Сценарий казакша жана жылга балабакша

«Жаңа жылда жаңа нұр»Балалар әуенмен ішке кіредіТәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,Ән шырқайық, баршамыз.Тақпақ айтып, би билеп,Жаңа жылды бастайықҚұрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып

«Жаңа жылда жаңа нұр»
Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.
Ән «Аяз ата» хормен айтылады. Біздің бүлдіршіндер сіздерге ән салып береді.
Тәрбиеші: Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай өлеңдеріміз бар?
Алижан:
Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.
Аида:
Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада.
Диас:
Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді.
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
Анел:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да.
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы шықтыңдар. Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.
Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп — ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.

Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip — ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! — деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле — шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным — ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым — ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл — қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен — ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар бір тақпақ айтып беріңдерші.

Мәди: Ақшақардың сәні бар,
Балалардың әні бар.
_______ жылы келгенде,
Қуанышқа батыңдар.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
Балалар аңдар кілтті іздеп жүргенде бір тақпақ айтып берейік.
Мұхаммадәли: Қаптың аузы ашылсын,
Ойыншықтар шашылсын.
Аяз ата би билеп,
Әнімізге қосылсын.
/сол кезде тиін сиқырлы таяқты тауып алады/

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.
Даниал: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда — жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Наргиза: Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Нұрай: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Ақзере: Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

«Аяз ата» жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?» ойын ойналады.
Балалар
Нәрлен: Жылдың әнін бастайын,
Аяз — Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ш. Аружан: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Назерке: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Қарақат: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Арман: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Даулетхан: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Зарина: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Рахманғали: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Динара: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Б. Аружан: Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді). Балалар: Сау болыңыздар!
Балалар: біздің Абдуллах жаңа жылға деген ақ батасын берсін

Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Аумин
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2023 — шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Ақмола облысы, Қосшы ауылы
Ыбырайқызы Рыскүл

ІІ кіші «Көгершін» тобы

Әуен қосылып балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме құрметті Ата аналар,апайлар және кішкентай біздің ұл қыздарымыз жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Жаңа жылды біз тойлап.

Шаттанамыз баріміз,

Өлеңде әзір ән әзір.

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл,жаңа жыл деп келесі кезекті әнге бериік.

Ән «Шырша жыры»

Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты,тыңдаңдаршы, бір дауыс естіп тұрмын.

Ол кім болды екен? Сендер де естідіңдер ме?

Музыкамен залға қоян секіріп келеді.

Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,

Ақ түске мен бояндым.

Сәбіз берсең балалар,

Әдемілеп тоямын.

Секіремін, жүгіремін,

Сендерге қарай келемін.

Қоян:қандай әсем шырша қандай әдемі балалар

Жүргізуші: Ұзын құлақ сұр қоян, сен қайдан келдің қайдан жүрсің

Қоян: Мен сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келдім

Тәрбиеші:Олай болса қоян сен бізбен бірге жаңа жалды қарсы ал.

Қоян:Ия Ия бірге болуға келдім және өзіммен бірге жұмбақ ала келдім.

Балалардың қаншалықты тапқырлықтарын көрейін.

Қоян жұмбақ жасырады

1.Тікен тікен тік тісті,

Қысы, жазы бір түсті.

Ол не балалар? Шырша

2.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

3.Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

Жүргізуші:Көрдінбе Қоян біздің балалар қандай тапқыр

Жүргізуші:Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Аяз ата,Ақшақар дұрыс балалар

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет

Аяз ата:. Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:Аяз ата

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата,ақшақар жол жүріп келдіңіздер отырып дем алыңыз.
Аяз ата:Ақшақар қызым ау мына шырша шамдары жағылмаған екен қане балалармен шырша шамын жағайық.

1, 2, 3 шырша жайнай түс.

Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз ата сізге біздің балалардың айтар тақпақтары бар екен:

Айдана

Ақ қырауға малынған
Сақалыда мұртыда.

Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Айзере

Қала нұр, дала нұр,

Құтты болсың Жаңа жыл!

Омар

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Інжу

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

Е.Азалия

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Аяз ата:ой балалар өркендерің өссін қандай әдемі тақпақтар.

Ақшақар: Аяз ата, аяз ата.

Аяз ата: Не болды ақшақар қызым?

Ақшақар: Біреу шырша қасында ұйықтап жатыр.

Аяз ата: Бұл аю ғой ұйықтап жатқан. Қане, балалар аюды оятайық.

Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойласын.

Жүргізуші: Балалар қол шапалақтап, аяғымызды топылдатып аюды оятайық.

Әуен қосылып

Аю: Ой мен ұйықтап қалыппын ғой, мынау деген әсем шыра көңілді балалар сендер қандай мереке тойлап жатсындар?

Жүргізуші: Аю сен ренжіме ұйқыдан оятты деп бүгін мереке кел бізбен бірге көңіл көтер.

Би: Флешмоп Барлық бала биге шығады

Аю: Рахмет балалар сендерге ұйқыдан оятқандарына мен енді өз достарыма барып оларды да мерекелерімен құттықтайын. Сау болсыңдар!

Балалар отырады.

Әуен қосылып көңілсіз мұрынын жоғалтқан аққала кіреді.

Жүргізуші:Ой балалар қараңдаршы бізге қонаққа аққала келді

Сәлеметсің бе ! Аққала неге көңіл күйін жоқ?

Аққала:Менің мұрыным түсіп қалып соны таба алмай жылап келемін

Сен мұңайма сенің мұрныңды табуға біздің балалар көмек теседі.

Солайғой балалар,көмек тесемізбе аққалаға

Сен аққала бізбен ойын ойнап көңіліңді көтер.

Аққала: әрине ойнаймын.

Ойын: «Қар кесектері»

Ойын арасында сәбіз табылады. (Ойын 2 рет қайталанады).

Ойынға қатысатын балалар:

Самира,Асанәли, Мадияр,Шыңғыс,

Аққала: Рахмет балалар мұрнымды тауып бергендеріңе және көңіл күйімді көтердіңдер! Енді мен мерекені достарыма барып ары қарай жалғастырайын. Жаңа жыл мереке құтты болсын!

Сау бол аққала енді үнемі ұқыпты болып жүр.

Жүргізуші: Аяз ата енді біздің балалардың жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтарға кезек берейік.

Таймас

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

М. Азалия

Жаңадан тақпақ,

аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Айша

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Жәңгір

Жаңа жылым,

Құтты болсын ағайын.

Жансая

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып. Балалар сендерге көп рахмет

Балалар отырады.

Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздардың сіздің ақшақар қызыңызға арнаған биі бар биге кезек бериік

Би: Ақшақарлар

Аяз ата:Олай болса менде бір ойын ойнайын Ал, қыздарым, ұлдарым бір ойын ойнайық.

Ойын:Ахалай,махалай

Жүргізуші: Ал енді тақпақтарға кезек берейік.

Аруна

Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Аяла

Қуантып елді,

жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

бір жасқа енді.

Әмір

Сағынып көптен күткен,

атамыз келеді.

Алақай, алақай

Көп сыйлық береді.

Азиз

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалын орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Мадияр

Жаңа жылым, жаңа жылым

Құтты болсын елім- ау.

Жүргізуші:Аяз ата ұлдардыңда жаңа жыл мерекесіне арналған билеріне кезек берсек қалай қарайсыз ата сізде билеуге болады.

Би:Гномиктар

Аяз ата сіз қалай ойлайсыз ата аналармен бір ойын ойнасақ.

Ойын: Ата- аналармен «Байпақ»

Аяз ата: Мына ата — аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Рахмет ата аналар сіздерге көп

Балалар енді ескі жылмен қоштасатын уақыт келді.

Балалар бізде ескі жыл қандай жыл болды ?

Балалар: Әтеш деп жауап береді.

Әтеш пен ит бірге кіреді..

Салем балалар салем қонақтар мені таныдыңдар ма?

Балалар : ия сен Әтешсің

Әтеш: Ал менің досымды таныдыңдар ма?

Балалар: Ит деп жауап береді

Ия дұрыс айтасындар мен Әтешпін сендермен бір жыл дос болдым енді сендерді итке табыстаймын

Әтеш: Ескі жылым есіртке,

Жаңа жылым жарылқа Қош сау болыңдар!

Жаңа жыл мерекелерің Құтты болсын

Жүргізуші:Салем әтеш сен бізге бір жыл қомқор болдың бізге жақсы тілектер тіледің бірге болдық рахмет саған ризамыз рахмет бірге 2-3 рет.

Ит: Мен жаңа жылмын сендерге бақыт, молшылық, жақсылық әкелдім!

Сендермен дос боламын.

Жүргізуші: Балалар жаңа жылға ән айтып берейік.

Ән: «Шырша»

Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамына нұр бітсің! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіне аманат

«Ғажайып Жаңа Жыл 2021»

жана, жыл, сурет

Ақшақар: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Бүгінгі Жаңа Жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. Байқаймын балалар кешігіп жатырған секілді. Мен оларды Ормандағы ғажайып Жаңа Жылға шақырып едім.

Сол кезде телефон шырылдайды.

Ақшақар: Алло, бұл кім?

(Телефонның ар жағынан дауыс естіледі)

— Алло, Бұл «Ақыл» тобы. Біз есікті аша алмай тұрмыз, есік тек ғажайып шырша ғана аша алады.

Ақшақар: Ол қалай?

— Шырша түбінде ата-аналарға арналған сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берсе ғана есік ашылады.Тездетіңіздерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз.

Ақшақар: Жарайды, жарайды.

Ендеше шырша түбіндегі сұрақтарды алайын. Бұл жерде үш сұрақ бар екен.Ортаға 3 ата-ана шыға қойсын.

1. Сіз Жаңа жылға Аяз-атадан қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2. Жаңа жылға арналған қандай тақпақ білесіз?

3. Қандай жаңа жылдық ән білесіз, бір шумағын айтып беріңіз.

Есік ашылып, балалар ішке кіреді.

Қане, балаларымызды қошеметпен қарсы алайық.

Балалар, шыршаны айнала тұрайық. Ормандағы ғажайып Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер балалар. Бүгінгі мерекені әннен бастайық.

Ән «Шырша жыры»

Ақшақар: Өте жақсы . Балалар, орнымызға отырайық.

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын, — деп балалардың тақпағын қабыл алыңыздар.

Ақшақар: Өте жақсы. Балалар, Жаңа Жыл мерекесіне кім жетіспейді? Олай болса Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз Ата 3рет

Аяз ата кіреді: Амансыз ба, ұлдарым,

Амансыз ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан, асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Аяз ата отырыңыз. Ал балалар, сіздер Аяз атамызға арнап тақпақ айтыңыз

Ақшақар: Өте жақсы балалар.

Тақпақ айтылғаннан кейін жарық сөніп жанып қарақшылар кіреді.

1 Қарақшы: Аха, сендер Аяз атаны бізден бұрын шақырып Жаңа жыл тойлағыларың келе ме?

2 Қарақшы: Олай болмайды. Біз Аяз атаны алып кетеміз. Байлаңдар Аяз атаны.

3 қарақшы: Аяз атамен бірге жаңа жылды ең бірінші болып біз тойлаймыз, сендер емес.
Қарақшылар аяз атаны сыйлық қапшығымен бірге алып кетеді. Ақшақар жылап қалады.

Ақшақар: Енді не істейміз? Аяз атасыз жаңа жыл бола ма?

Қасқыр мен қызыл телпек кіреді.

Қасқыр: Саламатсыздар ма, Бұл кім жылап отырған?

Қызыл телпек: Ақшақар ғой жылап отырған.

Қасқыр: Ақшақар, сен неге жылап отырсың?

Ақшақар: Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап бастағанда қарақшылар келіп Аяз атамызды алып кетті. Енді не істейміз?

Қасқыр: Ақшақар сен мұңайма, мен қарақшыларды тауып сазайларын беріп, аяз атаны тауып әкелемін.

Ақшақар: Рас па, көп көп рахмет саған қасқыр. Ең алдымен балалармен бірге ән айтайық көңіл көтеріп. келісесің бе, қасқыр?

Қасқыр мен қызыл телпек: Жарайды, қандай ән айтамыз?

Ақшақар: «Жасыл шырша жанында» деген ән. Қане бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.

Қасқыр: әнді жақсы айтады екенсіңдер. мен аяз атаны алып келейін. (шығып кетеді)

Ақшақар: Балалар, қызыл телпекке арнап тақпақ айтайық.

Түлкі мен бауырсақ кіреді.

Түлкі: Саламатсыздар ма, балалар. сендер неге Жаңа жылды Аяз атасыз өткізіп жатырсыңдар?

Бауырсақ: Аяз атаны шақырған жоқсыздар ма?

Ақшақар: Шақырдық. Аяз атамыз келіп еді, бірақ қарақшылар алып кетті.

Түлкі: Мен Аяз атаны тауып әкелемін. Менің қулығыма барлығы алданып қалады, сол секілді қарақшылардыда алдаймын. Ол үшін маған күш қуат беретін қандай өнерлерің бар?

Ақшақар: Түлкі бауырсақ екеуіңіз біздің балаларымыздың көрінісін тамашалаңыз. Көрініс «Өгей шеше мен қыз»

Түлкі: Бауырсақ екеумізге балалардың көрінісі ұнады, солай ғой, бауырсақ?

Бауырсақ: иа, ұнады.

Түлкі: Ендеше қарақшыларды қулығыма түсіруге кеттім.

Ақшақар: Сен, бауырсақ, төрлет. Балалар саған арнап жаңа жылдық тақпақ айтсын.

Ақшақар: Сонда да аяз атаның жоқтығы білініп тұр, Аяз атамыз табылса екен.

Осы кезде Аю мен Маша кіреді.

Аю: Саламатсыздар ма, балалар. Бұл не деген сөздер? Аяз аталарың қайда?

Ақшақар: Аяз атамызды қарақшылар ұрлап алып кетті.

Маша: Көңіліңізді түсірмеңіз, Ақшақар. Аю досым Аяз атаны тауып әкеледі.

Аю: Иә, мен Аяз атаны тауып акелемін.

Ақшақар: Рахмет, саған Аю. Маша екеуіңіз балалардың биін тамашалаңыз.

Ер балалрдың «Сайқымазақ» биін тамашалаңыздар.

Аю: Балалар сендердің билеріңіз ұнады, жақсы билейді екенсіңдер. Мен аяз атаны іздеп тауып әкелейін.

Ақшақар: Рахмет саған Аю, жолыңыз болсын. тездетіп Аяз атаны тауып акеліңіз.

Ақшақар: Біздің Аяз атамыз қашан келеді екен?

Қызыл телпек: Қарақшыларды кім тоқтата алады Мыстан ба?

Ақшақар: Жоқ

Бауырсақ: Сиқыршы ма?

Ақшақар: Жоқ

Маша: Айдаһар ма?

Ақшақар: Жоқ

Осы кезде Орман иесінің дауысы шығады: Бұл не болғаны, мен орман иесімін. Қарақшылар осы орманның мазасын алды ғой. Мен оларды Орманнан қуып шығамын.

Осы кезде Қасқыр, Түлкі, Аю қарақшыларды ұстап ішке кіреді.

Қарақшылар: Кешіріңіздер біздерді. бізден бір білместік кетті. Біздің барар жеріміз жоқ. Орманнан қумаңыз.

Қасқыр, Түлкі, Аю: Балалар қарақшыларға кешірім береміз бе?

Қарақшылар: Рахмет сіздерге, сау болыңыздар.

Үш бұғымен Аз ата кіреді.

Аяз-ата: Сіздерге көп көп рахмет. Мен шаршап келдім демалып отырайын.

Ақшақар: Аяз ата аман сау келгеніңізге қуанып тұрмын балаларда қуанышты, солай ғой балалар.

Балалар: Иә.

Ақшақар: Балалар, Аяз атамыз шаршап келіпті қане атамызға арнап тақпақ айтайық шаршағаны басылсын.

Ақшақар: Балалар, біздің шыршамызға не жетіспейді? Аяз Ата қане сиқырыңызбен Шыршаны жағайық.

Аяз ата: Балалар бірінші ән айтсын, сосын жағамын.

Ақшақар: Олай болса балалар Аяз атамызбен, келген қонақтармен ән айтайық.Ән «Қуант, бізді, таңырқат»

Ақшақар: Қандай әдемі біздің шырша. Қане қыздар шыршаға арнап би билейік. Би «Ақшақар»

Қасқыр, Түлкі, Аю: Балалар, ойын ойнаймыз ба? Ойын

Мешін жылы кіреді: Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүріп ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар.

Аяз ата: ескі жыл саған көп көп рахмет. Қой жылы баршамызға жақсы жыл болды.

Осы кезде сағат соғылады.

Жаңа Жыл Сиыр жылы кіреді: Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Ақшақар: Қош келдіңіз Жаңа жыл сиыр жылы. Балалар Жаңа сиыр жылымен бірге ән айтайық. Ән «Жаңа жыл»

«Көңілді би»

Аяз Ата: Жаңа жыл арамызға келіп, көңілім шаттанып қалды. Балалар, сендерде шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер, мен сендерге акелеген сыйлығымды берейін.

Ақшақар: Баршамызға Жаңа жылымыз құтты болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий индивидуального образования это
  • Сценарий каля маля
  • Сценарий каз омэсе на башкирском языке
  • Сценарий информационный час ходят слухи что наука утомительная штука
  • Сценарий инаугурация председателя студенческого совета