Сценарий жана жыл балабакша ортангы топ

Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа де

«Кел Жаңа Жыл» ортаңғы топ ертеңгілігі

Ақшақар шығады, тақпақ айтады.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
Балаларды мерекеге шақырады.Балалар кіреді, шыршаны айналып тұрады.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: -Балалар, айналаға қараңдаршы, бүгін залдың іші әдемі болып кетіпті. Төрде жарқыраған ойыншықтармен безендірілген шырша тұр. Біз қандай мерекеге келдік?
Балалар:- Жаңа жыл мерекесіне келдік!
Жүргізуші: -Иә, дұрыс айтасыңдар! Ақшақар бізді жаңа жыл мерекесіне шақырды. Енді Ақшақармен бірге ән шырқап, би билеп мерекені тойлайық.
Ақназар:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген
Құлақ шынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Кәусар:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен
Айдай:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз ән саламыз.
Асылжан:
Жапалақтап ақшақар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Айбибі:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.


Айым:

Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жүргізуші: -Ақшақар, балалар сендер шана ойнын ойнағыларың келеді ме? Ендеше бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шанаға мінейік.
Ойын: “Шана”
Жүргізуші:-Осы қардан не жасауға болады?
Балалар:- Аққала.
(жарық өшеді. Аққала кіреді)
Аққала
-Сәлеметсіздерме, балалар! Қандай қуаныштымын, сендерді көргеніме.
Жүргізуші: -Ой, балалар, қараңдаршы, Аққала! Қош келдің, Аққала! Балалар сені өте жақсы көреді. Өзіңе арнап тақпақтар жаттады.
Айша:
Ауыл алды Ақшақар,
Ақшақарда балалар.
Кіп–кішкентай боп қана,
Соғып жатыр аққала.
Ескендір:
Аппақ күміс бар әлем,
Зымырайды шанамен,
Жиналып ап, бар бала,
Тұрғызамыз аққала.
Рауан:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп Аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Мансұр:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз.
Мөлдір:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.
Аққала:-
Рахмет балалар! Тақпақтарың жақсы екен ризамын! Енді мен

сендерді билеуге шақырамын.
Би: «Аққала»
Аққала: (шыршаға қарап)-Балалар, мына шыршаның шамдары әлі жанбапты ғой. Шырша шамын кім жағуы мүмкін?
Балалар: -Аяз ата.
Аққала: -Ендеше, Аяз атаны шақырайық!
Балалар: -Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
Аяз ата: (есік сыртынан) Естідім, естідім
Армысыздар ұлдарым,
Армысыздар қыздарым!
Асулармен алысқан,
Асу жолмен жарысқан
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші: -Аяз ата амансың ба? Біз сені сағынып күтіп отырмыз. Қош келдіңіз ортамызға.
Аққала:Армысыз,Аяз ата! Аяз ата біз шырша шамдарын қалай жағуды білмей тұрмыз. Енді өзіңіз жағып беріңізші.
Аяз ата:-Жарайды жағайын! (таяғымен жағуға тырысады, жанбайды) Жан –жағына қарайды. –Қап, неге жанбайды? Ааа, таяғым су болып қалыпты ғой! (гномдарды көреді) Оу, мұнда менің кішкентай көмекшілерім отыр екен ғой. Кәне, сендер көмектесіңдер.(Шамдарды ортаға қою)
Би: «Гномдар»
Би аяқталғанда Гномдар шырша түбіне шамдарын қалдырып отырады. Шырша тағы жанбайды.
Аяз ата:-Шамдар әлі жанбады ғой. (ойланады) Ә, таптым, таптым, Балалар шыршаға арнап ән айтып берейік, мүмкін сол кезде жанып қалар.
Ән: «Кішкентай шырша»
Аяз ата: Шырша әлі жанбады,ойланады. Балалар сиқырлы сөзді айтып қарайық. Мүмкін сол кезде жанар.
Балалар: Бір,екі,үш. Шырша шамы жана түс ( 3рет) Шырша жанады.
Аққала:-Міне, тамаша шыршаның шамдарын жағып айналамыз жарқырап кетті.
Жүргізуші: -Рахмет, Аяз ата! Шыршамыздың құрметіне Шырша биін қабыл алыңыз.
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Аяз ата,енді балалардың өзіңізге арнаған тақпақтарын тамашалаңыз.
Меруерт
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Мерей:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Амина:
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.
Адия:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Амир:
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.
Жүргізуші:
Аяз ата, балалардың сізге арнаған әндері де бар:
Ән: «Аяз ата»
(шыршаны айналады, ән біткенде балалар отырмайды)
Аяз ата: -Мен жолдан шаршасам да, балалар мен ойнаудан шаршамаймын.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата бізбен ойнағысы келеді. Ойын «Қар лақтыру»деп аталады. Ойын шарты түсіндіріледі.
Ойын: «Қар лақтыру»
(Аяз ата ойын ойнап шаршайды.)
Аяз ата:-Ой, балалар, бәрің епті, әрі жылдам екенсіңдер.Уһ! Шаршамаймын деп едім, бірақ шаршап қалдым.
Жүргізуші: -Аяз ата отырыңыз. Демалыңыз, қазір балалар өз өнерлерімен сіздің көңіліңізді көтереді, шаршағаныңызды басады. Кәне, балалар Аяз атаға арнаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.
Кәусар:

Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.


Нүрпейіс:

Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.
Інжу:
Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті ақ.
Кәмпиттерді көп берсе,
Тағы айтамын тақпақ.
Ақнұр:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Іңкәр:
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Арайлым:
Жап-жасыл шырша,
Орманның төрінде,
Шыршаны құрса
Керемет көрме.
Айша:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.
Жүргізуші:- Кәне, енді кішкетай ұлпақарлар Аяз атаға билеріңді билеп беріңдерші.
(Қолдарына шашақтар таратып беру)
Би: «Ұлпақарлар»
Аяз ата: -Жарайсыңдар, ұлпақарлар рахмет сендерге!
Аяз ата:-Ән тыңдадық,
Шын көңілмен қуандық,
Мерекені бітірейік,
Қайдасың қызым кетелік.
Жүргізуші:-Аяз ата, ал мына балаларыңызға сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата:-Қап, асығып жүріп орманда қалдырып кетіппін.

Аққала:-
Ата мен барып алып келейін. (Аққала шығып кетеді, осы кезде қапшық сыйлықтар шығып жүгіреді, артынан Аққала қуып шығады)
Аққала -Ұстаңдар, көмектесіңдер!
Аяз ата ұстай алмай қалады қапшық шығып кетеді
Аққала сыйлық салған мешокты сүйреп алып келеді
Аяз ата сыйлық таратады .
Аяз ата:- Рахмет қарақтарым! Міне, балаларым, Жаңа жыл құтты болсын! Келер жыл елімізге құт, береке әкелсін! Дендерің сау, бақытты болыңдар!
Жүргізуші:- Құрметті қонақтар кіріп келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, шаттық, молшылық тілейміз.

Жаңа жыл әнінен кейін:

Ақназар:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген
Құлақ шынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Кәусар:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен
Айдай:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз ән саламыз.
Асылжан:
Жапалақтап ақшақар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Айбибі:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Айым:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!

Аққала келгесін айтады:

Айша:
Ауыл алды Ақшақар,
Ақшақарда балалар.
Кіп–кішкентай боп қана,
Соғып жатыр аққала.
Ескендір:
Аппақ күміс бар әлем,
Зымырайды шанамен,
Жиналып ап, бар бала,
Тұрғызамыз аққала.
Рауан:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп Аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Мансұр:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз.
Мөлдір:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.

Шырша биінен соң:

Меруерт
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Мерей:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Амина:
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.
Адия:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Амир:
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.

Қар лақтыру ойынынан соң:

Кәусар:
Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

Нүрпейіс:
Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.
Інжу:
Аяз ата келді,
Бізге сыйлық берді.
Бір қолында шоколад,
Бір қолында мармелад.
Ақнұр:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Іңкәр:
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Арайлым:
Жап-жасыл шырша,
Орманның төрінде,
Шыршаны құрса
Керемет көрме.
Айша:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.

Қош келдің, жаңа жыл!


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • Aimir77
  • 15.02.2018
  • 0
  • 1
  • 37716

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 «Ақбота» балабақшасы
тәрбиеші: Калдыбаева Гулсара Балмухановна

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!

Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Бақыт, шаттық, тыныштық

Ит  жылы әкелсін бәрімізге

Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Кел, кел, Жаңа жыл» балалар шыршаны айналып жүріп айтады.

Жүргізуші: Балалар орнымызға отырайық. Ал ендеше жаңа жыл туралы тақпқтарымызды айтайық.

Қ.Мадияр:

Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Әнмен бимен қарсы алайық.

 Д.Мадияр:

Не ойласаң жаңа жыл
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балалар.

Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық, естімейтін шығар, қатты дауыстап шақырайық!

Балалар: Аяз Ата,  Аяз Ата, Ақшақар! (2-3рет)

Әуенмен Гном  жүгіріп келеді.

Гном: Хат бар, хат бар! Сәлеметсіздерме балалар! Қонақтар!

Жүргізуші: Хат дейсізбе, бұл хат кімнен? 

Гном: Аяз атадан оқыңыз.

Жүргізуші: Хатты оқиды. Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Асығып келе жатқанымда сыйлығым шашылып қалды. Мен келгенше Ақшақарды шақырып алыңыздар.Олай болса Ақшақарды шақырайық. 

Балалар: Ақшақар, Ақшақар. Осы кезде әуенмен Ақшақар келеді.    

Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!

Жүргізуші: Төрлетіңіз Ақшақар біздің балаларымыздың орысша тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар: Қуандық. Мунира.Муниса. Айару.  Айқын. Ақбота. Ғалымжан

Ән:

Балалар: 

Ақшақар:  Балалар, Аяз атаны шақырайық, шыршамыз көңілсізғой  шамдарын жағып берсін. 

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата! 

Аяз ата: 

Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!

Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.

Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады. 

Би: «Ақшақарлар биі»

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балабақшаға келгенше шаршаған шығарсыз отырыңыз? Аяз Ата шырша жанына орындыққа отырады. Ал біз ойын ойнайық.

Ойын:  «Кім көп шар жарады»

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын айтқысы келеді.

Арнат:

Қош келдің Аяз Ата
Болып бізге  сыйлы  қонақ
Қарсы аламыз құрмет етіп
Жаңа жылдың нұрын орап.

Ерасыл:

Шаттық нұр шаттық нұр
Дидарында шаттық нұр
Аяз Ата ортада
Арқасында қапшық жүр.

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!

Мунира: Аяз ата, мен ертегіден келген Ханшайыммын. Мен осындағы достарыммен би билегім келіп тұр.

Жүргізуші: «Вальс» биі

Аяз Ата: Өте керемет билейсіңдер екен.

Балалармен ойын ойнайық.

Ойын: «Пима ки»

Балалар пиманың бір сыңарын киіп, шыршаны айнала жүгіреді, бірінші келген жеңіске жетеді.

Аяз Ата балаларды мақтайды. 

Осы кезде қорқынышты әуен естіледі де  шыршаның артынан Мыстан кемпір шыға келеді.

Мыстан кемпір:  Ха-ха-ха. Сізге шырша жоқ.Сындырамын шыршаны. 

Эй-эй, қарақшылар би билейік, шыршаны сындырайық. 

Жүргізуші:  Мыстан кемпір біздің кішкентай қарақшылар сізбен би билегісі келіп тұр. Соны тамашалаңыз. 

Би: «Қарақшылар»

Ойын: Ата-анамен жаңа жыл туралы ойын ойналады.  

Аяз ата:  Мыстан кемпір тектігіңді қой былай болмайды. Балалардың тақпақтарын тыңдайық. 

Тақпақтарға кезек берейік. 

Қуандық:
Сықыр-сықыр басқанда,
Жылтылдайды ақшақар.
Ақшақарға аунайды,
Сағынғандай балалар.

Абай:
Шаттық нұр,шаттық нұр,    
Дидарында шаттық нұр.
Аяз ата ортада,
Арқасында қапшық жүр.

Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Аққала»

Маханбет:  (Гном)   Аяз ата бүгін меніңде гном достарым көп екен. Солармен би билеп берейін.

Би:  «Гномдар» 

Осы кезде Мыстан кемпір құлайды.

Жүргізуші:  Мә-ә Мыстан кемпірге не болды гномдар түртіп қараңдаршы.

Мыстан кемпір: Айқайлайды.
Тары-бары растабары,
Елка-шырша-каламбей.
Шуры-муры-шары-вары,
Самба-ламба, Вилки-вэй. Гномдарды қуалайды.                                    

Жүргізуші: Аяз Ата, таяғыңызбен Мыстан кемпірді сиқырлап тастаңызшы, балаларға кедергі болмасын. Аяз ата Мыстан кемпірге таяғын тигізеді.

Мыстан кемпір:  Кешірім сұрайды, қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, балалар ән орындағысы келеді.

Би: Салтанаттың «Тауыс» биін тамашалайық.

Ән: «Аяз ата» ( балалар шеңбер бойында орындайды)

Жүргізуші:Аяз ата,Ақшақар  біздің балаларымыздың ағылшын тіліндегі тақпақтарына кезек берейік. 

1.Қуандық. 2.Абай. 3.Ердәулет. 4.Ақерке.  

Аяз Ата: Өте жақсы, білімді балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Балаларға сұрақ келер  2017жыл ненің жылы?

Балалар: Тауық жылы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, келе жатқан жаңа жылымыз ненің жылы?

Балалар: Ит жылы.

Жүргізуші: Олай болса, Тауық жылы мен Ит жылын қарсы алайық. 

Тауық жылы:

Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Жасыл шырша жанына
Ит жылы Қош келдің!
Сәлем саған баршадан!

Ит жылы: 

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Тауық жылы мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!

Жүргізуші: Тауық пен Иттің  «Достық» биін тамашалаңыздар.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші:  Аяз Ата бугін біз ән айттық, би биледік, сіз бізге сыйлық бересіз бе?

Аяз Ата: Өте әдемі өнерлі балалар екенсіңдер, сіздерге сыйлығымды берейін. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратып қоштасып кетеді.

Құттықтау сөзі:  Балабақша директоры Л.С.Жанбосыноваға беріледі.

Жүргізуші: Осымен біздің №6 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының.


Жаңа жылда жаңа нұр

«Жаңа жылда жаңа нұр»
Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.
Ән «Аяз ата» хормен айтылады. Біздің бүлдіршіндер сіздерге ән салып береді.
Тәрбиеші: Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай өлеңдеріміз бар?
Алижан:
Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.
Аида:
Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада.
Диас:
Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді.
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
Анел:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да.
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы шықтыңдар. Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.
Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп — ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.

Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip — ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! — деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле — шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным — ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым — ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл — қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен — ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар бір тақпақ айтып беріңдерші.

Мәди: Ақшақардың сәні бар,
Балалардың әні бар.
_______ жылы келгенде,
Қуанышқа батыңдар.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
Балалар аңдар кілтті іздеп жүргенде бір тақпақ айтып берейік.
Мұхаммадәли: Қаптың аузы ашылсын,
Ойыншықтар шашылсын.
Аяз ата би билеп,
Әнімізге қосылсын.
/сол кезде тиін сиқырлы таяқты тауып алады/

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.
Даниал: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда — жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Наргиза: Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Нұрай: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Ақзере: Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

«Аяз ата» жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?» ойын ойналады.
Балалар
Нәрлен: Жылдың әнін бастайын,
Аяз — Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ш. Аружан: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Назерке: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Қарақат: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Арман: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Даулетхан: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Зарина: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Рахманғали: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Динара: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Б. Аружан: Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді). Балалар: Сау болыңыздар!
Балалар: біздің Абдуллах жаңа жылға деген ақ батасын берсін

Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Аумин
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2020 — шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін.

Ақмола облысы, Қосшы ауылы
Ыбырайқызы Рыскүл

Источник

Сценарий жана жыл балабакша ортангы топ

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 «Ақбота» балабақшасы
тәрбиеші: Калдыбаева Гулсара Балмухановна

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!

Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Бақыт, шаттық, тыныштық

Ит жылы әкелсін бәрімізге

Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Кел, кел, Жаңа жыл» балалар шыршаны айналып жүріп айтады.

Жүргізуші: Балалар орнымызға отырайық. Ал ендеше жаңа жыл туралы тақпқтарымызды айтайық.

Қ.Мадияр:

Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Әнмен бимен қарсы алайық.

Д.Мадияр:

Не ойласаң жаңа жыл
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балалар.

Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық, естімейтін шығар, қатты дауыстап шақырайық!

Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Ақшақар! (2-3рет)

Әуенмен Гном жүгіріп келеді.

Гном: Хат бар, хат бар! Сәлеметсіздерме балалар! Қонақтар!

Жүргізуші: Хат дейсізбе, бұл хат кімнен?

Гном: Аяз атадан оқыңыз.

Жүргізуші: Хатты оқиды. Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Асығып келе жатқанымда сыйлығым шашылып қалды. Мен келгенше Ақшақарды шақырып алыңыздар.Олай болса Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Ақшақар, Ақшақар. Осы кезде әуенмен Ақшақар келеді.

Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!

Жүргізуші: Төрлетіңіз Ақшақар біздің балаларымыздың орысша тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар: Қуандық. Мунира.Муниса. Айару. Айқын. Ақбота. Ғалымжан

Ән:

Балалар:

Ақшақар: Балалар, Аяз атаны шақырайық, шыршамыз көңілсізғой шамдарын жағып берсін.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!

Аяз ата:

Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!

Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.

Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады.

Би: «Ақшақарлар биі»

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балабақшаға келгенше шаршаған шығарсыз отырыңыз? Аяз Ата шырша жанына орындыққа отырады. Ал біз ойын ойнайық.

Ойын: «Кім көп шар жарады»

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын айтқысы келеді.

Арнат:

Қош келдің Аяз Ата
Болып бізге сыйлы қонақ
Қарсы аламыз құрмет етіп
Жаңа жылдың нұрын орап.

Ерасыл:

Шаттық нұр шаттық нұр
Дидарында шаттық нұр
Аяз Ата ортада
Арқасында қапшық жүр.

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!

Мунира: Аяз ата, мен ертегіден келген Ханшайыммын. Мен осындағы достарыммен би билегім келіп тұр.

Жүргізуші: «Вальс» биі

Аяз Ата: Өте керемет билейсіңдер екен.

Балалармен ойын ойнайық.

Ойын: «Пима ки»

Балалар пиманың бір сыңарын киіп, шыршаны айнала жүгіреді, бірінші келген жеңіске жетеді.

Аяз Ата балаларды мақтайды.

Осы кезде қорқынышты әуен естіледі де шыршаның артынан Мыстан кемпір шыға келеді.

Мыстан кемпір: Ха-ха-ха. Сізге шырша жоқ.Сындырамын шыршаны.

Эй-эй, қарақшылар би билейік, шыршаны сындырайық.

Жүргізуші: Мыстан кемпір біздің кішкентай қарақшылар сізбен би билегісі келіп тұр. Соны тамашалаңыз.

Би: «Қарақшылар»

Ойын: Ата-анамен жаңа жыл туралы ойын ойналады.

Аяз ата: Мыстан кемпір тектігіңді қой былай болмайды. Балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Тақпақтарға кезек берейік.

Қуандық:
Сықыр-сықыр басқанда,
Жылтылдайды ақшақар.
Ақшақарға аунайды,
Сағынғандай балалар.

Абай:
Шаттық нұр,шаттық нұр,
Дидарында шаттық нұр.
Аяз ата ортада,
Арқасында қапшық жүр.

Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Аққала»

Маханбет: (Гном) Аяз ата бүгін меніңде гном достарым көп екен. Солармен би билеп берейін.

Би: «Гномдар»

Осы кезде Мыстан кемпір құлайды.

Жүргізуші: Мә-ә Мыстан кемпірге не болды гномдар түртіп қараңдаршы.

Мыстан кемпір: Айқайлайды.
Тары-бары растабары,
Елка-шырша-каламбей.
Шуры-муры-шары-вары,
Самба-ламба, Вилки-вэй. Гномдарды қуалайды.

Жүргізуші: Аяз Ата, таяғыңызбен Мыстан кемпірді сиқырлап тастаңызшы, балаларға кедергі болмасын. Аяз ата Мыстан кемпірге таяғын тигізеді.

Мыстан кемпір: Кешірім сұрайды, қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, балалар ән орындағысы келеді.

Би: Салтанаттың «Тауыс» биін тамашалайық.

Ән: «Аяз ата» ( балалар шеңбер бойында орындайды)

Жүргізуші:Аяз ата,Ақшақар біздің балаларымыздың ағылшын тіліндегі тақпақтарына кезек берейік.

1.Қуандық. 2.Абай. 3.Ердәулет. 4.Ақерке.

Аяз Ата: Өте жақсы, білімді балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Балаларға сұрақ келер 2017жыл ненің жылы?

Балалар: Тауық жылы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, келе жатқан жаңа жылымыз ненің жылы?

Балалар: Ит жылы.

Жүргізуші: Олай болса, Тауық жылы мен Ит жылын қарсы алайық.

Тауық жылы:

Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Жасыл шырша жанына
Ит жылы Қош келдің!
Сәлем саған баршадан!

Ит жылы:

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Тауық жылы мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!

Жүргізуші: Тауық пен Иттің «Достық» биін тамашалаңыздар.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Аяз Ата бугін біз ән айттық, би биледік, сіз бізге сыйлық бересіз бе?

Аяз Ата: Өте әдемі өнерлі балалар екенсіңдер, сіздерге сыйлығымды берейін. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратып қоштасып кетеді.

Құттықтау сөзі: Балабақша директоры Л.С.Жанбосыноваға беріледі.

Жүргізуші: Осымен біздің №6 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының.

Источник

«Жаңа жылда жаңа нұр»
Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.
Ән «Аяз ата» хормен айтылады. Біздің бүлдіршіндер сіздерге ән салып береді.
Тәрбиеші: Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай өлеңдеріміз бар?
Алижан:
Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.
Аида:
Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада.
Диас:
Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді.
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
Анел:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да.
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы шықтыңдар. Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.
Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп — ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.

Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip — ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! — деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле — шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным — ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым — ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл — қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен — ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар бір тақпақ айтып беріңдерші.

Мәди: Ақшақардың сәні бар,
Балалардың әні бар.
_______ жылы келгенде,
Қуанышқа батыңдар.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
Балалар аңдар кілтті іздеп жүргенде бір тақпақ айтып берейік.
Мұхаммадәли: Қаптың аузы ашылсын,
Ойыншықтар шашылсын.
Аяз ата би билеп,
Әнімізге қосылсын.
/сол кезде тиін сиқырлы таяқты тауып алады/

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.
Даниал: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда — жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Наргиза: Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Нұрай: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Ақзере: Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

«Аяз ата» жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?» ойын ойналады.
Балалар
Нәрлен: Жылдың әнін бастайын,
Аяз — Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ш. Аружан: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Назерке: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Қарақат: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Арман: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Даулетхан: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Зарина: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Рахманғали: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Динара: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Б. Аружан: Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді). Балалар: Сау болыңыздар!
Балалар: біздің Абдуллах жаңа жылға деген ақ батасын берсін

Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Аумин
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2023 — шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Ақмола облысы, Қосшы ауылы
Ыбырайқызы Рыскүл

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Еркем — ай» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата — аналар кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Г. Наргиза: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Нұрхан: Шыршамызда қаншама
Түрлі — түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

Асылназ:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет

Аю: — Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр — тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір — ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» — дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: — Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес…
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет….(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. — Әрең таптым — ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік… (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі — түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
— Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 — рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жылқы — Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата»
Нұртай:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Абылайхан:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Қайырқұл.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Ұлан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ақниет:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге….
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі……
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын — күлкі таралсын
Құтты болсын…..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Қ. Наргиза.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Санжар:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

Рамазан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Қуанышбек:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жылан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, жылан қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(жылтыр сандық ішінен жылқы билеп шығады)
Би: жылан — Елшат
— Ау, жылқыжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата — аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата — аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата — аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата — аналарымыз да бар. Тамашалайық!

Би: «Үнді биі»
Жылқы — Елшат
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: — Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жылқы — Мұрагер
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жандаулет:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Нұрасыл:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.

Би: үнді биі (Абылайхан мамасы мен ағасы)

Нұржас:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Ерсін:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Әсел.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Әсем:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті — ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о — о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи — хи — хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо — хо. Охо — хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф — аф — аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата — аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата — аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата — аналарға алғыс хат табыстау)

— Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы,
«Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының І — санатты тәрбиешісі
Кушаева Асел Максутовна

Жаңа жылға арналған тақпақтар:

Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Жаңа жылға арналған тақпақтар

19.01.2017

Ортаңғы

топ үшін  Жаңа жыл мерекесіне арналған

сценарий.

Жүргізуші:

 Келді міне, Жаңа

жыл!

Қушақ ашып баршаға

Сиқырға  балап

әлемді

Күнбірлеген күй 

шашып

Табыстырып достарды

Келіңдер, келіңдер!

Мереке  төріне

еніндер.

Думандатып жүріңдер,

Баршаға бақыт 

тілендер!

Жүргізуші:  Өлкемізге  алшаң басып

Келе жатыр Жаңа жыл!

Балалар: Сәлеметсіз бе, шырша!

Жүргізуші: Ән шырқаймыз бүгін біз…

Балалар: Тамылжыта шырқаймыз!

Жүргізуші: Шыршан жағалап…

Балалар: Ойын сауық құрамыз!

Жүргізуші: Қонақтарды құттықтап…

Балалар: Біз тілейміз жақсылық!

Жүргізуші:

 Келіңдер, сән

құрап тұрып,

Қол ұстасып жүріп ән салайық!

Ән «Жаңа жыл»

1.    

Келді

бізге Жаңа жыл ән қанатымен

  көз

тартады шыршамыз 

салтанатымен,   ән қанатымен , 

салтанатымен

 Келді бізге Жаңа жыл.

2.    

Әшекейден

әдемі алқа  таққанда

Құлпырады

шыршамыз

Шамын  жаққанда

Тунған жыр

шашу

Тұрған нұр

шашып 

Жаңа жылдың

шыршасы

3.    

Бақыт

– нұрға  бөленген бала шағымыз

Бүгіннен

де  тамаша  болашағымыз

Бала шағымыз

 Болашағымыз

Бүгіннен де тамаша

Жүргізуші: Ал енді балалардың Жаңа жылға  тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Әке, шеше, аға, ана

Құтты болсын Жаңа жыл!

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше, Жаңа жыр

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.

Ән саламыз, би билеп

Жырда  шашу төгілді

Бүгін біздің  Жаңа

жыл.

Қандай ашық көңілді.

Жүргізуші:

 Жаңа жылды қарсы

алып 

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр

 Сиқырға толы

болады

Тыңдасаңдар егер де,

Айтайын мен ертегі

Уақыттасы сан қилды

Ормани жайды 

болады,

Қандай біздің 

шыршамыз?

Балалар: көрікті, көрікті

Жүргізуші: Қандай біздің шыршамыз?

Балалар: жұпар  иісі

аңқыған.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз!

Жүргізуші:  Ал енді, балалар,

шыршаға өлең айтып берейік!

Орманда

шырша туыпты.

1.    

Орманда

шырша туыпты

Орманда өсепті

Қысы-жазы ән

әдемі

 Жап-жасыл болыпты

2.    

Боран

ағаш өлең айтты

Ұйықта

шырша,ұйықта

Аяз оны қармен

жапты

Байқа, тонып

қалма

3.    

Келді

көркейіп, көгеріп

Алдымызға

бүгін

Көп-көп құаныш

әкелді

Балаларға

біздің.

(Балалар

отырады)

Жүргізуші.

Балалар, міне Жаңа жыл  да келді (Шырша артынан  жүргізушінің сөзім біреу  қайталайды)

Жүргізуші:

Жан-жағынан  аңтақ  болып қарайды.

Шырша  артынан: Мен кішкентай 

болғанда  Жаңа жыл мерекесін жақсы

көретінмін.

(жүргізуші аяқ үтімен 

барып, шырша артынан  Машаны

тауып, оны алып шығады)

Жүргізуші:

Аха, ұсталдың ба?

Маша:

Аха,  ұсталдың ба!

А, бұл мен

ұсталдым ба?

Жүргізуші:

Әрине, сен, қанеки, айт, сен кімсің?

Маша:  Мен Машамын. 

Мені танымадыңыз ба?  Мен МАша мен

Аю мультфиліміненмін. Ормандағы  Аю Жаңа

жылды қалай қарсы алатынын көргілерің келе ме?

Балалар:

Иә.

Маша:

Онда қараңдар! (Шырша артына келіп қалады

– фонограмма қолына шырша ұстаған аю шығады. Өлең айтады)

Жаңа жылға

дайындалып, швршаны мен безендірем.

(Шыршаны қойып, ойыншықтары бар қорапты  алады, шыршаны  безендіре бастайды)

Аю! Аю! Сен

қайдасын? (Аю басын ұстап,  жан-жағына қарайды. Ойыншықтары  бар қорапты 

алып қашады. Бір ойыншығын түсіріп алады.)

 Қайда 

тығылып  қалдың, Тығылмақты біз

кеше  ойнадық қой!  О-о шырша!

(деді

шыршаны көріп. Шыршаны айналып, жан-жағына 

қарайды, ойыншықты көріп шыршаға іледі. Өлең айтады)

Орманда

шырша  туыпты, орманда шырша… Ол онда

не істейді? Ұйықтайды? Жоқ. Олай 

ойламаймын. Өскен шығар. Орманда өсіпті, қысы-жазы не істейді ол?

Түсініксіз…

Мына  ойыншық шыршаға ілінгісі келмейді…  Байқа 

Машадан әлі ешкім қашып  көрген

жоқ. (Аяқ ұшына тұрып, ойыншықты ілмекші болып, шыршаны құлатып

алды)

—        

Ой,

мен не істедім? (Аю жүгіріп келеді)

Аю: сен не істедің? Бәрің бүлдірдің! Енді біз шыршасыз

қалдық! Жаңа жылды қалай  қарсы аламыз?!

Маша: Кешірші мені, аю! Орманға барып, басқа шырша тауып

әкелейік! (Сағат 12-00 соғады)

Аю: Міне, 12 сағат соқты, Жаңа жыл келді!  Біздің шыршамыз да, Аяз атамыз да жоқ…

Қайда кетіп қалған ол?!

Маша: Айтпаймын! Айтпаймын!

Аю: Бізде шырша да, Аяз ата да  жоқ! Енді 

не істейміз? Онда мен ұйықтаймын, себебі аюлар қыста ұйықтайды. (Аю қарға жатып қорылдайды, Маша

болса, аюға жақындар)

—        

Аю,

тұршы! Менімен ойнашы! (Жылайды)

Жүргізуші: Маша, біз саған 

аюды  оятуға  көмектесеміз. 

Бірақ сен бізге Аяз атаның  қайда

екенің айтып беремін деп, уәде бер! Аяз атасыз Жаңа жыл болмайды!

Маша: Уәде беремін!

Жүргізуші: Балалар, біз көңілді 

би билейік, сонда аю оянады!

Би

Аю

(Оянады): Бұл не шу?  Бұл не

қылған  балалар,  маған ұйқы бермеген? Қазір сендерді ұстап

аламын! (Балаларды қуады, балалар қашып, орындарына  отырады)

Жүргізуші: Аю сен  бізге

ренжіме!  Маша Аяз атаның қайда екенін  айтамын деді.

Маша: Мен оның аяз ата екенін 

білмедім қой… мен жай әзілдеп, сендерге  келе жатқанда , басқа жаққа бұрып жібердім…

Жүргізуші: менің ойымша бізге орманшы ата  көмектесе алады. Ал сендер , Маша мен Аю,

орманға барып, оны тауып әкеліңдер.

(Екеуі

кетіп қалады. Орманға келіп, айқайлайды)

Орманшы ата, сен қайдасың? (Фонограмма ойнайды, орманшы кіреді)

Орманшы: Кім мені шақырады?

Жүргізуші:  Салеметсіз бе,

Орманшы ата!  Сені біз шақырдық! Бізге

көмектесіңізші! Біз Аяз атаны іздеп жүрміз.

Орманшы: Жақсы, мен сендерге Аяз атаны тауып алуға көмектесемін.

Алдымен сендердің  шыршаларынды

безендіремін. Мен сиқырлы шамдар әкелдім. Қаке, шамдар, шығындар! Шыршамызды

жарқыратындар!

«Шамдар» ойыны.

Балалар

дөңгелекке тұрып қолдан қолға шамды беріп жібереді. Музыка тоқтағанда, шам

қалған бала ортасына  шығып, билейді.

Ойыннан

кейін  Орманшы ата  шамды 

кішкентай  шыршаға апарады. Балалар 1-2-3  шырша  жарқыра. — деп айтқанда, шыршадағы

шамдар жағады.

—        

Міне,

енді дұрыс болды.

Орманшы: Сендерде

да шыршалар бар.  Қане, балалар,  шығындар, әдемі билегеніңді  көрсетіңдер.

Шыршалар

биі.

Жүргізуші:

Орманшы  ата, Аяз ата қайда?

Орманшы:

Балалар, Аяз атаны бірге шақырайық!

Балалар шақырады: Аяз ата! Аяз ата!

Орманшы ата: Балалар, ән айтып берейік, мүмкін Аяз ата 

естіп келеді.

Ән

«Аяз ата»

1.    

Мерекеге

келдік.

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтарын тізген

Шыршаныда көрдік.

2.    

Аяз

ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық бердік.

3.    

Аяз

ата, Ақшақар

Ортамызға балалар

Қол ұстасып, айналып

Ән шырқасаң жөн болар.

(фонограмма

ойнайды, Аз ата шығады)

Аяз

ата: Сәлеметсіздер ме,

балалар! Салеметсіздер ме, қонақтар! 

Жаңа жыл мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Балалар, шырша неге

жанбай тұр? Бұл  дұрыс емес, қане,

шыршаны жағайық! 

Маша

мен Аю залға жүгіріп келеді.  Машаның

қолында  үлкен  қорап сіріңке.

Маша: Алақай, алақай! Шыршаны жағамыз!  Менде сіріңке бар, міне.

Аю: Маша, бұл не дегенің? Сіріңкені шыршаға жақындатуға бола

ма?

Өрт болуы мүмкін, сосын оны сөндіру қиын болады ғой!

Аяз

ата: Бұл жерде сиқырлы

сөздер қажет.  Мен өз таяғымен бірге

шыршаға сиқырлы сөздер айтамын.  1,2,3 –

шырша жарқыра! Енді  бәріміз  бірге 

айтайық! (шырша жанады)

Тақпақтар:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ 

күмістей

Қызыл, ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.

Бізге Жаңа жыл келді

Аяз ата бірге келді

Алақай, айнала түрленді

Балақай, би биле,тұрма енді.

Аяз ата, Аяз ата

Сені күтіп жүрдік біз

Томпаң қағып арқаланып

Келеріңе сендік біз.

Жаңа жылда барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді.

Жүргізуші: Аяз ата, сенің немерең Ақша қар қайда екен?

Аяз

ата:—

Жүргізуші: Аяз ата, мен де жұмбақтап жіберсем қайтеді? Ертегідей

орманнан  көктей өтіп келеді.

Сұңқар  бойлы бір

сұлу

Табындаршы, аты кім?

 Балалар: Ақшақар!

Жүргізуші: Қыздар – қаршылар, Ақшақарды залға шақырыңдар!

Қыздар

Ақшақарды әкеледі, Қаршылар биін билейді.

Ақшақар: Салеметсіндер ме, балалар! Орманды көктей отырып жеттім

–ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын.

Үйретейін сендерге. Мен бастайын ал сендер аяқтаңдар

ойынды. Хормен жауап  айтыңдар!

  Қарға мүлгін дала

тұр, келе жатыр …

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар:  Қызыл мұрын ақ

мұртты білсең аты тез ата,

Келеді бізге…

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Шырша бүгін әдемі,

Сендер әрі…

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ

Ойын-күлкі таралсын

Құтты болсын…

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Ақшақар, Аяз ата, қараңдар! Балалар мерекеге қандай

әдемі биді  үйретті.

Би «клоуны»

Аяз

ата: Ай, жарайсыңдар,

балалар. Ал енді  ойын ойнайық,  сендер аяздан қорықпайсыңдар ма?

 Қане қолдарынды

созындар. Менің сиқырлы таяғым бар, мен сендердің  қастарынан жүгіріп, өткенде қолдарынды артқа

таратыңдар, таяғым сендердің қолдарынды қатырып тастамағандай.

Ойын «Қатырмақ»

Аяз

ата: Бәрекелді,

бәрекелді, ал енді балалар тақпақтарынды айтып беріңдер маған!

Тақпақтар

Шыршаға бардық

Ойынға қондық

Аяз атадан

Ойыншық алдық

Ақ сақалды, таяқты

Қалын қырау қабатты

Аяз ата біздерге

Базарлығын таратты

Жаңа жылды қарсы алып

Барлық бала ән салып

Ақшақар жүр, би билеп

Қол соғады барша жұрт.

Жаңа жылды қарсы аламыз

Мерекеңмен құттықтаймыз

Жаңа жыл, сәлем саған

Сиқырлы, жарқыраған.

Күліп ойнаймыз

Әнге саламыз

Жаңа, жаңа жылмен

Құттықтаймыз!

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне келді ортаға

Көптен күтіп сағынған

Жаңа жыл мерекесі.

Жаңа жыл мереке

Бақшамызға келді.

Аяз  ата бірге

Сыйлықтар әкелді.

Жақында жерге қыс келді;

Жаңа жыл бізге әкелді.

Шыршаны ойыншыктар

Аяз ата Ақша қар.

Аппақ тонға оранып

Базарлыкты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылжды тойлайды.

Барлық бала бақытты.

Болса екен деп ойнайды.

Ақшақар:  Аяз ата, сен

сыйлықтарды әкелдің бе?

Аяз

ата:  Менде көмекшілерім бар. Қазір олар алып

келеді.

Ұлдар аяз атаның костюмдермен шығып  үлкен 

қап шығарады, сосын билейді.

Аз ата мен Ақшақар сыйлықтарды таратады.

Аяз

ата: Сау болыңдар,

балалар!

Аман-есен болыңдар!

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрындар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий дюп пожарная безопасность
  • Сценарий загс татарча регистрации сузл?ре
  • Сценарий закрытие музыкального конкурса
  • Сценарий жана жыл балабакша екинши киши топ
  • Сценарий закрытия фестиваля национальных культур