Сценарий ?стазбен ?оштасу

Бастауышпен қоштасу - білімнің орта буынына аяқ басу деген сөз. Сол жолға балаларды ақ жол тілеп, шығарып салу

Бастауышпен қоштасу мерекесі

1-жүргізуші

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттандық бала шақтан-болашаққа» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші:Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген — бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

2-жүргізуші:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Төртінші сыныптарды ортамызға!

І с келгенде алдына

Жан салмайтын қызымыз

Ер мінезді, көрікті

Данеля біздің ержүрек

Атыңнан айналайын Абылайхан деген

Сенің жақсы ісіңе баға берем

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор осы сыныптың саған деген

Ақмарал деген қызымыз

Қатысқан талай сайысқа

Тамылжытып ән айтып

Жеткен талай табысқа

Білімімен талайларды тамсандырған

Асып көрші білімді Нұрасылдан

Сыныбыңа бол қашанда ардақты

Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты.

Үндемей бәрін тындырған

Сыныптың салмақты қызысың

Жымиып күлген күлкісі

Дананың тұйық мінезі-ай

Білімді, ақылдысы сыныптағы

Талай қиын есепті құрықтады

Әділжанның алдында талай іс тұр

Болашақта жандырар үміт отты

Өзі ұялшақ үндемес

Мінезіне ешкім тең келмес

Үндемес қыз Меруертке

Сыныпта ешкім тең келмес

Ақ көңілді Алмасжан

Шыншылдықты ұнатқан

Ару қызы қазақтың

Мектептің бір озаты

Келбеті де сымбатты

Гүлім біздің ибалы

Он саусағынан өнер тамған

Есепті де жаңғақша шаққан

Суретшіміз кішкентай

Бекзат келді ортаға

Барлық істе алда жүретін

Ән, айтып, биде билейтін

Сыныптың белсенді аруы

Диана өнерлі қызымыз

Математика елінде жан салмайтын

Жауабын табар талай сұрақтың

Сыныбының атақты белсендісі

Арғын келеді арамызға күлімдеп

Ер жігіті қазақтың

Еркесі Ақжол бір үйдің

Адалдықты жаны сүйген қашаннан

Бекзат та бар қатарынан қалмаған

Ер жігіті елімнің

Тұлғасы көкте самғаған

Қатысқан талай жарысқа

Спортшы Елдар сахнада 4 «а сынып жетекшісі Құралай Бақытқызы

Сабыр берген салмақты

Ақыл берген ардақты

Алдиярдай балаға

Білім берген жан-жақты

Дараласа әкесі, аялаған анасы

Ән де, би де, өнер де

Бір өзінен табылған

Аяулымға қарашы

Тақылдаған таңдайың

Жарқырап атқан таңдайсың

Таңшолпан атыңа сай бол болып

Жарқырасын маңдайың

Мықты, күшті Нұрболат

Әлсіздерді шиырған

Бала мінез Мейіржан

Өзі сондай мейірбан

Түрлі-түсті бояумен

Өрнектейтін әр істі

Ербол менен Зарина

Суретшінің нақ өзі

Мың салса бір баспайтын

Еш уақытта аспайтын

Аяжан мен Серіктей

Сыныпты алға бастайтын

Мың бұралып би билеп

Әркез алға ұмтылған

Зарина мен Айдана

Әсемдікті ұқтырған

Жайсаң, жуас мінезі

Айғаным бар бір ізді

Тәрбиелеп баптаған

Анасына мың алғыс

Санасына жаттаған 4 «ә» сынып жетекшісі Гүлден Асылханқызы

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», «Тілашар» , дәстүрлі Наурыз тойлары , «Ханзадалар мен ханшайымдар» сайысы , «Алтын күз» мерекесі , «Анам екеуіміз», «Толағай» сияқты отбасылық сайыстар , мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік!

Вальс

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби — еркелер!

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән: « Ұстазым » орындайтын Аяжан .

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

Ән : «Үйретеді мектепте»

9: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?

10Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

11Дұрыс айтасың Данель ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

12Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

13 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

14 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

15 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

16 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

17 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

18 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

19 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

20 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

21 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

22 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.

23 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: «Ұстазым» ор-тын Ақмарал

24: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

25Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

26Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде бізді ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

27оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

28 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

29 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

30 оқушы:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

31 оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

32 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

33 оқушы : бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

34 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

35 оқушы:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика,химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

36 оқушы:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

37 оқушы: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

38 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Мұғалімдер бағалар.

39 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

40 оқушы:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Индира апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

41Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі

Шет тілімен шәкірттерін қашанда

Айсұлу апай сусындатып жүреді

42Бұл тілдің сан қырларын бағындырған

Сабақтары біздерді сағындырған

Гүлмира, Гүлсара апайлар сөйлеп кетсе

Орысыңның өзінде жаңылдырған

43Табиғат сыйлағанда сұлулығын

Жанаттай ағайымдай ұғынды кім?

Пейзаж, натюрморт, кескіндеме

Ешқайсысы таң емес маған бүгін

44Марғұлан ағай саналады жеке дара

Мектепте онсыз өтпес онсыз шара

Деніңіз сау болсын деп тілейміз біз

Әніңізді жаттаған әрбір бала

45Кім білмейді мектепте Гаухар апайды

Спорт десе жоқтан ол бар жасайды

Қашанда спорт залдан табылатын

Сыйлаймыз біз шынықтырушы Ердос ағайды

46Монитор, пернетақта сөздің басы

Өрмелейді компьютермен өрге тасың

Бүгінде жаҺандану заманында

Толқын апайымның зор ғой бізге «бәсі»

ӘН: « Мейірбан ұстаз » ор-тын Таңшолпан

Би : « Ча-ча-ча» Аяулым, Серік, Данель, Арғын

47Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

48Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

49 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

50Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

51Иә, дұрыс айтасың Айғаным. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

52 оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

53 оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән «Аналар» ор-тын Ақмарал

«Грузин биі» ұлдар тобы

Би: « Таңғы жаңбыр » қыздар тобы

Ән « Бастауышым-балбұлағым» Ақмарал, Данель

54Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

1 жүргізуші Келесі құттықтау сөзді мектебіміздегі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Искакова Жанара Төлеубекқызына береміз.

Келесі сөз директордың орынбасары Жұртыбаева Гүлмира Бейсбековна мен Каирбекова Зауре Айтбекқызына беліледі

2 жүргізуші:Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.

1 жүргізуші

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды. Бірге: Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Аттандық
бала шақтан болашаққа!

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты:

1.       
Білімнің
сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып
қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса
отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін
таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын
құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы
болуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі
сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар
еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта
буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың,
күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,
жүргенін көрген бір мұрат, —

дегендей, бұл да бір
қуанышты күн.

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені,
биік ас
уға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады
. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған
бастауыш сыныбымен қоштасып
, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде
өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге
дайын.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты
ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар,
ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен а
қ жаулықты апалар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан
болашаққа!
» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей
отырып тойымызды баста
уға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:        Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар

                             
Білім
іздеп инемен құдық қазғандар.

                              Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

                              Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші:        Қош келдіңіздер ақ
жаулықты аналар мен әкелер,

                              
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер

                               Бүгін
міне, бастауышпен қоштасады

                            
 Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!

1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді
ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын
қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2 жүргізуші:  —
Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен ,
алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен
қоштасқалы отырмыз.

1 жүргізуші:  Тарыдай болып
кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді
үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала
шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргіуші:  Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырайық.

1 жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4  сынып түлектерін  ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

1-жүргізуші:        Армысыздар жас достар

                               Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші:        Білім деген ғажаптың

                              Келешегі қазақтың

                              Басталады сендерден.

Айдос:           Қоштасу тойын
бастайық,

                               Ән мен биге
басайық.

                               Өнерімізді
көрсетіп,

              
         Құрметіне бұл тойдың.

                       
Ән мен шашу шашайық.

Лейля:                  Армысың
сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр
алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан
білім шырағын,

Мақтан етем сені
мәңгі мектебім.

Мектеп деген білім
кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның
ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші
адамға

Мектеп деген
даналардың мекені.

Азамат:                Мектебім
– білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім,
артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы
ата –анамдай,

Әрқашан қасиетті атың
маған.

Арада өтсе дағы
дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай
бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын
өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің
серті деп біл.

Нұрия:                  Өтті
оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

                                   Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл — білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Бекет:
                  Есігіңді
ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім
сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі
ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені
таба алам ба?

Мектебім – мәңгі
бапкерім

Қарызбыз саған
бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі
біз.

І жүргізуші:      Армысың сен
, алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

ІІ жүргізуші : Олай болса
Арай алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Слайд: «Мектептегі мерекелер».

Көрініс: (ортаға қария мен 5
оқушы шығады)

1- оқушы

Ата, ата, арман деген не? — депті
жігіт

Арман дегеніміз —
ақыл-ойдың шындығы.
Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті
болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді,
ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

2— оқушы

  Дос табу оңай ма? — депті қарт.

  Ата, дос табу
ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Жоқ, балам, өмірде дос
табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана
боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

3- оқушы

Үйдегі алтын қазығың
кім? – депті қарт.

— Ата,
үйдегі алтын қазық — бала, депті жігіт.

— Жоқ,
балам, үйдегі алтын қазық — ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана —
ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың
қанатың. Ананы
сыйламағанның ақылы кем, әкені сы
йламағанның жақыны кем, — депті қарт.

4 — оқушы

   Өмір сүру үшін не қажет? — депті
қарт.

   Ата өмір сүру үшін
алтын, ақша, нан, мал қажет, — депті жігіт.

   Жоқ балам, адамның
өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз —
дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

5-оқушы


Адамға ақыл беретін кімдер? — депті қарт.

— Ата,
ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

Жоқ, балам, адамға
ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз
шәкіртіне айтады. До
стықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең
қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын
кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

ІІ-жүргізуші: Дұрыс айтасың:

Ұстаз
еңбегі — ұлы еңбек.

Сондықтан
да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын
жүріп анық бас,

Еңбегің
кетпес далаға

Ұстаздық
еткен жалықпас

Үйретуден
балаға, — деп айтуында терең ой жатыр.

І-жүргізуші:  Олай болса, келесі
өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.

Қалима:        Есімде алғаш ұстаздың
қарсы алғаны

 Айқара есік ашып
тасталғаны.

Бір мереке думан
болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа
апарғаны.

Енді, міне сағымдай
боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба
екен, кім біліпті.

Ұстаз – ана жасады
мына бізден

Ел таң қалар азамат
бір – бір мықты.       

Роза:               Әлі
есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

                     
 
Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Лейля:                  Ұстазым ғой әліпбиді
үйреткен,

Көкейіме көрік беріп,
гүл еккен.

Мені оқытып,
өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды
нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы
жаны бар,

Жақсылықтың шырағы
боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен
бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек
сөзін қабыл ал.

1-жүргізуші:        Айдында аққудай
сылаңдаған

                           
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

2-жүргізуші:     
Шықсын
енді ортаға биші қыздар

                            Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би:

1-жүргізуші:        Болмасаң да, ұқсап бақ,

                               Бір
ғалымды көрсеңіз.

                               Ондай
болмақ қайда деп,

                              
Айтпа ғылым сүйсеңіз, — деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар
өнегелерін бойымызға сіңірдік.

Күй:

ІІ жүргізуші: Келесі кезекті сөз 4 жыл бойы
білім берген ұстаздарымызға беріледі.(оқушыларға дипломдар тапсырылады)

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар
әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан
– жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.

Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тіріиісің өзі?

Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын.
Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді
деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын
зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп –
бүтін ғой?

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана
тілі оқулығы боламын. Мен үшін қагшама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар
оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрініңкі. Мен де
қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.

Сонымен күнім не болды?
Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о – ой өткен
күнім есіме түссе, сай – сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен
Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын
аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып,
кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.

Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып
қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлады.

Бірақ шындығын айтқанда
әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой!

Математика: Енді бізді қайтер екен?

Қазақ тілі: Жинап – жинап, отқа тастайды.

Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!

Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.

Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді
қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?

Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар
емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.

Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына
түсейік!

Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе
берсін!

1-жүргізуші
:
Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.

Би:

І  жүргізуші:

Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз
келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол — Сіздер.

ІІ-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты
аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен
жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге
дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар,
біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Ән

1-жүргізуші:   Ата-аналар атынан сөз
кезегі ………………………………………..

………………………………………………………………………………………………..беріледі.

(ата-аналардың ыстық
лебіздері)

І жүргізуші:

Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін деп ортаға  бишілерімізді  шақырайық.

Қазақ биі  

ІІ жүргізуші:

Достар, осы  бізді болашаққа не бастайды?

1 жүргізуші:  Ата- ананың 
ақылы

                        Болашаққа  деген 
сенім

                        Ұстаздың 
көрсеткен  жолы

  2 жүргізуші:   Ұстаз! Осынау 
сөзде  қаншама  мән – мағына  жатыр  десеңізші!

  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған   
батыр да, тілінен бал  тамған  ақын да   бәрі –бәрі  ұстаздан  білім  алған.
Сондықтан, ұлағатты  ұстаздар, сіздерге  бүкіл  адам  баласы құрметпен  бас 
иеді.

Хор: Ұстазым.

1  жүргізуші:

Құрметті  қонақтар, біздің  қоштасу 
кешімізге  болашақ  1 класс  оқушылары да келіп  отыр. Болашақ  оқушыларға  сөз
берейік.

Тақпақ

1.

2.

 2  жүргізуші:  Бүлдіршіндерге
бастауыш  кластың  кілтін  ұсынамыз

Айдос:

                Ғылымды терең  меңгеріп,

                Үмітті сендер ақтаңдар

                Мектепті үздік  бітіріп,

                Ұстаздың  болшы  мақтаны!

                 Шығыңдар  білім шыңына,

                 Аманат осы сендерге

                 Болыңдар  үздік  тағы да

                 Оқуда және еңбекте

( Бір оқушы  кілт  тапсырады )

 І жүргізуші:   Достар,  біз
бастауышпен қоштасып  тұрмыз. Алғашқы  ұстаздарымызбен  қоштастық.

ІІ  жүргізуші: Иә,   бізді 
болашақта  не күтіп  тұр  екен?  Қандай  асулар  бар  алда?

1  жүргізуші:

Оқу білім,  ізденіс  жолдары. Жаңа 
ұстаздар  күтіп  тұр.

ІІ жүргізуші:  Бастауышым – бал
бұлағым,
                          Алдым сенен балдың дәмін.
                           Әріп танып , білім алып,
                           Рахметімді жаудырамын.
 І  жүргізуші:  Өтті  сенде  қызық  шағым

                            Бастауышым 
балбұлағым

                            Қоштасар  күн 
жетті  міне,

                            Қимастықпен 
қол  бұлғаймын

 Қоштасу вальсі

2  жүргізуші:   Оқушыларымызға 
ақ  жол  тілей  отырып,  орта  буынға  шығарып  саламыз.

  хормен                       Қош  бол,
балғын балалық

                                       Қош
бол, сүйікті  бастауышым !

І  жүргізуші:   Осымен «Аттандық
бала шақтан болашаққа!»  атты  ертеңгілігіміз  аяқталды. Көріп 
тамашалағандарыңызға  көп- көп рахмет.  Қош,  сау  болыңыздар!

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала

отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.

(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)

(Музыка ойналып  тұрады. )

Дауыс:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Құрметті қонақтар ата-аналар!Балаларды тәрбиелеу және оқыту мен қамтамасыз ету жөніндегі2018-2019 жылдарға арналған!”Біз өмірдің гүліміз”бағдарламаасын жүзеге асыру аясында мектеп алды даярлық сыныбының қоштасу кешіне Алімхан.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп базасындағы тірек мектебінің мектеп алды даярлық тобының түлектері “Бақытты балалық шақ”ұшағымен келіп қонады.Кеш барысында қол телефондарыңызды өшіріп,әр сөздерін мұқият тындап,өнерлеріне тамсанып,қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!Кешімізге қош келдіңіздер!

1жүргізуші:

         — — Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 

2жүргізуші:Өтті  қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар  мектепке,

 Бір белестен өттіңдер.

 Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық

Балалар хор:

Үлкендерге сіз

Кішілерге сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

1жүргізуші:

Өсті міне  бойларың

Өсті ақыл-ойлары

Қуанышқа  ортақпын,

Құтты  болсын тойларың!

 2жүргізуші:     

Айналайын, балалар,

Алда мектеп- ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар

1жүргізуші: Балалар біз қай елде тұрамыз?

«Біздің Қазақстан», «Отан» .

— Қандай ауылда, кентте тұрасындар ?(Ақадыр кенті)

— Қай мектепте оқисыңдар,Мектептерін кімнің атымен аталады?(Әлімхан Ермеков атындағы мектепте)

-Қай сыныпта оқисыңдар?(даярлық сыныбында)

Ендеше, балалар Отанымыз Қазақстан, анамыз,ұстазымыз,мектебіміз жайлы не білетіңімізді ортаға салайық .

Қазақстан,Отан

Ана

Ұстаз

Мектеп жайлы тақпақтарын,хорларын айтады.

Есік қағылып , көгершіндер кіреді.

Хор:»Біз мектепке барамыз»

Есік қағып көгершін кіреді.

2жүргізуші:

Балалар қарандаршы бізге қонақ келді.Бұл көгершін құсы.Бізге өзімен бірге хат әкеліпті.Хатта не жазылған екен оқып көрейік.

— Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.

І тапсырма Сауат ашу сабағынан

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2-ге,дауысты дауыссыз)

2.Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?(қызыл)

3.Дауыссыз дыбыстар ше?(көк)

4.Мына сөздерді оқып береміз?(Айша,Айна,Ана,маса)

5.Сөздерді буынға бөліп оқы?(Бо-та, қа-ла, да-ла, ша-на.)

ІІ тапсырма Математика сабағынан.

1. 1ден-20ға дейін санап,кері санаймыз?

2.Геометриялық фигураларды атап айтамыз?

3.Сандардың көршісін тап?

Би: Құстар

Жүргізуші:
Шаттыққа толы жанары
Сыйлайды нені кім білсін
Мектепке кетіп барады
Талабы таудай бүлдіршін.
Балалардың қадамы құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын

Ән: Қайрулла Іңкәр « Ақ мамам» әнімен

Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Гүлдер»

Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді

Ойын «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты:Төрт-төрттен ұлдар бөлінеміз, Геометриялық фигуралар бар осы фигуралар арқылы үшбұрыш және шеңбер құрастырамыз

Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді

Ән:Тұлпарым

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- деп ортаға Микки маус биімен қыздарды ортаға шақырайық.

Би:Микки маус

«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз ба?
  4. Ақылды бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
  7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  9. Екі алғанда жылаймыз ба?
  10. Оқушы біз боламыз ба?

Жүргізуші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

  1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
  2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
  5. Сериал көріп жатасыз ба?
  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
  9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Би:Вальс

«Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.

Сөздің кезегі бастауыштың оқу ісінің меңгерушісі Тлеужанова Гүлім Сапарқызына беріледі.

2жүргізуші:

Сүйікті балғын бала шақ.

  Сендердікі болашақ.

  Озат болып оқыңдар,

  Ойға білім тоқыңдар

( Балалардың мадақтамаларын тапсыру)

Хор:Даярлықпен қоштасу

 1жүргізуші: 

—  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.

    Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,    ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)

Дауыс:міне,біздің кешіміз аяқталды.Біз сіздерге қызықты кезендерін көрсете алдық.Біздің тілеріміз сіздерге бақыт,шаттық,береке,мереке.

Назым Ербаева

Басқа материалдар

Автор: Жаңбырова Тоғжан
№9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ақтау қаласы Маңғыстау облысы

Сценарий тақырыбы: Бастауышпен қоштасу
Сценарий мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Есен : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Гаухар: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Тұралбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Айнұр:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Есен : Дұрыс айтасың Айнұр ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Айнұр : Олай болса Есен алтын ұя мектебімізге арнап
Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Слайд: «Мектептегі мерекелер»

Тұралбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән : «Үйретеді мектепте»

Гаухар: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?

Айнұр :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Тұралбек:Дұрыс айтасың Айнұр,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Есен : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

9 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

10 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.

16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғысмына отты жүректерден!

Ән: Б.Бисенова «Ұстазға мың тағзым»

Есен: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Тұралбек: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Айнұр: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Гаухар: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

20 оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

23 оқушы:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

24 оқушы: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

26 оқушы : бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

28 оқушы:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

29 оқушы:Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

30 оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

31 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5-шіге барған соң,
Айжан апай бағалар.

32 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

33 оқушы:Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Айнұр апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.

ӘН: «Бастауыш- балбұлағым»

Тұралбек: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Гаухар:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

34 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Есен:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Айнұр: Иә, дұрыс айтасың Есен. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

35 оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

36 оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән Б. Бисенова « Мама»

Айнұр: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұситаздарымызға береміз!

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мектеп директорының құттықтау сөзі
Марапаттау рәсімі

Концерттік нөмірлер:
1. Ұлдар хоры: Ән Б.Бисенова «Тұлпарым»
2. Би: «Сарыжайлау»
3. Көрніс «Кітаптар мұңы»
4. Күй : « Кеңес» Күзембаев М.
5. Би: «Қаражорға»
6. Қыздар хоры: Ән:Б. Бисенова «Әже»

Қорытынды сөз
Ән: Б.Бисенова. «Ең соңғы қоңырау»

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

МҚКК № 8«Тұлпар» бөбекжай-балабақшасы

Балабақшамен қоштасу.
Ертеңгілік.

Музыка жетекшісі: Сагинова Н. А.

Хромтау қаласы
2017 ж.
Музыка ойнайды, екі бала кіреді.
1Бала: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі күн ерекше.
2 Бала: Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
Сүйген өз ұл, өз қызын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай…
1Бала: Дильназ, балаларды шақырайық… (шығып кетеді)
Жалпы кіру
1: Қуантамыз, сыйлаймыз 
Бақшамызды қимаймыз.
 
Биіл күзде мектепке
 
Біріншіге барамыз.
 
2: Халқым бізге сенеді,
 
Ұрпақ оған қуаныш.
 
Ұстаз жақсы көреді,
 
Балаларды тіл алғыш.
 
3: Мектепке енді барамыз,
 
Үлгілі оқушы боламыз.
 
Жақсы оқып сабақты,
 
Кілең бестік аламыз.
 
4: Балалабақша есігін
 
Сәби болып ашқанбыз
 
Балапандай мәпелеп,
 
Өсірді бізді бақшамыз.
 
5: Жеті жасқа толамыз
 
Әдепті бала боламыз.
 
Қуантып ата-ананы,
 
Мектепке кетіп барамыз.
 
6: Болсын кіші бойымыз,
 
Биікке ұшып ойымыз.
 
Өсіп оймен санамыз,
 
Өмірге жол саламыз.
 
7: Баулап баптап өсірдіңіз
 
Балалық етсек кешірдіңіз.
 
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
 
Ұмытпаймыз өзіңізді.
 
8: Бұл алғашқы қадамым,
 
Таудай менің талабым.
 
Білім нәрін алуға,
 
Мен мектепке барамын.
 
9: Мектепке ертең барамыз,
 
Оқимыз, сауық құрамыз.
 
Қашық емес арамыз,
 
Бақшаға келіп тұрамыз.
 
10: Аялап, баулып өсірген,
Қателік етсек кешірген.
Оқытып бізді үйреткен,
Көңілге құйған қуаныш.
Бұл кім?
Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді).
1-тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді бүгінде
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде
Қоштасатын шақты ұғып.
2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
Ән «Біріншіге барамын»
1-тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Кәнекей кішкентай түлектеірімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қояйық. Балалар, бүгінгі күн сіздерге сиқырлы, көп ғажап сәттер сыйлайды.
 (Балалар орындарына отырады. Есікке түрткені естіледі. Залға үлкен әдемі қоробшаны кіргізеді: «Түлектерге сыйлық».Ішіндегі хатты жүргізуші оқиды. Қоробшаны ашса, ішінен кіші топтын баласы шығады, аузындағы соскасын түкіріп жіберіп:
Бала А-ааа, бұл недеген сұмдық? Барлығы мерекеге жиналған, тойлап жатырсыңдар. Ал бізді ешкім шақырмаса да, өзіміз келдік! Достарым, келіңдер!
(қолымен былғап, достарын шақырады. Тақпақтарды оқиды.)
1 бала: Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе үйрендік.
Шығарып сап мектепке
Құттықтауға біз келдік
2 бала: Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді,
Ойыншықтар мұңайып
Іздейді-ау енді сендерді.
3 бала: Өздеріңді олар да,
Сағынады біліңдер
Бізбен бірге ойнауға,
Келіп-кетіп жүріңдер

Жүргізуші: Балалар, бүгін сендердің ойыншыктарын да көңілсіз. Сендерді қимайды. Бірақ сендер олармен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанасындар. Олармен коштасып, би билейік.
Би кіші топтын балаларымен «Ойыншықпен қоштасу»
( Лунтик әуенмен залға кіреді)
Лунтик: Мен- мейрімді  Лунтик
Туылдым мен Айда.
Жер бетінде белгісіз,
Қалай пайда болғаным.
Жер бетінде әдемі, белгісіз бар көп заттар,
Ғажайып қой бұл әлем
Бар ғой осында көп қызық
Саламатсыздар ма! Қандай әдемі балақайлар! Сендер кімдерсіңдер?
Жүргізуші: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр, біздің балалар мектепке кеткелі жатыр.
Лунтик: Мектеп? Не ол? Неге қажет?
Жүргізуші: Лунтик, білесіңбе, мектепке білім алуға барады. Сан түрлі ғылымдарды зерттейді. Мысалы, математика. Бұл ғылым санауды үйретеді.
Лунтик: мен де мектепке барғым келеді.
Жүргізуші:  Жарайды, сенің мектепке дайындығынды сынап көрейік. Есеп шығарып көрейік. Мысалы, сенің қалтаңда 2 алма бар.
Лунтик: (қалтасынан іздейді)Қайда? Жоқ, менің қалтамда ештене жоқ!
Жүргізуші: жоқ, бұл есепте айтылған. Мысалы сенде 2 алма бар. Жақсылық, 1 алманы алса. Қанша қалады?
Лунтик: 2!
Жүргізуші: неге?
Лунтик: мен Жақсылыққа бермеймін.
Жүргізуші: Сондада да, Лунтик, сенен 1 алманы алса қанша қалады?
Лунтик: қалмайды!
Жүргізуші: неге?
Лунтик: мен жеп қоюға үлгерем!
Жүргізуші:Лунтик, Есепті шығара алмайды екенсің. Ал достарыңмен міңдетті түрде бөлесу керек. Енді қара біздің балалар есепті қалай шығара алады.
1.Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?

2. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың!
3.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
4.Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
5.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?

Ойын «Орныңды тап»
Лунтик: Жарайсыңдар, достарым. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Ал мен онда өз еліме барып математика ғылымын үйренейін. Қош сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін
Жұмбақ: Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп тың жауабы (Компьютер)
Ия, дұрыс. Ұлдарымызды болашақ програмистерді қарсы алыңыздар.
Би «Программистер»
Жүргізуші: Қалай ойлайсыңдар, компьютер мектептің оқуын ауыстыра алама, себебі ол бәрінде жасай алады ғой?
Дауыс естіледі «Әрине, компьютер бәріненде күшті. Мектептің қажеті де жоқ»
(Залға Жалқаубек кіреді құлаққаппен, планшетпенен)
Жалқаубек: Сәлем жігіттер, қыздар. Кітаптарды оқуға не керек? Кәзіргі заманда ешкім кітап оқымайды. Міне, интернет деген ең керемет зат. (Жалқаубек планшетпен ойнап тұрады)
Жүргізуші: МынаубіздіңЖалқаубек қой, ол да сендер сияқты мектепке бару керек.
Бірақ не істейтін білмейміз, күнде компьютер ойнайды, мектеп ойында да жоқ.
Сабаққа дайындалғысы келмейді, ерініп отырады. Жалқаубек сен мектепті ойлау керексің ғой.
Жалқаубек: мектеп! Мектеп! Мен неге оқуым керек, мен өзім жүрген интернетпін!
Әдебиеттердің де керегі жоқ, кім оқиды сол шаршайды. Санауға да мен ерінемін.
Жүргізуші: Жалқаубек, оқу керек, үйрену керек. Болашақта Отанымызға көмегіңді тигізесін.
Ән «Балдырғандар»
Жалқаубек: Ой, бұл бекер сөз ғой. Тек ертегілерде өтірік оқиды.
Жүргізуші: Баяғы заманнан бастап адамдар білімге өте көңіл бөлген. Нанбасан, сиқырлы сағатыңды жүргізіп көр?
Жалқаубек: сиқырлы сағат? Шынында да сағаттың көмегімен қазіргі кезде болашаққа, өткенге саяхаттауға болады екен ғой, ия?
Жүргізуші: Көр, содан соң білесін.
(Жалқаубек сағат тілін жылжытады, әуен естіледі, жарық жылтылдайды)
Жалқаубек: Не болып жатыр? Бұрыңғы заманда не болды кен көрейік?
(Әуен естіледі, залға хан кіреді)
Хан: эй, Қасым, не деген ақымықсын. Мынау не? Болашақта қазақ хандығын қалай басқарасын? Сен барлық ғылымдарды білетін, өзге тілде сөйлей алатын данышпан болуын керек. (қамшымен қорқытады) Саған бүкіл халық қарап тұр, ал сен болсаң «Үш жүз» қалай жазылатынын білмейсің. Мені халыққа масқара еттің.
Қасымханның. Қалай білмеймін? Ұшжүз.
Хан. Әлде сен білесің бе? (Хан Жалқаубекке айтады)
Жалқаубек. Мен….білмеймін…. Бұндай сөздерді қайдан үйренесіңдер?
Қасым Хан. Қайда, Қайда? мектепте!
Хан; Жүр балам біздің ауылда той болып жатыр, той бітіп қонақтарды шығарып салайық, сонан соң мен саған өзім барлығын үйретемін.
Би «Асатаяқ»
Жалқаубек: Иәәә. Мен ол туралы ешнәрсе білмеймін…
Жүргізуші: Жалқаубек, сен қамықпа, оқымастан бұрын, алдымен әріптермен танысу қажет. Міне, қарашы біздің бүлдіршендеріміз әріптердің барлығын таниды.
(Ойын «Әріпті тап»)
Жалқаубек; ия,сендер барлық әріптерді біледі екенсіңдер.
Жүргізуші: Біздің балаларымыз әріптерді тани қоймайды, сонымен қатар ноталарды да біледі.
Ал, балалар, аспаптарды
Қолдарына алыңдар.
Мың құбылтып, мың бұралтып
Саз әуенге салыңдар.
(Оркестр «Турецкое рондо»)
Жалқаубек; өткен шақта не болғанын біз білдік ал енді болашаққа саяхаттайықшы (сағат тілін жылжытады, әуенмен робот кіреді)
Робот. Мен роботпын .
Жалқаубек, О. мынаны мен түсінемін. Темірден жасалған, басы жасанды компьютер
Робот. Зерттеуге арналған объект көріп тұрмын. Білімін тексеремін.(бақылау өлшеу аспабымен Жалқаубектін қасында жүргізеді) Білім деңгейі 0 %. Тезарада оқыту керек.
Жалқаубек. Мені тексеремекші болып тұр. Алдымен өзіңді тексеріп көрейік. (4жұлдызды жығарады)Ал енді сана 2+2 тең болады? (жұлдызды артына тығады)
Робот: 4
Жалқаубек .ал енді есепте (1тығады)
Робот. 2+ 1=4! Ой мен бұзылған шығармын. Маған кету керек! (шығып кетеді)
Жалқаубек Ия, Жалқаубек, компьютерді алдап кеттің, ал біздің балалларымыз өте ақылды, олар нақыз жарқыраған жұлдыздар
Ән «Біз кішкентай жұлдыздар»
Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндеріміздің мектепке баратын сөмкелеріне оқулықтарын,оқу құралдарын әрдайым реттеп салады. Мектепке ұстайтын сөмкені қалай жинау керек екенін жалқаубекке көрсетейікші. Ал ата аналарымыз бізге көмекке келеді..
Ойын «Портфель жинау»
Анасы бір байлам гүлдерді жинайды, әкесі шарларды үрлейді, бала керек құралдарды портфельге салады.бәрін бітіріп, бірге қол ұстасып, жүгіріп қоңырауға соғады.
Портфельмен би
Жүргізуші: Міне Жалқаубек мына сөмкені ала ғой. Бізбен бірге 1 қыркүйек күні мектепке барасын.
Жалқаубек: рахмет, мен енді түсіндім. Мектепсіз оқусыз бәрі бекер екен. (шығып кетеді)
Жүргізуші: Қараңдаршы, аспаннан жарқырап жұлдыздар түсіпті. Бұл жұлдыздар сиқырлы жұлдыздар кен.
Ойын «Менің мамандығым»
Би «Стюардесса»
Бала: Бақшаны әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап.
Өйткені ол баласындай
Бізді өсірді аялап
Барлығы:
Мың алғыс сүйікті бақшамызға,
Мың алғыс сүйікті апайларға!
Бала: Қош бол, әсем бақшамыз,
Қош бол, құрбы-құрдастар.
Қош, балалар бақшасы
Алғаш ашқан есігім,
Қадіріңді білерміз
Біз шалғайда жүрсек те!
Ән «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші:Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Бұралып тал шыбықтай тұла бойы
Шаттық пен күлкі үйіріле келбетіне.
«Қоштасу» вальсі
Жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

«Қош бол, құтты БАСТАУЫШ!»

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт — сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бақытты балалық шақ» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып және білім тексеруге арналған сұрақтар.

Ашылуы: музыка ойнайды, ар жақтан оқылады:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым

Азық болар, мәңгі талай жылдарға

«Қаражорға» — «Жанерке би тобы».

Музыканың ырғағымен ортаға екі жүргізуші шығады.

Таңжарық:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,Білім іздеп инемен құдық қазғандар.Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!

Ақманат:Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,Лаулап жансын болашағың, шамшырақ…

Таңжарық:

Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен Абай орта мектебінің киелі шаңырағында болғалы отырған «Қош бол, құтты — Бастауыш!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Ақманат:

Құрметті ата — аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Таңжарық:

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.Қошеметпен шақырамыз ортаға,Қадам басқан шәкірттерін құрметті.

Ақманат:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз даМұндай күй болған сірә қаншаңызда.Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,4 – сынып түлектерін ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.

Таңжарық:

Бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар. Мектеп директоры – Билялова Санар Сапарқызы, оқу ісінің меңгерушісі – Қасымова Гаухар Нұрғалиқызы және тәрбие ісінің меңгерушісі – Қаныбек Бақытжанұлы.

Ақманат:

Ажырамай мектеппен бір елі сіз,Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.Сөз берелік құрметпен өзіңізге,Түлектерге арналсын тілегіңіз, — дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз кезегін білім ордамыздың басшысы Санар Сапарқызына береміз.

Таңжарық:

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.

Ақманат:

Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!Әсет:

Бала шаққа болашақты жырлатып,Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Алсу:

Армысыздар, әжелер мен аналар,Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Әсет:

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,Қыран құстай балапанын мәпелер,Бүгін міне бастауышпен қоштасады,Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Алсу:

Иә Әсет, енді жүрегімізден шыққан лебіздерімізді ұстаздарымыз бен ата-аналарымызға арнамаймыз ба!

Әсет:

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталды жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған,-дей келе алғашқы ән шашуымыз метебіміздің басшысына арналады.

Алсудың орындауындағы «Ұстазым менің, ұстазым!» әнін қабыл алыңыз.

Билялова Алсу – «Ұстазым менің, ұстазым!»

Әсет:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, — дей келе келесі әншашуымызды директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арнаймыз.

«Ұстазым менің, ұстазым» – хор.

Әсет:

Армысың сен алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мектебіме арналады бұл әнім.

Алсу:

Дұрыс айтасың Әсет! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамын.

Әсет:

Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.Арай:

Мектеп деген білім кені жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамға,Мектеп деген даналардың мекені.

Данияр:

Мектебім білім берер алтын ұям,Ер жетіп сенде өсіп артты санам.Баулыған 4 жыл бойы ата — анамдайӘрқашан қасиетті атың маған.

Айару:Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,Өзіңе борыштармын өмір бойы,Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Айман:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі,Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ұлболсын:

Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Анель:

Мектеп – үйім, ұстазым менің ата — анам,Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламСаяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Аружан:

Мектебім – сүйікті мектебім.Бауырыңда түлеймін көктеймін.Сен – бұлақ, мен – қайың бүр ашқан,Өзіңнен нәр алып көктедім.

Рамина:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,Барар жерге тез жетеміз.Төрт жыл алған білім нәрін,Азық етіп ер жетеміз.

Алсу:

Алтын ұя мектебімізге арналған «Мектеп-ана» әнімізді қарсы алыңыздар!

Хор: «Мектеп-ана»

Алсу:

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән — жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әсет?

Әсет:- Иа, расымен де алғаш мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған 6 жасар бүлдіршінге қаламсапты ұстатып үйретіп, 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымыз Бақытнұр Шәріпханқызына құттықтау сөз кезегін берейік.

Бақытнұр Шәріпханқызының құттықтау сөзі.

Әсет:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Алсу:

Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Эльмира:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,Бар асылын бізге жиып, мол береді.Қанатымен су себелеп асыл жан,Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.Индира:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,Жирендік, ажыраттық жамандықты.Жалғастырар ақ жолың сенің салған,Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Әнел:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?Мейірлене қарап қойып біздерге,Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.Айғаным:

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім…Басталған ақ батаңнан жас талабым.Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,Ұстаздың ұлағатынан басталарын.Гүлдана:

Мұғалім ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың, даналардың.Өмірде сенің алар орыныңа,Бірі де жеткізе алмас бағалардың.Ялана:

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.Сағына әркез суреттерді парақтап,Шәкірттерін жиі еске алатын.Бәрі:

Мың алғыс сізге біздей түлектерден,Мың алғыс отты мына жүректерден.

Алсу:

Келесі ән шашуымыз алғашқы ұстазымыз – Бақытнұр Шәріпханқызына арналады.

Бекеш Әнел: «Ардақты ұстаз»

Әсет:

Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби — балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.Алсу:

Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.Әсет:

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Бастауыш сынып туралы ән-жырларымызды қабыл алыңыздар.

Саликова Айғаным: «Мектеп-кеме, білім теңіз!»

Алсу:

Мектеп – кеме, білі – теңіз,Барар жолға тез жетеміз.Адаспаймыз ұлы жолда,Ұстаз берген білім қолда.

Әсет:

Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.

Алсу:

Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған.

Әсет:

Өз білімімізді тексеру үшін экранға назар аударайық.

Сұрақтар:

Алсу:

Ыстық — ау, кім — кімге де әке деген,Суыққа шалындырмай, мәпелеген.Өмірдің соқпағымен өрге тартып,Алдымен адам бол деп жетелеген, — дегендей әкенің орны бөлек ау.

Әсет:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,Аумайсың жарығы мол ашық күннен.Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.Ақылды балаларың оны білген.

Алсу:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Әсет:

Иә, дұрыс айтасын Алсу! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың а…

Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. Назарларыңызға 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған «Қош бол, бастауыш» атты мерекелік кештің сценариін ұсынамыз. 

«Қош бол, бастауыш»

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «Ә» сыныбын ортамызға.

(Оқушылар ортаға шығады)


Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

1-оқушы:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


2-оқушы:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

3-оқушы:

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4-оқушы:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.


5-оқушы:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

6-оқушы:

Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.


7-оқушы:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

8-оқушы:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.


9-оқушы:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

10-оқушы:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

11-оқушы:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


12-оқушы:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

13-оқушы:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

14-оқушы:

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.

15-оқушы:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.

Хор: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, — дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.

16-оқушы:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

17-оқушы:

Ұстаз – дана

18-оқушы:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

19-оқушы:

«Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.


20-оқушы:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

21-оқушы:

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.


22-оқушы:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

23-оқушы:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

24-оқушы:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Хор: «Ұстазым менің ұстазым»

25-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

1-оқушы:

Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.


5-оқушы:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

10-оқушы:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!


15-оқушы:

Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

20-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

25-оқушы:

Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып, мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.

Хор: «Анашым»

3-оқушы:

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.


7-оқушы:

Көпшілікке өнерді,

Көрсетейік керемет.

(Балапан биі)

13-оқушы:

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Барлығы бірге:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!


Ең соңында сынып жетекшісі оқушыларына арнап тілек айтады.

Жолдаған: Алма Джансыкбаева

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

«Қош бол ,жылы ұя» ертеңгілік іс-шара

Балалар вальс биімен шығады.

Би:Вальс

 Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады.

Тәрбиеші: Бесіктегі баланың

                      Күлгенің көрген бір мұрат

                      Алдына түсіп ананың.

                      Жүргенін көрген бір мұрат.

Тәрбиеші:Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда

                      Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда

                      Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

                      Балдырған бүлдіршін түлектерді.

Дінмұхамедқызы Анель-Бекболат айару

Бірлік Жалғас-Тарғынбеков Бекжан

Уадутбек Айлуна-Қанатқызы Жасмин

Ахан Талант-Тұрғынов Нұралы

Минерал Айару-Талғатбек Инабат

Қабылжан Аңсар-Қайыржан Ерсұлтан

Қалдыбаева Айлана-Маликова Айару

Балалардың тақпақтары.

Тәрбиеші: Мектеп ана шақырады бізді алдан

                      Алдымызда талай сан арман,

                      Қоштассақ та балабақшам сенімен

                      Санамызда өзін берген өнегең-дей отырып балалардың орындауында

Ән:«Балабақша әні»

Анель.Жанель.Инабат.Айлуна.М.Айару.М.Айару.Б.Айару.Айлана.Жасмин.

Тәрбиеші:Қоштасып мен бүгін балалықпен,

                      Қоштасамын сиқырлы балабақпен

                       Танысып мектеп деген әлемменен

                       Достасамын біліммен,даналықпен.

Музыка әуені ойналады. Маша кіреді.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге көңілсіз болып Маша келіп тұр екен.Маша сен бізге қайдан келдің?

Маша:Аюдан келемін.

Маша:Сәлеметсіздер ме кішкентай бүлдіршіндер!Мен сендермен бірге мектепке барып білім алып,үлкен азаматша болғым келеді.Бірақ маған аюдың тапсырмаларын орындау керек.Сол тапсырмаларды орындасам мектепке бара аламын.

 Мен бәрібір мектепке барамын.

Тәрбиеші:Балалар машаға тапсырмасын орындауға көмектесейік.Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Қазір мен аюдың 1тапсырмасын оқимын.

Ендеше біз сіздермен таным саласы бойынша математикалық ойын ойнайық.

Балалар үш топқа бөлініп отырады.

1 тапсырма.Баллалар сан жазылған оюды түстеріне сәйкес орындарына қойып есептін шешімін табады.

2 тапсырма.Жолақтар

3 тапсырма.Салыстыру.

Тәрбиеші:Көктем жаздың  кереметі көп екен,

                      Көбелектер әсем гүлдің сәні екен

                      Шақырайық олай болса дәл қазір,

                     Беларусь биімен кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алайық.

Би:Беларусь

Жалғас.Нұралы.Анель.Асыл.

Тәрбиеші:Бақша біздің панамыз,

                      Мектеп біздің анамыз

                      Ұлағатты ұстаздан,

                      Оқып білім аламыз.

Аюдың 2 тапсырмасы. Құрастыру.Әңгіме құрау.

Тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын,

                     Үміт сенім ақталсын

                    Ұмытылмай балбақша,

                    Көңілде мәңгі сақталсын.

Ән: Ел қорғауға әзірміз.

Орындайтын:Ұлдар

3 тапсырма. КІМ ЖЫЛДАМ ? ойыны. Жерде әріптер жатады ,балалар музыка қосылғанда билеп жүреді.Музыка тоқтағанда бір әріпті басып қалады.Сол әріпке байланысты сөз айтады.

Тәрбиеші:Мектеп деген білім кені,жыр кені,

                     Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

                     Мектеп деген тәрбиенің ұшқыны

                     Мектеп деген даналардың мекені.

Балалар мектепке барғанда көп нәрсені үйренесіңдер. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тыйым сөздер, жұмбақтар шешіп үйренесіңдер. Олай болса жұмбақ шешейік.

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

2.Сурет сала бастасаң,

Досың сенің бауырлас

3.Жазу үшін не қажет?

Ән: Елбасы

Орындайтын:Жалғас.Талант.Анель.Жанель.Айлуна.

Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

                       1.Мектепке біз барамыз ба?

                       2.Кілең 5-тік аламыз ба?

                       3.Айтқан тілді аламыз ба?

                       4.Ақылды бала боламыз ба?

                       5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

                       6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

                       7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

                       8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

                       9.2 алғанда жылаймыз ба?

                      10.Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші: Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

Ата аналар тақға өз жауаптарын айта отырып гүл күлтерін тақтаға ретімен орналастырады.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып,еспке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?

4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?

8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші:Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

                      Баршаңызға рахмет айтар балалар,

                      Балабақша көркі болсын әрқашан

                      Кейінгі бүлдіршін балалар.

Хор:«Қоштасу»

Тәрбиеші:Әннен кейін меңгерушіге сөз беріліп, дипломдар табыс етіледі. 

Сыңғырлаған қоңыраудың дауысы шығады- міне балалар, сендер енді мектепке барасыңдар, кітап алып, оқып білім аласыңдар! Балабақшаны ұмытпай келіп тұрыңдар! Сіздер- еліміздің ертеңісіздер, Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда! Ата-аналар! Мәпелеп отырған балапандарымыз аман болсын! Бүлдіршіндерімізге ақ жол тілейміз!

Ақ жолдың үстімен шығарып саламыз. 

МКҚК «Жұпар» балабақшасы

Қош бол, жылы ұя

Ертеңгілік іс-шара

Өткізген:Немзорова С.А

Сардарова Г.Ж

Амангелді 2016-2017 оқу жылы

«Қош бол ,жылы ұя» ертеңгілік іс-шара

Балалар вальс биімен шығады.

1.Би:Вальс

2.Балалардың тақпақтары.

3.Ән:«Балабақша әні»

Анель.Жанель.Инабат.Айлуна.М.Айару.М.Айару.

Б.Айару.Айлана.Жасмин.

Машаның музыкасы керек.

Асыл.Жалғас.Анель.Нұралы киім ауыстыру.Беларусь киім

4.Би:Беларусь

Жалғас.Нұралы.Анель.Асыл

5.Ән: Ел қорғауға әзірміз.

Орындайтын:Ұлдар

6.Ән: Елбасы

Орындайтын:Жалғас.Талант.Анель.Жанель.Айлуна.

7.Хор:«Қоштасу»

Қоңырау дыбысы керек.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий ?нер фестиваль
  • Сценарий ?йлену той казакша
  • Сценарий ?алай жазылады
  • Сценарии яндекс станции несколько команд
  • Сценарии юрия нагибина