын
Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,
Көптің көңілі жай болсын!
деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.
жүргізуші:
қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы болып төрге жайғасыңыз.
Биылғы 2015 жыл ерекше жыл. Биылғы Наурыз тойымыздың өзі ерекше сән салтанатпен, ерекше құрметпен өтіп жатыр. Олай айтуымыздың себебі Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуымен қатар , тағы да бірнеше атаулы мерейтойлар өтілгелі отыр.
Қазақ халқының тағдыры таразыға тартылған ауыр кезеңдердің бірі – ХҮІІІ ғасырда ел бостандығы үшін қаны мен терін бірдей төккен батыр бабаларымыздың арқасында біз осындай күнге жетіп, алаңсыз өмір сүрудеміз.
Осы қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына, батыр бабаларымызға арнап мектеп ұжымы ұйымдастырған көрмені назарларыңызға ұсынамыз.
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық
(Шашу) шашу шашылады.
Би «Домбыра»
Жүргізуші:
Ендігі мерекеге құттықтау тілегін ылғи мектеп өмірімен тығыз байланыста жүретін, мектепішілік іс- шаралардан тыс қалмайтын, әрқашанда қандай істе де мектеп ұжымын қолдап, ұстаздарға, оқушыларға қолдау көрсетіп отыратын ата аналарымыз білдірсін.
Жүргізуші:
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал басқаға демеу болу – жомарттық. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
үнемі бізге, біздің мектебімізге демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз. Ендеше наурыз мерекесімен құттықтау сөзін осы келіп отырға демеушілерімізге береміз.
Ән Ақерке «наурыз думан»
жүргізуші:
«Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Енді назарларыңызыға жас ақындарымыздың айтысын ұсынамыз.
Айтыс
1 жұп Марғұлан мен Аида
2 жұп Арман мен Айпірім
Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп сахнаға көтеріліп, той бастаған ақын атасына тостаған толы наурыз көже ұсынады.
Қыдыр ата: Әп, бәрекелді, жасың ұзақ болғыр! – деп риза болған ақсақал микрофон арқылы баршаға естірте
жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.
көрініс: Күн мен түн (Айгерім мен Сымбат)
күн:
сәулесі мол күнмін
Түн:
Жұлдызы көп түнмін
Екеуі:
Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін
Түн:
Ал ертең күн ұзақ
Күн:
Түн қысқарар бірақ
Екеуі:
Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап
Ал балалар, біз сендердің жыл басы туралы қаншалықты білімдерің бар екенін көрейік.
1.Жыл басының алғашқы күні (Ұлыс күні)
2.Жыл басының алғашқы төлі(дүбір аяқ)
- алғашқы сүті(уыз)
- алғашқы гүлі(бәйшешек)
- алғашқы асы(наурыз көже)
6.Сый тамағы(ұйқы ашар)
- жігіттердің қыздарға беретін сыйы(селт еткізер)
- ұшып келетін құс(наурызек)
Ой, балалар рахмет, сендердің наурыз тойы туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.
(Түн алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына дүрбісін салып, жыл қарайды.)
Күн:Түн, сен не қарап тұрсың? Көңілің басқа жақта тұр ғой.
Түн: тоқта Күн мен бір жұлдызшыны көріп тұрмын, бізге қарай жақындап келе жатқан сияқты.
Күн: иә, иә солай екен ғой
Күн: жүр қарсы алайық жұлдызшыны
жүргізуші:
он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
жұлдызшы: (Еламан)
— Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі – қой екен, жерге қонуға жақындап қалыпты.
жүргізуші:
— Әрбір Жаңажылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емеспе, жұлдызшы? Қой жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айтып берсеңіз
жұлдызшы:
— Әлбетте, қарағым, — деп, киіз кітабын парақтап жіберіп, — Егер Жаңа жыл иесі қой болса, онда туар жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болады. Көктемде кейбір жеміс-жидектерді үсік шалады.
— Бірақ соған қарамастан халқымыздың дастарқаны берекелі боп, ел ішін тоқшылық жайлайды.
жүргізуші:
— Жұлдызшы, қой жылы туғандардың тал бойындағы мінез-құлқының ерекшелігін айтып жіберіңізші.
жұлдызшы:
Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады, — деп, киіз кітабының беттерінен әрі-бері аударыстырып жіберіп, — биыл дүниеге келген ұл балардың көзі үлкен, мінезі ашық-жарқын, кез-келген кісімен тіл табыса білетін әңгімешіл болады. Жастары ұзақ боп, дәулетті болады.
Ал қой жылы туған әйел затының бет жүзі аппақ, көзі қарақаттай қара, тұлға бітімі сымбатты болып келеді. Туыстары көп болып, тұрмыс тауқыметін көрмейді, — деп оқыған соң, дүрбісімен аспанға қарайды.
жүргізуші:
— Жыл иесі – қой , бақыт әкел еліме,
Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Құт иесі қой, суыңды әкел көгіме,
Көлдерімді толтырып, Бақыт сыйла еліме.
ЖҰЛДЫЗШЫ:
— Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.
— Бүгін – көк құт көзін ашқан күн:
— Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні
— Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн.
— Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
— Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.
Ән Арман Ислам (Наурыз той)
жүргізуші:
биыл 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көтергеніне 550 жыл толады.
Жәнібектің сардары
Әскер бас сардары
Сарыайшықтың ақ тағын
Ұлытауға қағады
Басын қосып қазақтың
Шекараны таңдады
Қазақ хандық елінің
Ұлы ханы сұлтаны
Биыл кірген қой жылы
550 жыл толады.
Әз Жәнібек Керейлер
Әділ өмір сүргендер
Қазақ атты хандықтың
Қасіретін білгендер
Көрініс: «Абылай ханның түсі»
Би (0,3,4 сыныптар) дәстүрлі «Ұршық» биі биленеді
Жүргізуші:
Алтын күні шуақ шашып аспаннан
Жаңа жылым жыр думанмен басталған
Ақ дастархан жайып қазақ төріне
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз
Бата беру үшін Қыдыр атаға сөз беріледі.
Ал, тыңдаңдар батамды
Ардақтаңдар атаны
Тойсаңдар тасып бөспеңдер
Топастықты кешпеңдер
Ананың сүтін ақтаңдар
Арларыңды сақтаңдар
Жалқаулық жаудан жаманды
Жеңіңдер оны күреспен
Жеңіске жетер бірлескен
Кең пейіл дархан халқымыз
Кеңейді дәстүр салтымыз
Дәстүрін елдің сыйлаңдар
Дәстүрлі салтты тойлаңдар
Орындалсын ойларың
Тойға ұлассын тойларың Әумин
Жүргізуші:
Батаңыз қабыл болсын.
Өлкеме наурыз келді көктем келді
Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді
Халқымның салт дәстүрін аялаған
Арманы асқақтады көптен бергі
Ән Анель мен Арай «Наурыз той»
Жүргізуші:
Қазағым наурызың құтты болсын
Көтерген шаңырағың биік болсын
Тілектері ұлтымның қабыл болып
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын
Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!
Мерекелік іс шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз. Ол үшін ұл балаларды ортаға шақырамын.
Ойындар
Қол күрес: 0,1,2 сыныптардың ұлдары
Көтермек: 3,4,5 сынып ұлдары Ортаға екі бала шығып, бір- бірлерін арқаларын тіреп, қолдарын шынтақтастырады. Жүргізуші белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншісін көтеріп аласыңдар, ұтқан болып есептесесіңдер. Жеңіске жеткенше ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер.
Оқтау тартыс: 6,7,8,9 сынып ұлдары
Атбақыл: ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақаны иіріп, екіншісің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақа жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып екеуің алға қарай жылжи бересіңдер. 6,7,8,9 сынып ұлдары
Мақтау қағаздарымен марапаттау.
Наурыз мейрамына арналған «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі »
атты әдеби-сазды композициясының сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру.
Кітапхананың оқу залында Наурыз мейрамына арналған «Жаса, Наурыз,Дәстүрлі» атты кітап көрмесі және қол өнер көрінісі дайындалды.
Меңгеруші: Құрметті оқырмандар, қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, рухани құндылықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Осы бір құбылыстың өзі оның сипатын аша түскендей.
Қыс өтіп, қар кетіп
Шырайлы шуақ жаз жетіп
Шаруаның бұл кеңелген
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Балақайлар, Жаңа жылды атап өткенімізге ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Тағы да бір «Жаңа жыл келді», деп үлкендердің қарбаласқа түсіп жатқандығын байқаған боларсын. Бұл- Наурыз . Наурызда күн жылынады, табиғат жаңарады, ағаштар бүршік ата бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Осы кезден бастап мал төлдейді. Ұзақ суық қыстан кейін жаңа тіршілік басталады.
Ән
1 Жүр: Лағыл Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.
2 Жүр: Даулет Ұлыс күнгі ұлы тілек, Қыдыр атаның ақ батасы алатын болдық.
1 Жүр: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала
сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе
жүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа
түссе, тасты ерітіп жібереді екен. (Қыдыр ата кел еді)
Қыдыр ата: Ғалымжан
Армасың, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын,
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бостандықтың ордасын
Періштелер қорғасын.
Бесіктегі бөпеңнің
Бақайшығы тоңбасын.
Ұлыс күні ұл мен қыз
Тайпалдырсын жорғасын.
Көл жиналып тамшыдан
Теңіз толсын қансыған.
Атамекен тазарып
Асыға түссін алшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де таппасын!
Әумин!
(наурыз қыз келеді)
Наурыз қыз: Аружан Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Халыққа дәулет дарып, бақ
қонса, сіздің шапағатыңыз деп білеміз.
Қыдыр ата: Қош келдің, Наурыз!
Наурыз:
Жер әлемді жайнатқан
Наурыз қызбын,
Ерітіп жіберейін өзін мұздың.
Жылуымнан сескеніп тентек боран,
Өзімен ала кетер қыстың сызын.
Жан-жануар ойнақтап асыр салды,
Елге бірлік-береке ала келдім
Қуанышпен қарсы алған жаңа таңды.
Ән: «Наурыз»
Наурыз: Қыдыр атаның ақ батасын алғыларың келсе, балалар мына
сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
- Наурыз туралы не білесіндер?
Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.
- Наурыз жыры деген не? Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар.
Ұлыстың ұлы күнінде
Бай шығады балбырап,
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі салдырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жәудіреп.
3.Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады? Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
4.«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.
5.«Наурызкөк» дегеніміз не? Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.
6.«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.
Қыдыр ата: Бәрекелді! Бәрі де білімпаз балалар екен.
2-жүргізуші: Қыдыр ата, Наурыз қыз, бізде Быржан мен Сараның өнерпаз ізбасарлары да бар. Ортаға шақырайық.
(ортаға қолдарына домбра алған екі оқушы шығады)
Наурыз айтыс
Ұл: Мирас
Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз.
Наурызға айналсын
Бүгінгі жыр мен әніміз.
Наурыз деп, ей қыздар,
Кел шырқайық бәріміз.
Қыз: Камила
Көптен күткен айымыз
Келген шақта Наурыз,
Шараларға толғанда
Наурызкөже бал–уыз,
Досым әнін бастасын,
Қоштауға біз дайынбыз.
Ұл:
Қыздарға бұл не болған,
Тоймаған ба көжеге,
Ұқсайды екен шөжеге
Шөже, шөже, шөжелер,
Шөжелерге көже бер.
Қыз:
Жамыраған қаздай,
Маңыраған қозыдай,
Бірін–бірі тыңдамай
Ән салатын ұлдар–ай!
Көже көрсе тап беріп
Бас салатын ұлдар–ай!
(ортаға оқушылар шығып Наурызға арналған өлеңдер оқиды)
1-оқушы: Камила
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүт бұлағын ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
2-оқушы: Айдар
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларын,
Құтты болсын тойларың!
3-оқушы: Темірлан
Наурыз – көктем тойымыз,
Той дәмі мол, тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз.
Наурыз өнер жарысын
Бастады жас, кәрі үшін.
4-оқушы: Рахат
Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған.
Тойын жасап ед енді,
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
5-оқушы: Абылайхан
Ұлыс күні кәрі–жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның,
Қош келіпсіз, Наурыз,
Құтты болсын қадамың!
6-оқушы: Алишер
Жаса, Наурыз, ойлымыз,
Жаса, көктем, тойымыз!
Ел дәстүрлі – арымыз,
Той бастығы – кәріміз.
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзін үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
7-оқушы: Еркежан
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурызкөже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурызкөжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы…
Қыдыр ата:
Бәрікелді! Барлығы да сайрап тұр екен. Тіл – көзден сақтасын!
Менің әлі баратын жерлерім көп.
Наурыз:
Мына кішкентай бүлдіршіндерге батаңызды беріңіз.
Қыдыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсан,
Ақ тілекті төгейін.
Қиып түсер қыран бол,
Ел – жұртқа ұран бол!
Даңқың кетер алысқа,
Бейбарыстай ұлан бол!
Оза шауып бәйгеден,
Озып келер құлан бол!
Ақ көңілді шынар бол,
Жақсылыққа құмар бол!
Сүйсінердей іс жасап,
Ел – халқына тұмар бол!
Қиындықтан сөз табар
Жиреншедей шешен бол!
Жетпіс тілді меңгерген
Фарабидей көсем бол!
Жапырағы жайқалған
Қарттарымдай есен бол!
Әумин!
(Қыдыр ата кетеді. )
2-жүргізуші:
Ұл –қызымыз жайнап тұр,
Өнерлерін сайлап тұр.
Біздің қара шаңырақтың құты ғой,
Қасиетті қара қазан қайнап тұр.
Сыйлаған жандар атасын,
Көжеден дәм де татарсың.
Тілейік қабыл болсын деп
Қыдыр атаның батасы.
1-жүргізуші:
Салт –дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша.
Кеңпейіл, дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз.
Дәстүрін елдің сыйландар,
Дәстүрлі салтты тойландар.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Кітапханашы:
Салт-дәстүрмен жарасса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!, — деп құрметті балалар салт-дәстүр конкурсын бастайық. Бірінші сұрағымыз:
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіндер (білгенінше)
- Наурыз көже қанша дәмден дайындалады? (жеті)
- Үрлеп ойнайтын музыкалық аспап (сыбызғы)
- Өрнекті тақыр кілем (алаша)
- Қазақтың қандай ұлттық мейрамдарын білесіндер (білгенінше)
- «Киіз үй» құралдарын ата? (білгенінше)
- Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (шолпы)
Кітапханашы: Бәркелді, бәрекелді, оқырмандарымыз қандай тапқырлық таңытты.
Конкурсымызды жалғастырсақ қалай қарайсындар?
Онда келесі ұлттық тағам конкурсы. Шарты: сөздердін мағынасын ашып беріңіздер: мысалы:
- Қонақасы- (қонақтарға арналған ас)
- Көже – (сусын көже жаз мезгілінде дайындайтын)
- Сорпа –
- Тұздық –
- Қуырдақ – (құырылған ет)
- Айран – ашыған сүт
- Құрт- ашыған сүттен дайындалган тағам
- Ірімшік
- Шелпек —
«Ән шашу» әні
2 Жүр: Бәркелді, жарайсындар балалар ! Енді қазақ ертегілеріне тоқталып, біраз ойнасақ: мен сөздің басын айтсам, сіздер жалғастырсаңыздар мысалы:
- Алдар………. Көсе
- Қобланды ………батыр
- Алпамыс……………батыр
- Баян……………..сүлу
- Қозы ………Көрпеш
- Жалмауыз…………кемпір
- Ер…………. Төстік
Бәрекелді, жарайсындар ! Қандай керемет тапқырлық таныттыңыздар!
«Қазақ биі» биі
1 Жүр: Ал балалар, қазір «Балаға ат қою» қазақ халқының салт- дәстүрін тамашалайсындар.
Кітапханашы: Құрметті оқырмандар, қонақтар, бүгінгі біздің кітапханада өтетін Наурыз мерекесіне қош келіңіздер! Наурыз мерайрамы құтты болсын!
Сахналық көрініс Балаға ат қою»
«Балаға ат қою» — салт дәстүрдің көрінісі. Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлерсәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталған. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде баланың атын молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына «Сенің атын Айсауле» деп , үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескереледі. Ата – аналар бала есімінің мағыналы, әрі көркем болғанын қалайды. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына «Ұлбосын» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар балаларына: «Қуаныш», Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді.
Ән
2 Жүр: Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек. Ұлт ойындары — ата – бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі асық ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, тапқырлықты, батылдықты, шапшандықты қажет етеді. Ондай болса, ортаға батылдарды шақырамыз.
Ойын тізімі «итеріспек», «арқан тарту», «орамал тастау», «сақина». (балалар түгелі қатысты)
/ «Қара жорға» биі, № 10 мектеп-лицей оқушылары/
1 Жүр: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.
Пайдаланған әдебиеттер:
- С. Қенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматыкітап, 2004. – 284 б.
- С. Қенжеахметұлы «Қазақтың дархан дастарханы». Алматыкітап,
- С. Қенжеахметұлы «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті». Алматыкітап,
- Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы, 1991.-265 б.
Қазақша сценарий: 22 Наурыз – Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)
Келе жатқан жаңғырып.
1-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата—бабам тойлаған
Наурызымыз армысың!
2-жүргізуші
Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, халықтан сұрап көрейікші.
(Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді,
қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы
аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа»
енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.
Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын
ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім
келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат—шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес,
басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән,
өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып,
ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер
қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны
«селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың,
тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу — бүршігін жаңа жарған жауқазындай
құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»
деп аталатын дәм дайындалып таратылады.
Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны
халық «наурызша» деп атайды.
Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам.
Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған
қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге
ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте
зор.
1-жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.